https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8141
Сұхбат: мұсылман бөлек, мүмин бөлек, мүмин болыңыз (2025.03.24 / Хижра 1446-жыл 24-Рамазан)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye-Cyprus, Lefka, Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ хазірет, «الْمُؤْمِنُ مِرْآةُ الْمُؤْمِن» (мүмин мүминнің айнасы) дейді, ол осылай дер, демек бір мүмин тағы бір оның мүмин бауырының айнасы, мүмин бөлек, мұсылман бөлек, бір мұсылман тағы бір мұсылманның айнасы бола алмайды, бірақ мүмин кісі алдында тұрған адамның өзі сияқты мүмин екендігін біледі де, өзіне тілеген бар игілікті оған да тілей біледі. Ол оған ұқсас нәрсені қалады, ол оған аз болуын тілемейді, яғни ол өзіне тілеген барша жақсылықпен игілікті өзінің мүмин бауырына да тілейді, демек ол оны өзі сияқты көреді, оған өзі сияқты мәміле жасайды, міне бұл иманды мүмин. Шынайы мүминдер дегеніміз пайғамбарымыз ﷺ жағынан сүйілген жандар, олар пайғамбарымыз ﷺ ның жолына еретіндер, олар сопылық тәриқатпен шәриғат жолында жүретіндер, себебі осыбір тамаша жол шәриғат және сопылық тәриқатпен көрсетілген, ал оған еретіндер мүминдерден болмақ.
Мүминде, яғни нендей игілік болса, ол мүминде болады, мүминнен ешбір залал келмейді, пайғамбарымыз ﷺ зиянкестік істемеуге әмір еткен, мүминнің хәлі өте әдемі, себебі мүмин дегеніміз адамдарға және әрбір жанға игілік әкелуді қалайды, ол адамдардың тура жолға түсуін қалайды, жәннәтқа кіруін қалайды, сондықтан көптеген әулие-машайықтар өзінен соң, өзінің айнасы сияқты болған тағы бір шайықты қалдырып кетеді, ал осы шайық пір шайығы не істесе, соны көрсетіп отырады. Ең әйгілі әулиелердің бірі Мәуләнә Жалалудин Руми хазірет, ол «менің айнам - Шәміс Табризи хазірет» дейді, ол осы айнаға қарап, одан құт-береке алды, олар бірге сұхбат қылды, олар біліммен ақиқатты үйретті, Шайық Шәміс Табризи хазірет тек Мәуләнә Руми хазіретке ғана айна болды, ол өзгелерге айна болған жоқ, себебі оның хәлімен мақамын тек Мәуләнә Руми хазірет қана алып жүре алатын еді, ол одан басқа ешкімге айна болмады, ал адамдар оны түсіне алмайды, демек оның өзін әркімге түсіндіру міндеті болмағандықтан, ол тек Мәуләнә Руми хазіретке ғана айна болды. Ал ақиқаттар оның жүрегінен Мәуләнә Руми хазіреттің жүрегіне тарады, олар олардың арасында келіп кетіп, айналып өтіп жүрді, одан соң олар аса зор хидаятқа жол болды, қазірге дейін милиондаған адамдар олардың осыбір жолы арқылы иманға келді және ақиқатты тапты, міне бұл біздің «айна» деп атап жүрген нәрселеріміз еді.
Пайғамбарымыз ﷺ айтып кеткендей, мүмин кісі алдында тұрған жан кім болса да, оны өзі сияқты адам сезінеді, осыған қатысты бір мақал бар еді, алайда көптеген адамдар оған ұқсамайды, кәпірлер оған ұқсамайды, сіз оны өзіңіздей көріп, мәміле жасайтын шығарсыз, бірақ жүрегі таза болмаған бұл адам сізден қалай пайда табуды ойлайды, қалай сіздің алдыңызда жүруді, қалай сізден алда болуды ойлайды. Кейде адамның көңілі қалып жатады, бірақ бұл маңызды емес, ал маңыздысы бір мүмин тауып, бір-біріңізге айна болу, міне осылай бір-біріңіздің кемшіліктеріңізді түзеу және істеуге тиісті нәрселерді істеу, қасыңыздағы мүмин сияқты болу, міне бұл бір әдемі іс, иншалла, пайғамбарымыз ﷺ ның әмірі осылай іске асырылады, міне осындайда адамдар пайғамбарымыз ﷺ ның айтқан берекелі сөздерінен игілік ала алады.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #allah #ораза #туражол #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: مۇسىلمان بولەك، ءمۇمين بولەك، ءمۇمين بولىڭىز (2025.03.24 / حيجرا 1446-جىل 24-رامازان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye-Cyprus، Lefka، Shaykh Nazim Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) پايعامبارىمىز ﷺ حازىرەت، «الْمُؤْمِنُ مِرْآةُ الْمُؤْمِن» (ءمۇمين ءمۇميننىڭ ايناسى) دەيدى، ول وسىلاي دەر، دەمەك ءبىر ءمۇمين تاعى ءبىر ونىڭ ءمۇمين باۋىرىنىڭ ايناسى، ءمۇمين بولەك، مۇسىلمان بولەك، ءبىر مۇسىلمان تاعى ءبىر مۇسىلماننىڭ ايناسى بولا المايدى، ءبىراق ءمۇمين كىسى الدىندا تۇرعان ادامنىڭ ءوزى سياقتى ءمۇمين ەكەندىگىن بىلەدى دە، وزىنە تىلەگەن بار يگىلىكتى وعان دا تىلەي بىلەدى. ول وعان ۇقساس نارسەنى قالادى، ول وعان از بولۋىن تىلەمەيدى، ياعني ول وزىنە تىلەگەن بارشا جاقسىلىقپەن يگىلىكتى ءوزىنىڭ ءمۇمين باۋىرىنا دا تىلەيدى، دەمەك ول ونى ءوزى سياقتى كورەدى، وعان ءوزى سياقتى مامىلە جاسايدى، مىنە بۇل يماندى ءمۇمين. شىنايى مۇميندەر دەگەنىمىز پايعامبارىمىز ﷺ جاعىنان سۇيىلگەن جاندار، ولار پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولىنا ەرەتىندەر، ولار سوپىلىق تاريقاتپەن ءشاريعات جولىندا جۇرەتىندەر، سەبەبى ءوسىبىر تاماشا جول ءشاريعات جانە سوپىلىق تاريقاتپەن كورسەتىلگەن، ال وعان ەرەتىندەر مۇميندەردەن بولماق.
مۇميندە، ياعني نەندەي يگىلىك بولسا، ول مۇميندە بولادى، مۇميننەن ەشبىر زالال كەلمەيدى، پايعامبارىمىز ﷺ زيانكەستىك ىستەمەۋگە ءامىر ەتكەن، ءمۇميننىڭ ءحالى وتە ادەمى، سەبەبى ءمۇمين دەگەنىمىز ادامدارعا جانە ءاربىر جانعا يگىلىك اكەلۋدى قالايدى، ول ادامداردىڭ تۋرا جولعا ءتۇسۋىن قالايدى، ءجانناتقا كىرۋىن قالايدى، سوندىقتان كوپتەگەن اۋليە-ماشايىقتار وزىنەن سوڭ، ءوزىنىڭ ايناسى سياقتى بولعان تاعى ءبىر شايىقتى قالدىرىپ كەتەدى، ال وسى شايىق ءپىر شايىعى نە ىستەسە، سونى كورسەتىپ وتىرادى. ەڭ ايگىلى اۋليەلەردىڭ ءبىرى ءماۋلانا جالالۋدين رۋمي حازىرەت، ول «مەنىڭ اينام - ءشامىس تابريزي حازىرەت» دەيدى، ول وسى ايناعا قاراپ، ودان قۇت-بەرەكە الدى، ولار بىرگە سۇحبات قىلدى، ولار بىلىممەن اقيقاتتى ۇيرەتتى، شايىق ءشامىس تابريزي حازىرەت تەك ءماۋلانا رۋمي حازىرەتكە عانا اينا بولدى، ول وزگەلەرگە اينا بولعان جوق، سەبەبى ونىڭ حالىمەن ماقامىن تەك ءماۋلانا رۋمي حازىرەت قانا الىپ جۇرە الاتىن ەدى، ول ودان باسقا ەشكىمگە اينا بولمادى، ال ادامدار ونى تۇسىنە المايدى، دەمەك ونىڭ ءوزىن اركىمگە ءتۇسىندىرۋ مىندەتى بولماعاندىقتان، ول تەك ءماۋلانا رۋمي حازىرەتكە عانا اينا بولدى. ال اقيقاتتار ونىڭ جۇرەگىنەن ءماۋلانا رۋمي حازىرەتتىڭ جۇرەگىنە تارادى، ولار ولاردىڭ اراسىندا كەلىپ كەتىپ، اينالىپ ءوتىپ ءجۇردى، ودان سوڭ ولار اسا زور حيداياتقا جول بولدى، قازىرگە دەيىن ميليونداعان ادامدار ولاردىڭ ءوسىبىر جولى ارقىلى يمانعا كەلدى جانە اقيقاتتى تاپتى، مىنە بۇل ءبىزدىڭ «اينا» دەپ اتاپ جۇرگەن نارسەلەرىمىز ەدى.
پايعامبارىمىز ﷺ ايتىپ كەتكەندەي، ءمۇمين كىسى الدىندا تۇرعان جان كىم بولسا دا، ونى ءوزى سياقتى ادام سەزىنەدى، وسىعان قاتىستى ءبىر ماقال بار ەدى، الايدا كوپتەگەن ادامدار وعان ۇقسامايدى، كاپىرلەر وعان ۇقسامايدى، ءسىز ونى وزىڭىزدەي كورىپ، مامىلە جاسايتىن شىعارسىز، ءبىراق جۇرەگى تازا بولماعان بۇل ادام سىزدەن قالاي پايدا تابۋدى ويلايدى، قالاي ءسىزدىڭ الدىڭىزدا ءجۇرۋدى، قالاي سىزدەن الدا بولۋدى ويلايدى. كەيدە ادامنىڭ كوڭىلى قالىپ جاتادى، ءبىراق بۇل ماڭىزدى ەمەس، ال ماڭىزدىسى ءبىر ءمۇمين تاۋىپ، ءبىر-بىرىڭىزگە اينا بولۋ، مىنە وسىلاي ءبىر-ءبىرىڭىزدىڭ كەمشىلىكتەرىڭىزدى تۇزەۋ جانە ىستەۋگە ءتيىستى نارسەلەردى ىستەۋ، قاسىڭىزداعى ءمۇمين سياقتى بولۋ، مىنە بۇل ءبىر ادەمى ءىس، ينشاللا، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ءامىرى وسىلاي ىسكە اسىرىلادى، مىنە وسىندايدا ادامدار پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ايتقان بەرەكەلى سوزدەرىنەن يگىلىك الا الادى.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #allah #ورازا #تۋراجول #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8141