You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=140
Өз жұмысыңды өзің істе (2021.10.20)

Қасиетті пайғамбарымыз әрбір жақсы мінезге йе болушы, тіпті оның қызметшісі болсада, ол өз жұмыстарын өзі істеуді ұнататын, ешкімді әурелегісі келмейтін, ол өзінің дүниелік істері үшін басқаларды жұмыс еткізуді мүлдем қаламайтын еді, бірақ пайғамбарымыз алла тағаланың жолында, алла тағаланың ризалығы үшін ислам дініне қызмет етуді қалайтын.

Бұнда көптеген мысалдар бар, мәселен пайғамбарымыз киімінің жыртығын өзі жамайтын. Науауи мешітін жасағанда тастарды өзі көтеріп алып келетін еді, ал сахабалар кесек кесетін әрі олар пайғамбарымызға ештеңе істемей дем алуын, бар шаруаны өздері бітіретінін айтатын, бірақ пайғамбарымыз бұған құлақ салмай «менде сендер сияқтымын, сендер шаршағандай, менде алла тағаланың ризалығы үшін жұмыс істегім келеді.» деуші еді.

Сәйдіна Салман Фарси қазіреті бұрын бір еврейдің құлы еді, оны пайғамбарымыз еркіндікке шығарып босатпақшы болғанда, оның йесі ақысына өте көп алтын сұрайды және көптеген құрма ағашын егуді талап етеді, ол сонымен бірге «бұл еккен құрмалар жеміс берсін, содан барып Салман Фарсиды құлдықтан босатамын» деген шарыт қояды. Ал мүбәрак пайғамбарымыз болса еврей шонжарының бұл талабына қосылады, қазірет Салман Фарсида оны қабыл етеді, олар бұзуға келмейтін келісім жасасады. Еврей құрма ағашы жеміс беруге әлі көп жылдар бар деп ойлайды, шынында да солай, оның жеміс беруіне 10-15 жыл кететін. Пайғамбарымыз өзінің қасиетті қолдарымен шұңқыр қазып, сахабалармен бірге құрманы еге бастайды, құрманың дәнін өз қолымен салады, дәл сол ұқсас жылы пайғамбарымыздың мұғжизасымен еккен құрма ағаштары құрма жемісін бере бастайды, келісім бойынша құл йесі адамды босатуы керек болатын, Салман Фарси қазіреті осылайша еркіндікке шығады.

Қасиетті пайғамбарымыз біздер үшін жақсы үлгі, келісті өнеге болмақ. Өз істерімізді өзіміз істегеніміз өзімізге жақсы, оған бола басқаларды әурелеме, бұндай әдет саған игіліктер алып келмек яғни өз қолыңмен істеген істерің өзіңе көптеген берекелерді ала келеді, сондықтан өз шаруаңды өзің істе, оны бұл дүние үшін емес, бірақ пайғамбарымыздың жолына ілесу, сүннетіне еру үшін қылда, өз жұмысыңды өзің атқар.

Шүбәсіз түрде бұның адамдарға пайдасы көп, әсіресе басқаларды міндеттірмеу пайғамбарымыздың сүннеттерінен болып табылады, ешкімді әурелеме, өзің шамаң келетін істерді өзің істегенің абзал, бұның денеңе және руханиятыңа пайдасы мол болмақ. Алла тағала біздерге жәрдем бергей, басымызға қиындықтар салмағай, алла тағала бізге қол-аяқ берді, күш-қуат, көз-құлақ силады, ол бізге бәрін берді. Біз осыларға шүкіршілік етуге тиістіміз, олардың әрбірін істеткенімізде де шүкіршілік жасалық. Түріктерде «ө тәңірім қол-аяғымды байлай көрме.» деген қанатты сөз бар, бұнда айтпағы «қол-аяқ тәнімізді сау етегөр.» дегені еді.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

ءوز جۇمىسىڭدى ءوزىڭ ىستە (2021.10.20)

قاسيەتتى پايعامبارىمىز ءاربىر جاقسى مىنەزگە يە بولۋشى، ءتىپتى ونىڭ قىزمەتشىسى بولسادا، ول ءوز جۇمىستارىن ءوزى ىستەۋدى ۇناتاتىن، ەشكىمدى اۋرەلەگىسى كەلمەيتىن، ول ءوزىنىڭ دۇنيەلىك ىستەرى ءۇشىن باسقالاردى جۇمىس ەتكىزۋدى مۇلدەم قالامايتىن ەدى، بىراق پايعامبارىمىز اللا تاعالانىڭ جولىندا، اللا تاعالانىڭ ريزالىعى ءۇشىن يسلام دىنىنە قىزمەت ەتۋدى قالايتىن.

بۇندا كوپتەگەن مىسالدار بار، ماسەلەن پايعامبارىمىز كيىمىنىڭ جىرتىعىن ءوزى جامايتىن. ناۋاۋي مەشىتىن جاساعاندا تاستاردى ءوزى كوتەرىپ الىپ كەلەتىن ەدى، ال ساحابالار كەسەك كەسەتىن ءارى ولار پايعامبارىمىزعا ەشتەڭە ىستەمەي دەم الۋىن، بار شارۋانى وزدەرى بىتىرەتىنىن ايتاتىن، بىراق پايعامبارىمىز بۇعان قۇلاق سالماي «مەندە سەندەر سياقتىمىن، سەندەر شارشاعانداي، مەندە اللا تاعالانىڭ ريزالىعى ءۇشىن جۇمىس ىستەگىم كەلەدى.» دەۋشى ەدى.

ءسايدىنا سالمان فارسي قازىرەتى بۇرىن ءبىر ەۆرەيدىڭ قۇلى ەدى، ونى پايعامبارىمىز ەركىندىككە شىعارىپ بوساتپاقشى بولعاندا، ونىڭ يەسى اقىسىنا وتە كوپ التىن سۇرايدى جانە كوپتەگەن قۇرما اعاشىن ەگۋدى تالاپ ەتەدى، ول سونىمەن بىرگە «بۇل ەككەن قۇرمالار جەمىس بەرسىن، سودان بارىپ سالمان فارسيدى قۇلدىقتان بوساتامىن» دەگەن شارىت قويادى. ال مۇباراك پايعامبارىمىز بولسا ەۆرەي شونجارىنىڭ بۇل تالابىنا قوسىلادى، قازىرەت سالمان فارسيدا ونى قابىل ەتەدى، ولار بۇزۋعا كەلمەيتىن كەلىسىم جاساسادى. ەۆرەي قۇرما اعاشى جەمىس بەرۋگە ءالى كوپ جىلدار بار دەپ ويلايدى، شىنىندا دا سولاي، ونىڭ جەمىس بەرۋىنە 10-15 جىل كەتەتىن. پايعامبارىمىز ءوزىنىڭ قاسيەتتى قولدارىمەن شۇڭقىر قازىپ، ساحابالارمەن بىرگە قۇرمانى ەگە باستايدى، قۇرمانىڭ ءدانىن ءوز قولىمەن سالادى، ءدال سول ۇقساس جىلى پايعامبارىمىزدىڭ مۇعجيزاسىمەن ەككەن قۇرما اعاشتارى قۇرما جەمىسىن بەرە باستايدى، كەلىسىم بويىنشا قۇل يەسى ادامدى بوساتۋى كەرەك بولاتىن، سالمان فارسي قازىرەتى وسىلايشا ەركىندىككە شىعادى.

قاسيەتتى پايعامبارىمىز بىزدەر ءۇشىن جاقسى ۇلگى، كەلىستى ونەگە بولماق. ءوز ىستەرىمىزدى ءوزىمىز ىستەگەنىمىز وزىمىزگە جاقسى، وعان بولا باسقالاردى اۋرەلەمە، بۇنداي ادەت ساعان يگىلىكتەر الىپ كەلمەك ياعني ءوز قولىڭمەن ىستەگەن ىستەرىڭ وزىڭە كوپتەگەن بەرەكەلەردى الا كەلەدى، سوندىقتان ءوز شارۋاڭدى ءوزىڭ ىستە، ونى بۇل دۇنيە ءۇشىن ەمەس، بىراق پايعامبارىمىزدىڭ جولىنا ىلەسۋ، سۇننەتىنە ەرۋ ءۇشىن قىلدا، ءوز جۇمىسىڭدى ءوزىڭ اتقار.

ءشۇباسىز تۇردە بۇنىڭ ادامدارعا پايداسى كوپ، اسىرەسە باسقالاردى مىندەتتىرمەۋ پايعامبارىمىزدىڭ سۇننەتتەرىنەن بولىپ تابىلادى، ەشكىمدى اۋرەلەمە، ءوزىڭ شاماڭ كەلەتىن ىستەردى ءوزىڭ ىستەگەنىڭ ابزال، بۇنىڭ دەنەڭە جانە رۋحانياتىڭا پايداسى مول بولماق. اللا تاعالا بىزدەرگە جاردەم بەرگەي، باسىمىزعا قيىندىقتار سالماعاي، اللا تاعالا بىزگە قول-اياق بەردى، كۇش-قۋات، كوز-قۇلاق سيلادى، ول بىزگە ءبارىن بەردى. ءبىز وسىلارعا شۇكىرشىلىك ەتۋگە ءتيىستىمىز، ولاردىڭ ءاربىرىن ىستەتكەنىمىزدە دە شۇكىرشىلىك جاسالىق. تۇرىكتەردە «ءو ءتاڭىرىم قول-اياعىمدى بايلاي كورمە.» دەگەن قاناتتى ءسوز بار، بۇندا ايتپاعى «قول-اياق ءتانىمىزدى ساۋ ەتەگور.» دەگەنى ەدى.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=140