You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Қазірет Махди заманыңдағы тамаша күндер (2022.02.24)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=230

Қазірет Махди заманыңдағы тамаша күндер (2022.02.24)

Алла тағала «۞ إِنَّ ٱللَّهَ يُمْسِكُ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ أَن تَزُولَا ۚ وَلَئِن» (құран 35:41) дейді, алла тағала күллі нәрсеге күші жетуші, ол көк, аспан, жер, ғалам барлығын ұстап тұрушы, одан басқа ешкім оны ұстап тұра алмайды, егер біреу сынап көрмек болса әрі алла тағала оған сәл орай берсе, олардан ештеме қалмай, күйреп жоғалады. Алла тағала қалағанын істейді, ол бүкіл ұқықтардың йесі, бұл күш-қуаттың йесі, барлығы оның қалауы ішнде болады, сондықтан әрбір сенуші, иман келтіруші, мұсылман қауым алла тағалаға имандай ұйып сенуі керек.

Бұл өте үлкен іс, бұл алла тағаланың өз сөзі, әр нәрсе алла тағаланың қолында, ол адамдардың немесе ана-мына мемілекеттердің қолында емес. Әр заманда біреулер шығып «мына дүние біздікі» деп жар салып жүреді, алла тағала қаламай ешқандай іс туылмақ емес, бұнда алла тағаланың қалу-арзұсы бар, әр істің уақытымен мезгіл сағаты бар, сол уақыты келгенде әрқандай болуға тиісті істердің барлығы болады, туылады, сонымен бірге оның соңынан оның әлып келген салдар-нәтижелері көріне бастайды, сондықтан бұл дүниеде болып жатқан әрқандай іс-уақиғалардан қорықпа, үрейленбе әрі олар хақында көңілсіздікке салынба, бұл істер біздің күтіп жүрген істер, олар пайда болады, туылып білінеді, олар рет-ретімен, уақыт-мезгілімен орналастырылып қойылған, не боларын алда көрелік.

Сахиб (қазірет Мәхди) келіп, дүниемен ондағы әрнәрсені өз арнасына салады, түзеп жөндейді, бұның барлығын іске асыратын қазірет Мәхди әлейхисалам, ол келгенде дүние жаралғалы бері жер бетінде ең алғаш рет тыныштық, аман-есендік және тамаша жарасымды күй орнайды, бұл жағдайлар қазірет Мәхдидің әмірімен орындалады, ол кезде кұллі жер жүзі берекемен тыныштыққа шомады, ешқандай кәпір қалмайды, күпірлік, зұлымдық, әділетсіздік болмайды, бұлардан ештеңе қалмақ емес, тағы бір маңыздысы ол кезде адамдар ара жерге талас, шегара дау болмайды, жер бетінде бүгінгідей шегара болмайды, кеден, виза түзімі және тағы басқа осы тектес істердің барлығы жойылады, бүкіл дүние тазалаудан өтеді, бірақ осы заман келудің алдында жер бетінде көптеген қиындықтар болады.

Оның нақты келер кезін алла тағала өзі біледі, уақыты дәл қашан барлығы алла тағаланың даргайындағы істер, сондықтан не іс туылсада алаң болма, қорықпа, сен иман келтірушісің, пайғамбарымыз келешекте болатын бұл істерді алдын ала айтып кеткен, бұны «нубууах» деп атайды, нубууахтың мағынасы «болашақа болатын іс-ахуалдарды алдын ала айту.» деген сөз, ал пайғамбарымыз болашақ істерінің барлығын қалдырмай айтып кеткен әрі ол айтылған хабарлар сахабалар арқылы одан әулиелер арқылы бүгінге бізге жетті.

Қазір ақырзаман уақыты, мәхди қазірет келер уақыт жақын, бірақ дәл уақытын алла тағала біледі, сондықтан қазір осы дүниенің ана жеріне немесе мына жерінде болып жатқан әртүрлі уақиғалар жәйлі алаң болма. Алла тағала бізді Сахибұл-заман Мәхди әлейхисаламмен қауышуға жазғай, иншалла, және бізді сол әдемі дәуірге жетуге нәсіп еткей, иншалла.

Алла тағала құран әзиму-шанда «۞ إِنَّ ٱللَّهَ يُمْسِكُ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ أَن تَزُولَا ۚ وَلَئِن» (құран 35:41) дейді, бұл аят Фатир сүресінде айтылған болып, мағынасы «бүкіл дүние, көк, әлемді алла тағала ұстап тұрады.» дегенді білдіреді, басқа ешкім ұстап тұра алмақ емес, бірақ біреулер ұстап тұрмақ болсада ұстай алмайды, оған мүлдем қауқарсыз, егер алла тағала бүкіл жер, көк, ғаламдарды бір сиконд ұстап тұрмаса, олар әпсәтте жоқ боп кетеді, әрнәрсе алла тағаланың қолында, бүкіл әлем оның қолында, көк, жер, әлем барлығын ұстап тұрушы алла тағала-дүр, міне осылар алла тағала өзінің қасиетті кітабі құран кәримде айытқандары, ал мүмин болған адам бұларға риза болғаны жөн, себебі бұның барлығы айдан анық, күннен жарық белгілі істер, барлығы алла тағаланың қолында, басқа ештеңе оларды меңгере алмайды.

Қазір көптеген мемілекеттер «біз дүниені меңгеріп тұрмыз, ол біздің қолда, біз оны-бұны меңгеріп тұрмыз.» дейді, тіпті кейбір электыронмен яғни технологиялармен «ойнап» жүрген адамдар өздерін керемет ойлап қалған, олар өздерін ферғауын немесе нимұрд сияқты етіп алған, солардың «құдайы.», олардың істеп жүрген тірліктері дәл осы өтіп кеткен ферғауындарға ұқсайды, бірақ оларда ештеңе емес, түкке татымайды, олар өте надан әрі тым әлсіз, олар «өздерін алыптармыз, біз барлығын меңгеріп отырмыз.» деген елеспен қиялда жүр, олар осы дүниені меңгерген болсын-ақ, ал бұл дүние не дүние? дүние бір түйіршік құм құрлы емес, оны әлемге салстырғанда бір түйір құмның өзі тым үлкендік етеді, ал олар болса көптеген өздері көтере алмайтын нәрселерді айтады және дүниені меңгеріп алмаққа тыраштанып, оны-бұны істеуде, сонымен бірге олар дегенімізге жетеміз деп ойлайды. Еш алаң болма, бүкіл нәрсе алла тағалаға тән, барлығы оның қуат даргайында, оның қолында, алла тағаланың құдіреті күллі нәрсені меңгеріп отыр, ештеңе болмайды, біз күтеміз.

Адамдар «енді бұл дүниеде не болмақ, бір ел тағы бір елге соғыс ашты, оларда қарсы соғысуда, ол арада соғыс боп жатыр, тағы ...» деп алаң болуда, еш алаңдама! болған бұндай істерге риза бол, қуан, себебі олда алла тағаланың қалауы әрі біз ақырзаманда өмір сүріп жатырмыз. Пайғамбарымызда пайғамбарлық бар, пайғамбарлық деген сөздің мағынасы ... арап тіліндегі «нәби» сөзін білесіздер, бірақ көптеген араптардың өзі «нәби» сөзін жақсы түсінбейді, олар пайғамбар деп ойлайды, ал пайғамбар сөзінің мағынасы не? пайғамбар, пайғамбарлық дегеніміз «алда келе жатқан жүздеген жылдардан соң, сан ғасырлардан соң болатын болашақ істерін ұрпақтарға, келер қауымға алдын ала айту.» деген сөз, пайғамбарымыз болашақта туылатын істерді айтып кетті әрі осы істердің барлығы туылатын болады.

Қазірет Мәхди әлейхисалам келгенде жер бетіне тыныштық орнатып, бүкіл дүниені күпірліктен, имансыздықтан, зұлымдықтан тазалап барлық адамды мұсылман-мүмин етеді, осы іс болғанда нағыз тыныштық дәуір орнайды, ол кез берекеге толған уақыттар болып, дүниеде қиындық, аштық, зұлымдық, соғыс сияқты ешбір келеңсіз істер болмайды, ең маңыздысы шегара жоқ болады, қазір көптеген елдер «олар біздің жерді алып кетті» деп шегара орнатып жатады, ал басқасыда «бұл шегараны ары жөткеу керек.» деп айтысып дау қуады, бәрі солай шуласуда, ал кейбір елдің халқы елінен қашып басқа елдерге кетіп жатыр, олар сабырсыздар, тақат етпеді, басқалармен отбасыларын тастап кетті, олар европаға қашып барғысы келеді, европаны жәннат деп ойлап қалған, тіпті олардың көбі европаға жетпей опат болуда, ал қазірет Мәхди әлейхисалам келгенде жершарында шегара деген болмайды, әркім батыстан шығысқа, шығыстан батысқа шегарасыз, кеденсіз, визасыз, сақшыларсыз еркін жүре береді, ондай ештеңе болмайды, себебі ол кезде бүкіл дүние қазірет сәйдина Мәхди әлейхисламның әмірінде тыныш-бейбіт және бақтты өмір сүреді әрі ол кезде жер бетінде ешқандай күпірлік болмайды, кәпір адам қалмайды, адамзаттың барлығы исламға кіреді, иншалла, ислам сөзі «бейбітшілік, тыныштық» деген мағынаны білдіреді, ол кезде барша әлем тынштыққа шомады.

Болашақта осы істер болмақ, сондықтан қазір болып жатқан істер жәйлі дегбірсізденіп көңілсізденбе, мазасызданып өз тыныштығыңды өзің кетірудің еш қажеті жоқ, айналада не дүниеде болып жатқан істер хақында алаң болма, тек күт, иншалла, алла тағала бізді қазірет Мәхди әлейхисаламға жеткізгей, ол кездер өте жақсы, тым жәйлі, ерекше әдемі күндер болмақ, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw


قازىرەت ماحدي زامانىڭداعى تاماشا كۇندەر (2022.02.24)

اللا تاعالا «۞ إِنَّ ٱللَّهَ يُمْسِكُ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ أَن تَزُولَا ۚ وَلَئِن» (قۇران 35:41) دەيدى، اللا تاعالا كۇللى نارسەگە كۇشى جەتۋشى، ول كوك، اسپان، جەر، عالام بارلىعىن ۇستاپ تۇرۋشى، ودان باسقا ەشكىم ونى ۇستاپ تۇرا المايدى، ەگەر بىرەۋ سىناپ كورمەك بولسا ءارى اللا تاعالا وعان ءسال وراي بەرسە، ولاردان ەشتەمە قالماي، كۇيرەپ جوعالادى. اللا تاعالا قالاعانىن ىستەيدى، ول بۇكىل ۇقىقتاردىڭ يەسى، بۇل كۇش-قۋاتتىڭ يەسى، بارلىعى ونىڭ قالاۋى ىشندە بولادى، سوندىقتان ءاربىر سەنۋشى، يمان كەلتىرۋشى، مۇسىلمان قاۋىم اللا تاعالاعا يمانداي ۇيىپ سەنۋى كەرەك.

بۇل وتە ۇلكەن ءىس، بۇل اللا تاعالانىڭ ءوز ءسوزى، ءار نارسە اللا تاعالانىڭ قولىندا، ول ادامداردىڭ نەمەسە انا-مىنا مەمىلەكەتتەردىڭ قولىندا ەمەس. ءار زاماندا بىرەۋلەر شىعىپ «مىنا دۇنيە بىزدىكى» دەپ جار سالىپ جۇرەدى، اللا تاعالا قالاماي ەشقانداي ءىس تۋىلماق ەمەس، بۇندا اللا تاعالانىڭ قالۋ-ارزۇسى بار، ءار ءىستىڭ ۋاقىتىمەن مەزگىل ساعاتى بار، سول ۋاقىتى كەلگەندە ارقانداي بولۋعا ءتيىستى ىستەردىڭ بارلىعى بولادى، تۋىلادى، سونىمەن بىرگە ونىڭ سوڭىنان ونىڭ ءالىپ كەلگەن سالدار-ناتيجەلەرى كورىنە باستايدى، سوندىقتان بۇل دۇنيەدە بولىپ جاتقان ارقانداي ءىس-ۋاقيعالاردان قورىقپا، ۇرەيلەنبە ءارى ولار حاقىندا كوڭىلسىزدىككە سالىنبا، بۇل ىستەر ءبىزدىڭ كۇتىپ جۇرگەن ىستەر، ولار پايدا بولادى، تۋىلىپ بىلىنەدى، ولار رەت-رەتىمەن، ۋاقىت-مەزگىلىمەن ورنالاستىرىلىپ قويىلعان، نە بولارىن الدا كورەلىك.

ساحيب (قازىرەت ءماحدي) كەلىپ، دۇنيەمەن ونداعى ارنارسەنى ءوز ارناسىنا سالادى، تۇزەپ جوندەيدى، بۇنىڭ بارلىعىن ىسكە اسىراتىن قازىرەت ءماحدي الەيحيسالام، ول كەلگەندە دۇنيە جارالعالى بەرى جەر بەتىندە ەڭ العاش رەت تىنىشتىق، امان-ەسەندىك جانە تاماشا جاراسىمدى كۇي ورنايدى، بۇل جاعدايلار قازىرەت ءماحديدىڭ امىرىمەن ورىندالادى، ول كەزدە كۇللى جەر ءجۇزى بەرەكەمەن تىنىشتىققا شومادى، ەشقانداي كاپىر قالمايدى، كۇپىرلىك، زۇلىمدىق، ادىلەتسىزدىك بولمايدى، بۇلاردان ەشتەڭە قالماق ەمەس، تاعى ءبىر ماڭىزدىسى ول كەزدە ادامدار ارا جەرگە تالاس، شەگارا داۋ بولمايدى، جەر بەتىندە بۇگىنگىدەي شەگارا بولمايدى، كەدەن، ۆيزا ءتۇزىمى جانە تاعى باسقا وسى تەكتەس ىستەردىڭ بارلىعى جويىلادى، بۇكىل دۇنيە تازالاۋدان وتەدى، بىراق وسى زامان كەلۋدىڭ الدىندا جەر بەتىندە كوپتەگەن قيىندىقتار بولادى.

ونىڭ ناقتى كەلەر كەزىن اللا تاعالا ءوزى بىلەدى، ۋاقىتى ءدال قاشان بارلىعى اللا تاعالانىڭ دارگايىنداعى ىستەر، سوندىقتان نە ءىس تۋىلسادا الاڭ بولما، قورىقپا، سەن يمان كەلتىرۋشىسىڭ، پايعامبارىمىز كەلەشەكتە بولاتىن بۇل ىستەردى الدىن الا ايتىپ كەتكەن، بۇنى «نۋبۋۋاح» دەپ اتايدى، نۋبۋۋاحتىڭ ماعىناسى «بولاشاقا بولاتىن ءىس-احۋالداردى الدىن الا ايتۋ.» دەگەن ءسوز، ال پايعامبارىمىز بولاشاق ىستەرىنىڭ بارلىعىن قالدىرماي ايتىپ كەتكەن ءارى ول ايتىلعان حابارلار ساحابالار ارقىلى ودان اۋليەلەر ارقىلى بۇگىنگە بىزگە جەتتى.

قازىر اقىرزامان ۋاقىتى، ءماحدي قازىرەت كەلەر ۋاقىت جاقىن، بىراق ءدال ۋاقىتىن اللا تاعالا بىلەدى، سوندىقتان قازىر وسى دۇنيەنىڭ انا جەرىنە نەمەسە مىنا جەرىندە بولىپ جاتقان ءارتۇرلى ۋاقيعالار ءجايلى الاڭ بولما. اللا تاعالا ءبىزدى ساحيبۇل-زامان ءماحدي الەيحيسالاممەن قاۋىشۋعا جازعاي، ينشاللا، جانە ءبىزدى سول ادەمى داۋىرگە جەتۋگە ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا.

اللا تاعالا قۇران ءازيمۋ-شاندا «۞ إِنَّ ٱللَّهَ يُمْسِكُ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضَ أَن تَزُولَا ۚ وَلَئِن» (قۇران 35:41) دەيدى، بۇل ايات فاتير سۇرەسىندە ايتىلعان بولىپ، ماعىناسى «بۇكىل دۇنيە، كوك، الەمدى اللا تاعالا ۇستاپ تۇرادى.» دەگەندى بىلدىرەدى، باسقا ەشكىم ۇستاپ تۇرا الماق ەمەس، بىراق بىرەۋلەر ۇستاپ تۇرماق بولسادا ۇستاي المايدى، وعان مۇلدەم قاۋقارسىز، ەگەر اللا تاعالا بۇكىل جەر، كوك، عالامداردى ءبىر سيكوند ۇستاپ تۇرماسا، ولار اپساتتە جوق بوپ كەتەدى، ارنارسە اللا تاعالانىڭ قولىندا، بۇكىل الەم ونىڭ قولىندا، كوك، جەر، الەم بارلىعىن ۇستاپ تۇرۋشى اللا تاعالا-ءدۇر، مىنە وسىلار اللا تاعالا ءوزىنىڭ قاسيەتتى كىتابى قۇران كاريمدە ايىتقاندارى، ال ءمۇمين بولعان ادام بۇلارعا ريزا بولعانى ءجون، سەبەبى بۇنىڭ بارلىعى ايدان انىق، كۇننەن جارىق بەلگىلى ىستەر، بارلىعى اللا تاعالانىڭ قولىندا، باسقا ەشتەڭە ولاردى مەڭگەرە المايدى.

قازىر كوپتەگەن مەمىلەكەتتەر «ءبىز دۇنيەنى مەڭگەرىپ تۇرمىز، ول ءبىزدىڭ قولدا، ءبىز ونى-بۇنى مەڭگەرىپ تۇرمىز.» دەيدى، ءتىپتى كەيبىر ەلەكتىرونمەن ياعني تەحنولوگيالارمەن «ويناپ» جۇرگەن ادامدار وزدەرىن كەرەمەت ويلاپ قالعان، ولار وزدەرىن فەرعاۋىن نەمەسە نيمۇرد سياقتى ەتىپ العان، سولاردىڭ «قۇدايى.»، ولاردىڭ ىستەپ جۇرگەن تىرلىكتەرى ءدال وسى ءوتىپ كەتكەن فەرعاۋىندارعا ۇقسايدى، بىراق ولاردا ەشتەڭە ەمەس، تۇككە تاتىمايدى، ولار وتە نادان ءارى تىم ءالسىز، ولار «وزدەرىن الىپتارمىز، ءبىز بارلىعىن مەڭگەرىپ وتىرمىز.» دەگەن ەلەسپەن قيالدا ءجۇر، ولار وسى دۇنيەنى مەڭگەرگەن بولسىن-اق، ال بۇل دۇنيە نە دۇنيە؟ دۇنيە ءبىر تۇيىرشىك قۇم قۇرلى ەمەس، ونى الەمگە سالستىرعاندا ءبىر ءتۇيىر قۇمنىڭ ءوزى تىم ۇلكەندىك ەتەدى، ال ولار بولسا كوپتەگەن وزدەرى كوتەرە المايتىن نارسەلەردى ايتادى جانە دۇنيەنى مەڭگەرىپ الماققا تىراشتانىپ، ونى-بۇنى ىستەۋدە، سونىمەن بىرگە ولار دەگەنىمىزگە جەتەمىز دەپ ويلايدى. ەش الاڭ بولما، بۇكىل نارسە اللا تاعالاعا ءتان، بارلىعى ونىڭ قۋات دارگايىندا، ونىڭ قولىندا، اللا تاعالانىڭ قۇدىرەتى كۇللى نارسەنى مەڭگەرىپ وتىر، ەشتەڭە بولمايدى، ءبىز كۇتەمىز.

ادامدار «ەندى بۇل دۇنيەدە نە بولماق، ءبىر ەل تاعى ءبىر ەلگە سوعىس اشتى، ولاردا قارسى سوعىسۋدا، ول ارادا سوعىس بوپ جاتىر، تاعى ...» دەپ الاڭ بولۋدا، ەش الاڭداما! بولعان بۇنداي ىستەرگە ريزا بول، قۋان، سەبەبى ولدا اللا تاعالانىڭ قالاۋى ءارى ءبىز اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز. پايعامبارىمىزدا پايعامبارلىق بار، پايعامبارلىق دەگەن ءسوزدىڭ ماعىناسى ... اراپ تىلىندەگى «ءنابي» ءسوزىن بىلەسىزدەر، بىراق كوپتەگەن اراپتاردىڭ ءوزى «ءنابي» ءسوزىن جاقسى تۇسىنبەيدى، ولار پايعامبار دەپ ويلايدى، ال پايعامبار ءسوزىنىڭ ماعىناسى نە؟ پايعامبار، پايعامبارلىق دەگەنىمىز «الدا كەلە جاتقان جۇزدەگەن جىلداردان سوڭ، سان عاسىرلاردان سوڭ بولاتىن بولاشاق ىستەرىن ۇرپاقتارعا، كەلەر قاۋىمعا الدىن الا ايتۋ.» دەگەن ءسوز، پايعامبارىمىز بولاشاقتا تۋىلاتىن ىستەردى ايتىپ كەتتى ءارى وسى ىستەردىڭ بارلىعى تۋىلاتىن بولادى.

قازىرەت ءماحدي الەيحيسالام كەلگەندە جەر بەتىنە تىنىشتىق ورناتىپ، بۇكىل دۇنيەنى كۇپىرلىكتەن، يمانسىزدىقتان، زۇلىمدىقتان تازالاپ بارلىق ادامدى مۇسىلمان-ءمۇمين ەتەدى، وسى ءىس بولعاندا ناعىز تىنىشتىق ءداۋىر ورنايدى، ول كەز بەرەكەگە تولعان ۋاقىتتار بولىپ، دۇنيەدە قيىندىق، اشتىق، زۇلىمدىق، سوعىس سياقتى ەشبىر كەلەڭسىز ىستەر بولمايدى، ەڭ ماڭىزدىسى شەگارا جوق بولادى، قازىر كوپتەگەن ەلدەر «ولار ءبىزدىڭ جەردى الىپ كەتتى» دەپ شەگارا ورناتىپ جاتادى، ال باسقاسىدا «بۇل شەگارانى ارى جوتكەۋ كەرەك.» دەپ ايتىسىپ داۋ قۋادى، ءبارى سولاي شۋلاسۋدا، ال كەيبىر ەلدىڭ حالقى ەلىنەن قاشىپ باسقا ەلدەرگە كەتىپ جاتىر، ولار سابىرسىزدار، تاقات ەتپەدى، باسقالارمەن وتباسىلارىن تاستاپ كەتتى، ولار ەۆروپاعا قاشىپ بارعىسى كەلەدى، ەۆروپانى ءجاننات دەپ ويلاپ قالعان، ءتىپتى ولاردىڭ كوبى ەۆروپاعا جەتپەي وپات بولۋدا، ال قازىرەت ءماحدي الەيحيسالام كەلگەندە جەرشارىندا شەگارا دەگەن بولمايدى، اركىم باتىستان شىعىسقا، شىعىستان باتىسقا شەگاراسىز، كەدەنسىز، ۆيزاسىز، ساقشىلارسىز ەركىن جۇرە بەرەدى، ونداي ەشتەڭە بولمايدى، سەبەبى ول كەزدە بۇكىل دۇنيە قازىرەت ءسايدينا ءماحدي الەيحيسلامنىڭ امىرىندە تىنىش-بەيبىت جانە باقتتى ءومىر سۇرەدى ءارى ول كەزدە جەر بەتىندە ەشقانداي كۇپىرلىك بولمايدى، كاپىر ادام قالمايدى، ادامزاتتىڭ بارلىعى يسلامعا كىرەدى، ينشاللا، يسلام ءسوزى «بەيبىتشىلىك، تىنىشتىق» دەگەن ماعىنانى بىلدىرەدى، ول كەزدە بارشا الەم تىنشتىققا شومادى.

بولاشاقتا وسى ىستەر بولماق، سوندىقتان قازىر بولىپ جاتقان ىستەر ءجايلى دەگبىرسىزدەنىپ كوڭىلسىزدەنبە، مازاسىزدانىپ ءوز تىنىشتىعىڭدى ءوزىڭ كەتىرۋدىڭ ەش قاجەتى جوق، اينالادا نە دۇنيەدە بولىپ جاتقان ىستەر حاقىندا الاڭ بولما، تەك كۇت، ينشاللا، اللا تاعالا ءبىزدى قازىرەت ءماحدي الەيحيسالامعا جەتكىزگەي، ول كەزدەر وتە جاقسى، تىم ءجايلى، ەرەكشە ادەمى كۇندەر بولماق، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف


Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=230