You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Туыс-туғанмен жақсы болудың пайдасы (2022.02.19)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=224
Туыс-туғанмен жақсы болудың пайдасы (2022.02.19) Қасиетті пайғамбарымыз жақсылыққа бұйырып, бізге пайдалы істерді істеуге нәсйхаттайды әрі пайдасыз нәрселер жәйында да айтып өтеді, ол тағыда жақсы өмір сүре білгендер бұл дүниеде тыныштықпен жәйлылықта болатынын әрі ондай жандардың ақиреттеде орны жақсы болып жәннатқа кіретіндігін ескертеді, бірақ қазіргі кездерде ... адамдар арасында бұндай қасиет-киелер жоғалды, олардың басы аяғына, аяғы басына шығып теріс аударылып қалған. Пайғамбарымыз аса көп пайдалы және маңызды игілікті істерді айтып кетті, осылардың бірі «силату-рахим», оның мағынасы туыстарды ұмытып кетпеу, олармен жақсы байланыста болу деген сөз, бұнда пайғамбарымыз осыған көңіл бөлуге кеңес береді. Туыстар өзара жақын болса береке кіріп, риздық артады және олар бірлікте алла тағаланың ризалығына бөленеді, оларды алла тағалада, пайғамбарымызда сүймек, бұндайда егер бір туысқа мәлім іс туыла қалып, ол көмек сұраса, ол көмекке йе бола алады, сонымен бірге отбасы мүшелері де бір-біріне көңіл бөліп өзара қарайласады, «силату-рахим» деген осы, бұрынғы кездерде осы түйнге көп көңіл бөлуші еді, ол кездегі адамдар үшін жақындарымен туыстары аса маңызды іс болатын. Алайда қазіргі замандағы адамдар болса бір-бірінен қашатын болған. Туыстар, достар, көршілер болсын барлығыда жолында біреудің тұрғанын қаламайтын боп кеткен, олар ешкіммен байланыс еткісі келмейді, егер бір топ адам өздері таңдап достардан болып алса, солармен ғана болып, солармен уақытын өткізеді, ал олардың тура жолда болған-болмағандығыда алла тағала өзі біледі, бұл басқа мәселе. Осы күнгі адамдар тек дүниелік пайдамен мәтериялдық өмірді ғана ойлайды да, олар жоғарыда айтылған жақсы мінез-құлықпен қасиеттерден өздерін ауаша ұстағысы келеді, турасын төте айтар болсақ, олар жақындарынан қашады, ешкім туысына көңіл бөлмейді, тіпті олар бұл жәйлі мүлдем ойланбайтын болған, ал пайғамбарымыздың бізге жақсы істерді істеуге бұйырады әрі кеңес береді. Туыстарымызды сұрастырып тұру, оларға кеңес беру, ақылдасу, көмек беру, алла тағала алдында бірлікте алла тағала ризалығы үшін іс қылу сияқты абзал істер қазіргі көптеген мұсылмандар жағынан ұмытылып кетті, алайда біз осыларды істеуге тиістіміз, көптеген мұсылмандар намаз оқиды немесе ана-мына істерді істейді, бірақ солай бола тұра олар тусына көңіл бөлмейді, сондай игілікті істерді істемейді, намаз оқып құлшылық етіп жүрседе нәпсісіне еріп кеткен, олар осы заманның әдетіне ілескендерден болып, басқаларға қарайласқысы немесе олармен байланыста болғысы келмейді, олар ешкімді сұрастырып көмек жасамайды. Шүкір-алла, алла тағалаға сансыз рақыметімізді айтамыз, біз мұсылманбыз, бұл бізге әдеміліктермен жақсылықтарды алып келеді, пайғамбарымыздың әрбір сөзі мейлі дүниелік, мейлі руханият, мейлі барлық жағынан болсын адам баласы үшін аса пайдалы-дүр, оның кеңестері, үйреткендері және көрсеткен бағыт-бағдарлары рухани және заттық тұрғыдан есепсіз игіліктер әкелмек әрі бұл тиген пайдалары мәңгілікке жалғасады, біз оған көптеп ілескен сайын мол игілікке жете береміз. Алла тағала «силату-рахимды» яғни өз жақындарымызға деген махаббаттан кенде етпегей, иншалла. Әрине қазіргі замандағы адамдар жәйлі ойласақ ... үлкен әулие мүршитіміз маулана шайық Назым «бізде қартайып жарты өміріміз, тіпті өміріміздің үштен екісі өтіп кеткен болар, бірақ біз бұрынғы кездерді еске алсақ, ол кезде туыстар арасындағы байланыс тым жақын, сондай жақсы болушы еді, ал қазіргі кездегі адамдарға қарасақ, олардың іс-әрекеттеріне таңғалып есіміз шыға жаздайды.» деп айтып отыратын, алла тағала бар адамдарға жәрдем бергей, оларды тура жолға салғай, иншала. Пайғамбарымыз әр жолы бізге игілікті істерді үйретеді, тек мұсылмандар үшін ғана емес, күллі адам баласы үшін ең жақсы нәрселерді үйретіп кетті, көптеген адамдар «ана адамдар жақсы, олар әділ, олар керемет.» деп айтып жатады, бірақ пайғамбарымыз хақында ештеңе айтыпай елеусіз қалдырады, ал алла тағала болса өзі пайғамбарымыздың қандай жақсы жан екендігін айтып, пайғамбарымыздың адамзатқа ең жақсы нәрселерді үйрететіндігін ескертеді. Пайғамбарымыз шындығында бүккіл адамзатқа келген нұр, жақсылық, шарапат еді, исламда емес адамдардың өзі пайғамбарымызды адам атадан бергі адамзат тәрихында ең үлкен ұстаз деп айтады, басқасы болмасада олар осыны қабыл етті, расында да солай-дүр, пайғамбарымыз мұсылман, кәпір болсын, күллі адам баласы үшін ең жақсы нәрселерді үйретуші ұлы ұстаз. Пайғамбарымыз соншама көп аса пайдалы жақсы білімдерді қалдырып кетті және үйретті, бірақ қазір мұсылмандардың өзі бұған еш көңіл бөлмейтін болған, олар пайғамбар ілімін ескерусіз қалдырып, жетерліктей құлақ салмауда, сонымен бірге оған бойсынған жоқ, пайғамбарымыз бұйырған нәрселер ең алдымен біздің пайдамыз үшін, осылардың бірі туыстарыңмен жақсы болу, алдымен өз жақыныңмен жақсы бола біл ... бұны «силату-рахим» дейді, мағынасы туыс болғандар өзара байланыс үзбесін, өзіңмен туысыңның арасын үзбе демекілік, туыстармен бұндай жақсы бола білу береке әкеліп, риздықты молайтады, жақсы денсаулық, ұзақ ғұмыр силаиды, сонымен бірге имандылық нәсіп етеді, міне бұлар оның беретін игілік пайдаларынан, егер бұлай етпесеңдер берекелерің кетіп, риздығың тараяр, сөнымен бірге алла тағалағада ұнамайтын боласың да, раббың алла тағалада саған жақсы көз салмас. Қазір біз адамдар өздері атап жүрген «осызаманда» өмір сүріп жатырмыз, олар күн сайын «даму болып» онан арман осызаманданып барамыз дейді, олар неғұрлым осызаманданған сайын туыстарымен байланысы соғұрлым азайып жоқ боп барады, олар адамдармен өздері қалаған кезде ғана бірге болғысы келеді, аз уақыт өткен соң оларға барып-келіп тұратын, оларға қарайтын достары немесе туыстарыда жоқ болады, осы кездегі жағдай осындай, бірақ бұл еш жақсылық емес, пайғамбарымыздың әмірлері қияметке дейін берілген әмірлер, демек бұл әмірлер қияметке дейін өз күшін жоймайды. Біздің өмір сүріп жатқан бұл кез туыстарды немесе басқа ешбіреуді керек етпейміз деп аттан салған заман, ал ертеде туыстық байланыс өте қажетті бір жол еді, бірақ қазіргілер бұны мүлдем керексінбейтін болған, олар «бізде үкімет бар, сақшы бар және басқада көптеген нәрселер бар, сондықтан туыс-туғанмен араласып, оларға қарайласып шаршаудың керегі не?» дейді, бірақ сендер олармен бірге болуда, оларға қарайласуда және олармен байланыс үзбеуде береке барлығын біліңдер, алайда айтып өткеніміздей қазіргі адамдар тек заттық дүниеге беріліп кеткендіктен рухани жаққа мүлдем көңіл бөлмейді, олар «дүние жағымыз жақсы болса, ақшамыз болса болды, олар керексіз.» деп ойлайды, ал рухани дүние жәйлі нәрселер олардың санасына бір кіріп қоймайды, бұндағы рухани нәрселер саған қуаныш, разылық, иман және берекелер силайды, сендерге өте жақсы игіліктерді алып келеді. Бай адамдардың сонша байлығы бола тұра бақытты немесе қуанышты бола алмауы хақында милиондаған мысалдар бар, олардың милион, милиярт ақшалары бар болсада, бақытқа жете алмай жүргендері молынан кездеседі, мүмкін сенде ештеңе жоқ болар, бірақ отбасыңмен, әулетіңмен, туыстарыңмен жақсы байланыста болсаң, алла тағала саған бақыт силайтын болады, алла тағаланың көптеген сыр-құпиялары бар, сол сырдың бірі осы біз айтып өткен туыспен байланыста болу, сондықтан біз бұны ұмытып кетпелік. Ерте кезде расында жағдай басқаша болатын, қазір бізде қартайдық маулана айытқандай өміріміздің көбі кетіп азы ғана қалды, 50-60 жыл бұрын отбасы-әулеттер ара, туыс-туғандар ара байланыс ерекше жақсы, өте қою болатұғын, одан кейін бұндай байланыстар біртіндеп жоғалып қазіргіндей мүшкіл хәлге түсті, көбі бұл байланысты ұмытты, адамдар көршісіне де қарамайды, ал пайғамбарымыз «көрші ақысы - құдай ақысы» дегендей көршіге көңіл бөлуді ерекше табыстап әмір етеді, осыны естіген сахабалар «"пайғамбарымыз көршісіне де мұра қалдырады екен." деп ойлап қалдық.» дейді. Жұртпен бірге болу, әркіммен жақсы бола білу өте маңызды іс болып, ол сені қуанышпен бақытқа бөлейді, алла тағаланы саған риза еткізеді, бұл аса маңызды, оған көңіл бөл, сонда пайғамбарымызда риза болмақ, иншалла, алла тағала бізге жәрдем бергей әрі шайтанды бізден алыс еткей, алла тағала бізді шайтанға бағынудан сақтап, өзіне бағынушылардан еткей. Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха. Исламбол (Станбул), Түркия - Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы #ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф http://www.fb.com/tanirtaw تۋىس-تۋعانمەن جاقسى بولۋدىڭ پايداسى (2022.02.19) قاسيەتتى پايعامبارىمىز جاقسىلىققا بۇيىرىپ، بىزگە پايدالى ىستەردى ىستەۋگە ءناسيحاتتايدى ءارى پايداسىز نارسەلەر ءجايىندا دا ايتىپ وتەدى، ول تاعىدا جاقسى ءومىر سۇرە بىلگەندەر بۇل دۇنيەدە تىنىشتىقپەن جايلىلىقتا بولاتىنىن ءارى ونداي جانداردىڭ اقيرەتتەدە ورنى جاقسى بولىپ جانناتقا كىرەتىندىگىن ەسكەرتەدى، بىراق قازىرگى كەزدەردە ... ادامدار اراسىندا بۇنداي قاسيەت-كيەلەر جوعالدى، ولاردىڭ باسى اياعىنا، اياعى باسىنا شىعىپ تەرىس اۋدارىلىپ قالعان. پايعامبارىمىز اسا كوپ پايدالى جانە ماڭىزدى يگىلىكتى ىستەردى ايتىپ كەتتى، وسىلاردىڭ ءبىرى «سيلاتۋ-راحيم»، ونىڭ ماعىناسى تۋىستاردى ۇمىتىپ كەتپەۋ، ولارمەن جاقسى بايلانىستا بولۋ دەگەن ءسوز، بۇندا پايعامبارىمىز وسىعان كوڭىل بولۋگە كەڭەس بەرەدى. تۋىستار ءوزارا جاقىن بولسا بەرەكە كىرىپ، ريزدىق ارتادى جانە ولار بىرلىكتە اللا تاعالانىڭ ريزالىعىنا بولەنەدى، ولاردى اللا تاعالادا، پايعامبارىمىزدا سۇيمەك، بۇندايدا ەگەر ءبىر تۋىسقا ءمالىم ءىس تۋىلا قالىپ، ول كومەك سۇراسا، ول كومەككە يە بولا الادى، سونىمەن بىرگە وتباسى مۇشەلەرى دە ءبىر-بىرىنە كوڭىل ءبولىپ ءوزارا قارايلاسادى، «سيلاتۋ-راحيم» دەگەن وسى، بۇرىنعى كەزدەردە وسى تۇينگە كوپ كوڭىل ءبولۋشى ەدى، ول كەزدەگى ادامدار ءۇشىن جاقىندارىمەن تۋىستارى اسا ماڭىزدى ءىس بولاتىن. الايدا قازىرگى زامانداعى ادامدار بولسا ءبىر-بىرىنەن قاشاتىن بولعان. تۋىستار، دوستار، كورشىلەر بولسىن بارلىعىدا جولىندا بىرەۋدىڭ تۇرعانىن قالامايتىن بوپ كەتكەن، ولار ەشكىممەن بايلانىس ەتكىسى كەلمەيدى، ەگەر ءبىر توپ ادام وزدەرى تاڭداپ دوستاردان بولىپ السا، سولارمەن عانا بولىپ، سولارمەن ۋاقىتىن وتكىزەدى، ال ولاردىڭ تۋرا جولدا بولعان-بولماعاندىعىدا اللا تاعالا ءوزى بىلەدى، بۇل باسقا ماسەلە. وسى كۇنگى ادامدار تەك دۇنيەلىك پايدامەن ماتەريالدىق ءومىردى عانا ويلايدى دا، ولار جوعارىدا ايتىلعان جاقسى مىنەز-قۇلىقپەن قاسيەتتەردەن وزدەرىن اۋاشا ۇستاعىسى كەلەدى، تۋراسىن توتە ايتار بولساق، ولار جاقىندارىنان قاشادى، ەشكىم تۋىسىنا كوڭىل بولمەيدى، ءتىپتى ولار بۇل ءجايلى مۇلدەم ويلانبايتىن بولعان، ال پايعامبارىمىزدىڭ بىزگە جاقسى ىستەردى ىستەۋگە بۇيىرادى ءارى كەڭەس بەرەدى. تۋىستارىمىزدى سۇراستىرىپ تۇرۋ، ولارعا كەڭەس بەرۋ، اقىلداسۋ، كومەك بەرۋ، اللا تاعالا الدىندا بىرلىكتە اللا تاعالا ريزالىعى ءۇشىن ءىس قىلۋ سياقتى ابزال ىستەر قازىرگى كوپتەگەن مۇسىلماندار جاعىنان ۇمىتىلىپ كەتتى، الايدا ءبىز وسىلاردى ىستەۋگە ءتيىستىمىز، كوپتەگەن مۇسىلماندار ناماز وقيدى نەمەسە انا-مىنا ىستەردى ىستەيدى، بىراق سولاي بولا تۇرا ولار تۋسىنا كوڭىل بولمەيدى، سونداي يگىلىكتى ىستەردى ىستەمەيدى، ناماز وقىپ قۇلشىلىق ەتىپ جۇرسەدە ناپسىسىنە ەرىپ كەتكەن، ولار وسى زاماننىڭ ادەتىنە ىلەسكەندەردەن بولىپ، باسقالارعا قارايلاسقىسى نەمەسە ولارمەن بايلانىستا بولعىسى كەلمەيدى، ولار ەشكىمدى سۇراستىرىپ كومەك جاسامايدى. شۇكىر-اللا، اللا تاعالاعا سانسىز راقىمەتىمىزدى ايتامىز، ءبىز مۇسىلمانبىز، بۇل بىزگە ادەمىلىكتەرمەن جاقسىلىقتاردى الىپ كەلەدى، پايعامبارىمىزدىڭ ءاربىر ءسوزى مەيلى دۇنيەلىك، مەيلى رۋحانيات، مەيلى بارلىق جاعىنان بولسىن ادام بالاسى ءۇشىن اسا پايدالى-ءدۇر، ونىڭ كەڭەستەرى، ۇيرەتكەندەرى جانە كورسەتكەن باعىت-باعدارلارى رۋحاني جانە زاتتىق تۇرعىدان ەسەپسىز يگىلىكتەر اكەلمەك ءارى بۇل تيگەن پايدالارى ماڭگىلىككە جالعاسادى، ءبىز وعان كوپتەپ ىلەسكەن سايىن مول يگىلىككە جەتە بەرەمىز. اللا تاعالا «سيلاتۋ-راحيمدى» ياعني ءوز جاقىندارىمىزعا دەگەن ماحابباتتان كەندە ەتپەگەي، ينشاللا. ارينە قازىرگى زامانداعى ادامدار ءجايلى ويلاساق ... ۇلكەن اۋليە ءمۇرشيتىمىز ماۋلانا شايىق نازىم «بىزدە قارتايىپ جارتى ءومىرىمىز، ءتىپتى ءومىرىمىزدىڭ ۇشتەن ەكىسى ءوتىپ كەتكەن بولار، بىراق ءبىز بۇرىنعى كەزدەردى ەسكە الساق، ول كەزدە تۋىستار اراسىنداعى بايلانىس تىم جاقىن، سونداي جاقسى بولۋشى ەدى، ال قازىرگى كەزدەگى ادامدارعا قاراساق، ولاردىڭ ءىس-ارەكەتتەرىنە تاڭعالىپ ەسىمىز شىعا جازدايدى.» دەپ ايتىپ وتىراتىن، اللا تاعالا بار ادامدارعا جاردەم بەرگەي، ولاردى تۋرا جولعا سالعاي، ينشالا. پايعامبارىمىز ءار جولى بىزگە يگىلىكتى ىستەردى ۇيرەتەدى، تەك مۇسىلماندار ءۇشىن عانا ەمەس، كۇللى ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ جاقسى نارسەلەردى ۇيرەتىپ كەتتى، كوپتەگەن ادامدار «انا ادامدار جاقسى، ولار ءادىل، ولار كەرەمەت.» دەپ ايتىپ جاتادى، بىراق پايعامبارىمىز حاقىندا ەشتەڭە ايتىپاي ەلەۋسىز قالدىرادى، ال اللا تاعالا بولسا ءوزى پايعامبارىمىزدىڭ قانداي جاقسى جان ەكەندىگىن ايتىپ، پايعامبارىمىزدىڭ ادامزاتقا ەڭ جاقسى نارسەلەردى ۇيرەتەتىندىگىن ەسكەرتەدى. پايعامبارىمىز شىندىعىندا بۇككىل ادامزاتقا كەلگەن نۇر، جاقسىلىق، شاراپات ەدى، يسلامدا ەمەس ادامداردىڭ ءوزى پايعامبارىمىزدى ادام اتادان بەرگى ادامزات ءتاريحىندا ەڭ ۇلكەن ۇستاز دەپ ايتادى، باسقاسى بولماسادا ولار وسىنى قابىل ەتتى، راسىندا دا سولاي-ءدۇر، پايعامبارىمىز مۇسىلمان، كاپىر بولسىن، كۇللى ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ جاقسى نارسەلەردى ۇيرەتۋشى ۇلى ۇستاز. پايعامبارىمىز سونشاما كوپ اسا پايدالى جاقسى بىلىمدەردى قالدىرىپ كەتتى جانە ۇيرەتتى، بىراق قازىر مۇسىلمانداردىڭ ءوزى بۇعان ەش كوڭىل بولمەيتىن بولعان، ولار پايعامبار ءىلىمىن ەسكەرۋسىز قالدىرىپ، جەتەرلىكتەي قۇلاق سالماۋدا، سونىمەن بىرگە وعان بويسىنعان جوق، پايعامبارىمىز بۇيىرعان نارسەلەر ەڭ الدىمەن ءبىزدىڭ پايدامىز ءۇشىن، وسىلاردىڭ ءبىرى تۋىستارىڭمەن جاقسى بولۋ، الدىمەن ءوز جاقىنىڭمەن جاقسى بولا ءبىل ... بۇنى «سيلاتۋ-راحيم» دەيدى، ماعىناسى تۋىس بولعاندار ءوزارا بايلانىس ۇزبەسىن، وزىڭمەن تۋىسىڭنىڭ اراسىن ۇزبە دەمەكىلىك، تۋىستارمەن بۇنداي جاقسى بولا ءبىلۋ بەرەكە اكەلىپ، ريزدىقتى مولايتادى، جاقسى دەنساۋلىق، ۇزاق عۇمىر سيلايدى، سونىمەن بىرگە يماندىلىق ءناسىپ ەتەدى، مىنە بۇلار ونىڭ بەرەتىن يگىلىك پايدالارىنان، ەگەر بۇلاي ەتپەسەڭدەر بەرەكەلەرىڭ كەتىپ، ريزدىعىڭ تارايار، سونىمەن بىرگە اللا تاعالاعادا ۇنامايتىن بولاسىڭ دا، راببىڭ اللا تاعالادا ساعان جاقسى كوز سالماس. قازىر ءبىز ادامدار وزدەرى اتاپ جۇرگەن «وسىزاماندا» ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ولار كۇن سايىن «دامۋ بولىپ» ونان ارمان وسىزاماندانىپ بارامىز دەيدى، ولار نەعۇرلىم وسىزاماندانعان سايىن تۋىستارىمەن بايلانىسى سوعۇرلىم ازايىپ جوق بوپ بارادى، ولار ادامدارمەن وزدەرى قالاعان كەزدە عانا بىرگە بولعىسى كەلەدى، از ۋاقىت وتكەن سوڭ ولارعا بارىپ-كەلىپ تۇراتىن، ولارعا قارايتىن دوستارى نەمەسە تۋىستارىدا جوق بولادى، وسى كەزدەگى جاعداي وسىنداي، بىراق بۇل ەش جاقسىلىق ەمەس، پايعامبارىمىزدىڭ امىرلەرى قيامەتكە دەيىن بەرىلگەن امىرلەر، دەمەك بۇل امىرلەر قيامەتكە دەيىن ءوز كۇشىن جويمايدى. ءبىزدىڭ ءومىر ءسۇرىپ جاتقان بۇل كەز تۋىستاردى نەمەسە باسقا ەشبىرەۋدى كەرەك ەتپەيمىز دەپ اتتان سالعان زامان، ال ەرتەدە تۋىستىق بايلانىس وتە قاجەتتى ءبىر جول ەدى، بىراق قازىرگىلەر بۇنى مۇلدەم كەرەكسىنبەيتىن بولعان، ولار «بىزدە ۇكىمەت بار، ساقشى بار جانە باسقادا كوپتەگەن نارسەلەر بار، سوندىقتان تۋىس-تۋعانمەن ارالاسىپ، ولارعا قارايلاسىپ شارشاۋدىڭ كەرەگى نە؟» دەيدى، بىراق سەندەر ولارمەن بىرگە بولۋدا، ولارعا قارايلاسۋدا جانە ولارمەن بايلانىس ۇزبەۋدە بەرەكە بارلىعىن بىلىڭدەر، الايدا ايتىپ وتكەنىمىزدەي قازىرگى ادامدار تەك زاتتىق دۇنيەگە بەرىلىپ كەتكەندىكتەن رۋحاني جاققا مۇلدەم كوڭىل بولمەيدى، ولار «دۇنيە جاعىمىز جاقسى بولسا، اقشامىز بولسا بولدى، ولار كەرەكسىز.» دەپ ويلايدى، ال رۋحاني دۇنيە ءجايلى نارسەلەر ولاردىڭ ساناسىنا ءبىر كىرىپ قويمايدى، بۇنداعى رۋحاني نارسەلەر ساعان قۋانىش، رازىلىق، يمان جانە بەرەكەلەر سيلايدى، سەندەرگە وتە جاقسى يگىلىكتەردى الىپ كەلەدى. باي ادامداردىڭ سونشا بايلىعى بولا تۇرا باقىتتى نەمەسە قۋانىشتى بولا الماۋى حاقىندا ميليونداعان مىسالدار بار، ولاردىڭ ميليون، ميليارت اقشالارى بار بولسادا، باقىتقا جەتە الماي جۇرگەندەرى مولىنان كەزدەسەدى، مۇمكىن سەندە ەشتەڭە جوق بولار، بىراق وتباسىڭمەن، اۋلەتىڭمەن، تۋىستارىڭمەن جاقسى بايلانىستا بولساڭ، اللا تاعالا ساعان باقىت سيلايتىن بولادى، اللا تاعالانىڭ كوپتەگەن سىر-قۇپيالارى بار، سول سىردىڭ ءبىرى وسى ءبىز ايتىپ وتكەن تۋىسپەن بايلانىستا بولۋ، سوندىقتان ءبىز بۇنى ۇمىتىپ كەتپەلىك. ەرتە كەزدە راسىندا جاعداي باسقاشا بولاتىن، قازىر بىزدە قارتايدىق ماۋلانا ايىتقانداي ءومىرىمىزدىڭ كوبى كەتىپ ازى عانا قالدى، 50-60 جىل بۇرىن وتباسى-اۋلەتتەر ارا، تۋىس-تۋعاندار ارا بايلانىس ەرەكشە جاقسى، وتە قويۋ بولاتۇعىن، ودان كەيىن بۇنداي بايلانىستار بىرتىندەپ جوعالىپ قازىرگىندەي مۇشكىل حالگە ءتۇستى، كوبى بۇل بايلانىستى ۇمىتتى، ادامدار كورشىسىنە دە قارامايدى، ال پايعامبارىمىز «كورشى اقىسى - قۇداي اقىسى» دەگەندەي كورشىگە كوڭىل ءبولۋدى ەرەكشە تابىستاپ ءامىر ەتەدى، وسىنى ەستىگەن ساحابالار «"پايعامبارىمىز كورشىسىنە دە مۇرا قالدىرادى ەكەن." دەپ ويلاپ قالدىق.» دەيدى. جۇرتپەن بىرگە بولۋ، اركىممەن جاقسى بولا ءبىلۋ وتە ماڭىزدى ءىس بولىپ، ول سەنى قۋانىشپەن باقىتقا بولەيدى، اللا تاعالانى ساعان ريزا ەتكىزەدى، بۇل اسا ماڭىزدى، وعان كوڭىل ءبول، سوندا پايعامبارىمىزدا ريزا بولماق، ينشاللا، اللا تاعالا بىزگە جاردەم بەرگەي ءارى شايتاندى بىزدەن الىس ەتكەي، اللا تاعالا ءبىزدى شايتانعا باعىنۋدان ساقتاپ، وزىنە باعىنۋشىلاردان ەتكەي. ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا. يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا - اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى #يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=224