You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8183
АДАММЕН ИТ; ЖӘНЕ ҚАЗАҚ НЕ ҮШІН ҮКІ ҚАНАТЫН ТАҒАДЫ?

адам ата жерге түсіп, мәлім уақыт өткен соң, хорасанға түсірілген шайтан ібліс бүкіл жабайы аң-хайуандарды жинап, жерде жаңа пайда болған адам жәйлы сұхбат айтады. Ол оларға, 'білесіңдерме? қазір жерге адам деген сұмдық жаратылыс келді, кейін оның ұрпақтары сендерді өлтіріп, терілеріңді сыпырып алады, сендерді жейді, қырады, сондықтан, сендер адамды өлтіріп тастаңдар' дейді. Аңдар шошып, адам атаны өлтірмек болды, олардың ішіндегі ит, адам атаны көре сала, ауыз салмақ болып арсылдап келеді, сол кезде адам ата тізерлей қалып, иттің басын сипай, 'бисмиллахир рахманир рахим' дейді. Оны айтысымен, бисмилланың берекесінде, Алла иттің тәбиғатын өзгертіп жібереді, содан ит кері бұрылып, манағы аңдардың өздеріне қарсы шабулға өтеді. Олар қаша жөнеледі, содан бастап, ит адам атаға дос болып, оның мал-мүліктерін қорғайды, адам қызметінде болады. Ал құстардан шыққан үкі Алланың досы еді яғни үкі әулие құс болатын, ол тышқан жеп, адамның астығын қорғайды, ол осылай өз әлінше адамға қызмет өтеді. Кезінде сүлеймен пайғамбар үкіге, 'дос болайық' дейді, бірақ үкі, 'досым Алла' деп, қабыл етпейді. Демек қазақ халқындаы үкіні құрметтеу, өлтірмеу, және оның қанатын тәбәрік санау, оны әдемілік және тіл-көзден сақтау үшін тағу бекер қалмаған, оның түбі исламнан келген. Итті жеті қазынаның бірі ретінде көру де ықылым замандағы осындай исламдық уақиғаларға байланысты, бірақ қазіргілер оны ұмытып кетті.

اداممەن يت; جانە قازاق نە ءۇشىن ۇكى قاناتىن تاعادى؟

ادام اتا جەرگە ءتۇسىپ، ءمالىم ۋاقىت وتكەن سوڭ، حوراسانعا تۇسىرىلگەن شايتان ءىبلىس بۇكىل جابايى اڭ-حايۋانداردى جيناپ، جەردە جاڭا پايدا بولعان ادام ءجايلى سۇحبات ايتادى. ول ولارعا، 'بىلەسىڭدەرمە؟ ءقازىر جەرگە ادام دەگەن سۇمدىق جاراتىلىس كەلدى، كەيىن ونىڭ ۇرپاقتارى سەندەردى ءولتىرىپ، تەرىلەرىڭدى سىپىرىپ الادى، سەندەردى جەيدى، قىرادى، سوندىقتان، سەندەر ادامدى ءولتىرىپ تاستاڭدار' دەيدى. اڭدار شوشىپ، ادام اتانى ولتىرمەك بولدى، ولاردىڭ ىشىندەگى يت، ادام اتانى كورە سالا، اۋىز سالماق بولىپ ارسىلداپ كەلەدى، سول كەزدە ادام اتا تىزەرلەي قالىپ، ءيتتىڭ باسىن سيپاي، 'بيسميللاحير راحمانير راحيم' دەيدى. ونى ايتىسىمەن، بيسميللانىڭ بەرەكەسىندە، اللا ءيتتىڭ ءتابيعاتىن وزگەرتىپ جىبەرەدى، سودان يت كەرى بۇرىلىپ، ماناعى اڭداردىڭ وزدەرىنە قارسى شابۋلعا وتەدى. ولار قاشا جونەلەدى، سودان باستاپ، يت ادام اتاعا دوس بولىپ، ونىڭ مال-مۇلىكتەرىن قورعايدى، ادام قىزمەتىندە بولادى. ال قۇستاردان شىققان ۇكى اللانىڭ دوسى ەدى ياعني ۇكى اۋليە قۇس بولاتىن، ول تىشقان جەپ، ادامنىڭ استىعىن قورعايدى، ول وسىلاي ءوز الىنشە ادامعا قىزمەت وتەدى. كەزىندە سۇلەيمەن پايعامبار ۇكىگە، 'دوس بولايىق' دەيدى، ءبىراق ۇكى، 'دوسىم اللا' دەپ، قابىل ەتپەيدى. دەمەك قازاق حالقىنداى ۇكىنى قۇرمەتتەۋ، ولتىرمەۋ، جانە ونىڭ قاناتىن تابارىك ساناۋ، ونى ادەمىلىك جانە ءتىل-كوزدەن ساقتاۋ ءۇشىن تاعۋ بەكەر قالماعان، ونىڭ ءتۇبى يسلامنان كەلگەن. ءيتتى جەتى قازىنانىڭ ءبىرى رەتىندە كورۋ دە ىقىلىم زامانداعى وسىنداي يسلامدىق ۋاقيعالارعا بايلانىستى، ءبىراق قازىرگىلەر ونى ۇمىتىپ كەتتى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8183