You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7155
Сұхбат: иман барлығынан да маңызды (2023.09.15 / 1445-хижри 30-Сафар)
Исламбол (Стамбул), Түркия (Италияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Әлхамдулилла, бүгін кеште Алла Жәллә Жәләлухумен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға сүйікті болған мүриттерміз бұнда жиналып отыр, біз раббиул-ауал айының бірінші түні кездесудеміз, бұл да Алла Жәллә Жәләлухудан бізге берілген нығымет, иншалла, Ол барлығын өзі жоспарлайды, ал біз Оның жоспарына ереміз, сондықтан осы түнде сіздердей жақсы кісілермен осында кездесу де сондай бір жақсы жоспардан болмақ.

Әлхамдулилла, сафар айы бітті, ол ауыр ай, бұл жыл басқа жылдардан ауырлау болды, иншалла, енді бұл ауырлықтар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның осы айының берекесімен қайырға өзгеріп, адамдардан ауыртпашылықтар алынып кетілмек, иншалла, біздің бұндағы жиналысымыз Алла Жәллә Жәләлухудың және пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның махаббаты үшін болып отыр, иншалла, сіздер сонау алыс жақтардан, жырақ жайлардан осы мақсатпен келіп отырсыздар, демек Алла Жәллә Жәләлухуға тіпті де жақынырақ болу үшін келдіңіздер, иншалла.

Кейде адамдар «мәлім жерлерге барып, ондағы керемет нәрселерді көру үшін қашан болса да бара береміз» деп ойлайды, ал Алла Жәллә Жәләлуху үшін іс қылуға келгенде, адамдар үшін ол қиын бола қалады, бірақ, әлхамдулилла, бұндағы біздің жамағат махаббатпен қуаныш ішінде жүр, иншалла, әдетте бірер игі іс істерде немесе игілермен бірге боларда, сізге көптеген нәрселер тосқындық жасайды. Үлкен әулие пір шайқымыз Мәуләнә Шайық Абдулла хазірет үнемі бізге «адамның төрт дұшпаны бар, олар дүние, шайтан, хауа және нәфсі» деп айтып отырушы еді, бұл төрт дұшпанның ішінде бірінші шайтан, нәфіс, дүние, хауа болып келер, хауа дегеніміз құмарлығыңызға еру-дүр, мәлім адам бірер игілік істемекші болса, оған осы төрт дұшпаны қарсы шығып, оған шабуыл жасайды.

Сол үшін де кейбір адамдар «мыналар бұзық адамдар, олар жаман іс істейді, бірақ оларға олар (олардың төрт дұшпаны) қарсы келіп, істерін қиындастырмайды ғой, ал біз бірдеңе істей қалсақ, ол қиындасып кетеді» дейді, көптеген адамдар осы сұрақты сұрар, себебі бұл төрт дұшпанның барлығы бізге қарсы келеді, бірақ бұзықтар жаман іс істеген кезде, олар осы төрт дұшпандарымен бірге болады да, олар ендігәрі дұшпан болмас, керісінше олар олардың жаман іс істеуіне шабыт береді, соған итермелейді, сол себепті көптеген адамдардың нәпсілері оларға мініп алған кезде, олар Алла Жәллә Жәләлухудың қалауына қарсы шыға бастайды, «неге маған солай! не үшін маған осындай болды!» деп ренжиді, олар осылай дер, бірақ мүмин бұлай айтпас болар, әрине бұл оңай емес, ол қиын, ал мүмин оған бірер қиындық келгенде, ол бұның сынақ екендігін білуі керек әрі Алла Жәллә Жәләлуху бұл сынақ үшін оған сауаптар беретін болады.

Сондықтан, біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға ерудеміз, ол қандай өмір сүрді, сахабаларымен бірге қандай қиыншылық көрді, бірақ солай бола тұра, олар өте қуанышты жүрді, себебі олар өздерінің тура жолда екендігін біледі, оларды ештеңе жолдан шығара алмайды, олар ұдайы көп күндер бойы жерге ештеңе таба алмаушы еді, міне осылай олар барлығына сабыр етті.

Әлхамдулилла, бұл қиын жағдайлардан ешкім қашып кеткен жоқ, олар сабырлылықпен пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға және оның әмірлеріне ерді, егер пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам бірдеңе қаласа, Алла Жәллә Жәләлуху оны оған сұратпастан-ақ берер еді, оның көптеген мұғжизалары бар, оның кейбір мұғжизаларын неше мыңдаған адам көрді әрі олар сонымен өмірлерін сақтап қалды.

Бір шайқаста еш жерде су жоқ еді, сол кезде пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның қолынан су шыға бастайды, ал ондағы неше мыңдаған сахабалар оның қолынан шыққан осы суды ішеді. Тағы бірде, мәлім сахаба оны үйіне қонаққа шақырады әрі олардың дайындаған тамақтар аз ғана болатын, олар осы дастарқанға пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламммен бүкіл сахабаларды шақырады, ал сахабалар болса бұл хақында сәл абыржып, қонаққа шақырушы кісінің әйелінен сұрайды, ал ол да тамақтың тым аз болып, жетпей қалатындығына алаңдаулы екендігін білдіреді, кейін пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам бір дұға жасайды, сонан соң сахабалар тамақ жей бастайды, тамақ барлығына жетіп артылады, дайындалған тамақ сол қалпы орнында қалады (азаймайды).

Сахабалар болса, бұл оның мұғжизасынан екендігін біледі, бірақ олар «о пайғамбарым, бір мұғжиза жасаңызшы, бізді бұндай аш етіп қоймаңызшы, біз әр күні сіздің керемет-мұғжизаңызбен тамақ жеп, тойып жүре берелік» деп ренжіген жоқ, олар ештеңе айтпады, міне бұл біздің пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламмен Сәйдина Иса әлейхисаламның сахабаларының айырмашылығы, Сәйдина Иса әлейхисаламға, расында обал! оның сахабалары әр күні тамақ жейді, құрсақтары еш ашпайды, олар ештеңе көрген жоқ, ол олма, тіпті олар оған «егер Раббың Алла Әззә уә-Жәллә аспаннан бізге тамақ жіберсе, біз Оған сенер едік» деп айтқан, осылай сұраған, олардың бұл ісі тым оғаш іс еді, себебі олар әркүні Сәйдина Иса әлейхисаламға мыңдаған адамдардың келіп, оның мұғжизасы арқылы кеселінен жазылғанын, тіпті адамдардың өлімнен қайта тірілгенін және сонан соң көп жылдар бойы өмір сүргенін көрді, бірақ осылай бола тұра, олардың жүрегінде иман болмады, олардың бұл қиғылықтары оларды құран әзиму-шәнда тілге тиек еттірді, демек Алла Әззә уә-Жәллә бұл адамдарды жұртқа әдепсіздік үлгісі ретінде көрсетіп, адамдарға жақсы әдепте болу туралы баян етті, Алла Жәллә Жәләлухуға, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға және барлық пайғамбарларға қалай әдеп-ибада болу керектігі жәйлі нұсқау айтты. Ал манағы Иса әлейхис-саламға сұрақ қойған адамдардың сұрақтары еш мән-мағынасы жоқ сұрақтар! олардың сұрағы «егер сенің раббың Алла Әззә уә-Жәллә осыны істей алатын болса» демекілік еді, бұл неткен қитұрқы сұрақ еді! Алла Әззә уә-Жәллә істей алмайтын іс болушы ма еді, сірә! неткен ақымақтық! Алла Әззә уә-Жәллә үшін мүмкін емес нәрсе жоқ! олар әр күні Алла Жәллә Жәләлухуның жаратып қойғандарын жеп жүр емеспе, жеп жатқаныңыз сізден келген жоқ, оның барлығы Алла Жәллә Жәләлухудан, ал Алла Әззә уә-Жәллә олардың сұрағына риза болмады әрі Ол оларға «иә, Біз оны оларға жібереміз, егер олар сонда да иман келтірмейтін болса, олар жазаланатын болады» деп ескерітті.

Сәйдина Иса әлейхисалам міне осындай адамдармен сыналған, демек оған ең жақын адамдардың өзі оған жоғарыдай сөздерді айтқан, әлхамдулилла, біздің пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның ешбір сахабасы бұндай сұраулар сұраған емес, себебі олар өздерінің сенімдері пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның берекесімен, Алла Әззә уә-Жәлләның көмегімен күшті болатындығын біледі, оларға нағыз иман берілген, адам баласы үшін ең асыл нәрсе иман-дүр, сондықтан оларда осы иман болса болғаны, қалғандары еш маңызды емес, олар тамақ жер я жемес, ішер я ішпес, оларға бәрібір, бұлар маңызды емес, ал басқаларға ішіп-жеумен «пайғамбар шын, әлде жалған сөйлеп жатыр ма?» деп аңдй сынау басты шаруаға айналған, міне бұдан иманның қандай маңызды екендігін білесіз.

Әлхамдулилла, біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның үмбетіненбіз, өткен барлық пайғамбарлар біздің пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның үмбеті болуды аңсап өткен еді, Сәйдина Иса әлейхисалам қайта келген кезде, Алла Жәллә Жәләлуху оны уммати-мухаммад ететін болады, демек ол пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның үмбетінен болмақ, әлхамдулилла, жаңа кірген ай мүбәрак болсын! Алла Жәллә Жәләлуху бізге Өз берекесімен ихсанынан нәсіп еткей, сізгерде мол сауаптар бергей, бұнда да, осында да бақытты еткей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw




سۇحبات: يمان بارلىعىنان دا ماڭىزدى (2023.09.15 / 1445-حيجري 30-سافار)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا (يتاليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ءالحامدۋليللا، بۇگىن كەشتە اللا ءجاللا جالالۋحۋمەن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا سۇيىكتى بولعان مۇريتتەرمىز بۇندا جينالىپ وتىر، ءبىز راببيۋل-اۋال ايىنىڭ ءبىرىنشى ءتۇنى كەزدەسۋدەمىز، بۇل دا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان بىزگە بەرىلگەن نىعىمەت، ينشاللا، ول بارلىعىن ءوزى جوسپارلايدى، ال ءبىز ونىڭ جوسپارىنا ەرەمىز، سوندىقتان وسى تۇندە سىزدەردەي جاقسى كىسىلەرمەن وسىندا كەزدەسۋ دە سونداي ءبىر جاقسى جوسپاردان بولماق.

ءالحامدۋليللا، سافار ايى ءبىتتى، ول اۋىر اي، بۇل جىل باسقا جىلداردان اۋىرلاۋ بولدى، ينشاللا، ەندى بۇل اۋىرلىقتار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ وسى ايىنىڭ بەرەكەسىمەن قايىرعا وزگەرىپ، ادامداردان اۋىرتپاشىلىقتار الىنىپ كەتىلمەك، ينشاللا، ءبىزدىڭ بۇنداعى جينالىسىمىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جانە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ماحابباتى ءۇشىن بولىپ وتىر، ينشاللا، سىزدەر سوناۋ الىس جاقتاردان، جىراق جايلاردان وسى ماقساتپەن كەلىپ وتىرسىزدار، دەمەك اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا ءتىپتى دە جاقىنىراق بولۋ ءۇشىن كەلدىڭىزدەر، ينشاللا.

كەيدە ادامدار «ءمالىم جەرلەرگە بارىپ، ونداعى كەرەمەت نارسەلەردى كورۋ ءۇشىن قاشان بولسا دا بارا بەرەمىز» دەپ ويلايدى، ال اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن ءىس قىلۋعا كەلگەندە، ادامدار ءۇشىن ول قيىن بولا قالادى، ءبىراق، ءالحامدۋليللا، بۇنداعى ءبىزدىڭ جاماعات ماحابباتپەن قۋانىش ىشىندە ءجۇر، ينشاللا، ادەتتە بىرەر يگى ءىس ىستەردە نەمەسە يگىلەرمەن بىرگە بولاردا، سىزگە كوپتەگەن نارسەلەر توسقىندىق جاسايدى. ۇلكەن اۋليە ءپىر شايقىمىز ءماۋلانا شايىق ابدۋللا حازىرەت ۇنەمى بىزگە «ادامنىڭ ءتورت دۇشپانى بار، ولار دۇنيە، شايتان، حاۋا جانە ءنافسى» دەپ ايتىپ وتىرۋشى ەدى، بۇل ءتورت دۇشپاننىڭ ىشىندە ءبىرىنشى شايتان، ءنافىس، دۇنيە، حاۋا بولىپ كەلەر، حاۋا دەگەنىمىز قۇمارلىعىڭىزعا ەرۋ-ءدۇر، ءمالىم ادام بىرەر يگىلىك ىستەمەكشى بولسا، وعان وسى ءتورت دۇشپانى قارسى شىعىپ، وعان شابۋىل جاسايدى.

سول ءۇشىن دە كەيبىر ادامدار «مىنالار بۇزىق ادامدار، ولار جامان ءىس ىستەيدى، ءبىراق ولارعا ولار (ولاردىڭ ءتورت دۇشپانى) قارسى كەلىپ، ىستەرىن قيىنداستىرمايدى عوي، ال ءبىز بىردەڭە ىستەي قالساق، ول قيىنداسىپ كەتەدى» دەيدى، كوپتەگەن ادامدار وسى سۇراقتى سۇرار، سەبەبى بۇل ءتورت دۇشپاننىڭ بارلىعى بىزگە قارسى كەلەدى، ءبىراق بۇزىقتار جامان ءىس ىستەگەن كەزدە، ولار وسى ءتورت دۇشپاندارىمەن بىرگە بولادى دا، ولار ەندىگارى دۇشپان بولماس، كەرىسىنشە ولار ولاردىڭ جامان ءىس ىستەۋىنە شابىت بەرەدى، سوعان يتەرمەلەيدى، سول سەبەپتى كوپتەگەن ادامداردىڭ ناپسىلەرى ولارعا ءمىنىپ العان كەزدە، ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قالاۋىنا قارسى شىعا باستايدى، «نەگە ماعان سولاي! نە ءۇشىن ماعان وسىنداي بولدى!» دەپ رەنجيدى، ولار وسىلاي دەر، ءبىراق ءمۇمين بۇلاي ايتپاس بولار، ارينە بۇل وڭاي ەمەس، ول قيىن، ال ءمۇمين وعان بىرەر قيىندىق كەلگەندە، ول بۇنىڭ سىناق ەكەندىگىن ءبىلۋى كەرەك ءارى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بۇل سىناق ءۇشىن وعان ساۋاپتار بەرەتىن بولادى.

سوندىقتان، ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا ەرۋدەمىز، ول قانداي ءومىر ءسۇردى، ساحابالارىمەن بىرگە قانداي قيىنشىلىق كوردى، ءبىراق سولاي بولا تۇرا، ولار وتە قۋانىشتى ءجۇردى، سەبەبى ولار وزدەرىنىڭ تۋرا جولدا ەكەندىگىن بىلەدى، ولاردى ەشتەڭە جولدان شىعارا المايدى، ولار ۇدايى كوپ كۇندەر بويى جەرگە ەشتەڭە تابا الماۋشى ەدى، مىنە وسىلاي ولار بارلىعىنا سابىر ەتتى.

ءالحامدۋليللا، بۇل قيىن جاعدايلاردان ەشكىم قاشىپ كەتكەن جوق، ولار سابىرلىلىقپەن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا جانە ونىڭ امىرلەرىنە ەردى، ەگەر پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بىردەڭە قالاسا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ونى وعان سۇراتپاستان-اق بەرەر ەدى، ونىڭ كوپتەگەن مۇعجيزالارى بار، ونىڭ كەيبىر مۇعجيزالارىن نەشە مىڭداعان ادام كوردى ءارى ولار سونىمەن ومىرلەرىن ساقتاپ قالدى.

ءبىر شايقاستا ەش جەردە سۋ جوق ەدى، سول كەزدە پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ قولىنان سۋ شىعا باستايدى، ال ونداعى نەشە مىڭداعان ساحابالار ونىڭ قولىنان شىققان وسى سۋدى ىشەدى. تاعى بىردە، ءمالىم ساحابا ونى ۇيىنە قوناققا شاقىرادى ءارى ولاردىڭ دايىنداعان تاماقتار از عانا بولاتىن، ولار وسى داستارقانعا پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامممەن بۇكىل ساحابالاردى شاقىرادى، ال ساحابالار بولسا بۇل حاقىندا ءسال ابىرجىپ، قوناققا شاقىرۋشى كىسىنىڭ ايەلىنەن سۇرايدى، ال ول دا تاماقتىڭ تىم از بولىپ، جەتپەي قالاتىندىعىنا الاڭداۋلى ەكەندىگىن بىلدىرەدى، كەيىن پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ءبىر دۇعا جاسايدى، سونان سوڭ ساحابالار تاماق جەي باستايدى، تاماق بارلىعىنا جەتىپ ارتىلادى، دايىندالعان تاماق سول قالپى ورنىندا قالادى (ازايمايدى).

ساحابالار بولسا، بۇل ونىڭ مۇعجيزاسىنان ەكەندىگىن بىلەدى، ءبىراق ولار «و پايعامبارىم، ءبىر مۇعجيزا جاساڭىزشى، ءبىزدى بۇنداي اش ەتىپ قويماڭىزشى، ءبىز ءار كۇنى ءسىزدىڭ كەرەمەت-مۇعجيزاڭىزبەن تاماق جەپ، تويىپ جۇرە بەرەلىك» دەپ رەنجىگەن جوق، ولار ەشتەڭە ايتپادى، مىنە بۇل ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالاممەن ءسايدينا يسا الەيحيسالامنىڭ ساحابالارىنىڭ ايىرماشىلىعى، ءسايدينا يسا الەيحيسالامعا، راسىندا وبال! ونىڭ ساحابالارى ءار كۇنى تاماق جەيدى، قۇرساقتارى ەش اشپايدى، ولار ەشتەڭە كورگەن جوق، ول ولما، ءتىپتى ولار وعان «ەگەر راببىڭ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا اسپاننان بىزگە تاماق جىبەرسە، ءبىز وعان سەنەر ەدىك» دەپ ايتقان، وسىلاي سۇراعان، ولاردىڭ بۇل ءىسى تىم وعاش ءىس ەدى، سەبەبى ولار اركۇنى ءسايدينا يسا الەيحيسالامعا مىڭداعان ادامداردىڭ كەلىپ، ونىڭ مۇعجيزاسى ارقىلى كەسەلىنەن جازىلعانىن، ءتىپتى ادامداردىڭ ولىمنەن قايتا تىرىلگەنىن جانە سونان سوڭ كوپ جىلدار بويى ءومىر سۇرگەنىن كوردى، ءبىراق وسىلاي بولا تۇرا، ولاردىڭ جۇرەگىندە يمان بولمادى، ولاردىڭ بۇل قيعىلىقتارى ولاردى قۇران ءازيمۋ-ءشاندا تىلگە تيەك ەتتىردى، دەمەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇل ادامداردى جۇرتقا ادەپسىزدىك ۇلگىسى رەتىندە كورسەتىپ، ادامدارعا جاقسى ادەپتە بولۋ تۋرالى بايان ەتتى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋعا، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا جانە بارلىق پايعامبارلارعا قالاي ادەپ-يبادا بولۋ كەرەكتىگى ءجايلى نۇسقاۋ ايتتى. ال ماناعى يسا الەيحيس-سالامعا سۇراق قويعان ادامداردىڭ سۇراقتارى ەش ءمان-ماعىناسى جوق سۇراقتار! ولاردىڭ سۇراعى «ەگەر سەنىڭ راببىڭ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسىنى ىستەي الاتىن بولسا» دەمەكىلىك ەدى، بۇل نەتكەن قيتۇرقى سۇراق ەدى! اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ىستەي المايتىن ءىس بولۋشى ما ەدى، ءسىرا! نەتكەن اقىماقتىق! اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن مۇمكىن ەمەس نارسە جوق! ولار ءار كۇنى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋنىڭ جاراتىپ قويعاندارىن جەپ ءجۇر ەمەسپە، جەپ جاتقانىڭىز سىزدەن كەلگەن جوق، ونىڭ بارلىعى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردىڭ سۇراعىنا ريزا بولمادى ءارى ول ولارعا «ءيا، ءبىز ونى ولارعا جىبەرەمىز، ەگەر ولار سوندا دا يمان كەلتىرمەيتىن بولسا، ولار جازالاناتىن بولادى» دەپ ەسكەرىتتى.

ءسايدينا يسا الەيحيسالام مىنە وسىنداي ادامدارمەن سىنالعان، دەمەك وعان ەڭ جاقىن ادامداردىڭ ءوزى وعان جوعارىداي سوزدەردى ايتقان، ءالحامدۋليللا، ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ەشبىر ساحاباسى بۇنداي سۇراۋلار سۇراعان ەمەس، سەبەبى ولار وزدەرىنىڭ سەنىمدەرى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ بەرەكەسىمەن، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ كومەگىمەن كۇشتى بولاتىندىعىن بىلەدى، ولارعا ناعىز يمان بەرىلگەن، ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ اسىل نارسە يمان-ءدۇر، سوندىقتان ولاردا وسى يمان بولسا بولعانى، قالعاندارى ەش ماڭىزدى ەمەس، ولار تاماق جەر يا جەمەس، ىشەر يا ىشپەس، ولارعا ءبارىبىر، بۇلار ماڭىزدى ەمەس، ال باسقالارعا ءىشىپ-جەۋمەن «پايعامبار شىن، الدە جالعان سويلەپ جاتىر ما؟» دەپ اڭدي سىناۋ باستى شارۋاعا اينالعان، مىنە بۇدان يماننىڭ قانداي ماڭىزدى ەكەندىگىن بىلەسىز.

ءالحامدۋليللا، ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ۇمبەتىنەنبىز، وتكەن بارلىق پايعامبارلار ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ۇمبەتى بولۋدى اڭساپ وتكەن ەدى، ءسايدينا يسا الەيحيسالام قايتا كەلگەن كەزدە، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ونى ۋمماتي-مۋحامماد ەتەتىن بولادى، دەمەك ول پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ۇمبەتىنەن بولماق، ءالحامدۋليللا، جاڭا كىرگەن اي مۇباراك بولسىن! اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە ءوز بەرەكەسىمەن يحسانىنان ءناسىپ ەتكەي، سىزگەردە مول ساۋاپتار بەرگەي، بۇندا دا، وسىندا دا باقىتتى ەتكەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7155