You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: жамандықты қабыл етпе (2022.02.22)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=228
Сұхбат: жамандықты қабыл етпе (2022.02.22) Қасиетті пайғамбарымыз «зұлымдықты немесе бір жаманшылықы көргенде, егер оны жақсы көрмесең әрі қабыл етпесең, бұл сенің одан алыс болғаныңды білдіреді, бірақ ол жамандықтардан алыс бола тұра оны қабыл етсең немесе қолдасаң, онда сенде зұлымдық еткендер қатарындасың, зұлымдардың кұнәсіна ортақтасып, олармен серік боласың.» дейді, қазір олар дүниенің әр бұрышында сансыздаған жаманшылық істерді істеуге бұйыруда, болдыруда, қазір жұрттың жаман нәрселерге еті үйреніп елемейтін жағдайға жетті, оны бейне қалыпты іс сияқты көретін болады, олар «оның менімен қатысы жоқ қой.» деп өз істерімен кете береді, бұл қателік-дүр, алыста болсаңда, бұл жаманшылықтарды қабыл етпеуің керек, ал қабыл етсең сол күнәлардан саған да енші жазылып, бұл күнәларға ортақ боласың. Сондықтан мейлі алыста мейілі қасыңда болсын мәлім бір жамандықты немесе алла тағалаға әміріне қарсы істерді көрсең, оны қабыл етпе, себебі қазір жамандықтар бүкіл дүниені қаптап, көз алдыңда көлденеңдеп көрініп тұр әрі олар осы жамандықтарды бүкіл адам баласына күшпен қабыл етуге тым құлшынып жатыр, ал адамдар оны қабыл етсе, олар бұл күнәларға ортақтасады әрі олар алла тағаланың жазасына душар болмақ, алла тағаланың ашуы оларға түседі, мазалла, бұл жәй іс емес, ойнайтын шаруа емес. Лүт пайғамбар өз қауымына «сендер мүлдем істеуге болмайтын нәрселерді істеп жатсыңдар, істерің өте арсыз әрі лас, сендерден бұрын ешкім бұндай сұмдықтарды істеп көрмеген, сендер жақсы жолға кесе көлденең боласыңдар, бірақ күнәкарлықты ашық көрсетіп таратасыңдар.» дейді, ол еліне ескерту жасады, бірақ одан еш пайда келмеді, ал алла тағала «оларды өз жәйіна қалтыра тұр, сен кет.» деді, алла тағала «біз бұл адамдары жоқ қыламыз, сендер кетіңдер, сенде кет, әйелің қалсын.» деп әмір етті, неге әйелі қалсын деді? себебі оның әйелі қолымен еш жамандық істемеседе, бірақ ол бұл азғын қауымдардың істеп жүрген лас-күнәкар істерін қолдады, қылықтарын жаман демеді, хош көрді, ол «олардың ісі менімен қатыссыз, олар істей берсін, мен істемеймін.» деді, осыған бола ол да азғындармен бірге алла тағаланың жазасына ұшырады, оларға аспаннан от түсті, тым жаман кеселдермен бәле-қалалар оларды қоршады, жәйлап басып алды, тырып еткізбеді, олар қатты ашумен қаһарлы жазалардың өрті күйдірді де, соңында бұл қауымның барлығы қырылып, олар жер бетінен жойылып кетті. Біз бәз біреулердің оны-бұны айтқанына бола оны қабыл ете бермейміз, бірақ біз алла тағаланың сөзін қабыл етеміз, алла тағалаға қарсылармен адам тәбиғатына қарсы нәрселердің барлығын түгел қабыл қылмаймыз, мейлі оны кім айтса ол айтсын не істесін біз оған қарсымыз, ондай істер қалыпты істерден емес, ол адам ұқығы немесе басқаның ұқығы деген әңгіме емес, бұнда алла тағаланың ұқығымен хақысы бар, адам ұқығы деген нәрсе жоқ, алла тағаланың ұқығы бірінші келеді, ластардың ұқығы бірінші келмейді. Алла тағала бізге жәрдем бергей, себебі олар лас қылықты адамдардың істерін жұртқа нормал-қалыпты іс етіп көрсетіп, адам баласын нәпсісіне еріп ойына келгенді істеуге ұгіттеуде, еліктіруде. Алла тағала бізге көмек бергей, біздерді қорғағай, панасына алғай, алла тағала мұсылмандарды, олардың отбасын, балаларын және барша адам баласын өзінің қорған шеңберіне алғай, иншалла. Пайғамбарымыз «егер айналаңда болған жаман істерді естісең, оны қабыл етпесең болғаны, сен міндеттен құтыласың әрі саған күнә жазылмайды, бірақ өзіңнен алыста болып жатқан жаман істермен зұлымдықтарды естіп білген соң "онда не жұмысым бар дейсің, менімен қатыссыз" деп оны жөн көрсең немесе қабыл етсең, онда сен осы күнә істеушілердің сапынан боласың да, саған алла тағаланың жазасы келетін болады әрі алла тағала саған ашуланады.» дейді, бәріміз білеміз қазір жамандық бүкіл дүниенің кезкелген жерінде туылып жатыр, қас-қағымда хабары бізгеде келіп жатады, оны естігенде «бұл істер бізден алыс жақта болып жатыр ғой, келіп-кетері жоқ, бізге ештеңе болмайды.» деуші болма, сақ әрі ояу тетік жүр, әр жолы мәлім бір жамандық ести қалсаң оны қабыл етпеуді ұмытып қалма, ол істер сенен тым алыс болып жатсада «жоқ, бұл бір жаман іс, істеп жатқандары алла тағалаға қарсы істер, бұны қабыл етпейміз, ол адам баласына және баршамызға бірдей жаман іс, лас қылықтар.» деп айтуға борыштысың. Жақсы-қайырлы істер дегеніміз алла тағаланың бұйырғандары, қазір адамзат арасында қалыпсыз адамдар тобыры бар, олар жаман адамдар болып, бүкіл дүниені меңгергісі келеді, шайтанға ұқсайды, олар әрбір мемілекеттің билігімен адамдарына қысым жасауда, ал адамдар болса олардан қорқа бастады, бірақ бұлардан қорықпаңдар, алла тағаладан қорқыңдар, егер сендер олардан қорықсаңдар алла тағала сендері жазалайтын болады. Бұл лүт пайғамбардың басынан өткен жағдай еді, лұт ұлты лүт пайғамбардың тілін алмады, сөзіне көнбеді, ол кезде тек қана лүт пайғамбар және оның әулеті ғана тура жолда болды, ал басқалардың барлығы аса арсыз жаман істермен әбігер болып жатты, істегендері өте қалыпсыз істер болатұғын, олар тым бұзық, лас, ластың ласы болған қауым болып, лүттың айтқанын еш қабыл етпейді, тіпті періштелер адам бейнесінде келгенде де олар лас істерін істемек болады, сол кезде лүт пайғамбар қорқып, адам бейнелі періштелерге «қонақтарым, мен бұл жұрт үшін қатты намыстанам.» дейді, періштелер лүт пайғамбарға «алаң болма.» дейді, бұл бұзық азғын қауымның адамдары лұтпен оның қонақтары отырған араға келгенде көздері жарылып кетеді де, су соқыр болады, сонан сол алла тағала лүт пайғамбарға «бұл арадан отбасыңмен кет, тек әйеліңді қалдыр.» дейді, не үшін әйеліне қал деді? ол әйелі жаман іс істеп жатқан жоқ, бірақ ол азғын қауымның ісіне қарсы емес болатын, сондықтан алла тағала оны азғындармен бірге жазалады. Сол үшін алла тағала жазасын жібергенде жазаланушылармен бірге болып қалма, жамандықты қабыл етпесең болғаны, аман-есен боласың, иншалла, ал қазір олар жамандықтың бәрін істеуде әрі олар өздерін күштіміз, бізге ешкім тең келмейді деп ойлайды, олар адамдарды қинап қысымда ұстауда, оларға ешбір адам қарсы сөз айтқан жоқ, бірақ алла тағала бұған разы емес, кім сол жаман адамдарға разы болса, ол солармен бірге болады, ал біз ондай адамдарға қуанбаймыз, оларға риза емеспіз әрі оларды қабыл етпейміз, әркім әр нәрсені айта береді, бірақ біз тек алла тағаланың айтқандарын ғана қабыл етеміз. Оларға қарама, тіпті қайда барсаңда жәй адамдармен қалыпты адамдарда жаман іске іліккен, ал біз оны қабыл етпейміз, иншалла, алла тағала бізді жаман істерден сақтағай, өзімізді, отбасымызды, әулетімізді, туыс-туған және мұсылман отбасыларын сондай жаман, азғын адамдардан қорғасын, панасына алсын, алла тағала оларды бізден аулақ еткей. Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха. Исламбол (Станбул), Түркия - Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы #ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф http://www.fb.com/tanirtaw سۇحبات: جاماندىقتى قابىل ەتپە (2022.02.22) قاسيەتتى پايعامبارىمىز «زۇلىمدىقتى نەمەسە ءبىر جامانشىلىقى كورگەندە، ەگەر ونى جاقسى كورمەسەڭ ءارى قابىل ەتپەسەڭ، بۇل سەنىڭ ودان الىس بولعانىڭدى بىلدىرەدى، بىراق ول جاماندىقتاردان الىس بولا تۇرا ونى قابىل ەتسەڭ نەمەسە قولداساڭ، وندا سەندە زۇلىمدىق ەتكەندەر قاتارىنداسىڭ، زۇلىمداردىڭ كۇناسىنا ورتاقتاسىپ، ولارمەن سەرىك بولاسىڭ.» دەيدى، قازىر ولار دۇنيەنىڭ ءار بۇرىشىندا سانسىزداعان جامانشىلىق ىستەردى ىستەۋگە بۇيىرۋدا، بولدىرۋدا، قازىر جۇرتتىڭ جامان نارسەلەرگە ەتى ۇيرەنىپ ەلەمەيتىن جاعدايعا جەتتى، ونى بەينە قالىپتى ءىس سياقتى كورەتىن بولادى، ولار «ونىڭ مەنىمەن قاتىسى جوق قوي.» دەپ ءوز ىستەرىمەن كەتە بەرەدى، بۇل قاتەلىك-ءدۇر، الىستا بولساڭدا، بۇل جامانشىلىقتاردى قابىل ەتپەۋىڭ كەرەك، ال قابىل ەتسەڭ سول كۇنالاردان ساعان دا ەنشى جازىلىپ، بۇل كۇنالارعا ورتاق بولاسىڭ. سوندىقتان مەيلى الىستا مەيىلى قاسىڭدا بولسىن ءمالىم ءبىر جاماندىقتى نەمەسە اللا تاعالاعا امىرىنە قارسى ىستەردى كورسەڭ، ونى قابىل ەتپە، سەبەبى قازىر جاماندىقتار بۇكىل دۇنيەنى قاپتاپ، كوز الدىڭدا كولدەنەڭدەپ كورىنىپ تۇر ءارى ولار وسى جاماندىقتاردى بۇكىل ادام بالاسىنا كۇشپەن قابىل ەتۋگە تىم قۇلشىنىپ جاتىر، ال ادامدار ونى قابىل ەتسە، ولار بۇل كۇنالارعا ورتاقتاسادى ءارى ولار اللا تاعالانىڭ جازاسىنا دۋشار بولماق، اللا تاعالانىڭ اشۋى ولارعا تۇسەدى، مازاللا، بۇل ءجاي ءىس ەمەس، وينايتىن شارۋا ەمەس. ءلۇت پايعامبار ءوز قاۋىمىنا «سەندەر مۇلدەم ىستەۋگە بولمايتىن نارسەلەردى ىستەپ جاتسىڭدار، ىستەرىڭ وتە ارسىز ءارى لاس، سەندەردەن بۇرىن ەشكىم بۇنداي سۇمدىقتاردى ىستەپ كورمەگەن، سەندەر جاقسى جولعا كەسە كولدەنەڭ بولاسىڭدار، بىراق كۇناكارلىقتى اشىق كورسەتىپ تاراتاسىڭدار.» دەيدى، ول ەلىنە ەسكەرتۋ جاسادى، بىراق ودان ەش پايدا كەلمەدى، ال اللا تاعالا «ولاردى ءوز ءجايىنا قالتىرا تۇر، سەن كەت.» دەدى، اللا تاعالا «ءبىز بۇل ادامدارى جوق قىلامىز، سەندەر كەتىڭدەر، سەندە كەت، ايەلىڭ قالسىن.» دەپ ءامىر ەتتى، نەگە ايەلى قالسىن دەدى؟ سەبەبى ونىڭ ايەلى قولىمەن ەش جاماندىق ىستەمەسەدە، بىراق ول بۇل ازعىن قاۋىمداردىڭ ىستەپ جۇرگەن لاس-كۇناكار ىستەرىن قولدادى، قىلىقتارىن جامان دەمەدى، حوش كوردى، ول «ولاردىڭ ءىسى مەنىمەن قاتىسسىز، ولار ىستەي بەرسىن، مەن ىستەمەيمىن.» دەدى، وسىعان بولا ول دا ازعىندارمەن بىرگە اللا تاعالانىڭ جازاسىنا ۇشىرادى، ولارعا اسپاننان وت ءتۇستى، تىم جامان كەسەلدەرمەن بالە-قالالار ولاردى قورشادى، ءجايلاپ باسىپ الدى، تىرىپ ەتكىزبەدى، ولار قاتتى اشۋمەن قاھارلى جازالاردىڭ ءورتى كۇيدىردى دە، سوڭىندا بۇل قاۋىمنىڭ بارلىعى قىرىلىپ، ولار جەر بەتىنەن جويىلىپ كەتتى. ءبىز ءباز بىرەۋلەردىڭ ونى-بۇنى ايتقانىنا بولا ونى قابىل ەتە بەرمەيمىز، بىراق ءبىز اللا تاعالانىڭ ءسوزىن قابىل ەتەمىز، اللا تاعالاعا قارسىلارمەن ادام تابيعاتىنا قارسى نارسەلەردىڭ بارلىعىن تۇگەل قابىل قىلمايمىز، مەيلى ونى كىم ايتسا ول ايتسىن نە ىستەسىن ءبىز وعان قارسىمىز، ونداي ىستەر قالىپتى ىستەردەن ەمەس، ول ادام ۇقىعى نەمەسە باسقانىڭ ۇقىعى دەگەن اڭگىمە ەمەس، بۇندا اللا تاعالانىڭ ۇقىعىمەن حاقىسى بار، ادام ۇقىعى دەگەن نارسە جوق، اللا تاعالانىڭ ۇقىعى ءبىرىنشى كەلەدى، لاستاردىڭ ۇقىعى ءبىرىنشى كەلمەيدى. اللا تاعالا بىزگە جاردەم بەرگەي، سەبەبى ولار لاس قىلىقتى ادامداردىڭ ىستەرىن جۇرتقا نورمال-قالىپتى ءىس ەتىپ كورسەتىپ، ادام بالاسىن ناپسىسىنە ەرىپ ويىنا كەلگەندى ىستەۋگە ۇگىتتەۋدە، ەلىكتىرۋدە. اللا تاعالا بىزگە كومەك بەرگەي، بىزدەردى قورعاعاي، پاناسىنا العاي، اللا تاعالا مۇسىلمانداردى، ولاردىڭ وتباسىن، بالالارىن جانە بارشا ادام بالاسىن ءوزىنىڭ قورعان شەڭبەرىنە العاي، ينشاللا. پايعامبارىمىز «ەگەر اينالاڭدا بولعان جامان ىستەردى ەستىسەڭ، ونى قابىل ەتپەسەڭ بولعانى، سەن مىندەتتەن قۇتىلاسىڭ ءارى ساعان كۇنا جازىلمايدى، بىراق وزىڭنەن الىستا بولىپ جاتقان جامان ىستەرمەن زۇلىمدىقتاردى ەستىپ بىلگەن سوڭ "وندا نە جۇمىسىم بار دەيسىڭ، مەنىمەن قاتىسسىز" دەپ ونى ءجون كورسەڭ نەمەسە قابىل ەتسەڭ، وندا سەن وسى كۇنا ىستەۋشىلەردىڭ ساپىنان بولاسىڭ دا، ساعان اللا تاعالانىڭ جازاسى كەلەتىن بولادى ءارى اللا تاعالا ساعان اشۋلانادى.» دەيدى، ءبارىمىز بىلەمىز قازىر جاماندىق بۇكىل دۇنيەنىڭ كەزكەلگەن جەرىندە تۋىلىپ جاتىر، قاس-قاعىمدا حابارى بىزگەدە كەلىپ جاتادى، ونى ەستىگەندە «بۇل ىستەر بىزدەن الىس جاقتا بولىپ جاتىر عوي، كەلىپ-كەتەرى جوق، بىزگە ەشتەڭە بولمايدى.» دەۋشى بولما، ساق ءارى وياۋ تەتىك ءجۇر، ءار جولى ءمالىم ءبىر جاماندىق ەستي قالساڭ ونى قابىل ەتپەۋدى ۇمىتىپ قالما، ول ىستەر سەنەن تىم الىس بولىپ جاتسادا «جوق، بۇل ءبىر جامان ءىس، ىستەپ جاتقاندارى اللا تاعالاعا قارسى ىستەر، بۇنى قابىل ەتپەيمىز، ول ادام بالاسىنا جانە بارشامىزعا بىردەي جامان ءىس، لاس قىلىقتار.» دەپ ايتۋعا بورىشتىسىڭ. جاقسى-قايىرلى ىستەر دەگەنىمىز اللا تاعالانىڭ بۇيىرعاندارى، قازىر ادامزات اراسىندا قالىپسىز ادامدار توبىرى بار، ولار جامان ادامدار بولىپ، بۇكىل دۇنيەنى مەڭگەرگىسى كەلەدى، شايتانعا ۇقسايدى، ولار ءاربىر مەمىلەكەتتىڭ بيلىگىمەن ادامدارىنا قىسىم جاساۋدا، ال ادامدار بولسا ولاردان قورقا باستادى، بىراق بۇلاردان قورىقپاڭدار، اللا تاعالادان قورقىڭدار، ەگەر سەندەر ولاردان قورىقساڭدار اللا تاعالا سەندەرى جازالايتىن بولادى. بۇل ءلۇت پايعامباردىڭ باسىنان وتكەن جاعداي ەدى، لۇت ۇلتى ءلۇت پايعامباردىڭ ءتىلىن المادى، سوزىنە كونبەدى، ول كەزدە تەك قانا ءلۇت پايعامبار جانە ونىڭ اۋلەتى عانا تۋرا جولدا بولدى، ال باسقالاردىڭ بارلىعى اسا ارسىز جامان ىستەرمەن ابىگەر بولىپ جاتتى، ىستەگەندەرى وتە قالىپسىز ىستەر بولاتۇعىن، ولار تىم بۇزىق، لاس، لاستىڭ لاسى بولعان قاۋىم بولىپ، ءلۇتتىڭ ايتقانىن ەش قابىل ەتپەيدى، ءتىپتى پەرىشتەلەر ادام بەينەسىندە كەلگەندە دە ولار لاس ىستەرىن ىستەمەك بولادى، سول كەزدە ءلۇت پايعامبار قورقىپ، ادام بەينەلى پەرىشتەلەرگە «قوناقتارىم، مەن بۇل جۇرت ءۇشىن قاتتى نامىستانام.» دەيدى، پەرىشتەلەر ءلۇت پايعامبارعا «الاڭ بولما.» دەيدى، بۇل بۇزىق ازعىن قاۋىمنىڭ ادامدارى لۇتپەن ونىڭ قوناقتارى وتىرعان اراعا كەلگەندە كوزدەرى جارىلىپ كەتەدى دە، سۋ سوقىر بولادى، سونان سول اللا تاعالا ءلۇت پايعامبارعا «بۇل ارادان وتباسىڭمەن كەت، تەك ايەلىڭدى قالدىر.» دەيدى، نە ءۇشىن ايەلىنە قال دەدى؟ ول ايەلى جامان ءىس ىستەپ جاتقان جوق، بىراق ول ازعىن قاۋىمنىڭ ىسىنە قارسى ەمەس بولاتىن، سوندىقتان اللا تاعالا ونى ازعىندارمەن بىرگە جازالادى. سول ءۇشىن اللا تاعالا جازاسىن جىبەرگەندە جازالانۋشىلارمەن بىرگە بولىپ قالما، جاماندىقتى قابىل ەتپەسەڭ بولعانى، امان-ەسەن بولاسىڭ، ينشاللا، ال قازىر ولار جاماندىقتىڭ ءبارىن ىستەۋدە ءارى ولار وزدەرىن كۇشتىمىز، بىزگە ەشكىم تەڭ كەلمەيدى دەپ ويلايدى، ولار ادامداردى قيناپ قىسىمدا ۇستاۋدا، ولارعا ەشبىر ادام قارسى ءسوز ايتقان جوق، بىراق اللا تاعالا بۇعان رازى ەمەس، كىم سول جامان ادامدارعا رازى بولسا، ول سولارمەن بىرگە بولادى، ال ءبىز ونداي ادامدارعا قۋانبايمىز، ولارعا ريزا ەمەسپىز ءارى ولاردى قابىل ەتپەيمىز، اركىم ءار نارسەنى ايتا بەرەدى، بىراق ءبىز تەك اللا تاعالانىڭ ايتقاندارىن عانا قابىل ەتەمىز. ولارعا قاراما، ءتىپتى قايدا بارساڭدا ءجاي ادامدارمەن قالىپتى ادامداردا جامان ىسكە ىلىككەن، ال ءبىز ونى قابىل ەتپەيمىز، ينشاللا، اللا تاعالا ءبىزدى جامان ىستەردەن ساقتاعاي، ءوزىمىزدى، وتباسىمىزدى، اۋلەتىمىزدى، تۋىس-تۋعان جانە مۇسىلمان وتباسىلارىن سونداي جامان، ازعىن ادامداردان قورعاسىن، پاناسىنا السىن، اللا تاعالا ولاردى بىزدەن اۋلاق ەتكەي. ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا. يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا - اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى #يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=228