You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: барлығы алладан деп қабыл ет, алланың ісі әдемі (2022.02.23)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=229

Сұхбат: барлығы алладан деп қабыл ет, алланың ісі әдемі (2022.02.23)

«Алла тағала ешкімге зұлымдық етпейді.» (құран 18:49) дейді алла тағала, бізге не лайықты алла тағала соны жібереді, біз қандай болсақ соған қарай алла тағала "сондай" береді, сондықтан мұсылмандар, иман келтіргендер әрдайым қанағатпен разылық үстінде болуы керек, олар әр нәрсені қабыл етуі керек, себебі олар алла тағаладан келеді, ал бұл мүминдер үшін әдептің бір жолы болып, алла тағала адамдарда сондай жақсы қасиеттердің болғанын ұнатады. Кейбір адам өмір бойы қиыншылықтар ішінде өмір сүреді, бірақ олар соғанда қанағат етеді, олар ештеңеге ренжімейді, себебі олардың иманы күшті, неге бола ренжімексің? алла тағалаға қатысты ренжуіңе болмайды, оларды жіберген алла тағала, ол не берседе ...

«Мауланың (йеміздің) бергені әдемі.» деп махаббатпен айтады әулиелер, оның бергені сұлу-әдемі, оның істегені кемел, жаратушы йеміздің жаратуына, істегеніне қараңдар, көз салыңдар, алла тағала не істеседе бәрі әдемі, мүлтіксіз. Алла тағала әр нәрсені жаратты, дайындап қойды, ал бізге оның сол ісіне қарау, астарын ашып түсіну міндет, біз сан жылдар бойы соған қарап келдік, қазірден бастап және нелерді көреміз, қанеки оған тағы да қаралық.

Біз алла тағалаға бізге жақсы және әдемі нәрселерді көрсет деп дұға етелік, себебі біз қауқарсызбыз, ештеңе істей алмаймыз, бірдеңе тындралық әліміз жоқ, сен қараушысың, көрушісің, көз салушысың, бақылаушысың, осы өмірде жүрсің, ақиретке кеткеніңше барлығы осылай өте береді, соған риза болыңдар, қанағат қылыңдар, ал қабыл етпесең, ол өз шаруаң, бірақ бұлай ету өз-өзіңді қинап тоздыру және өзіңді бітпес әурелерге байлап беру болмақ, себебі бастағы ісіңнің барлығын алла тағала жібереді, соның қалауымен келеді, оны ешкім өзгерте алмайды, кім оған риза болса, өмірін жақсы өткізуіне мүмкіндігі бар әрі келе жатқан ақирет өмірі де олар үшін қайырлы, жақсы болмақ.

Айтып өткеніміздей, алла тағаланың қалауы бұл дүниенің әр жерін жаулаған, ал біз үшін бұл өмірде иманды болу, аман-тыныш болу, разылықта болу, қанағат ету және жәйлі өту қатарлылар ең маңызды нәрселер болмақ, риза болмасаңда сауап аларсың, бірақ сенде тыныштық болмайды, ал тыныштықсыз ішінде өмір сүру адамдар үшін жақсы нәрсе емес, егер қарсы келсең, бұл ісің алла тағаланың құзіретінде қарсылық болып жазылады, алла тағала өзі сақтасын, сондықтан біз әр нәрсенің алла тағаладан келетінін білуіміз керек, осыған иман келтіруіміз керек, алла тағалаға сенім иманымызды арттырып, құлай сенуіміз өте қажетті іс-дүр, біз алла тағалаға шын инанып өмір сүрсек, өміріміз жәйлі және иман ішінде өтетұғын болады, иншалла.

Алла тағала қасиетті құран кәримде «ол ешкімге зұлымдық қылмайды.» (құран 18:49) дейді, алла тағала бұл дүниеде де, ол дүниеде де және бұкіл әлемде ештеңеге зұлымдық жасамайды, алла тағаланың сансыз жаратылыстары бар, өте көп, оған сан жетпейді, біз ол жәйлі мүлдем хабарсызбыз, қазіргі көтеріліп ауырған адамдар «басқа планетада өмір бар, ұшпа тәлеңке келеді, олар мүмкін бізге келер.» деп жатыр, әрине, олардың ойлағаны болмайды, алла тағаланың жаратқан жаратылысы шексіз көп, ол жаратушы-дүр, бірақ алла тағаланың қалағаны сенің ойлағаның, қиялдағаның, қалағаның емес, жоқ! одан бөлек, оның жаратылысы сансыз көп әрі ол ешнәрсеге зұлымдық етпейді.

Сондықтан өмір сүріп жатқан мына дүниеде иманы барлар сөзсіз алла тағаланың бізге нені қалайтынына сенуі керек, алла тағала бізді сонау сәби кезден, одан бұрынғы ана ішіндегі қызыл-шақа ет кезден және одан бұрынғы кезден, демек сонау әуел бастан жаратқан иеміз, ол қалап бізге көп нәрселерді істетеді, оның қалауынсыз біз ештеңе істей алмаймыз, біз мына дүниеге оның қалауымен келдік, біз осыған иман келтіріп сенуіміз және қабыл етуміз керек, ал осыны қабыл ете алсаң болғаны, сенде мазасыздық, көңілсіздік және басқа сол тектес істер болмайды, шын иман осындай болады, мүмин сондай болады, бірақ сенбейтіндер тырысып әбігерленіп бағады, әрдайым ашуда жүреді, көңілсіз болады, олар өзіне осылай зұлымдық етеді, торығады, тозады.

Біздің қазіргі заманда осындай көңілсіз жүретін торыққан адамдар өте көп, не үшін? себебі оларда иман жоқ, сенім жоқ, олар "өз қалауымызбен, өз күш-қуатымызбен, өз ақыл-санамызбен іс бітіреміз, бәрін өзгертеміз, біз зерекпіз" деп ойлап қалған, жоқ, бұл ... алла тағала саған бір нәрсені қаласа болғаны, ол саған керек деп ойлаған нәрсеңнің барлығын береді, тіпті ештеңесі жоқ бола тұра өте бақытты өмір сүріп жатқан адамдарда көп, олар кедей, бірақ қуаныш ішінде бақытты өмір сүруде.

Тағы бір топ адамдар бар, олардың өмірі мазасыздықта, қиыншылықта, ауру-сырқау және тағы басқа ауыртпалықтармен өтеді, бірақ олар бұндай өмірі жәйлі бас қатырып жатпайды, бұндай адамдар өте сирек кездеседі, олар бұның барлығы алла тағаладан келетінін біледі, олардың бүкіл өмірі солай өтеді, бірақ бұл нәрселер олар қайтыс болғанда таусылып, бәрі соңына жетеді, олар мәңгілік емес, тек бұл дүниедегі нәрселер ғана. Мына дүниеде көптеген әулиелер бар, әулие ақындар бар, олар қасида жазып, онда «қанеки, алла тағаланың ісін көрелік, не болғанын көрелік, оның істегенінің бәрі әдемі, расында бәрі сұлу.» деген мағынадағы сөз жолдарын қалдырған, сондықтан олар алла тағаладан келген барлық нәрсені қабыл етеді, мейлі ауру, кесел, қиындық, машақат болсын, мейлі басқа нәрсе болсын, барлығын қабыл етеді, барлығына да риза, еш қарсылығы жоқ, олар «бүкіл нәрсе алла тағаладан келеді, біз оған ризамыз.» дейді.

Біз де солар сияқты бұл өмірімізде «барлығы алла тағаладан.» деп оған риза болғанымыз жөн, біз бұл дүниеде бейне тиятырдағы қойылымды көргелі келген адамдарға ұқсаймыз, біз не болғанын және не болатынын көреміз, көрде қарсы болма, жақсылап көр, сенде сол сол қойылымның ішіндесің, сондықтан біз не болатын білмейміз, біз болашақта не болатынын көрушіміз, оған көз салушымыз, міне бұл мүминдер үшін, шын иман келтірген адамдар осылай болуы керек, қарсы болма, бүкіл болып кеткен, болып жатқан және болмақшы болған нәрселердің барлығы алла тағаланың рахымында бізге беріледі, біз тек қана алла тағаланың жаратылысымыз, біз ештеңе қыла алмаймыз, біз тек қабыл етушіміз. кім қабыл етсе, сол дем алады, онда қысым, жабығыу, көңілсіздік, қорқыныш болмайды, ештеңе де болмайды, ал келе жатқан ақирет өміріде ол үшін өте жақсы болмақ, көп қайырлы болмақ.

Бұл дүниеде алла тағалада пенделерінің демалып жәйлі өмір өткізгенін қалайды, бірақ оған қалай жету керек? әрнәрсені алла тағаладан деп қабыл ет, аллаға риза бол, оған қуан, сонда алла тағала бізге тыныштық силайтын болады, бұл нәрселерді алла тағала бізді жақсы болсын деп жібереді, ал алла тағаланы разы ету үшін бергеніне риза бол, қабыл ет, сонда алла тағалада бізден разы болмақ, міне осылар біздің мақсат, адамдар үшін істей алатын ең жақсы іс осы, қабыл ет және ренжіме, тіпті кейбір иман келтіргендерде де титтей болсада реніш бар болып, оны толық істей алмайды, барлығы алла тағаладан келеді, осыны түсініп жеткен жан алла тағалаға қалай ғана ренжісін? астағфирұлла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw


Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=229