You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8077
ҚАДІР ТҮНІН БЫЛАЙ ӨТКІЗСЕҢІЗ, ОҒАН ЖОЛЫҒАСЫЗ

ел арасында 'қадір түні сөзсіз рамазанның 27 інші түні' деген жаңсақ ұғым бар, ал қадір түні хижри жылының кезкелген түнінде бола береді, бірақ оның рамазан айында болу мүмкіншілігі жоғары, әсіресе оның соңғы 10 күндері солай. Ал рамазанның 27 інші күнін қадір түні ретінде белгілеп өткізу қадір түнін еске ұстау және мұсылмандарды бір күн болса да жақсы құлшылық өтеуге ынталандыру үшін белгіленген нәрсе, ол да бір жақсы іс. Алайда 'қадір түні 27 інші рамазанда' деген жаңсақ сөзге сеніп, қалған түндерді бос өткізіп, нағыз қадір түнінен құр қалуға болмайды. Кейбіреулер 'қадір түнін түні бойы ұйықтамай өткізу керек' деп ойлайды, бірақ адам тәні оған шыдамайды, сондықтан бұны білген пайғамбарымыз мұсылмандарға әр түнді қадір түні көруді және оны қалай өткізуді үйретіп кеткен. Құптаннан соң, шама келгенше құлшылық өтеп, дұға жасаймыз, ал ұйқы келгенде ұйықтау керек, себебі ұйқы басқанда адам не оқып, не қойғанын білмейді, бірақ пайғамбарымыз ұйықтаудан бұрын 2 ракат қиямул ләйіл намазын оқуға бұйырады, қиямул ләйіл намазы әдеттегі 2 ракат сүннет намаз сияқты өтеледі, оны өтеп болып, ұйықтап қаласыз. Содан таң намаз азанынан 1-2 сағат, кемінде 20 минут бұрын тұрып, тәхажұт намаз оқисыз, сонда Алла қиямул ләйіл намаздан бастап, осы тәхажұт намаз оқығанға дейінгі ұйқытап жатқан түнгі уақытыңызды түгелдей намаз оқыған уақыт ретінде қабыл етеді. Демек бұндайда сіз ұйықтап жатырсыз, бірақ ол намаз оқып жатқан сағаттар есебінде қабыл етілуде, түні бойы құлшылық ету дегеніміз міне осы. 1-2 сағат қана ұйықтап, түні бойы ұйықтамай құлшылық ететін тым аз санды әулиелер, ғұламалар болған, бірақ олардың хәлі жәй адамдарға ұқсамайды, жәй адамдар олай етуге тәндік тұрғыда қауқарсыз. Ал тәхажұттан соң дұға жасаңыз, Алладан кешірім сұраңыз, нәжәх, хифиз, шүкір, тәсбих намаз оқыңыз, тағы да уақытыңыз болса, құран оқып, зікір етіңіз. Әркүні міне осылай істеп жүрсеңіз, сауабы 83 жылға тең қадір түніне шын кездесесіз, сондықтан исламда, 'әр түнді қадір көр, әр кімді қызыр көр' дейді. Егер сіз өмір бойы осылай істесеңіз, бір емес көптеген қадір түніне жолығасыз және оларды ақиретте көріп, қатты таңғалатын боласыз, қадір түніне Аллаға осындай ықыласты адамдар оңай кездеседі. Ал пайғамбарымыз әртүні тәхажұттан соң мына қысқа да нұсқа, бірақ өте қуатты дұғаны айтуға кеңес берген екен. Дұға былай оқылады. اَللّهُمَّ اِنِّى اَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ وَالْمُعَافَاةَ الدَّائِمَةَ فِى الدِّيْنِ وَالدُّنْيَا وَالْاٰخِرَةِ (Аллахумма инни әскалука әл-ғафуу уәл-ғафият уәл-мұғафата әд-даймата фид-дини уәд-дуния уәл-ақирах). Дұғаның мағынасы, 'о Алла, мен бұл дүниеде де, ақиретте де Сізден діндегі кешірім, сәлеметтілік және мәңгі есендік тілеймін дегенді білдіреді.

ءقادىر ءتۇنىن بىلاي وتكىزسەڭىز، وعان جولىعاسىز

ەل اراسىندا 'ءقادىر ءتۇنى ءسوزسىز رامازاننىڭ 27 ءىنشى ءتۇنى' دەگەن جاڭساق ۇعىم بار، ال ءقادىر ءتۇنى حيجري جىلىنىڭ كەزكەلگەن تۇنىندە بولا بەرەدى، ءبىراق ونىڭ رامازان ايىندا بولۋ مۇمكىنشىلىگى جوعارى، اسىرەسە ونىڭ سوڭعى 10 كۇندەرى سولاي. ال رامازاننىڭ 27 ءىنشى كۇنىن ءقادىر ءتۇنى رەتىندە بەلگىلەپ وتكىزۋ ءقادىر ءتۇنىن ەسكە ۇستاۋ جانە مۇسىلمانداردى ءبىر كۇن بولسا دا جاقسى قۇلشىلىق وتەۋگە ىنتالاندىرۋ ءۇشىن بەلگىلەنگەن نارسە، ول دا ءبىر جاقسى ءىس. الايدا 'ءقادىر ءتۇنى 27 ءىنشى رامازاندا' دەگەن جاڭساق سوزگە سەنىپ، قالعان تۇندەردى بوس وتكىزىپ، ناعىز ءقادىر تۇنىنەن قۇر قالۋعا بولمايدى. كەيبىرەۋلەر 'ءقادىر ءتۇنىن ءتۇنى بويى ۇيىقتاماي وتكىزۋ كەرەك' دەپ ويلايدى، ءبىراق ادام ءتانى وعان شىدامايدى، سوندىقتان بۇنى بىلگەن پايعامبارىمىز مۇسىلماندارعا ءار ءتۇندى ءقادىر ءتۇنى كورۋدى جانە ونى قالاي وتكىزۋدى ۇيرەتىپ كەتكەن. قۇپتاننان سوڭ، شاما كەلگەنشە قۇلشىلىق وتەپ، دۇعا جاسايمىز، ال ۇيقى كەلگەندە ۇيىقتاۋ كەرەك، سەبەبى ۇيقى باسقاندا ادام نە وقىپ، نە قويعانىن بىلمەيدى، ءبىراق پايعامبارىمىز ۇيىقتاۋدان بۇرىن 2 راكات قيامۋل ءلايىل نامازىن وقۋعا بۇيىرادى، قيامۋل ءلايىل نامازى ادەتتەگى 2 راكات سۇننەت ناماز سياقتى وتەلەدى، ونى وتەپ بولىپ، ۇيىقتاپ قالاسىز. سودان تاڭ ناماز ازانىنان 1-2 ساعات، كەمىندە 20 مينۋت بۇرىن تۇرىپ، ءتاحاجۇت ناماز وقيسىز، سوندا اللا قيامۋل ءلايىل نامازدان باستاپ، وسى ءتاحاجۇت ناماز وقىعانعا دەيىنگى ۇيقىتاپ جاتقان تۇنگى ۋاقىتىڭىزدى تۇگەلدەي ناماز وقىعان ۋاقىت رەتىندە قابىل ەتەدى. دەمەك بۇندايدا ءسىز ۇيىقتاپ جاتىرسىز، ءبىراق ول ناماز وقىپ جاتقان ساعاتتار ەسەبىندە قابىل ەتىلۋدە، ءتۇنى بويى قۇلشىلىق ەتۋ دەگەنىمىز مىنە وسى. 1-2 ساعات قانا ۇيىقتاپ، ءتۇنى بويى ۇيىقتاماي قۇلشىلىق ەتەتىن تىم از ساندى اۋليەلەر، عۇلامالار بولعان، ءبىراق ولاردىڭ ءحالى ءجاي ادامدارعا ۇقسامايدى، ءجاي ادامدار ولاي ەتۋگە تاندىك تۇرعىدا قاۋقارسىز. ال ءتاحاجۇتتان سوڭ دۇعا جاساڭىز، اللادان كەشىرىم سۇراڭىز، ءناجاح، حيفيز، شۇكىر، ءتاسبيح ناماز وقىڭىز، تاعى دا ۋاقىتىڭىز بولسا، قۇران وقىپ، زىكىر ەتىڭىز. اركۇنى مىنە وسىلاي ىستەپ جۇرسەڭىز، ساۋابى 83 جىلعا تەڭ ءقادىر تۇنىنە شىن كەزدەسەسىز، سوندىقتان يسلامدا، 'ءار ءتۇندى ءقادىر كور، ءار كىمدى قىزىر كور' دەيدى. ەگەر ءسىز ءومىر بويى وسىلاي ىستەسەڭىز، ءبىر ەمەس كوپتەگەن ءقادىر تۇنىنە جولىعاسىز جانە ولاردى اقيرەتتە كورىپ، قاتتى تاڭعالاتىن بولاسىز، ءقادىر تۇنىنە اللاعا وسىنداي ىقىلاستى ادامدار وڭاي كەزدەسەدى. ال پايعامبارىمىز ءارتۇنى ءتاحاجۇتتان سوڭ مىنا قىسقا دا نۇسقا، ءبىراق وتە قۋاتتى دۇعانى ايتۋعا كەڭەس بەرگەن ەكەن. دۇعا بىلاي وقىلادى. اَللّهُمَّ اِنِّى اَسْأَلُكَ الْعَفْوَ وَالْعَافِيَةَ وَالْمُعَافَاةَ الدَّائِمَةَ فِى الدِّيْنِ وَالدُّنْيَا وَالْاٰخِرَةِ (اللاحۋمما ينني اسكالۋكا ءال-عافۋۋ ءۋال-عافيات ءۋال-مۇعافاتا ءاد-دايماتا فيد-ديني ءۋاد-دۋنيا ءۋال-اقيراح). دۇعانىڭ ماعىناسى، 'و اللا، مەن بۇل دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە سىزدەن دىندەگى كەشىرىم، سالەمەتتىلىك جانە ماڭگى ەسەندىك تىلەيمىن دەگەندى بىلدىرەدى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8077