https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8826
Сұхбат: Алла құранда, «намаз өте, құрбандық шал» дейді (2026.05.27 / Хижри 1447-жыл 10-Зұл-Хижа)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Lefke, Cyprus, Turkiye, 2026) Осыбір қасиетті күн сіздерге мүбәрак болғай, Алла ﷻ оны жақсы еткей, берекеге толы еткей, бұл Алла Әззә уә-Жәллә жағынан берілген ең жақсы сауғалардың бірі, олар осы екі айт, идал-фитр яғни ораза айт, және идал-адха яғни құрбан айт. Ал құрбан айттың ерекшелігі сол, онда көптеген құлшылықтар бар, мәселен, онда құрбандық шалынады, және қажылық өтеледі, қажылар оны сан жылдар бойы күтеді. Шүкір-Алла, олар қажылық парызын аман-есен өтеп шықты, көптеген адамдар оның ауыр жүгінен босап қалды, ал бұлар олардың отбасы үшін, өздері үшін, және олар үшін қуанатын жандар үшін береке болмақ. Ол бір ұлы құлшылық, кішкене нәрсе емес.
Ал бүгін қасиетті күн, Алла ﷻ бізге қуат бергей, бізге иман қуатын бергей, сонда біз Алланың бізге берген осыбір нығыметтеріне жете алармыз, біз осыбір ұлық нығыметтермен ұлық сауғалар үшін шүкір айтуымыз керек, иншалла. Әрине, біз қажылық жәйлы көп айтып кеттік, қажылық барлығына нәсіп болғай, иншалла, әр адам онда не істеу керектігін біледі, ал олар шамалары келгенінше істеуі керек, иншалла. Ақшасы жоқтар ана-мына жерден ақша жинап, қажылыққа дайындалуы керек, иншалла, оларға ниеттеріне қарай берілетін болады. Ал құрбан шалу жәйлы айтар болсақ, бұнда төрт мәзхап дұрыс, бірақ осы төрт мәзхаптың сыртында жүрген адамдар бар, демек, сопылық тәриқатты ғана емес, мәзхапты да қаламай жүрген көптеген адамдар бар.
«Бізге мәзхап керек емес, біз өзімізақ істей береміз, біз құран оқып, оларды содан түсініп аламыз» деген адамдар шайтан болар, сонда олар кім? бұны айтып жүрген адамдар ештеңе түсінбейтін адамдар. Олар оқығандарын да, көргендерін де түсінбейтін адамдар, сіз мәзхапсіз ештеңе істей алмайсыз. Ал құрбандық шалу біздің ханафи мәзхабы бойынша уәжіп болмақ, барлық төрт мәзхаптың ішнде, ол ханафи мәзхабында ғана уәжіп. Демек, ол парызбен муаккада сүннет дәрежесіндегі нәрсе, яғни уәжіп істелінуге тиісті нәрсе, ал басқа мәзхаптарда ол муаккада сүннет болмақ. Пайғамбарымыз ﷺ ұдайы құрбандық шалатын, ал кім оған мүмкіндігі болса, оны шалсын.
Анамыз Фатима хазіреттен келген хадистер бар, пайғамбарымыз ﷺнан басқаларға берілген хадистер бар, ал бұнда құрбан шалу тұрақты тұрғындар үшін уәжіп, бірақ сапардағылар үшін ол міндет емес. Егер біреу сапарда жүрсе, айтта болмаса, ол оған уәжіп емес, бұндайда ол сүннет болар, ол сүннет муаккада да бола берер. Бірақ сапарда емес тұрақты тұрғындар үшін, ол ханафи мәзхабында сүннет муаккада болып есептелінеді. Кімде қажылық, зекет сияқты нәрселерге артық ақшасы болса, немесе, 100 я 90 грам шамасындағы алтыны болса, олар үшін құрбан шалу уәжіп болар. Ал олар кедейлеу я кедей болса, құрбандықтың етін жыл бойы өздеріне сақтауына болады, міне бұндайда олар бірдей уәжіп құлшылығын өтеп, және өздерін етпен қамдаған болады, ол оларға ауыр болмайды.
Ал олар оны бергісі келсе, оны үшке бөліп, бір бөлігін өздеріне, бір бөлігін дос-жаран, туыстарға, тағы бір бөлігін кедейлерге берсе болады, немесе, оны садақа ретінде түгел бере салса да болады. Ал қазір барлығын түгел бере салу көп істелініп жүр, олар оны қалай істейді? олар оны басқа кедей жерлермен кедей мемлекеттерге жібереді, содан кедей адамдар оны жей алады. Кейбір адамдар бұның дұрыс-бұрыстығын сұрайды, бірақ ол дұрыс іс, себебі манағы адамдар мұхтаж адамдар, олар бір жылда мүмкін бір рет қана ет жеуі мүмкін, тіпті жей де алмайды. Сондықтан, оларға жіберу қабыл етілген іс, Алла ﷻ рұхсатында онда тұрған мәселе жоқ, ол - бір үлкен құлшылық болмақ.
Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда, «فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَٱنْحَرْ» деп те айтар, құран 108інші сүре 2інші аят. демек, «намаз өте және құрбандық шал» дейді Алла Әззә уә-Жәллә, сондықтан, бұны өздері үшін ету де оларға пайдалы болмақ. Егер олар құрбандықты өздері қажет еткісі келмесе, одан кедей және мұхтаж адамдар пайда алады, және олар үшін дұға жасайды. Олар осылайша құрбандық шалумен кедейлерді тамақтандырудай қос сауапқа бірдей жететін болады, және олар кедейлермен мұхтаждарды қуандырады. Алла ﷻ құлшылықтарымызды қабыл еткей, барша құлшылықтар әдемі, ал құлшылықта қиындық жоқ, бірақ шайтан оны қиын сияқты көрсетеді. Құлшылықта әдемілік бар, игілік бар, Алла ﷻ бізді шайтанға ергендерден етіп қоймағай, бірақ осыбір әдемі дәмдерді таттыра бергей, бізді олардан алыстатып жібермегей, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: اللا قۇراندا، «ناماز وتە، قۇرباندىق شال» دەيدى (2026.05.27 / حيجري 1447-جىل 10-زۇل-حيجا)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Lefke، Cyprus، Turkiye، 2026) ءوسىبىر قاسيەتتى كۇن سىزدەرگە مۇباراك بولعاي، اللا ﷻ ونى جاقسى ەتكەي، بەرەكەگە تولى ەتكەي، بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاعىنان بەرىلگەن ەڭ جاقسى ساۋعالاردىڭ ءبىرى، ولار وسى ەكى ايت، يدال-فيتر ياعني ورازا ايت، جانە يدال-ادحا ياعني قۇربان ايت. ال قۇربان ايتتىڭ ەرەكشەلىگى سول، وندا كوپتەگەن قۇلشىلىقتار بار، ماسەلەن، وندا قۇرباندىق شالىنادى، جانە قاجىلىق وتەلەدى، قاجىلار ونى سان جىلدار بويى كۇتەدى. شۇكىر-اللا، ولار قاجىلىق پارىزىن امان-ەسەن وتەپ شىقتى، كوپتەگەن ادامدار ونىڭ اۋىر جۇگىنەن بوساپ قالدى، ال بۇلار ولاردىڭ وتباسى ءۇشىن، وزدەرى ءۇشىن، جانە ولار ءۇشىن قۋاناتىن جاندار ءۇشىن بەرەكە بولماق. ول ءبىر ۇلى قۇلشىلىق، كىشكەنە نارسە ەمەس.
ال بۇگىن قاسيەتتى كۇن، اللا ﷻ بىزگە قۋات بەرگەي، بىزگە يمان قۋاتىن بەرگەي، سوندا ءبىز اللانىڭ بىزگە بەرگەن ءوسىبىر نىعىمەتتەرىنە جەتە الارمىز، ءبىز ءوسىبىر ۇلىق نىعىمەتتەرمەن ۇلىق ساۋعالار ءۇشىن شۇكىر ايتۋىمىز كەرەك، ينشاللا. ارينە، ءبىز قاجىلىق ءجايلى كوپ ايتىپ كەتتىك، قاجىلىق بارلىعىنا ءناسىپ بولعاي، ينشاللا، ءار ادام وندا نە ىستەۋ كەرەكتىگىن بىلەدى، ال ولار شامالارى كەلگەنىنشە ىستەۋى كەرەك، ينشاللا. اقشاسى جوقتار انا-مىنا جەردەن اقشا جيناپ، قاجىلىققا دايىندالۋى كەرەك، ينشاللا، ولارعا نيەتتەرىنە قاراي بەرىلەتىن بولادى. ال قۇربان شالۋ ءجايلى ايتار بولساق، بۇندا ءتورت ءمازحاپ دۇرىس، ءبىراق وسى ءتورت ءمازحاپتىڭ سىرتىندا جۇرگەن ادامدار بار، دەمەك، سوپىلىق ءتاريقاتتى عانا ەمەس، ءمازحاپتى دا قالاماي جۇرگەن كوپتەگەن ادامدار بار.
«بىزگە ءمازحاپ كەرەك ەمەس، ءبىز ءوزىمىزاق ىستەي بەرەمىز، ءبىز قۇران وقىپ، ولاردى سودان ءتۇسىنىپ الامىز» دەگەن ادامدار شايتان بولار، سوندا ولار كىم؟ بۇنى ايتىپ جۇرگەن ادامدار ەشتەڭە تۇسىنبەيتىن ادامدار. ولار وقىعاندارىن دا، كورگەندەرىن دە تۇسىنبەيتىن ادامدار، ءسىز ءمازحاپسىز ەشتەڭە ىستەي المايسىز. ال قۇرباندىق شالۋ ءبىزدىڭ حانافي ءمازحابى بويىنشا ءۋاجىپ بولماق، بارلىق ءتورت ءمازحاپتىڭ ىشندە، ول حانافي ءمازحابىندا عانا ءۋاجىپ. دەمەك، ول پارىزبەن مۋاككادا سۇننەت دارەجەسىندەگى نارسە، ياعني ءۋاجىپ ىستەلىنۋگە ءتيىستى نارسە، ال باسقا ءمازحاپتاردا ول مۋاككادا سۇننەت بولماق. پايعامبارىمىز ﷺ ۇدايى قۇرباندىق شالاتىن، ال كىم وعان مۇمكىندىگى بولسا، ونى شالسىن.
انامىز فاتيما حازىرەتتەن كەلگەن حاديستەر بار، پايعامبارىمىز ﷺنان باسقالارعا بەرىلگەن حاديستەر بار، ال بۇندا قۇربان شالۋ تۇراقتى تۇرعىندار ءۇشىن ءۋاجىپ، ءبىراق ساپارداعىلار ءۇشىن ول مىندەت ەمەس. ەگەر بىرەۋ ساپاردا جۇرسە، ايتتا بولماسا، ول وعان ءۋاجىپ ەمەس، بۇندايدا ول سۇننەت بولار، ول سۇننەت مۋاككادا دا بولا بەرەر. ءبىراق ساپاردا ەمەس تۇراقتى تۇرعىندار ءۇشىن، ول حانافي ءمازحابىندا سۇننەت مۋاككادا بولىپ ەسەپتەلىنەدى. كىمدە قاجىلىق، زەكەت سياقتى نارسەلەرگە ارتىق اقشاسى بولسا، نەمەسە، 100 يا 90 گرام شاماسىنداعى التىنى بولسا، ولار ءۇشىن قۇربان شالۋ ءۋاجىپ بولار. ال ولار كەدەيلەۋ يا كەدەي بولسا، قۇرباندىقتىڭ ەتىن جىل بويى وزدەرىنە ساقتاۋىنا بولادى، مىنە بۇندايدا ولار بىردەي ءۋاجىپ قۇلشىلىعىن وتەپ، جانە وزدەرىن ەتپەن قامداعان بولادى، ول ولارعا اۋىر بولمايدى.
ال ولار ونى بەرگىسى كەلسە، ونى ۇشكە ءبولىپ، ءبىر بولىگىن وزدەرىنە، ءبىر بولىگىن دوس-جاران، تۋىستارعا، تاعى ءبىر بولىگىن كەدەيلەرگە بەرسە بولادى، نەمەسە، ونى ساداقا رەتىندە تۇگەل بەرە سالسا دا بولادى. ال ءقازىر بارلىعىن تۇگەل بەرە سالۋ كوپ ىستەلىنىپ ءجۇر، ولار ونى قالاي ىستەيدى؟ ولار ونى باسقا كەدەي جەرلەرمەن كەدەي مەملەكەتتەرگە جىبەرەدى، سودان كەدەي ادامدار ونى جەي الادى. كەيبىر ادامدار بۇنىڭ دۇرىس-بۇرىستىعىن سۇرايدى، ءبىراق ول دۇرىس ءىس، سەبەبى ماناعى ادامدار مۇحتاج ادامدار، ولار ءبىر جىلدا مۇمكىن ءبىر رەت قانا ەت جەۋى مۇمكىن، ءتىپتى جەي دە المايدى. سوندىقتان، ولارعا جىبەرۋ قابىل ەتىلگەن ءىس، اللا ﷻ رۇحساتىندا وندا تۇرعان ماسەلە جوق، ول - ءبىر ۇلكەن قۇلشىلىق بولماق.
اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا، «فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَٱنْحَرْ» دەپ تە ايتار، قۇران 108ءىنشى سۇرە 2ءىنشى ايات. دەمەك، «ناماز وتە جانە قۇرباندىق شال» دەيدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، سوندىقتان، بۇنى وزدەرى ءۇشىن ەتۋ دە ولارعا پايدالى بولماق. ەگەر ولار قۇرباندىقتى وزدەرى قاجەت ەتكىسى كەلمەسە، ودان كەدەي جانە مۇحتاج ادامدار پايدا الادى، جانە ولار ءۇشىن دۇعا جاسايدى. ولار وسىلايشا قۇرباندىق شالۋمەن كەدەيلەردى تاماقتاندىرۋداي قوس ساۋاپقا بىردەي جەتەتىن بولادى، جانە ولار كەدەيلەرمەن مۇحتاجداردى قۋاندىرادى. اللا ﷻ قۇلشىلىقتارىمىزدى قابىل ەتكەي، بارشا قۇلشىلىقتار ادەمى، ال قۇلشىلىقتا قيىندىق جوق، ءبىراق شايتان ونى قيىن سياقتى كورسەتەدى. قۇلشىلىقتا ادەمىلىك بار، يگىلىك بار، اللا ﷻ ءبىزدى شايتانعا ەرگەندەردەن ەتىپ قويماعاي، ءبىراق ءوسىبىر ادەمى دامدەردى تاتتىرا بەرگەي، ءبىزدى ولاردان الىستاتىپ جىبەرمەگەي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8826