You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Каусар суынан іштің бе? (2022.02.18)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=223
Каусар суынан іштің бе? (2022.02.18) Алла тағала бүгінімізді берекелегей, қасиетті жұма күніміз берекеге толғай, иншалла, осы қасиетті күндерде алла тағала берекесімен пейілін бізге ұзағынан бергей. Қазір бір тұрғыдан алсақ біз өмір сүріп жатқан мына заманда көптеген қажеттіліктердің қолжетімділігі оңайласты, барлығы машиналасып құрал-жабдықтар жағынан орасан зор қолайлылықтарға жетті, бертінге дейін адам баласы дәл осындай жеңілдікке жетіп көрген емес, алайда осылармен бірге қоса үлкен мәселелермен қиыншылқтарда бірге келуде, демек адамдар тым бұзылып шектен шығып кетті, егер адамдар іс-шаруаларімен әуре болып еңбекте болған болса, олардың нәпсілеріне көп орай берілмес еді, бірақ қазір барлығын машиналар істеп береді яғни адамдардың бос уақыты көп бола бастады. Адамдарда істерге іс қалмай бос отырса, соңында не болмақ? әрине әр адам баласының соңында ақиретке аттанары хақ, шынтуайтында бұл дүниеде рахат-жәйлылық жоқ, мейлі қаншалықты машиналас немесе соншама құрал-жабдықтар жаса, тіпті қажет деп санаған бүкіл нәрселеріңе жет, бірақ ештеңе өзгермейді, бұл дүние сол қалпында қалып, бәрібір әлі де адамдар үшін жәннат бола алмайды, бұл дүниеде мәселелермен қиыншылықтарсыз өтіп кететін өмір жоқ, әр адамның қиыншылықтармен қиналыстардан өзіндік үлкенді-кішілі үлестері болады, бұл дүниеде сан түрлі істер туылып адамдарды мазалап тынышын кетіреді. Сондықтан бұнда алла тағалаға иман келтіргендер ғана тыныштықта мазасыз өмір сүре алады, себебі олар бұндағы өміріміздің мәңгілік емес, бірақ уақытша өмір ғана екендігін түсініп жеткендер, мәңгілік өмір тек ақиретте ғана болады әрі онда қиыншылықтар, мәселелер, көңілсіздіктер болмайды яғни онда осы тектес нәселердің ешқайсысы болмайды, онда қызғаныш, көре алмастық, қулық-сұмдық, тарлық, сараңдық, бұзықтық атаулының ешқайсысы болмайды, жәнатта кіргенде алдымен каусар суынан ішесің, алла тағала әмірімен соны іше салысыңмен бойыңда бар барлық жаман қасиеттер түгелдей сенен жоғалып кетеді де, ол жаман нәселер сенімен бірге жәннатқа кіре алмайтын болады, оның барлығы сыпырылып алынып қалады, адамдар осылай әбден жуылып тазаланып, жаман қасиеттері бойынан арылған соң жәннатқа кіретін болады. Кейбір адамдар жәннатты осы дүниедегі қиялдарымен байланыстырып елестетеді де «жәннат андай немесе бұндай, олай қалай болмақ?» деп айтып жатады, «қалай болмақ?» деп сұрама, жәннатта бұл дүниедегі адам баласы мүлдем түсіндіре алмайтын және ойлап жете алмайтын нәрселер болады. Айтып өткеніміздей ең алдымен адам бойындағы жаман қылықтар, пайдасыз нәпсілік нәрселер, адамдарды көңілсіз ететін дүниелер адамдар жәннатқа кіруден бұрын олардың бойынан тазаланып алып кетіледі, міне бұл адамдардың қалай жәннатқа кіретін баяны. Алайда тозаққа кіретіндер, алла өзі панасына алып сақтағай, олар осы барлық жаман қасиеттерімен бірге тозаққа кіретін болады әрі сонда сонысымен бірге қалады, алла бізді панасына алғай. Сол үшін біз қазір алла тағаладан иманымызды күшейтуін сұраймыз, ал бізде иман болса бұл дүниедегі қиыншылықтардың барлығы ештеңе емес, қанша көп қиыншылықты көрген сайын соншалықты си-сауаптар жазылатын болады әрі бұл жиған сауаптарыңды ақиретте көретін боласың, бірақ иманы жоқ адамдар ақиретке сол қиыншылықтарымен азап, жапа-машақаттарымен бірге баратын болады, оларға тартқан қиыншылық-тауқыметтері үшін еш сауап жазылмай, пайда-игіліксіз қалмақ. Алла тағала баршамызға иман бергей әрі иманы жоқтарды туралыққа бастап оларға да иман силағай, күллі адам баласына имандылық жазғай. Адам баласы алла тағаланың жаратқан жаратылыстарынан, ал біз олардың барлығы үшін жақсылық тілеуіміз керек, адамдар үшін ең ұлы ең жақсы игілік дегеніміз алла тағаланың жолында болу, алла тағала баршамызды кешіргей. Алхамдұлилла, бүгін жұма болып, бұл күн пайғамбарымызбен оның үмбеті үшін қасиетті күн, берекелі күн, ол жұма күні. Біз үшін апта басы жұма күні, ол күллі мұсылман үмбеті үшін берекеге толы күн, кей жерлерде жұма күнін демалыс күні етіп, көп орындар жабылып демалады, пайғамбарымыздың заманында жұма күні қасиетті күн болатұғын әрі адамдар жұмысында істей беретін, олар барлық шаруаларын істеуіне болады, бірақ жұма намазы кезінде сатумен сатып алу істеу харам болатын, 30 минот тіпті болмағанда 15 минот шығарып мешітте жұма намазына қатысып намазыңды өтеуге тиістісің, осыдан соң күн бойы не істесеңде өз еркіңде. Алла тағала мұсылмандардан осыбыр аз ғана уақытын бөліп, өздерін дұнияуи нәрселерден үзіуін және ол уақытын рухани әлемге арнауын қалайды, бұл алла тағаланың адам баласыне түсірген әмірлерінен-дүр, ал бұны атқару адамдар үшін бәлендей бір қиын шаруа емес. Алайда адамдар бұл айтылғандарға құлақ түрмейді ... әрі осы құлақ түрмегендер тәлейсіздер, бағы жоқтар, бірақ алхамдұлилла, біз бұл күнге ризамыз, онымен қуанамыз, біз өте сондай қиын уақыттарда өмір сүріп жатырмыз, тіпті кейде кейбір адамдар үшін қазір ерекше қиын кездер болса, ал кейбір адамдар үшін қиын деген нәрселер де тым қиындық болмас. Себебі қазір олардың барлық істеп жатқандары бүкіл дүниені адамдарға қызмет еттіру, бәріде адамдар үшін болып отыр. Адамдарда кіру жуу машинасы, айдайтын машиналар бар, ал әйелдерге арналған машиналар өздері бір бөлек, үй тазалау машинасы сияқты тағыда басқа толып жатқан машиналар бар, бірақ бұрынғы кездерде жағдай басқаша болып, кір жуу үшін олар алдымен отын жағып қыздырады, одан соң барып сонымен кір жуады, жұмыс барысы расында қиын, ал қазір болса өте оңай, ерлергеде солай, тіпті әр нәрсеге арнап машина жасап алған, зауаттарда машиналасып кеткен болып, адамдар шаршап жатпайды, машиналар, моторлар, ұшақтар бәрі бар, қазір олардың барлығы адамзат үшін жұмыс қылуда. Йә, жарайды, бұлар оңайласты, бірақ арты не болды? адамдар қуанышқа бөленіп, бақытты болып кетті ме? жоқ, бірақ керісінше болып олар тіптіде көп көңілсіздіктермен қуанышсыздықтарға түсіп кетті, оларда барлығы бар, барлық қолайлылықтар дайындалып қойған, бірақ осылай бола тұра олар қуана алмады, бақыттың дәмін тата алмай жүр, әсілінде олар қуана бақытты жүруге тиісті болатұғын, себебі олар бұрынғы кездердегідей емес барлығын оңтайлы, жеңіл, қолайлы етіп алған. Бұрын осы жерден көрші қалаға баруға үш күн жаяу жүріп баратын, қазір жарым сағатта жетеді, қазір барлығы қолайлыласып әрі тездеп, адамдар өздеріне көптеген бос уақыттар шығара алатын болды, бірақ олар осы бос уақыттарын жақсы нәрселерге арнаудан көрі оны нәпсілері жақсы көретін істерге арнауда, оны нәпсі қалаған істерді істеуге жұмсауда, сондықтан олар әр жолы нәпсілеріне ілескен сайын көптеген көңілсіздіктермен бақытсыздықтарға дұшар болуда. Ертеде адамдар өте қарбалас болып, нәпсілерін хош қылатын уақыттары жоқ болатұғын, ол кезде тек қолмен жұмыс істейсің, жаяу жүресің, барасың-келесің, кесесің т.б. істер дегендей, зауыттарда да адамдар қолымен жұмыс істейді, қазіргідей машиналаспаған, тек қолмен жұмыс атқару керек болғандықтан, нәпсіңмен «қызыққа батып мәз боп» отыратын уақыт жоқ болатұғын, ал адамдардың жабығуға, торығуға, қуанышсыздыққа түсіп кетуіне, құтыруға, есіруге тіпті де мұрсасы жоқ еді, адамдар тек өз жұмысына ғана назарын шоғырландырып оны бітіруге тырысатын, ол біткен соң, ертесі де солай жұмысын тағы жалғастыратын, ол кездегілер ананы не мынаны істеуге тыным алмай шауып жүретін де, адамдар өздерін бұзып алуына уақыт жоқ еді. Қазір адамдар бұрынғылардай емес болып, оларда барлығы бар болсада өте көп бақытсыздықтарға түсіп кеткен, олар тіпті де көп нәрселермен жәйлі-рахаттылықыты сұрауда, олар «бұл жеткіліксіз, бізге жетпейді, бізге тағыда көптеген нәрселер керек дейді.», ал кәпірлер болса олар ешқашан бақытты болмақ емес, не үшін? себебі оларда шын өмірге деген үміттері жоқ, «шын өмірге» ... біз өмір сүріп жатқан мына дүниеде мейлі өте бай-дәулетті адамдар болсын, мейлі ең кедей-жарлы адамдар болсын барлығында бірдей өздеріне лайықты ана-мына мәселелері бар, не үшін олар бұндай мәселерге кез болады? себебі бұл өмір тағы бір келе жатқан келер өмірге дайындық алаңы, сен сонда жүрсің, бұл жер жәннат емес, келе жатқан өмір (ақирет) иман келтірген мүминдер үшін нағыз бақыт және тыныштық мекені болмақ, ал кәпірлер бұл дүниеде барлығын сынап көреді де «жоқ, бұл өмірден соң басқа ешқандай өмір жоқ.» дейді, бірақ иман келтіргендер сабырлылық етсе алла тағаладан әрбір көрген қиыншылығы үшін мол сауаптарға йе болады, алла тағала «ақирет алла тағаладан қөрқып иман келтіргендер үшін жақсы болады.» (құран 7:169) дейді құран кәримде. Осы шындықтар келгенде жәннатта қамығу, уайым-қайғы, бақытсыздық сияқты бұл дүниедегі нәрселердің ешбірі жоқ екені белгілі болады, әсіресе жәннаттың кірер қақпасында «Хауду Каусар» бар, ол пайғамбарымыздың дәриясы болып, сулары пайғамбарымыздан келеді, оның йесі біздің пайғамбар. Әрбір жәннатқа кіруші жәннатқа кіруден бұрын осы каусар суынан ішеді, бұл каусар суы жәннатқа кіретіндерді тазалауға арналған, ол нелерді тазалайды? ол нәпсі қалау, нәпсілік қасиеттер, және басқа көре алмастық, өштік, жек көрушілік сияқты мына дүниеде ойлап жетерлік барлық жамандықпен кесапаттардан тазалайды, каусар суы осының барлығын адамнан жуып кетеді де бейне періште сияқты боласыңдар, осылай адамдар ара егес жоғалатын болады, осыдан соң олардың барлығы бір-біріне разы болып, бақытқа кенеледі, адамдар ара ешқандай көре алмастық, қызғаныш атаулы қалмайды, жек көру болмайды, бұл дүниеден алып келген күллі кесірлі жаман қасиеттеріміздің шипасы осы арада бітеді, бұл жамандықтарымыздың жәннатқа кіруіне жол жоқ. Сондықтан жәннат нағыз бақыт мекені, ал біз мына дүниеде де бақытсыздардан емеспіз, себебі біз бұл дүниедегі амал-әрекеттеріміз, көрген машақаттарымыз босқа кетпейтінін білеміз, алла тағала әр нәрсемізге сауап жазады, ал кәпірлермен иман келтірмегендер өте тәлейсіз жандар, бірақ біз алла тағалаға олар үшін дұға жасап оларға хидаят беруін және тура жол көрсетуін сұраймыз, себебі оларда адам атамыздың ұрпақтары, оларды да алла тағала жаратты, біз оларға мүмкіндігінше көмек етуіміз керек, оларға көмегіміз - тура жолды көрсету, біздің оларға жасай алатын көмегіміз сол біз олардың туралық жолына түсіуіне дұға жасаймыз, иншалла. Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха. Исламбол (Станбул), Түркия - Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақшыбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы #ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф http://www.fb.com/tanirtaw كاۋسار سۋىنان ءىشتىڭ بە؟ (2022.02.18) اللا تاعالا بۇگىنىمىزدى بەرەكەلەگەي، قاسيەتتى جۇما كۇنىمىز بەرەكەگە تولعاي، ينشاللا، وسى قاسيەتتى كۇندەردە اللا تاعالا بەرەكەسىمەن پەيىلىن بىزگە ۇزاعىنان بەرگەي. قازىر ءبىر تۇرعىدان الساق ءبىز ءومىر ءسۇرىپ جاتقان مىنا زاماندا كوپتەگەن قاجەتتىلىكتەردىڭ قولجەتىمدىلىگى وڭايلاستى، بارلىعى ماشينالاسىپ قۇرال-جابدىقتار جاعىنان وراسان زور قولايلىلىقتارعا جەتتى، بەرتىنگە دەيىن ادام بالاسى ءدال وسىنداي جەڭىلدىككە جەتىپ كورگەن ەمەس، الايدا وسىلارمەن بىرگە قوسا ۇلكەن ماسەلەلەرمەن قيىنشىلقتاردا بىرگە كەلۋدە، دەمەك ادامدار تىم بۇزىلىپ شەكتەن شىعىپ كەتتى، ەگەر ادامدار ءىس-شارۋالارىمەن اۋرە بولىپ ەڭبەكتە بولعان بولسا، ولاردىڭ ناپسىلەرىنە كوپ وراي بەرىلمەس ەدى، بىراق قازىر بارلىعىن ماشينالار ىستەپ بەرەدى ياعني ادامداردىڭ بوس ۋاقىتى كوپ بولا باستادى. ادامداردا ىستەرگە ءىس قالماي بوس وتىرسا، سوڭىندا نە بولماق؟ ارينە ءار ادام بالاسىنىڭ سوڭىندا اقيرەتكە اتتانارى حاق، شىنتۋايتىندا بۇل دۇنيەدە راحات-جايلىلىق جوق، مەيلى قانشالىقتى ماشينالاس نەمەسە سونشاما قۇرال-جابدىقتار جاسا، ءتىپتى قاجەت دەپ ساناعان بۇكىل نارسەلەرىڭە جەت، بىراق ەشتەڭە وزگەرمەيدى، بۇل دۇنيە سول قالپىندا قالىپ، ءبارىبىر ءالى دە ادامدار ءۇشىن ءجاننات بولا المايدى، بۇل دۇنيەدە ماسەلەلەرمەن قيىنشىلىقتارسىز ءوتىپ كەتەتىن ءومىر جوق، ءار ادامنىڭ قيىنشىلىقتارمەن قينالىستاردان وزىندىك ۇلكەندى-كىشىلى ۇلەستەرى بولادى، بۇل دۇنيەدە سان ءتۇرلى ىستەر تۋىلىپ ادامداردى مازالاپ تىنىشىن كەتىرەدى. سوندىقتان بۇندا اللا تاعالاعا يمان كەلتىرگەندەر عانا تىنىشتىقتا مازاسىز ءومىر سۇرە الادى، سەبەبى ولار بۇنداعى ءومىرىمىزدىڭ ماڭگىلىك ەمەس، بىراق ۋاقىتشا ءومىر عانا ەكەندىگىن ءتۇسىنىپ جەتكەندەر، ماڭگىلىك ءومىر تەك اقيرەتتە عانا بولادى ءارى وندا قيىنشىلىقتار، ماسەلەلەر، كوڭىلسىزدىكتەر بولمايدى ياعني وندا وسى تەكتەس ناسەلەردىڭ ەشقايسىسى بولمايدى، وندا قىزعانىش، كورە الماستىق، قۋلىق-سۇمدىق، تارلىق، ساراڭدىق، بۇزىقتىق اتاۋلىنىڭ ەشقايسىسى بولمايدى، ءجاناتتا كىرگەندە الدىمەن كاۋسار سۋىنان ىشەسىڭ، اللا تاعالا امىرىمەن سونى ىشە سالىسىڭمەن بويىڭدا بار بارلىق جامان قاسيەتتەر تۇگەلدەي سەنەن جوعالىپ كەتەدى دە، ول جامان ناسەلەر سەنىمەن بىرگە جانناتقا كىرە المايتىن بولادى، ونىڭ بارلىعى سىپىرىلىپ الىنىپ قالادى، ادامدار وسىلاي ابدەن جۋىلىپ تازالانىپ، جامان قاسيەتتەرى بويىنان ارىلعان سوڭ جانناتقا كىرەتىن بولادى. كەيبىر ادامدار ءجانناتتى وسى دۇنيەدەگى قيالدارىمەن بايلانىستىرىپ ەلەستەتەدى دە «ءجاننات انداي نەمەسە بۇنداي، ولاي قالاي بولماق؟» دەپ ايتىپ جاتادى، «قالاي بولماق؟» دەپ سۇراما، ءجانناتتا بۇل دۇنيەدەگى ادام بالاسى مۇلدەم تۇسىندىرە المايتىن جانە ويلاپ جەتە المايتىن نارسەلەر بولادى. ايتىپ وتكەنىمىزدەي ەڭ الدىمەن ادام بويىنداعى جامان قىلىقتار، پايداسىز ناپسىلىك نارسەلەر، ادامداردى كوڭىلسىز ەتەتىن دۇنيەلەر ادامدار جانناتقا كىرۋدەن بۇرىن ولاردىڭ بويىنان تازالانىپ الىپ كەتىلەدى، مىنە بۇل ادامداردىڭ قالاي جانناتقا كىرەتىن بايانى. الايدا توزاققا كىرەتىندەر، اللا ءوزى پاناسىنا الىپ ساقتاعاي، ولار وسى بارلىق جامان قاسيەتتەرىمەن بىرگە توزاققا كىرەتىن بولادى ءارى سوندا سونىسىمەن بىرگە قالادى، اللا ءبىزدى پاناسىنا العاي. سول ءۇشىن ءبىز قازىر اللا تاعالادان يمانىمىزدى كۇشەيتۋىن سۇرايمىز، ال بىزدە يمان بولسا بۇل دۇنيەدەگى قيىنشىلىقتاردىڭ بارلىعى ەشتەڭە ەمەس، قانشا كوپ قيىنشىلىقتى كورگەن سايىن سونشالىقتى سي-ساۋاپتار جازىلاتىن بولادى ءارى بۇل جيعان ساۋاپتارىڭدى اقيرەتتە كورەتىن بولاسىڭ، بىراق يمانى جوق ادامدار اقيرەتكە سول قيىنشىلىقتارىمەن ازاپ، جاپا-ماشاقاتتارىمەن بىرگە باراتىن بولادى، ولارعا تارتقان قيىنشىلىق-تاۋقىمەتتەرى ءۇشىن ەش ساۋاپ جازىلماي، پايدا-يگىلىكسىز قالماق. اللا تاعالا بارشامىزعا يمان بەرگەي ءارى يمانى جوقتاردى تۋرالىققا باستاپ ولارعا دا يمان سيلاعاي، كۇللى ادام بالاسىنا يماندىلىق جازعاي. ادام بالاسى اللا تاعالانىڭ جاراتقان جاراتىلىستارىنان، ال ءبىز ولاردىڭ بارلىعى ءۇشىن جاقسىلىق تىلەۋىمىز كەرەك، ادامدار ءۇشىن ەڭ ۇلى ەڭ جاقسى يگىلىك دەگەنىمىز اللا تاعالانىڭ جولىندا بولۋ، اللا تاعالا بارشامىزدى كەشىرگەي. الحامدۇليللا، بۇگىن جۇما بولىپ، بۇل كۇن پايعامبارىمىزبەن ونىڭ ۇمبەتى ءۇشىن قاسيەتتى كۇن، بەرەكەلى كۇن، ول جۇما كۇنى. ءبىز ءۇشىن اپتا باسى جۇما كۇنى، ول كۇللى مۇسىلمان ۇمبەتى ءۇشىن بەرەكەگە تولى كۇن، كەي جەرلەردە جۇما كۇنىن دەمالىس كۇنى ەتىپ، كوپ ورىندار جابىلىپ دەمالادى، پايعامبارىمىزدىڭ زامانىندا جۇما كۇنى قاسيەتتى كۇن بولاتۇعىن ءارى ادامدار جۇمىسىندا ىستەي بەرەتىن، ولار بارلىق شارۋالارىن ىستەۋىنە بولادى، بىراق جۇما نامازى كەزىندە ساتۋمەن ساتىپ الۋ ىستەۋ حارام بولاتىن، 30 مينوت ءتىپتى بولماعاندا 15 مينوت شىعارىپ مەشىتتە جۇما نامازىنا قاتىسىپ نامازىڭدى وتەۋگە ءتيىستىسىڭ، وسىدان سوڭ كۇن بويى نە ىستەسەڭدە ءوز ەركىڭدە. اللا تاعالا مۇسىلمانداردان وسىبىر از عانا ۋاقىتىن ءبولىپ، وزدەرىن دۇنياۋي نارسەلەردەن ءۇزىۋىن جانە ول ۋاقىتىن رۋحاني الەمگە ارناۋىن قالايدى، بۇل اللا تاعالانىڭ ادام بالاسىنە تۇسىرگەن امىرلەرىنەن-ءدۇر، ال بۇنى اتقارۋ ادامدار ءۇشىن بالەندەي ءبىر قيىن شارۋا ەمەس. الايدا ادامدار بۇل ايتىلعاندارعا قۇلاق تۇرمەيدى ... ءارى وسى قۇلاق تۇرمەگەندەر تالەيسىزدەر، باعى جوقتار، بىراق الحامدۇليللا، ءبىز بۇل كۇنگە ريزامىز، ونىمەن قۋانامىز، ءبىز وتە سونداي قيىن ۋاقىتتاردا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ءتىپتى كەيدە كەيبىر ادامدار ءۇشىن قازىر ەرەكشە قيىن كەزدەر بولسا، ال كەيبىر ادامدار ءۇشىن قيىن دەگەن نارسەلەر دە تىم قيىندىق بولماس. سەبەبى قازىر ولاردىڭ بارلىق ىستەپ جاتقاندارى بۇكىل دۇنيەنى ادامدارعا قىزمەت ەتتىرۋ، بارىدە ادامدار ءۇشىن بولىپ وتىر. ادامداردا كىرۋ جۋۋ ماشيناسى، ايدايتىن ماشينالار بار، ال ايەلدەرگە ارنالعان ماشينالار وزدەرى ءبىر بولەك، ءۇي تازالاۋ ماشيناسى سياقتى تاعىدا باسقا تولىپ جاتقان ماشينالار بار، بىراق بۇرىنعى كەزدەردە جاعداي باسقاشا بولىپ، كىر جۋۋ ءۇشىن ولار الدىمەن وتىن جاعىپ قىزدىرادى، ودان سوڭ بارىپ سونىمەن كىر جۋادى، جۇمىس بارىسى راسىندا قيىن، ال قازىر بولسا وتە وڭاي، ەرلەرگەدە سولاي، ءتىپتى ءار نارسەگە ارناپ ماشينا جاساپ العان، زاۋاتتاردا ماشينالاسىپ كەتكەن بولىپ، ادامدار شارشاپ جاتپايدى، ماشينالار، موتورلار، ۇشاقتار ءبارى بار، قازىر ولاردىڭ بارلىعى ادامزات ءۇشىن جۇمىس قىلۋدا. ءيا، جارايدى، بۇلار وڭايلاستى، بىراق ارتى نە بولدى؟ ادامدار قۋانىشقا بولەنىپ، باقىتتى بولىپ كەتتى مە؟ جوق، بىراق كەرىسىنشە بولىپ ولار تىپتىدە كوپ كوڭىلسىزدىكتەرمەن قۋانىشسىزدىقتارعا ءتۇسىپ كەتتى، ولاردا بارلىعى بار، بارلىق قولايلىلىقتار دايىندالىپ قويعان، بىراق وسىلاي بولا تۇرا ولار قۋانا المادى، باقىتتىڭ ءدامىن تاتا الماي ءجۇر، اسىلىندە ولار قۋانا باقىتتى جۇرۋگە ءتيىستى بولاتۇعىن، سەبەبى ولار بۇرىنعى كەزدەردەگىدەي ەمەس بارلىعىن وڭتايلى، جەڭىل، قولايلى ەتىپ العان. بۇرىن وسى جەردەن كورشى قالاعا بارۋعا ءۇش كۇن جاياۋ ءجۇرىپ باراتىن، قازىر جارىم ساعاتتا جەتەدى، قازىر بارلىعى قولايلىلاسىپ ءارى تەزدەپ، ادامدار وزدەرىنە كوپتەگەن بوس ۋاقىتتار شىعارا الاتىن بولدى، بىراق ولار وسى بوس ۋاقىتتارىن جاقسى نارسەلەرگە ارناۋدان كورى ونى ناپسىلەرى جاقسى كورەتىن ىستەرگە ارناۋدا، ونى ءناپسى قالاعان ىستەردى ىستەۋگە جۇمساۋدا، سوندىقتان ولار ءار جولى ناپسىلەرىنە ىلەسكەن سايىن كوپتەگەن كوڭىلسىزدىكتەرمەن باقىتسىزدىقتارعا دۇشار بولۋدا. ەرتەدە ادامدار وتە قاربالاس بولىپ، ناپسىلەرىن حوش قىلاتىن ۋاقىتتارى جوق بولاتۇعىن، ول كەزدە تەك قولمەن جۇمىس ىستەيسىڭ، جاياۋ جۇرەسىڭ، باراسىڭ-كەلەسىڭ، كەسەسىڭ ت.ب. ىستەر دەگەندەي، زاۋىتتاردا دا ادامدار قولىمەن جۇمىس ىستەيدى، قازىرگىدەي ماشينالاسپاعان، تەك قولمەن جۇمىس اتقارۋ كەرەك بولعاندىقتان، ناپسىڭمەن «قىزىققا باتىپ ءماز بوپ» وتىراتىن ۋاقىت جوق بولاتۇعىن، ال ادامداردىڭ جابىعۋعا، تورىعۋعا، قۋانىشسىزدىققا ءتۇسىپ كەتۋىنە، قۇتىرۋعا، ەسىرۋگە ءتىپتى دە مۇرساسى جوق ەدى، ادامدار تەك ءوز جۇمىسىنا عانا نازارىن شوعىرلاندىرىپ ونى بىتىرۋگە تىرىساتىن، ول بىتكەن سوڭ، ەرتەسى دە سولاي جۇمىسىن تاعى جالعاستىراتىن، ول كەزدەگىلەر انانى نە مىنانى ىستەۋگە تىنىم الماي شاۋىپ جۇرەتىن دە، ادامدار وزدەرىن بۇزىپ الۋىنا ۋاقىت جوق ەدى. قازىر ادامدار بۇرىنعىلارداي ەمەس بولىپ، ولاردا بارلىعى بار بولسادا وتە كوپ باقىتسىزدىقتارعا ءتۇسىپ كەتكەن، ولار ءتىپتى دە كوپ نارسەلەرمەن ءجايلى-راحاتتىلىقىتى سۇراۋدا، ولار «بۇل جەتكىلىكسىز، بىزگە جەتپەيدى، بىزگە تاعىدا كوپتەگەن نارسەلەر كەرەك دەيدى.»، ال كاپىرلەر بولسا ولار ەشقاشان باقىتتى بولماق ەمەس، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ولاردا شىن ومىرگە دەگەن ۇمىتتەرى جوق، «شىن ومىرگە» ... ءبىز ءومىر ءسۇرىپ جاتقان مىنا دۇنيەدە مەيلى وتە باي-داۋلەتتى ادامدار بولسىن، مەيلى ەڭ كەدەي-جارلى ادامدار بولسىن بارلىعىندا بىردەي وزدەرىنە لايىقتى انا-مىنا ماسەلەلەرى بار، نە ءۇشىن ولار بۇنداي ماسەلەرگە كەز بولادى؟ سەبەبى بۇل ءومىر تاعى ءبىر كەلە جاتقان كەلەر ومىرگە دايىندىق الاڭى، سەن سوندا ءجۇرسىڭ، بۇل جەر ءجاننات ەمەس، كەلە جاتقان ءومىر (اقيرەت) يمان كەلتىرگەن مۇميندەر ءۇشىن ناعىز باقىت جانە تىنىشتىق مەكەنى بولماق، ال كاپىرلەر بۇل دۇنيەدە بارلىعىن سىناپ كورەدى دە «جوق، بۇل ومىردەن سوڭ باسقا ەشقانداي ءومىر جوق.» دەيدى، بىراق يمان كەلتىرگەندەر سابىرلىلىق ەتسە اللا تاعالادان ءاربىر كورگەن قيىنشىلىعى ءۇشىن مول ساۋاپتارعا يە بولادى، اللا تاعالا «اقيرەت اللا تاعالادان قورقىپ يمان كەلتىرگەندەر ءۇشىن جاقسى بولادى.» (قۇران 7:169) دەيدى قۇران كاريمدە. وسى شىندىقتار كەلگەندە ءجانناتتا قامىعۋ، ۋايىم-قايعى، باقىتسىزدىق سياقتى بۇل دۇنيەدەگى نارسەلەردىڭ ەشبىرى جوق ەكەنى بەلگىلى بولادى، اسىرەسە ءجانناتتىڭ كىرەر قاقپاسىندا «حاۋدۋ كاۋسار» بار، ول پايعامبارىمىزدىڭ ءدارياسى بولىپ، سۋلارى پايعامبارىمىزدان كەلەدى، ونىڭ يەسى ءبىزدىڭ پايعامبار. ءاربىر جانناتقا كىرۋشى جانناتقا كىرۋدەن بۇرىن وسى كاۋسار سۋىنان ىشەدى، بۇل كاۋسار سۋى جانناتقا كىرەتىندەردى تازالاۋعا ارنالعان، ول نەلەردى تازالايدى؟ ول ءناپسى قالاۋ، ناپسىلىك قاسيەتتەر، جانە باسقا كورە الماستىق، وشتىك، جەك كورۋشىلىك سياقتى مىنا دۇنيەدە ويلاپ جەتەرلىك بارلىق جاماندىقپەن كەساپاتتاردان تازالايدى، كاۋسار سۋى وسىنىڭ بارلىعىن ادامنان جۋىپ كەتەدى دە بەينە پەرىشتە سياقتى بولاسىڭدار، وسىلاي ادامدار ارا ەگەس جوعالاتىن بولادى، وسىدان سوڭ ولاردىڭ بارلىعى ءبىر-بىرىنە رازى بولىپ، باقىتقا كەنەلەدى، ادامدار ارا ەشقانداي كورە الماستىق، قىزعانىش اتاۋلى قالمايدى، جەك كورۋ بولمايدى، بۇل دۇنيەدەن الىپ كەلگەن كۇللى كەسىرلى جامان قاسيەتتەرىمىزدىڭ شيپاسى وسى ارادا بىتەدى، بۇل جاماندىقتارىمىزدىڭ جانناتقا كىرۋىنە جول جوق. سوندىقتان ءجاننات ناعىز باقىت مەكەنى، ال ءبىز مىنا دۇنيەدە دە باقىتسىزداردان ەمەسپىز، سەبەبى ءبىز بۇل دۇنيەدەگى امال-ارەكەتتەرىمىز، كورگەن ماشاقاتتارىمىز بوسقا كەتپەيتىنىن بىلەمىز، اللا تاعالا ءار نارسەمىزگە ساۋاپ جازادى، ال كاپىرلەرمەن يمان كەلتىرمەگەندەر وتە تالەيسىز جاندار، بىراق ءبىز اللا تاعالاعا ولار ءۇشىن دۇعا جاساپ ولارعا حيدايات بەرۋىن جانە تۋرا جول كورسەتۋىن سۇرايمىز، سەبەبى ولاردا ادام اتامىزدىڭ ۇرپاقتارى، ولاردى دا اللا تاعالا جاراتتى، ءبىز ولارعا مۇمكىندىگىنشە كومەك ەتۋىمىز كەرەك، ولارعا كومەگىمىز - تۋرا جولدى كورسەتۋ، ءبىزدىڭ ولارعا جاساي الاتىن كومەگىمىز سول ءبىز ولاردىڭ تۋرالىق جولىنا تۇسىۋىنە دۇعا جاسايمىز، ينشاللا. ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا. يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا - اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقشىباند تاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى #يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=223