You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: модернизим бүлігі, модернисттер сізді исламнан кетірігі келеді (2025.01.21 / Хижра 1446-жыл 21-Ражаб)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8043
Сұхбат: модернизим бүлігі, модернисттер сізді исламнан кетірігі келеді (2025.01.21 / Хижра 1446-жыл 21-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Türkiye, Cyprus, Lefke-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنْ هَـٰذَآ إِلَّآ أَسَـٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ» (ол (құран) бұрынғылардың ертектерінен басқа ештеңе емес) (құран 08:31), садақал лахул ғазим. Құран әзиму-шәнда «олар "бұл нәрселер бұрынғы әңгімелер" деп айтады» делінген, демек пайғамбарлар адамдарға бірдеңе айтса, олар «бұлар бұрынғы ертегілер» деп, қарсы келеді. Мәуләнә Шайық Назым осындай адамдарға күлуші еді, ол олардың істегендеріне, айтқандарына және жазғандарына күлетін, демек оның көзіне олардың барша істеген ісі ақымақтық еді. Жұрт бұл адамдарды «çağdaş (шағдаш)» яғни «модернист» деп атайтын, ал Мәуләнә оларды «çaydaş (шай-даш)» яғни «шай-тас» дейтін, ол бұны қалжыңдап айтатын, ол мағынасы жоқ сөз, «жаңашыл, модернист» атауын жәй қалжыңмен қыйсық көрсеткен сөз ғана, мағынасы сол модырын, модернистті білдіреді.

Бірақ олар жаңа нәрсе емес, олар сонау көне заманнан бері бар, сол кезде де адамдар пайғамбарларына «сен бұрынғы ертегілерді, көне бірдеңелерді айтып отырсың» деп, қарсы келетін, имансыздармен кәпірлер олардың істегендерін қолдамайтын. Алайда, бақытсыздыққа орай, Алла ﷻ қазір де оларға ұқсас адамдарды жаратты, 200 жылдан бері шайтандар ислам дүниесіне мынандай ойды әбден құйып, сіңдіріп жіберді, демек ол мұсылмандарға «сендер артта қалғансыңдар, ойларың кері кеткен, кәпірлерге қараңдаршы, олар сендерден озып кетті, олар модерін болды, сендерден асып кетті, дініңдегі көне заңдарыңды қойыңдар, оларды тастаңдар, дініңді жаңала, жаңашылдардан болыңдар, модернист болыңдар, жаңа нәрселерді әкеліңдер, көне нәрселерді қабыл етпеңдер, европалықтарға қараңдаршы, олар қандай керемет өмір сүріп жатыр! олардың не істеп жатқанына қараңдар» дейді.

Оларға қызығу бар, демек сіз европаны айтсаңыз, «шіркін» деп, осы кәпірлерге қызығу өз биік шыңына жетті, олар не істесе де, істегені адамдардың көзіне әдемі көрінетін болып алды, біз осы кезге жеткенше, жұрт оларға сонша еліктеп келді, соңында адамдар ешқандай ұқсамастықтың жоқ екендігін көрді. Бірақ сонда да адамдар төтесінен олармен бірге кетті, олардың идеяларына ерді, себебі олар «онда ақша бар» дейді, алайда, ақиқатында адамдарды Алла Әззә Уә-Жәллә жаратты әрі олар қайда жүрсе де олардың риздықтары оларға келетін болады, ешкім ешкімнен артық емес, біреуге бағына бой ұрып кету қажетсіз, демек адамдар оларға өздері бас ұрып жүр, міне осылар абыройымен қадір-қасиетін жоғалытты, жеке ерекшеліктерін жоғалытты, ұжданын жоғалытты, олар сынып, паршасы шықты, ал бұзықтар олармен қалай ойнағысы келсе, солай ойнап жүр. Сондықтан жаңашылизим, модернизим ешқандай өнер емес, олар жаңашылдық емес, олар ақылды емес, олар ессіз адамдар, сіздер тіпті мыңдаған модернист жиналсаңыздар да түкке жарамайсыздар, еш пайдаларыңыз жоқ, бірақ залал бар, пайда жоқ, олар сіздерді «модернисттар» деп тұрып, тонап кетті, барлығын алды, сіздерге ештеңе қалдырмады, олар оны өз жерлеріне алып кетті, онда апарып, өлтірді, кесті, шапты, орып тастады. Бірақ сонда да сіздер оларға (батысқа) «модернизим, модернист» деген татымсыз аттармен еріп жүрсіздер, алайда бұлар еш маңызды емес.

Адамдар жәй жүрер, бірақ «ғалым», «ғұлама» атанып жүргенімен әулие-машайықтарды сүймейтін немесе оларды қабыл етпейтіндер тіпті де қауіпті болмақ, бұл адамдар әулие-машайықтар хақында «олар кері кеткендер, артта қалғандар, олар біз сияқты ақылды-интелект жандар емес, біз европадағы шығыс-танушы ғалымдарға қараймыз, олар қандай әдемі сөйлейді, олардың идеялары қандай керемет» дейді, бірақ олардың идеялары адамдарды имансыз етуге, адамдарды исламнан қашырып, пайғамбарымыз ﷺ мен сахабаларға дұшпан етіп тәрбиелеп шығуға арналған емеспе! басқа дәнеңе емес. Олар - модернисттер, олар европаның өміріне қызығып жүргендерден де қауіпті, себебі олар қоғамды төтесінен бұзу ниетімен құныперен болып жүр, басқа ештеңе емес, оларда түк жоқ, ал оларға еріп алғандар я ақымақ я сатқын, басқа ешкім емес, олар осы екінің бірі болар, үшінші жоқ. Сондықтан осыған сақ болыңыз, біздің жолымыз, демек әулие-машайықтардың жолы тура жол, одан шығып кетпеңіз, одан мықтап ұстап алыңыз, сонда олар сізді қолындағы ойыншық қылып, ойнай алмайын болады, Алла ﷻ бізді оларды кесірінен қорғағай.

Мәуләнә Шайық Назым хазірет бір жолы біздің мемлекетіміздегі (Түркия) және бүкіл ислам елдеріндегі осындай «модернист» адамдар жәйлы күлкілі қалжыңдар айтты ... барлығы, сонау 200 жылдан бері, әсіресе бертінгі 100 жылдан бері батсықа еліктеу өршіп кетті, бірақ қазірге дейін бұл ауқымға 200 жыл болды. Мәуләнә «француз төңкерісін» жек көруші еді, себебі бүкіл жаман, лас, кесірге толы ой-идеялар осы шайтани төңкеріс арқылы келді, және бұл төңкеріс әлі жалғасып келеді, Сәйдина Мәхди хазірет шыққанға дейін жалғасар, ол шыққанда бұлардың барлығын тазалайтын болады. Мәуләнә Шайық ұдайы манағы «модернисттердің» ісіне күліп, оларды қалжың ететін, оларға қызық аттар беретін, қызық істер айтатын, себебі бұл адамдар «европалықтарға еру үшін исламды тастау керек, ислам адамдарды дамытпай, кері тартуда, модернист болуың үшін сен исламды тастауың керек немесе европалықтардың идеясына ілесуің керек» деп ойлайды, ал адамдар болса, шынында ... олардың ақылдары орнынан шығып кетті де, тек осыны ойлайтын болды, бұл адамдар не істеп, не қойып жүр? оларды манағы бұзық ғалым, бұзық төңкерістік идеялар құртты, әр жолы бұзықтар осындай ластықтарын ислам дүниесіне құюда, не үшін? олар ата-мекенді және дінді қорғайтын нағыз адамдардан құтылғысы келеді, оларды жоқ қылғысы келеді, оларды қалдырмауды қалайды, сонда жұртты құртып, оларды өздеріне тартып әкету оларға оңай болады, осы себептерге байланысты олар исламды қорғайтын адамдарды «артта қалған, заманнан кейін қалған адамдар» етіп, көрсетікісі келеді.

Ал модернисттар, және европамен бірге басқалары болсын, олар европаға барып, кейін қайтып келгендер, еліміз де бұрын европаға көптеп адамдарын жіберді, тіпті Сұлтан Абдул Хамит рахматуллаһ хазірет те мыңдаған адамдарды ел үшін керекті жаңа технология, машина білімдерін үйренуге европаға жіберді, жұрт оларды «модернист» дер, бірақ артында не болды? олардың барлығы европаға барған соң ештеңе де үйренген жоқ, европалықтарға оларға әйел берді, арақ ішуді үйретті және басқа тек қана бұзық идеяларды үйретті, технология жәйлы ештеңе үйретпей қойды, басқа түк те жоқ. Ал кейін олар елге қайтып келді де, бүкіл Османлы империясын құртты, сондықтан ... бірақ қазір, әлхамдулилла, жұрт европалықтармен басқалардың немесе кезкелген елдің парқы жоқ екендігін білді, қазір тіпті басқалар ақылды болып кетті, олардың көптеген ісі европалықтардан жақсы, бірақ олар бітті, міне осындай істер туылды.

Сондықтан, бұндай істер әр жолы қауымдарға пайғамбар келген соң шығып отырған, олар да «ох, сенің бізге айтқан бұл әңгімең бұрынғының бір ертегісі емеспе» деп, ұқсас сөзді айтқан болатын, ал қазір де ұқсас, барлығы ұқсас «оны ертегі» деп айтуда, қазіргілерге әулие-машайықтар жәйлы немесе пайғамбарымыз ﷺ ға еретіндер жәйлы айтса, сопылық тәриқат жәйлы айтса, олар «сен артта қалыптың, біз саған ілеспейміз, сен модерін болуың керек, басқалар сияқты, мынау сияқты модерін болыңдар» дейді. Ал осындай адамдар әлі де әр жерде, университеттерде, мектептерде өріп жүр, әсіресе Түркия елінің ислам университеттерінде қаптап жүр, сонда олар көп орналасқан. Олардың көбі әулие-машайықтарды, хадистерді, мазхаптарды, демек ештеңені қабыл етпейді, Алла ﷻ бізді осы адамдардан сақтағай, ол осы ақырзаманға келген бір бәле-қала, бүлік-дүр, бірақ иншалла, кім әулие-машайықтармен, салих ғұлалармен бірге болса, ол қауіпсіз болады, иншалла. Алла ﷻ бізді олардан құтқарғай, Сәйдина Мәхди әлейхис-салам келіп, олар бүкілдей тазалағанша, бізді аман еткей, себебі Мәуләнә Шайық былай деген еді, біз оны оның пірі Мәуләнә Шайық Абдулла хазіреттен де талай рет естідік, демек Мәхди әлейхис-салам келгенде, ол мына дүниедегі бүкіл жаман ой-идеялармен жаман адамдардың бірін қалдырмай тазалайтын болады, иншалла.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: مودەرنيزيم بۇلىگى، مودەرنيستتەر ءسىزدى يسلامنان كەتىرىگى كەلەدى (2025.01.21 / حيجرا 1446-جىل 21-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Türkiye، Cyprus، Lefke-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إِنْ هَـٰذَآ إِلَّآ أَسَـٰطِيرُ ٱلْأَوَّلِينَ» (ول (قۇران) بۇرىنعىلاردىڭ ەرتەكتەرىنەن باسقا ەشتەڭە ەمەس) (قۇران 08:31)، ساداقال لاحۋل عازيم. قۇران ءازيمۋ-ءشاندا «ولار "بۇل نارسەلەر بۇرىنعى اڭگىمەلەر" دەپ ايتادى» دەلىنگەن، دەمەك پايعامبارلار ادامدارعا بىردەڭە ايتسا، ولار «بۇلار بۇرىنعى ەرتەگىلەر» دەپ، قارسى كەلەدى. ءماۋلانا شايىق نازىم وسىنداي ادامدارعا كۇلۋشى ەدى، ول ولاردىڭ ىستەگەندەرىنە، ايتقاندارىنا جانە جازعاندارىنا كۇلەتىن، دەمەك ونىڭ كوزىنە ولاردىڭ بارشا ىستەگەن ءىسى اقىماقتىق ەدى. جۇرت بۇل ادامداردى «çağdaş (شاعداش)» ياعني «مودەرنيست» دەپ اتايتىن، ال ءماۋلانا ولاردى «çaydaş (شاي-داش)» ياعني «شاي-تاس» دەيتىن، ول بۇنى قالجىڭداپ ايتاتىن، ول ماعىناسى جوق ءسوز، «جاڭاشىل، مودەرنيست» اتاۋىن ءجاي قالجىڭمەن قىيسىق كورسەتكەن ءسوز عانا، ماعىناسى سول مودىرىن، مودەرنيستتى بىلدىرەدى.

ءبىراق ولار جاڭا نارسە ەمەس، ولار سوناۋ كونە زاماننان بەرى بار، سول كەزدە دە ادامدار پايعامبارلارىنا «سەن بۇرىنعى ەرتەگىلەردى، كونە بىردەڭەلەردى ايتىپ وتىرسىڭ» دەپ، قارسى كەلەتىن، يمانسىزدارمەن كاپىرلەر ولاردىڭ ىستەگەندەرىن قولدامايتىن. الايدا، باقىتسىزدىققا وراي، اللا ﷻ ءقازىر دە ولارعا ۇقساس ادامداردى جاراتتى، 200 جىلدان بەرى شايتاندار يسلام دۇنيەسىنە مىنانداي ويدى ابدەن قۇيىپ، ءسىڭدىرىپ جىبەردى، دەمەك ول مۇسىلماندارعا «سەندەر ارتتا قالعانسىڭدار، ويلارىڭ كەرى كەتكەن، كاپىرلەرگە قاراڭدارشى، ولار سەندەردەن وزىپ كەتتى، ولار مودەرىن بولدى، سەندەردەن اسىپ كەتتى، دىنىڭدەگى كونە زاڭدارىڭدى قويىڭدار، ولاردى تاستاڭدار، ءدىنىڭدى جاڭالا، جاڭاشىلداردان بولىڭدار، مودەرنيست بولىڭدار، جاڭا نارسەلەردى اكەلىڭدەر، كونە نارسەلەردى قابىل ەتپەڭدەر، ەۆروپالىقتارعا قاراڭدارشى، ولار قانداي كەرەمەت ءومىر ءسۇرىپ جاتىر! ولاردىڭ نە ىستەپ جاتقانىنا قاراڭدار» دەيدى.

ولارعا قىزىعۋ بار، دەمەك ءسىز ەۆروپانى ايتساڭىز، «شىركىن» دەپ، وسى كاپىرلەرگە قىزىعۋ ءوز بيىك شىڭىنا جەتتى، ولار نە ىستەسە دە، ىستەگەنى ادامداردىڭ كوزىنە ادەمى كورىنەتىن بولىپ الدى، ءبىز وسى كەزگە جەتكەنشە، جۇرت ولارعا سونشا ەلىكتەپ كەلدى، سوڭىندا ادامدار ەشقانداي ۇقساماستىقتىڭ جوق ەكەندىگىن كوردى. ءبىراق سوندا دا ادامدار توتەسىنەن ولارمەن بىرگە كەتتى، ولاردىڭ يدەيالارىنا ەردى، سەبەبى ولار «وندا اقشا بار» دەيدى، الايدا، اقيقاتىندا ادامداردى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاراتتى ءارى ولار قايدا جۇرسە دە ولاردىڭ ريزدىقتارى ولارعا كەلەتىن بولادى، ەشكىم ەشكىمنەن ارتىق ەمەس، بىرەۋگە باعىنا بوي ۇرىپ كەتۋ قاجەتسىز، دەمەك ادامدار ولارعا وزدەرى باس ۇرىپ ءجۇر، مىنە وسىلار ابىرويىمەن ءقادىر-قاسيەتىن جوعالىتتى، جەكە ەرەكشەلىكتەرىن جوعالىتتى، ۇجدانىن جوعالىتتى، ولار سىنىپ، پارشاسى شىقتى، ال بۇزىقتار ولارمەن قالاي ويناعىسى كەلسە، سولاي ويناپ ءجۇر. سوندىقتان جاڭاشىليزيم، مودەرنيزيم ەشقانداي ونەر ەمەس، ولار جاڭاشىلدىق ەمەس، ولار اقىلدى ەمەس، ولار ەسسىز ادامدار، سىزدەر ءتىپتى مىڭداعان مودەرنيست جينالساڭىزدار دا تۇككە جارامايسىزدار، ەش پايدالارىڭىز جوق، ءبىراق زالال بار، پايدا جوق، ولار سىزدەردى «مودەرنيستتار» دەپ تۇرىپ، توناپ كەتتى، بارلىعىن الدى، سىزدەرگە ەشتەڭە قالدىرمادى، ولار ونى ءوز جەرلەرىنە الىپ كەتتى، وندا اپارىپ، ءولتىردى، كەستى، شاپتى، ورىپ تاستادى. ءبىراق سوندا دا سىزدەر ولارعا (باتىسقا) «مودەرنيزيم، مودەرنيست» دەگەن تاتىمسىز اتتارمەن ەرىپ جۇرسىزدەر، الايدا بۇلار ەش ماڭىزدى ەمەس.

ادامدار ءجاي جۇرەر، ءبىراق «عالىم»، «عۇلاما» اتانىپ جۇرگەنىمەن اۋليە-ماشايىقتاردى سۇيمەيتىن نەمەسە ولاردى قابىل ەتپەيتىندەر ءتىپتى دە ءقاۋىپتى بولماق، بۇل ادامدار اۋليە-ماشايىقتار حاقىندا «ولار كەرى كەتكەندەر، ارتتا قالعاندار، ولار ءبىز سياقتى اقىلدى-ينتەلەكت جاندار ەمەس، ءبىز ەۆروپاداعى شىعىس-تانۋشى عالىمدارعا قارايمىز، ولار قانداي ادەمى سويلەيدى، ولاردىڭ يدەيالارى قانداي كەرەمەت» دەيدى، ءبىراق ولاردىڭ يدەيالارى ادامداردى يمانسىز ەتۋگە، ادامداردى يسلامنان قاشىرىپ، پايعامبارىمىز ﷺ مەن ساحابالارعا دۇشپان ەتىپ تاربيەلەپ شىعۋعا ارنالعان ەمەسپە! باسقا دانەڭە ەمەس. ولار - مودەرنيستتەر، ولار ەۆروپانىڭ ومىرىنە قىزىعىپ جۇرگەندەردەن دە ءقاۋىپتى، سەبەبى ولار قوعامدى توتەسىنەن بۇزۋ نيەتىمەن قۇنىپەرەن بولىپ ءجۇر، باسقا ەشتەڭە ەمەس، ولاردا تۇك جوق، ال ولارعا ەرىپ العاندار يا اقىماق يا ساتقىن، باسقا ەشكىم ەمەس، ولار وسى ەكىنىڭ ءبىرى بولار، ءۇشىنشى جوق. سوندىقتان وسىعان ساق بولىڭىز، ءبىزدىڭ جولىمىز، دەمەك اۋليە-ماشايىقتاردىڭ جولى تۋرا جول، ودان شىعىپ كەتپەڭىز، ودان مىقتاپ ۇستاپ الىڭىز، سوندا ولار ءسىزدى قولىنداعى ويىنشىق قىلىپ، ويناي المايىن بولادى، اللا ﷻ ءبىزدى ولاردى كەسىرىنەن قورعاعاي.

ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ءبىر جولى ءبىزدىڭ مەملەكەتىمىزدەگى (تۇركيا) جانە بۇكىل يسلام ەلدەرىندەگى وسىنداي «مودەرنيست» ادامدار ءجايلى كۇلكىلى قالجىڭدار ايتتى ... بارلىعى، سوناۋ 200 جىلدان بەرى، اسىرەسە بەرتىنگى 100 جىلدان بەرى باتسىقا ەلىكتەۋ ءورشىپ كەتتى، ءبىراق قازىرگە دەيىن بۇل اۋقىمعا 200 جىل بولدى. ءماۋلانا «فرانتسۋز توڭكەرىسىن» جەك كورۋشى ەدى، سەبەبى بۇكىل جامان، لاس، كەسىرگە تولى وي-يدەيالار وسى شايتاني توڭكەرىس ارقىلى كەلدى، جانە بۇل توڭكەرىس ءالى جالعاسىپ كەلەدى، ءسايدينا ءماحدي حازىرەت شىققانعا دەيىن جالعاسار، ول شىققاندا بۇلاردىڭ بارلىعىن تازالايتىن بولادى. ءماۋلانا شايىق ۇدايى ماناعى «مودەرنيستتەردىڭ» ىسىنە كۇلىپ، ولاردى قالجىڭ ەتەتىن، ولارعا قىزىق اتتار بەرەتىن، قىزىق ىستەر ايتاتىن، سەبەبى بۇل ادامدار «ەۆروپالىقتارعا ەرۋ ءۇشىن يسلامدى تاستاۋ كەرەك، يسلام ادامداردى دامىتپاي، كەرى تارتۋدا، مودەرنيست بولۋىڭ ءۇشىن سەن يسلامدى تاستاۋىڭ كەرەك نەمەسە ەۆروپالىقتاردىڭ يدەياسىنا ىلەسۋىڭ كەرەك» دەپ ويلايدى، ال ادامدار بولسا، شىنىندا ... ولاردىڭ اقىلدارى ورنىنان شىعىپ كەتتى دە، تەك وسىنى ويلايتىن بولدى، بۇل ادامدار نە ىستەپ، نە قويىپ ءجۇر؟ ولاردى ماناعى بۇزىق عالىم، بۇزىق توڭكەرىستىك يدەيالار قۇرتتى، ءار جولى بۇزىقتار وسىنداي لاستىقتارىن يسلام دۇنيەسىنە قۇيۋدا، نە ءۇشىن؟ ولار اتا-مەكەندى جانە ءدىندى قورعايتىن ناعىز ادامداردان قۇتىلعىسى كەلەدى، ولاردى جوق قىلعىسى كەلەدى، ولاردى قالدىرماۋدى قالايدى، سوندا جۇرتتى قۇرتىپ، ولاردى وزدەرىنە تارتىپ اكەتۋ ولارعا وڭاي بولادى، وسى سەبەپتەرگە بايلانىستى ولار يسلامدى قورعايتىن ادامداردى «ارتتا قالعان، زاماننان كەيىن قالعان ادامدار» ەتىپ، كورسەتىكىسى كەلەدى.

ال مودەرنيستتار، جانە ەۆروپامەن بىرگە باسقالارى بولسىن، ولار ەۆروپاعا بارىپ، كەيىن قايتىپ كەلگەندەر، ەلىمىز دە بۇرىن ەۆروپاعا كوپتەپ ادامدارىن جىبەردى، ءتىپتى سۇلتان ابدۋل حاميت راحماتۋللاھ حازىرەت تە مىڭداعان ادامداردى ەل ءۇشىن كەرەكتى جاڭا تەحنولوگيا، ماشينا بىلىمدەرىن ۇيرەنۋگە ەۆروپاعا جىبەردى، جۇرت ولاردى «مودەرنيست» دەر، ءبىراق ارتىندا نە بولدى؟ ولاردىڭ بارلىعى ەۆروپاعا بارعان سوڭ ەشتەڭە دە ۇيرەنگەن جوق، ەۆروپالىقتارعا ولارعا ايەل بەردى، اراق ءىشۋدى ۇيرەتتى جانە باسقا تەك قانا بۇزىق يدەيالاردى ۇيرەتتى، تەحنولوگيا ءجايلى ەشتەڭە ۇيرەتپەي قويدى، باسقا تۇك تە جوق. ال كەيىن ولار ەلگە قايتىپ كەلدى دە، بۇكىل وسمانلى يمپەرياسىن قۇرتتى، سوندىقتان ... ءبىراق ءقازىر، ءالحامدۋليللا، جۇرت ەۆروپالىقتارمەن باسقالاردىڭ نەمەسە كەزكەلگەن ەلدىڭ پارقى جوق ەكەندىگىن ءبىلدى، ءقازىر ءتىپتى باسقالار اقىلدى بولىپ كەتتى، ولاردىڭ كوپتەگەن ءىسى ەۆروپالىقتاردان جاقسى، ءبىراق ولار ءبىتتى، مىنە وسىنداي ىستەر تۋىلدى.

سوندىقتان، بۇنداي ىستەر ءار جولى قاۋىمدارعا پايعامبار كەلگەن سوڭ شىعىپ وتىرعان، ولار دا «وح، سەنىڭ بىزگە ايتقان بۇل اڭگىمەڭ بۇرىنعىنىڭ ءبىر ەرتەگىسى ەمەسپە» دەپ، ۇقساس ءسوزدى ايتقان بولاتىن، ال ءقازىر دە ۇقساس، بارلىعى ۇقساس «ونى ەرتەگى» دەپ ايتۋدا، قازىرگىلەرگە اۋليە-ماشايىقتار ءجايلى نەمەسە پايعامبارىمىز ﷺ عا ەرەتىندەر ءجايلى ايتسا، سوپىلىق ءتاريقات ءجايلى ايتسا، ولار «سەن ارتتا قالىپتىڭ، ءبىز ساعان ىلەسپەيمىز، سەن مودەرىن بولۋىڭ كەرەك، باسقالار سياقتى، مىناۋ سياقتى مودەرىن بولىڭدار» دەيدى. ال وسىنداي ادامدار ءالى دە ءار جەردە، ۋنيۆەرسيتەتتەردە، مەكتەپتەردە ءورىپ ءجۇر، اسىرەسە تۇركيا ەلىنىڭ يسلام ۋنيۆەرسيتەتتەرىندە قاپتاپ ءجۇر، سوندا ولار كوپ ورنالاسقان. ولاردىڭ كوبى اۋليە-ماشايىقتاردى، حاديستەردى، مازحاپتاردى، دەمەك ەشتەڭەنى قابىل ەتپەيدى، اللا ﷻ ءبىزدى وسى ادامداردان ساقتاعاي، ول وسى اقىرزامانعا كەلگەن ءبىر بالە-قالا، بۇلىك-ءدۇر، ءبىراق ينشاللا، كىم اۋليە-ماشايىقتارمەن، ساليح عۇلالارمەن بىرگە بولسا، ول ءقاۋىپسىز بولادى، ينشاللا. اللا ﷻ ءبىزدى ولاردان قۇتقارعاي، ءسايدينا ءماحدي الەيحيس-سالام كەلىپ، ولار بۇكىلدەي تازالاعانشا، ءبىزدى امان ەتكەي، سەبەبى ءماۋلانا شايىق بىلاي دەگەن ەدى، ءبىز ونى ونىڭ ءپىرى ءماۋلانا شايىق ابدۋللا حازىرەتتەن دە تالاي رەت ەستىدىك، دەمەك ءماحدي الەيحيس-سالام كەلگەندە، ول مىنا دۇنيەدەگى بۇكىل جامان وي-يدەيالارمەن جامان ادامداردىڭ ءبىرىن قالدىرماي تازالايتىن بولادى، ينشاللا.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8043