You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: не үшін осы заманды ең сұмдық заман дейміз? (2) (2025.02.09 / Хижра 1446-жыл 10-Шағбан)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8073
Сұхбат: не үшін осы заманды ең сұмдық заман дейміз? (2) (2025.02.09 / Хижра 1446-жыл 10-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(United Kingdom, Sheffield, Madina Masjid-да айтылған сұхбат) Біз бүгін осында келіп қалдық, әлхамдулилла, барлығы сопылық тәриқатқа ерген мұсылман, мүмин, мұсылимат, мүминаттармен кездесудеміз, олардың кейбірі нақшбанд, кейбірі қадири, рифай, бадауи, шисти сопылық тәриқаттары екен, барлығы да «Алла Әззә Уә-Жәлләға баратын» ұқсас істі істеп жатыр, міне бұл Алла Әззә Уә-Жәлләның жолы. Бағана бұндағы имам хазірет «әхлул сүннәнің әулиелері» деп, айтып қалды, иә, әхлул сүннәның сыртында қалған әулие болмас, анығы сол, барлық әулиелер әхлул сүннәдан, басқаша болмас, басқалар оларды қабыл етпеді, пайғамбарымыз ﷺ ды қабыл етпеді, әхлул бәйітті қабыл етпеді, сахабаларды қабыл етпеді, олар осындай істейді, ал бұндай адамдардан әулие шығуы мүмкін емес. Әулиелер, иншалла, расында әхлул сүннә уәл жамағамен болмақ, біреулер, «мына әулие сахабаға сенбейді екен» деп, жар салады, бұлай болмайды, көп кездерде біз осындай айтып жүргендерді көріп жүреміз, себебі манағындай адамдарда әулие жоқ, оған бір мысал бар, солардың бірі бейрұтта еді. Бір кездері бейрұтта соғыс болып, бүкіл базарлар өртеніп, қирап жоқ болды, сол кезде мәлім бір ғимараттың астында бір мақам бар болатын, ғимарат бір әрмениянға тәуелді болатын, ал бұл әрмиениян кісі осы мақамның айналасына там соғып, елдің оны көрмеуі үшін қоршап тастаған екен, себебі бұл мақам тұрға жер уақф болғандықтан, адамдар ондағы оның дүкенін тартып алуы мүмкін еді, уақфты ешкім өз мүлкі етіп пайдалануына болмайды, сондықтан ол оны жасырды. Бірақ соғыс болып, қорғандар құлап, бұл мақам бүкіл елге көрініп қалды, ал ол жерді меңгеріп, билеп отырғандар сахабаларды қабыл етпейтін (шиға немесе христан) топтар еді, кейін мыңдаған адамдар ол жерге келіп, айланып, зиярат етіп жүрді, бірақ көп айлар өткен соң, ондағы жұрт бұл мақамның әхлул сүннә уәл жамаға үшін жасалғандығын анықтап шығады, содан соң манағы адамдар лезде жоғалып кетті, олардан ешкім бұл мақамға келмейтін болады.

Міне бұл бір мысал, бірақ осыған қатысыты көптеген мысалдар бар, себебі пайғамбарымыз ﷺ ның жолында болмай тұрып, әхлул сүннә уәл жамаға болу жоқ, демек пайғамбарымыз ﷺ айтып өткендей, әхлул байіттермен оның сүйікті сахабаларын сүймей тұрып, әхлул сүннә уәл жамаға бола алмайсыз, одан сыртта қалғандарға бұл келмейді, олардан әулие шығуы мүмкін емес. Әлхамдулилла, әулиелер әхлул сүннә уәл жамағадан шығады, олар ұқсамайды, көптеген әулиелер бар, барлығында керемет яғни мұғжиза бар, әдетте, біздің нақшбанд сопылық тәриқатында керемет көрсетпейді, олар бұны қаламайды, олар «бұл біздің іс емес» дейді, бірақ басқа сопылық тәриқаттарда, машалла, олар оны көрсетеді, көбі қазірге дейін керемет істетеді. Керемет әулиелер үшін, мұғжиза пайғамбалар үшін, біз осылай айтамыз, міне бұл кереметпен мұғжизаның ұқсамастығы, демек мұғжиза пайғамбарлар үшін болса, керемет тек әулиелер үшін болмақ, солай, біздің жолда біз керемет көрсетпейміз, біз оны қаламаймыз, біз емес, бірақ Сәйдина Шайық Бахаудин Нақшбанд хазірет және басқа барлық әулиелер айтқандарын дәлелдеу үшін керемет көрсетпеген. Бірақ оларға кереметтер олар арқылы олардың сұрауынсыз өзі келіп отырған, себебі жұрт ол кереметтері олардан көрген, олар төте білінген, бірақ сопылық тәриқат имамы Сәйдина Шайық Бахауди Нақышбанд хазірет «біз бұл күшті (кереметті) ақиретке сақтаймыз, оны ақиретте үмбетке шапағат жасаған кезде істетеміз» деп, айтқан еді. Оны бұл дүниеде де істеуге болады, алайда біреу шайыққа келіп, бірдеңе сұраудың жолы мынадай болады. Мәуләнә Шайық Назым хазірет керемет жасау хақында көп уақыттар бойы ерекше ештеңе айтпады, ал адамдар одан өздеріне дұға жасауды сұрайды, ол оны пайғамбарымыз ﷺ ның құрметі үшін сұрайды, бұл келген ер я әйел Алла ﷻ ға сенеді, ол қалаған нәрсесін сұрап келеді, ол ықыласты еді, ал оның осы ықыласы үшін Алла ﷻ оған оны береді, олар сенеді және итиқадпен келеді, әулиелер Алла Әззә Уә-Жәлләның сүйікті құлдары болғандықтан, Алла ﷻ олар арқылы (оңай) қабыл етеді, сондықтан Алла ﷻ бұны қабыл етеді, демек осыбір киелі адамдардың махаббаты үшін Алла ﷻ (дұғаны) қабыл етеді, иншалла.

Мәуләнә Шайық Назым хазіретке сұраусыз-ақ көптеген кереметтер келетін, туылатын еді, оны-бұны айтпастан оған көптеген кереметтер өзі келетін еді, өздері туылатын еді, бұнда, «қане кел, осы жерден секір, саған ештеңе болмайды, сен ондай я бұндай боласың» деген нәрсе жоқ, мүлдем бұндай жоқ, ол тек нәсихат, кеңес, жақсы нәрселер айтатын, ал егер сіз оған құлақ салып, ере білсеңіз, оған жетесіз. Бірақ бұл іс біз құмыраны бояп, онан соң оны суға салып, қайта алған кезде ұқсамай қалғанға ұқсамайтын іс, жоқ, ол олай емес, сіз бірдеңе сұрағанда, оған сенуіңіз керек, ықыласты және сабырлы болуыңыз керек, сұраңыз және сабырлы болыңыз, Алла ﷻ қалаған кезде, ол туылатын болады, иншалла. Міне бұл нақышбанд сопылық тәриқатының жолы, ал басқа сопылық тәриқаттарда оларға керемет жасауға рұхсат бар, адамдар арасында олардың кереметі көп, оларға мәселе жоқ, бірақ нақышбанд сопылық тәриқатында, айтып өткеніміздей, бізге кереметті төтесінен істеуге рұхсат жоқ, бірақ керемет кейде өздігінен болып тұрады, мәселен біреу әулие шайыққа я мәлім мұсылманға жамандық істемекші болса, ол шайықтың кереметімен соққыға ұшырайды, бұл туылады. Бұнда көптеген, сансыз кереметтер бар, біз оны әркүні адамдардан естіп жүреміз, мәселен, Мәуләнә Шайық Назым хазірет 92 жыл өмір сүрді, бірақ оның кереметін естісеңіз, «ол 500 жыл я одан көп жыл өмір сүрген адам ба?» деп қаласыз, олар бізге Мәуләнәның кереметін, өздеріне қалай сөйлегенін айтады, бірақ сіз осындай істің туылуы «мүмкін емес» дерсіз. Міне бұл да білінбейтін кереметтер, олар тек мүминдерге, мұсылмандарға пайдалы болуы үшін туылады. Әлхамдулилла, кім осы жолға ілессе, ол бүкіл дүниеге жақсылық, бақыт-қуаныш және ислам тарататын болады, міне бұл да олар үшін бір үлкен керемет, демек ең үлкен мұғжиза дегеніміз адамдардың жүректеріне иман салу, олар олардың жүректеріне нұрды яғни ислам нұрын салады, ең үлкен керемет міне осы болмақ.

Пайғамбарымыз ﷺ ның сансыз мұғжизалары бар, бірақ ең үлкен мұғжизасы құран, құранды қарамаққа жасау оңай көрінеді, бірақ Алла Әззә Уә-Жәллә «егер бүкіл дүние, бүкіл әлем, адам, жын я басқа жаратылыстар барлығы жиналса да олар құранның бір сөйлемін жасай алмайды» дейді, пайғамбарымыз ﷺ нан соң көптеген адамдар келіп, өздерінің пайғамбар екендігін жәриялады, олар да бірдеңе жасады, бірақ адамдар оларға күлді. Себебі ол кезде қазіргі сауди арабия жеріндегі яғни хижаз өңіріндегі немесе сол жерлердегі адамдар сөзге өте шешен болған, олар сөзді өте жақсы сөйлейтін және ақын болатын, өлеңдетіп жүретін жұрт еді, бірақ олардың барлығы құран әзиму-шәнға таңғалды, тіпті кәпірлер меккедегі пайғамбарымыз ﷺ ға келетін, әрине ол кезде төк яғни электір жоқ, олар пайғамбарымыз ﷺ ға яғни дарул арқамға келіп, құран еститін еді, ол оларды магнит сияқты тартатын және олар оған қатты қуанушы еді. Себебі олар өлең-жырды жақсы көретін, олар «мынау мынаған ұқсайды екен, бірақ біз ол сияқты нәрсе жасай алмаймыз» деп айтатын, сондықтан құран ислам үшін пайғамбарымыз ﷺ нан күллі адамзатқа берілген бір үлкен мұғжиза, ол - жатқан алып мұхиттар, Алла Әззә Уә-Жәллә «оны ешбір қалам немесе сия құранның айтқандарын баяндап жазып бітіре алмайды» дейді.

Бұл бір мұғжиза, ал әулиелердің мұғжизалары да құранға ілеседі және құран арқылы адамдарға нұр береді, ол адамдарда болатын өздерінің жанын дүние үшін сатудай жаман жолдарды алып кетеді, бұл адамдар ақиретін тастады, ақиретін дүние үшін сатты, олар «біз пайғамбарымыз» деп, жар салды, өздерінің исламнан шыққан жаңа нәрселер екендігін айтты, олар «сендер исламды білмейсіңдер, біз исламды жаңалауымыз керек, оны осызамандандыруымыз керек, модернизатсиялау керек, біз мына хадисты, мына аятты алып тастайық» деді. Сондықтан ислам үшін, мұсылмандар үшін ең үлкен қорғаушылар Алла ﷻ қорғаны астында болған әулиелер болды, әулиелер, әлхамдулилла, адамдардың білмейтіні сол, әр заманда 124000 әулие бар, ал пайғамбарлардың жалпы саны да 124000, ал әр пайғамбар үшін мына дүниеде бір әулие бар, олар тірі. Егер олардың біреуі қайтыс болса, оның орнына тағы біреуі келеді, себебі оларда міндет бар, ал пайғамбарымыз ﷺ «بِهِم تُمْطَرُون، بِهِم تُرْزَقُون ، بِهِم تُنْصَرُون» (жауын олармен жауады, риздық олармен жіберіледі, жеңіс олармен келеді) дейді, демек жауын, риздық, жеңіс олардың берекесімен, олардың себебімен келеді, пайғамбарымыз ﷺ «Алланың адамымен (рижалул-аллаһ), әулиелермен, демек солардың себебімен, олар арқылы Алла ﷻ жауын, риздық және жеңіс жібереді» деп айтуда.

Сондықтан, ол бос нәрсе емес, Алла Әззә Уә-Жәллә мына дүниені тек шайтанмен олардың ерушілеріне қалдырып қойған жоқ, сіздер тынбай әрдайым соғысып жатысыздар, жихат жасаудасыздар, олар жихатта, жихад дегеніміз сіздің өз нәпсіңізге жихат жасау болмақ, ал жихадул нәпісміз болса, жихадул әкбар яғни үлкен жихат болмақ, бұл аса маңызды, себебі қазір бізде өте үлкен соғыстар болып жатыр, олар қарусыз жүргізілуде, бірақ олар қарулы соғыстан да жаман соғыс. Сондықтан, біз өз нәпсімізді меңгеру жолындағы, осыбір бұзақы адамдарға ілеспеу жолындағы, олардан таяқ жемеу жолындағы жихатта жүрміз, сіз тайсалмай мықты тұруыңыз керек, балалар, кәрі я жас болсын, барлығы да солай болуы керек. Біз әркүні адамды көңілсіз ететін әңгімелерді естіп жатамыз, жастардың емес, бірақ кәрілердің өз нәпсісіне ілесіп, адам істеуден ұялатын істерді істегенін естиміз, сондықтан кім өзін меңгере алса, ол жихатта жүр және ол мұжахиттың сауабын алады, иншалла. Бірінші іс, сіз нәпсіңізді өлтіріңіз, адам өлтірмеңіз, адамдардан бұрын сізге ең үлкен дұшпан өз нәпсіңіз-дүр, ол адамдардан үлкен, егер сіз нәпсіңізді өлтіре алсаңыз, басқалар сізге ештеңе істей алмайды, ештеңе сізге әсер етпейді, біздің соғыс міне осы, бұл соғыс қарумен болмайды, бірақ өзіңіздегі қуатты ирада, ерік жігер арқылы болады, демек біз ирадамызды берік етелік, нәпсіге ермелік, оған бір минут та ермелік, нәпсіңізге мүлдем ермеңіз. Әр жолы сіз берік тұрып, нәпсіңізге шабуыл жасауыңыз керек, оны нәпсіңіз өлгенше, демек нәпсіңіз, «жақсы, мен естідім» деп шырылдағанша, оған соғыс жасаңыз, бірақ сонда да нәпсіңізге ешқашан сенуші болмаңыз, себебі сіз бір сәт артқа бұрыла қалсаңыз, нәпсіңіз бірдемде оянып, қайта тіріледі әрі арқаңызға мініп, сізді оңдырмай ұратын болады, иншалла, әулиелердің және машайықтардың берекесімен, олардың нәсихатын есту арқылы, сіз әрдайым нәпсіңізге алданып қалмауға дайын тұрасыз, иншалла.

Алла ﷻ бізге жәрдем еткей, біз расында сұмдық заманда өмір сүрудеміз, оны не үшін сұмдық заман дейміз? бізде барлығы бар, машина бар, ұшақ бар, ал ертедегі адамдар ұшақпен ұшпаған, оны істей алмаған, бізде тамақ та өте мол, машалла, тамақтың көптігі соншалық, адамдардың барлығы тырсыиып семіріп алған, барлығы артық салмақпен жүр, бірақ сүйте тұра, бұл заман неге қитұрқы заман болып отыр? ол сұмдық, себебі бұл кезде әрқандай харамды табу өте оңай, харам істеу өте оңай, оларды көздің қиығында, саусақтың ұшында лезде істеуге болады, ол адам ойлап жеткісіз оңай, бір секондтта бір бүкіл харам атаулыны таба аласыз және оны істей аласыз. Сондықтан, айтып өткеніміздей, осы кез ең сұмдық заман болып отыр, ертеде бұндайды таба алмайсыз, істей алмайсыз, ол кезде жамандық істеу үшін тысқа шығып, іздеу керек, сұрау керек, ал қазір сұрау еш керек емес, демек қазір бір минутта харамның барлығына жетуге болады, олар өте қолжетімді етіліп қойылған, сол үшін біз осы заманды сұмдық заман, қиын заман дейміз. Алла ﷻ бізді осы заманнан сақтағай, иншалла, Алла ﷻ кәрі, жас, бала-шаға барлығын құтқарғай, иншалла, бізді де құтқарғай, иншалла, «біз имамбыз, молдамыз, шайықпыз, біз мынаумыз» демеңіздер, біздің барлығымыздың ішімізде қайнап жатқан нәпсі бар, оның үстіне сіздің қоғамдық орныңыз көтерілген сайын, нәпсіңіз де бірге өсіп, көтеріліп отырады, тіпті де астамсып кетеді, сондықтан, сіз әрдайым аса сақ болыңыз, және әрдайым Алла ﷻ дан өзіңізді нәпсіңізден қауыпсіз етуін сұраңыз, Алла ﷻ дың бізден бірге болуын, бізге нәпсімізді жеңуді нәсіп етуін тынбай сұрап жүріңіз, иншалла. Би-хұрматил хабиб, би-хұрмати сирри сұратул фатихах.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #allah #ораза #туражол #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami




سۇحبات: نە ءۇشىن وسى زاماندى ەڭ سۇمدىق زامان دەيمىز؟ (2) (2025.02.09 / حيجرا 1446-جىل 10-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(United Kingdom، Sheffield، Madina Masjid-دا ايتىلعان سۇحبات) ءبىز بۇگىن وسىندا كەلىپ قالدىق، ءالحامدۋليللا، بارلىعى سوپىلىق ءتاريقاتقا ەرگەن مۇسىلمان، ءمۇمين، مۇسىليمات، مۇميناتتارمەن كەزدەسۋدەمىز، ولاردىڭ كەيبىرى ناقشباند، كەيبىرى قاديري، ريفاي، باداۋي، شيستي سوپىلىق ءتاريقاتتارى ەكەن، بارلىعى دا «اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا باراتىن» ۇقساس ءىستى ىستەپ جاتىر، مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولى. باعانا بۇنداعى يمام حازىرەت «ءاحلۋل ءسۇننانىڭ اۋليەلەرى» دەپ، ايتىپ قالدى، ءيا، ءاحلۋل ءسۇننانىڭ سىرتىندا قالعان اۋليە بولماس، انىعى سول، بارلىق اۋليەلەر ءاحلۋل ءسۇننادان، باسقاشا بولماس، باسقالار ولاردى قابىل ەتپەدى، پايعامبارىمىز ﷺ دى قابىل ەتپەدى، ءاحلۋل ءبايىتتى قابىل ەتپەدى، ساحابالاردى قابىل ەتپەدى، ولار وسىنداي ىستەيدى، ال بۇنداي ادامداردان اۋليە شىعۋى مۇمكىن ەمەس. اۋليەلەر، ينشاللا، راسىندا ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعامەن بولماق، بىرەۋلەر، «مىنا اۋليە ساحاباعا سەنبەيدى ەكەن» دەپ، جار سالادى، بۇلاي بولمايدى، كوپ كەزدەردە ءبىز وسىنداي ايتىپ جۇرگەندەردى كورىپ جۇرەمىز، سەبەبى ماناعىنداي ادامداردا اۋليە جوق، وعان ءبىر مىسال بار، سولاردىڭ ءبىرى بەيرۇتتا ەدى. ءبىر كەزدەرى بەيرۇتتا سوعىس بولىپ، بۇكىل بازارلار ورتەنىپ، قيراپ جوق بولدى، سول كەزدە ءمالىم ءبىر عيماراتتىڭ استىندا ءبىر ماقام بار بولاتىن، عيمارات ءبىر ارمەنيانعا تاۋەلدى بولاتىن، ال بۇل ارميەنيان كىسى وسى ماقامنىڭ اينالاسىنا تام سوعىپ، ەلدىڭ ونى كورمەۋى ءۇشىن قورشاپ تاستاعان ەكەن، سەبەبى بۇل ماقام تۇرعا جەر ۋاقف بولعاندىقتان، ادامدار ونداعى ونىڭ دۇكەنىن تارتىپ الۋى مۇمكىن ەدى، ۋاقفتى ەشكىم ءوز مۇلكى ەتىپ پايدالانۋىنا بولمايدى، سوندىقتان ول ونى جاسىردى. ءبىراق سوعىس بولىپ، قورعاندار قۇلاپ، بۇل ماقام بۇكىل ەلگە كورىنىپ قالدى، ال ول جەردى مەڭگەرىپ، بيلەپ وتىرعاندار ساحابالاردى قابىل ەتپەيتىن (شيعا نەمەسە حريستان) توپتار ەدى، كەيىن مىڭداعان ادامدار ول جەرگە كەلىپ، ايلانىپ، زيارات ەتىپ ءجۇردى، ءبىراق كوپ ايلار وتكەن سوڭ، ونداعى جۇرت بۇل ماقامنىڭ ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعا ءۇشىن جاسالعاندىعىن انىقتاپ شىعادى، سودان سوڭ ماناعى ادامدار لەزدە جوعالىپ كەتتى، ولاردان ەشكىم بۇل ماقامعا كەلمەيتىن بولادى.

مىنە بۇل ءبىر مىسال، ءبىراق وسىعان قاتىسىتى كوپتەگەن مىسالدار بار، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولىندا بولماي تۇرىپ، ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعا بولۋ جوق، دەمەك پايعامبارىمىز ﷺ ايتىپ وتكەندەي، ءاحلۋل بايىتتەرمەن ونىڭ سۇيىكتى ساحابالارىن سۇيمەي تۇرىپ، ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعا بولا المايسىز، ودان سىرتتا قالعاندارعا بۇل كەلمەيدى، ولاردان اۋليە شىعۋى مۇمكىن ەمەس. ءالحامدۋليللا، اۋليەلەر ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعادان شىعادى، ولار ۇقسامايدى، كوپتەگەن اۋليەلەر بار، بارلىعىندا كەرەمەت ياعني مۇعجيزا بار، ادەتتە، ءبىزدىڭ ناقشباند سوپىلىق ءتاريقاتىندا كەرەمەت كورسەتپەيدى، ولار بۇنى قالامايدى، ولار «بۇل ءبىزدىڭ ءىس ەمەس» دەيدى، ءبىراق باسقا سوپىلىق ءتاريقاتتاردا، ماشاللا، ولار ونى كورسەتەدى، كوبى قازىرگە دەيىن كەرەمەت ىستەتەدى. كەرەمەت اۋليەلەر ءۇشىن، مۇعجيزا پايعامبالار ءۇشىن، ءبىز وسىلاي ايتامىز، مىنە بۇل كەرەمەتپەن مۇعجيزانىڭ ۇقساماستىعى، دەمەك مۇعجيزا پايعامبارلار ءۇشىن بولسا، كەرەمەت تەك اۋليەلەر ءۇشىن بولماق، سولاي، ءبىزدىڭ جولدا ءبىز كەرەمەت كورسەتپەيمىز، ءبىز ونى قالامايمىز، ءبىز ەمەس، ءبىراق ءسايدينا شايىق باحاۋدين ناقشباند حازىرەت جانە باسقا بارلىق اۋليەلەر ايتقاندارىن دالەلدەۋ ءۇشىن كەرەمەت كورسەتپەگەن. ءبىراق ولارعا كەرەمەتتەر ولار ارقىلى ولاردىڭ سۇراۋىنسىز ءوزى كەلىپ وتىرعان، سەبەبى جۇرت ول كەرەمەتتەرى ولاردان كورگەن، ولار توتە بىلىنگەن، ءبىراق سوپىلىق ءتاريقات يمامى ءسايدينا شايىق باحاۋدي ناقىشباند حازىرەت «ءبىز بۇل كۇشتى (كەرەمەتتى) اقيرەتكە ساقتايمىز، ونى اقيرەتتە ۇمبەتكە شاپاعات جاساعان كەزدە ىستەتەمىز» دەپ، ايتقان ەدى. ونى بۇل دۇنيەدە دە ىستەۋگە بولادى، الايدا بىرەۋ شايىققا كەلىپ، بىردەڭە سۇراۋدىڭ جولى مىناداي بولادى. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت كەرەمەت جاساۋ حاقىندا كوپ ۋاقىتتار بويى ەرەكشە ەشتەڭە ايتپادى، ال ادامدار ودان وزدەرىنە دۇعا جاساۋدى سۇرايدى، ول ونى پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ قۇرمەتى ءۇشىن سۇرايدى، بۇل كەلگەن ەر يا ايەل اللا ﷻ عا سەنەدى، ول قالاعان نارسەسىن سۇراپ كەلەدى، ول ىقىلاستى ەدى، ال ونىڭ وسى ىقىلاسى ءۇشىن اللا ﷻ وعان ونى بەرەدى، ولار سەنەدى جانە يتيقادپەن كەلەدى، اۋليەلەر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ سۇيىكتى قۇلدارى بولعاندىقتان، اللا ﷻ ولار ارقىلى (وڭاي) قابىل ەتەدى، سوندىقتان اللا ﷻ بۇنى قابىل ەتەدى، دەمەك ءوسىبىر كيەلى ادامداردىڭ ماحابباتى ءۇشىن اللا ﷻ (دۇعانى) قابىل ەتەدى، ينشاللا.

ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتكە سۇراۋسىز-اق كوپتەگەن كەرەمەتتەر كەلەتىن، تۋىلاتىن ەدى، ونى-بۇنى ايتپاستان وعان كوپتەگەن كەرەمەتتەر ءوزى كەلەتىن ەدى، وزدەرى تۋىلاتىن ەدى، بۇندا، «قانە كەل، وسى جەردەن سەكىر، ساعان ەشتەڭە بولمايدى، سەن ونداي يا بۇنداي بولاسىڭ» دەگەن نارسە جوق، مۇلدەم بۇنداي جوق، ول تەك ءناسيحات، كەڭەس، جاقسى نارسەلەر ايتاتىن، ال ەگەر ءسىز وعان قۇلاق سالىپ، ەرە بىلسەڭىز، وعان جەتەسىز. ءبىراق بۇل ءىس ءبىز قۇمىرانى بوياپ، ونان سوڭ ونى سۋعا سالىپ، قايتا العان كەزدە ۇقساماي قالعانعا ۇقسامايتىن ءىس، جوق، ول ولاي ەمەس، ءسىز بىردەڭە سۇراعاندا، وعان سەنۋىڭىز كەرەك، ىقىلاستى جانە سابىرلى بولۋىڭىز كەرەك، سۇراڭىز جانە سابىرلى بولىڭىز، اللا ﷻ قالاعان كەزدە، ول تۋىلاتىن بولادى، ينشاللا. مىنە بۇل ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ جولى، ال باسقا سوپىلىق ءتاريقاتتاردا ولارعا كەرەمەت جاساۋعا رۇحسات بار، ادامدار اراسىندا ولاردىڭ كەرەمەتى كوپ، ولارعا ماسەلە جوق، ءبىراق ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىندا، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بىزگە كەرەمەتتى توتەسىنەن ىستەۋگە رۇحسات جوق، ءبىراق كەرەمەت كەيدە وزدىگىنەن بولىپ تۇرادى، ماسەلەن بىرەۋ اۋليە شايىققا يا ءمالىم مۇسىلمانعا جاماندىق ىستەمەكشى بولسا، ول شايىقتىڭ كەرەمەتىمەن سوققىعا ۇشىرايدى، بۇل تۋىلادى. بۇندا كوپتەگەن، سانسىز كەرەمەتتەر بار، ءبىز ونى اركۇنى ادامداردان ەستىپ جۇرەمىز، ماسەلەن، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت 92 جىل ءومىر ءسۇردى، ءبىراق ونىڭ كەرەمەتىن ەستىسەڭىز، «ول 500 جىل يا ودان كوپ جىل ءومىر سۇرگەن ادام با؟» دەپ قالاسىز، ولار بىزگە ءماۋلانانىڭ كەرەمەتىن، وزدەرىنە قالاي سويلەگەنىن ايتادى، ءبىراق ءسىز وسىنداي ءىستىڭ تۋىلۋى «مۇمكىن ەمەس» دەرسىز. مىنە بۇل دا بىلىنبەيتىن كەرەمەتتەر، ولار تەك مۇميندەرگە، مۇسىلماندارعا پايدالى بولۋى ءۇشىن تۋىلادى. ءالحامدۋليللا، كىم وسى جولعا ىلەسسە، ول بۇكىل دۇنيەگە جاقسىلىق، باقىت-قۋانىش جانە يسلام تاراتاتىن بولادى، مىنە بۇل دا ولار ءۇشىن ءبىر ۇلكەن كەرەمەت، دەمەك ەڭ ۇلكەن مۇعجيزا دەگەنىمىز ادامداردىڭ جۇرەكتەرىنە يمان سالۋ، ولار ولاردىڭ جۇرەكتەرىنە نۇردى ياعني يسلام نۇرىن سالادى، ەڭ ۇلكەن كەرەمەت مىنە وسى بولماق.

پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ سانسىز مۇعجيزالارى بار، ءبىراق ەڭ ۇلكەن مۇعجيزاسى قۇران، قۇراندى قاراماققا جاساۋ وڭاي كورىنەدى، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «ەگەر بۇكىل دۇنيە، بۇكىل الەم، ادام، جىن يا باسقا جاراتىلىستار بارلىعى جينالسا دا ولار قۇراننىڭ ءبىر سويلەمىن جاساي المايدى» دەيدى، پايعامبارىمىز ﷺ نان سوڭ كوپتەگەن ادامدار كەلىپ، وزدەرىنىڭ پايعامبار ەكەندىگىن ءجاريالادى، ولار دا بىردەڭە جاسادى، ءبىراق ادامدار ولارعا كۇلدى. سەبەبى ول كەزدە قازىرگى ساۋدي ارابيا جەرىندەگى ياعني حيجاز وڭىرىندەگى نەمەسە سول جەرلەردەگى ادامدار سوزگە وتە شەشەن بولعان، ولار ءسوزدى وتە جاقسى سويلەيتىن جانە اقىن بولاتىن، ولەڭدەتىپ جۇرەتىن جۇرت ەدى، ءبىراق ولاردىڭ بارلىعى قۇران ءازيمۋ-ءشانعا تاڭعالدى، ءتىپتى كاپىرلەر مەككەدەگى پايعامبارىمىز ﷺ عا كەلەتىن، ارينە ول كەزدە توك ياعني ەلەكتىر جوق، ولار پايعامبارىمىز ﷺ عا ياعني دارۋل ارقامعا كەلىپ، قۇران ەستيتىن ەدى، ول ولاردى ماگنيت سياقتى تارتاتىن جانە ولار وعان قاتتى قۋانۋشى ەدى. سەبەبى ولار ولەڭ-جىردى جاقسى كورەتىن، ولار «مىناۋ مىناعان ۇقسايدى ەكەن، ءبىراق ءبىز ول سياقتى نارسە جاساي المايمىز» دەپ ايتاتىن، سوندىقتان قۇران يسلام ءۇشىن پايعامبارىمىز ﷺ نان كۇللى ادامزاتقا بەرىلگەن ءبىر ۇلكەن مۇعجيزا، ول - جاتقان الىپ مۇحيتتار، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا «ونى ەشبىر قالام نەمەسە سيا قۇراننىڭ ايتقاندارىن بايانداپ جازىپ بىتىرە المايدى» دەيدى.

بۇل ءبىر مۇعجيزا، ال اۋليەلەردىڭ مۇعجيزالارى دا قۇرانعا ىلەسەدى جانە قۇران ارقىلى ادامدارعا نۇر بەرەدى، ول ادامداردا بولاتىن وزدەرىنىڭ جانىن دۇنيە ءۇشىن ساتۋداي جامان جولداردى الىپ كەتەدى، بۇل ادامدار اقيرەتىن تاستادى، اقيرەتىن دۇنيە ءۇشىن ساتتى، ولار «ءبىز پايعامبارىمىز» دەپ، جار سالدى، وزدەرىنىڭ يسلامنان شىققان جاڭا نارسەلەر ەكەندىگىن ايتتى، ولار «سەندەر يسلامدى بىلمەيسىڭدەر، ءبىز يسلامدى جاڭالاۋىمىز كەرەك، ونى وسىزامانداندىرۋىمىز كەرەك، مودەرنيزاتسيالاۋ كەرەك، ءبىز مىنا حاديستى، مىنا اياتتى الىپ تاستايىق» دەدى. سوندىقتان يسلام ءۇشىن، مۇسىلماندار ءۇشىن ەڭ ۇلكەن قورعاۋشىلار اللا ﷻ قورعانى استىندا بولعان اۋليەلەر بولدى، اۋليەلەر، ءالحامدۋليللا، ادامداردىڭ بىلمەيتىنى سول، ءار زاماندا 124000 اۋليە بار، ال پايعامبارلاردىڭ جالپى سانى دا 124000، ال ءار پايعامبار ءۇشىن مىنا دۇنيەدە ءبىر اۋليە بار، ولار ءتىرى. ەگەر ولاردىڭ بىرەۋى قايتىس بولسا، ونىڭ ورنىنا تاعى بىرەۋى كەلەدى، سەبەبى ولاردا مىندەت بار، ال پايعامبارىمىز ﷺ «بِهِم تُمْطَرُون، بِهِم تُرْزَقُون ، بِهِم تُنْصَرُون» (جاۋىن ولارمەن جاۋادى، ريزدىق ولارمەن جىبەرىلەدى، جەڭىس ولارمەن كەلەدى) دەيدى، دەمەك جاۋىن، ريزدىق، جەڭىس ولاردىڭ بەرەكەسىمەن، ولاردىڭ سەبەبىمەن كەلەدى، پايعامبارىمىز ﷺ «اللانىڭ ادامىمەن (ريجالۋل-اللاھ)، اۋليەلەرمەن، دەمەك سولاردىڭ سەبەبىمەن، ولار ارقىلى اللا ﷻ جاۋىن، ريزدىق جانە جەڭىس جىبەرەدى» دەپ ايتۋدا.

سوندىقتان، ول بوس نارسە ەمەس، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مىنا دۇنيەنى تەك شايتانمەن ولاردىڭ ەرۋشىلەرىنە قالدىرىپ قويعان جوق، سىزدەر تىنباي ءاردايىم سوعىسىپ جاتىسىزدار، جيحات جاساۋداسىزدار، ولار جيحاتتا، جيحاد دەگەنىمىز ءسىزدىڭ ءوز ناپسىڭىزگە جيحات جاساۋ بولماق، ال جيحادۋل ءناپىسمىز بولسا، جيحادۋل اكبار ياعني ۇلكەن جيحات بولماق، بۇل اسا ماڭىزدى، سەبەبى ءقازىر بىزدە وتە ۇلكەن سوعىستار بولىپ جاتىر، ولار قارۋسىز جۇرگىزىلۋدە، ءبىراق ولار قارۋلى سوعىستان دا جامان سوعىس. سوندىقتان، ءبىز ءوز ءناپسىمىزدى مەڭگەرۋ جولىنداعى، ءوسىبىر بۇزاقى ادامدارعا ىلەسپەۋ جولىنداعى، ولاردان تاياق جەمەۋ جولىنداعى جيحاتتا ءجۇرمىز، ءسىز تايسالماي مىقتى تۇرۋىڭىز كەرەك، بالالار، كارى يا جاس بولسىن، بارلىعى دا سولاي بولۋى كەرەك. ءبىز اركۇنى ادامدى كوڭىلسىز ەتەتىن اڭگىمەلەردى ەستىپ جاتامىز، جاستاردىڭ ەمەس، ءبىراق كارىلەردىڭ ءوز ناپسىسىنە ىلەسىپ، ادام ىستەۋدەن ۇيالاتىن ىستەردى ىستەگەنىن ەستيمىز، سوندىقتان كىم ءوزىن مەڭگەرە السا، ول جيحاتتا ءجۇر جانە ول مۇجاحيتتىڭ ساۋابىن الادى، ينشاللا. ءبىرىنشى ءىس، ءسىز ءناپسىڭىزدى ءولتىرىڭىز، ادام ولتىرمەڭىز، ادامداردان بۇرىن سىزگە ەڭ ۇلكەن دۇشپان ءوز ءناپسىڭىز-ءدۇر، ول ادامداردان ۇلكەن، ەگەر ءسىز ءناپسىڭىزدى ولتىرە الساڭىز، باسقالار سىزگە ەشتەڭە ىستەي المايدى، ەشتەڭە سىزگە اسەر ەتپەيدى، ءبىزدىڭ سوعىس مىنە وسى، بۇل سوعىس قارۋمەن بولمايدى، ءبىراق وزىڭىزدەگى قۋاتتى يرادا، ەرىك جىگەر ارقىلى بولادى، دەمەك ءبىز يرادامىزدى بەرىك ەتەلىك، ناپسىگە ەرمەلىك، وعان ءبىر مينۋت تا ەرمەلىك، ناپسىڭىزگە مۇلدەم ەرمەڭىز. ءار جولى ءسىز بەرىك تۇرىپ، ناپسىڭىزگە شابۋىل جاساۋىڭىز كەرەك، ونى ءناپسىڭىز ولگەنشە، دەمەك ءناپسىڭىز، «جاقسى، مەن ەستىدىم» دەپ شىرىلداعانشا، وعان سوعىس جاساڭىز، ءبىراق سوندا دا ناپسىڭىزگە ەشقاشان سەنۋشى بولماڭىز، سەبەبى ءسىز ءبىر ءسات ارتقا بۇرىلا قالساڭىز، ءناپسىڭىز بىردەمدە ويانىپ، قايتا تىرىلەدى ءارى ارقاڭىزعا ءمىنىپ، ءسىزدى وڭدىرماي ۇراتىن بولادى، ينشاللا، اۋليەلەردىڭ جانە ماشايىقتاردىڭ بەرەكەسىمەن، ولاردىڭ ءناسيحاتىن ەستۋ ارقىلى، ءسىز ءاردايىم ناپسىڭىزگە الدانىپ قالماۋعا دايىن تۇراسىز، ينشاللا.

اللا ﷻ بىزگە جاردەم ەتكەي، ءبىز راسىندا سۇمدىق زاماندا ءومىر سۇرۋدەمىز، ونى نە ءۇشىن سۇمدىق زامان دەيمىز؟ بىزدە بارلىعى بار، ماشينا بار، ۇشاق بار، ال ەرتەدەگى ادامدار ۇشاقپەن ۇشپاعان، ونى ىستەي الماعان، بىزدە تاماق تا وتە مول، ماشاللا، تاماقتىڭ كوپتىگى سونشالىق، ادامداردىڭ بارلىعى تىرسىيىپ سەمىرىپ العان، بارلىعى ارتىق سالماقپەن ءجۇر، ءبىراق سۇيتە تۇرا، بۇل زامان نەگە قيتۇرقى زامان بولىپ وتىر؟ ول سۇمدىق، سەبەبى بۇل كەزدە ءارقانداي حارامدى تابۋ وتە وڭاي، حارام ىستەۋ وتە وڭاي، ولاردى كوزدىڭ قيىعىندا، ساۋساقتىڭ ۇشىندا لەزدە ىستەۋگە بولادى، ول ادام ويلاپ جەتكىسىز وڭاي، ءبىر سەكوندتتا ءبىر بۇكىل حارام اتاۋلىنى تابا الاسىز جانە ونى ىستەي الاسىز. سوندىقتان، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، وسى كەز ەڭ سۇمدىق زامان بولىپ وتىر، ەرتەدە بۇندايدى تابا المايسىز، ىستەي المايسىز، ول كەزدە جاماندىق ىستەۋ ءۇشىن تىسقا شىعىپ، ىزدەۋ كەرەك، سۇراۋ كەرەك، ال ءقازىر سۇراۋ ەش كەرەك ەمەس، دەمەك ءقازىر ءبىر مينۋتتا حارامنىڭ بارلىعىنا جەتۋگە بولادى، ولار وتە قولجەتىمدى ەتىلىپ قويىلعان، سول ءۇشىن ءبىز وسى زاماندى سۇمدىق زامان، قيىن زامان دەيمىز. اللا ﷻ ءبىزدى وسى زاماننان ساقتاعاي، ينشاللا، اللا ﷻ كارى، جاس، بالا-شاعا بارلىعىن قۇتقارعاي، ينشاللا، ءبىزدى دە قۇتقارعاي، ينشاللا، «ءبىز يمامبىز، مولدامىز، شايىقپىز، ءبىز مىناۋمىز» دەمەڭىزدەر، ءبىزدىڭ بارلىعىمىزدىڭ ىشىمىزدە قايناپ جاتقان ءناپسى بار، ونىڭ ۇستىنە ءسىزدىڭ قوعامدىق ورنىڭىز كوتەرىلگەن سايىن، ءناپسىڭىز دە بىرگە ءوسىپ، كوتەرىلىپ وتىرادى، ءتىپتى دە استامسىپ كەتەدى، سوندىقتان، ءسىز ءاردايىم اسا ساق بولىڭىز، جانە ءاردايىم اللا ﷻ دان ءوزىڭىزدى ناپسىڭىزدەن ءقاۋىپسىز ەتۋىن سۇراڭىز، اللا ﷻ دىڭ بىزدەن بىرگە بولۋىن، بىزگە ءناپسىمىزدى جەڭۋدى ءناسىپ ەتۋىن تىنباي سۇراپ ءجۇرىڭىز، ينشاللا. بي-حۇرماتيل حابيب، بي-حۇرماتي سيرري سۇراتۋل فاتيحاح.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #allah #ورازا #تۋراجول #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8073