You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8140
ШАЙТАННЫҢ ШАМАСЫ ҚҰЙРЫҚ ТҮКТІ ҚОЗҒАЛТУҒА ҒАНА ЖЕТЕДІ

пайғамбарымыздан бұрын шайтан ібліс адамдарға өз бейнесімен немесе адам бейнесімен келіп, көріне беретін, оларға оңай әсер ететін, оңай аздыратын, ол кезде ең азғын кесірлі жын-шайтандар жерді еркін аралап жүретін, олар аспанға биік әлемге көтеріліп, періштелерден ғайып хабарларды оңай ұрлайтын. Алайда, пайғамбарымыз дүниеге келген соң, әлемге Алланың рахымы түсті де, жын-шайтандардың адамдарға әсер ету күші көп әлсіреп кетті, мәселен, шайтан жындар биік әлемге шығып, періштелерден ғайыптың хабарын ұрлай алмайтын болды, егер олар көкке шықса, оларды жұлдыздар қуалап, күйдіріп өлтіретін еді. Ал шайтан ібліс өз бейнесімен адамдарға көріне алмайтын болды, оның шын бейнесін тек пайғамбарлармен әулиелер ғана көре алады. Сонымен бірге жер шарыны айналып жүретін асқан бұзық жындар пайғамбарымыздың әмірімен сахаба хазірет Әли жағынан ауаның үстіне ары кете алмайтын я бері түсе алмайтын етіп қамалды, бірақ бұл лас жындар осы ақырзаманда адамдардың көкке жеткен күнәсіна мініп, жерге түсіп алды, олар қазір адамзаттың арасында еркін жүр. Пайғамбарымыз әлемге нұрмен рахым, сондықтан шайтанның көптеген күші алынып кетті, ол бізге төте физикалық тұрғыда әсер ете алмайды, тек жаман ой салады, уәсуәсамен сыбырлайды, ол сөйлей алмайды, қолдан жетектеп жамандыққа апара алмайды. Бірақ шайтан адамдарға бір жолмен физикалық тұрғыда әсер ете алады, алайда бұл әсері тым әлсіз, шайтан тек адамның ең лас дене органына әсер ете алады. Мәселен, ол адамның үлкен дәреті шығатын органындағы жүн-түкті қозғалтады, содан әлгі адам 'жел шығып кетті, дәретім бұзылды' деп ойлап, уәсуәсаға салынады, қайта дәрет алып, әуре болады. Кім осы уәсуәсаға сенсе, алданады, намазын қиындатып алады. Солай, шайтан физикалық тұрғыда сіздің сол жердегі түгіңізді қозғалтуға ғана шамасы келеді, басқаға шамасы келмейді. Бұдан басқа, шайтан мал-түліктердің құйрығын шұқып үркітіп, малдың мазасын алып бүлік жасай алады. Мәселен, ол сыйырдың құйрығын шұқып үркітеді немесе біреуге 'сыйырды босат' деп, уәсуәса салады, сосын сыйыр босап, көршінің ауласына кіреді, егістігін таптайды. Онан соң екі көрші ренжіседі, тіпті соғысып бір-бірін өлтіріп қояды, оның арты екі рудың, екі елдің соғысына жалғасады. Осылайша, үлкен қасірет шайтанның сыйыр құйрығын шұқудан басталады. Демек шайтан кішкене істен үлкен бүлік жасай алады, ал одан сақтануымыз үшін нәпсімізді тежеп, әдепті жүруіміз керек, себебі нәпсісін меңгеріп, әдепті жүрген адамға шайтанның еш әсері жүрмейді. Шайтан нәпсісіне құл болған адамға, әдепсіз адамға әмірін оңай жүргізеді, уәсуәсасын орындата алады. Шайтаннан да өте қауіпті топтар кімдер? Олар адам шайтандар яғни шайтанның адам әскерлері, олар адам баласы болғандықтан, адамдарға тіке әсер ете алу күшіне ие, олар шайтаннан мың есе күшті келеді. Ал қазір шайтан осы адамдарды пайдаланып жершарында шайтан халифаттығын орнатып алды.

شايتاننىڭ شاماسى قۇيرىق تۇكتى قوزعالتۋعا عانا جەتەدى

پايعامبارىمىزدان بۇرىن شايتان ءىبلىس ادامدارعا ءوز بەينەسىمەن نەمەسە ادام بەينەسىمەن كەلىپ، كورىنە بەرەتىن، ولارعا وڭاي اسەر ەتەتىن، وڭاي ازدىراتىن، ول كەزدە ەڭ ازعىن كەسىرلى جىن-شايتاندار جەردى ەركىن ارالاپ جۇرەتىن، ولار اسپانعا بيىك الەمگە كوتەرىلىپ، پەرىشتەلەردەن عايىپ حابارلاردى وڭاي ۇرلايتىن. الايدا، پايعامبارىمىز دۇنيەگە كەلگەن سوڭ، الەمگە اللانىڭ راحىمى ءتۇستى دە، جىن-شايتانداردىڭ ادامدارعا اسەر ەتۋ كۇشى كوپ السىرەپ كەتتى، ماسەلەن، شايتان جىندار بيىك الەمگە شىعىپ، پەرىشتەلەردەن عايىپتىڭ حابارىن ۇرلاي المايتىن بولدى، ەگەر ولار كوككە شىقسا، ولاردى جۇلدىزدار قۋالاپ، كۇيدىرىپ ولتىرەتىن ەدى. ال شايتان ءىبلىس ءوز بەينەسىمەن ادامدارعا كورىنە المايتىن بولدى، ونىڭ شىن بەينەسىن تەك پايعامبارلارمەن اۋليەلەر عانا كورە الادى. سونىمەن بىرگە جەر شارىنى اينالىپ جۇرەتىن اسقان بۇزىق جىندار پايعامبارىمىزدىڭ امىرىمەن ساحابا حازىرەت ءالي جاعىنان اۋانىڭ ۇستىنە ارى كەتە المايتىن يا بەرى تۇسە المايتىن ەتىپ قامالدى، ءبىراق بۇل لاس جىندار وسى اقىرزاماندا ادامداردىڭ كوككە جەتكەن كۇناسىنا ءمىنىپ، جەرگە ءتۇسىپ الدى، ولار ءقازىر ادامزاتتىڭ اراسىندا ەركىن ءجۇر. پايعامبارىمىز الەمگە نۇرمەن راحىم، سوندىقتان شايتاننىڭ كوپتەگەن كۇشى الىنىپ كەتتى، ول بىزگە توتە فيزيكالىق تۇرعىدا اسەر ەتە المايدى، تەك جامان وي سالادى، ۋاسۋاسامەن سىبىرلايدى، ول سويلەي المايدى، قولدان جەتەكتەپ جاماندىققا اپارا المايدى. ءبىراق شايتان ادامدارعا ءبىر جولمەن فيزيكالىق تۇرعىدا اسەر ەتە الادى، الايدا بۇل اسەرى تىم ءالسىز، شايتان تەك ادامنىڭ ەڭ لاس دەنە ورگانىنا اسەر ەتە الادى. ماسەلەن، ول ادامنىڭ ۇلكەن دارەتى شىعاتىن ورگانىنداعى ءجۇن-تۇكتى قوزعالتادى، سودان الگى ادام 'جەل شىعىپ كەتتى، دارەتىم بۇزىلدى' دەپ ويلاپ، ءۋاسۋاساعا سالىنادى، قايتا دارەت الىپ، اۋرە بولادى. كىم وسى ءۋاسۋاساعا سەنسە، الدانادى، نامازىن قيىنداتىپ الادى. سولاي، شايتان فيزيكالىق تۇرعىدا ءسىزدىڭ سول جەردەگى تۇگىڭىزدى قوزعالتۋعا عانا شاماسى كەلەدى، باسقاعا شاماسى كەلمەيدى. بۇدان باسقا، شايتان مال-تۇلىكتەردىڭ قۇيرىعىن شۇقىپ ۇركىتىپ، مالدىڭ مازاسىن الىپ بۇلىك جاساي الادى. ماسەلەن، ول سىيىردىڭ قۇيرىعىن شۇقىپ ۇركىتەدى نەمەسە بىرەۋگە 'سىيىردى بوسات' دەپ، ءۋاسۋاسا سالادى، سوسىن سىيىر بوساپ، كورشىنىڭ اۋلاسىنا كىرەدى، ەگىستىگىن تاپتايدى. ونان سوڭ ەكى كورشى رەنجىسەدى، ءتىپتى سوعىسىپ ءبىر-ءبىرىن ءولتىرىپ قويادى، ونىڭ ارتى ەكى رۋدىڭ، ەكى ەلدىڭ سوعىسىنا جالعاسادى. وسىلايشا، ۇلكەن قاسىرەت شايتاننىڭ سىيىر قۇيرىعىن شۇقۋدان باستالادى. دەمەك شايتان كىشكەنە ىستەن ۇلكەن بۇلىك جاساي الادى، ال ودان ساقتانۋىمىز ءۇشىن ءناپسىمىزدى تەجەپ، ادەپتى ءجۇرۋىمىز كەرەك، سەبەبى ءناپسىسىن مەڭگەرىپ، ادەپتى جۇرگەن ادامعا شايتاننىڭ ەش اسەرى جۇرمەيدى. شايتان ناپسىسىنە قۇل بولعان ادامعا، ادەپسىز ادامعا ءامىرىن وڭاي جۇرگىزەدى، ءۋاسۋاساسىن ورىنداتا الادى. شايتاننان دا وتە ءقاۋىپتى توپتار كىمدەر؟ ولار ادام شايتاندار ياعني شايتاننىڭ ادام اسكەرلەرى، ولار ادام بالاسى بولعاندىقتان، ادامدارعا تىكە اسەر ەتە الۋ كۇشىنە يە، ولار شايتاننان مىڭ ەسە كۇشتى كەلەدى. ال ءقازىر شايتان وسى ادامداردى پايدالانىپ جەرشارىندا شايتان حاليفاتتىعىن ورناتىپ الدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8140