You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7156
ШӘМІС ТАРБИЗИ ӘУЛИЕНІҢ КЕРЕМЕТІ ЖӘНЕ РУМИ ХАЗІРЕТ

Мәуләнә Руми хазірет жас кезінен аты шыққан асқан білімді ғұлама болды, оны Шәміс Тарбизи әулие сырттай көріп жүретұғын, бірде Руми хазірет аса бағалы табақтай үлкен бір кітап көріп отырған еді, Шәміс Тарбизи әулие оған "о Руми, не оқып жатырсың?" дер, ол кезде Руми хазірет Шәміс Тарбизи әулиені білмейтін еді, Руми хазірет оның сұрағын жақтырмай "сіз сияқты адамдар түсінбейтін нәрсені" деп жауап қайтарар, ал Шәміс Тарбизи хазірет Румидың табақтай кітабін жұлып алып, ағын суға лақтырып жібереді, Руми хазірет жүгіріп жүріп, кітабін судан әзер жинап алады, бірақ суға әбден малынған кітабінің сол бойы құрғақ тұрғанын көріп, "бұл қалай су болмаған? құп-құрғақ қой!" дейді, Шәміс Тарбизи әулие оған "бұл да сен сияқты адамдар түсінбейтін нәрсе" дейді, кейін Руми хазірет Шәміс Тарбизи әулиені түсінде көп рет көреді, соңында оған еріп, оның мүриті болады, міне осылай Шәміс Тарбизи әулиенің тәрбиесінде Руми хазірет дүниеге аса мәшһүр әулиеге айналды, Мәуләнә Руми әулиенің берекесі бүгінге дейін милиярдтаған адамға тиді, үздіксіз тие бермек.

ءشامىس تاربيزي اۋليەنىڭ كەرەمەتى جانە رۋمي حازىرەت

ءماۋلانا رۋمي حازىرەت جاس كەزىنەن اتى شىققان اسقان ءبىلىمدى عۇلاما بولدى، ونى ءشامىس تاربيزي اۋليە سىرتتاي كورىپ جۇرەتۇعىن، بىردە رۋمي حازىرەت اسا باعالى تاباقتاي ۇلكەن ءبىر كىتاپ كورىپ وتىرعان ەدى، ءشامىس تاربيزي اۋليە وعان "و رۋمي، نە وقىپ جاتىرسىڭ؟" دەر، ول كەزدە رۋمي حازىرەت ءشامىس تاربيزي اۋليەنى بىلمەيتىن ەدى، رۋمي حازىرەت ونىڭ سۇراعىن جاقتىرماي "ءسىز سياقتى ادامدار تۇسىنبەيتىن نارسەنى" دەپ جاۋاپ قايتارار، ال ءشامىس تاربيزي حازىرەت رۋميدىڭ تاباقتاي كىتابىن جۇلىپ الىپ، اعىن سۋعا لاقتىرىپ جىبەرەدى، رۋمي حازىرەت جۇگىرىپ ءجۇرىپ، كىتابىن سۋدان ازەر جيناپ الادى، ءبىراق سۋعا ابدەن مالىنعان كىتابىنىڭ سول بويى قۇرعاق تۇرعانىن كورىپ، "بۇل قالاي سۋ بولماعان؟ قۇپ-قۇرعاق قوي!" دەيدى، ءشامىس تاربيزي اۋليە وعان "بۇل دا سەن سياقتى ادامدار تۇسىنبەيتىن نارسە" دەيدى، كەيىن رۋمي حازىرەت ءشامىس تاربيزي اۋليەنى تۇسىندە كوپ رەت كورەدى، سوڭىندا وعان ەرىپ، ونىڭ ءمۇريتى بولادى، مىنە وسىلاي ءشامىس تاربيزي اۋليەنىڭ تاربيەسىندە رۋمي حازىرەت دۇنيەگە اسا ءماشھۇر اۋليەگە اينالدى، ءماۋلانا رۋمي اۋليەنىڭ بەرەكەسى بۇگىنگە دەيىن ميلياردتاعان ادامعا ءتيدى، ۇزدىكسىز تيە بەرمەك.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #мәхди #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7156