You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8162
ЖЕГЕН АС ИМАНМЕН РУХАНИЯТҚА ӘСЕР ЕТЕ АЛАДЫ

ертеде бойында кереметі бар үш абзал өткен еді, олар кейде бір бисмилламен меккеге лезде барып, сонда намаз оқитын, бұл мұғжизаны яғни кереметті исламда тайуу-макан кереметі деп атайды, ол жолды қысқартып жіберетін керемет. Тағы тайуу-заман деген керемет бар, ол өткенді бүгінге я болашақты бүгінге әкелетін яғни уақытты ұзартатын я қысқартатын керемет, Алла кейбір әулиелерге осы кереметтерді істетуге рұхсат береді, олар осы кереметпен өткенмен болашаққа бара алады, бірақ ештеңе өзгерітпейді. Манағы үш абзал тайуу-макан кереметімен меккеге барып жүрді, олардың жеген асы өте таза болатын, оны олардың әйелдері таза дәретті күйде бисмилламен салауат қосып, жасаушы еді, олар әйелдері жасаған астан басқа асты жемейтін еді. Бірде бұл абзалдар әйелдеріне сәл немқұрайлы қарап, кереметтерді тек өздерінің тақуалығына телиді. Ал бұған олардың әйелдері ренжулі еді, бірде оларға кереметімен тағы да қағбаға барып, намаз оқымақ болды. Бірақ бұл жолы олар 'бисмиллахир рахманир рахим' деп айтқанда, олар қағба жақта пайда болмастан, меккеге барар жолдағы қу шөлге келіп түсті, кереметтері істемеді, сондықтан, олар меккеге бара алмай, керуенге қосылып, үйлеріне әзер оралды. Олар кереметтерінің дұрыс істемегендігіне таңғалды, әсілі олардың әйелдері оларға риза болмай, ренжулі күйде бисмилласыз тамақ жасап берген еді, үш абзал осы тамақты жеді, сондықтан, Алладан жаза ретінде олардың кереметтері межелі жерге апармады. Олар кейін тәубе етіп, істеген істеріне өкінеді, барлығын өздеріне теліп, әйелдерінің еңбектерін қағыс қалдырғаны үшін, олардан кешірім сұрайды. Демек, сіздің өзгені ренжітуіңіз, бисмилласыз тамақ жеуіңіз, өзімшілдігіңіз, сіздің иманыңызға, руханиятыңызға және дұғаңыздың қабыл болу-болмауына, кемел болуыңызға мәлім дәрежеде кері әсер етеді, олар ұрпаққа да әсер етеді.

جەگەن اس يمانمەن رۋحانياتقا اسەر ەتە الادى

ەرتەدە بويىندا كەرەمەتى بار ءۇش ابزال وتكەن ەدى، ولار كەيدە ءبىر بيسميللامەن مەككەگە لەزدە بارىپ، سوندا ناماز وقيتىن، بۇل مۇعجيزانى ياعني كەرەمەتتى يسلامدا تايۋۋ-ماكان كەرەمەتى دەپ اتايدى، ول جولدى قىسقارتىپ جىبەرەتىن كەرەمەت. تاعى تايۋۋ-زامان دەگەن كەرەمەت بار، ول وتكەندى بۇگىنگە يا بولاشاقتى بۇگىنگە اكەلەتىن ياعني ۋاقىتتى ۇزارتاتىن يا قىسقارتاتىن كەرەمەت، اللا كەيبىر اۋليەلەرگە وسى كەرەمەتتەردى ىستەتۋگە رۇحسات بەرەدى، ولار وسى كەرەمەتپەن وتكەنمەن بولاشاققا بارا الادى، ءبىراق ەشتەڭە وزگەرىتپەيدى. ماناعى ءۇش ابزال تايۋۋ-ماكان كەرەمەتىمەن مەككەگە بارىپ ءجۇردى، ولاردىڭ جەگەن اسى وتە تازا بولاتىن، ونى ولاردىڭ ايەلدەرى تازا دارەتتى كۇيدە بيسميللامەن سالاۋات قوسىپ، جاساۋشى ەدى، ولار ايەلدەرى جاساعان استان باسقا استى جەمەيتىن ەدى. بىردە بۇل ابزالدار ايەلدەرىنە ءسال نەمقۇرايلى قاراپ، كەرەمەتتەردى تەك وزدەرىنىڭ تاقۋالىعىنا تەليدى. ال بۇعان ولاردىڭ ايەلدەرى رەنجۋلى ەدى، بىردە ولارعا كەرەمەتىمەن تاعى دا قاعباعا بارىپ، ناماز وقىماق بولدى. ءبىراق بۇل جولى ولار 'بيسميللاحير راحمانير راحيم' دەپ ايتقاندا، ولار قاعبا جاقتا پايدا بولماستان، مەككەگە بارار جولداعى قۋ شولگە كەلىپ ءتۇستى، كەرەمەتتەرى ىستەمەدى، سوندىقتان، ولار مەككەگە بارا الماي، كەرۋەنگە قوسىلىپ، ۇيلەرىنە ازەر ورالدى. ولار كەرەمەتتەرىنىڭ دۇرىس ىستەمەگەندىگىنە تاڭعالدى، ءاسىلى ولاردىڭ ايەلدەرى ولارعا ريزا بولماي، رەنجۋلى كۇيدە بيسميللاسىز تاماق جاساپ بەرگەن ەدى، ءۇش ابزال وسى تاماقتى جەدى، سوندىقتان، اللادان جازا رەتىندە ولاردىڭ كەرەمەتتەرى مەجەلى جەرگە اپارمادى. ولار كەيىن تاۋبە ەتىپ، ىستەگەن ىستەرىنە وكىنەدى، بارلىعىن وزدەرىنە تەلىپ، ايەلدەرىنىڭ ەڭبەكتەرىن قاعىس قالدىرعانى ءۇشىن، ولاردان كەشىرىم سۇرايدى. دەمەك، ءسىزدىڭ وزگەنى رەنجىتۋىڭىز، بيسميللاسىز تاماق جەۋىڭىز، وزىمشىلدىگىڭىز، ءسىزدىڭ يمانىڭىزعا، رۋحانياتىڭىزعا جانە دۇعاڭىزدىڭ قابىل بولۋ-بولماۋىنا، كەمەل بولۋىڭىزعا ءمالىم دارەجەدە كەرى اسەر ەتەدى، ولار ۇرپاققا دا اسەر ەتەدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8162