You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Қазынаның үстінде отырғанын аңғармау (2021.10.24)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=146

Қазынаның үстінде отырғанын аңғармау (2021.10.24)
https://www.facebook.com/tanirtaw/posts/308961457864233
Алла тағала адамдардың қайда өмір сүріп, қайдан риздығын алатынын өзі біледі әрі бұларды өзі белгілейді, бірақ адамдар «мен бұнда барамын, мен онда барамын.» деп айтады, олар пайдамен риздықтарына қол жеткізу үшін барын салып тыраштанып бағады, ал бұнысы кейде өнімін берсе де, кейде бермей жатады. бұл дүниедегі риздығың маңызды емес, бірақ ең маңыздысы ақиреттік риздығың болмақ, осыған көп көңіл бөл, дүниенің артына түсемін деп ақиретіңді жоғалтып алма. Көптеген адамдар өздерінің ата-мекендерін тастап, капірлер үстемдік құрған мемілекеттерге (Европа және Америка сияқты елдер) барып жатады және олар «біз бұл елдерге барып көп ақша-дүние табамыз әрі жақсы тұрмысқа жетеміз.» дейді, ал ақиқатында мейлі қалай өмір сүрсеңде бұл өмір жалған өмір, шын өмір емес. Шын өмір ақиреттегі өмір, адамдар осыған көңіл бөліп, бұны жадында ұстағаны жөн, бірақ олар бұған еш маңыздылық бермеуде.

Алла тағала адамдарға риздық береді, ол қайдан бұйырсада, адамдар міндетті түрде риздығына йе болатыны анық. Мүмкін бір адам бар жерді айналып келер, бірақ риздығын қайта оралған соң табады, ол риздығын таппақ болып, бар өмірін онда не бұнда шапқылаумен өткізер, бірақ оның риздығы табанының астында жатады яғни өз елінде тұр, алайда адамдар бұндай санада болуды қойған, ақиреті жайлы ойлануды ұмыт қалдырған, барлығының көңіл бөлетіні тек риздықтары ғана емес, бірақ ақша табу болып кеткен.

Бұрынғы адамдар бұндай емес еді, ал бұнда солардан бір мысал келтірелік. Мәлім кісі ұдайы түс көреді, ол түсінде Бағдаттағы бір жүзім ағашының саясында отыр екен және басқа бір адам келіп «онда қазына жатыр, сен сонда бар» дейді, бұл өмірде болған шын уақиға, ал бұл адам осы ұқсас түсті он рет қайталап көре береді, ең соңында бұл түсі жайлы ойлана бастайды, бірақ ол Бағдатқа барайын десе ақшасы жоқ еді, ол сонымен қолында бар мүлкін сатып Бағдатқа аттанып кетеді, ол тұрған үйінен басқаның бәрін сатып тастаған болатұғын. Ол ондағы қазына барлығы жайлы өте сенімді көңіл күйде болып, сол қазынаны іздемекші болады, ол «ол қазына менің риздығым, мен сонда барып оны алып алайын.» деп ойлады, осы қиялдардың жетегімен Стамбулдан Бағдатқа бет түзейді, соңында ол арып-шаршап Бағдатқада жетеді. Ол онда барған соң түсінде көрген дәл сол жерді және сол ұқсас жүзім ағашын көреді, ол жүзім ағаштарының қасында бір тамаққана бар екен, ол ондағы үзімнен дәм татады, бұл кезде оның бар ақшасы таусылып, аштықтан өзеуреп, өлерменнің күйінде тұрған еді, ондағы тамаққананың йесі одан «бұнда неғып жүрсің? ақшаңда таусылды, әңгімеңді айтсаңшы? бұл жерге неге келдің? орныңнан тұрда, іс қылсаңшы» дейді, ол «мен бәлен түс көріп едім, сол түсім бойынша осы араға келіп отырмын, ол шын сияқты себебі мен оны он рет көрдім, ол түс ұдайы қайталана берді, оны бір емес, үш не бес рет емес, көп рет қайталап көре бердім, түсіме еріп менің бұл араға келуімнің жайы осы еді, осында сөзсіз қазына бар болса керек» дейді, ал тамаққананың йесі «бұл жер менікі, бұнда ешнәрсе жоқ, сен жынданып кеткенсің ау сіра? менде сенікі сияқты түс көргем, түсімде Станбулдың бәлен жерінде қазына бар екен.» дейді әрі ол түсіндегі бұл қазынаның қай жерде қандай орында екендігін де анық айтады, бірақ шындығында оның айтып тұрғаны осы аш қалған кісінің Станбулдағы үйінің дәл өзі еді, қожайын «ол қазына бәлен жердегі бәлен тастың астында, бірақ мен сен секілді барын сатып түсіндегі қазынасын іздеп кедейлесер жынды емеспін.» дейді, ал түсін қуған жарлы болса оның айтып отырған жері өзінің үйі екендігін танып жетеді де, қожайынға рақметін айтып, ештеңе айтпастан кері қайтады. Ол үйінеде жетеді әрі айтылған қазынаны табады, үйінің жанынан өте үлкен қазына шығып, ол осы қазынамен Станбулда бір мешіт тұрғызады, ол мешіт қазір Станбулдың Фатих өңірінде, әңгіме баяны осы еді.

Алла тағала адамдардың риздығын әр жерден бұйра береді, бірақ бұндағы ең жақсысы риздығыңа қоса ақиретің жайлыда ойла білуің болатұғын. Біз алла тағаладан осыларды түсіне білерлік ақыл-сана сұраймыз, біз көптеген адамдардың туған елдерін тастап, шет елдерде өмір сүріп жатқанын көп естиміз, ал олар ондағыларды немесе ондағы мұсылман әйелдерін немесе мұсылман отбасыларын жақатпайды да «ондағылар ислам бойынша жүрмейді екен, елімізден көбірек адамдар алып келелік.» дейді, бірақ біз үнемі мұсылмандар бұл шет елдеріне барған соң «қолдан шығып кететінін» естиміз, олар онда сол шет елдегілер не істесе соны істейді, соларға еліктейді, бар ұятсыздық істерді істеуге ұрынады. Сондықтан шет елге келген мұсылмандар осыларға жақсы көңіл бөлуі керек, ондағы өмір заңымен жолынан хабардар болғаны жөн, шетелге ол жақтың бұндай жайын білмейтін әрі онда барған соң өмірін ғана емес ақиретінде бірге құртып алатындарды апармағаны жөн, керісінше сондағы жергіліктерді тауып, солармен үйленгені жөн, басқа мұсылман елдегілерді ол араға тасып апарып қателікке ұрынбауы керек, себебі көптеген шайтан бар, олар әйелдерге көбірек шабуылдайды, ол шет елдері толған шайтан болып, онда барған мұсылмандар нәпсісіне йе бола алмай, соңында сеніңде, өзініңде өмірің ойран етер, сондықтан алла тағаладан өзімізге пана тілейміз.

Алла тағала баршамызға риздығымызды алысқа (күпір елдеріне) бармай-ақ жақыннан табуға нәсіп еткей, себебі қазір адамдар сондай бір мүшкіл хәлде тұр, олар туған елдерін, туған ата-мекендерін тастап, ақша қуып әр жерге шапқылап кетті, ал адамдар ақшаның артына түссе болғаны, діндерін демде ұмыта бастайды да, олардың бұл тірлігінен өздеріне еш пайда келмейді. Алла тағала біздерді панасында еткей, сонымен бірге алла тағала исламды, мұсылмандарды және олардың ұрпақтарын-балаларын мына ақырзаманның бүліктерімен шайтанның кесірлерінен сақтағай, иншалла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

قازىنانىڭ ۇستىندە وتىرعانىن اڭعارماۋ (2021.10.24)

اللا تاعالا ادامداردىڭ قايدا ءومىر ءسۇرىپ، قايدان ريزدىعىن الاتىنىن ءوزى بىلەدى ءارى بۇلاردى ءوزى بەلگىلەيدى، بىراق ادامدار «مەن بۇندا بارامىن، مەن وندا بارامىن.» دەپ ايتادى، ولار پايدامەن ريزدىقتارىنا قول جەتكىزۋ ءۇشىن بارىن سالىپ تىراشتانىپ باعادى، ال بۇنىسى كەيدە ءونىمىن بەرسە دە، كەيدە بەرمەي جاتادى. بۇل دۇنيەدەگى ريزدىعىڭ ماڭىزدى ەمەس، بىراق ەڭ ماڭىزدىسى اقيرەتتىك ريزدىعىڭ بولماق، وسىعان كوپ كوڭىل ءبول، دۇنيەنىڭ ارتىنا تۇسەمىن دەپ اقيرەتىڭدى جوعالتىپ الما. كوپتەگەن ادامدار وزدەرىنىڭ اتا-مەكەندەرىن تاستاپ، كاپىرلەر ۇستەمدىك قۇرعان مەمىلەكەتتەرگە (ەۆروپا جانە امەريكا سياقتى ەلدەر) بارىپ جاتادى جانە ولار «ءبىز بۇل ەلدەرگە بارىپ كوپ اقشا-دۇنيە تابامىز ءارى جاقسى تۇرمىسقا جەتەمىز.» دەيدى، ال اقيقاتىندا مەيلى قالاي ءومىر سۇرسەڭدە بۇل ءومىر جالعان ءومىر، شىن ءومىر ەمەس. شىن ءومىر اقيرەتتەگى ءومىر، ادامدار وسىعان كوڭىل ءبولىپ، بۇنى جادىندا ۇستاعانى ءجون، بىراق ولار بۇعان ەش ماڭىزدىلىق بەرمەۋدە.

اللا تاعالا ادامدارعا ريزدىق بەرەدى، ول قايدان بۇيىرسادا، ادامدار مىندەتتى تۇردە ريزدىعىنا يە بولاتىنى انىق. مۇمكىن ءبىر ادام بار جەردى اينالىپ كەلەر، بىراق ريزدىعىن قايتا ورالعان سوڭ تابادى، ول ريزدىعىن تاپپاق بولىپ، بار ءومىرىن وندا نە بۇندا شاپقىلاۋمەن وتكىزەر، بىراق ونىڭ ريزدىعى تابانىنىڭ استىندا جاتادى ياعني ءوز ەلىندە تۇر، الايدا ادامدار بۇنداي سانادا بولۋدى قويعان، اقيرەتى جايلى ويلانۋدى ۇمىت قالدىرعان، بارلىعىنىڭ كوڭىل بولەتىنى تەك ريزدىقتارى عانا ەمەس، بىراق اقشا تابۋ بولىپ كەتكەن.

بۇرىنعى ادامدار بۇنداي ەمەس ەدى، ال بۇندا سولاردان ءبىر مىسال كەلتىرەلىك. ءمالىم كىسى ۇدايى ءتۇس كورەدى، ول تۇسىندە باعداتتاعى ءبىر ءجۇزىم اعاشىنىڭ ساياسىندا وتىر ەكەن جانە باسقا ءبىر ادام كەلىپ «وندا قازىنا جاتىر، سەن سوندا بار» دەيدى، بۇل ومىردە بولعان شىن ۋاقيعا، ال بۇل ادام وسى ۇقساس ءتۇستى ون رەت قايتالاپ كورە بەرەدى، ەڭ سوڭىندا بۇل ءتۇسى جايلى ويلانا باستايدى، بىراق ول باعداتقا بارايىن دەسە اقشاسى جوق ەدى، ول سونىمەن قولىندا بار مۇلكىن ساتىپ باعداتقا اتتانىپ كەتەدى، ول تۇرعان ۇيىنەن باسقانىڭ ءبارىن ساتىپ تاستاعان بولاتۇعىن. ول ونداعى قازىنا بارلىعى جايلى وتە سەنىمدى كوڭىل كۇيدە بولىپ، سول قازىنانى ىزدەمەكشى بولادى، ول «ول قازىنا مەنىڭ ريزدىعىم، مەن سوندا بارىپ ونى الىپ الايىن.» دەپ ويلادى، وسى قيالداردىڭ جەتەگىمەن ستامبۋلدان باعداتقا بەت تۇزەيدى، سوڭىندا ول ارىپ-شارشاپ باعداتقادا جەتەدى. ول وندا بارعان سوڭ تۇسىندە كورگەن ءدال سول جەردى جانە سول ۇقساس ءجۇزىم اعاشىن كورەدى، ول ءجۇزىم اعاشتارىنىڭ قاسىندا ءبىر تاماققانا بار ەكەن، ول ونداعى ۇزىمنەن ءدام تاتادى، بۇل كەزدە ونىڭ بار اقشاسى تاۋسىلىپ، اشتىقتان وزەۋرەپ، ولەرمەننىڭ كۇيىندە تۇرعان ەدى، ونداعى تاماققانانىڭ يەسى ودان «بۇندا نەعىپ ءجۇرسىڭ؟ اقشاڭدا تاۋسىلدى، اڭگىمەڭدى ايتساڭشى؟ بۇل جەرگە نەگە كەلدىڭ؟ ورنىڭنان تۇردا، ءىس قىلساڭشى» دەيدى، ول «مەن بالەن ءتۇس كورىپ ەدىم، سول ءتۇسىم بويىنشا وسى اراعا كەلىپ وتىرمىن، ول شىن سياقتى سەبەبى مەن ونى ون رەت كوردىم، ول ءتۇس ۇدايى قايتالانا بەردى، ونى ءبىر ەمەس، ءۇش نە بەس رەت ەمەس، كوپ رەت قايتالاپ كورە بەردىم، تۇسىمە ەرىپ مەنىڭ بۇل اراعا كەلۋىمنىڭ جايى وسى ەدى، وسىندا ءسوزسىز قازىنا بار بولسا كەرەك» دەيدى، ال تاماققانانىڭ يەسى «بۇل جەر مەنىكى، بۇندا ەشنارسە جوق، سەن جىندانىپ كەتكەنسىڭ اۋ ءسىرا؟ مەندە سەنىكى سياقتى ءتۇس كورگەم، تۇسىمدە ستانبۋلدىڭ بالەن جەرىندە قازىنا بار ەكەن.» دەيدى ءارى ول تۇسىندەگى بۇل قازىنانىڭ قاي جەردە قانداي ورىندا ەكەندىگىن دە انىق ايتادى، بىراق شىندىعىندا ونىڭ ايتىپ تۇرعانى وسى اش قالعان كىسىنىڭ ستانبۋلداعى ءۇيىنىڭ ءدال ءوزى ەدى، قوجايىن «ول قازىنا بالەن جەردەگى بالەن تاستىڭ استىندا، بىراق مەن سەن سەكىلدى بارىن ساتىپ تۇسىندەگى قازىناسىن ىزدەپ كەدەيلەسەر جىندى ەمەسپىن.» دەيدى، ال ءتۇسىن قۋعان جارلى بولسا ونىڭ ايتىپ وتىرعان جەرى ءوزىنىڭ ءۇيى ەكەندىگىن تانىپ جەتەدى دە، قوجايىنعا راقمەتىن ايتىپ، ەشتەڭە ايتپاستان كەرى قايتادى. ول ۇيىنەدە جەتەدى ءارى ايتىلعان قازىنانى تابادى، ءۇيىنىڭ جانىنان وتە ۇلكەن قازىنا شىعىپ، ول وسى قازىنامەن ستانبۋلدا ءبىر مەشىت تۇرعىزادى، ول مەشىت قازىر ستانبۋلدىڭ فاتيح وڭىرىندە، اڭگىمە بايانى وسى ەدى.

اللا تاعالا ادامداردىڭ ريزدىعىن ءار جەردەن بۇيرا بەرەدى، بىراق بۇنداعى ەڭ جاقسىسى ريزدىعىڭا قوسا اقيرەتىڭ جايلىدا ويلا ءبىلۋىڭ بولاتۇعىن. ءبىز اللا تاعالادان وسىلاردى تۇسىنە بىلەرلىك اقىل-سانا سۇرايمىز، ءبىز كوپتەگەن ادامداردىڭ تۋعان ەلدەرىن تاستاپ، شەت ەلدەردە ءومىر ءسۇرىپ جاتقانىن كوپ ەستيمىز، ال ولار ونداعىلاردى نەمەسە ونداعى مۇسىلمان ايەلدەرىن نەمەسە مۇسىلمان وتباسىلارىن جاقاتپايدى دا «ونداعىلار يسلام بويىنشا جۇرمەيدى ەكەن، ەلىمىزدەن كوبىرەك ادامدار الىپ كەلەلىك.» دەيدى، بىراق ءبىز ۇنەمى مۇسىلماندار بۇل شەت ەلدەرىنە بارعان سوڭ «قولدان شىعىپ كەتەتىنىن» ەستيمىز، ولار وندا سول شەت ەلدەگىلەر نە ىستەسە سونى ىستەيدى، سولارعا ەلىكتەيدى، بار ۇياتسىزدىق ىستەردى ىستەۋگە ۇرىنادى. سوندىقتان شەت ەلگە كەلگەن مۇسىلماندار وسىلارعا جاقسى كوڭىل ءبولۋى كەرەك، ونداعى ءومىر زاڭىمەن جولىنان حاباردار بولعانى ءجون، شەتەلگە ول جاقتىڭ بۇنداي جايىن بىلمەيتىن ءارى وندا بارعان سوڭ ءومىرىن عانا ەمەس اقيرەتىندە بىرگە قۇرتىپ الاتىنداردى اپارماعانى ءجون، كەرىسىنشە سونداعى جەرگىلىكتەردى تاۋىپ، سولارمەن ۇيلەنگەنى ءجون، باسقا مۇسىلمان ەلدەگىلەردى ول اراعا تاسىپ اپارىپ قاتەلىككە ۇرىنباۋى كەرەك، سەبەبى كوپتەگەن شايتان بار، ولار ايەلدەرگە كوبىرەك شابۋىلدايدى، ول شەت ەلدەرى تولعان شايتان بولىپ، وندا بارعان مۇسىلماندار ناپسىسىنە يە بولا الماي، سوڭىندا سەنىڭدە، وزىنىڭدە ءومىرىڭ ويران ەتەر، سوندىقتان اللا تاعالادان وزىمىزگە پانا تىلەيمىز.

اللا تاعالا بارشامىزعا ريزدىعىمىزدى الىسقا (كۇپىر ەلدەرىنە) بارماي-اق جاقىننان تابۋعا ءناسىپ ەتكەي، سەبەبى قازىر ادامدار سونداي ءبىر مۇشكىل حالدە تۇر، ولار تۋعان ەلدەرىن، تۋعان اتا-مەكەندەرىن تاستاپ، اقشا قۋىپ ءار جەرگە شاپقىلاپ كەتتى، ال ادامدار اقشانىڭ ارتىنا تۇسسە بولعانى، دىندەرىن دەمدە ۇمىتا باستايدى دا، ولاردىڭ بۇل تىرلىگىنەن وزدەرىنە ەش پايدا كەلمەيدى. اللا تاعالا بىزدەردى پاناسىندا ەتكەي، سونىمەن بىرگە اللا تاعالا يسلامدى، مۇسىلمانداردى جانە ولاردىڭ ۇرپاقتارىن-بالالارىن مىنا اقىرزاماننىڭ بۇلىكتەرىمەن شايتاننىڭ كەسىرلەرىنەن ساقتاعاي، ينشاللا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=146