ЗЕКЕТ БЕРСЕҢІЗ, ОНАН АРМАН БАЙЫЙ БЕРЕСІЗ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8072
ЗЕКЕТ БЕРСЕҢІЗ, ОНАН АРМАН БАЙЫЙ БЕРЕСІЗ
сіздің байылығыңыздағы зекет сіздің ақыңыз емес, ол сізге тән емес, ол Алламен кедейлердің сіздегі ақысы, ол сіздегі аманат, оны Алла осылай еткен, сондықтан зекет бермеу елдің хақысын жеуге, ұрлық істеуге, аманатқа қиянат етуге жатады, ол сізге 100 пайыз харам. Зекет сізге мүлік емес, бірақ аса улы нәрсе, ол отбасы, бала-шағаның иманын ұрлайды, құтын қашырады. Біреудің зекет беруге шамасы келе тұра зекет бермесе, бұл осы адамның Алла қарғысына ұшыраған, тәлейсіз жан екендігін білдіреді, бұндай адам өзіне зұлымдық жасайды, ол өлгенде оның байлықтары жаман балаларының немесе жаман адамдардың қолына түсіп, ақшалары тынбай харамға жұмсалып тұрады, міне осылай, ол адам көрде жатып-ақ қалған байлығының күнәларын жинай береді. Ал зекет байлықты тазартады, бойды жеңілдетіп, жүректі кеңітеді, жан-тән саулығын береді, береке әкеледі. Адамдар 'зекет берсек, кедейлесеміз' деп, ойлайды, жоқ, мүлдем керісінше, зекетпен адам кедейлеспейді, бірақ байый береді, байығыңыз келсе, зекет беріңіз. Кей адам зекет 'берем-берем' деп жүріп, бере алмай кетеді, ал бұл бейшаралық нәпсінің сараңдығынан келеді. Зекет 1.5 пайыз ғана, адамдар Алла белгілеген осы зекеттен қашады, ал осыған орай, қазіргі кезде олардың соры қайнап, 30-40 пайыз салық тапсыратын болған, тіпті ақш-европа елдерінде 80 пайызға дейін салық тапсырады. Олар соншама көп салықты ай сайын тапсырады, ал зекетті жылына бір тапсырасыз. Зекет бере алмау нәпсіміздің сараңдығынан келеді, зекетті еш ойланбастан беріңіз, егер мұсылмандар нәпсілерін жеңіп, зекетін бере алса, жерде кедей адам қалмайды.
- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ МЕХМЕТ ХАЗІРЕТ
زەكەت بەرسەڭىز، ونان ارمان بايىي بەرەسىز
ءسىزدىڭ بايىلىعىڭىزداعى زەكەت ءسىزدىڭ اقىڭىز ەمەس، ول سىزگە ءتان ەمەس، ول اللامەن كەدەيلەردىڭ سىزدەگى اقىسى، ول سىزدەگى امانات، ونى اللا وسىلاي ەتكەن، سوندىقتان زەكەت بەرمەۋ ەلدىڭ حاقىسىن جەۋگە، ۇرلىق ىستەۋگە، اماناتقا قيانات ەتۋگە جاتادى، ول سىزگە 100 پايىز حارام. زەكەت سىزگە مۇلىك ەمەس، ءبىراق اسا ۋلى نارسە، ول وتباسى، بالا-شاعانىڭ يمانىن ۇرلايدى، قۇتىن قاشىرادى. بىرەۋدىڭ زەكەت بەرۋگە شاماسى كەلە تۇرا زەكەت بەرمەسە، بۇل وسى ادامنىڭ اللا قارعىسىنا ۇشىراعان، تالەيسىز جان ەكەندىگىن بىلدىرەدى، بۇنداي ادام وزىنە زۇلىمدىق جاسايدى، ول ولگەندە ونىڭ بايلىقتارى جامان بالالارىنىڭ نەمەسە جامان ادامداردىڭ قولىنا ءتۇسىپ، اقشالارى تىنباي حارامعا جۇمسالىپ تۇرادى، مىنە وسىلاي، ول ادام كوردە جاتىپ-اق قالعان بايلىعىنىڭ كۇنالارىن جيناي بەرەدى. ال زەكەت بايلىقتى تازارتادى، بويدى جەڭىلدەتىپ، جۇرەكتى كەڭىتەدى، جان-ءتان ساۋلىعىن بەرەدى، بەرەكە اكەلەدى. ادامدار 'زەكەت بەرسەك، كەدەيلەسەمىز' دەپ، ويلايدى، جوق، مۇلدەم كەرىسىنشە، زەكەتپەن ادام كەدەيلەسپەيدى، ءبىراق بايىي بەرەدى، بايىعىڭىز كەلسە، زەكەت بەرىڭىز. كەي ادام زەكەت 'بەرەم-بەرەم' دەپ ءجۇرىپ، بەرە الماي كەتەدى، ال بۇل بەيشارالىق ءناپسىنىڭ ساراڭدىعىنان كەلەدى. زەكەت 1.5 پايىز عانا، ادامدار اللا بەلگىلەگەن وسى زەكەتتەن قاشادى، ال وسىعان وراي، قازىرگى كەزدە ولاردىڭ سورى قايناپ، 30-40 پايىز سالىق تاپسىراتىن بولعان، ءتىپتى اقش-ەۆروپا ەلدەرىندە 80 پايىزعا دەيىن سالىق تاپسىرادى. ولار سونشاما كوپ سالىقتى اي سايىن تاپسىرادى، ال زەكەتتى جىلىنا ءبىر تاپسىراسىز. زەكەت بەرە الماۋ ءناپسىمىزدىڭ ساراڭدىعىنان كەلەدى، زەكەتتى ەش ويلانباستان بەرىڭىز، ەگەر مۇسىلماندار ناپسىلەرىن جەڭىپ، زەكەتىن بەرە السا، جەردە كەدەي ادام قالمايدى.
- ءماۋلانا شايىق مەحمەت حازىرەت
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8072