You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: қайткенде баланы жақсы тәрбиелеуге болады? (2025.05.12 / Хижра 1446-жыл 14-Зұл Қада)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8219
Сұхбат: қайткенде баланы жақсы тәрбиелеуге болады? (2025.05.12 / Хижра 1446-жыл 14-Зұл Қада)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Türkiye, Cyprus, Lefka-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّمَآ أَمْوَٰلُكُمْ وَأَوْلَـٰدُكُمْ فِتْنَةٌ» (байлығың және балаларың бір сынақ) (құран 64:15), садақал лахул ғазим. Алла Әззә Уә-Жәллә, «байлығыңмен балаларың осы дүниеде сендер үшін бір сынақ» дейді, Алла ﷻ ға олардың Алла ﷻ жолында болуы үшін және сол жолда тұрақты болуы үшін жалынып жалбарыныңыз, дұға етіңіз, оларды жақсылыққа жол болатын жандардан етіп, тәрбиелеп өсіруіңіз керек. Ал тақуа бала адам баласы үшін ең бағалы қазына болмақ, егер бала жақсы болмаса, игілерден болмаса, мына бүкіл дүние сіздікі болса да, сіз үшін бір фатиха сүресін оқитын, сіз үшін назір беріп, сіз үшін садақа шығаратын, игі амал істейтін ешкім болмас, олар сіздің қалған ақша-байлықтарыңызды жаман орындарға істететін болады. Сондықтан, жақсы бала өсіріп шығу мұсылман үшін ең жақсы іс болмақ, ал жақсы-тақуа баланы қалай өсіреміз? оны халал ақшамен өсіресіз, оларды халал табыспен бағыңыз, сіз оларды жақсы дінде, жақсы жолда, иманда, Алла ﷻ махаббатында, пайғамбарымыз махаббатында өсіріңіз, осыларды оларға егіңіз, осыдан нәр алдырыңыз, осыны мықтап орнатыңыз, оны сонау бастан, демек сәби кезден бастаңыз, пайғамбарымыз ﷺ, «сәбидің тілі шыға бастағанда, "Аллаһ, Аллаһ, Аллаһ" деп айтуды үйрет» дейді.

Демек, баланың аузынан ең бірінші шыққан сөзі «Аллаһ» болсын, сонда ол өлерде де, Алла ﷻ құзіретіне кетерде де оның соңғы сөзі осы сөз болар, олар Алла ﷻ дың сүйікті құлдарынан болады, ал олар Алла ﷻ дың сүйікті құлдарынан болса, сіз әлдеқашан жеңіске жеттіңіз, ұтып алдыңыз, бұл сіз үшін осы дүниеде де, ақиретте де жақсы болмақ, ал қазір жұрт балаларын тәрбиелеуге келгенде не істерін білмей, басы айналып жүр. Олар, «баланы тәрбиелеу дегеніміз бала нені қаласа соны беру, оларды жақсы мектепке жіберу, оның алдына дүниенің бар заттарын тізіп қою, үйіп төгу, сонда ол жақсы бала болады» деп ойлайды, бірақ олардың көбі жақсы бала болмай шығады, жақсылары өте аз, дерлік жақсы болмайды, себебі нәпсі ешқашан қанағаттанбайды, оған мейлі не берсеңіз де, ол тағы да сұрайды. Сондықтан, бала тәрбиелеген кезде, айтып өткеніміздей, барлығын бере беру еш жақсылық емес, сіз оған қажетті нәрсені ғана беріңіз, оған үнемшілдікті үйретіңіз, жомарыттықты үйретіңіз, сонымен бірге олар ненің үнемшілдік және ненің жомарттық екендігін білсін, ислам көрсеткен, пайғамбарымыз көрсеткен нәрселер көп-ақ! Сіз қатал да я қатігез де болмауыңыз керек, тым жұмсақ, мүлдем жұмсақ та болмаңыз, оның мәлім шегі бар, онда, «мына жерден мына жерге дейін рұхсат етілген, ал мына жерден мына жерге дейін рұхсат жоқ, бұл өзіңе жақсы болуы үшін еді, осы жерде тоқта» деген сияқты шек-шегара болуы керек.

Балаға, «оны кейін аласың» деген тәрбиені де үйретіңіз, осылай бала қалаған нәрсені сол ұқсас күні бере салмай, оны бір апта я бір айдан соң беріңіз, оған, «мәлім істі жақсылап істеп қой, содан соң оны беремін» деген шарт қойыңыз, ал олар қалағанын сол кезде төте алса, бұл еш жақсылық емес, бұндайда оның құнымен қадірі болмайды, демек бала қадірді білмей өсетін болады. Бұндағы мәнді іс, құнды нәрсе дегеніміз кішкене тосып, сабыр ету болмақ, ал сұраусыз бірдеңені бере салушылықта еш мәнмен қадір-қымбат болмайды, бұл сізге де, оған да еш пайда әкелмейді, сол үшін, исламдық тәрбие аса маңызды, бірақ қазіргі адамдар ислами тәрбие, ислами жолмен өсіруден жырақтап кетті, одан соң олар келіп, «біздің баламыз неге бұлай болып кетті?» деп сұрайды. Кейде адамдар тым қатаң келеді, өте-өте қатаңдық қылады, бірақ бұл осызамандағы адамдар үшін мүлдем жақсы емес, оларға үйлеспейді, себебі егер сіз қазіргі адамдарға қатты келсеңіз, олар сынып кетеді, оны көтере алмайды, содан оларды қайта таба алмай қаласыз, Алла ﷻ сіздерге жақсылық әкелгей. Жұрт «менің қызым жаулық-хижабын алып тастапты, ол тіпті құран хафизы еді, ашық-шашық жүрмейтін, тақуа киіммен жүретін, шадор (кимешек) киетін, ол былай киінетін еді» деген сияқты өкіншті сөздерді айтып жатады, себебі сіз оны оған күшпен кигіздіңіз, сондықтан, ол орай тапқанда оны тастап кетті.

Сол үшін бұндай ұшқарылыққа баспаңыз, тым қатты кетпеңіз, ортасында болыңыз, пайғамбарымыз ﷺ, «كونوا أمة وسطى» (орта жолды үмбет бол) дейді, демек ол орта хәлде болуы керек, сонда бала өзі оларды бір жақтылы ете алады, ол жақсының не екендігін біледі, жаманның не екендігін де біледі, ол барлығын қадірлей білетін болады. Сондықтан, Алла ﷻ бізді панасына алғай, біз расында мына дүниенің ең жаман болған дәуірінің бірінде яғни ақырзаманда өмір сүріп жатырмыз, балалар жақсы өсірілуі керек және олар өздерінің не үшін жаралғандығын білуі керек, кейбір адамдар, «ол анамызбен акеміздің қателігі, сендер не үшін мені мына дүниеге әкелдіңдер?» дейді. Бірақ ол анаңыздың я әкеңіздің я дүниенің ісі емес, егер бүкіл барлығы қарсы келсе де, сіз осы дүниеге келетін боласыз, себебі денеңізге рухыңыздың кіруі Алла Әззә Уә-Жәлләның қалауынан, ол мәңгіліктен бұрынғы іс. Сонымен бірге біз жастармен балаларды ата-аналарына жаман мәміледе болмауға, оларға жақсы қарауға шақырамыз, дүниеге келуің олардың қателігі емес, ешкімнің қателігі емес, сіз бұл дүниеге Алла ﷻ дың қалауымен келдіңіз. Сіз оларға алғыс айтыңыз, сонда Алла ﷻ қалағаныңызды беретін болады, сіз осылай жақсы мұсылман және Алла ﷻ ға сүйікті құл боласыз. Алла ﷻ барлығымызды панасына алғай, шайтан батыста я шығыста болсын, әр жерде жастарға қатты шабуыл жасауда, бүкіл дүниеде солай, жастар шайтанның ойыншығы болды, Алла ﷻ оларға жәрдем еткей, иншалла, Алла ﷻ оларды қорғағай және сақтағай.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami




سۇحبات: قايتكەندە بالانى جاقسى تاربيەلەۋگە بولادى؟ (2025.05.12 / حيجرا 1446-جىل 14-زۇل قادا)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Türkiye، Cyprus، Lefka-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إِنَّمَآ أَمْوَٰلُكُمْ وَأَوْلَـٰدُكُمْ فِتْنَةٌ» (بايلىعىڭ جانە بالالارىڭ ءبىر سىناق) (قۇران 64:15)، ساداقال لاحۋل عازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «بايلىعىڭمەن بالالارىڭ وسى دۇنيەدە سەندەر ءۇشىن ءبىر سىناق» دەيدى، اللا ﷻ عا ولاردىڭ اللا ﷻ جولىندا بولۋى ءۇشىن جانە سول جولدا تۇراقتى بولۋى ءۇشىن جالىنىپ جالبارىنىڭىز، دۇعا ەتىڭىز، ولاردى جاقسىلىققا جول بولاتىن جانداردان ەتىپ، تاربيەلەپ ءوسىرۋىڭىز كەرەك. ال تاقۋا بالا ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ باعالى قازىنا بولماق، ەگەر بالا جاقسى بولماسا، يگىلەردەن بولماسا، مىنا بۇكىل دۇنيە سىزدىكى بولسا دا، ءسىز ءۇشىن ءبىر فاتيحا سۇرەسىن وقيتىن، ءسىز ءۇشىن ءنازىر بەرىپ، ءسىز ءۇشىن ساداقا شىعاراتىن، يگى امال ىستەيتىن ەشكىم بولماس، ولار ءسىزدىڭ قالعان اقشا-بايلىقتارىڭىزدى جامان ورىندارعا ىستەتەتىن بولادى. سوندىقتان، جاقسى بالا ءوسىرىپ شىعۋ مۇسىلمان ءۇشىن ەڭ جاقسى ءىس بولماق، ال جاقسى-تاقۋا بالانى قالاي وسىرەمىز؟ ونى حالال اقشامەن وسىرەسىز، ولاردى حالال تابىسپەن باعىڭىز، ءسىز ولاردى جاقسى دىندە، جاقسى جولدا، يماندا، اللا ﷻ ماحابباتىندا، پايعامبارىمىز ماحابباتىندا ءوسىرىڭىز، وسىلاردى ولارعا ەگىڭىز، وسىدان ءنار الدىرىڭىز، وسىنى مىقتاپ ورناتىڭىز، ونى سوناۋ باستان، دەمەك ءسابي كەزدەن باستاڭىز، پايعامبارىمىز ﷺ، «ءسابيدىڭ ءتىلى شىعا باستاعاندا، "اللاھ، اللاھ، اللاھ" دەپ ايتۋدى ۇيرەت» دەيدى.

دەمەك، بالانىڭ اۋزىنان ەڭ ءبىرىنشى شىققان ءسوزى «اللاھ» بولسىن، سوندا ول ولەردە دە، اللا ﷻ قۇزىرەتىنە كەتەردە دە ونىڭ سوڭعى ءسوزى وسى ءسوز بولار، ولار اللا ﷻ دىڭ سۇيىكتى قۇلدارىنان بولادى، ال ولار اللا ﷻ دىڭ سۇيىكتى قۇلدارىنان بولسا، ءسىز الدەقاشان جەڭىسكە جەتتىڭىز، ۇتىپ الدىڭىز، بۇل ءسىز ءۇشىن وسى دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە جاقسى بولماق، ال ءقازىر جۇرت بالالارىن تاربيەلەۋگە كەلگەندە نە ىستەرىن بىلمەي، باسى اينالىپ ءجۇر. ولار، «بالانى تاربيەلەۋ دەگەنىمىز بالا نەنى قالاسا سونى بەرۋ، ولاردى جاقسى مەكتەپكە جىبەرۋ، ونىڭ الدىنا دۇنيەنىڭ بار زاتتارىن ءتىزىپ قويۋ، ءۇيىپ توگۋ، سوندا ول جاقسى بالا بولادى» دەپ ويلايدى، ءبىراق ولاردىڭ كوبى جاقسى بالا بولماي شىعادى، جاقسىلارى وتە از، دەرلىك جاقسى بولمايدى، سەبەبى ءناپسى ەشقاشان قاناعاتتانبايدى، وعان مەيلى نە بەرسەڭىز دە، ول تاعى دا سۇرايدى. سوندىقتان، بالا تاربيەلەگەن كەزدە، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بارلىعىن بەرە بەرۋ ەش جاقسىلىق ەمەس، ءسىز وعان قاجەتتى نارسەنى عانا بەرىڭىز، وعان ۇنەمشىلدىكتى ۇيرەتىڭىز، جومارىتتىقتى ۇيرەتىڭىز، سونىمەن بىرگە ولار نەنىڭ ۇنەمشىلدىك جانە نەنىڭ جومارتتىق ەكەندىگىن ءبىلسىن، يسلام كورسەتكەن، پايعامبارىمىز كورسەتكەن نارسەلەر كوپ-اق! ءسىز قاتال دا يا قاتىگەز دە بولماۋىڭىز كەرەك، تىم جۇمساق، مۇلدەم جۇمساق تا بولماڭىز، ونىڭ ءمالىم شەگى بار، وندا، «مىنا جەردەن مىنا جەرگە دەيىن رۇحسات ەتىلگەن، ال مىنا جەردەن مىنا جەرگە دەيىن رۇحسات جوق، بۇل وزىڭە جاقسى بولۋى ءۇشىن ەدى، وسى جەردە توقتا» دەگەن سياقتى شەك-شەگارا بولۋى كەرەك.

بالاعا، «ونى كەيىن الاسىڭ» دەگەن تاربيەنى دە ۇيرەتىڭىز، وسىلاي بالا قالاعان نارسەنى سول ۇقساس كۇنى بەرە سالماي، ونى ءبىر اپتا يا ءبىر ايدان سوڭ بەرىڭىز، وعان، «ءمالىم ءىستى جاقسىلاپ ىستەپ قوي، سودان سوڭ ونى بەرەمىن» دەگەن شارت قويىڭىز، ال ولار قالاعانىن سول كەزدە توتە السا، بۇل ەش جاقسىلىق ەمەس، بۇندايدا ونىڭ قۇنىمەن ءقادىرى بولمايدى، دەمەك بالا ءقادىردى بىلمەي وسەتىن بولادى. بۇنداعى ءماندى ءىس، قۇندى نارسە دەگەنىمىز كىشكەنە توسىپ، سابىر ەتۋ بولماق، ال سۇراۋسىز بىردەڭەنى بەرە سالۋشىلىقتا ەش مانمەن ءقادىر-قىمبات بولمايدى، بۇل سىزگە دە، وعان دا ەش پايدا اكەلمەيدى، سول ءۇشىن، يسلامدىق تاربيە اسا ماڭىزدى، ءبىراق قازىرگى ادامدار يسلامي تاربيە، يسلامي جولمەن وسىرۋدەن جىراقتاپ كەتتى، ودان سوڭ ولار كەلىپ، «ءبىزدىڭ بالامىز نەگە بۇلاي بولىپ كەتتى؟» دەپ سۇرايدى. كەيدە ادامدار تىم قاتاڭ كەلەدى، وتە-وتە قاتاڭدىق قىلادى، ءبىراق بۇل وسىزامانداعى ادامدار ءۇشىن مۇلدەم جاقسى ەمەس، ولارعا ۇيلەسپەيدى، سەبەبى ەگەر ءسىز قازىرگى ادامدارعا قاتتى كەلسەڭىز، ولار سىنىپ كەتەدى، ونى كوتەرە المايدى، سودان ولاردى قايتا تابا الماي قالاسىز، اللا ﷻ سىزدەرگە جاقسىلىق اكەلگەي. جۇرت «مەنىڭ قىزىم جاۋلىق-حيجابىن الىپ تاستاپتى، ول ءتىپتى قۇران حافيزى ەدى، اشىق-شاشىق جۇرمەيتىن، تاقۋا كيىممەن جۇرەتىن، شادور (كيمەشەك) كيەتىن، ول بىلاي كيىنەتىن ەدى» دەگەن سياقتى وكىنشتى سوزدەردى ايتىپ جاتادى، سەبەبى ءسىز ونى وعان كۇشپەن كيگىزدىڭىز، سوندىقتان، ول وراي تاپقاندا ونى تاستاپ كەتتى.

سول ءۇشىن بۇنداي ۇشقارىلىققا باسپاڭىز، تىم قاتتى كەتپەڭىز، ورتاسىندا بولىڭىز، پايعامبارىمىز ﷺ، «كونوا أمة وسطى» (ورتا جولدى ۇمبەت بول) دەيدى، دەمەك ول ورتا حالدە بولۋى كەرەك، سوندا بالا ءوزى ولاردى ءبىر جاقتىلى ەتە الادى، ول جاقسىنىڭ نە ەكەندىگىن بىلەدى، جاماننىڭ نە ەكەندىگىن دە بىلەدى، ول بارلىعىن قادىرلەي بىلەتىن بولادى. سوندىقتان، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ءبىز راسىندا مىنا دۇنيەنىڭ ەڭ جامان بولعان ءداۋىرىنىڭ بىرىندە ياعني اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، بالالار جاقسى ءوسىرىلۋى كەرەك جانە ولار وزدەرىنىڭ نە ءۇشىن جارالعاندىعىن ءبىلۋى كەرەك، كەيبىر ادامدار، «ول انامىزبەن اكەمىزدىڭ قاتەلىگى، سەندەر نە ءۇشىن مەنى مىنا دۇنيەگە اكەلدىڭدەر؟» دەيدى. ءبىراق ول اناڭىزدىڭ يا اكەڭىزدىڭ يا دۇنيەنىڭ ءىسى ەمەس، ەگەر بۇكىل بارلىعى قارسى كەلسە دە، ءسىز وسى دۇنيەگە كەلەتىن بولاسىز، سەبەبى دەنەڭىزگە رۋحىڭىزدىڭ كىرۋى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قالاۋىنان، ول ماڭگىلىكتەن بۇرىنعى ءىس. سونىمەن بىرگە ءبىز جاستارمەن بالالاردى اتا-انالارىنا جامان مامىلەدە بولماۋعا، ولارعا جاقسى قاراۋعا شاقىرامىز، دۇنيەگە كەلۋىڭ ولاردىڭ قاتەلىگى ەمەس، ەشكىمنىڭ قاتەلىگى ەمەس، ءسىز بۇل دۇنيەگە اللا ﷻ دىڭ قالاۋىمەن كەلدىڭىز. ءسىز ولارعا العىس ايتىڭىز، سوندا اللا ﷻ قالاعانىڭىزدى بەرەتىن بولادى، ءسىز وسىلاي جاقسى مۇسىلمان جانە اللا ﷻ عا سۇيىكتى قۇل بولاسىز. اللا ﷻ بارلىعىمىزدى پاناسىنا العاي، شايتان باتىستا يا شىعىستا بولسىن، ءار جەردە جاستارعا قاتتى شابۋىل جاساۋدا، بۇكىل دۇنيەدە سولاي، جاستار شايتاننىڭ ويىنشىعى بولدى، اللا ﷻ ولارعا جاردەم ەتكەي، ينشاللا، اللا ﷻ ولاردى قورعاعاي جانە ساقتاعاي.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8219