https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8080
СӘУІР ЯҒНИ ӘПІРЕЛ АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАУЫНЫНДА ШИПА БАР
СӘУІР АЙЫНЫҢ ЖАУЫНЫ ҚАСИЕТКЕ ТОЛЫ ЖАУЫН, әсіресе СӘУІРДІҢ ең АЛҒАШҚЫ ЖАУЫНЫНДА көп нәрсеге ЕМ БАР, ол ерекше жауын, сондықтан қазақ ата-бабаларымыз 'СӘУІР БОЛМАЙ, ТӘУІР БОЛМАС' деген екен, қазақтың бұл сөзі исламнан келген. Күллі әлем, барша жаратылыс пайғамбарымыздың нұрының құрметі үшін жаратылды, сол нұрдан жаратылды. Пайғамбарымыз көктемнің сәуір айында дүниеге келген, сондықтан, Алла сәуір айын әуелде құтты етіп қойған, ал осы айда Алла жоғары әлемнен яғни аршыдан сырлы жаңбыр жібереді, оның бір тамшысы жердегі бұлтқа тисе, бүкіл жаңбыр берекеленіп, тіршілікке ем-шипа болатын қасиетке ие болады. Демек, сәуір жауынына жәннаттан келген жауын араласқан, ол жаңбыр құт-береке әкеліп, жан-жануар, өсімдік және адамдарға жаңа тыныс, тың өмір сыйлайды, адамды жүгінен арылтады, осы сырды білетіндер сәуір жауыны жауғанда, бүкіл денесін жауын суына малады және оны ішеді. Бұл жауынға малынбақ болып, бүкіл жан-жануарлар да жүгіреді, сәуір жауынын күтеді, теңіздегі балықтар да аузын ашып, сәуір жауынын ішпек болады, жылан да осы жауынды ішуге ұмтылады, ол одан күш алып, уытын жасайды, ал құр қалса, уытын жасай алмайды, бүкіл тіршілік сәуір жауынымен қуаттанады. Бұнда сәуірдің ең алғашқы жауыны ең жақсы, сәуірде жауын жаумаса, жерді құрғақшылық жәйлап, ештеңе өспейді. Сәуір жауынында осындай берекемен шипа бар, сондықтан, мүмкіндік болса, оған малынған абзал және оны таза ыдысқа жинап, Алладан ем және береке ниетімен ішкен абзал, ол күш береді, ем болады. Әсіресе, сәуірдің бірінші жауған жауыны ең қасиетті, сондықтан, оның берекесінен игіліктену керек.
ءساۋىر ياعني اپىرەل ايىنىڭ العاشقى جاۋىنىندا شيپا بار
ءساۋىر ايىنىڭ جاۋىنى قاسيەتكە تولى جاۋىن، اسىرەسە ءساۋىردىڭ ەڭ العاشقى جاۋىنىندا كوپ نارسەگە ەم بار، ول ەرەكشە جاۋىن، سوندىقتان قازاق اتا-بابالارىمىز 'ءساۋىر بولماي، ءتاۋىر بولماس' دەگەن ەكەن، قازاقتىڭ بۇل ءسوزى يسلامنان كەلگەن. كۇللى الەم، بارشا جاراتىلىس پايعامبارىمىزدىڭ نۇرىنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن جاراتىلدى، سول نۇردان جاراتىلدى. پايعامبارىمىز كوكتەمنىڭ ءساۋىر ايىندا دۇنيەگە كەلگەن، سوندىقتان، اللا ءساۋىر ايىن اۋەلدە قۇتتى ەتىپ قويعان، ال وسى ايدا اللا جوعارى الەمنەن ياعني ارشىدان سىرلى جاڭبىر جىبەرەدى، ونىڭ ءبىر تامشىسى جەردەگى بۇلتقا تيسە، بۇكىل جاڭبىر بەرەكەلەنىپ، تىرشىلىككە ەم-شيپا بولاتىن قاسيەتكە يە بولادى. دەمەك، ءساۋىر جاۋىنىنا ءجانناتتان كەلگەن جاۋىن ارالاسقان، ول جاڭبىر قۇت-بەرەكە اكەلىپ، جان-جانۋار، وسىمدىك جانە ادامدارعا جاڭا تىنىس، تىڭ ءومىر سىيلايدى، ادامدى جۇگىنەن ارىلتادى، وسى سىردى بىلەتىندەر ءساۋىر جاۋىنى جاۋعاندا، بۇكىل دەنەسىن جاۋىن سۋىنا مالادى جانە ونى ىشەدى. بۇل جاۋىنعا مالىنباق بولىپ، بۇكىل جان-جانۋارلار دا جۇگىرەدى، ءساۋىر جاۋىنىن كۇتەدى، تەڭىزدەگى بالىقتار دا اۋزىن اشىپ، ءساۋىر جاۋىنىن ىشپەك بولادى، جىلان دا وسى جاۋىندى ىشۋگە ۇمتىلادى، ول ودان كۇش الىپ، ۋىتىن جاسايدى، ال قۇر قالسا، ۋىتىن جاساي المايدى، بۇكىل تىرشىلىك ءساۋىر جاۋىنىمەن قۋاتتانادى. بۇندا ءساۋىردىڭ ەڭ العاشقى جاۋىنى ەڭ جاقسى، ساۋىردە جاۋىن جاۋماسا، جەردى قۇرعاقشىلىق ءجايلاپ، ەشتەڭە وسپەيدى. ءساۋىر جاۋىنىندا وسىنداي بەرەكەمەن شيپا بار، سوندىقتان، مۇمكىندىك بولسا، وعان مالىنعان ابزال جانە ونى تازا ىدىسقا جيناپ، اللادان ەم جانە بەرەكە نيەتىمەن ىشكەن ابزال، ول كۇش بەرەدى، ەم بولادى. اسىرەسە، ءساۋىردىڭ ءبىرىنشى جاۋعان جاۋىنى ەڭ قاسيەتتى، سوندىقتان، ونىڭ بەرەكەسىنەن يگىلىكتەنۋ كەرەك.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8080