https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8089
Сұхбат: сұлтан не үшін жафар садық әулиеден қорықты? (2) (2025.02.20 / Хижра 1446-жыл 21-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(United Kingdom, Peckham, Peckham Mosque-да айтылған сұхбат) Әлхамдулилла, біз рамазан айына жақындап қалдық, шахрул ғұфран, ол кешірімдер айы, әрбір жақсы істің айы, дүниедегі әрбір жаман істі ұмытып кетіңіз, иншалла, барлық күндер, айлар, жылдар Алла Әззә Уә-Жәллә үшін, бірақ кейбір айлар мақталынған айлар, ал рамазан айы жылдың ең қуанышқа толы айы, тіпті сіз ай бойы аштықпен шөл ішінде жүрсеңіз де сіз құрсақты емес, бірақ өзіңізді (жаныңызды) тамақтандыра аласыз. Адам аш болғанда, оған Алла ﷻ дан рухани тамақтандыру келіп, ол сізді тамақ жегеннен де қуанышты ете алады, мүмкін сіз оны «қиын ай» деп ойларсыз, бірақ ол мүмин үшін, мұсылман үшін ең қуанышты ай. Әлхамдулилла, бізде ораза ұстау жәйлы білмейтін көптеген мүриттер бар, бірақ олар исламға кірген соң, екінші күнінен бастап, ораза ұстауды бастап кетті және олар бұған аса қуанышты, ештеңе оларды ораза ұстауда көңілсіз ете алмады, не үшін? себебі адамның жан-рухы оған риза болды, ал Алла Әззә Уә-Жәллә ораза ұстаған адамдарға риза, сондықтан олар қуанып жүреді.
Ораза ұстау мүмин үшін, мұсылман үшін парыз және Алла ﷻ дан оған үлкен сауап бар, демек кім оны істесе, оған Алла ﷻ дан ірі сауаптар ұсынылады, бұрындар жұрт бұған онша көңіл бөлмеген шығар, сондықтан ораза ұстамаған, бірақ кейін олар бұған өкініп, ұстамаған оразаларын ұстады, әрине бұл жақсы іс, сіз оны өлуден бұрын толықтап болуыңыз керек, Алла Әззә Уә-Жәлләға әрқандай қарызды қалдырып кетпеңіз. Адамдар банкелерден қорқады, бірақ ең маңыздысы ақиретке ештеңені қарыз етіп, тастап кетпеу болмақ, сіз оны осында бітіруіңіз керек, тірі кезіңізде оны ақырын-ақырын бітіріңіз, ұстамаған оразаңызды ұстап кетіңіз, бірақ одан бұрын кафара ораза бар, ол екі ай ораза ұстауды білдіреді, ең бірінші осы кафараны өтеп алыңыз, одан соң қалған әр күнге бір күннен ораза ұстап толықтаңыз. Бірақ біліңіз, егер сіз бүкіл өмір бойы ораза ұстасаңыз да ауру, сапар, жаман жағдайда қалу сияқты себептерден тыс себепсіз қалдырған бір күнгі оразаның орнын толтыра алмайсыз, оған жете алмайсыз, бірақ сонда да оны істеңіз, оны істеп толықтамасаңыз, ақиретте жазаланасыз, «не үшін оны істемедің?» делінер, ол парыз-дүр, намаз, ораза, қажылық, зекет болсын, олардың барлығы парыз, сондықтан біз Алла Әззә Уә-Жәлләдан берілген нығыметті өткізіп алмалық.
Әлхамдулилла, көбіңіз білесіздер, жаз маусымы болғанда таң намазының азанынан бастап ораза ұстайсыздар, ал кейбір адамдар «күн шыққаннан соң да ораза ұстауға болады» деп, ойлап қалған, және кейбір бұзық ғұламалар бар болып, бұны айтқан солар еді, олар шайтан ғұламалар, оларға құлақ салмаңыз, тағы басқа бір топ шайтандар болса, «басқа елдің уақытына қарап, ораза ұстауға болады» деп жатыр, себебі европада күндізгі уақыт тым ұзақ, ал қазір ұзақ емес, бірақ жазда ұзақ, мүмкін 20, 21 сағат ораза ұстау керек болады, ал сіз не істеуіңіз керек? кейбірі нәрсе бар, бірақ ол англия үшін емес, мүмкін европаның ең солтүстігі сияқты түн болмайтын жерлерге арналған, ол жерде тек күндіз ғана бар, ол сол жерлерге ғана арналған. Демек осы түн болмайтын жердегілер өздеріне ең жақын қалаға ілесуіне болады, оларға ең жақын қалада мүмкін 22 сағат ораза ұсталады, бұл болады, осы жерде 22 сағат ораза ұстауға болады, онда еш мәселе жоқ, ертедегі адамдар бұған аса сезімтал болған. Ертеде орыс шахы ресейдің ең сөлтүстігіне мешіт салдыруға өзбекстан яғни орта азя жақтан адамдарды апарады, ол онда мешіт, шіркеу және еврейлерге де құлшылық үйін салмақ болады, ал осы адамдар бұл жерге ораза айында келеді, ол кез жаз болатұғын, бұл адамдар оразасын бұзбайды, себебі олар «әлі уақыты болмады» деп ойлаған, бірақ ол 24 сағат еді, сондықтан олардың кейбірі аузын ашпай аштықтан өліп кетеді, бірақ бұл жақсы емес, бұндайда сіз сізге жақын қалаға ілесуіңіз керек, ең жақсы қалада мүмкін 21 немесе 22 сағат ораза ұсталады, сіз жақын тұрған қалаға ілесіңіз.
Бірақ кейбір ғұлама-суғ яғни бұзық ғұламалар, «сендер меккеге ілесулерің керек, лондонда тұрсаң 21 сағат ораза ұстайсың, ол саған өте көп, меккедегілер "аллаху акбар" дегенде, бисмилла айтып, құрма жесең болды, осы жетеді» деп айтып, елдің оразасын босқа кетіреді, бірақ меккеде «аллаху акбар» дегенде, бұнда, лондонда сағат түскі 12 немесе 1 емеспе! сонда түскі тамақ жеуден бұрын ифтар яғни ауыз ашар жасайсызба? бұл не қылған ақымақтық? бұлай болуы мүмкін емес, сондықтан 21 сағат ораза ұстау ештеңе емес, одан қорықпаңыз, себебі пайғамбарымыз ﷺ ның заманында алғашқы кездерде ораза ұстағанда олар бір рет қана тамақ жеген, демек ол кезде олар ауызын ашып, тамақ жейтін, содан соң дереу ауызын бекітіп, оразасын жалғастыратын, оның үстіне ол жерлерде күн 40-50 градус ыстық, олар осылай істейтін және бұған ешкім ренжімейтін, алайда кейін Алла Әззә Уә-Жәллә оларды жеңіл етті, демек ақшамнан бастап, таң намазға дейін тамақ жеуге болатын етілді, ал адамдарға 2-3 сағат жетеді, неге демеңіз, Алла ﷻ біледі, Алла ﷻ Ахкамул-Хакимин, демек Ол сіздің неге шамаңыз келетінін және келмейтінін біледі, сондықтан сіз ілесіңіз, ештеңеден қорықпаңыз. Кейбір адамдар «кейбіреулер су ішу керек, тәніміз суды керек етеді» дейді, жоқ, Алла ﷻ су береді, Ол сіз ештеңе жемесеңіз де я ішпесеңіз де барлығын сізге бере алады, бұл жәйлы ештеңе ойламаңыз, сондықтан, әлхамдулилла, біз Алла ﷻ ға алғыс айтамыз, қазір бізге ораза өте оңай, күн ыстық емес, күндіз ұзын емес, ол өте оңай, қазір адамдар тамағын мүмкін 7-8 де ішер, ақшам да 5 те немесе одан біраз кейін кіреді.
Алла ﷻ бізді Өз әмірлеріне ергендерден еткей, «мен мынаумын, мен анаумын» демеңіз, себебі біздің барлық әулие-машайықтарымыз ақиретті іздеген адамдар, дүние қарағандар емес, тек ақирет қана, олардың көбі дүниеден қашты, олардың бірі Сәйдина Жафар әс-Садық қаддас-саллаху сирух, ол бар уақытын мединада өткізді, ол сұлтандардан және басқалардан да алыс жүрді, ол өзімен қалды, ештеңеге қарамады. Бірақ кейде кейбір адамдар оған қарсы нәрселер жәриялап, оны сұлтанға айтатын, ал сұлтан ашуланып, уәзіріне «Жафар әс-Садықты алып кел, оны өлтіреміз, басын кесіп тастаймыз» дейді, сұлтан өз адамдарына Жафар әс-Садық осында келгенде басын кесуге әмір береді, ал сұлтанның уәзірі оған, «о сұлтан, не істеп жатырсыз? ол кісі ешкімге қарсы ештеңе айтпады, ол өзімен өзі жүрген адам, ол өте жақсы кісі, тек ақиретті іздеген, бұл дүниеге көз салмаған адам, оған сіз бұлай істеуіңізге болмайды» дейді. Алайда сұлтан ашуланып, оның осында әкелінуін талап етіп, тұрып алады, уәзір амалсыз сұлтанға бойұсынып, Сәйдина Жафар хазіретті ордаға алдырады, ал ол сарайға кіргенде, сұлтан Жафар хазіреттің алдынан жүгіріп шығып, оны қарсы алады, оны көргенде дірілдеп кетеді, тіпті оны жетелеп, тағына отырғызады, және хәл-жағдайын сұрайды. Жафар әс-Садық хазірет одан «сізге не керек?» деп сұрайды, сұлтан оған «ох, жоқ, ештеңе» дейді, ол «мен сізді шақырып, сіздің шарапатыңыздан үлес алайын, берекеленейін деп едім» дейді, Жафар хазірет «ештеңе керек болмаса, мен кетейін» дейді, ал сұлтан болса, оны жетектеп қақпаға әкеледі, оның қолын сүйеді, аяғын сүйеді және оны аман-есен аттандырып жібереді.
Ал сұлтанның уәзірі сұлтанға, «о сұлтан, сізге не болды? сіз "мен оны өлтіремін, оны әйтемін я бүйтемін" деп, жатыр едіңіз» дейді, сұлтан оған «ол сарайға кіргенде онымен өте үлкен бір арыстан бірге кіріп келді, ол маған тым жаман сұспен қарады, ол маған бейне "егер бірдеңе қылмақшы болсаң, дәл қазір паршаңды шығарып, түтіп жіберемін" деп тұрғандай, сондықтан одан қорықтым, оны жібердім, мен оның сондай ұлық адам екендігін білемін, сондықтан мен одан қатты қорықтым, тұла бойым түршігіп, дірілдеп кеттім» дейді. Тағы бірде Сәйдина Суфиян әл-Саури, ол да үлкен ғұлама және әулие еді, ол бірде Сәйдина Жафар хазіретке бармақшы болады, Жафар хазірет оның келуіне рұхсат береді, ол онда барады, олар оны қарсы алады, бірақ Сәйдина Жафар хазірет оған, «о Суфиян, сұлтан саған риза, сен де оған барып-келуге ризасың, оған барып-келіп жүрсің ғой, сондықтан кетіп қал, мен сенен ештеңе қаламаймын» дейді. Ал Суфиян хазірет, «о шайығым, маған бір нәсихат айтыңызшы, сіз бір кеңес айтпай, бұл арадан кетпеймін» дейді, ол оған «сен Алла ﷻ берген әрбір нәрсеге риза бол, себебі сен риза болсаң, Алла ﷻ саған берген нығыметтерін ары қарай жалғасты бере береді, әйтпесе, сен одан қағылатын боласың» дейді, ол тағы «біз әр адамға бірдей жақсылық етуге міндетті емеспіз» дейді, міне бұл да Сәйдина Жафар әс-Садық хазіреттен қалған аса маңызды нәсихат, ол біздің нақшыбанд сопылық тәриқатының алтын шынжыр шежіресіндегі үлкен әулие. Ол «біз бүкіл барлығына жақсылық істеуге міндетті етілмедік, демек біз әркімге бірдей жақсы бола алмаймыз, бірақ біз ешкімге жамандық істемеуге әмір етілдік, елдің барлығына жақсылық істей алмайсың, бәріне жақсылық істеуге әмір етілмедік, оны шама келгенінше істерсің, бірақ ешқашан біреуге залал істеуші болма, осыны істеуің керек, сөзсіз істеуге тиісті іс осы» дейді, бұл аса маңызды, Жафар хазірет өте кішпейіл, өте-өте, тым қарапайым, кішпейіл болған.
Сонымен бірге бұл нәсихат, «біз әхлул байіттенбіз (пайғамбардың ұрпағымыз), бізге ештеңе болмайды» деген адамдар үшін де ескерту еді, Жафар хазірет пайғамбарымыз ﷺ ның шөпшегі болатұғын. Тағы бірде Хатим Тағии есімді бір әулие болған еді, ол сұлтанға я басқаларға бармайтын, ол захид (дүние тәркі) еді, демек дүниеге мүлдем қарамайтын адам болған, ол да Сәйдина Жафар әс-Садық хазіретке барып, нәсихат сұрайды, ал Жафар хазірет «о Хатим, сен захидсың ғой, дүние іздеп жүрген адам емессің, саған нәсихат керек емес» дейді, ол «айтыңыз, сіздің ұлық бабаңыз біздің пайғамбарымыз ﷺ емеспе, сондықтан сізде береке бар, сізден бата алып, беркеңізден үлестенейін» дейді. Ол тағы қайтадан, «мен саған нәсихат айта алмаймын, сен захидсың, саған нәсихат керек емес» дейді, ал Хатим хазірет тағы да, «сіз пайғамбарымыз ﷺ ның шөбере-шөпшегісіз» дейді, сол кезде ол, «бірақ онда бәлендей артықшылық жоқ, егер менің ұлы бабам пайғамбарымыз ﷺ мақшар күнінде мені көріп, "менен үйренген нәрселерді не үшін толық етіп бітірмедің?" деп сұраса, мен оған қалай жауап беремін?» дейді. «Біз пайғамбардың ұрпағымыз» деп жар салатын көптеген адамдар бар, бірақ олар бұны істемейді, бұл да әр адам үшін маңызды нәрсе, дін барлығына бірдей болуы керек, Алла ﷻ мүмкін сізді жазаламайтын шығар, бірақ пайғамбарымыз ﷺ «сен неге бұны істемедің? оны неге орындамадың?» десе, оған қай бетімізбен қараймыз? бұның сізге өте қиын болатынын ойлап көрдіңізбе? сондықтан өздерін «пайғамбардың ұрпағымыз, Сәйд (қожа) я Шарифпыз» деген кісілер пайғамбарымыз ﷺ ның айтқандарына, оның жолында болуға тіпті де сезімтал, аса сақ болуы тиіс, демек олар ұлық атасын тіпті де қуандыруы керек, ашуландырмауы керек.
Алла ﷻ әр адамға хидаят бере алады, «мен бұл жерденмін, мен ол жерденмін» демеңіз, себебі пайғамбарымыз ﷺ кезінде, бір әйел ұрлық істейді, сондықтан оның қолы кесілуі керек болды, ол бай еді және үлкен ықпалды әулеттен еді, жұрт оның кешірілуін сұрайды, бірақ пайғамбарымыз ﷺ «егер менің сүйікті қызым Фатима ұрлық істесе, мен де оның қолын кесемін» дейді, сондықтан міне осыларды білу және оған еру аса маңызды. Ал адамдардың манағындай ой-идеяларына ермеу керек, олар «Сәйдттер я тағы бір бөлім адамдар үшін намаз оқу қажетсіз, ораза ұстау қажетсіз, Алла ﷻ оларды кешіреді» деп соғады, мүмкін Алла ﷻ адамдарды кешірер, бірақ сіз пайғамбарымыз ﷺ нан өте алыс тұратын боласыз, Алла ﷻ дінді білулері үшін әркімге хидаят бергей, сіз қанша тырысып, сонша амал еткей сайын, сонша көп игілікке жетесіз, және Алла ﷻ дың осыларды істей алуыңызға жәрдемдескені үшін алғыс айтыңыз. Өзіңізге риза болмаңыз, «мен шайықпын, менде барлығы бар, білім бар, ол бар, бұл бар» демеңіз, жоқ, бұлардың барлығы Алла ﷻ дан берілген нығыметтер, сіз «هَٰذَا مِن فَضْلِ رَبِّي» (бұл Раббымның іззетінен) деп, айтуыңыз керек, осыны әр жолы есіңізде сақтаңыз, нәпсіңізді істеп жатқан істеріңізге мәз қылдырып қоймаңыз, осыны ескертіп тұрыңыз. Алла ﷻ бізді ең соңғы демімізге дейін пайғамбарымыз ﷺ ның осыбір жақсы жолына ілесуге нәсіп еткей, иншалла, басқаларға да хидаят бергей, иншалла.
- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #allah #ораза #туражол #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: سۇلتان نە ءۇشىن جافار سادىق اۋليەدەن قورىقتى؟ (2) (2025.02.20 / حيجرا 1446-جىل 21-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(United Kingdom، Peckham، Peckham Mosque-دا ايتىلعان سۇحبات) ءالحامدۋليللا، ءبىز رامازان ايىنا جاقىنداپ قالدىق، شاحرۋل عۇفران، ول كەشىرىمدەر ايى، ءاربىر جاقسى ءىستىڭ ايى، دۇنيەدەگى ءاربىر جامان ءىستى ۇمىتىپ كەتىڭىز، ينشاللا، بارلىق كۇندەر، ايلار، جىلدار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن، ءبىراق كەيبىر ايلار ماقتالىنعان ايلار، ال رامازان ايى جىلدىڭ ەڭ قۋانىشقا تولى ايى، ءتىپتى ءسىز اي بويى اشتىقپەن ءشول ىشىندە جۇرسەڭىز دە ءسىز قۇرساقتى ەمەس، ءبىراق ءوزىڭىزدى (جانىڭىزدى) تاماقتاندىرا الاسىز. ادام اش بولعاندا، وعان اللا ﷻ دان رۋحاني تاماقتاندىرۋ كەلىپ، ول ءسىزدى تاماق جەگەننەن دە قۋانىشتى ەتە الادى، مۇمكىن ءسىز ونى «قيىن اي» دەپ ويلارسىز، ءبىراق ول ءمۇمين ءۇشىن، مۇسىلمان ءۇشىن ەڭ قۋانىشتى اي. ءالحامدۋليللا، بىزدە ورازا ۇستاۋ ءجايلى بىلمەيتىن كوپتەگەن مۇريتتەر بار، ءبىراق ولار يسلامعا كىرگەن سوڭ، ەكىنشى كۇنىنەن باستاپ، ورازا ۇستاۋدى باستاپ كەتتى جانە ولار بۇعان اسا قۋانىشتى، ەشتەڭە ولاردى ورازا ۇستاۋدا كوڭىلسىز ەتە المادى، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ادامنىڭ جان-رۋحى وعان ريزا بولدى، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ورازا ۇستاعان ادامدارعا ريزا، سوندىقتان ولار قۋانىپ جۇرەدى.
ورازا ۇستاۋ ءمۇمين ءۇشىن، مۇسىلمان ءۇشىن پارىز جانە اللا ﷻ دان وعان ۇلكەن ساۋاپ بار، دەمەك كىم ونى ىستەسە، وعان اللا ﷻ دان ءىرى ساۋاپتار ۇسىنىلادى، بۇرىندار جۇرت بۇعان ونشا كوڭىل بولمەگەن شىعار، سوندىقتان ورازا ۇستاماعان، ءبىراق كەيىن ولار بۇعان وكىنىپ، ۇستاماعان ورازالارىن ۇستادى، ارينە بۇل جاقسى ءىس، ءسىز ونى ولۋدەن بۇرىن تولىقتاپ بولۋىڭىز كەرەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا ءارقانداي قارىزدى قالدىرىپ كەتپەڭىز. ادامدار بانكەلەردەن قورقادى، ءبىراق ەڭ ماڭىزدىسى اقيرەتكە ەشتەڭەنى قارىز ەتىپ، تاستاپ كەتپەۋ بولماق، ءسىز ونى وسىندا ءبىتىرۋىڭىز كەرەك، ءتىرى كەزىڭىزدە ونى اقىرىن-اقىرىن ءبىتىرىڭىز، ۇستاماعان ورازاڭىزدى ۇستاپ كەتىڭىز، ءبىراق ودان بۇرىن كافارا ورازا بار، ول ەكى اي ورازا ۇستاۋدى بىلدىرەدى، ەڭ ءبىرىنشى وسى كافارانى وتەپ الىڭىز، ودان سوڭ قالعان ءار كۇنگە ءبىر كۇننەن ورازا ۇستاپ تولىقتاڭىز. ءبىراق ءبىلىڭىز، ەگەر ءسىز بۇكىل ءومىر بويى ورازا ۇستاساڭىز دا اۋرۋ، ساپار، جامان جاعدايدا قالۋ سياقتى سەبەپتەردەن تىس سەبەپسىز قالدىرعان ءبىر كۇنگى ورازانىڭ ورنىن تولتىرا المايسىز، وعان جەتە المايسىز، ءبىراق سوندا دا ونى ىستەڭىز، ونى ىستەپ تولىقتاماساڭىز، اقيرەتتە جازالاناسىز، «نە ءۇشىن ونى ىستەمەدىڭ؟» دەلىنەر، ول پارىز-ءدۇر، ناماز، ورازا، قاجىلىق، زەكەت بولسىن، ولاردىڭ بارلىعى پارىز، سوندىقتان ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بەرىلگەن نىعىمەتتى وتكىزىپ المالىق.
ءالحامدۋليللا، كوبىڭىز بىلەسىزدەر، جاز ماۋسىمى بولعاندا تاڭ نامازىنىڭ ازانىنان باستاپ ورازا ۇستايسىزدار، ال كەيبىر ادامدار «كۇن شىققاننان سوڭ دا ورازا ۇستاۋعا بولادى» دەپ، ويلاپ قالعان، جانە كەيبىر بۇزىق عۇلامالار بار بولىپ، بۇنى ايتقان سولار ەدى، ولار شايتان عۇلامالار، ولارعا قۇلاق سالماڭىز، تاعى باسقا ءبىر توپ شايتاندار بولسا، «باسقا ەلدىڭ ۋاقىتىنا قاراپ، ورازا ۇستاۋعا بولادى» دەپ جاتىر، سەبەبى ەۆروپادا كۇندىزگى ۋاقىت تىم ۇزاق، ال ءقازىر ۇزاق ەمەس، ءبىراق جازدا ۇزاق، مۇمكىن 20، 21 ساعات ورازا ۇستاۋ كەرەك بولادى، ال ءسىز نە ىستەۋىڭىز كەرەك؟ كەيبىرى نارسە بار، ءبىراق ول انگليا ءۇشىن ەمەس، مۇمكىن ەۆروپانىڭ ەڭ سولتۇستىگى سياقتى ءتۇن بولمايتىن جەرلەرگە ارنالعان، ول جەردە تەك كۇندىز عانا بار، ول سول جەرلەرگە عانا ارنالعان. دەمەك وسى ءتۇن بولمايتىن جەردەگىلەر وزدەرىنە ەڭ جاقىن قالاعا ىلەسۋىنە بولادى، ولارعا ەڭ جاقىن قالادا مۇمكىن 22 ساعات ورازا ۇستالادى، بۇل بولادى، وسى جەردە 22 ساعات ورازا ۇستاۋعا بولادى، وندا ەش ماسەلە جوق، ەرتەدەگى ادامدار بۇعان اسا سەزىمتال بولعان. ەرتەدە ورىس شاحى رەسەيدىڭ ەڭ سولتۇستىگىنە مەشىت سالدىرۋعا وزبەكستان ياعني ورتا ازيا جاقتان ادامداردى اپارادى، ول وندا مەشىت، شىركەۋ جانە ەۆرەيلەرگە دە قۇلشىلىق ءۇيىن سالماق بولادى، ال وسى ادامدار بۇل جەرگە ورازا ايىندا كەلەدى، ول كەز جاز بولاتۇعىن، بۇل ادامدار ورازاسىن بۇزبايدى، سەبەبى ولار «ءالى ۋاقىتى بولمادى» دەپ ويلاعان، ءبىراق ول 24 ساعات ەدى، سوندىقتان ولاردىڭ كەيبىرى اۋزىن اشپاي اشتىقتان ءولىپ كەتەدى، ءبىراق بۇل جاقسى ەمەس، بۇندايدا ءسىز سىزگە جاقىن قالاعا ىلەسۋىڭىز كەرەك، ەڭ جاقسى قالادا مۇمكىن 21 نەمەسە 22 ساعات ورازا ۇستالادى، ءسىز جاقىن تۇرعان قالاعا ىلەسىڭىز.
ءبىراق كەيبىر عۇلاما-سۋع ياعني بۇزىق عۇلامالار، «سەندەر مەككەگە ىلەسۋلەرىڭ كەرەك، لوندوندا تۇرساڭ 21 ساعات ورازا ۇستايسىڭ، ول ساعان وتە كوپ، مەككەدەگىلەر "اللاحۋ اكبار" دەگەندە، بيسميللا ايتىپ، قۇرما جەسەڭ بولدى، وسى جەتەدى» دەپ ايتىپ، ەلدىڭ ورازاسىن بوسقا كەتىرەدى، ءبىراق مەككەدە «اللاحۋ اكبار» دەگەندە، بۇندا، لوندوندا ساعات تۇسكى 12 نەمەسە 1 ەمەسپە! سوندا تۇسكى تاماق جەۋدەن بۇرىن يفتار ياعني اۋىز اشار جاسايسىزبا؟ بۇل نە قىلعان اقىماقتىق؟ بۇلاي بولۋى مۇمكىن ەمەس، سوندىقتان 21 ساعات ورازا ۇستاۋ ەشتەڭە ەمەس، ودان قورىقپاڭىز، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ زامانىندا العاشقى كەزدەردە ورازا ۇستاعاندا ولار ءبىر رەت قانا تاماق جەگەن، دەمەك ول كەزدە ولار اۋىزىن اشىپ، تاماق جەيتىن، سودان سوڭ دەرەۋ اۋىزىن بەكىتىپ، ورازاسىن جالعاستىراتىن، ونىڭ ۇستىنە ول جەرلەردە كۇن 40-50 گرادۋس ىستىق، ولار وسىلاي ىستەيتىن جانە بۇعان ەشكىم رەنجىمەيتىن، الايدا كەيىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردى جەڭىل ەتتى، دەمەك اقشامنان باستاپ، تاڭ نامازعا دەيىن تاماق جەۋگە بولاتىن ەتىلدى، ال ادامدارعا 2-3 ساعات جەتەدى، نەگە دەمەڭىز، اللا ﷻ بىلەدى، اللا ﷻ احكامۋل-حاكيمين، دەمەك ول ءسىزدىڭ نەگە شاماڭىز كەلەتىنىن جانە كەلمەيتىنىن بىلەدى، سوندىقتان ءسىز ىلەسىڭىز، ەشتەڭەدەن قورىقپاڭىز. كەيبىر ادامدار «كەيبىرەۋلەر سۋ ءىشۋ كەرەك، ءتانىمىز سۋدى كەرەك ەتەدى» دەيدى، جوق، اللا ﷻ سۋ بەرەدى، ول ءسىز ەشتەڭە جەمەسەڭىز دە يا ىشپەسەڭىز دە بارلىعىن سىزگە بەرە الادى، بۇل ءجايلى ەشتەڭە ويلاماڭىز، سوندىقتان، ءالحامدۋليللا، ءبىز اللا ﷻ عا العىس ايتامىز، ءقازىر بىزگە ورازا وتە وڭاي، كۇن ىستىق ەمەس، كۇندىز ۇزىن ەمەس، ول وتە وڭاي، ءقازىر ادامدار تاماعىن مۇمكىن 7-8 دە ىشەر، اقشام دا 5 تە نەمەسە ودان ءبىراز كەيىن كىرەدى.
اللا ﷻ ءبىزدى ءوز امىرلەرىنە ەرگەندەردەن ەتكەي، «مەن مىناۋمىن، مەن اناۋمىن» دەمەڭىز، سەبەبى ءبىزدىڭ بارلىق اۋليە-ماشايىقتارىمىز اقيرەتتى ىزدەگەن ادامدار، دۇنيە قاراعاندار ەمەس، تەك اقيرەت قانا، ولاردىڭ كوبى دۇنيەدەن قاشتى، ولاردىڭ ءبىرى ءسايدينا جافار ءاس-سادىق قادداس-ساللاحۋ سيرۋح، ول بار ۋاقىتىن مەدينادا وتكىزدى، ول سۇلتانداردان جانە باسقالاردان دا الىس ءجۇردى، ول وزىمەن قالدى، ەشتەڭەگە قارامادى. ءبىراق كەيدە كەيبىر ادامدار وعان قارسى نارسەلەر ءجاريالاپ، ونى سۇلتانعا ايتاتىن، ال سۇلتان اشۋلانىپ، ۋازىرىنە «جافار ءاس-سادىقتى الىپ كەل، ونى ولتىرەمىز، باسىن كەسىپ تاستايمىز» دەيدى، سۇلتان ءوز ادامدارىنا جافار ءاس-سادىق وسىندا كەلگەندە باسىن كەسۋگە ءامىر بەرەدى، ال سۇلتاننىڭ ءۋازىرى وعان، «و سۇلتان، نە ىستەپ جاتىرسىز؟ ول كىسى ەشكىمگە قارسى ەشتەڭە ايتپادى، ول وزىمەن ءوزى جۇرگەن ادام، ول وتە جاقسى كىسى، تەك اقيرەتتى ىزدەگەن، بۇل دۇنيەگە كوز سالماعان ادام، وعان ءسىز بۇلاي ىستەۋىڭىزگە بولمايدى» دەيدى. الايدا سۇلتان اشۋلانىپ، ونىڭ وسىندا اكەلىنۋىن تالاپ ەتىپ، تۇرىپ الادى، ءۋازىر امالسىز سۇلتانعا بويۇسىنىپ، ءسايدينا جافار حازىرەتتى ورداعا الدىرادى، ال ول سارايعا كىرگەندە، سۇلتان جافار حازىرەتتىڭ الدىنان جۇگىرىپ شىعىپ، ونى قارسى الادى، ونى كورگەندە دىرىلدەپ كەتەدى، ءتىپتى ونى جەتەلەپ، تاعىنا وتىرعىزادى، جانە ءحال-جاعدايىن سۇرايدى. جافار ءاس-سادىق حازىرەت ودان «سىزگە نە كەرەك؟» دەپ سۇرايدى، سۇلتان وعان «وح، جوق، ەشتەڭە» دەيدى، ول «مەن ءسىزدى شاقىرىپ، ءسىزدىڭ شاراپاتىڭىزدان ۇلەس الايىن، بەرەكەلەنەيىن دەپ ەدىم» دەيدى، جافار حازىرەت «ەشتەڭە كەرەك بولماسا، مەن كەتەيىن» دەيدى، ال سۇلتان بولسا، ونى جەتەكتەپ قاقپاعا اكەلەدى، ونىڭ قولىن سۇيەدى، اياعىن سۇيەدى جانە ونى امان-ەسەن اتتاندىرىپ جىبەرەدى.
ال سۇلتاننىڭ ءۋازىرى سۇلتانعا، «و سۇلتان، سىزگە نە بولدى؟ ءسىز "مەن ونى ولتىرەمىن، ونى ايتەمىن يا بۇيتەمىن" دەپ، جاتىر ەدىڭىز» دەيدى، سۇلتان وعان «ول سارايعا كىرگەندە ونىمەن وتە ۇلكەن ءبىر ارىستان بىرگە كىرىپ كەلدى، ول ماعان تىم جامان سۇسپەن قارادى، ول ماعان بەينە "ەگەر بىردەڭە قىلماقشى بولساڭ، ءدال ءقازىر پارشاڭدى شىعارىپ، ءتۇتىپ جىبەرەمىن" دەپ تۇرعانداي، سوندىقتان ودان قورىقتىم، ونى جىبەردىم، مەن ونىڭ سونداي ۇلىق ادام ەكەندىگىن بىلەمىن، سوندىقتان مەن ودان قاتتى قورىقتىم، تۇلا بويىم تۇرشىگىپ، دىرىلدەپ كەتتىم» دەيدى. تاعى بىردە ءسايدينا سۋفيان ءال-ساۋري، ول دا ۇلكەن عۇلاما جانە اۋليە ەدى، ول بىردە ءسايدينا جافار حازىرەتكە بارماقشى بولادى، جافار حازىرەت ونىڭ كەلۋىنە رۇحسات بەرەدى، ول وندا بارادى، ولار ونى قارسى الادى، ءبىراق ءسايدينا جافار حازىرەت وعان، «و سۋفيان، سۇلتان ساعان ريزا، سەن دە وعان بارىپ-كەلۋگە ريزاسىڭ، وعان بارىپ-كەلىپ ءجۇرسىڭ عوي، سوندىقتان كەتىپ قال، مەن سەنەن ەشتەڭە قالامايمىن» دەيدى. ال سۋفيان حازىرەت، «و شايىعىم، ماعان ءبىر ءناسيحات ايتىڭىزشى، ءسىز ءبىر كەڭەس ايتپاي، بۇل ارادان كەتپەيمىن» دەيدى، ول وعان «سەن اللا ﷻ بەرگەن ءاربىر نارسەگە ريزا بول، سەبەبى سەن ريزا بولساڭ، اللا ﷻ ساعان بەرگەن نىعىمەتتەرىن ارى قاراي جالعاستى بەرە بەرەدى، ايتپەسە، سەن ودان قاعىلاتىن بولاسىڭ» دەيدى، ول تاعى «ءبىز ءار ادامعا بىردەي جاقسىلىق ەتۋگە مىندەتتى ەمەسپىز» دەيدى، مىنە بۇل دا ءسايدينا جافار ءاس-سادىق حازىرەتتەن قالعان اسا ماڭىزدى ءناسيحات، ول ءبىزدىڭ ناقشىباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ التىن شىنجىر شەجىرەسىندەگى ۇلكەن اۋليە. ول «ءبىز بۇكىل بارلىعىنا جاقسىلىق ىستەۋگە مىندەتتى ەتىلمەدىك، دەمەك ءبىز اركىمگە بىردەي جاقسى بولا المايمىز، ءبىراق ءبىز ەشكىمگە جاماندىق ىستەمەۋگە ءامىر ەتىلدىك، ەلدىڭ بارلىعىنا جاقسىلىق ىستەي المايسىڭ، بارىنە جاقسىلىق ىستەۋگە ءامىر ەتىلمەدىك، ونى شاما كەلگەنىنشە ىستەرسىڭ، ءبىراق ەشقاشان بىرەۋگە زالال ىستەۋشى بولما، وسىنى ىستەۋىڭ كەرەك، ءسوزسىز ىستەۋگە ءتيىستى ءىس وسى» دەيدى، بۇل اسا ماڭىزدى، جافار حازىرەت وتە كىشپەيىل، وتە-وتە، تىم قاراپايىم، كىشپەيىل بولعان.
سونىمەن بىرگە بۇل ءناسيحات، «ءبىز ءاحلۋل بايىتتەنبىز (پايعامباردىڭ ۇرپاعىمىز)، بىزگە ەشتەڭە بولمايدى» دەگەن ادامدار ءۇشىن دە ەسكەرتۋ ەدى، جافار حازىرەت پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ شوپشەگى بولاتۇعىن. تاعى بىردە حاتيم تاعي ەسىمدى ءبىر اۋليە بولعان ەدى، ول سۇلتانعا يا باسقالارعا بارمايتىن، ول زاحيد (دۇنيە تاركى) ەدى، دەمەك دۇنيەگە مۇلدەم قارامايتىن ادام بولعان، ول دا ءسايدينا جافار ءاس-سادىق حازىرەتكە بارىپ، ءناسيحات سۇرايدى، ال جافار حازىرەت «و حاتيم، سەن زاحيدسىڭ عوي، دۇنيە ىزدەپ جۇرگەن ادام ەمەسسىڭ، ساعان ءناسيحات كەرەك ەمەس» دەيدى، ول «ايتىڭىز، ءسىزدىڭ ۇلىق باباڭىز ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ﷺ ەمەسپە، سوندىقتان سىزدە بەرەكە بار، سىزدەن باتا الىپ، بەركەڭىزدەن ۇلەستەنەيىن» دەيدى. ول تاعى قايتادان، «مەن ساعان ءناسيحات ايتا المايمىن، سەن زاحيدسىڭ، ساعان ءناسيحات كەرەك ەمەس» دەيدى، ال حاتيم حازىرەت تاعى دا، «ءسىز پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ شوبەرە-شوپشەگىسىز» دەيدى، سول كەزدە ول، «ءبىراق وندا بالەندەي ارتىقشىلىق جوق، ەگەر مەنىڭ ۇلى بابام پايعامبارىمىز ﷺ ماقشار كۇنىندە مەنى كورىپ، "مەنەن ۇيرەنگەن نارسەلەردى نە ءۇشىن تولىق ەتىپ بىتىرمەدىڭ؟" دەپ سۇراسا، مەن وعان قالاي جاۋاپ بەرەمىن؟» دەيدى. «ءبىز پايعامباردىڭ ۇرپاعىمىز» دەپ جار سالاتىن كوپتەگەن ادامدار بار، ءبىراق ولار بۇنى ىستەمەيدى، بۇل دا ءار ادام ءۇشىن ماڭىزدى نارسە، ءدىن بارلىعىنا بىردەي بولۋى كەرەك، اللا ﷻ مۇمكىن ءسىزدى جازالامايتىن شىعار، ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺ «سەن نەگە بۇنى ىستەمەدىڭ؟ ونى نەگە ورىندامادىڭ؟» دەسە، وعان قاي بەتىمىزبەن قارايمىز؟ بۇنىڭ سىزگە وتە قيىن بولاتىنىن ويلاپ كوردىڭىزبە؟ سوندىقتان وزدەرىن «پايعامباردىڭ ۇرپاعىمىز، ءسايد (قوجا) يا شاريفپىز» دەگەن كىسىلەر پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ايتقاندارىنا، ونىڭ جولىندا بولۋعا ءتىپتى دە سەزىمتال، اسا ساق بولۋى ءتيىس، دەمەك ولار ۇلىق اتاسىن ءتىپتى دە قۋاندىرۋى كەرەك، اشۋلاندىرماۋى كەرەك.
اللا ﷻ ءار ادامعا حيدايات بەرە الادى، «مەن بۇل جەردەنمىن، مەن ول جەردەنمىن» دەمەڭىز، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ كەزىندە، ءبىر ايەل ۇرلىق ىستەيدى، سوندىقتان ونىڭ قولى كەسىلۋى كەرەك بولدى، ول باي ەدى جانە ۇلكەن ىقپالدى اۋلەتتەن ەدى، جۇرت ونىڭ كەشىرىلۋىن سۇرايدى، ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺ «ەگەر مەنىڭ سۇيىكتى قىزىم فاتيما ۇرلىق ىستەسە، مەن دە ونىڭ قولىن كەسەمىن» دەيدى، سوندىقتان مىنە وسىلاردى ءبىلۋ جانە وعان ەرۋ اسا ماڭىزدى. ال ادامداردىڭ ماناعىنداي وي-يدەيالارىنا ەرمەۋ كەرەك، ولار «سايدتتەر يا تاعى ءبىر ءبولىم ادامدار ءۇشىن ناماز وقۋ قاجەتسىز، ورازا ۇستاۋ قاجەتسىز، اللا ﷻ ولاردى كەشىرەدى» دەپ سوعادى، مۇمكىن اللا ﷻ ادامداردى كەشىرەر، ءبىراق ءسىز پايعامبارىمىز ﷺ نان وتە الىس تۇراتىن بولاسىز، اللا ﷻ ءدىندى بىلۋلەرى ءۇشىن اركىمگە حيدايات بەرگەي، ءسىز قانشا تىرىسىپ، سونشا امال ەتكەي سايىن، سونشا كوپ يگىلىككە جەتەسىز، جانە اللا ﷻ دىڭ وسىلاردى ىستەي الۋىڭىزعا جاردەمدەسكەنى ءۇشىن العىس ايتىڭىز. وزىڭىزگە ريزا بولماڭىز، «مەن شايىقپىن، مەندە بارلىعى بار، ءبىلىم بار، ول بار، بۇل بار» دەمەڭىز، جوق، بۇلاردىڭ بارلىعى اللا ﷻ دان بەرىلگەن نىعىمەتتەر، ءسىز «هَٰذَا مِن فَضْلِ رَبِّي» (بۇل راببىمنىڭ ىززەتىنەن) دەپ، ايتۋىڭىز كەرەك، وسىنى ءار جولى ەسىڭىزدە ساقتاڭىز، ءناپسىڭىزدى ىستەپ جاتقان ىستەرىڭىزگە ءماز قىلدىرىپ قويماڭىز، وسىنى ەسكەرتىپ تۇرىڭىز. اللا ﷻ ءبىزدى ەڭ سوڭعى دەمىمىزگە دەيىن پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ ءوسىبىر جاقسى جولىنا ىلەسۋگە ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا، باسقالارعا دا حيدايات بەرگەي، ينشاللا.
- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #allah #ورازا #تۋراجول #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8089