You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Орта жол - ең жақсы жол (2021.10.23)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=145

Орта жол - ең жақсы жол (2021.10.23)

Біз үлкен әулие шайық Абдуллах Дағыстан қазіреттің үнемі қалдырмай айтып жүретін пайғамбарымыздың бір хадисын естіп өстік, қасиетті пайғамбарымыз «ең жақсысы орта жол» деген екен, мұнда әрқандай нәрседе орта жолдылық ең жақсы, ол көпте емес, азда емес болу, орта жолдылық ең жақсысы. әр істеде солай, құлшылықтада, жұмыстада солай, кезкелген нәрселерде асыра кетушілік жақсы емес. Азда істеме, көпте істеме, сонда істеп жатқан ісіңнен жалығып не шаршап, артынан оның бәрін тастап кетпейтін боласың, сондықтан ортада тұр, іс ыңғайы жеңіл болады.

Қазіргі адамдарда «шамадан тыс кетіп қалыпсыздыққа ұрыну» деген ауру бар, онда олар өте қатты қуанып кетеді немесе өте қатты көңілсізденеді, олар оның ортасында тұра алмайды яғни «екі ұшқарылыққа» ұрынады, әр істе ортада тұр, тым қуанбада тым жұбанба, алла тағалада бұл хақында құран кәримде де айтып өткен-ді. Ортада болу немесе орта жолдылық адамдардың әрбір ісіне қайыр-жақсылық ала келеді, себебі мына дүние бұлдыр дүние, баяны жоқ тұрлаусыз дүние, тым қуанып жүрген жан болсаң, бірақ бірдеңең жоғалғанда мүлдем көңілсізденіп түсіп кететін боласың, ал ортасында болсаң бұндай күйге қалмайсың, бірдеңеге жетсеңде немесе жете алмасаңда жақсы кұйде тұрасың, міне бұлар біздің ойымыздың күйлерінен.

Ертедегі адамдардан бір мысал ... Ертеде бір Сұлтан немесе Мұминдердің Әміршісі мәлім бір ғұламаны ордадағы өте бір үлкен мәнсапқа шақырады, бірақ бұл ғұлама ол орынды қабыл етпейді, адамдар оған «охо, сізге соншама биік мәнсапты қызмет ұсынылды, жұрыттың бәрі оған жетпекке барын салып тырбыңдап жүр емеспе, ал сіз болсаңыз ол орынды сұлтанның көзінше қабыл етпедіңіз, не үшін осындай әдемі мәнсапты, биік мәртебені қабылдамайсыз?» деп айтады, ал ғұлама болса «сұлтан ол мәнсапты оңай берсе салғаны сияқты оңай ғана алыпта кете береді емеспе? артынан мәнсабыңды жоғалтып ыңғайсыз күйге түскенше, басынан оны қабыл етпегенім жөн емеспе.» деп жауап береді, ақылды адамдар осындай істейді, олар бұл дүниенің шын жағдайын біледі, оның сынаптай аударылған тұрлаусыз дүние екендігін түсінеді, сондықтан олар орта жолды таңдайды, осылайша олар іс ыңғайы жақсы болса жақсы сезінеді де, ал іс насырға шапса, көңілсіз болып кетпейді.

Бұл кездің адамдары әр істе ең ұшар нүктесіне жеткенді қалайды яғни олар әр істе тым асыра сілтеушілікке беріліп, ұшқарылыққа ұрынады, олар ең жақсысымен «еңдерге» құштар, нәпсілерін тежей алмай, шамадан тыс нәрселерді сұрайды, ал оған жете алмай қалса бәрінен түңілмек, олар дегеніне жетсе бірақ оны кейін жоғалтып алса, оларға көңілсіздіктің көкесі сол кезде болмақ. Алла тағала біздері өз панасына алғай. Иншалла, біздер пайғамбарымыздың қасиетті өсиеттеріне ергендерден болайық, иләйім.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

ورتا جول - ەڭ جاقسى جول (2021.10.23)

ءبىز ۇلكەن اۋليە شايىق ابدۋللاح داعىستان قازىرەتتىڭ ۇنەمى قالدىرماي ايتىپ جۇرەتىن پايعامبارىمىزدىڭ ءبىر حاديسىن ەستىپ وستىك، قاسيەتتى پايعامبارىمىز «ەڭ جاقسىسى ورتا جول» دەگەن ەكەن، مۇندا ارقانداي نارسەدە ورتا جولدىلىق ەڭ جاقسى، ول كوپتە ەمەس، ازدا ەمەس بولۋ، ورتا جولدىلىق ەڭ جاقسىسى. ءار ىستەدە سولاي، قۇلشىلىقتادا، جۇمىستادا سولاي، كەزكەلگەن نارسەلەردە اسىرا كەتۋشىلىك جاقسى ەمەس. ازدا ىستەمە، كوپتە ىستەمە، سوندا ىستەپ جاتقان ىسىڭنەن جالىعىپ نە شارشاپ، ارتىنان ونىڭ ءبارىن تاستاپ كەتپەيتىن بولاسىڭ، سوندىقتان ورتادا تۇر، ءىس ىڭعايى جەڭىل بولادى.

قازىرگى ادامداردا «شامادان تىس كەتىپ قالىپسىزدىققا ۇرىنۋ» دەگەن اۋرۋ بار، وندا ولار وتە قاتتى قۋانىپ كەتەدى نەمەسە وتە قاتتى كوڭىلسىزدەنەدى، ولار ونىڭ ورتاسىندا تۇرا المايدى ياعني «ەكى ۇشقارىلىققا» ۇرىنادى، ءار ىستە ورتادا تۇر، تىم قۋانبادا تىم جۇبانبا، اللا تاعالادا بۇل حاقىندا قۇران كاريمدە دە ايتىپ وتكەن-ءدى. ورتادا بولۋ نەمەسە ورتا جولدىلىق ادامداردىڭ ءاربىر ىسىنە قايىر-جاقسىلىق الا كەلەدى، سەبەبى مىنا دۇنيە بۇلدىر دۇنيە، بايانى جوق تۇرلاۋسىز دۇنيە، تىم قۋانىپ جۇرگەن جان بولساڭ، بىراق بىردەڭەڭ جوعالعاندا مۇلدەم كوڭىلسىزدەنىپ ءتۇسىپ كەتەتىن بولاسىڭ، ال ورتاسىندا بولساڭ بۇنداي كۇيگە قالمايسىڭ، بىردەڭەگە جەتسەڭدە نەمەسە جەتە الماساڭدا جاقسى كۇيدە تۇراسىڭ، مىنە بۇلار ءبىزدىڭ ويىمىزدىڭ كۇيلەرىنەن.

ەرتەدەگى ادامداردان ءبىر مىسال ... ەرتەدە ءبىر سۇلتان نەمەسە مۇميندەردىڭ ءامىرشىسى ءمالىم ءبىر عۇلامانى ورداداعى وتە ءبىر ۇلكەن مانساپقا شاقىرادى، بىراق بۇل عۇلاما ول ورىندى قابىل ەتپەيدى، ادامدار وعان «وحو، سىزگە سونشاما بيىك ءمانساپتى قىزمەت ۇسىنىلدى، جۇرىتتىڭ ءبارى وعان جەتپەككە بارىن سالىپ تىربىڭداپ ءجۇر ەمەسپە، ال ءسىز بولساڭىز ول ورىندى سۇلتاننىڭ كوزىنشە قابىل ەتپەدىڭىز، نە ءۇشىن وسىنداي ادەمى ءمانساپتى، بيىك مارتەبەنى قابىلدامايسىز؟» دەپ ايتادى، ال عۇلاما بولسا «سۇلتان ول ءمانساپتى وڭاي بەرسە سالعانى سياقتى وڭاي عانا الىپتا كەتە بەرەدى ەمەسپە؟ ارتىنان ءمانسابىڭدى جوعالتىپ ىڭعايسىز كۇيگە تۇسكەنشە، باسىنان ونى قابىل ەتپەگەنىم ءجون ەمەسپە.» دەپ جاۋاپ بەرەدى، اقىلدى ادامدار وسىنداي ىستەيدى، ولار بۇل دۇنيەنىڭ شىن جاعدايىن بىلەدى، ونىڭ سىناپتاي اۋدارىلعان تۇرلاۋسىز دۇنيە ەكەندىگىن تۇسىنەدى، سوندىقتان ولار ورتا جولدى تاڭدايدى، وسىلايشا ولار ءىس ىڭعايى جاقسى بولسا جاقسى سەزىنەدى دە، ال ءىس ناسىرعا شاپسا، كوڭىلسىز بولىپ كەتپەيدى.

بۇل كەزدىڭ ادامدارى ءار ىستە ەڭ ۇشار نۇكتەسىنە جەتكەندى قالايدى ياعني ولار ءار ىستە تىم اسىرا سىلتەۋشىلىككە بەرىلىپ، ۇشقارىلىققا ۇرىنادى، ولار ەڭ جاقسىسىمەن «ەڭدەرگە» قۇشتار، ناپسىلەرىن تەجەي الماي، شامادان تىس نارسەلەردى سۇرايدى، ال وعان جەتە الماي قالسا بارىنەن تۇڭىلمەك، ولار دەگەنىنە جەتسە بىراق ونى كەيىن جوعالتىپ السا، ولارعا كوڭىلسىزدىكتىڭ كوكەسى سول كەزدە بولماق. اللا تاعالا بىزدەرى ءوز پاناسىنا العاي. ينشاللا، بىزدەر پايعامبارىمىزدىڭ قاسيەتتى وسيەتتەرىنە ەرگەندەردەن بولايىق، ءيلايىم.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=145