ӘУЛИЕНІ МАЗАҚ ЕТЕМ ДЕП, КӘПІР БОЛЫП КЕТКЕН ҒҰЛАМА

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8220
ӘУЛИЕНІ МАЗАҚ ЕТЕМ ДЕП, КӘПІР БОЛЫП КЕТКЕН ҒҰЛАМА
бағдаттық әйгілі әулие абдул қадір ғейлани хазіретпен түркістандық қожа Ахмет яссауи хазірет замандас дос болды. Ол екеуі жас кезінде сол дәуірдегі ең әйгілі әулие Юсуф Хамадани хазіреттен бата алмақ болып жолға шықты. Оларға асқан білімді ғұламалар да ере барды, олардың ішінде біліміне сеніп тәкаппарланған бағдаттық бір ғұлама, 'мен ол әулиелеріңнен мына сұрақты сұраймын, ол жауап бере алмайды' деп мысқылдады. Ал ғұламаның бір досы оған байқап сөйлеуді ескертті, ол қоймады, әулиеге зор құрметсіздік көрсетті, Алла бұны әулиеге білдірді. Ал екі хазірет, 'бізде еш сұрақ жоқ, біз тек Хаманади әулиенің батасын алсақ болды, сол жетеді' десті. Ал олар жеткенде, Юсуф Хамадани хазірет манағы ғұламаны шақырып, 'сенің сұрағың мынау, жауабы мынау, Алла саған ашуланама деп қорқам' дейді, ал ғұлама оның ішіндегі сұрағын айтқызбастан айтып, жауап бергеніне қатты таңғалды және шошып кетті. Хамадани хазірет әбдул-қадір хазіретпен қожа Ахмет яссауи хазіретке батасын беріп, берекеге бөлейді, ықласын төгеді. Ол екеуі кейін дүниеге әйгілі әулиелер болды. Юсуф Хамадани хазірет жалали әулие еді, демек кім оған құрметсіздік етсе, Алла оған ашуланып иманын алып кетеді, оны қарғайды. Манағы ғұлама, 'түк болмайды' деп, елдеріне қайытты, кейін оларға рум христан патшадан елші келді, ал манағы ғұлама олармен бірге христан еліне мәлім шаруаға жіберілді. Ал онда барғанда, оның көзі патшаның зинадан туған қызына түсіп, басы айналды, өлермен ғашық болды, бермесең өлем деді. Ал патша оған, 'сен онда исламнан шық, христан бол' деді, ол дереу мақұл болды, кәпір болды, қызды алды. Бір күні Алла оған өте жаман ауру жіберді, оның бүкіл денесі іріңдеп, қарауға мүмкін болмады, одан дәреттен сасық иіс шықты. Патша шыдамай оны қыздан ажыратып, басқа қаланың көшесіне апартып тастады, ол көше бағып, қайыршы болды, көрген елдің бәрі одан қашты. Ол қаңғырып сан жылда бағдатқа әзер жетті, бағдат көшелерінде қаңғып жүрді, қол аяғы тырысып, бүрісіп, тым бейшара біреу болды. Бірде оның Хамадани хазіретке бірге барған ескертуші досы бір бейшара адамның көшеде қыбыла жаққа қарап, намаз оқымақшы болса, бұрылып қайта-қайта теріс отырып алатынын көрді. Ол жүгіріп келіп қараса, бұл бейшара адамның баяғыда әулиеге тіл тигізген ғұлама екендігін таниды, ол оған қатты жаны ашып кетеді, оның басын қыбылаға бұрады, ол тағы да өздігінен теріс бағытқа келіп алады. Сол кезде осындай жаман хәлде қалған ғұлама бұл досына, 'менің бұл хәлде қалуым әлгі әулиеге тіл тигізуімнен болды, қап әттең, маған өкініш болсын' деп өкінеді. Ол қыбылаға қарай алмайтын болып қалған, әулиенің киесі ату деген осындай болады. Юсуф Хамадани хазірет оны қарғамады, ештеңе етпеді, бірақ Алла оның әулиені мазақ еткеніне ашуланып, оған Өзі соғыс ашты, қарғысын жіберді. Алла әулиелерін жамали және жалали екі түрлі жаратады, жамали әулие дегені жұмсағы, ал жалали дегені қаһарлы әулие. Кім жалали әулиеге тіл тигізссе, Алла оған қарғыс жібереді, содан оның өмірі, иманы, діні жақсы болмайды, тіпті Алла оның иманын әкетуі мүмкін.
اۋليەنى مازاق ەتەم دەپ، كاپىر بولىپ كەتكەن عۇلاما
باعداتتىق ايگىلى اۋليە ابدۋل ءقادىر عەيلاني حازىرەتپەن تۇركىستاندىق قوجا احمەت ياسساۋي حازىرەت زامانداس دوس بولدى. ول ەكەۋى جاس كەزىندە سول داۋىردەگى ەڭ ايگىلى اۋليە يۋسۋف حاماداني حازىرەتتەن باتا الماق بولىپ جولعا شىقتى. ولارعا اسقان ءبىلىمدى عۇلامالار دا ەرە باردى، ولاردىڭ ىشىندە بىلىمىنە سەنىپ تاكاپپارلانعان باعداتتىق ءبىر عۇلاما، 'مەن ول اۋليەلەرىڭنەن مىنا سۇراقتى سۇرايمىن، ول جاۋاپ بەرە المايدى' دەپ مىسقىلدادى. ال عۇلامانىڭ ءبىر دوسى وعان بايقاپ سويلەۋدى ەسكەرتتى، ول قويمادى، اۋليەگە زور قۇرمەتسىزدىك كورسەتتى، اللا بۇنى اۋليەگە ءبىلدىردى. ال ەكى حازىرەت، 'بىزدە ەش سۇراق جوق، ءبىز تەك حامانادي اۋليەنىڭ باتاسىن الساق بولدى، سول جەتەدى' دەستى. ال ولار جەتكەندە، يۋسۋف حاماداني حازىرەت ماناعى عۇلامانى شاقىرىپ، 'سەنىڭ سۇراعىڭ مىناۋ، جاۋابى مىناۋ، اللا ساعان اشۋلاناما دەپ قورقام' دەيدى، ال عۇلاما ونىڭ ىشىندەگى سۇراعىن ايتقىزباستان ايتىپ، جاۋاپ بەرگەنىنە قاتتى تاڭعالدى جانە شوشىپ كەتتى. حاماداني حازىرەت ءابدۋل-ءقادىر حازىرەتپەن قوجا احمەت ياسساۋي حازىرەتكە باتاسىن بەرىپ، بەرەكەگە بولەيدى، ىقلاسىن توگەدى. ول ەكەۋى كەيىن دۇنيەگە ايگىلى اۋليەلەر بولدى. يۋسۋف حاماداني حازىرەت جالالي اۋليە ەدى، دەمەك كىم وعان قۇرمەتسىزدىك ەتسە، اللا وعان اشۋلانىپ يمانىن الىپ كەتەدى، ونى قارعايدى. ماناعى عۇلاما، 'تۇك بولمايدى' دەپ، ەلدەرىنە قايىتتى، كەيىن ولارعا رۋم حريستان پاتشادان ەلشى كەلدى، ال ماناعى عۇلاما ولارمەن بىرگە حريستان ەلىنە ءمالىم شارۋاعا جىبەرىلدى. ال وندا بارعاندا، ونىڭ كوزى پاتشانىڭ زينادان تۋعان قىزىنا ءتۇسىپ، باسى اينالدى، ولەرمەن عاشىق بولدى، بەرمەسەڭ ولەم دەدى. ال پاتشا وعان، 'سەن وندا يسلامنان شىق، حريستان بول' دەدى، ول دەرەۋ ماقۇل بولدى، كاپىر بولدى، قىزدى الدى. ءبىر كۇنى اللا وعان وتە جامان اۋرۋ جىبەردى، ونىڭ بۇكىل دەنەسى ىرىڭدەپ، قاراۋعا مۇمكىن بولمادى، ودان دارەتتەن ساسىق ءيىس شىقتى. پاتشا شىداماي ونى قىزدان اجىراتىپ، باسقا قالانىڭ كوشەسىنە اپارتىپ تاستادى، ول كوشە باعىپ، قايىرشى بولدى، كورگەن ەلدىڭ ءبارى ودان قاشتى. ول قاڭعىرىپ سان جىلدا باعداتقا ازەر جەتتى، باعدات كوشەلەرىندە قاڭعىپ ءجۇردى، قول اياعى تىرىسىپ، ءبۇرىسىپ، تىم بەيشارا بىرەۋ بولدى. بىردە ونىڭ حاماداني حازىرەتكە بىرگە بارعان ەسكەرتۋشى دوسى ءبىر بەيشارا ادامنىڭ كوشەدە قىبىلا جاققا قاراپ، ناماز وقىماقشى بولسا، بۇرىلىپ قايتا-قايتا تەرىس وتىرىپ الاتىنىن كوردى. ول جۇگىرىپ كەلىپ قاراسا، بۇل بەيشارا ادامنىڭ باياعىدا اۋليەگە ءتىل تيگىزگەن عۇلاما ەكەندىگىن تانيدى، ول وعان قاتتى جانى اشىپ كەتەدى، ونىڭ باسىن قىبىلاعا بۇرادى، ول تاعى دا وزدىگىنەن تەرىس باعىتقا كەلىپ الادى. سول كەزدە وسىنداي جامان حالدە قالعان عۇلاما بۇل دوسىنا، 'مەنىڭ بۇل حالدە قالۋىم الگى اۋليەگە ءتىل تيگىزۋىمنەن بولدى، قاپ اتتەڭ، ماعان وكىنىش بولسىن' دەپ وكىنەدى. ول قىبىلاعا قاراي المايتىن بولىپ قالعان، اۋليەنىڭ كيەسى اتۋ دەگەن وسىنداي بولادى. يۋسۋف حاماداني حازىرەت ونى قارعامادى، ەشتەڭە ەتپەدى، ءبىراق اللا ونىڭ اۋليەنى مازاق ەتكەنىنە اشۋلانىپ، وعان ءوزى سوعىس اشتى، قارعىسىن جىبەردى. اللا اۋليەلەرىن جامالي جانە جالالي ەكى ءتۇرلى جاراتادى، جامالي اۋليە دەگەنى جۇمساعى، ال جالالي دەگەنى قاھارلى اۋليە. كىم جالالي اۋليەگە ءتىل تيگىزسسە، اللا وعان قارعىس جىبەرەدى، سودان ونىڭ ءومىرى، يمانى، ءدىنى جاقسى بولمايدى، ءتىپتى اللا ونىڭ يمانىن اكەتۋى مۇمكىن.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8220