You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=94
Құран - ұлы мұғжиза (2021.08.20)

Пайғамбарымыз «خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلَّمَ الْقُرْآنَ وَعَلَّمَهُ» яғни «араларыңдағы ең жақсыларың құранды үйреніп және оны үйреткендерің.» дейді. Пайғамбарымыздың өте үлкен мұғжизасы ретінде құран әзимушанды алла тағала бізге жіберді, ол - алла тағаланың байырғы сөзі. Бұл дүниеде құраннан артық және құраннан пайдалы ешқандай кітап жоқ, ол алла тағаланың бізге берген асыл сауғасы, адамдар, әсіресе мұсылмандар бұл кітаптің қадіріне жете білуі керек. Оны оқығандар оның бар пайдасын көретін болады, оның әрбір әріпіне сауап жазылған, әрбір сөзі емес, әрбір әріпіне, құран осыншама қасиетті! Сондықтан, біз әр күнгі міндетіміз ретіне құраннан бір жүз (пара) оқимыз, басқаларда осылай оқыса болады, бірақ оларға оны әр күні оқу міндеттелінбегендіктен, олар оған тым көңіл бөліп кетпейді. Көп адамдар «біз құранды қалай оқуды білмейміз» деп айтып жатады, олар бір жүз оқи алмасада, оны үйреніп жүргендер әр күні кемінде бір бет оқуы тиіс. Қаншалықты көп оқыған сайын, соншалықты көп нәрселер саған ашылатын болады, алла тағаланың қалау-рухсатымен жүректеріңде ашылатын болады. Сенің құран оқуың ата-бабаларыңа, өзіңмен ұрпақтарыңа тәндік және рухани жақтардан аса мол игіліктерді алып келеді. Міне осылар, пайғамбарымыздың бізге үйреткендерінен еді.

Құранды оқи алмайтындар, құранның өзі танитын әріпте арапша оқылуын жазған нұсқасын оқысада болады, алайда құранды әуелгі жазылған арапша нұсқасымен оқығаны абзал. Кейбір кісілердің жасы егделеп, құранды үйрене алмайды, осы кезде олар құранның арапша оқылуының өзге әріппен жазған нұсқасын оқиды, бұл ештеңе оқымағаннан жақсырақ жағдайлар болмақ. Мәселен, арапша әріптерді латынша немесе басқа әріптерменде оқуға болады. Алла тағала адамдарға үйреткен көптеген тілдермен әріптер бар, құранның арапшадағы оқылуын өзгерітпестен осы әріптер арқылы да оқуға рұхсат берілген. Алайда, құранның ағылшынша, түрікше, франсозша немесе қытайша аудармаларын оқығаннан еш пайда-сауап келмейді, бұл жағдай құран оқылған болып саналмайды, бұндай оқумен алла тағаланың сөзін түсінуің үшін оқуыңа болады, бірақ бұнымыз құран оқылғанға тең емес, намазды да басқа тілдермен оқуға болмайды, оның барлығын арапша оқуың керек, барлық мұсылмандар үшін оны үйрену және үйрету өте жақсы істерден-дүр. Айтып өткеніміздей, алла тағала адамдарға қиындықты қаламайды, алайда, алла тағала біздері бір-бірімізге ұқсамайтын етіп жаратқандықтан, кейбір адамдар мүлдем үйрене алмауыда мүмкін, осындай жағдайда оларға құранның арапша оқылуының өз тілдеріндегі әріппен жазылған нұсқасын оқуына болады. 

Шайтан «(құранда) не айтылып жатқанын түсінбей жатып, оны неге оқисың? оны түсінбей жатып неге амал етесің?» деп адамдарды алжастыруда. Сұбханалла, арап тілін мүлдем білмейтіндерде құранды жүрекпен үйреніп, оны мүлтіксіз еркін жаттауда, олар оның мағанасын түсінбеседе, алла тағала олардың жүректеріне осы байтақ жатқан құран әзимушанды жүрекпен үйренуді және айна қатесіз жаттап алуды берді. Алла тағала құранның берер берекесін кемітпегей, біздерді құран әзимушанның жұрыттарынан еткей, иншалла. Құранды жүрекпен үйренген жақсы, жүрекпен үйренген соң, оны ұмытып қалма, оны үнемі күтіп сақта, әрдайым өзіңді тексеріп тұр, ұмытып қалмауың үшін құранды қайта-қайта оқы, олда бір аманат. Құранның берекесі біздерге үздіксіз тие бергей, иншалла.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
2021.08.20, Ыстанбұл, Түркия


- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф


قۇران - ۇلى مۇعجيزا (2021.08.20)

پايعامبارىمىز «خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلَّمَ الْقُرْآنَ وَعَلَّمَهُ» ياعني «ارالارىڭداعى ەڭ جاقسىلارىڭ قۇراندى ۇيرەنىپ جانە ونى ۇيرەتكەندەرىڭ.» دەيدى. پايعامبارىمىزدىڭ وتە ۇلكەن مۇعجيزاسى رەتىندە قۇران ءازيمۋشاندى اللا تاعالا بىزگە جىبەردى، ول - اللا تاعالانىڭ بايىرعى ءسوزى. بۇل دۇنيەدە قۇراننان ارتىق جانە قۇراننان پايدالى ەشقانداي كىتاپ جوق، ول اللا تاعالانىڭ بىزگە بەرگەن اسىل ساۋعاسى، ادامدار، اسىرەسە مۇسىلماندار بۇل كىتاپتىڭ قادىرىنە جەتە ءبىلۋى كەرەك. ونى وقىعاندار ونىڭ بار پايداسىن كورەتىن بولادى، ونىڭ ءاربىر ارىپىنە ساۋاپ جازىلعان، ءاربىر ءسوزى ەمەس، ءاربىر ارىپىنە، قۇران وسىنشاما قاسيەتتى! سوندىقتان، ءبىز ءار كۇنگى مىندەتىمىز رەتىنە قۇراننان ءبىر ءجۇز (پارا) وقيمىز، باسقالاردا وسىلاي وقىسا بولادى، بىراق ولارعا ونى ءار كۇنى وقۋ مىندەتتەلىنبەگەندىكتەن، ولار وعان تىم كوڭىل ءبولىپ كەتپەيدى. كوپ ادامدار «ءبىز قۇراندى قالاي وقۋدى بىلمەيمىز» دەپ ايتىپ جاتادى، ولار ءبىر ءجۇز وقي الماسادا، ونى ۇيرەنىپ جۇرگەندەر ءار كۇنى كەمىندە ءبىر بەت وقۋى ءتيىس. قانشالىقتى كوپ وقىعان سايىن، سونشالىقتى كوپ نارسەلەر ساعان اشىلاتىن بولادى، اللا تاعالانىڭ قالاۋ-رۋحساتىمەن جۇرەكتەرىڭدە اشىلاتىن بولادى. سەنىڭ قۇران وقۋىڭ اتا-بابالارىڭا، وزىڭمەن ۇرپاقتارىڭا تاندىك جانە رۋحاني جاقتاردان اسا مول يگىلىكتەردى الىپ كەلەدى. مىنە وسىلار، پايعامبارىمىزدىڭ بىزگە ۇيرەتكەندەرىنەن ەدى.

قۇراندى وقي المايتىندار، قۇراننىڭ ءوزى تانيتىن ارىپتە اراپشا وقىلۋىن جازعان نۇسقاسىن وقىسادا بولادى، الايدا قۇراندى اۋەلگى جازىلعان اراپشا نۇسقاسىمەن وقىعانى ابزال. كەيبىر كىسىلەردىڭ جاسى ەگدەلەپ، قۇراندى ۇيرەنە المايدى، وسى كەزدە ولار قۇراننىڭ اراپشا وقىلۋىنىڭ وزگە ارىپپەن جازعان نۇسقاسىن وقيدى، بۇل ەشتەڭە وقىماعاننان جاقسىراق جاعدايلار بولماق. ماسەلەن، اراپشا ارىپتەردى لاتىنشا نەمەسە باسقا ارىپتەرمەندە وقۋعا بولادى. اللا تاعالا ادامدارعا ۇيرەتكەن كوپتەگەن تىلدەرمەن ارىپتەر بار، قۇراننىڭ اراپشاداعى وقىلۋىن وزگەرىتپەستەن وسى ارىپتەر ارقىلى دا وقۋعا رۇحسات بەرىلگەن. الايدا، قۇراننىڭ اعىلشىنشا، تۇرىكشە، فرانسوزشا نەمەسە قىتايشا اۋدارمالارىن وقىعاننان ەش پايدا-ساۋاپ كەلمەيدى، بۇل جاعداي قۇران وقىلعان بولىپ سانالمايدى، بۇنداي وقۋمەن اللا تاعالانىڭ ءسوزىن ءتۇسىنۋىڭ ءۇشىن وقۋىڭا بولادى، بىراق بۇنىمىز قۇران وقىلعانعا تەڭ ەمەس، نامازدى دا باسقا تىلدەرمەن وقۋعا بولمايدى، ونىڭ بارلىعىن اراپشا وقۋىڭ كەرەك، بارلىق مۇسىلماندار ءۇشىن ونى ۇيرەنۋ جانە ۇيرەتۋ وتە جاقسى ىستەردەن-ءدۇر. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، اللا تاعالا ادامدارعا قيىندىقتى قالامايدى، الايدا، اللا تاعالا بىزدەرى ءبىر-بىرىمىزگە ۇقسامايتىن ەتىپ جاراتقاندىقتان، كەيبىر ادامدار مۇلدەم ۇيرەنە الماۋىدا مۇمكىن، وسىنداي جاعدايدا ولارعا قۇراننىڭ اراپشا وقىلۋىنىڭ ءوز تىلدەرىندەگى ارىپپەن جازىلعان نۇسقاسىن وقۋىنا بولادى.

شايتان «(قۇراندا) نە ايتىلىپ جاتقانىن تۇسىنبەي جاتىپ، ونى نەگە وقيسىڭ؟ ونى تۇسىنبەي جاتىپ نەگە امال ەتەسىڭ؟» دەپ ادامداردى الجاستىرۋدا. سۇبحاناللا، اراپ ءتىلىن مۇلدەم بىلمەيتىندەردە قۇراندى جۇرەكپەن ۇيرەنىپ، ونى مۇلتىكسىز ەركىن جاتتاۋدا، ولار ونىڭ ماعاناسىن تۇسىنبەسەدە، اللا تاعالا ولاردىڭ جۇرەكتەرىنە وسى بايتاق جاتقان قۇران ءازيمۋشاندى جۇرەكپەن ۇيرەنۋدى جانە اينا قاتەسىز جاتتاپ الۋدى بەردى. اللا تاعالا قۇراننىڭ بەرەر بەرەكەسىن كەمىتپەگەي، بىزدەردى قۇران ءازيمۋشاننىڭ جۇرىتتارىنان ەتكەي، ينشاللا. قۇراندى جۇرەكپەن ۇيرەنگەن جاقسى، جۇرەكپەن ۇيرەنگەن سوڭ، ونى ۇمىتىپ قالما، ونى ۇنەمى كۇتىپ ساقتا، ءاردايىم ءوزىڭدى تەكسەرىپ تۇر، ۇمىتىپ قالماۋىڭ ءۇشىن قۇراندى قايتا-قايتا وقى، ولدا ءبىر امانات. قۇراننىڭ بەرەكەسى بىزدەرگە ۇزدىكسىز تيە بەرگەي، ينشاللا.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
2021.08.20، ىستانبۇل، تۇركيا


- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=94