You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7795
СІЗДЕ ОСЫ НӘРСЕЛЕР БАР БОЛСА, ШҮКІР ЕТІҢІЗ

әуелі адам болып жаратылғандығыңызға шүкір деңіз, себебі Алла сізді хайуан етіп жаратпады, ол сізді хайуан, құрт-қоңыз, бақа-шаян етіп жаратып қойса, ештеңе қыла алмас едіңіз. Онан мұсылман болғандығыңызға шүкір деңіз, себебі Алла сізді кәпір отбасында дүниеге әкелмеді, олардың қолында өсірмеді. Адам болып жаратылып, мұсылман отбасында дүниеге келуді сіз белгілей алмайсыз, ол Алладан берілген баға жетпес нығымет, Алла бұл бақты сізге сұраусыз бере салды. Онан пайғамбарымыздың үмбеті болғандығыңызға шүкір деңіз, себебі Алла сізді осы заманда жаратып, пайғамбарымыздың үмбеті етіп қойды, бұл да баға жетпес бақ-дүр. Бұрынғы өткен 124000 пайғамбар пайғамбарымызға үмбет болуды Алладан жалына сұраған, бірақ бұл бақ тек 4 пайғамбарға бұйырды. Оған үмбет болу аса зор іс, оны қияметте өте жақсы түсінесіз әрі қатты таңырқап, есіңіз кететін болады. Онан намаз оқығандығыңызға шүкір деңіз, себебі Алла сізге намазды нәсіп етті, намазсыз мұсылман қаншама! әр адам бұнда оқымаған әр ракат парыз намазы үшін қияметте тозақ үстінде 80 жыл намаз оқитын болады. Онан мүмин болғаныңызға шүкір деңіз, себебі шын иманы бар мұсылманды мүмин дейді, мұсылман тау тасындай көп, бірақ мүмин асыл тас сияқты сирек кездеседі. Онан әулиеден піріңіз болғандығына шүкір деңіз, себебі Алла сізге өз досына, пайғамбарымыз мұрагеріне ілесуді нәсіп етті, бұл бір зор бақ, әулиеге ергеніңіз Алламен бір болғаныңыз болмақ, ол сізді мүминдікке тәрбиелейді.

- СОПЫЛАР ТАҒЫЛЫМЫ

سىزدە وسى نارسەلەر بار بولسا، شۇكىر ەتىڭىز

اۋەلى ادام بولىپ جاراتىلعاندىعىڭىزعا شۇكىر دەڭىز، سەبەبى اللا ءسىزدى حايۋان ەتىپ جاراتپادى، ول ءسىزدى حايۋان، قۇرت-قوڭىز، باقا-شايان ەتىپ جاراتىپ قويسا، ەشتەڭە قىلا الماس ەدىڭىز. ونان مۇسىلمان بولعاندىعىڭىزعا شۇكىر دەڭىز، سەبەبى اللا ءسىزدى كاپىر وتباسىندا دۇنيەگە اكەلمەدى، ولاردىڭ قولىندا وسىرمەدى. ادام بولىپ جاراتىلىپ، مۇسىلمان وتباسىندا دۇنيەگە كەلۋدى ءسىز بەلگىلەي المايسىز، ول اللادان بەرىلگەن باعا جەتپەس نىعىمەت، اللا بۇل باقتى سىزگە سۇراۋسىز بەرە سالدى. ونان پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتى بولعاندىعىڭىزعا شۇكىر دەڭىز، سەبەبى اللا ءسىزدى وسى زاماندا جاراتىپ، پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتى ەتىپ قويدى، بۇل دا باعا جەتپەس باق-ءدۇر. بۇرىنعى وتكەن 124000 پايعامبار پايعامبارىمىزعا ۇمبەت بولۋدى اللادان جالىنا سۇراعان، ءبىراق بۇل باق تەك 4 پايعامبارعا بۇيىردى. وعان ۇمبەت بولۋ اسا زور ءىس، ونى قيامەتتە وتە جاقسى تۇسىنەسىز ءارى قاتتى تاڭىرقاپ، ەسىڭىز كەتەتىن بولادى. ونان ناماز وقىعاندىعىڭىزعا شۇكىر دەڭىز، سەبەبى اللا سىزگە نامازدى ءناسىپ ەتتى، نامازسىز مۇسىلمان قانشاما! ءار ادام بۇندا وقىماعان ءار راكات پارىز نامازى ءۇشىن قيامەتتە توزاق ۇستىندە 80 جىل ناماز وقيتىن بولادى. ونان ءمۇمين بولعانىڭىزعا شۇكىر دەڭىز، سەبەبى شىن يمانى بار مۇسىلماندى ءمۇمين دەيدى، مۇسىلمان تاۋ تاسىنداي كوپ، ءبىراق ءمۇمين اسىل تاس سياقتى سيرەك كەزدەسەدى. ونان اۋليەدەن ءپىرىڭىز بولعاندىعىنا شۇكىر دەڭىز، سەبەبى اللا سىزگە ءوز دوسىنا، پايعامبارىمىز مۇراگەرىنە ىلەسۋدى ءناسىپ ەتتى، بۇل ءبىر زور باق، اۋليەگە ەرگەنىڭىز اللامەن ءبىر بولعانىڭىز بولماق، ول ءسىزدى مۇميندىككە تاربيەلەيدى.

- سوپىلار تاعىلىمى

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7795