You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=139
Бақшаңды жақсы күтімде (2021.10.19)

Алла тағала пайғамбарымызды бізді тәрбиелеп жақсы адам етіп жетістіріп шығарсын деп жіберді, осылай тәрбиеленсек жаман мінез-қылықтарымыздан арылатын боламыз, біреу адамдарға жаман қылық көрсетіп (немесе үйретіп) жүрсе, оған шыдамдылық көрсетудің керегі жоқ. Көптеген адамдар ерсі істермен алдамшылықтан басқаны істеуді білмейтін адамдар жайлы сұрап жатады, не үшін сондайлардың айналасына көп адамдар үйірсек келеді? себебі олар жаман, туралық үстіндегілер емес, ал шайтан болса оларды жамандықтан тимайді, керісінше қолдайды, бірақ ол қайырлы істерге қарсы кедергі келтіреді, жақсылық істейтіндерді тосады, шайтан жамандық істеушілердің жанынан сәт сайын табылып, оларға жәрдемші болмақ.

Біз өз нәпсілерімізді тәрбиелеуіміз керек, өзімізді көтеруіміз үшін пайғамбарымыздың әдемі әдеп-ибалары біз үшін аса қажетті болмақ. Бақшада болсын немесе басқа жайларда болсын, онда тікен, қалақай сияқты басқада көптеген жабайы шөптермен өсімдіктер кездеседі, бұлардың өсуі қалыпты қажеттілік, бірақ адамдар үшін жағдай басқаша ... Ал адамдар болса ағаш, жеміс-жидек және көгеніс сияқтыларды егеді, егер бұл өсімдіктер өнген араны жабайы шөптер басып кетсе, еккендері шықпай, керексіз нәрсеге айналады, сондықтан олар бұл жабайы өсімдіктердің қаптап кетуіне еш орай берместен отап отырады, осылай еткенде ғана еккендері жақсы шығып, өнім береді, содан соң оны өзі игілігіне жаратады немесе базарда сатып, пайдасын көреді. Ол егер өсімдіктер еккен бақшасын қарамай тастап қойса, ол араны тікенектермен жабайы шөптер басып кетеді де, еккендері өнім бермейді де, онысы не жеуге не сатуға жарамай қалады, осылайша оның құрсағы ашады немесе кедейлеседі. Алайда ол бақшасын жақсы қарап, күтімдеп ұстаса және тер тогіп еңбектеніп еккен өсімдіктеріне көңіл бөлсе, міндетті түрде одан жақсы өнім алатын болады.

Бұл айтқанымыз мысал әңгіме, бірақ ол күллі жер бетіндегі барлық іске сабақ боларлық ғибыратты әңгіме, алла тағала ұдайы біздер үлгі аларлық нәрселеді мысал етіп көрсетеді, сондықтан да алла тағала қасиетті құранда «ай саналы адам баласы, бұл сабақтан ғибырат алыңдар.» (құран 59.02) деп айтады. Сабақ алғын ай естілер, ай көзі барлар дейді, бұны көре алмайтын көзсіз соқырларға емес көріп тани білетін естілерге «сабақ ал, оны қолдан» деп ескертіп отыр ұлық алла тағала. Сиыр көзденіп тек сырыттай қарап қана қойма, қос қолдап іске кірісіп жаман мінез-қылықтарыңмен жабайы хайуанилықтарыңнан арылып тазалан әрі жақсы бір адамға өзгер, осылай тұра алған соң барып алла тағаланың қасиетті құзіретіне кір.

Айтып өткеніміздей, бұл дүние ерініп-керіліп жататын жер емес, қате болған істерді істеп алып, артынан жақсылық сұрай алмайсың ғой, құлшына еңбектеніп нәпсіңді тәрбиелеуің әлбетте қажетті, ал бұларды алла тағаланың әміріне бойсынып, оның барлық бұйрықтарын қабылдау арқылы ғана іске асыр аласың. Егер өзіңе жақсылықты қаласаң осыларды істе, алла тағаланың рұқсатында жемісін көретін боласың әрі ақырыңда жақсы болмақ, алла тағала іс-әрекет қылғандарды, еңбектенгендерді жақсы көреді, сүйеді, оларға жардем береді. Алла тағала күні бойы құран оқып жат, еш іс-әрекет қылма деген жоқ, ол құранда «іс-харекет жасаңдар, алла тағала істегендеріңді көретін болады.» (құран 09:105) дейді, жұмыс қыл, харекет жаса, алла тағала оны көретін болады, жақсылыққа жұмыс жаса, ізгілікке қызмет қыл. Алла тағала баршамызды жақсылықпен ізгілік ішінде етсін, соған жеткізсін, иншалла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

باقشاڭدى جاقسى كۇتىمدە (2021.10.19)

اللا تاعالا پايعامبارىمىزدى ءبىزدى تاربيەلەپ جاقسى ادام ەتىپ جەتىستىرىپ شىعارسىن دەپ جىبەردى، وسىلاي تاربيەلەنسەك جامان مىنەز-قىلىقتارىمىزدان ارىلاتىن بولامىز، بىرەۋ ادامدارعا جامان قىلىق كورسەتىپ (نەمەسە ۇيرەتىپ) جۇرسە، وعان شىدامدىلىق كورسەتۋدىڭ كەرەگى جوق. كوپتەگەن ادامدار ەرسى ىستەرمەن الدامشىلىقتان باسقانى ىستەۋدى بىلمەيتىن ادامدار جايلى سۇراپ جاتادى، نە ءۇشىن سوندايلاردىڭ اينالاسىنا كوپ ادامدار ۇيىرسەك كەلەدى؟ سەبەبى ولار جامان، تۋرالىق ۇستىندەگىلەر ەمەس، ال شايتان بولسا ولاردى جاماندىقتان ءتيمايدى، كەرىسىنشە قولدايدى، بىراق ول قايىرلى ىستەرگە قارسى كەدەرگى كەلتىرەدى، جاقسىلىق ىستەيتىندەردى توسادى، شايتان جاماندىق ىستەۋشىلەردىڭ جانىنان ءسات سايىن تابىلىپ، ولارعا جاردەمشى بولماق.

ءبىز ءوز ناپسىلەرىمىزدى تاربيەلەۋىمىز كەرەك، ءوزىمىزدى كوتەرۋىمىز ءۇشىن پايعامبارىمىزدىڭ ادەمى ادەپ-يبالارى ءبىز ءۇشىن اسا قاجەتتى بولماق. باقشادا بولسىن نەمەسە باسقا جايلاردا بولسىن، وندا تىكەن، قالاقاي سياقتى باسقادا كوپتەگەن جابايى شوپتەرمەن وسىمدىكتەر كەزدەسەدى، بۇلاردىڭ ءوسۋى قالىپتى قاجەتتىلىك، بىراق ادامدار ءۇشىن جاعداي باسقاشا ... ال ادامدار بولسا اعاش، جەمىس-جيدەك جانە كوگەنىس سياقتىلاردى ەگەدى، ەگەر بۇل وسىمدىكتەر ونگەن ارانى جابايى شوپتەر باسىپ كەتسە، ەككەندەرى شىقپاي، كەرەكسىز نارسەگە اينالادى، سوندىقتان ولار بۇل جابايى وسىمدىكتەردىڭ قاپتاپ كەتۋىنە ەش وراي بەرمەستەن وتاپ وتىرادى، وسىلاي ەتكەندە عانا ەككەندەرى جاقسى شىعىپ، ءونىم بەرەدى، سودان سوڭ ونى ءوزى يگىلىگىنە جاراتادى نەمەسە بازاردا ساتىپ، پايداسىن كورەدى. ول ەگەر وسىمدىكتەر ەككەن باقشاسىن قاراماي تاستاپ قويسا، ول ارانى تىكەنەكتەرمەن جابايى شوپتەر باسىپ كەتەدى دە، ەككەندەرى ءونىم بەرمەيدى دە، ونىسى نە جەۋگە نە ساتۋعا جاراماي قالادى، وسىلايشا ونىڭ قۇرساعى اشادى نەمەسە كەدەيلەسەدى. الايدا ول باقشاسىن جاقسى قاراپ، كۇتىمدەپ ۇستاسا جانە تەر توگىپ ەڭبەكتەنىپ ەككەن وسىمدىكتەرىنە كوڭىل بولسە، مىندەتتى تۇردە ودان جاقسى ءونىم الاتىن بولادى.

بۇل ايتقانىمىز مىسال اڭگىمە، بىراق ول كۇللى جەر بەتىندەگى بارلىق ىسكە ساباق بولارلىق عيبىراتتى اڭگىمە، اللا تاعالا ۇدايى بىزدەر ۇلگى الارلىق نارسەلەدى مىسال ەتىپ كورسەتەدى، سوندىقتان دا اللا تاعالا قاسيەتتى قۇراندا «اي سانالى ادام بالاسى، بۇل ساباقتان عيبىرات الىڭدار.» (قۇران 59.02) دەپ ايتادى. ساباق العىن اي ەستىلەر، اي كوزى بارلار دەيدى، بۇنى كورە المايتىن كوزسىز سوقىرلارعا ەمەس كورىپ تاني بىلەتىن ەستىلەرگە «ساباق ال، ونى قولدان» دەپ ەسكەرتىپ وتىر ۇلىق اللا تاعالا. سيىر كوزدەنىپ تەك سىرىتتاي قاراپ قانا قويما، قوس قولداپ ىسكە كىرىسىپ جامان مىنەز-قىلىقتارىڭمەن جابايى حايۋانيلىقتارىڭنان ارىلىپ تازالان ءارى جاقسى ءبىر ادامعا وزگەر، وسىلاي تۇرا العان سوڭ بارىپ اللا تاعالانىڭ قاسيەتتى قۇزىرەتىنە كىر.

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بۇل دۇنيە ەرىنىپ-كەرىلىپ جاتاتىن جەر ەمەس، قاتە بولعان ىستەردى ىستەپ الىپ، ارتىنان جاقسىلىق سۇراي المايسىڭ عوي، قۇلشىنا ەڭبەكتەنىپ ءناپسىڭدى تاربيەلەۋىڭ البەتتە قاجەتتى، ال بۇلاردى اللا تاعالانىڭ امىرىنە بويسىنىپ، ونىڭ بارلىق بۇيرىقتارىن قابىلداۋ ارقىلى عانا ىسكە اسىر الاسىڭ. ەگەر وزىڭە جاقسىلىقتى قالاساڭ وسىلاردى ىستە، اللا تاعالانىڭ رۇقساتىندا جەمىسىن كورەتىن بولاسىڭ ءارى اقىرىڭدا جاقسى بولماق، اللا تاعالا ءىس-ارەكەت قىلعانداردى، ەڭبەكتەنگەندەردى جاقسى كورەدى، سۇيەدى، ولارعا جاردەم بەرەدى. اللا تاعالا كۇنى بويى قۇران وقىپ جات، ەش ءىس-ارەكەت قىلما دەگەن جوق، ول قۇراندا «ءىس-حارەكەت جاساڭدار، اللا تاعالا ىستەگەندەرىڭدى كورەتىن بولادى.» (قۇران 09:105) دەيدى، جۇمىس قىل، حارەكەت جاسا، اللا تاعالا ونى كورەتىن بولادى، جاقسىلىققا جۇمىس جاسا، ىزگىلىككە قىزمەت قىل. اللا تاعالا بارشامىزدى جاقسىلىقپەن ىزگىلىك ىشىندە ەتسىن، سوعان جەتكىزسىن، ينشاللا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=139