You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7157
Сұхбат: әр адамға пір керек (2023.09.16 / 1445-хижри 01-Рабиул Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия (Италияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Бисмиллахир рахманир рахим, «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَكُونُوا۟ مَعَ ٱلصَّـٰدِقِينَ» (о иман келтіргендер, Алладан қорқыңдар да, шыншылдармен бірге болыңдар) (құран 09:119), Алла Әззә уә-Жәллә бұнда бізге «өздеріңмен өмірлеріңе пайдалы нәрселер үйренулерің үшін жақсы адамдармен бірге болыңдар» деп айтуда, демек сізді тәрбиелеп үйрету үшін сөзсіз бір адам керек.

Әрине, жөн түсінетін, Алла Жәллә Жәләлухудан жақсы түсінік берілген адамдар тағы да көптеп білім іздену керектігін біледі, көптеген білімді адамдар, мәселен үлкен әулиелер, ғұламалар өз ауылдарында тұрған, ертеде әр ауылда имамдар болушы еді, олар сондағы балаларды қалай жазумен қалай оқуға үйретіп, олардың өмірлеріне қажетті білімдерді беретін, ілім іздену ер-әйел әрбір мұсылман, әрбір адам үшін парыз-дүр, сондықтан, мұсылмандар билік құрған замандарда әр ауылда, тіпті кішкене жерлерде де мешіттер болған әрі оның имамдары болатын, осы имамдар сол ауылдағы адамдарға бас-көз болып, ұл балаларға мәлім уақытқа дейін көңіл бөлетін әрі оларды тәрбиелейтін еді.

Ол замандарда адамдар өмір сүріп жатқан жерлердің барлығы осылай болып, имамдар ондағыларды білімге үйретіп отырған, олар ұдайы оқушыларды тәрбиелеумен әбігер еді, оқушылар оқуын бітірген соң, қалай оқумен қалай жазуды, ненің халал, ненің харам екендігін үйреніп шығатын, балалар мектепте осылай 5-6 жыл үйренуде болады, бұл бейне бастауыш мектепке ұқсайтын еді, ал олар оны бітірген соң, әркім өз жөніне кетіп, өмірлерін жалғастыратын, әрине ертеде қазіргі сияқты орта мектеп, жоғары мектеп немесе вниуерситеттер болған жоқ. Әр адам жан бағыс үшін мәлім бір өнерді үйренуы керек, бірақ одан бұрын оларға қалай оқу, қалай жазу, ненің халал, ненің харам екендігі және өмір жәйлі үйретіледі, себебі ол кезде жұрт ерте үйленетін, олар шамамен 15-16 жасында үйленіп, отау құрып кететұғын, демек олар осы жастарда ер-әйел сияқты болып есейуші еді, өмірлері осындай болған, олардың көбі 50-60 жастарында қайтыс болатын, олар міне осылай өмірлерін жалғастырушы еді.

Осы оқу кездерінде оқушылардың арасынан кейбір алғыр оқушылар кездесетін, ал имам болса осындай оқушының ата-анасына барып, «бұл бала қазір менен білімді, біз оны бұнда ысырап етіп, обалды қылмалық, оны жоғары білімді медіресе, биік білім ордасына жіберелік, ол сол арада тіпті де көп білім үйренсін» деп айтатын, міне осылай бұл оқушы тағы да жоғарылап білім үйренетін әрі сол арада білімін шыңдап, мол білімге ие болатын, ол осылай жетілген соң, ондағы имам да «бұл оқушы қазір менен де білімді, оны тағы бір жоғары жерге жіберелік» дейтін, ол осылай өрлей оқи келе, ол ең жоғары білімге жететін, онан соң бұл оқушы «мен бұл оқуларды бітірдім, алайда мен өзімде тағы бір нәрселердің кемшілдігін сезінудемін» деп ізденетін әрі олардың кобі соңында өздерінің бір шайық пірге, мүршитке еру керектігін танып жететұғын. Әр адамға әулиеден немесе соларға ұқсайтын адамнан бір мүршит (пір) керек, тіпті білімі өте жоғары, бүкіл дүниеге, батыс-шығысқа аты әйгілі болған ғұламалардың да өз мүршит-пірлері болған.

Мәселен, Сәйдина Мәуләнә Жалалудин Руми қазірет сондай жанның бірі, ол ілім теңізі-дүр, әр жерде жұрттың барлығы оның сұхбаттарын естіп, сөздерін тыңдаушы еді, тіпті сұлтандар да оған келіп «о шайық, мен сізге еруші мүрит болғым келеді, сұлтандықты қаламаймын, тіпті мен сұлтандық тағымды сізге берейін, сіз сұлтан болыңыз, мен сізге еруші болайын» деп айтатұғын, әрине ол бұны қабыл еткен жоқ, өз өмірін баяғысынша жалғастыра берді, бірақ сол кездерде ол өзінде бір нәрсенің кеміш екендігін сезініп жүрді, ол әулие Шәміс Тарбизи хазіретке кездесіп, оны тапқанға дейін осындай сезіммен көңіл-күйлерінде жүрген еді.

Шәміс Тарбизи хазірет те білмейтін еді, бірақ кейін Алла Жәллә Жәләлуху оған іліммен хикіметтер берді, ол аса мол хикіметке толы жан болды, ешқашан дүние қумаған, елдің өзі жәйлі не деп айтқанымен ісі жоқ кісі еді, ол ұстінен тастамайтын қара шапанын ғана киіп жүретін, көп ел оны танымайтын, бір күні оған жоғарыдан әмір келіп, мәлім адамды күтуі керек болады, ол өзінде аса мол білімның барлығын білетін де, «менде соншама білім бар, бірақ ол жәй адамдарға арналған білім емес, мен бұны білемін, мен бұл білімімді біреуге беруім керек, бұны да білемін, бірақ ол кісі кім? мен оны қазір білмеймін» деп айтушы еді, ол осылай белгісіз жанды күтіп жүрді, мәлім бір кездер болғанда Кониядағы бір үлкен әулие шайық оған хат жазып, «кел! сенің тосып жүрген адамың осында, бұнда келіп, оған кездесуің керек» дейді.

Шаміс хазірет Конияға барғаннан кейін, Мәуләнә Жалалудин Руми хазіретті табады, бірде Мәуләнә Руми хазірет атпен келе жатқан еді, Шәміс хазірет оны атының тізгінінен ұстап тоқтатады, Мәуләнә Руми оған тесіле қарап, өзіне таныс адам екендігін сезініп, бір жерден көргендей елестете береді, сәлден соң ол оны түсінде ұдай көріп жүретін адам екендігін танып жетеді де, атынан қарғып түседі, олар өзара құшақтасып көріседі, онан соң олар ел-жұртты тастап, өздері кетіп қалады. Олар көп күндер бірге болып, 40 күннен көп халуа (оңашалану) өткізеді, ешбір адам олардың не сөйлеп, не жәйлі айтып жатқанын мүлдем білмеді, олар халуа өткізіп жатқан үйде кейде сөйлесе, кейде мүлдем үнсіз қалады, ешкім олардың не айтып жатқандарын білген жоқ, кейін олар халуадан шықты, әрине жұрт оларға ренжулі еді, барлығының да қабақтары қатулы, олар «о, мына (Шәміс хазірет) бейтаныс біреу кім өзі, оның ашуы қандай қатқыл, өзі бізге әдеп те көрсетпейді, ол біздің шайық піріміз Мәуләнә Румды алып кетті, ол оны бізден ұрлап алды, тартып алды, қазір Мәуләнә бізге еш сұхбат айтпайтын болды, күнде сол бейтаныс кісімен бірге болады, ол бізге мүлдем келмейтін болды, сол бейтаныс жанмен ғана бірге тұрады!» деп ренжіді, қатты ашуланады, бірақ бұны елеп жатқан Шәміс хазірет жоқ.

Тіпті, ол Мәуләнә Руми тұратын үйдің алдына тұрып алып, ешкімді ішке кіргізбей қойды, ол келген кейбір адамдарды теуіп, қуалап жіберсе, кейбіреуіне айғайлайтын, тіпті кейбірін ұрып қуалап жіберетін еді, ал Мәуләнә Руми хазірет үйден мүлдем шықпай, Шәміс хазіреттің нұсқауы бойынша ешкіммен кездескен жоқ.

Шәміс Тарбизи хазірет өзіндегі бар илахи білімдерді бүкілдей Мәуләнә Жалалуди Руми хазіретке тезден беріп жіберу керектігін ғана білетін, себебі ол өзіндегі дүниені қабыл ете алатын Румидай баға жетпес асыл жанды әзер тапқан еді, ол Мәуләнә Руми хазіретпен бірге болған уақытына басын тігіп, жанын арнап отырғанын білетұғын, расында, бұл іс кейін туылды, демек осы іс үшін Шәміс хазіреттің басы кетіп, құрбан болды, бірақ осыдан соң Мәуләнә Руми хазіретке есепсіз білімдермен нағыз ілімдер ашыла бастады, қазірге дейін милиондаған адамдар оған еріп жүр, әр жердегі жұрт оның хикіметтерін оқиды.

Міне бұл көне замандағы адамдардың білім алумен білім үйрету жолдары, исламдық оқытулары еді, демек онда ақиқат құрметтеліп, ақиқат қабыл етілетін. Пір (ұстаз) іздеңіз, Алла Жәллә Жәләлуху әр адамға осындай білмді бере алатын пір яғни жол көрсетуші қойған, егер адам тура жолда болса, иншалла, ол тәлейлі кісі болмақ, ол өз пірін таба алады, себебі бұл айырықша жағдай, мәселен, Шәміс хазірет бүкіл білімін тек бір адамға яғни Мәуләнә Руми хазіретке ғана берді, ал Мәуләнә Руми хазірет бұл білімді алып, бүкіл дүниеге таратты, милиондаған, тіпті қазірге дейін милиярттаған адамға таратты, бұндағы ең маңызды нәрсе, сіздің өз міндетіңізбен ниетіңізді біле білуіңіз болмақ, бұл аса маңызды, Шәміс хазірет бұны Алла Жәллә Жәләлуху үшін істеді әрі осы іс үшін басын бәй тігіп, жанын құрбан етті. Алла Жәллә Жәләлуху оларды ұлықтап мадақтағай, жұртқа хақ жолды көрсетін пір нәсіп еткей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw


سۇحبات: ءار ادامعا ءپىر كەرەك (2023.09.16 / 1445-حيجري 01-رابيۋل اۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا (يتاليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بيسميللاحير راحمانير راحيم، «يَـٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ َءامَنُوا۟ ٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَكُونُوا۟ مَعَ ٱلصَّـٰدِقِينَ» (و يمان كەلتىرگەندەر، اللادان قورقىڭدار دا، شىنشىلدارمەن بىرگە بولىڭدار) (قۇران 09:119)، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇندا بىزگە «وزدەرىڭمەن ومىرلەرىڭە پايدالى نارسەلەر ۇيرەنۋلەرىڭ ءۇشىن جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولىڭدار» دەپ ايتۋدا، دەمەك ءسىزدى تاربيەلەپ ۇيرەتۋ ءۇشىن ءسوزسىز ءبىر ادام كەرەك.

ارينە، ءجون تۇسىنەتىن، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان جاقسى تۇسىنىك بەرىلگەن ادامدار تاعى دا كوپتەپ ءبىلىم ىزدەنۋ كەرەكتىگىن بىلەدى، كوپتەگەن ءبىلىمدى ادامدار، ماسەلەن ۇلكەن اۋليەلەر، عۇلامالار ءوز اۋىلدارىندا تۇرعان، ەرتەدە ءار اۋىلدا يمامدار بولۋشى ەدى، ولار سونداعى بالالاردى قالاي جازۋمەن قالاي وقۋعا ۇيرەتىپ، ولاردىڭ ومىرلەرىنە قاجەتتى بىلىمدەردى بەرەتىن، ءىلىم ىزدەنۋ ەر-ايەل ءاربىر مۇسىلمان، ءاربىر ادام ءۇشىن پارىز-ءدۇر، سوندىقتان، مۇسىلماندار بيلىك قۇرعان زامانداردا ءار اۋىلدا، ءتىپتى كىشكەنە جەرلەردە دە مەشىتتەر بولعان ءارى ونىڭ يمامدارى بولاتىن، وسى يمامدار سول اۋىلداعى ادامدارعا باس-كوز بولىپ، ۇل بالالارعا ءمالىم ۋاقىتقا دەيىن كوڭىل بولەتىن ءارى ولاردى تاربيەلەيتىن ەدى.

ول زامانداردا ادامدار ءومىر ءسۇرىپ جاتقان جەرلەردىڭ بارلىعى وسىلاي بولىپ، يمامدار ونداعىلاردى بىلىمگە ۇيرەتىپ وتىرعان، ولار ۇدايى وقۋشىلاردى تاربيەلەۋمەن ابىگەر ەدى، وقۋشىلار وقۋىن بىتىرگەن سوڭ، قالاي وقۋمەن قالاي جازۋدى، نەنىڭ حالال، نەنىڭ حارام ەكەندىگىن ۇيرەنىپ شىعاتىن، بالالار مەكتەپتە وسىلاي 5-6 جىل ۇيرەنۋدە بولادى، بۇل بەينە باستاۋىش مەكتەپكە ۇقسايتىن ەدى، ال ولار ونى بىتىرگەن سوڭ، اركىم ءوز جونىنە كەتىپ، ومىرلەرىن جالعاستىراتىن، ارينە ەرتەدە قازىرگى سياقتى ورتا مەكتەپ، جوعارى مەكتەپ نەمەسە ۆنيۋەرسيتەتتەر بولعان جوق. ءار ادام جان باعىس ءۇشىن ءمالىم ءبىر ونەردى ۇيرەنۋى كەرەك، ءبىراق ودان بۇرىن ولارعا قالاي وقۋ، قالاي جازۋ، نەنىڭ حالال، نەنىڭ حارام ەكەندىگى جانە ءومىر ءجايلى ۇيرەتىلەدى، سەبەبى ول كەزدە جۇرت ەرتە ۇيلەنەتىن، ولار شامامەن 15-16 جاسىندا ۇيلەنىپ، وتاۋ قۇرىپ كەتەتۇعىن، دەمەك ولار وسى جاستاردا ەر-ايەل سياقتى بولىپ ەسەيۋشى ەدى، ومىرلەرى وسىنداي بولعان، ولاردىڭ كوبى 50-60 جاستارىندا قايتىس بولاتىن، ولار مىنە وسىلاي ومىرلەرىن جالعاستىرۋشى ەدى.

وسى وقۋ كەزدەرىندە وقۋشىلاردىڭ اراسىنان كەيبىر العىر وقۋشىلار كەزدەسەتىن، ال يمام بولسا وسىنداي وقۋشىنىڭ اتا-اناسىنا بارىپ، «بۇل بالا ءقازىر مەنەن ءبىلىمدى، ءبىز ونى بۇندا ىسىراپ ەتىپ، وبالدى قىلمالىق، ونى جوعارى ءبىلىمدى مەدىرەسە، بيىك ءبىلىم ورداسىنا جىبەرەلىك، ول سول ارادا ءتىپتى دە كوپ ءبىلىم ۇيرەنسىن» دەپ ايتاتىن، مىنە وسىلاي بۇل وقۋشى تاعى دا جوعارىلاپ ءبىلىم ۇيرەنەتىن ءارى سول ارادا ءبىلىمىن شىڭداپ، مول بىلىمگە يە بولاتىن، ول وسىلاي جەتىلگەن سوڭ، ونداعى يمام دا «بۇل وقۋشى ءقازىر مەنەن دە ءبىلىمدى، ونى تاعى ءبىر جوعارى جەرگە جىبەرەلىك» دەيتىن، ول وسىلاي ورلەي وقي كەلە، ول ەڭ جوعارى بىلىمگە جەتەتىن، ونان سوڭ بۇل وقۋشى «مەن بۇل وقۋلاردى ءبىتىردىم، الايدا مەن وزىمدە تاعى ءبىر نارسەلەردىڭ كەمشىلدىگىن سەزىنۋدەمىن» دەپ ىزدەنەتىن ءارى ولاردىڭ كوبى سوڭىندا وزدەرىنىڭ ءبىر شايىق پىرگە، مۇرشيتكە ەرۋ كەرەكتىگىن تانىپ جەتەتۇعىن. ءار ادامعا اۋليەدەن نەمەسە سولارعا ۇقسايتىن ادامنان ءبىر ءمۇرشيت (ءپىر) كەرەك، ءتىپتى ءبىلىمى وتە جوعارى، بۇكىل دۇنيەگە، باتىس-شىعىسقا اتى ايگىلى بولعان عۇلامالاردىڭ دا ءوز ءمۇرشيت-پىرلەرى بولعان.

ماسەلەن، ءسايدينا ءماۋلانا جالالۋدين رۋمي قازىرەت سونداي جاننىڭ ءبىرى، ول ءىلىم تەڭىزى-ءدۇر، ءار جەردە جۇرتتىڭ بارلىعى ونىڭ سۇحباتتارىن ەستىپ، سوزدەرىن تىڭداۋشى ەدى، ءتىپتى سۇلتاندار دا وعان كەلىپ «و شايىق، مەن سىزگە ەرۋشى ءمۇريت بولعىم كەلەدى، سۇلتاندىقتى قالامايمىن، ءتىپتى مەن سۇلتاندىق تاعىمدى سىزگە بەرەيىن، ءسىز سۇلتان بولىڭىز، مەن سىزگە ەرۋشى بولايىن» دەپ ايتاتۇعىن، ارينە ول بۇنى قابىل ەتكەن جوق، ءوز ءومىرىن باياعىسىنشا جالعاستىرا بەردى، ءبىراق سول كەزدەردە ول وزىندە ءبىر نارسەنىڭ كەمىش ەكەندىگىن سەزىنىپ ءجۇردى، ول اۋليە ءشامىس تاربيزي حازىرەتكە كەزدەسىپ، ونى تاپقانعا دەيىن وسىنداي سەزىممەن كوڭىل-كۇيلەرىندە جۇرگەن ەدى.

ءشامىس تاربيزي حازىرەت تە بىلمەيتىن ەدى، ءبىراق كەيىن اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وعان ىلىممەن حيكىمەتتەر بەردى، ول اسا مول حيكىمەتكە تولى جان بولدى، ەشقاشان دۇنيە قۋماعان، ەلدىڭ ءوزى ءجايلى نە دەپ ايتقانىمەن ءىسى جوق كىسى ەدى، ول ۇستىنەن تاستامايتىن قارا شاپانىن عانا كيىپ جۇرەتىن، كوپ ەل ونى تانىمايتىن، ءبىر كۇنى وعان جوعارىدان ءامىر كەلىپ، ءمالىم ادامدى كۇتۋى كەرەك بولادى، ول وزىندە اسا مول ءبىلىمنىڭ بارلىعىن بىلەتىن دە، «مەندە سونشاما ءبىلىم بار، ءبىراق ول ءجاي ادامدارعا ارنالعان ءبىلىم ەمەس، مەن بۇنى بىلەمىن، مەن بۇل ءبىلىمىمدى بىرەۋگە بەرۋىم كەرەك، بۇنى دا بىلەمىن، ءبىراق ول كىسى كىم؟ مەن ونى ءقازىر بىلمەيمىن» دەپ ايتۋشى ەدى، ول وسىلاي بەلگىسىز جاندى كۇتىپ ءجۇردى، ءمالىم ءبىر كەزدەر بولعاندا كونياداعى ءبىر ۇلكەن اۋليە شايىق وعان حات جازىپ، «كەل! سەنىڭ توسىپ جۇرگەن ادامىڭ وسىندا، بۇندا كەلىپ، وعان كەزدەسۋىڭ كەرەك» دەيدى.

ءشامىس حازىرەت كونياعا بارعاننان كەيىن، ءماۋلانا جالالۋدين رۋمي حازىرەتتى تابادى، بىردە ءماۋلانا رۋمي حازىرەت اتپەن كەلە جاتقان ەدى، ءشامىس حازىرەت ونى اتىنىڭ تىزگىنىنەن ۇستاپ توقتاتادى، ءماۋلانا رۋمي وعان تەسىلە قاراپ، وزىنە تانىس ادام ەكەندىگىن سەزىنىپ، ءبىر جەردەن كورگەندەي ەلەستەتە بەرەدى، سالدەن سوڭ ول ونى تۇسىندە ۇداي كورىپ جۇرەتىن ادام ەكەندىگىن تانىپ جەتەدى دە، اتىنان قارعىپ تۇسەدى، ولار ءوزارا قۇشاقتاسىپ كورىسەدى، ونان سوڭ ولار ەل-جۇرتتى تاستاپ، وزدەرى كەتىپ قالادى. ولار كوپ كۇندەر بىرگە بولىپ، 40 كۇننەن كوپ حالۋا (وڭاشالانۋ) وتكىزەدى، ەشبىر ادام ولاردىڭ نە سويلەپ، نە ءجايلى ايتىپ جاتقانىن مۇلدەم بىلمەدى، ولار حالۋا وتكىزىپ جاتقان ۇيدە كەيدە سويلەسە، كەيدە مۇلدەم ءۇنسىز قالادى، ەشكىم ولاردىڭ نە ايتىپ جاتقاندارىن بىلگەن جوق، كەيىن ولار حالۋادان شىقتى، ارينە جۇرت ولارعا رەنجۋلى ەدى، بارلىعىنىڭ دا قاباقتارى قاتۋلى، ولار «و، مىنا (ءشامىس حازىرەت) بەيتانىس بىرەۋ كىم ءوزى، ونىڭ اشۋى قانداي قاتقىل، ءوزى بىزگە ادەپ تە كورسەتپەيدى، ول ءبىزدىڭ شايىق ءپىرىمىز ءماۋلانا رۋمدى الىپ كەتتى، ول ونى بىزدەن ۇرلاپ الدى، تارتىپ الدى، ءقازىر ءماۋلانا بىزگە ەش سۇحبات ايتپايتىن بولدى، كۇندە سول بەيتانىس كىسىمەن بىرگە بولادى، ول بىزگە مۇلدەم كەلمەيتىن بولدى، سول بەيتانىس جانمەن عانا بىرگە تۇرادى!» دەپ رەنجىدى، قاتتى اشۋلانادى، ءبىراق بۇنى ەلەپ جاتقان ءشامىس حازىرەت جوق.

ءتىپتى، ول ءماۋلانا رۋمي تۇراتىن ءۇيدىڭ الدىنا تۇرىپ الىپ، ەشكىمدى ىشكە كىرگىزبەي قويدى، ول كەلگەن كەيبىر ادامداردى تەۋىپ، قۋالاپ جىبەرسە، كەيبىرەۋىنە ايعايلايتىن، ءتىپتى كەيبىرىن ۇرىپ قۋالاپ جىبەرەتىن ەدى، ال ءماۋلانا رۋمي حازىرەت ۇيدەن مۇلدەم شىقپاي، ءشامىس حازىرەتتىڭ نۇسقاۋى بويىنشا ەشكىممەن كەزدەسكەن جوق.

ءشامىس تاربيزي حازىرەت وزىندەگى بار يلاحي بىلىمدەردى بۇكىلدەي ءماۋلانا جالالۋدي رۋمي حازىرەتكە تەزدەن بەرىپ جىبەرۋ كەرەكتىگىن عانا بىلەتىن، سەبەبى ول وزىندەگى دۇنيەنى قابىل ەتە الاتىن رۋميداي باعا جەتپەس اسىل جاندى ازەر تاپقان ەدى، ول ءماۋلانا رۋمي حازىرەتپەن بىرگە بولعان ۋاقىتىنا باسىن تىگىپ، جانىن ارناپ وتىرعانىن بىلەتۇعىن، راسىندا، بۇل ءىس كەيىن تۋىلدى، دەمەك وسى ءىس ءۇشىن ءشامىس حازىرەتتىڭ باسى كەتىپ، قۇربان بولدى، ءبىراق وسىدان سوڭ ءماۋلانا رۋمي حازىرەتكە ەسەپسىز بىلىمدەرمەن ناعىز ىلىمدەر اشىلا باستادى، قازىرگە دەيىن ميليونداعان ادامدار وعان ەرىپ ءجۇر، ءار جەردەگى جۇرت ونىڭ حيكىمەتتەرىن وقيدى.

مىنە بۇل كونە زامانداعى ادامداردىڭ ءبىلىم الۋمەن ءبىلىم ۇيرەتۋ جولدارى، يسلامدىق وقىتۋلارى ەدى، دەمەك وندا اقيقات قۇرمەتتەلىپ، اقيقات قابىل ەتىلەتىن. ءپىر (ۇستاز) ىزدەڭىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءار ادامعا وسىنداي ءبىلمدى بەرە الاتىن ءپىر ياعني جول كورسەتۋشى قويعان، ەگەر ادام تۋرا جولدا بولسا، ينشاللا، ول تالەيلى كىسى بولماق، ول ءوز ءپىرىن تابا الادى، سەبەبى بۇل ايىرىقشا جاعداي، ماسەلەن، ءشامىس حازىرەت بۇكىل ءبىلىمىن تەك ءبىر ادامعا ياعني ءماۋلانا رۋمي حازىرەتكە عانا بەردى، ال ءماۋلانا رۋمي حازىرەت بۇل ءبىلىمدى الىپ، بۇكىل دۇنيەگە تاراتتى، ميليونداعان، ءتىپتى قازىرگە دەيىن ميليارتتاعان ادامعا تاراتتى، بۇنداعى ەڭ ماڭىزدى نارسە، ءسىزدىڭ ءوز مىندەتىڭىزبەن نيەتىڭىزدى بىلە ءبىلۋىڭىز بولماق، بۇل اسا ماڭىزدى، ءشامىس حازىرەت بۇنى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن ىستەدى ءارى وسى ءىس ءۇشىن باسىن ءباي تىگىپ، جانىن قۇربان ەتتى. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردى ۇلىقتاپ ماداقتاعاي، جۇرتقا حاق جولدى كورسەتىن ءپىر ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7157