You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8079
Сұхбат: жақсылықта селбесіңдер, бірақ жамандықта селбеспеңдер (2025.02.15 / Хижра 1446-жыл 16-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(United Kingdom, Barking, Al Madina Mosque-да айтылған сұхбат) Біз осындағыларға алғыс айтамыз, олар бізді бұнда күтті, олар мақтаулы, иншалла, бұл мадақтар Алла ﷻ үшін, біз үшін емес, әр адам әулие болуына болады, демек кім Алла ﷻ жолына ере білсе, әулие яғни уәлиуллаһ болады, әлхамдулилла, барлығымыз бірге, солай болайық, иншалла, біз Алла Әззә Уә-Жәллә құранда айтып кеткендей осыбір араны көргенімізге қуанып отырмыз. Ағузубиллахи минәш шайтанир ражим, бисмиллахир рахманир рахим, «وَتَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْبِرِّ وَٱلتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْإِثْمِ وَٱلْعُدْوَٰنِ» (туралықта және тақуалықта селбесіңдер, бірақ күнәда және тажауыздықта селбеспеңдер) (құран 05:02), садақал лахул ғазим. Алла ﷻ жақсы істер істеуде өзара көмектесуге, адамдарға және сәйдина Мухаммд ﷺ үмибетіне көмектесіп, оларға игілік әкелуге әмір етеді, сондықтан әлхамдулилла, біз бауырларымызға ризамыз, біз бұнда бірінші рет келіп отырмыз, әлхамдулилла, олардың істегендері өте жақсы, Алла ﷻ оларды берекелегей.

Сіз осыншама күпір елдің қақ ортасында Алла ﷻ үшін істелінген нәрсені көрген кезде, қуанатын боласыз, не үшін? себебі ол осы жерге және адамдарға нұр береді, олар әр істе осыбір жақсы жерден игіліктенеді, әсірсе және біріншісі мешіт болмақ, мешіт Алла Әззә Уә-Жәлләның үйі, бәйтуллаһ, буютуллах, мешіт Алла Әззә Уә-Жәлләның үйі, бұны Алла ﷻ айтқан. Бұдан тыс, ертедегі адамдар, әлхамдулилла, сұлтандар, ғұламалар, әулиелер мешіт салған, айналасына осындай жерлер салған, демек олар адамдардың келіп, сұхбат естуіне, білім үйренуіне, игілік табуына орындар салған, адамдарға жақсы нәрсені сол жерлерден таба аласыздар. Әлхамдулилла, осы жерде ұқсас, ол ертедегі медіресе, шипахана және адам тамақтандыратын жерге ұқсайды, Алла ﷻ оған риза, бұл жер ақирет үшін, адамдарды жәннәтқа дайындауға арналған, себебі адамдар жиналатын бір жер болуы керек, әлхамдулилла, адамдар жиналатын бір жер болуы керек, бірақ ол жер тек жиналуға ғана емес, жұртты жақсы адамдармен бірге болуға ынталандырады, себебі кейбір мешіттерде адамдар намаз оқиды да, ешкімді көрместен кетіп қалады, бірақ бұнда әркім келіп, құраннан, сопылық тәриқаттан сабақтар алуына болады, кезкелген тәриқат та келуіне болады.

Әлхамдулилла, олар барлық сопылық тәриқатқа ашық, олар ешкімді шектеп жатқан жоқ, «сен ана тәриқаттансың, сен бұл тәриқаттансың, біз ұнатпаймыз, сөйлеме» деген жоқ, бұл арада бұндай ештеңе жоқ, міне мұсылман осындай болуы керек, мұсылмандар жұрттың ұнатқанын қабыл етуі керек, ал адамдар нені ұнатуы керек? олар Алла ﷻ дың, пайғамбарымыз ﷺ ның жолын ұнатады, оған еруді, жақсы адамдарды табуды ұнатады. Біз Дамашықта өстік, әлхамдулилла, адамдар қазір ондағы ең үлкен мешіт Жәмиғ әл-Амауи яғни Уммайд Мештін тазалады, бұрын оның әр бұрышында бір ғалым, бір ғұлама, бір шайық байқайсыз, олар онда шеңбермен отырып, әрбірі өз тыңдармандарына сабақ беретін, мүмкін әр шеңберден 10, 20 адамды көрерсіз, себебі онда ғұламалар өте көп болған. Олардың кітаптары бар болып, олар әркүні ұқсас жерде, ұқсас уақытта өздері сол кітабін үйретуді жалғастыратын, ал оларға «бұны істе» деп, ешкім ақша бермейді, олар өздері ақысыз өтеді әрі олар осы амалдарына өте риза еді. Айтып өткеніміздей, әрбірін 10, 20, 50 адам, кейбірін 100, кейбірін 200 адам айнала қоршап, сабақ я сұхбат тыңдап отыратын және олар түсінгендерін жазып отыратын, әр жерде осындай болғаны жақсы, адамдар онда тек намаз оқып қана қоймай, білім үйренуі де керек.

Мешіт өте маңызды, бұдан тыс адамдар бірдеңе сұраса, олар олардың сұрағына жауап та айтып береді, әлхамдулилла, ол тағы да ашылды, иншалла, барлық жер осындай болады, Алла ﷻ ондай жерлерді тіпті де көбейте бергей, Алла ﷻ осы жерге тас қалап, осы орынды салып, бізді осында кездестіруге себепші болғандарға береке бергей, Алла ﷻ оларды берекелесін, біз расында жүрегімізден, олар үшін дұға етеміз, себебі олар осыны ойлап арман етті және істеп кетті. Адамдар «мынандай заманда, біз бұны істей алмаймыз» дейді, бірақ, иншалла, Алла ﷻ қаласа, сіздер оны істей аласыздар, ештеңе айтпаңыз, бастаңыз, ал Алла ﷻ оны жалғастырады, Алла ﷻ жәрдем береді, себебі «“إِعلَاءِ كَلِمَةِ الله» (Алла сөзін үстем ет) делінер, демек Оның сөзін ең биігі етеді, сондықтан Алла ﷻ сөзсіз жәрдемдеседі, әлхамдулилла, әр жерде көптеген мешіттер салынуда, ал біреулер «біз оны істей алмаймыз» деп жатса, Алла ﷻ жол ашады да, басқа адамдар оны бітіріп, істеп жіберді, сондықтан кімде қандай ниет болса, Алла ﷻ оның ниетіне қарай береді, ал ниет таза түрде Алла Әззә Уә-Жәллә үшін болуы, адамдарға көмектесу үшін болуы керек, сонда Алла ﷻ көмектесетін болады, ол нәпсі үшін болмауы, мүминдер ара нифақ яғни мұнафиқтық ету үшін болмау керек, немесе ол олардың өз жолдарын жасауы үшін, Алла Әззә Уә-Жәлләның айтқанына ұқсамайтын жол үшін болмауы керек.

Себебі өткен жылы, әлхамдулилла, біз Канадада болдық және онда жұма намаз өтеуге бардық, біз бір мешіттің қасынан өттік, жұрт осы мешітті айтты, ол индастуриялдық жерде орналасыпты, ал біз сол жерге бұрылып, жұма намаз оқымақ болдық, мешітке келдік, ол өте үлкен мешіт екен, куббасы бар, минареті бар, дәл исламдық үлгіде салыныпты, мен «осы мешітте оқылық» дедім, бірақ олар «жоқ, жоқ, бұлар ермейді, тіпті олар жұма намазды да оқымайды» деді. Алайда бұл мешіт дәл исламдық үлгіде салыныпты, бірақ олар онда адам жоқтығын айтты, ол жерде ешкім жоқ екен, біз сонда да оған кірдік, мешіттің қандай екендігін көрдік, ол бір зауад немесе зат сақтайтын жерге ұқсайды екен, өте үлкен, кейін білгеніміз, ол жер әсілінде мешіт емес екен, бірақ ол жер зат сақтайтын немесе зауад етілетін жер ретінде салыныпты, әлхамдулилла, біз сонда жұма оқып едік, адамдар жан-жақтан қаптап келді, ол жер толып кетті, мыңдаған адам келді, ондағылар «бұл жерге жұма намазы бірінші рет оқылып отыр, адамдар өте көп келді, сыртта тағы да бұдан үш есе көп адам жұма оқымақ болып күтіп тұр» деді.

Әлхамдулилла, нинет жақсы болған кезде Алла ﷻ сізге риза болады, себебі мұнафиықтар Мединеде мешіт салғанда Алла ﷻ оған риза болмады, Ол бұны құран әзиму-шәнда айтып кетті, оның жақсы ниетпен істелінбегендігін айтты, сондықтан олар бұл мешітті қиратты. Иншалла, біздің мешіттеріміз барлығы жақсы ниетпен салынды, Алла ﷻ оны қабыл етеді, Алла ﷻ бізге риза, себебі, әлхамдулилла, онда адам баласы үшін барша жақсы нәрселер бар, мұсылман және бей-мұсылмандар болсын, әр адам олардан игілік алады, олар берекелі жандар. Міне бұл Алла ﷻ дың «وَتَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْبِرِّ وَٱلتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْإِثْمِ وَٱلْعُدْوَٰنِ» (туралықта және тақуалықта селбесіңдер, бірақ күнәда және тажауыздықта селбеспеңдер) (құран 05:02) деп айтқан әмірі, жақсы нәрсе беруде өзара көмектесіңіздер, Алла ﷻ дың көріп тұрғанын біліңіздер, Алла Әззә Уә-Жәлләдан қорқыңыздар, ал Алла ﷻ дан қалай қорқамыз? егер сізде кезкелген жаман ниет болса, онда сіз Алла ﷻ дан қорықпаған боласыз, демек сізде жаман ниет болса, Алла ﷻ сізге риза болмайды. Адамдарға ең бірінші үйретілетін хадис міне осы, демек ең әуелі ниетті түзеу керек, ниет өте маңызды, пайғамбарымыз ﷺ «إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ» (амалдар ниетке байланысты) дейді, жақсы амал тек жақсы ниетпен келуі керек, тіпті хижыра (Мединеге көшу) үшінде де, пайғамбарымыз ﷺ осыны айтты, демек кім Алла ﷻ үшін, расул үшін көшсе, оның көшуі қабыл етілді, себебі ол Алла ﷻ және расул үшін еді, егер біреу әйел үшін, үйлену үшін, дүние үшін көшсе, ол осылар үшін көшкен болады, бірақ бұл көшу Алла ﷻ үшін, пайғамбарымыз ﷺ үшін болмайды.

Алла ﷻ баршамыздың ниетімізді Алла ﷻ үшін, пайғамбарымыз ﷺ үшін еткей, себебі біз үшін нағыз құны бар нәрсе осы, сіз дүниені ақиретке алып кете алмайсыз, дүние осы дүниеде басқа адамдар үшін қалады, ал сіз Алла ﷻ үшін істеген жақсы істеріңізді алып кете аласыз, Алла ﷻ барлығымыздың ниетімізді, бүкіл өмірімізді Алла Әззә Уә-Жәллә үшін еткей. Бисмиллахир рахманир рахим, «قُلْ إِنَّ صَلَاتِى وَنُسُكِى وَمَحْيَاىَ وَمَمَاتِى لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ» (расында, менің намазым, шалған құрбандығым, өмірім және өлімім әлемдердің раббсы болған Алла үшін) (құран 06:162), біз бұны әрдайым оқимыз, демек біздің өміріміз, өліміміз, барымыз Алла ﷻ үшін-дүр, иншалла, Алла ﷻ сіздерді берекелегей, құтайта бергей.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #allah #ораза #туражол #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: جاقسىلىقتا سەلبەسىڭدەر، ءبىراق جاماندىقتا سەلبەسپەڭدەر (2025.02.15 / حيجرا 1446-جىل 16-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(United Kingdom، Barking، Al Madina Mosque-دا ايتىلعان سۇحبات) ءبىز وسىنداعىلارعا العىس ايتامىز، ولار ءبىزدى بۇندا كۇتتى، ولار ماقتاۋلى، ينشاللا، بۇل ماداقتار اللا ﷻ ءۇشىن، ءبىز ءۇشىن ەمەس، ءار ادام اۋليە بولۋىنا بولادى، دەمەك كىم اللا ﷻ جولىنا ەرە بىلسە، اۋليە ياعني ءۋاليۋللاھ بولادى، ءالحامدۋليللا، بارلىعىمىز بىرگە، سولاي بولايىق، ينشاللا، ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇراندا ايتىپ كەتكەندەي ءوسىبىر ارانى كورگەنىمىزگە قۋانىپ وتىرمىز. اعۋزۋبيللاحي ءميناش شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَتَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْبِرِّ وَٱلتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْإِثْمِ وَٱلْعُدْوَٰنِ» (تۋرالىقتا جانە تاقۋالىقتا سەلبەسىڭدەر، ءبىراق كۇنادا جانە تاجاۋىزدىقتا سەلبەسپەڭدەر) (قۇران 05:02)، ساداقال لاحۋل عازيم. اللا ﷻ جاقسى ىستەر ىستەۋدە ءوزارا كومەكتەسۋگە، ادامدارعا جانە ءسايدينا مۋحاممد ﷺ ۇميبەتىنە كومەكتەسىپ، ولارعا يگىلىك اكەلۋگە ءامىر ەتەدى، سوندىقتان ءالحامدۋليللا، ءبىز باۋىرلارىمىزعا ريزامىز، ءبىز بۇندا ءبىرىنشى رەت كەلىپ وتىرمىز، ءالحامدۋليللا، ولاردىڭ ىستەگەندەرى وتە جاقسى، اللا ﷻ ولاردى بەرەكەلەگەي.

ءسىز وسىنشاما كۇپىر ەلدىڭ قاق ورتاسىندا اللا ﷻ ءۇشىن ىستەلىنگەن نارسەنى كورگەن كەزدە، قۋاناتىن بولاسىز، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ول وسى جەرگە جانە ادامدارعا نۇر بەرەدى، ولار ءار ىستە ءوسىبىر جاقسى جەردەن يگىلىكتەنەدى، اسىرسە جانە ءبىرىنشىسى مەشىت بولماق، مەشىت اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءۇيى، ءبايتۋللاھ، بۋيۋتۋللاح، مەشىت اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءۇيى، بۇنى اللا ﷻ ايتقان. بۇدان تىس، ەرتەدەگى ادامدار، ءالحامدۋليللا، سۇلتاندار، عۇلامالار، اۋليەلەر مەشىت سالعان، اينالاسىنا وسىنداي جەرلەر سالعان، دەمەك ولار ادامداردىڭ كەلىپ، سۇحبات ەستۋىنە، ءبىلىم ۇيرەنۋىنە، يگىلىك تابۋىنا ورىندار سالعان، ادامدارعا جاقسى نارسەنى سول جەرلەردەن تابا الاسىزدار. ءالحامدۋليللا، وسى جەردە ۇقساس، ول ەرتەدەگى مەدىرەسە، شيپاحانا جانە ادام تاماقتاندىراتىن جەرگە ۇقسايدى، اللا ﷻ وعان ريزا، بۇل جەر اقيرەت ءۇشىن، ادامداردى ءجانناتقا دايىنداۋعا ارنالعان، سەبەبى ادامدار جينالاتىن ءبىر جەر بولۋى كەرەك، ءالحامدۋليللا، ادامدار جينالاتىن ءبىر جەر بولۋى كەرەك، ءبىراق ول جەر تەك جينالۋعا عانا ەمەس، جۇرتتى جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولۋعا ىنتالاندىرادى، سەبەبى كەيبىر مەشىتتەردە ادامدار ناماز وقيدى دا، ەشكىمدى كورمەستەن كەتىپ قالادى، ءبىراق بۇندا اركىم كەلىپ، قۇراننان، سوپىلىق ءتاريقاتتان ساباقتار الۋىنا بولادى، كەزكەلگەن ءتاريقات تا كەلۋىنە بولادى.

ءالحامدۋليللا، ولار بارلىق سوپىلىق ءتاريقاتقا اشىق، ولار ەشكىمدى شەكتەپ جاتقان جوق، «سەن انا ءتاريقاتتانسىڭ، سەن بۇل ءتاريقاتتانسىڭ، ءبىز ۇناتپايمىز، سويلەمە» دەگەن جوق، بۇل ارادا بۇنداي ەشتەڭە جوق، مىنە مۇسىلمان وسىنداي بولۋى كەرەك، مۇسىلماندار جۇرتتىڭ ۇناتقانىن قابىل ەتۋى كەرەك، ال ادامدار نەنى ۇناتۋى كەرەك؟ ولار اللا ﷻ دىڭ، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ جولىن ۇناتادى، وعان ەرۋدى، جاقسى ادامداردى تابۋدى ۇناتادى. ءبىز داماشىقتا وستىك، ءالحامدۋليللا، ادامدار ءقازىر ونداعى ەڭ ۇلكەن مەشىت ءجاميع ءال-اماۋي ياعني ۋممايد مەشتىن تازالادى، بۇرىن ونىڭ ءار بۇرىشىندا ءبىر عالىم، ءبىر عۇلاما، ءبىر شايىق بايقايسىز، ولار وندا شەڭبەرمەن وتىرىپ، ءاربىرى ءوز تىڭدارماندارىنا ساباق بەرەتىن، مۇمكىن ءار شەڭبەردەن 10، 20 ادامدى كورەرسىز، سەبەبى وندا عۇلامالار وتە كوپ بولعان. ولاردىڭ كىتاپتارى بار بولىپ، ولار اركۇنى ۇقساس جەردە، ۇقساس ۋاقىتتا وزدەرى سول كىتابىن ۇيرەتۋدى جالعاستىراتىن، ال ولارعا «بۇنى ىستە» دەپ، ەشكىم اقشا بەرمەيدى، ولار وزدەرى اقىسىز وتەدى ءارى ولار وسى امالدارىنا وتە ريزا ەدى. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءاربىرىن 10، 20، 50 ادام، كەيبىرىن 100، كەيبىرىن 200 ادام اينالا قورشاپ، ساباق يا سۇحبات تىڭداپ وتىراتىن جانە ولار تۇسىنگەندەرىن جازىپ وتىراتىن، ءار جەردە وسىنداي بولعانى جاقسى، ادامدار وندا تەك ناماز وقىپ قانا قويماي، ءبىلىم ۇيرەنۋى دە كەرەك.

مەشىت وتە ماڭىزدى، بۇدان تىس ادامدار بىردەڭە سۇراسا، ولار ولاردىڭ سۇراعىنا جاۋاپ تا ايتىپ بەرەدى، ءالحامدۋليللا، ول تاعى دا اشىلدى، ينشاللا، بارلىق جەر وسىنداي بولادى، اللا ﷻ ونداي جەرلەردى ءتىپتى دە كوبەيتە بەرگەي، اللا ﷻ وسى جەرگە تاس قالاپ، وسى ورىندى سالىپ، ءبىزدى وسىندا كەزدەستىرۋگە سەبەپشى بولعاندارعا بەرەكە بەرگەي، اللا ﷻ ولاردى بەرەكەلەسىن، ءبىز راسىندا جۇرەگىمىزدەن، ولار ءۇشىن دۇعا ەتەمىز، سەبەبى ولار وسىنى ويلاپ ارمان ەتتى جانە ىستەپ كەتتى. ادامدار «مىنانداي زاماندا، ءبىز بۇنى ىستەي المايمىز» دەيدى، ءبىراق، ينشاللا، اللا ﷻ قالاسا، سىزدەر ونى ىستەي الاسىزدار، ەشتەڭە ايتپاڭىز، باستاڭىز، ال اللا ﷻ ونى جالعاستىرادى، اللا ﷻ جاردەم بەرەدى، سەبەبى «“إِءعلَاِ كَلِمَةِ الله» (اللا ءسوزىن ۇستەم ەت) دەلىنەر، دەمەك ونىڭ ءسوزىن ەڭ بيىگى ەتەدى، سوندىقتان اللا ﷻ ءسوزسىز جاردەمدەسەدى، ءالحامدۋليللا، ءار جەردە كوپتەگەن مەشىتتەر سالىنۋدا، ال بىرەۋلەر «ءبىز ونى ىستەي المايمىز» دەپ جاتسا، اللا ﷻ جول اشادى دا، باسقا ادامدار ونى ءبىتىرىپ، ىستەپ جىبەردى، سوندىقتان كىمدە قانداي نيەت بولسا، اللا ﷻ ونىڭ نيەتىنە قاراي بەرەدى، ال نيەت تازا تۇردە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن بولۋى، ادامدارعا كومەكتەسۋ ءۇشىن بولۋى كەرەك، سوندا اللا ﷻ كومەكتەسەتىن بولادى، ول ءناپسى ءۇشىن بولماۋى، مۇميندەر ارا نيفاق ياعني مۇنافيقتىق ەتۋ ءۇشىن بولماۋ كەرەك، نەمەسە ول ولاردىڭ ءوز جولدارىن جاساۋى ءۇشىن، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ايتقانىنا ۇقسامايتىن جول ءۇشىن بولماۋى كەرەك.

سەبەبى وتكەن جىلى، ءالحامدۋليللا، ءبىز كانادادا بولدىق جانە وندا جۇما ناماز وتەۋگە باردىق، ءبىز ءبىر مەشىتتىڭ قاسىنان وتتىك، جۇرت وسى مەشىتتى ايتتى، ول ينداستۋريالدىق جەردە ورنالاسىپتى، ال ءبىز سول جەرگە بۇرىلىپ، جۇما ناماز وقىماق بولدىق، مەشىتكە كەلدىك، ول وتە ۇلكەن مەشىت ەكەن، كۋبباسى بار، مينارەتى بار، ءدال يسلامدىق ۇلگىدە سالىنىپتى، مەن «وسى مەشىتتە وقىلىق» دەدىم، ءبىراق ولار «جوق، جوق، بۇلار ەرمەيدى، ءتىپتى ولار جۇما نامازدى دا وقىمايدى» دەدى. الايدا بۇل مەشىت ءدال يسلامدىق ۇلگىدە سالىنىپتى، ءبىراق ولار وندا ادام جوقتىعىن ايتتى، ول جەردە ەشكىم جوق ەكەن، ءبىز سوندا دا وعان كىردىك، مەشىتتىڭ قانداي ەكەندىگىن كوردىك، ول ءبىر زاۋاد نەمەسە زات ساقتايتىن جەرگە ۇقسايدى ەكەن، وتە ۇلكەن، كەيىن بىلگەنىمىز، ول جەر اسىلىندە مەشىت ەمەس ەكەن، ءبىراق ول جەر زات ساقتايتىن نەمەسە زاۋاد ەتىلەتىن جەر رەتىندە سالىنىپتى، ءالحامدۋليللا، ءبىز سوندا جۇما وقىپ ەدىك، ادامدار جان-جاقتان قاپتاپ كەلدى، ول جەر تولىپ كەتتى، مىڭداعان ادام كەلدى، ونداعىلار «بۇل جەرگە جۇما نامازى ءبىرىنشى رەت وقىلىپ وتىر، ادامدار وتە كوپ كەلدى، سىرتتا تاعى دا بۇدان ءۇش ەسە كوپ ادام جۇما وقىماق بولىپ كۇتىپ تۇر» دەدى.

ءالحامدۋليللا، نينەت جاقسى بولعان كەزدە اللا ﷻ سىزگە ريزا بولادى، سەبەبى مۇنافيىقتار مەدينەدە مەشىت سالعاندا اللا ﷻ وعان ريزا بولمادى، ول بۇنى قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ايتىپ كەتتى، ونىڭ جاقسى نيەتپەن ىستەلىنبەگەندىگىن ايتتى، سوندىقتان ولار بۇل مەشىتتى قيراتتى. ينشاللا، ءبىزدىڭ مەشىتتەرىمىز بارلىعى جاقسى نيەتپەن سالىندى، اللا ﷻ ونى قابىل ەتەدى، اللا ﷻ بىزگە ريزا، سەبەبى، ءالحامدۋليللا، وندا ادام بالاسى ءۇشىن بارشا جاقسى نارسەلەر بار، مۇسىلمان جانە بەي-مۇسىلماندار بولسىن، ءار ادام ولاردان يگىلىك الادى، ولار بەرەكەلى جاندار. مىنە بۇل اللا ﷻ دىڭ «وَتَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْبِرِّ وَٱلتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْإِثْمِ وَٱلْعُدْوَٰنِ» (تۋرالىقتا جانە تاقۋالىقتا سەلبەسىڭدەر، ءبىراق كۇنادا جانە تاجاۋىزدىقتا سەلبەسپەڭدەر) (قۇران 05:02) دەپ ايتقان ءامىرى، جاقسى نارسە بەرۋدە ءوزارا كومەكتەسىڭىزدەر، اللا ﷻ دىڭ كورىپ تۇرعانىن بىلىڭىزدەر، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان قورقىڭىزدار، ال اللا ﷻ دان قالاي قورقامىز؟ ەگەر سىزدە كەزكەلگەن جامان نيەت بولسا، وندا ءسىز اللا ﷻ دان قورىقپاعان بولاسىز، دەمەك سىزدە جامان نيەت بولسا، اللا ﷻ سىزگە ريزا بولمايدى. ادامدارعا ەڭ ءبىرىنشى ۇيرەتىلەتىن حاديس مىنە وسى، دەمەك ەڭ اۋەلى نيەتتى تۇزەۋ كەرەك، نيەت وتە ماڭىزدى، پايعامبارىمىز ﷺ «إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ» (امالدار نيەتكە بايلانىستى) دەيدى، جاقسى امال تەك جاقسى نيەتپەن كەلۋى كەرەك، ءتىپتى حيجىرا (مەدينەگە كوشۋ) ۇشىندە دە، پايعامبارىمىز ﷺ وسىنى ايتتى، دەمەك كىم اللا ﷻ ءۇشىن، راسۋل ءۇشىن كوشسە، ونىڭ كوشۋى قابىل ەتىلدى، سەبەبى ول اللا ﷻ جانە راسۋل ءۇشىن ەدى، ەگەر بىرەۋ ايەل ءۇشىن، ۇيلەنۋ ءۇشىن، دۇنيە ءۇشىن كوشسە، ول وسىلار ءۇشىن كوشكەن بولادى، ءبىراق بۇل كوشۋ اللا ﷻ ءۇشىن، پايعامبارىمىز ﷺ ءۇشىن بولمايدى.

اللا ﷻ بارشامىزدىڭ نيەتىمىزدى اللا ﷻ ءۇشىن، پايعامبارىمىز ﷺ ءۇشىن ەتكەي، سەبەبى ءبىز ءۇشىن ناعىز قۇنى بار نارسە وسى، ءسىز دۇنيەنى اقيرەتكە الىپ كەتە المايسىز، دۇنيە وسى دۇنيەدە باسقا ادامدار ءۇشىن قالادى، ال ءسىز اللا ﷻ ءۇشىن ىستەگەن جاقسى ىستەرىڭىزدى الىپ كەتە الاسىز، اللا ﷻ بارلىعىمىزدىڭ نيەتىمىزدى، بۇكىل ءومىرىمىزدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن ەتكەي. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «قُلْ إِنَّ صَلَاتِى وَنُسُكِى وَمَحْيَاىَ وَمَمَاتِى لِلَّهِ رَبِّ ٱلْعَـٰلَمِينَ» (راسىندا، مەنىڭ نامازىم، شالعان قۇرباندىعىم، ءومىرىم جانە ءولىمىم الەمدەردىڭ راببسى بولعان اللا ءۇشىن) (قۇران 06:162)، ءبىز بۇنى ءاردايىم وقيمىز، دەمەك ءبىزدىڭ ءومىرىمىز، ءولىمىمىز، بارىمىز اللا ﷻ ءۇشىن-ءدۇر، ينشاللا، اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي، قۇتايتا بەرگەي.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #allah #ورازا #تۋراجول #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8079