You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Мұсылман болғаныңды мақтан тұт (2022.02.20)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=226
Мұсылман болғаныңды мақтан тұт (2022.02.20) Алла тағала қасиетті құран кәримде «кішпейілділік әдемі нәрсе, мүминдер ара кішпейіл болыңдар, кішпейілділік көрсетіңдер.» дейді, кәпірлермен де жақсы әдеп сақта, бірақ киген киіміңе, дініңе немесе басқа нәрселерге қатысты олардан өзіңді ешқашан төмен көрме, бұл алла тағаланың бұйырғандарынан, сен олардан әлде қайда үстемсің. Кей мұсылмандар «олар бізден дамыған, бізден бәлені көп немесе түгілені көп» деп мұсылман болғанын тәп бір күнәдай көріп кемшілік іздейді, ал алла тағала бізге кішпейілділікпен ақиқатты шатастырып алмауды ескертеді, сен кішпейілділік көрсетуіңе болады, бірақ ақиқат туралы тақырыпқа келгенде кәпірлер жоғары көрілуге мүлдем татымайды. «Мен солардай болған болсам, солардай болсақ.» деген сияқты сөздерді айтушы болма, себебі алла тағала саған берген нығыметті оларға бермеді, шын иманды адамдар ешқашан өздерін дүниелік нәрселерден төмен ұстамаған, кімде кім өздерін дүниеден төмен көрсе ол расында төмен нашар адам, мұсылмандар ешқашан төмен болмайды, кәпірлер ең төмен, имансыздар ең төмен. Бұл біздің өз сөзіміз емес, бірақ бұл алла тағаланың өз хақ сөзі, сендер яғни иман келтіргендер төмен емессіңдер, жоғарысыңдар «әнтұму лалаун». Мұсылмандар өз кемшіліктерін (дүниелік жақтағы) тізбелеп кәпірлермен салыстырып жатады, бұндай істемеңдер, бұны істеу имандағы әлсіздіктеріңді көрсетеді, сен хақ жолдасың, хақты сойлейсің, хақпен біргесің, алла тағала сені сүйеді, алла тағала сені таңдап саған (иман) нығыметін берді, алла өзі сақтасын, жан-жағыңа қарасаң өте көп санды адамдарда бұндай нығымет жоқ, ал бұл нығыметке йе еместердің алла тағаланың алдында ешбір құны жоқ, олар түкке татымайды, бұндағы ең маңызды нәрсе алла тағаланың алдында құның бар пенде болуың-дүр, бұл өте маңызды, көп адам осыны тани білмейді де, оны кішпейілділік деп жаңылып атап жүр, кішпейілділік жақсы, жәй адамдар саған ештеңе етпесе, оларғада жақсы қарап, олармен жақсы шығысқан жөн, бұл жақсы әдеп, бірақ олар өздерін жоғары санап кердеңдесе, сен өзіңді олардан төмендетпе, бұлай етпе, сен туралықтасың, егер олар өздерін жоғары санағысы келсе, солай жүре берсін, оған жол ашық, әркімге де де солай. Қазіргі адамдар басқалардың жақсы бір нәрсесін көрсе, оған деру шабуыл жасайды, ал шабуылға ұшыраушы адам не болғанын түсінбей қорқып қалады, қорықпа, хаққа шабуыл жасаушылар төмендер, сендер жоғарысыңдар, ешнәрседен қорықпа, ат төбеліндей аз топтың сендерді немесе бүкіл ұмбетке әмір жүргізерлік ұқығы жоқ, олар құнсыздар, нарқы жоқтар, алла тағала хақты түсініуге және оған амал ете білуге нәсіп еткей, мұсылман болғаның үшін, тәриқатта болғаның үшін өзіңді олардан төмен көрме, олар жек көрсе көре берсін, олармен сөйлесіп айтысудың қажеті жоқ, тек өзіңмен болда алға тарта бер, сонымен бірге біз алла тағалаға шүкірлік етуіміз керек, себебі йеміз бізді өзінің иман келтірген пенделерінен етті, бізді өз құзіретінде жоғарылардан етті, биік етті, алла тағала осы нығыметтерін бізге баянды еткей. Алла тағала құран кәримде «өзіңді (олардан) төмендетпе, өзіңді төмен көрме, қайғырма, егер иман келтірген мүмин-мүминин болсаң болғаны сен (адамзаттың ішіндегі) ең жоғарысысың.» (құран 3:139) дейді, сондықтан мүмин болсаң сен жоғарысың, өзіңді бәлендей төмен ойлама ... бірақ әрине кішпейіл бол, ол жақсы іс, иман келтіргендерге, мүминдерге кішпейіл мүләйім бол, басқаларға да әрине кішпейіл бол, бірақ оныңда шегі бар, адамдармен достармен не басқалармен болсын жақсы байланыс болуы үшін кішпейіл бол, бұнда тұрған ештеңе жоқ, алайда иман істеріне келгенде өзіңді төмендетпе немесе басқаларға өзіңді төмен санатпа әрі өзгені ондай ойға жетелеме, жоқ, бұндайда сен жоғарысың, төмендер дегеніміз имансыздар, жаман іс істеушілер, міне осылар төмен адамдар болмақ. Алла тағаланың илаһи құзіретінде ең жоғары адамдар - имандылар яғни мүминдер, алла тағала оларға иманды риздық етіп беріп, мүмин етті, сондықтан сендер иман келтірушілер, мүминдер болғандықтарыңды мақтан тұтуларың керек, ұялып тартынба, «мен мұсылманмын, ох, мен мұсылман болғаныма ұялам.» демеңдер, жоқ, қорықпа, тартынба сендер ең жоғарысыңдар, олардан әлдеқайда жоғарысыңдар әрі үстемсіңдер. Кім қорқуға, ұятты болуға тисті? әрине кәпірлер, имансыздар және жамандық істеп жүргендер. Қазір осындай адамдар жер бетінде қаптап кетті, олар мүминдерге, адами жолға ілескен жақсы адамдарға үнемі шабуыл жасап тисіп жатыр әрі тынбай шабуылдауда, ал олардың бұл шабуылына ұшыраған кейбіреулері қорқып ештеңе дей алмай қалған, тіпті қазір олар осы төмен адамдармен келісуге дейін барған, бұндай өздерін сендерден жақсы санайтын төмен адамдарға алданбаңдар, жоқ олай емес, ең жақсы адамдар олар мүминдер, бұл жаратушы йеміз алла тағаланың өз сөзі, алла тағала «егер мүмин болсаң, сен ең жоғарысың.» дейді. Әрине имансыздардың, кәпірлердің сан түрлісі бар, көптеген жұрт оларды жақсы көрмейді, бірақ адамдар оларға бірдеме деуден қорқады. Қазір ең төмен адамдар, төменнің төмені болған адамдар бүкіл дүниені меңгеріп тұр әрі олар әр жерге әр мемілекетке қанат жәйіп тарағысы келеді, ал кім олардың бұнысына тосқыдық жасаса олар соған қарсы мәселелер тудырып, ол жәйлі жаман сөздер, өтірік хабарлар таратады, кері сөйлейді. Алайда біз алла тағаламен біргеміз, біз олардан қорықпаймыз, оларға еш кішілік танытпаймыз, біз мұсылман болғандығымызға мақтанып, асқақтап жүруіміз керек, алхамдұлиллах, бізде шәриғат бар, тәриқат бар, бізде бәрі бар, алла тағала осындай жақсы нәрселерді бізге берді, алаң болма ... бей-мұсылман мемілекеттерде өмір сүріп жатқан көптеген мұсылмандар бар болып, олар кейде өздерін сол елдегілерден төмен сезінеді, бұлай етпе, сендер алла тағаланың қасиетті құзіретінде әлде қайда жақсысыңдар, адамдарға қарама, бірақ қандай нәрселер ең жақсы, соған ой жүгірт, алла тағалаға қара, оның илаһи-қасиетті құзіретінде ең жақсы нәрселер не нәрселер, соған қара, соны ізде, алла тағала біздерді осы ең жоғары дәреже- мақамдарға жеткізгей, иншалла. Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха. Исламбол (Станбул), Түркия - Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы #ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф http://www.fb.com/tanirtaw مۇسىلمان بولعانىڭدى ماقتان تۇت (2022.02.20) اللا تاعالا قاسيەتتى قۇران كاريمدە «كىشپەيىلدىلىك ادەمى نارسە، مۇميندەر ارا كىشپەيىل بولىڭدار، كىشپەيىلدىلىك كورسەتىڭدەر.» دەيدى، كاپىرلەرمەن دە جاقسى ادەپ ساقتا، بىراق كيگەن كيىمىڭە، دىنىڭە نەمەسە باسقا نارسەلەرگە قاتىستى ولاردان ءوزىڭدى ەشقاشان تومەن كورمە، بۇل اللا تاعالانىڭ بۇيىرعاندارىنان، سەن ولاردان الدە قايدا ۇستەمسىڭ. كەي مۇسىلماندار «ولار بىزدەن دامىعان، بىزدەن بالەنى كوپ نەمەسە تۇگىلەنى كوپ» دەپ مۇسىلمان بولعانىن ءتاپ ءبىر كۇناداي كورىپ كەمشىلىك ىزدەيدى، ال اللا تاعالا بىزگە كىشپەيىلدىلىكپەن اقيقاتتى شاتاستىرىپ الماۋدى ەسكەرتەدى، سەن كىشپەيىلدىلىك كورسەتۋىڭە بولادى، بىراق اقيقات تۋرالى تاقىرىپقا كەلگەندە كاپىرلەر جوعارى كورىلۋگە مۇلدەم تاتىمايدى. «مەن سولارداي بولعان بولسام، سولارداي بولساق.» دەگەن سياقتى سوزدەردى ايتۋشى بولما، سەبەبى اللا تاعالا ساعان بەرگەن نىعىمەتتى ولارعا بەرمەدى، شىن يماندى ادامدار ەشقاشان وزدەرىن دۇنيەلىك نارسەلەردەن تومەن ۇستاماعان، كىمدە كىم وزدەرىن دۇنيەدەن تومەن كورسە ول راسىندا تومەن ناشار ادام، مۇسىلماندار ەشقاشان تومەن بولمايدى، كاپىرلەر ەڭ تومەن، يمانسىزدار ەڭ تومەن. بۇل ءبىزدىڭ ءوز ءسوزىمىز ەمەس، بىراق بۇل اللا تاعالانىڭ ءوز حاق ءسوزى، سەندەر ياعني يمان كەلتىرگەندەر تومەن ەمەسسىڭدەر، جوعارىسىڭدار «ءانتۇمۋ لالاۋن». مۇسىلماندار ءوز كەمشىلىكتەرىن (دۇنيەلىك جاقتاعى) تىزبەلەپ كاپىرلەرمەن سالىستىرىپ جاتادى، بۇنداي ىستەمەڭدەر، بۇنى ىستەۋ يمانداعى السىزدىكتەرىڭدى كورسەتەدى، سەن حاق جولداسىڭ، حاقتى سويلەيسىڭ، حاقپەن بىرگەسىڭ، اللا تاعالا سەنى سۇيەدى، اللا تاعالا سەنى تاڭداپ ساعان (يمان) نىعىمەتىن بەردى، اللا ءوزى ساقتاسىن، جان-جاعىڭا قاراساڭ وتە كوپ ساندى ادامداردا بۇنداي نىعىمەت جوق، ال بۇل نىعىمەتكە يە ەمەستەردىڭ اللا تاعالانىڭ الدىندا ەشبىر قۇنى جوق، ولار تۇككە تاتىمايدى، بۇنداعى ەڭ ماڭىزدى نارسە اللا تاعالانىڭ الدىندا قۇنىڭ بار پەندە بولۋىڭ-ءدۇر، بۇل وتە ماڭىزدى، كوپ ادام وسىنى تاني بىلمەيدى دە، ونى كىشپەيىلدىلىك دەپ جاڭىلىپ اتاپ ءجۇر، كىشپەيىلدىلىك جاقسى، ءجاي ادامدار ساعان ەشتەڭە ەتپەسە، ولارعادا جاقسى قاراپ، ولارمەن جاقسى شىعىسقان ءجون، بۇل جاقسى ادەپ، بىراق ولار وزدەرىن جوعارى ساناپ كەردەڭدەسە، سەن ءوزىڭدى ولاردان تومەندەتپە، بۇلاي ەتپە، سەن تۋرالىقتاسىڭ، ەگەر ولار وزدەرىن جوعارى ساناعىسى كەلسە، سولاي جۇرە بەرسىن، وعان جول اشىق، اركىمگە دە دە سولاي. قازىرگى ادامدار باسقالاردىڭ جاقسى ءبىر نارسەسىن كورسە، وعان دەرۋ شابۋىل جاسايدى، ال شابۋىلعا ۇشىراۋشى ادام نە بولعانىن تۇسىنبەي قورقىپ قالادى، قورىقپا، حاققا شابۋىل جاساۋشىلار تومەندەر، سەندەر جوعارىسىڭدار، ەشنارسەدەن قورىقپا، ات توبەلىندەي از توپتىڭ سەندەردى نەمەسە بۇكىل ۇمبەتكە ءامىر جۇرگىزەرلىك ۇقىعى جوق، ولار قۇنسىزدار، نارقى جوقتار، اللا تاعالا حاقتى تۇسىنىۋگە جانە وعان امال ەتە بىلۋگە ءناسىپ ەتكەي، مۇسىلمان بولعانىڭ ءۇشىن، تاريقاتتا بولعانىڭ ءۇشىن ءوزىڭدى ولاردان تومەن كورمە، ولار جەك كورسە كورە بەرسىن، ولارمەن سويلەسىپ ايتىسۋدىڭ قاجەتى جوق، تەك وزىڭمەن بولدا العا تارتا بەر، سونىمەن بىرگە ءبىز اللا تاعالاعا شۇكىرلىك ەتۋىمىز كەرەك، سەبەبى يەمىز ءبىزدى ءوزىنىڭ يمان كەلتىرگەن پەندەلەرىنەن ەتتى، ءبىزدى ءوز قۇزىرەتىندە جوعارىلاردان ەتتى، بيىك ەتتى، اللا تاعالا وسى نىعىمەتتەرىن بىزگە باياندى ەتكەي. اللا تاعالا قۇران كاريمدە «ءوزىڭدى (ولاردان) تومەندەتپە، ءوزىڭدى تومەن كورمە، قايعىرما، ەگەر يمان كەلتىرگەن ءمۇمين-ءمۇمينين بولساڭ بولعانى سەن (ادامزاتتىڭ ىشىندەگى) ەڭ جوعارىسىسىڭ.» (قۇران 3:139) دەيدى، سوندىقتان ءمۇمين بولساڭ سەن جوعارىسىڭ، ءوزىڭدى بالەندەي تومەن ويلاما ... بىراق ارينە كىشپەيىل بول، ول جاقسى ءىس، يمان كەلتىرگەندەرگە، مۇميندەرگە كىشپەيىل ءمۇلايىم بول، باسقالارعا دا ارينە كىشپەيىل بول، بىراق ونىڭدا شەگى بار، ادامدارمەن دوستارمەن نە باسقالارمەن بولسىن جاقسى بايلانىس بولۋى ءۇشىن كىشپەيىل بول، بۇندا تۇرعان ەشتەڭە جوق، الايدا يمان ىستەرىنە كەلگەندە ءوزىڭدى تومەندەتپە نەمەسە باسقالارعا ءوزىڭدى تومەن ساناتپا ءارى وزگەنى ونداي ويعا جەتەلەمە، جوق، بۇندايدا سەن جوعارىسىڭ، تومەندەر دەگەنىمىز يمانسىزدار، جامان ءىس ىستەۋشىلەر، مىنە وسىلار تومەن ادامدار بولماق. اللا تاعالانىڭ يلاھي قۇزىرەتىندە ەڭ جوعارى ادامدار - يماندىلار ياعني مۇميندەر، اللا تاعالا ولارعا يماندى ريزدىق ەتىپ بەرىپ، ءمۇمين ەتتى، سوندىقتان سەندەر يمان كەلتىرۋشىلەر، مۇميندەر بولعاندىقتارىڭدى ماقتان تۇتۋلارىڭ كەرەك، ۇيالىپ تارتىنبا، «مەن مۇسىلمانمىن، وح، مەن مۇسىلمان بولعانىما ۇيالام.» دەمەڭدەر، جوق، قورىقپا، تارتىنبا سەندەر ەڭ جوعارىسىڭدار، ولاردان الدەقايدا جوعارىسىڭدار ءارى ۇستەمسىڭدەر. كىم قورقۋعا، ۇياتتى بولۋعا ءتيستى؟ ارينە كاپىرلەر، يمانسىزدار جانە جاماندىق ىستەپ جۇرگەندەر. قازىر وسىنداي ادامدار جەر بەتىندە قاپتاپ كەتتى، ولار مۇميندەرگە، ادامي جولعا ىلەسكەن جاقسى ادامدارعا ۇنەمى شابۋىل جاساپ ءتيسىپ جاتىر ءارى تىنباي شابۋىلداۋدا، ال ولاردىڭ بۇل شابۋىلىنا ۇشىراعان كەيبىرەۋلەرى قورقىپ ەشتەڭە دەي الماي قالعان، ءتىپتى قازىر ولار وسى تومەن ادامدارمەن كەلىسۋگە دەيىن بارعان، بۇنداي وزدەرىن سەندەردەن جاقسى سانايتىن تومەن ادامدارعا الدانباڭدار، جوق ولاي ەمەس، ەڭ جاقسى ادامدار ولار مۇميندەر، بۇل جاراتۋشى يەمىز اللا تاعالانىڭ ءوز ءسوزى، اللا تاعالا «ەگەر ءمۇمين بولساڭ، سەن ەڭ جوعارىسىڭ.» دەيدى. ارينە يمانسىزداردىڭ، كاپىرلەردىڭ سان ءتۇرلىسى بار، كوپتەگەن جۇرت ولاردى جاقسى كورمەيدى، بىراق ادامدار ولارعا بىردەمە دەۋدەن قورقادى. قازىر ەڭ تومەن ادامدار، تومەننىڭ تومەنى بولعان ادامدار بۇكىل دۇنيەنى مەڭگەرىپ تۇر ءارى ولار ءار جەرگە ءار مەمىلەكەتكە قانات ءجايىپ تاراعىسى كەلەدى، ال كىم ولاردىڭ بۇنىسىنا توسقىدىق جاساسا ولار سوعان قارسى ماسەلەلەر تۋدىرىپ، ول ءجايلى جامان سوزدەر، وتىرىك حابارلار تاراتادى، كەرى سويلەيدى. الايدا ءبىز اللا تاعالامەن بىرگەمىز، ءبىز ولاردان قورىقپايمىز، ولارعا ەش كىشىلىك تانىتپايمىز، ءبىز مۇسىلمان بولعاندىعىمىزعا ماقتانىپ، اسقاقتاپ ءجۇرۋىمىز كەرەك، الحامدۇليللاح، بىزدە شاريعات بار، تاريقات بار، بىزدە ءبارى بار، اللا تاعالا وسىنداي جاقسى نارسەلەردى بىزگە بەردى، الاڭ بولما ... بەي-مۇسىلمان مەمىلەكەتتەردە ءومىر ءسۇرىپ جاتقان كوپتەگەن مۇسىلماندار بار بولىپ، ولار كەيدە وزدەرىن سول ەلدەگىلەردەن تومەن سەزىنەدى، بۇلاي ەتپە، سەندەر اللا تاعالانىڭ قاسيەتتى قۇزىرەتىندە الدە قايدا جاقسىسىڭدار، ادامدارعا قاراما، بىراق قانداي نارسەلەر ەڭ جاقسى، سوعان وي جۇگىرت، اللا تاعالاعا قارا، ونىڭ يلاھي-قاسيەتتى قۇزىرەتىندە ەڭ جاقسى نارسەلەر نە نارسەلەر، سوعان قارا، سونى ىزدە، اللا تاعالا بىزدەردى وسى ەڭ جوعارى دارەجە- ماقامدارعا جەتكىزگەي، ينشاللا. ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا. يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا - اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى #يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=226