You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Уақыт тым таяу қалды (2022.02.21)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=227
Уақыт тым таяу қалды (2022.02.21) «Қиямет жақындады, уақыт сағаты таяу.» (құран 54:1-2) дейді алла тағала құран кәримде, қияметтің көп түрлі атауы бар, оның бірі «уақыт, сағат», уақыт жақын жатыр. Қияметтің көптеген белгілері бар, пайғамбарымыздың кезінде алла тағаланың құдіретінде пайғамбарымыздың мұғжизасымен ай екі бөлекке бөлінді, бұлда қияметтің бір белгісінен, сол кездегі жұрт соны көріп тұрсада соған сенбеген еді, ал қазір біз ақырзаман уақытына келіп жеттік, дүниенің әр жері бұрқылдап қайнап жатыр, адамдар «не болып жатыр?» деп сұрауда, алла тағала әрнәрсенің уақыт-сағатымен белгілеп қойған болып, сол нәрселер уақытымен туылуда, сағаттар жақын қалды, бұл алла тағаланың айтқандарынан, ал біз соны күтеміз, мұнда біз не істеуіміз керек? біздің істейтініміз алла тағалаға онан арман ықыласпен бұрылу, алла тағалаға тіптіде көп құлшылық ету, өтіну және алла тағалаға сену, иманды барған сайын күшейту, істейтін міндеттеріміз осы. Алла тағала белгілерін көрсетеді, бірақ адамдар оны сиқыр, оқылған жады немесе ана-мына деп долбарлап лағып кетеді, олар алла тағаланың көрсеткен белгілеріне сенбейтін болған, олар «бұлда өтіп кетеді, бітеді, соғыс болса не бопты?» дейді, соғыстар алла тағаланың қалауымен болады, қияметте соғырлым жақындай бермек, сен қиямет үшін не істедің? өзіңді оған қалай дайындадың? міне осылар маңызды, құй қала құй қалама, қиямет сөзсіз келеді, бұл жәйлі алла тағала өзі жақсы біледі әрі барлығы оның меңгеруінде, ал алла тағала сендерге қияметке дайындалуларың, ойлануларың, пайда-игіліктерге жетулерің үшін белгілерін жібереді, аят сөзі белгілер деген мағынада, сол аяттарын білдіреді, алла тағала сендердің сенулерің, дайын болуларың үшін сан түрлі қиямет белгілерін жібереді, ал адамдар анда не мұнда қашу не жүгіру жәйлі бас қатырмай, керісінше алла тағалаға қарай жүгіріп қашуы, оған бұрылуы керек, алла тағаладан көмек сұра, бұл дүниеде болып жатқан әрқандай жағдайлардан, соғыстардан не басқадан еш алаң болма, еш қорықпа, қорқарың тек бір алла тағала, алла тағаладан қорық, алла тағала осы белгілерді сендерге жіберіп көрсетуде, сонда барып сендер алла тағалаға бұрылатын боласыңдар. Қорқып шошына үрейленудің еш қажеті жоқ, қайта бұл белгілерге риза бол, қуана қабыл ет, қиямет сағаты таяғандықтан осындай сан түрлі белгілер көптеп келуде, алла тағаламен қауышар уақыт тым жақын, сондықтан біз алла тағаланың бұйырған әмірлерін атқаруға құлшынуымыз керек, ал адамдар жәйлі-рахат өмір сүрсе бұл туралы ойланып қоймайды, ақиретті тіптен есіне алмайды, әйтеу адам баласы жеңілдікпен кеңшілік ішінде жүрсе болғаны йесі алла тағаланы, пайғамбарымызды және басқа осы тектес істер жәйлі еш ойланбайтын болады, біз осы дәуірге дейін көптеген істерді, соғыстарды көрдік, оларды бастан кешірдік, әдетте соғыс уақыттарында адамдар алла тағалаға көбірек бұрылып, оған көбірек сенеді, ал ол біткен соң олар барлығын ұмытады да нәпсілеріне еріп кетеді, бұрынғы істерден санасында ештеңе қалмайды, бірақ бірдеме туылып іс бола қалса «о алла» деп шырылдайды, шыңғырады, ботадай боздайды, көз жасын сығады-төгеді, ал ештеңе болмаса, тағы сол ессіз күйіне қайтып, түк білмегендей боп жүре береді, бірақ біз алла тағаланы ұдайы еске алып жүруіміз керек, қазір дүние былығып тұр, сонда не болмақ? ештеңе жоқ, бәрі жақсы болмақ, алла тағаланың айтқаны туылады, сол болады, ештеңеден қорықпа, алаң болма. Бисмилахир рахмхамир рахим, алла тағала құранда «уақыт таяды, жақындай бермек, ай жарым-жарымнан екіге бөлінді.» (құран 54:1-2) дейді, пайғамбарымыздың айды бөлу мұғжизасы мединаға келуден бұрын меккеде туылған еді, сол кездегі мүшіріктер адамдарды пайғамбарымызға сендірмеу үшін пайғамбарымызға қарсы көптеген әурешіліктермен қиын істерді жасуға барынша күш салатын. Сол кездегі мүшірік кәпірлердің бірі «о, мына толған айға қарашы, егер сен осы айды жарып екіге бөле алсаң, біз саған сенеміз.» дейді, алла тағала болса пайғамбарымызға айды қолындағы аса таяғымен бөлу мұғжизасын жасауға рұқсат береді, пайғамбарымыз осы мұғжизаны жасағанда ай екіге жарты-жартыдан бөлініп қалады, адамдар болса осыны өз көздерімен көріп тұрды да «бұндай болуы мүмкін емес, ол сиқырлық жасады, ол сиқыршы, бұны сиқырмен жасады.» деп айтты, алайда кейін басқа алыс жақтан келген адамдар «біз өте бір ғажайып іс көрдік, айдың екіге бөлінгеін көрдік, бұл қалай болған?» деп айтып келді, егер сол сиқыр болса меккедегі сол адамдар ғана көрер еді, ал басқа жақтағы адамдардың айдың бөлінгенін көргені айдың бөлінуы пайғамбарымыздың мұғжизаларынан екендігін, қияметтің белгілерінен екендігін білдіреді, ол қайта тірліу күнінен бір белгі, қиямет яғни яумил қиямет жақын, ол барған сайын бізге жақындап келеді. Бұл «соңғы күннің» көп белгілерінің бір белгісінен, ал қазіргі кезіміз оған тіптіде таяу, оған барған сайын жуықтап келеміз, біз сол кезге жақын қалған ақырзаман атты дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Көптеген адамдар «енді не істейміз?» деп сұрап жатады, олар «онда-мұнда соғыстар болуда, адамдар үлкен соғыстан қорқып жатыр.» дейді, ох, алаң болма, бұл үлкен соғыс туылады, себебі бұлда иман келтіргендерге көрінген белгілерден, олар туылған істің бәріне риза болуы керек, осындай белгілер көрінгенде уақыттың тым таяй бермек, қазір ақырзаман болғандықтан біз осы істерді көріп отырмыз, бүкіл дүние әлі зұлымдыққа толатын болады, біз бұларды көріп отырмыз, тіпті көп жағдайда көздеріңмен көріп отырған адамдарды тыныш-бейбіт адамдар деп ойлайсыңдар, бірақ шындығында олар басқа адамдарға олардың діні, түсі және тағы басқа толып жатқан нәрселері үшін зұлымды жасауда, сондықтан осы болып жатқан барлық зұлымдықтарды түгелдей жоятын мәлім істер алда келе жатыр, ал біздің күтіп отырғанымызда сол істер, ол ... Бұдан қорықпаңдар, әр жолы соғыс немесе басқа істердің туылып тұруы қалыпты іс, осы жасымызға дейін көптеген соғыстарды көрдік, әр жердегі соғыстарды бастан кешірдік, аманбыз, соғыс немесе үрей көп болған жерде адамдардың иманы үйіріліп ақиретті көп еске алады, жаратушы йесі алла тағаланы, пайғамбарымызды және дінін көптеп есіне алады, ол хақында көп ойланады, олар «о, алла маған жәрдем бер.» дейді, дұға жасайды, қолынан келетінін істеп бағады. Алайда адамдар ештеме болмай, бейбіт-жақсы, барлығы дайын тұрған өмір болса, олар дереу барлығын ұмытып, тек нәпсілерімен қызықтың артына еріп кетеді, дұғасы, намазы бәрі қалады, ештеңе істемейді, ал соғыс немесе қиыншылық бола қалса, олар тағы айналып келіп құдайын есіне алады, сондықтан қазір не кейін не болмақ, одан еш қорықпай, алаң қылмай жүре бер, әр нәрсе алла тағаланың қалауымен туылады, оған сендер ештеңе істей алмайсыңдар. Ешқашан алла тағаланың қалауына қарсы болма, ал алла тағаланың қалауымен жүрсең бақытты-көңілді боласың, аманшылықта, торығусыздықта, алаңсыздықта сонда жатыр, ештеңе келмейді, бұлар алла тағаланың қалауы, біз алла тағаланың қалауына ризамыз, алхамдұлилла, біз алла тағаланың қалауымен бірге жүреміз, біз аман болып жеңіске жету үшін әрдайым алла тағаламен бірге болуымыз керек. « ... олар жеңіске жетушілер» (құран 9:88), «ал бұлар жеңіліске ұшыраушылар.» (құран 8:37) делінеді, жеңілске ұшыраушылар - алла тағаланың қалауына қарсылар. Біз қазір ақырзаманда өмір сүріп жатырмыз, ештеңеден қорықпа, алаң болма, егер шын мүмин, шын иман келтіруші болсаң қуанып жүруің керек, бұл істер мүминдерге, бізге қайырлы болады, әлхамдұлилла, пайғамбарымыз «әрқандай туылған істің барлығы мүминдер яғни шын инанғандар үшін жақсы болады.» дейді. Алла тағала бізге мол иман, зор бақыт силағай, иншалла, және көп қуат бергей. Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха. Исламбол (Станбул), Түркия - Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы #ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф http://www.fb.com/tanirtaw ۋاقىت تىم تاياۋ قالدى (2022.02.21) «قيامەت جاقىندادى، ۋاقىت ساعاتى تاياۋ.» (قۇران 54:1-2) دەيدى اللا تاعالا قۇران كاريمدە، قيامەتتىڭ كوپ ءتۇرلى اتاۋى بار، ونىڭ ءبىرى «ۋاقىت، ساعات»، ۋاقىت جاقىن جاتىر. قيامەتتىڭ كوپتەگەن بەلگىلەرى بار، پايعامبارىمىزدىڭ كەزىندە اللا تاعالانىڭ قۇدىرەتىندە پايعامبارىمىزدىڭ مۇعجيزاسىمەن اي ەكى بولەككە ءبولىندى، بۇلدا قيامەتتىڭ ءبىر بەلگىسىنەن، سول كەزدەگى جۇرت سونى كورىپ تۇرسادا سوعان سەنبەگەن ەدى، ال قازىر ءبىز اقىرزامان ۋاقىتىنا كەلىپ جەتتىك، دۇنيەنىڭ ءار جەرى بۇرقىلداپ قايناپ جاتىر، ادامدار «نە بولىپ جاتىر؟» دەپ سۇراۋدا، اللا تاعالا ارنارسەنىڭ ۋاقىت-ساعاتىمەن بەلگىلەپ قويعان بولىپ، سول نارسەلەر ۋاقىتىمەن تۋىلۋدا، ساعاتتار جاقىن قالدى، بۇل اللا تاعالانىڭ ايتقاندارىنان، ال ءبىز سونى كۇتەمىز، مۇندا ءبىز نە ىستەۋىمىز كەرەك؟ ءبىزدىڭ ىستەيتىنىمىز اللا تاعالاعا ونان ارمان ىقىلاسپەن بۇرىلۋ، اللا تاعالاعا تىپتىدە كوپ قۇلشىلىق ەتۋ، ءوتىنۋ جانە اللا تاعالاعا سەنۋ، يماندى بارعان سايىن كۇشەيتۋ، ىستەيتىن مىندەتتەرىمىز وسى. اللا تاعالا بەلگىلەرىن كورسەتەدى، بىراق ادامدار ونى سيقىر، وقىلعان جادى نەمەسە انا-مىنا دەپ دولبارلاپ لاعىپ كەتەدى، ولار اللا تاعالانىڭ كورسەتكەن بەلگىلەرىنە سەنبەيتىن بولعان، ولار «بۇلدا ءوتىپ كەتەدى، بىتەدى، سوعىس بولسا نە بوپتى؟» دەيدى، سوعىستار اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن بولادى، قيامەتتە سوعىرلىم جاقىنداي بەرمەك، سەن قيامەت ءۇشىن نە ىستەدىڭ؟ ءوزىڭدى وعان قالاي دايىندادىڭ؟ مىنە وسىلار ماڭىزدى، قۇي قالا قۇي قالاما، قيامەت ءسوزسىز كەلەدى، بۇل ءجايلى اللا تاعالا ءوزى جاقسى بىلەدى ءارى بارلىعى ونىڭ مەڭگەرۋىندە، ال اللا تاعالا سەندەرگە قيامەتكە دايىندالۋلارىڭ، ويلانۋلارىڭ، پايدا-يگىلىكتەرگە جەتۋلەرىڭ ءۇشىن بەلگىلەرىن جىبەرەدى، ايات ءسوزى بەلگىلەر دەگەن ماعىنادا، سول اياتتارىن بىلدىرەدى، اللا تاعالا سەندەردىڭ سەنۋلەرىڭ، دايىن بولۋلارىڭ ءۇشىن سان ءتۇرلى قيامەت بەلگىلەرىن جىبەرەدى، ال ادامدار اندا نە مۇندا قاشۋ نە جۇگىرۋ ءجايلى باس قاتىرماي، كەرىسىنشە اللا تاعالاعا قاراي جۇگىرىپ قاشۋى، وعان بۇرىلۋى كەرەك، اللا تاعالادان كومەك سۇرا، بۇل دۇنيەدە بولىپ جاتقان ارقانداي جاعدايلاردان، سوعىستاردان نە باسقادان ەش الاڭ بولما، ەش قورىقپا، قورقارىڭ تەك ءبىر اللا تاعالا، اللا تاعالادان قورىق، اللا تاعالا وسى بەلگىلەردى سەندەرگە جىبەرىپ كورسەتۋدە، سوندا بارىپ سەندەر اللا تاعالاعا بۇرىلاتىن بولاسىڭدار. قورقىپ شوشىنا ۇرەيلەنۋدىڭ ەش قاجەتى جوق، قايتا بۇل بەلگىلەرگە ريزا بول، قۋانا قابىل ەت، قيامەت ساعاتى تاياعاندىقتان وسىنداي سان ءتۇرلى بەلگىلەر كوپتەپ كەلۋدە، اللا تاعالامەن قاۋىشار ۋاقىت تىم جاقىن، سوندىقتان ءبىز اللا تاعالانىڭ بۇيىرعان امىرلەرىن اتقارۋعا قۇلشىنۋىمىز كەرەك، ال ادامدار ءجايلى-راحات ءومىر سۇرسە بۇل تۋرالى ويلانىپ قويمايدى، اقيرەتتى تىپتەن ەسىنە المايدى، ايتەۋ ادام بالاسى جەڭىلدىكپەن كەڭشىلىك ىشىندە جۇرسە بولعانى يەسى اللا تاعالانى، پايعامبارىمىزدى جانە باسقا وسى تەكتەس ىستەر ءجايلى ەش ويلانبايتىن بولادى، ءبىز وسى داۋىرگە دەيىن كوپتەگەن ىستەردى، سوعىستاردى كوردىك، ولاردى باستان كەشىردىك، ادەتتە سوعىس ۋاقىتتارىندا ادامدار اللا تاعالاعا كوبىرەك بۇرىلىپ، وعان كوبىرەك سەنەدى، ال ول بىتكەن سوڭ ولار بارلىعىن ۇمىتادى دا ناپسىلەرىنە ەرىپ كەتەدى، بۇرىنعى ىستەردەن ساناسىندا ەشتەڭە قالمايدى، بىراق بىردەمە تۋىلىپ ءىس بولا قالسا «و اللا» دەپ شىرىلدايدى، شىڭعىرادى، بوتاداي بوزدايدى، كوز جاسىن سىعادى-توگەدى، ال ەشتەڭە بولماسا، تاعى سول ەسسىز كۇيىنە قايتىپ، تۇك بىلمەگەندەي بوپ جۇرە بەرەدى، بىراق ءبىز اللا تاعالانى ۇدايى ەسكە الىپ ءجۇرۋىمىز كەرەك، قازىر دۇنيە بىلىعىپ تۇر، سوندا نە بولماق؟ ەشتەڭە جوق، ءبارى جاقسى بولماق، اللا تاعالانىڭ ايتقانى تۋىلادى، سول بولادى، ەشتەڭەدەن قورىقپا، الاڭ بولما. بيسميلاحير راحمحامير راحيم، اللا تاعالا قۇراندا «ۋاقىت تايادى، جاقىنداي بەرمەك، اي جارىم-جارىمنان ەكىگە ءبولىندى.» (قۇران 54:1-2) دەيدى، پايعامبارىمىزدىڭ ايدى ءبولۋ مۇعجيزاسى مەديناعا كەلۋدەن بۇرىن مەككەدە تۋىلعان ەدى، سول كەزدەگى مۇشىرىكتەر ادامداردى پايعامبارىمىزعا سەندىرمەۋ ءۇشىن پايعامبارىمىزعا قارسى كوپتەگەن اۋرەشىلىكتەرمەن قيىن ىستەردى جاسۋعا بارىنشا كۇش سالاتىن. سول كەزدەگى مۇشىرىك كاپىرلەردىڭ ءبىرى «و، مىنا تولعان ايعا قاراشى، ەگەر سەن وسى ايدى جارىپ ەكىگە بولە الساڭ، ءبىز ساعان سەنەمىز.» دەيدى، اللا تاعالا بولسا پايعامبارىمىزعا ايدى قولىنداعى اسا تاياعىمەن ءبولۋ مۇعجيزاسىن جاساۋعا رۇقسات بەرەدى، پايعامبارىمىز وسى مۇعجيزانى جاساعاندا اي ەكىگە جارتى-جارتىدان ءبولىنىپ قالادى، ادامدار بولسا وسىنى ءوز كوزدەرىمەن كورىپ تۇردى دا «بۇنداي بولۋى مۇمكىن ەمەس، ول سيقىرلىق جاسادى، ول سيقىرشى، بۇنى سيقىرمەن جاسادى.» دەپ ايتتى، الايدا كەيىن باسقا الىس جاقتان كەلگەن ادامدار «ءبىز وتە ءبىر عاجايىپ ءىس كوردىك، ايدىڭ ەكىگە بولىنگەىن كوردىك، بۇل قالاي بولعان؟» دەپ ايتىپ كەلدى، ەگەر سول سيقىر بولسا مەككەدەگى سول ادامدار عانا كورەر ەدى، ال باسقا جاقتاعى ادامداردىڭ ايدىڭ بولىنگەنىن كورگەنى ايدىڭ ءبولىنۋى پايعامبارىمىزدىڭ مۇعجيزالارىنان ەكەندىگىن، قيامەتتىڭ بەلگىلەرىنەن ەكەندىگىن بىلدىرەدى، ول قايتا ءتىرلىۋ كۇنىنەن ءبىر بەلگى، قيامەت ياعني ياۋميل قيامەت جاقىن، ول بارعان سايىن بىزگە جاقىنداپ كەلەدى. بۇل «سوڭعى كۇننىڭ» كوپ بەلگىلەرىنىڭ ءبىر بەلگىسىنەن، ال قازىرگى كەزىمىز وعان تىپتىدە تاياۋ، وعان بارعان سايىن جۋىقتاپ كەلەمىز، ءبىز سول كەزگە جاقىن قالعان اقىرزامان اتتى داۋىردە ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز. كوپتەگەن ادامدار «ەندى نە ىستەيمىز؟» دەپ سۇراپ جاتادى، ولار «وندا-مۇندا سوعىستار بولۋدا، ادامدار ۇلكەن سوعىستان قورقىپ جاتىر.» دەيدى، وح، الاڭ بولما، بۇل ۇلكەن سوعىس تۋىلادى، سەبەبى بۇلدا يمان كەلتىرگەندەرگە كورىنگەن بەلگىلەردەن، ولار تۋىلعان ءىستىڭ بارىنە ريزا بولۋى كەرەك، وسىنداي بەلگىلەر كورىنگەندە ۋاقىتتىڭ تىم تاياي بەرمەك، قازىر اقىرزامان بولعاندىقتان ءبىز وسى ىستەردى كورىپ وتىرمىز، بۇكىل دۇنيە ءالى زۇلىمدىققا تولاتىن بولادى، ءبىز بۇلاردى كورىپ وتىرمىز، ءتىپتى كوپ جاعدايدا كوزدەرىڭمەن كورىپ وتىرعان ادامداردى تىنىش-بەيبىت ادامدار دەپ ويلايسىڭدار، بىراق شىندىعىندا ولار باسقا ادامدارعا ولاردىڭ ءدىنى، ءتۇسى جانە تاعى باسقا تولىپ جاتقان نارسەلەرى ءۇشىن زۇلىمدى جاساۋدا، سوندىقتان وسى بولىپ جاتقان بارلىق زۇلىمدىقتاردى تۇگەلدەي جوياتىن ءمالىم ىستەر الدا كەلە جاتىر، ال ءبىزدىڭ كۇتىپ وتىرعانىمىزدا سول ىستەر، ول ... بۇدان قورىقپاڭدار، ءار جولى سوعىس نەمەسە باسقا ىستەردىڭ تۋىلىپ تۇرۋى قالىپتى ءىس، وسى جاسىمىزعا دەيىن كوپتەگەن سوعىستاردى كوردىك، ءار جەردەگى سوعىستاردى باستان كەشىردىك، امانبىز، سوعىس نەمەسە ۇرەي كوپ بولعان جەردە ادامداردىڭ يمانى ءۇيىرىلىپ اقيرەتتى كوپ ەسكە الادى، جاراتۋشى يەسى اللا تاعالانى، پايعامبارىمىزدى جانە ءدىنىن كوپتەپ ەسىنە الادى، ول حاقىندا كوپ ويلانادى، ولار «و، اللا ماعان جاردەم بەر.» دەيدى، دۇعا جاسايدى، قولىنان كەلەتىنىن ىستەپ باعادى. الايدا ادامدار ەشتەمە بولماي، بەيبىت-جاقسى، بارلىعى دايىن تۇرعان ءومىر بولسا، ولار دەرەۋ بارلىعىن ۇمىتىپ، تەك ناپسىلەرىمەن قىزىقتىڭ ارتىنا ەرىپ كەتەدى، دۇعاسى، نامازى ءبارى قالادى، ەشتەڭە ىستەمەيدى، ال سوعىس نەمەسە قيىنشىلىق بولا قالسا، ولار تاعى اينالىپ كەلىپ قۇدايىن ەسىنە الادى، سوندىقتان قازىر نە كەيىن نە بولماق، ودان ەش قورىقپاي، الاڭ قىلماي جۇرە بەر، ءار نارسە اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن تۋىلادى، وعان سەندەر ەشتەڭە ىستەي المايسىڭدار. ەشقاشان اللا تاعالانىڭ قالاۋىنا قارسى بولما، ال اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن جۇرسەڭ باقىتتى-كوڭىلدى بولاسىڭ، امانشىلىقتا، تورىعۋسىزدىقتا، الاڭسىزدىقتا سوندا جاتىر، ەشتەڭە كەلمەيدى، بۇلار اللا تاعالانىڭ قالاۋى، ءبىز اللا تاعالانىڭ قالاۋىنا ريزامىز، الحامدۇليللا، ءبىز اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن بىرگە جۇرەمىز، ءبىز امان بولىپ جەڭىسكە جەتۋ ءۇشىن ءاردايىم اللا تاعالامەن بىرگە بولۋىمىز كەرەك. « ... ولار جەڭىسكە جەتۋشىلەر» (قۇران 9:88)، «ال بۇلار جەڭىلىسكە ۇشىراۋشىلار.» (قۇران 8:37) دەلىنەدى، جەڭىلسكە ۇشىراۋشىلار - اللا تاعالانىڭ قالاۋىنا قارسىلار. ءبىز قازىر اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ەشتەڭەدەن قورىقپا، الاڭ بولما، ەگەر شىن ءمۇمين، شىن يمان كەلتىرۋشى بولساڭ قۋانىپ ءجۇرۋىڭ كەرەك، بۇل ىستەر مۇميندەرگە، بىزگە قايىرلى بولادى، ءالحامدۇليللا، پايعامبارىمىز «ارقانداي تۋىلعان ءىستىڭ بارلىعى مۇميندەر ياعني شىن ينانعاندار ءۇشىن جاقسى بولادى.» دەيدى. اللا تاعالا بىزگە مول يمان، زور باقىت سيلاعاي، ينشاللا، جانە كوپ قۋات بەرگەي. ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا. يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا - اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى #يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=227