You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8076
Сұхбат: қазір ұйқыдасыз, өлуден бұрын дереу оянып алыңыз (2025.02.13 / Хижра 1446-жыл 14-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(United Kingdom, Peckham, Peckham Mosque-да айтылған сұхбат) Иншалла, бүгінгі түн (барат түні) берекелі түн, құтты түн, Алла ﷻ нұрын бізге төгуде, иншалла, пайғамбарымыз ﷺ ның нұры, әулиелердің нұры бізге төгіле бергей, бізге түсе бергей, иншалла, сіздер, әлхамдулилла, бұнда Алла ﷻ махаббаты үшін, пайғамбарымыз ﷺ махаббаты үшін келіп отырсыздар, иншалла, Алла ﷻ сіздердің қалағандарыңызды бергей. Ең маңызды шаруа - Алла ﷻ жолындағы құл болу, міне бұл әр адамның тілегі-дүр, және оның отбасының, туыс-туғандарының, достарының да тілегі осы жолда болу болсын, әлхамдулилла, бүгін түн - қасиетті берекеленген түн, ол қасиетті құрандағы дұха сүресінде, «فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ» (сол түні әр нәрсеге дәл есеп жүргізіліп, анық етілді) (құран 44:04) деп, Алла ﷻ жағынан мадақталған түн. Алла Әззә Уә-Жәллә әр түнде дұға қабыл етеді, бірақ осы түнде ол ерекше болмақ, себебі осы түнде келер жылы не болары жазылады, кім кетеді, кім болады, кім не істейді, біз не істейміз, қалай істейміз, міне осылардың барлығы жазылатын түн, сүбіхан-Аллаһ, Алла Әззә Уә-Жәллә бұны «فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ» (сол түні әр нәрсеге дәл есеп жүргізіліп, анық етілді) (құран 44:04) дейді, демек әр адамның тағдыры осы түнде жазылады, сондықтан бүгін кеште ақшаммен құптан арасында ясин сүресін үш рет оқып, бұл жылдың біз үшін жақсы болуын Алла ﷻ дан сұраймыз. Себебі айтылым бойынша, егер сіз осы келер жылы бағы жоқ тәлейсіз біреу болып жазылған болсаңыз, осы кештегі дұға осы келеңсіз тағдырыңызды өзгерте алады, бұндағы бағы жоқ тәлейсіз болу дегеніміз Алла ﷻ жолының сыртында қалу болмақ, немесе риздықсыз қалу немесе жаман кеселмен ауру я басқа кезкелген нәрсе бола берер.

О раббым, Сіз осыны өзгерте аласыз, себебі, О Алла ﷻ, бұл Сіздің айтқаныңыз, бүкіл барлығы Алла ﷻ дың қолында, Оның қалауында, Алла ﷻ дың қолы барлығын өзгерте алады, Ол нені ұнатса, соны істейді, егер кім Алла ﷻ дан өзгертуді сұраса, Ол өзгертіп береді, сондықтан біз үмітсіз болмайық, Алла ﷻ дан өзгертуді сұраңыздар, демек Алла ﷻ сізге жаман нәрсе жазған болса, Ол оны жақсы нәрсеге өзгертіп, қоятын болады, міне бұл біз білмейтін Оның қалауы, Оның құпия сыры, ал біздің білеріміз мынау ғана, барлығы Алла ﷻ мен, Оның арқасында болады. Алла ﷻ барлығын біледі және барлығын өзгерте алады, немесе Ол оны сол бойында қалдыра алады, міне бұл қадар яғни тағдыр, ал тағдыр Алла Әззә Уә-Жәллә білімдегі өте сырлы нәрсе, пайғамбарымыз ﷺ да, «оны сұрамаңдар» деп, айтып кеткен, ол - бір сырлы құпия. Бірақ кейбір адамдар бар болып, олар өздерін көрсету үшін, тағдыр жәйлы «бұл нәрсе мынадай нәрсе» дейді, олар тағы бұдан да қауіпті болған, рух яғни жан туралы сөйлейді, бұнда тағдыр және рух сияқты екі нәрсе хақында сөйлеу исламда харам етілген, сондықтан біз Алла ﷻ дан сұраймыз, себебі Алла ﷻ жазылған барлық нәрсені өзгерте алады және оны өзгерітпей қалдыра да алады, алайда сіз Алла ﷻ дан оның жаман болмауын шынайы ықыласпен тілесеңіз, Ол тілегіңізді қабыл ететін болады, иншалла, Алла ﷻ өз қалауымен, расында оны өзгертеді, иншалла, бұл мәселе емес.

Сол үшін бұл түн өте берекелі түн, құтты түн болмақ, көптеген адамдар бұл жәйлы білмейді, машалла, қазір бұл мешіт адамдарға толыпты, Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің берекесімен, әғаағлә Аллаһ даражатуху дайғман, оның берекесімен осы адамдар осында жиналып отыр, Алла ﷻ оның дәрежесін биік еткей, оның қызметімен, осында және әр жерде істеген қызметтерімен, оның мақам-дәрежесі тіпті де биік, тіпті де көп бола бергей. Сондықтан, біз Алла Әззә Уә-Жәлләдан осы түнді білмейтін адамдардың оны білуін, оның берекесіне бөленуін, одан игіліктенуін, Алла ﷻ бірге болуын және Алла ﷻ оларға берген өте асыл нәрсені жоғалтып алмауын сұраймыз, бірақ бақытсыздыққа орай, бір түрлі адамдар тобыры бар, олар мұсылман, бірақ мүмин емес, олар бұны қабыл етпейді, тіпті ол құранмен хадисте тұрса да қабыл етпейді. Міне осы адамдар ел-жұртты осындай асылдан, осындай нұрдан, осындай қасиетті түндерден игіліктеніп, пайдаға кенелдірмей жүр, олар Алла ﷻ ға құлшылық еткен және Одан сұраған мүминдерді Алла Әззә Уә-Жәлләның түсірген осы нұрынан сауап алдырғысы келмейді. Ал Алла Әззә Уә-Жәллә, «сұраңдар!» дейді, Ол періштелерге, «барыңдар, менің құлдарыма қараңдар, кім не сұрап жатыр екен, денсаулық сұрады ма, иман сұрады ма, риздық сұрады ма, жақсы өмір сұрады ма, үйленуге әйел сұрады ма, миының ашылып, білім алуын сұрады ма, олар не ойлап жатыр, соны көріңдер, дұға жасап, тілек сұрап жатқан адамдарға барыңдар, олардың сұрағанына қараңдар және олардың осы тілеп жатқанын беріңдер, жақсы амалдарын қабыл етілетін етіңдер» дейді, бұл пайғамбарымыз ﷺ ның хадисы, құранда да осыны айтады, бірақ сонда да манағы адамдар ел-жұртты алдап жатыр.

Бақытсыздыққа орай, біз сондай бір сұмдық заманда өмір сүріп жатырмыз, біреу қараны ақ, ал ақты қара десе, адамдар түгел осыған сене кетеді, жұрттың барлығы қазіргі кездегі өмір қандай болып жатқандығын көріп отыр, бұған әркім сеніп жүр, олар қолынан келетін барлығын (жаман істі) істер, ал адамдар оған риза болуы керек болған, расында, жұрт оларға риза болуда, жұрт өздеріне бірдеңе бола қалса, оларға ашуланады, бұл кездің заманы осындай. Сонымен, осылайша пайғамбарымыз ﷺ ның хадисіне қарсы келетін адамдар, әулиелерге қарсы келетін адамдар, сахабаларға қарсы адамдар қалыпты іске айналып кетті, бұндай істердің туылуы осы кезде жәй іс, қалыпты іс саналуда, бірақ оларға еру қалыпсыз іс болмақ, бірақ өкінішке орай адамдар қойға ұқсап қалды, демек манағы қыңырлар оларды бастап, өздерін де, оларды да құрдымға жіберіп, қиратып жатыр. Біз осындай істерді көп көріп, көп естіп жүрміз, мәселен, алда келе жатқан бір қой жардан секірсе, оның артында келе жатқан 300 қой да жарға секіріп, түгел опат болады, манағы ерген адамдар осыған ұқсайды, демек олардың бірі кетсе, қалғандары да түгел кетеді, жоқ, сіз оларға құлақ салмаңыз, қой яғни бейшара қой болмаңыз, Алла ﷻ қойға миды ойлану үшін бермеді, оны жеп-ішуге, жүруге берді, бірақ бізге Алла ﷻ миды қарау үшін, ойлану үшін берді, өзімізді қауіпке лақтыру үшін бермеді.

Қойлар осылай өліп бітер, бірақ адамдар ұқсамайды, Сәйдина Әли хазірет радияллаху әнху уажхаху, «النَّاسُ نِيَامٌ، إذَا مَاتُوا استفاقوا» (адамдар ұйқыда, олар тек өлгенде оянады) дейді, иә, адамдар ұйқыда, олар «біз ұйықтамадық, көзіміз ашық» дер, жоқ, біздің барлығымыз ұйқыдамыз, нағыз оянып сілкіну көзіңізді жұмғанда, демек Әзірейіл періште жаныңызды алған кезде болады, міне сол кезде сіз барлығын анық көретін боласыз, «шапағат керек емес, ол жоқ, ахлул байіт жоқ, сахаба жоқ, әулие-машайық жоқ, сопылық тәриқат жоқ, мәзхаб жоқ» деп, оларды жоққа шығарғандар осы кезде оянатын болады, бірақ олар өте жаман оянумен оянады. Ол «ох, біз өмір бойы бүкілдей ұйықтаумен өткізіптік қой, мына адамдарға, шайтани адамдарға еріп кетіптік» дейді, алайда ол кезде бұл өкініштен еш пайда келмес, сондықтан сіздер сақ болыңыздар, орайыңыз бар кезде орайды пайдаланыңыз, мәселен, осыбір түн, кешегі түн сияқты, қасиетті түндерде ғибадат етіңіз, жақсы адамдармен бірге болыңыз, Алла Әззә Уә-Жәллә ны атап, дұға етіңіз, өлуіңізден бұрын ояныңыз. Ал Сәйдина Әбубакір хазірет «مُوتُوا قَبْلَ أَنْ تَمُوتُوا» (өлуден бұрын өліп бол) дейді, бұның мағынасы не? өлім дегеніміз тек өлу ғана емес, бірақ өлуіңізден бұрын оянып болу болмақ, сонда сіз өлген кезде, ояу кетесіз, дайынсыз, сондықтан өлуден бұрын оянып болыңыз.

Алла ﷻ сіздерді берекелегей, сіздерді Мәуләнә Шайық Назым хазіретпен бірге еткей, Алла ﷻ бізге риза, әлхамдулилла, әлхамдулилла, себебі бұл Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің мұрасы, ал сіздер Алла ﷻ ға, әулие-машайықтарға, пайғамбарымыз ﷺ ға, адал болдыңыздар, жолда келе жатсыздар, сіздерді ештеңе алып кете алмайды, әлхамдулилла, сіздер, сіздердің барлық әулеттеріңіз, отбасыларыңыз, ұрпақтарыңыз, бала-шағаларыңыз, немере-шөберелеріңіз де солай, иншалла. Иншалла, біз жақсылықты үміт етеміз, иә, айтып өткеніміздей, мына дүние өте жаман хәлде тұр, барлығы аударылып, төңкеріліп қалған, басы аяғына, аяғы басына келіп қалған, сондықтан алаң болмаңыз, анау я мынау айтқанға құлақ сала бермеңіз, тек Алла ﷻ дың айтқаны болады, осылардың барлығы туылуы керек, себебі Алла ﷻ осыны қалайды. Біз ештеңе дей алмаймыз, айтып өткеніміздей, заман тым бұзылып кетті, өте жаман болып кетті, бірақ оны біреу келіп, өзгертуі керек, «біз мына дүниені өзгерте аламыз» деп ойлайтын адамдар бар, бірақ олар тек қойылған қуыршақтар ғана, Алла Әззә Уә-Жәллә оларды ол жерден бұл жерге қозғалтып, бірдеңелерді айтқызады, бірдеңелерді істеттіреді. Сәйдина Мәхди хазіреттің шығуы үшін, адамдарды тазалап, оларға шындықты түсіндіруі үшін, оларды жаман іс және жаман ойдан құтқаруы үшін осындай нәрселер туылуы керек. Алла ﷻ бізді онымен бірге еткей, иншалла, Алла ﷻ сіздерді құтқарғай, алаңдамаңыздар, иншалла, біз Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің берекесімен есендіктеміз, иншалла, көп болмай біз Сәйдина Әл-Мәхди хазіретпен бірге боламыз, иншалла.

- Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #allah #ораза #туражол #нақшыбанд #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami





سۇحبات: ءقازىر ۇيقىداسىز، ولۋدەن بۇرىن دەرەۋ ويانىپ الىڭىز (2025.02.13 / حيجرا 1446-جىل 14-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(United Kingdom، Peckham، Peckham Mosque-دا ايتىلعان سۇحبات) ينشاللا، بۇگىنگى ءتۇن (بارات ءتۇنى) بەرەكەلى ءتۇن، قۇتتى ءتۇن، اللا ﷻ نۇرىن بىزگە توگۋدە، ينشاللا، پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ نۇرى، اۋليەلەردىڭ نۇرى بىزگە توگىلە بەرگەي، بىزگە تۇسە بەرگەي، ينشاللا، سىزدەر، ءالحامدۋليللا، بۇندا اللا ﷻ ماحابباتى ءۇشىن، پايعامبارىمىز ﷺ ماحابباتى ءۇشىن كەلىپ وتىرسىزدار، ينشاللا، اللا ﷻ سىزدەردىڭ قالاعاندارىڭىزدى بەرگەي. ەڭ ماڭىزدى شارۋا - اللا ﷻ جولىنداعى قۇل بولۋ، مىنە بۇل ءار ادامنىڭ تىلەگى-ءدۇر، جانە ونىڭ وتباسىنىڭ، تۋىس-تۋعاندارىنىڭ، دوستارىنىڭ دا تىلەگى وسى جولدا بولۋ بولسىن، ءالحامدۋليللا، بۇگىن ءتۇن - قاسيەتتى بەرەكەلەنگەن ءتۇن، ول قاسيەتتى قۇرانداعى دۇحا سۇرەسىندە، «فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ» (سول ءتۇنى ءار نارسەگە ءدال ەسەپ جۇرگىزىلىپ، انىق ەتىلدى) (قۇران 44:04) دەپ، اللا ﷻ جاعىنان ماداقتالعان ءتۇن. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءار تۇندە دۇعا قابىل ەتەدى، ءبىراق وسى تۇندە ول ەرەكشە بولماق، سەبەبى وسى تۇندە كەلەر جىلى نە بولارى جازىلادى، كىم كەتەدى، كىم بولادى، كىم نە ىستەيدى، ءبىز نە ىستەيمىز، قالاي ىستەيمىز، مىنە وسىلاردىڭ بارلىعى جازىلاتىن ءتۇن، ءسۇبىحان-اللاھ، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇنى «فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ» (سول ءتۇنى ءار نارسەگە ءدال ەسەپ جۇرگىزىلىپ، انىق ەتىلدى) (قۇران 44:04) دەيدى، دەمەك ءار ادامنىڭ تاعدىرى وسى تۇندە جازىلادى، سوندىقتان بۇگىن كەشتە اقشاممەن قۇپتان اراسىندا ياسين سۇرەسىن ءۇش رەت وقىپ، بۇل جىلدىڭ ءبىز ءۇشىن جاقسى بولۋىن اللا ﷻ دان سۇرايمىز. سەبەبى ايتىلىم بويىنشا، ەگەر ءسىز وسى كەلەر جىلى باعى جوق تالەيسىز بىرەۋ بولىپ جازىلعان بولساڭىز، وسى كەشتەگى دۇعا وسى كەلەڭسىز تاعدىرىڭىزدى وزگەرتە الادى، بۇنداعى باعى جوق تالەيسىز بولۋ دەگەنىمىز اللا ﷻ جولىنىڭ سىرتىندا قالۋ بولماق، نەمەسە ريزدىقسىز قالۋ نەمەسە جامان كەسەلمەن اۋرۋ يا باسقا كەزكەلگەن نارسە بولا بەرەر.

و راببىم، ءسىز وسىنى وزگەرتە الاسىز، سەبەبى، و اللا ﷻ، بۇل ءسىزدىڭ ايتقانىڭىز، بۇكىل بارلىعى اللا ﷻ دىڭ قولىندا، ونىڭ قالاۋىندا، اللا ﷻ دىڭ قولى بارلىعىن وزگەرتە الادى، ول نەنى ۇناتسا، سونى ىستەيدى، ەگەر كىم اللا ﷻ دان وزگەرتۋدى سۇراسا، ول وزگەرتىپ بەرەدى، سوندىقتان ءبىز ءۇمىتسىز بولمايىق، اللا ﷻ دان وزگەرتۋدى سۇراڭىزدار، دەمەك اللا ﷻ سىزگە جامان نارسە جازعان بولسا، ول ونى جاقسى نارسەگە وزگەرتىپ، قوياتىن بولادى، مىنە بۇل ءبىز بىلمەيتىن ونىڭ قالاۋى، ونىڭ قۇپيا سىرى، ال ءبىزدىڭ بىلەرىمىز مىناۋ عانا، بارلىعى اللا ﷻ مەن، ونىڭ ارقاسىندا بولادى. اللا ﷻ بارلىعىن بىلەدى جانە بارلىعىن وزگەرتە الادى، نەمەسە ول ونى سول بويىندا قالدىرا الادى، مىنە بۇل قادار ياعني تاعدىر، ال تاعدىر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بىلىمدەگى وتە سىرلى نارسە، پايعامبارىمىز ﷺ دا، «ونى سۇراماڭدار» دەپ، ايتىپ كەتكەن، ول - ءبىر سىرلى قۇپيا. ءبىراق كەيبىر ادامدار بار بولىپ، ولار وزدەرىن كورسەتۋ ءۇشىن، تاعدىر ءجايلى «بۇل نارسە مىناداي نارسە» دەيدى، ولار تاعى بۇدان دا ءقاۋىپتى بولعان، رۋح ياعني جان تۋرالى سويلەيدى، بۇندا تاعدىر جانە رۋح سياقتى ەكى نارسە حاقىندا سويلەۋ يسلامدا حارام ەتىلگەن، سوندىقتان ءبىز اللا ﷻ دان سۇرايمىز، سەبەبى اللا ﷻ جازىلعان بارلىق نارسەنى وزگەرتە الادى جانە ونى وزگەرىتپەي قالدىرا دا الادى، الايدا ءسىز اللا ﷻ دان ونىڭ جامان بولماۋىن شىنايى ىقىلاسپەن تىلەسەڭىز، ول تىلەگىڭىزدى قابىل ەتەتىن بولادى، ينشاللا، اللا ﷻ ءوز قالاۋىمەن، راسىندا ونى وزگەرتەدى، ينشاللا، بۇل ماسەلە ەمەس.

سول ءۇشىن بۇل ءتۇن وتە بەرەكەلى ءتۇن، قۇتتى ءتۇن بولماق، كوپتەگەن ادامدار بۇل ءجايلى بىلمەيدى، ماشاللا، ءقازىر بۇل مەشىت ادامدارعا تولىپتى، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ بەرەكەسىمەن، ءاعااعلا اللاھ داراجاتۋحۋ دايعمان، ونىڭ بەرەكەسىمەن وسى ادامدار وسىندا جينالىپ وتىر، اللا ﷻ ونىڭ دارەجەسىن بيىك ەتكەي، ونىڭ قىزمەتىمەن، وسىندا جانە ءار جەردە ىستەگەن قىزمەتتەرىمەن، ونىڭ ماقام-دارەجەسى ءتىپتى دە بيىك، ءتىپتى دە كوپ بولا بەرگەي. سوندىقتان، ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان وسى ءتۇندى بىلمەيتىن ادامداردىڭ ونى ءبىلۋىن، ونىڭ بەرەكەسىنە بولەنۋىن، ودان يگىلىكتەنۋىن، اللا ﷻ بىرگە بولۋىن جانە اللا ﷻ ولارعا بەرگەن وتە اسىل نارسەنى جوعالتىپ الماۋىن سۇرايمىز، ءبىراق باقىتسىزدىققا وراي، ءبىر ءتۇرلى ادامدار توبىرى بار، ولار مۇسىلمان، ءبىراق ءمۇمين ەمەس، ولار بۇنى قابىل ەتپەيدى، ءتىپتى ول قۇرانمەن حاديستە تۇرسا دا قابىل ەتپەيدى. مىنە وسى ادامدار ەل-جۇرتتى وسىنداي اسىلدان، وسىنداي نۇردان، وسىنداي قاسيەتتى تۇندەردەن يگىلىكتەنىپ، پايداعا كەنەلدىرمەي ءجۇر، ولار اللا ﷻ عا قۇلشىلىق ەتكەن جانە ودان سۇراعان مۇميندەردى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ تۇسىرگەن وسى نۇرىنان ساۋاپ الدىرعىسى كەلمەيدى. ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «سۇراڭدار!» دەيدى، ول پەرىشتەلەرگە، «بارىڭدار، مەنىڭ قۇلدارىما قاراڭدار، كىم نە سۇراپ جاتىر ەكەن، دەنساۋلىق سۇرادى ما، يمان سۇرادى ما، ريزدىق سۇرادى ما، جاقسى ءومىر سۇرادى ما، ۇيلەنۋگە ايەل سۇرادى ما، ميىنىڭ اشىلىپ، ءبىلىم الۋىن سۇرادى ما، ولار نە ويلاپ جاتىر، سونى كورىڭدەر، دۇعا جاساپ، تىلەك سۇراپ جاتقان ادامدارعا بارىڭدار، ولاردىڭ سۇراعانىنا قاراڭدار جانە ولاردىڭ وسى تىلەپ جاتقانىن بەرىڭدەر، جاقسى امالدارىن قابىل ەتىلەتىن ەتىڭدەر» دەيدى، بۇل پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ حاديسى، قۇراندا دا وسىنى ايتادى، ءبىراق سوندا دا ماناعى ادامدار ەل-جۇرتتى الداپ جاتىر.

باقىتسىزدىققا وراي، ءبىز سونداي ءبىر سۇمدىق زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، بىرەۋ قارانى اق، ال اقتى قارا دەسە، ادامدار تۇگەل وسىعان سەنە كەتەدى، جۇرتتىڭ بارلىعى قازىرگى كەزدەگى ءومىر قانداي بولىپ جاتقاندىعىن كورىپ وتىر، بۇعان اركىم سەنىپ ءجۇر، ولار قولىنان كەلەتىن بارلىعىن (جامان ءىستى) ىستەر، ال ادامدار وعان ريزا بولۋى كەرەك بولعان، راسىندا، جۇرت ولارعا ريزا بولۋدا، جۇرت وزدەرىنە بىردەڭە بولا قالسا، ولارعا اشۋلانادى، بۇل كەزدىڭ زامانى وسىنداي. سونىمەن، وسىلايشا پايعامبارىمىز ﷺ نىڭ حاديسىنە قارسى كەلەتىن ادامدار، اۋليەلەرگە قارسى كەلەتىن ادامدار، ساحابالارعا قارسى ادامدار قالىپتى ىسكە اينالىپ كەتتى، بۇنداي ىستەردىڭ تۋىلۋى وسى كەزدە ءجاي ءىس، قالىپتى ءىس سانالۋدا، ءبىراق ولارعا ەرۋ قالىپسىز ءىس بولماق، ءبىراق وكىنىشكە وراي ادامدار قويعا ۇقساپ قالدى، دەمەك ماناعى قىڭىرلار ولاردى باستاپ، وزدەرىن دە، ولاردى دا قۇردىمعا جىبەرىپ، قيراتىپ جاتىر. ءبىز وسىنداي ىستەردى كوپ كورىپ، كوپ ەستىپ ءجۇرمىز، ماسەلەن، الدا كەلە جاتقان ءبىر قوي جاردان سەكىرسە، ونىڭ ارتىندا كەلە جاتقان 300 قوي دا جارعا سەكىرىپ، تۇگەل وپات بولادى، ماناعى ەرگەن ادامدار وسىعان ۇقسايدى، دەمەك ولاردىڭ ءبىرى كەتسە، قالعاندارى دا تۇگەل كەتەدى، جوق، ءسىز ولارعا قۇلاق سالماڭىز، قوي ياعني بەيشارا قوي بولماڭىز، اللا ﷻ قويعا ميدى ويلانۋ ءۇشىن بەرمەدى، ونى جەپ-ىشۋگە، جۇرۋگە بەردى، ءبىراق بىزگە اللا ﷻ ميدى قاراۋ ءۇشىن، ويلانۋ ءۇشىن بەردى، ءوزىمىزدى قاۋىپكە لاقتىرۋ ءۇشىن بەرمەدى.

قويلار وسىلاي ءولىپ بىتەر، ءبىراق ادامدار ۇقسامايدى، ءسايدينا ءالي حازىرەت رادياللاحۋ ءانحۋ ۋاجحاحۋ، «النَّاسُ نِيَامٌ، إذَا مَاتُوا استفاقوا» (ادامدار ۇيقىدا، ولار تەك ولگەندە ويانادى) دەيدى، ءيا، ادامدار ۇيقىدا، ولار «ءبىز ۇيىقتامادىق، كوزىمىز اشىق» دەر، جوق، ءبىزدىڭ بارلىعىمىز ۇيقىدامىز، ناعىز ويانىپ سىلكىنۋ كوزىڭىزدى جۇمعاندا، دەمەك ازىرەيىل پەرىشتە جانىڭىزدى العان كەزدە بولادى، مىنە سول كەزدە ءسىز بارلىعىن انىق كورەتىن بولاسىز، «شاپاعات كەرەك ەمەس، ول جوق، احلۋل ءبايىت جوق، ساحابا جوق، اۋليە-ماشايىق جوق، سوپىلىق ءتاريقات جوق، ءمازحاب جوق» دەپ، ولاردى جوققا شىعارعاندار وسى كەزدە وياناتىن بولادى، ءبىراق ولار وتە جامان ويانۋمەن ويانادى. ول «وح، ءبىز ءومىر بويى بۇكىلدەي ۇيىقتاۋمەن وتكىزىپتىك قوي، مىنا ادامدارعا، شايتاني ادامدارعا ەرىپ كەتىپتىك» دەيدى، الايدا ول كەزدە بۇل وكىنىشتەن ەش پايدا كەلمەس، سوندىقتان سىزدەر ساق بولىڭىزدار، ورايىڭىز بار كەزدە ورايدى پايدالانىڭىز، ماسەلەن، ءوسىبىر ءتۇن، كەشەگى ءتۇن سياقتى، قاسيەتتى تۇندەردە عيبادات ەتىڭىز، جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولىڭىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا نى اتاپ، دۇعا ەتىڭىز، ولۋىڭىزدەن بۇرىن ويانىڭىز. ال ءسايدينا ابۋباكىر حازىرەت «مُوتُوا قَبْلَ أَنْ تَمُوتُوا» (ولۋدەن بۇرىن ءولىپ بول) دەيدى، بۇنىڭ ماعىناسى نە؟ ءولىم دەگەنىمىز تەك ءولۋ عانا ەمەس، ءبىراق ولۋىڭىزدەن بۇرىن ويانىپ بولۋ بولماق، سوندا ءسىز ولگەن كەزدە، وياۋ كەتەسىز، دايىنسىز، سوندىقتان ولۋدەن بۇرىن ويانىپ بولىڭىز.

اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي، سىزدەردى ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتپەن بىرگە ەتكەي، اللا ﷻ بىزگە ريزا، ءالحامدۋليللا، ءالحامدۋليللا، سەبەبى بۇل ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ مۇراسى، ال سىزدەر اللا ﷻ عا، اۋليە-ماشايىقتارعا، پايعامبارىمىز ﷺ عا، ادال بولدىڭىزدار، جولدا كەلە جاتسىزدار، سىزدەردى ەشتەڭە الىپ كەتە المايدى، ءالحامدۋليللا، سىزدەر، سىزدەردىڭ بارلىق اۋلەتتەرىڭىز، وتباسىلارىڭىز، ۇرپاقتارىڭىز، بالا-شاعالارىڭىز، نەمەرە-شوبەرەلەرىڭىز دە سولاي، ينشاللا. ينشاللا، ءبىز جاقسىلىقتى ءۇمىت ەتەمىز، ءيا، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، مىنا دۇنيە وتە جامان حالدە تۇر، بارلىعى اۋدارىلىپ، توڭكەرىلىپ قالعان، باسى اياعىنا، اياعى باسىنا كەلىپ قالعان، سوندىقتان الاڭ بولماڭىز، اناۋ يا مىناۋ ايتقانعا قۇلاق سالا بەرمەڭىز، تەك اللا ﷻ دىڭ ايتقانى بولادى، وسىلاردىڭ بارلىعى تۋىلۋى كەرەك، سەبەبى اللا ﷻ وسىنى قالايدى. ءبىز ەشتەڭە دەي المايمىز، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، زامان تىم بۇزىلىپ كەتتى، وتە جامان بولىپ كەتتى، ءبىراق ونى بىرەۋ كەلىپ، وزگەرتۋى كەرەك، «ءبىز مىنا دۇنيەنى وزگەرتە الامىز» دەپ ويلايتىن ادامدار بار، ءبىراق ولار تەك قويىلعان قۋىرشاقتار عانا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردى ول جەردەن بۇل جەرگە قوزعالتىپ، بىردەڭەلەردى ايتقىزادى، بىردەڭەلەردى ىستەتتىرەدى. ءسايدينا ءماحدي حازىرەتتىڭ شىعۋى ءۇشىن، ادامداردى تازالاپ، ولارعا شىندىقتى ءتۇسىندىرۋى ءۇشىن، ولاردى جامان ءىس جانە جامان ويدان قۇتقارۋى ءۇشىن وسىنداي نارسەلەر تۋىلۋى كەرەك. اللا ﷻ ءبىزدى ونىمەن بىرگە ەتكەي، ينشاللا، اللا ﷻ سىزدەردى قۇتقارعاي، الاڭداماڭىزدار، ينشاللا، ءبىز ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ بەرەكەسىمەن ەسەندىكتەمىز، ينشاللا، كوپ بولماي ءبىز ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەتپەن بىرگە بولامىز، ينشاللا.

- ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #allah #ورازا #تۋراجول #ناقشىباند #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8076