You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: әр күні садақа беріп, жамандық, кесір, бәле-қаладан сақтаныңыз (2025.01.22 / Хижра 1446-жыл 22-Ражаб)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8044
Сұхбат: әр күні садақа беріп, жамандық, кесір, бәле-қаладан сақтаныңыз (2025.01.22 / Хижра 1446-жыл 22-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Türkiye, Cyprus, Lefke-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бізге «الصَّدَقَةُ تَرُدّ الْبَلَاءَ وَتَزِيدُ الْعُمر» (садақа бәлені кетіріп, өмірді ұзартады) дейді, ау кама қал. Садақа аса маңызды, адам денесінде 360 бөлім (орган) бар, қозғалатын бөлімдері, саусақтары, аяқ, мойын дегендей, демек бүкіл денеде жалпы 360 сүйек бар, ал сіз осылардың әрбіріне садақа беруіңіз керек, ол осылай дер. Сахабалар одан «егер біз кедей болсақ, қайтеміз, бұны істей алмаймызба?» деп сұрайды, ол «онда, жерден тасты, лас нәрсені, кедергіні, қоқысты теріп жібер, егер жолдағы тасты алсаңдар да, ол садақа болмақ» дейді, садақа болуы үшін ол сөзсіз ақша болуы керек деген нәрсе жоқ, әрбір жақсы іс садақа есептелінеді. Аллаға алғыс ретінде әр адам әр күні өз денелері үшін садақа беруі керек, оны манағындай істеуге де болады, пайғамбарымыз ﷺ «тіпті бүтін құрма болмай, жарты құрма болса да, оны садақа етіп бер» дейді, ол кезде кедейлік көп еді, ол «бір құрманың жартысын жеп, тағы бір жартысын садақаға бер, ол сені тозақтың отынан қорғайды» дейді, міне осы маңызды.

Адамдар садақа бергісі келмейді, демек олардың нәпсілерді оны қаламайды, олар «садақа беру қиын» деп ойлайды, әсіресе ақшаға тым құнығып, ашкөз болып кеткен адамдар үшін тіпті де солай болмақ, олар оны нәпсілері үшін істейді. Титтей шамадағы садақа болса да, ол адамдарды аса зор бәле-қала, кесапат және бақытсыздықтардан сақтайды, ол тосын уақиғалардан, шырғалаңдардан және апаттардан аулақ етіп, өмірді ұзартады, пайғамбарымыз осылай дер. Міне пайғамбарымыз ﷺ нан адам балаларына айтылған аса маңызды және өте тамаша кеңес, садақа адамдарға парыз емес, ол міндетті емес, бірақ ол маңызды, мұсылмандар «біз неге садақа береміз? мен зекет бердім» дейді, бірақ олардың зекет бергені бір кәдік, ал олар садақаны мүлдем бергісі келмейді, алайда олар еш пайдасы жоқ істерге тонналаған ақшаларын жұмсайды, бос нәрселерге көп шашады, сонда да осы шашқандарының мыңнан бір бөлігін де садақаға бергісі келмейді.

Садақа өте маңызды амал, садақа шырғалаңнан, тосын бәледен және апаттан сақтайды, адамдарды залалдан қорғайды, егер адамдар оның пайдасын білсе, олар әркүні байлығының жартысын садақаға бергісі келер еді. Садақа сондай маңызды, ол пайғамбарымыз ﷺ ның өз үмбетіне айтып кеткен асыл кеңесі, сараң, қолы тар адам болмаңыз, сараңдық жақсы нәрсе емес, Алла ﷻ оны жақсы көрмейді, Ол сараң, шық бермес шығайбай, қолы тар адамдарды мүлдем ұнатпайды, бірақ Ол жомарт адамдарды жақсы көреді, Алла ﷻ дың алдында сараң намазханнан көрі жомарт күнәкар көбірек қабыл етіледі. Сондықтан өз пайдаңыз үшін іс қылып, садақаны елеусіз қалдырмаңыз, оны әр күні беріңіз, кейбір адамдар «мен оны әр апта сайын беремін» дер, бірақ бұл дұрыс емес, әр күні берілетін садақа ұқсамайды, пайғамбарымыз осылай дейді, әр күні күн шыққанда, сол күннің тек өзіне тән ерекше садақасы болады, ол осылай дер.

Ал садақа беру үшін сіз әр күні таңертең көшеге шығып, қайыршы немесе кедей адамдарды іздеуіңіз керек пе? жоқ, олай етпейсіз, үйіңізге бір садақа қобдиша немесе садақа дорба дайындайсыз да, оған әр күнгі садақаны оған салып отырасыз, ал ол толған кезде оны қалаған жеріңізге беруіңізге болады, оны міне осылай бересіз. Оны беру үшін әр күні көшеден я сырттан біреуді іздеу қажетсіз, әр күнгі күнделікті садақаңыз осылай беріледі, демек сіз әр күнгі садақаны сол дорбаға салып отырасыз, егер қажетті болса, метал ақшаға я басқа қолайлы жолдармен оны ауыстырып тұруыңызға болады, үлкен соммаға парша ақшаны ауыстырып, беруге қолайлы етсеңіз болады. Себебі кейбір қарапайым санадағы адамдар «садақаны салған соң, оған ешқашан тиісуге болмайды» деп ойлайды, жоқ, олай емес, демек қажетті болса, паршаларын алып, оны үлкен соммаға ауыстрып, қайта салсаңыз, оны жалғасты салуға қолайлы етсеңіз бола береді. Одан ешбір залал жоқ, маңыздысы садақаның сонда беріліп тұруы болмақ, садақа сізге аса пайдалы, адамдар сақтандыру серіктіктеріне сақтандыру ақшасын төлейді емеспе, сол сияқты күнделікті садақа сіздің әр күнгі сақтандыруыңыз болмақ.

Ең жақсы сақтандыру садақа болмақ, әр адам өзінің әр күнгі сақтандыруын беріп тұруы керек, иншалла, Алла ﷻ бізді солардан еткей ... айтып өткеніміздей, садақа беруде көп игілік бар, оны сол араға салып тұрыңыз. Алла ﷻ бізді шырғалаңнан, апаттан, бәле-қаладан сақтағай, біз ақырзаманда өмір сүріп жатқандықтан, бізге не болары, не туылары беймәлім, сондықтан әр күнгі садақаңызды беріп, есендікте жүріңіз, ал садақаны «Алла ﷻ ризалығы үшін, бүгінгі садақаны кедей-мұхтаж, бас-көз, бала-шаға және отбасым үшін салдым» деген ниетпен саласыз, осыны айтыңыз, Алла ﷻ сізді пайғамбарымыз ﷺ ның құрметі үшін сізді қорғайтын болады. Егер сіз оны, оның осыбір мүбәрак сөздеріне сеніп орындайтын болсаңыз, сол күні тыныштықта боласыз, иншалла, Алла ﷻ баршамызды панасында еткей. Пайғамбарымыз ﷺ адамдарды қайырымдылық беруге ынталандыруда, оны исламда «садақа» деп атайды, исламда садақаның көптеген түрлері бар, зекет деген нәрсе бар, ол мұсылмандар үшін міндет-дүр, егер оларда жеткілікті ақша болса, олар зекет беруі керек, бұл бір парыз, бірақ садақа парыз емес, алайда ол өте маңызды нәрсе, ол адамдар үшін, мұсылмандар үшін өте маңызды, себебі пайғамбарымыз ﷺ «біздің денемізде саусағымыз сияқты әрбірі 4 я 5 бөлімнен тұратын 360 мүше бар, олардың жалпы саны 360» дейді.

Пайғамбарымыз ﷺ «әр күні күннің шығуымен сол күнгі садақаңды бер, әр мүшеңе бер» дейді, бірақ әрине, кейбір адамдар «бізде садақа беруге ақша жоқ» дер, ал бұл хақында ол «жол тазала, адамдар үшін жақсы іс істе, бұл да садақа, жолдан тасты алып тастау да садақа, адамдарға жақсы сөз айту да садақа, адамдарға күлімсіреу де садақа» дейді. Демек садақа дегеніміз тек қана ақша емес, оны сіз әркүні беруіңіз керек, сіз манағы істерді садқа ниетімен істесеңіз болады, әр күні сүннет болған дұха және ишырақ намазын оқисыз, бұлар да барлығына жетеді. Бірақ пайғамбарымыз ﷺ біздің есендігіміз үшін, денеміз үшін, тозақ отынан сақтануымыз үшін бізге садақа беру керектігін айтады, осылар үшін сіз садақа беруіңіз керек, ол да осылай дер. Тіпті жарты құрма, бір құрма болса да садақа беріңіз, бүтін берсеңіз болады, себебі ерте заманда аштық өте ауыр болған, өте кедей адамдар болған, олар жеуге ештеңе таба алмайтын, сондықтан оларға жарты құрма болса да беретін еді. Міне осының өзі сізді тозақтан құтқарады, пайғамбарымыз ﷺ тағы да, «садақа өміріңді ұзартады» дейді, садақа сізді тосын уақиғадан, жаман істерден сақтайды, оның алдын алады, сондықтан бірінші іс зекет беру, одан соң өз амандығыңыз үшін, өзіңіз үшін осы садақаны бейне бір парыз істей көріп істеңіз.

Себебі сіз өзіңізді шырғалаң, тосын іс, бәле-қала, демек кезкелген жаман істерден қорғауыңыз керек, біз қазір ақырзаманда өмір сүріп жатқандықтан бір сағат я бес миноттан соң не болатынын білмейсіз, барлығын білмейсіз, ал осылардан аман болуыңыз үшін, сақтандыру ретінде садақа беріңіз. Әр күні берілетін күнделікті садақа өте аз мөлшерде болады, ол көп емес, кейбір адамдар «ох, мен бір жолда көп садақаны беріп тастағам» дер, бірақ оның жолы бұлай емес, пайғамбарымыз ﷺ «бұл садақа әр күні күн шыққанда беріледі, ол ертесіне дейін күшіне ие» дейді, ал ертесі күн шыққанда оны тағы бересіз, ол осылай әр күні жалғаса береді. Ал бұл садақаны бергенде сыртқа шығып, біреуді тауып, соған беру керекпе? демек оны әр күні тәңертең біреуге беру керекпе? жоқ, олай емес, ол қажетсіз, ол маңызды емес, садақаны үйде салып сақтайсыз, таңертең көшеге шығып кедей адам іздеу маңызды емес, жоқ, бұлай істеу қажетсіз, садақаңызды үйдегі садақа дорбаға салыңыз, кейін ол жиналғанда мұхтажға беруіңізге болады. Алла Әззә Уә-Жәллә бізге осындай орай берген, себебі Ол жомарт адамдарды сүйеді, тіпті олар күнәкар адамдар болса да, оларды сараң намазхан, сараң адамдардан көрі көп жақсы көреді, міне бұл Алла Әззә Уә-Жәллә ұнататын іс, пайғамбарымыз ﷺ да осылай айтар, сондықтан міне бұлар сіздің қауіпсіздігіңіз үшін болмақ.

Адамдар сақтандыру серіктіктеріне мыңдап, милиондап сақтандыру ақшасын беріп жатады, бірақ садақаға келгенде оның мыңнан бірін де бермейді, олар бұны істей алмас, сондықтан бұл маңызды іс, себебі бұл ақшалар немесе басқа нәрселер болсын, олар ақирет үшін, өзіңіз үшін, дүние үшін де болмақ, демек ол сізді осы дүниеде қауіпсіз етеді, ал ақиретте осы берген садақаларыңызға сауаптар беріледі, ақиретте де оның игілігін көресіз, демек садақа бұл дүниеде де, ақиретте де пайда береді. Алла ﷻ бізді есендікте еткей, себебі бір өте қауіпті, сұмдық заманда өмір сүріп жатырмыз, онда барлығы да мүмкін ... ал сіз садақа беріп осылардан аман бола аласыз, әлхамдулиллаһ, біз аман-есен, барып, шығып, келіп жүрміз, әлхамдулиллаһ, оған сенімді болыңыз, себебі пайғамбарымыз ﷺ ең сенімді адам, оның айтқанының барлығы біз үшін ақиқат-дүр, біз оның осы әміріне ілесуге қатты көңіл бөлелік, иншалла.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: ءار كۇنى ساداقا بەرىپ، جاماندىق، كەسىر، بالە-قالادان ساقتانىڭىز (2025.01.22 / حيجرا 1446-جىل 22-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Türkiye، Cyprus، Lefke-دا ايتىلعان سۇحبات) پايعامبارىمىز ﷺ بىزگە «الصَّدَقَةُ تَرُدّ ءالْبَلَاَ وَتَزِيدُ الْعُمر» (ساداقا بالەنى كەتىرىپ، ءومىردى ۇزارتادى) دەيدى، اۋ كاما قال. ساداقا اسا ماڭىزدى، ادام دەنەسىندە 360 ءبولىم (ورگان) بار، قوزعالاتىن بولىمدەرى، ساۋساقتارى، اياق، مويىن دەگەندەي، دەمەك بۇكىل دەنەدە جالپى 360 سۇيەك بار، ال ءسىز وسىلاردىڭ اربىرىنە ساداقا بەرۋىڭىز كەرەك، ول وسىلاي دەر. ساحابالار ودان «ەگەر ءبىز كەدەي بولساق، قايتەمىز، بۇنى ىستەي المايمىزبا؟» دەپ سۇرايدى، ول «وندا، جەردەن تاستى، لاس نارسەنى، كەدەرگىنى، قوقىستى تەرىپ جىبەر، ەگەر جولداعى تاستى الساڭدار دا، ول ساداقا بولماق» دەيدى، ساداقا بولۋى ءۇشىن ول ءسوزسىز اقشا بولۋى كەرەك دەگەن نارسە جوق، ءاربىر جاقسى ءىس ساداقا ەسەپتەلىنەدى. اللاعا العىس رەتىندە ءار ادام ءار كۇنى ءوز دەنەلەرى ءۇشىن ساداقا بەرۋى كەرەك، ونى ماناعىنداي ىستەۋگە دە بولادى، پايعامبارىمىز ﷺ «ءتىپتى ءبۇتىن قۇرما بولماي، جارتى قۇرما بولسا دا، ونى ساداقا ەتىپ بەر» دەيدى، ول كەزدە كەدەيلىك كوپ ەدى، ول «ءبىر قۇرمانىڭ جارتىسىن جەپ، تاعى ءبىر جارتىسىن ساداقاعا بەر، ول سەنى توزاقتىڭ وتىنان قورعايدى» دەيدى، مىنە وسى ماڭىزدى.

ادامدار ساداقا بەرگىسى كەلمەيدى، دەمەك ولاردىڭ ناپسىلەردى ونى قالامايدى، ولار «ساداقا بەرۋ قيىن» دەپ ويلايدى، اسىرەسە اقشاعا تىم قۇنىعىپ، اشكوز بولىپ كەتكەن ادامدار ءۇشىن ءتىپتى دە سولاي بولماق، ولار ونى ناپسىلەرى ءۇشىن ىستەيدى. تيتتەي شاماداعى ساداقا بولسا دا، ول ادامداردى اسا زور بالە-قالا، كەساپات جانە باقىتسىزدىقتاردان ساقتايدى، ول توسىن ۋاقيعالاردان، شىرعالاڭداردان جانە اپاتتاردان اۋلاق ەتىپ، ءومىردى ۇزارتادى، پايعامبارىمىز وسىلاي دەر. مىنە پايعامبارىمىز ﷺ نان ادام بالالارىنا ايتىلعان اسا ماڭىزدى جانە وتە تاماشا كەڭەس، ساداقا ادامدارعا پارىز ەمەس، ول مىندەتتى ەمەس، ءبىراق ول ماڭىزدى، مۇسىلماندار «ءبىز نەگە ساداقا بەرەمىز؟ مەن زەكەت بەردىم» دەيدى، ءبىراق ولاردىڭ زەكەت بەرگەنى ءبىر كادىك، ال ولار ساداقانى مۇلدەم بەرگىسى كەلمەيدى، الايدا ولار ەش پايداسى جوق ىستەرگە توننالاعان اقشالارىن جۇمسايدى، بوس نارسەلەرگە كوپ شاشادى، سوندا دا وسى شاشقاندارىنىڭ مىڭنان ءبىر بولىگىن دە ساداقاعا بەرگىسى كەلمەيدى.

ساداقا وتە ماڭىزدى امال، ساداقا شىرعالاڭنان، توسىن بالەدەن جانە اپاتتان ساقتايدى، ادامداردى زالالدان قورعايدى، ەگەر ادامدار ونىڭ پايداسىن بىلسە، ولار اركۇنى بايلىعىنىڭ جارتىسىن ساداقاعا بەرگىسى كەلەر ەدى. ساداقا سونداي ماڭىزدى، ول پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ءوز ۇمبەتىنە ايتىپ كەتكەن اسىل كەڭەسى، ساراڭ، قولى تار ادام بولماڭىز، ساراڭدىق جاقسى نارسە ەمەس، اللا ﷻ ونى جاقسى كورمەيدى، ول ساراڭ، شىق بەرمەس شىعايباي، قولى تار ادامداردى مۇلدەم ۇناتپايدى، ءبىراق ول جومارت ادامداردى جاقسى كورەدى، اللا ﷻ دىڭ الدىندا ساراڭ نامازحاننان كورى جومارت كۇناكار كوبىرەك قابىل ەتىلەدى. سوندىقتان ءوز پايداڭىز ءۇشىن ءىس قىلىپ، ساداقانى ەلەۋسىز قالدىرماڭىز، ونى ءار كۇنى بەرىڭىز، كەيبىر ادامدار «مەن ونى ءار اپتا سايىن بەرەمىن» دەر، ءبىراق بۇل دۇرىس ەمەس، ءار كۇنى بەرىلەتىن ساداقا ۇقسامايدى، پايعامبارىمىز وسىلاي دەيدى، ءار كۇنى كۇن شىققاندا، سول كۇننىڭ تەك وزىنە ءتان ەرەكشە ساداقاسى بولادى، ول وسىلاي دەر.

ال ساداقا بەرۋ ءۇشىن ءسىز ءار كۇنى تاڭەرتەڭ كوشەگە شىعىپ، قايىرشى نەمەسە كەدەي ادامداردى ىزدەۋىڭىز كەرەك پە؟ جوق، ولاي ەتپەيسىز، ۇيىڭىزگە ءبىر ساداقا قوبديشا نەمەسە ساداقا دوربا دايىندايسىز دا، وعان ءار كۇنگى ساداقانى وعان سالىپ وتىراسىز، ال ول تولعان كەزدە ونى قالاعان جەرىڭىزگە بەرۋىڭىزگە بولادى، ونى مىنە وسىلاي بەرەسىز. ونى بەرۋ ءۇشىن ءار كۇنى كوشەدەن يا سىرتتان بىرەۋدى ىزدەۋ قاجەتسىز، ءار كۇنگى كۇندەلىكتى ساداقاڭىز وسىلاي بەرىلەدى، دەمەك ءسىز ءار كۇنگى ساداقانى سول دورباعا سالىپ وتىراسىز، ەگەر قاجەتتى بولسا، مەتال اقشاعا يا باسقا قولايلى جولدارمەن ونى اۋىستىرىپ تۇرۋىڭىزعا بولادى، ۇلكەن سومماعا پارشا اقشانى اۋىستىرىپ، بەرۋگە قولايلى ەتسەڭىز بولادى. سەبەبى كەيبىر قاراپايىم ساناداعى ادامدار «ساداقانى سالعان سوڭ، وعان ەشقاشان تيىسۋگە بولمايدى» دەپ ويلايدى، جوق، ولاي ەمەس، دەمەك قاجەتتى بولسا، پارشالارىن الىپ، ونى ۇلكەن سومماعا اۋىسترىپ، قايتا سالساڭىز، ونى جالعاستى سالۋعا قولايلى ەتسەڭىز بولا بەرەدى. ودان ەشبىر زالال جوق، ماڭىزدىسى ساداقانىڭ سوندا بەرىلىپ تۇرۋى بولماق، ساداقا سىزگە اسا پايدالى، ادامدار ساقتاندىرۋ سەرىكتىكتەرىنە ساقتاندىرۋ اقشاسىن تولەيدى ەمەسپە، سول سياقتى كۇندەلىكتى ساداقا ءسىزدىڭ ءار كۇنگى ساقتاندىرۋىڭىز بولماق.

ەڭ جاقسى ساقتاندىرۋ ساداقا بولماق، ءار ادام ءوزىنىڭ ءار كۇنگى ساقتاندىرۋىن بەرىپ تۇرۋى كەرەك، ينشاللا، اللا ﷻ ءبىزدى سولاردان ەتكەي ... ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ساداقا بەرۋدە كوپ يگىلىك بار، ونى سول اراعا سالىپ تۇرىڭىز. اللا ﷻ ءبىزدى شىرعالاڭنان، اپاتتان، بالە-قالادان ساقتاعاي، ءبىز اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتقاندىقتان، بىزگە نە بولارى، نە تۋىلارى بەيمالىم، سوندىقتان ءار كۇنگى ساداقاڭىزدى بەرىپ، ەسەندىكتە ءجۇرىڭىز، ال ساداقانى «اللا ﷻ ريزالىعى ءۇشىن، بۇگىنگى ساداقانى كەدەي-مۇحتاج، باس-كوز، بالا-شاعا جانە وتباسىم ءۇشىن سالدىم» دەگەن نيەتپەن سالاسىز، وسىنى ايتىڭىز، اللا ﷻ ءسىزدى پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ءسىزدى قورعايتىن بولادى. ەگەر ءسىز ونى، ونىڭ ءوسىبىر مۇباراك سوزدەرىنە سەنىپ ورىندايتىن بولساڭىز، سول كۇنى تىنىشتىقتا بولاسىز، ينشاللا، اللا ﷻ بارشامىزدى پاناسىندا ەتكەي. پايعامبارىمىز ﷺ ادامداردى قايىرىمدىلىق بەرۋگە ىنتالاندىرۋدا، ونى يسلامدا «ساداقا» دەپ اتايدى، يسلامدا ساداقانىڭ كوپتەگەن تۇرلەرى بار، زەكەت دەگەن نارسە بار، ول مۇسىلماندار ءۇشىن مىندەت-ءدۇر، ەگەر ولاردا جەتكىلىكتى اقشا بولسا، ولار زەكەت بەرۋى كەرەك، بۇل ءبىر پارىز، ءبىراق ساداقا پارىز ەمەس، الايدا ول وتە ماڭىزدى نارسە، ول ادامدار ءۇشىن، مۇسىلماندار ءۇشىن وتە ماڭىزدى، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ «ءبىزدىڭ دەنەمىزدە ساۋساعىمىز سياقتى ءاربىرى 4 يا 5 بولىمنەن تۇراتىن 360 مۇشە بار، ولاردىڭ جالپى سانى 360» دەيدى.

پايعامبارىمىز ﷺ «ءار كۇنى كۇننىڭ شىعۋىمەن سول كۇنگى ساداقاڭدى بەر، ءار مۇشەڭە بەر» دەيدى، ءبىراق ارينە، كەيبىر ادامدار «بىزدە ساداقا بەرۋگە اقشا جوق» دەر، ال بۇل حاقىندا ول «جول تازالا، ادامدار ءۇشىن جاقسى ءىس ىستە، بۇل دا ساداقا، جولدان تاستى الىپ تاستاۋ دا ساداقا، ادامدارعا جاقسى ءسوز ايتۋ دا ساداقا، ادامدارعا كۇلىمسىرەۋ دە ساداقا» دەيدى. دەمەك ساداقا دەگەنىمىز تەك قانا اقشا ەمەس، ونى ءسىز اركۇنى بەرۋىڭىز كەرەك، ءسىز ماناعى ىستەردى سادقا نيەتىمەن ىستەسەڭىز بولادى، ءار كۇنى سۇننەت بولعان دۇحا جانە يشىراق نامازىن وقيسىز، بۇلار دا بارلىعىنا جەتەدى. ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺ ءبىزدىڭ ەسەندىگىمىز ءۇشىن، دەنەمىز ءۇشىن، توزاق وتىنان ساقتانۋىمىز ءۇشىن بىزگە ساداقا بەرۋ كەرەكتىگىن ايتادى، وسىلار ءۇشىن ءسىز ساداقا بەرۋىڭىز كەرەك، ول دا وسىلاي دەر. ءتىپتى جارتى قۇرما، ءبىر قۇرما بولسا دا ساداقا بەرىڭىز، ءبۇتىن بەرسەڭىز بولادى، سەبەبى ەرتە زاماندا اشتىق وتە اۋىر بولعان، وتە كەدەي ادامدار بولعان، ولار جەۋگە ەشتەڭە تابا المايتىن، سوندىقتان ولارعا جارتى قۇرما بولسا دا بەرەتىن ەدى. مىنە وسىنىڭ ءوزى ءسىزدى توزاقتان قۇتقارادى، پايعامبارىمىز ﷺ تاعى دا، «ساداقا ءومىرىڭدى ۇزارتادى» دەيدى، ساداقا ءسىزدى توسىن ۋاقيعادان، جامان ىستەردەن ساقتايدى، ونىڭ الدىن الادى، سوندىقتان ءبىرىنشى ءىس زەكەت بەرۋ، ودان سوڭ ءوز اماندىعىڭىز ءۇشىن، ءوزىڭىز ءۇشىن وسى ساداقانى بەينە ءبىر پارىز ىستەي كورىپ ىستەڭىز.

سەبەبى ءسىز ءوزىڭىزدى شىرعالاڭ، توسىن ءىس، بالە-قالا، دەمەك كەزكەلگەن جامان ىستەردەن قورعاۋىڭىز كەرەك، ءبىز ءقازىر اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتقاندىقتان ءبىر ساعات يا بەس مينوتتان سوڭ نە بولاتىنىن بىلمەيسىز، بارلىعىن بىلمەيسىز، ال وسىلاردان امان بولۋىڭىز ءۇشىن، ساقتاندىرۋ رەتىندە ساداقا بەرىڭىز. ءار كۇنى بەرىلەتىن كۇندەلىكتى ساداقا وتە از مولشەردە بولادى، ول كوپ ەمەس، كەيبىر ادامدار «وح، مەن ءبىر جولدا كوپ ساداقانى بەرىپ تاستاعام» دەر، ءبىراق ونىڭ جولى بۇلاي ەمەس، پايعامبارىمىز ﷺ «بۇل ساداقا ءار كۇنى كۇن شىققاندا بەرىلەدى، ول ەرتەسىنە دەيىن كۇشىنە يە» دەيدى، ال ەرتەسى كۇن شىققاندا ونى تاعى بەرەسىز، ول وسىلاي ءار كۇنى جالعاسا بەرەدى. ال بۇل ساداقانى بەرگەندە سىرتقا شىعىپ، بىرەۋدى تاۋىپ، سوعان بەرۋ كەرەكپە؟ دەمەك ونى ءار كۇنى تاڭەرتەڭ بىرەۋگە بەرۋ كەرەكپە؟ جوق، ولاي ەمەس، ول قاجەتسىز، ول ماڭىزدى ەمەس، ساداقانى ۇيدە سالىپ ساقتايسىز، تاڭەرتەڭ كوشەگە شىعىپ كەدەي ادام ىزدەۋ ماڭىزدى ەمەس، جوق، بۇلاي ىستەۋ قاجەتسىز، ساداقاڭىزدى ۇيدەگى ساداقا دورباعا سالىڭىز، كەيىن ول جينالعاندا مۇحتاجعا بەرۋىڭىزگە بولادى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بىزگە وسىنداي وراي بەرگەن، سەبەبى ول جومارت ادامداردى سۇيەدى، ءتىپتى ولار كۇناكار ادامدار بولسا دا، ولاردى ساراڭ نامازحان، ساراڭ ادامداردان كورى كوپ جاقسى كورەدى، مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ۇناتاتىن ءىس، پايعامبارىمىز ﷺ دا وسىلاي ايتار، سوندىقتان مىنە بۇلار ءسىزدىڭ قاۋىپسىزدىگىڭىز ءۇشىن بولماق.

ادامدار ساقتاندىرۋ سەرىكتىكتەرىنە مىڭداپ، ميليونداپ ساقتاندىرۋ اقشاسىن بەرىپ جاتادى، ءبىراق ساداقاعا كەلگەندە ونىڭ مىڭنان ءبىرىن دە بەرمەيدى، ولار بۇنى ىستەي الماس، سوندىقتان بۇل ماڭىزدى ءىس، سەبەبى بۇل اقشالار نەمەسە باسقا نارسەلەر بولسىن، ولار اقيرەت ءۇشىن، ءوزىڭىز ءۇشىن، دۇنيە ءۇشىن دە بولماق، دەمەك ول ءسىزدى وسى دۇنيەدە ءقاۋىپسىز ەتەدى، ال اقيرەتتە وسى بەرگەن ساداقالارىڭىزعا ساۋاپتار بەرىلەدى، اقيرەتتە دە ونىڭ يگىلىگىن كورەسىز، دەمەك ساداقا بۇل دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە پايدا بەرەدى. اللا ﷻ ءبىزدى ەسەندىكتە ەتكەي، سەبەبى ءبىر وتە ءقاۋىپتى، سۇمدىق زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، وندا بارلىعى دا مۇمكىن ... ال ءسىز ساداقا بەرىپ وسىلاردان امان بولا الاسىز، ءالحامدۋليللاھ، ءبىز امان-ەسەن، بارىپ، شىعىپ، كەلىپ ءجۇرمىز، ءالحامدۋليللاھ، وعان سەنىمدى بولىڭىز، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ ەڭ سەنىمدى ادام، ونىڭ ايتقانىنىڭ بارلىعى ءبىز ءۇشىن اقيقات-ءدۇر، ءبىز ونىڭ وسى امىرىنە ىلەسۋگە قاتتى كوڭىل بولەلىك، ينشاللا.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8044