https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8150
Сұхбат: әр адамның ақылымен түсінік дәрежесіне қарай сөйле (2025.03.29 / Хижра 1446-жыл 29-Рамазан)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «كُلُّ ٱمْرِئٍۭ بِمَا كَسَبَ رَهِينٌ» (әр адамның не тапқаны сақтаулы) (құран 52:21) дейді, садақал лахул ғазим. Алла Әззә Уә-Жәллә бұл аятта әр адам өз істеген істеріне жауапты екендігін айтады, сондықтан ислам діні төзімділік діні, мұсылман жан төзімді болуы керек, ол Алла ﷻ әмірлерін істеуге тырысады, ол басқаға емес, өзіне жауапты, ол өзі тура жолда жүреді, сонымен бірге ол өзгелерге де жақсы нәсихат айтады, ал оны қалағаны қабыл етер, қаламағаны қабыл етпес. Ислам діні, айтып өткеніміздей, төзімділіктің діні, біз ешкімге залал әкелмейміз, істелініп жатқан істермен көргеніне қарап, «бұл дүние ғой» деген адам төзімділік етеді, егер жақсы іс көрсе, ол Алла ﷻ ға шүкірлік айтар, ал жақсы болмаған іс көрсе, ол оған сабыр етеді, төзімділік қылады. Сіз адамдарға мәлім істі «істе» деп, күш көрсетуіңізге болмайды, егер сіз оларды өз жолыңызға салмақ болып күштесеңіз, онда соғыс туылады, міне осылай сіз тіпті де үлкен мәселе жасайсыз, сондықтан сіз адамдарға олардың түсінік дәрежесіне дейін айтасыз, әр адам осылай істер.
Демек ол осыншалық түсіне алады, себебі ол одан артық түсіне алмайды, біз оған ештеңе істей алмаймыз, рас солай, біз еш лаж жоқ, біз нәсихат айттық, ол мүмкін бірдеңе үйренгісі келеді, егер оны қаламаса, онда тұрған ештеңе жоқ, оны ойыңа алмай-ақ қойыңыз, миыңызды шаршатпаңыз, ол өзімен, сіз өзіңізбенсіз, алға жылжи беріңіз, тоқтап қалмаңыз. Бұл дүниеде сізді тоқтататын мәселелер, жұмыстар және кері шегінулер көп-ақ, бірақ олардың біреуін де ойыңызға салмаңыз, мәлім біреу болсын я кім болса, сол болсын, «ол бүйітті, ол сүйітті» десін, оларға еш маңыздылық бермеңіз, оларға төзімді болыңыз, себебі Алла ﷻ оларға соншалық қана түсінік берген, егер олар оны істемесе, сіз де олар сияқты надан болып кетпеңіз, олар ойлағандай ойда болмаңыз, олардың түсінігіндей түсінікте болмаңыз. Сіз Алла Әззә Уә-Жәлләның айтқанын, пайғамбарымыз ﷺ ның айтқанын түсініңіз, барлық 124000 пайғамбар осы нәрселерді айтуға келген, надан адамдардың маңызды нәрселерді тастап кеткенін елемеңіз, олардан аулақ болыңыз, егер бұны көрсеңіз, оған төзімділік етіңіз, бірақ оған маңыздылық танытпаңыз, мәселе тудырмаңыз.
Бұлар маңызды істер емес, Алла Әззә Уә-Жәллә сізді қарбалас ету үшін оларды жаратқан, ал бұларға маңыздылық танытпасаңыз, сіз Алла ﷻ ға жақындай түсетін боласыз. Адамдар, әрине, бұлар адамдарға айта салғандай оңай нәрсе емес, бірақ біртіндеп оларға аз-аздан төзімділік етесіз, келер жолы көптеп шыдайсыз, кейін онан арман шыдамдылық көрсететін боласыз, адамдар жаттығумен және тәжирибемен үйренеді, әр жолы сіз көбірек төзімді бола түсесіз, көрген істерді оңай жеңіп кететін боласыз, сондықтан төзімділік бірден келе салмайды, ол біртіндеп туылады, иншалла. Біз сақ болуымыз керек, мүмин бұл хақында көңіл болуы тиіс, бұндағы «мүмин» деп отырғанымыз, сопылық тәриқаттағылар, демек нәпсісін тәрбиелеу үшін сопылық тәриқатқа кіргендер еді, нәпсіні тәрбиелеу дегеніміздің тағы бір мағынасы төзімділік, адамдарға төзімділік жасай білу, сіз адамдарға олардың ақылмен түсінік дәрежесіне қарай, олардың махаббатына қарай сөз сөйлейтін боласыз, Алла ﷻ бұны бізге оңай еткей, иншалла, Алла ﷻ бізге осы төзімділікті бергей.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ءار ادامنىڭ اقىلىمەن تۇسىنىك دارەجەسىنە قاراي سويلە (2025.03.29 / حيجرا 1446-جىل 29-رامازان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye-Cyprus، Lefka، Shaykh Nazim Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «كُلُّ ٱمْرِئٍۭ بِمَا كَسَبَ رَهِينٌ» (ءار ادامنىڭ نە تاپقانى ساقتاۋلى) (قۇران 52:21) دەيدى، ساداقال لاحۋل عازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇل اياتتا ءار ادام ءوز ىستەگەن ىستەرىنە جاۋاپتى ەكەندىگىن ايتادى، سوندىقتان يسلام ءدىنى توزىمدىلىك ءدىنى، مۇسىلمان جان ءتوزىمدى بولۋى كەرەك، ول اللا ﷻ امىرلەرىن ىستەۋگە تىرىسادى، ول باسقاعا ەمەس، وزىنە جاۋاپتى، ول ءوزى تۋرا جولدا جۇرەدى، سونىمەن بىرگە ول وزگەلەرگە دە جاقسى ءناسيحات ايتادى، ال ونى قالاعانى قابىل ەتەر، قالاماعانى قابىل ەتپەس. يسلام ءدىنى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، توزىمدىلىكتىڭ ءدىنى، ءبىز ەشكىمگە زالال اكەلمەيمىز، ىستەلىنىپ جاتقان ىستەرمەن كورگەنىنە قاراپ، «بۇل دۇنيە عوي» دەگەن ادام توزىمدىلىك ەتەدى، ەگەر جاقسى ءىس كورسە، ول اللا ﷻ عا شۇكىرلىك ايتار، ال جاقسى بولماعان ءىس كورسە، ول وعان سابىر ەتەدى، توزىمدىلىك قىلادى. ءسىز ادامدارعا ءمالىم ءىستى «ىستە» دەپ، كۇش كورسەتۋىڭىزگە بولمايدى، ەگەر ءسىز ولاردى ءوز جولىڭىزعا سالماق بولىپ كۇشتەسەڭىز، وندا سوعىس تۋىلادى، مىنە وسىلاي ءسىز ءتىپتى دە ۇلكەن ماسەلە جاسايسىز، سوندىقتان ءسىز ادامدارعا ولاردىڭ تۇسىنىك دارەجەسىنە دەيىن ايتاسىز، ءار ادام وسىلاي ىستەر.
دەمەك ول وسىنشالىق تۇسىنە الادى، سەبەبى ول ودان ارتىق تۇسىنە المايدى، ءبىز وعان ەشتەڭە ىستەي المايمىز، راس سولاي، ءبىز ەش لاج جوق، ءبىز ءناسيحات ايتتىق، ول مۇمكىن بىردەڭە ۇيرەنگىسى كەلەدى، ەگەر ونى قالاماسا، وندا تۇرعان ەشتەڭە جوق، ونى ويىڭا الماي-اق قويىڭىز، ميىڭىزدى شارشاتپاڭىز، ول وزىمەن، ءسىز وزىڭىزبەنسىز، العا جىلجي بەرىڭىز، توقتاپ قالماڭىز. بۇل دۇنيەدە ءسىزدى توقتاتاتىن ماسەلەلەر، جۇمىستار جانە كەرى شەگىنۋلەر كوپ-اق، ءبىراق ولاردىڭ بىرەۋىن دە ويىڭىزعا سالماڭىز، ءمالىم بىرەۋ بولسىن يا كىم بولسا، سول بولسىن، «ول ءبۇيىتتى، ول ءسۇيىتتى» دەسىن، ولارعا ەش ماڭىزدىلىق بەرمەڭىز، ولارعا ءتوزىمدى بولىڭىز، سەبەبى اللا ﷻ ولارعا سونشالىق قانا تۇسىنىك بەرگەن، ەگەر ولار ونى ىستەمەسە، ءسىز دە ولار سياقتى نادان بولىپ كەتپەڭىز، ولار ويلاعانداي ويدا بولماڭىز، ولاردىڭ تۇسىنىگىندەي تۇسىنىكتە بولماڭىز. ءسىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ايتقانىن، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ايتقانىن ءتۇسىنىڭىز، بارلىق 124000 پايعامبار وسى نارسەلەردى ايتۋعا كەلگەن، نادان ادامداردىڭ ماڭىزدى نارسەلەردى تاستاپ كەتكەنىن ەلەمەڭىز، ولاردان اۋلاق بولىڭىز، ەگەر بۇنى كورسەڭىز، وعان توزىمدىلىك ەتىڭىز، ءبىراق وعان ماڭىزدىلىق تانىتپاڭىز، ماسەلە تۋدىرماڭىز.
بۇلار ماڭىزدى ىستەر ەمەس، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءسىزدى قاربالاس ەتۋ ءۇشىن ولاردى جاراتقان، ال بۇلارعا ماڭىزدىلىق تانىتپاساڭىز، ءسىز اللا ﷻ عا جاقىنداي تۇسەتىن بولاسىز. ادامدار، ارينە، بۇلار ادامدارعا ايتا سالعانداي وڭاي نارسە ەمەس، ءبىراق بىرتىندەپ ولارعا از-ازدان توزىمدىلىك ەتەسىز، كەلەر جولى كوپتەپ شىدايسىز، كەيىن ونان ارمان شىدامدىلىق كورسەتەتىن بولاسىز، ادامدار جاتتىعۋمەن جانە تاجيريبەمەن ۇيرەنەدى، ءار جولى ءسىز كوبىرەك ءتوزىمدى بولا تۇسەسىز، كورگەن ىستەردى وڭاي جەڭىپ كەتەتىن بولاسىز، سوندىقتان توزىمدىلىك بىردەن كەلە سالمايدى، ول بىرتىندەپ تۋىلادى، ينشاللا. ءبىز ساق بولۋىمىز كەرەك، ءمۇمين بۇل حاقىندا كوڭىل بولۋى ءتيىس، بۇنداعى «ءمۇمين» دەپ وتىرعانىمىز، سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار، دەمەك ءناپسىسىن تاربيەلەۋ ءۇشىن سوپىلىق ءتاريقاتقا كىرگەندەر ەدى، ءناپسىنى تاربيەلەۋ دەگەنىمىزدىڭ تاعى ءبىر ماعىناسى توزىمدىلىك، ادامدارعا توزىمدىلىك جاساي ءبىلۋ، ءسىز ادامدارعا ولاردىڭ اقىلمەن تۇسىنىك دارەجەسىنە قاراي، ولاردىڭ ماحابباتىنا قاراي ءسوز سويلەيتىن بولاسىز، اللا ﷻ بۇنى بىزگە وڭاي ەتكەي، ينشاللا، اللا ﷻ بىزگە وسى توزىمدىلىكتى بەرگەي.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8150