You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7791
ӨЗІМІЗДІ ЖАМАН ТҮСІМІЗБЕН ЖАМАН ОЙЫМЫЗДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?

Алла бізді шамамыз келмейтін іске бұйырмас, шамамыз келетін іске бұйырар. Алла сізді сіз істемеген істен және миыңыздағы ойдан сұрамайды. Ал шайтан болса адамдардың ойына сан түрлі жаман нәрселерді салады, бірақ сіз оған амал етпесеңіз болғаны, оның сізге әмірі жүрмейді. Бұл кәдімгі жаман түс көргенге ұқсайды, егер сіз жаман түсіңізді елге айтпасаңыз болғаны, бұл жаман түс сізге әсер ете алмайды. Демек жаман түс көрсеңіз, оны елемеңіз, оны ешкімге айтпаңыз, ал жаман ой келсе де, оны елемеңіз, оған амал етпеңіз, іштен сыртқа шығармаңыз, айтпаңыз, міне сонда сіз өзіңізді олардан қорғай аласыз. Алайда сіз шайтан салған жаман ойды сыртқа шығарып, тіл, аяқ, қол немесе кезкелген басқа дене мүшеңізбен мәлім бір жамандық істесеңіз, онда сіз бұдан сұраласыз және жазаланасыз. Сондықтан жұрт, әсіресе мұсылмандар көп ойлап, өздеріне бос нәрселерді жүктеп алмауы керек, демалып жәйлы жүрсін. Кейбір адамдар көрген түсімен алысып әлек. Олар 'мен бәлен жаман түс көрдім' деп көңілсіз жүреді, бірақ бұл қажетсіз нәрсе, олар оны елемесін, ешкімге айтпасын, сол жетеді, оны ойлай беру қажетсіз, жоқ жерден өзіңізге өзіңіз мәселе туындатпаңыз. Жақсы түс болса да елге айтпаңыз, тек түсті жақсыға жоритын игі адамға айтыңыз, бірақ қазір түс жори алатын адамдар жоқтың қасы. Мінеки, сіз өзіңізді мазалайтын жаман түспен жаман ойдан осылай қорғайсыз.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ МЕХМЕТ ӘУЛИЕ

ءوزىمىزدى جامان تۇسىمىزبەن جامان ويىمىزدان قالاي قورعايمىز؟

اللا ءبىزدى شامامىز كەلمەيتىن ىسكە بۇيىرماس، شامامىز كەلەتىن ىسكە بۇيىرار. اللا ءسىزدى ءسىز ىستەمەگەن ىستەن جانە ميىڭىزداعى ويدان سۇرامايدى. ال شايتان بولسا ادامداردىڭ ويىنا سان ءتۇرلى جامان نارسەلەردى سالادى، ءبىراق ءسىز وعان امال ەتپەسەڭىز بولعانى، ونىڭ سىزگە ءامىرى جۇرمەيدى. بۇل كادىمگى جامان ءتۇس كورگەنگە ۇقسايدى، ەگەر ءسىز جامان ءتۇسىڭىزدى ەلگە ايتپاساڭىز بولعانى، بۇل جامان ءتۇس سىزگە اسەر ەتە المايدى. دەمەك جامان ءتۇس كورسەڭىز، ونى ەلەمەڭىز، ونى ەشكىمگە ايتپاڭىز، ال جامان وي كەلسە دە، ونى ەلەمەڭىز، وعان امال ەتپەڭىز، ىشتەن سىرتقا شىعارماڭىز، ايتپاڭىز، مىنە سوندا ءسىز ءوزىڭىزدى ولاردان قورعاي الاسىز. الايدا ءسىز شايتان سالعان جامان ويدى سىرتقا شىعارىپ، ءتىل، اياق، قول نەمەسە كەزكەلگەن باسقا دەنە مۇشەڭىزبەن ءمالىم ءبىر جاماندىق ىستەسەڭىز، وندا ءسىز بۇدان سۇرالاسىز جانە جازالاناسىز. سوندىقتان جۇرت، اسىرەسە مۇسىلماندار كوپ ويلاپ، وزدەرىنە بوس نارسەلەردى جۇكتەپ الماۋى كەرەك، دەمالىپ ءجايلى ءجۇرسىن. كەيبىر ادامدار كورگەن تۇسىمەن الىسىپ الەك. ولار 'مەن بالەن جامان ءتۇس كوردىم' دەپ كوڭىلسىز جۇرەدى، ءبىراق بۇل قاجەتسىز نارسە، ولار ونى ەلەمەسىن، ەشكىمگە ايتپاسىن، سول جەتەدى، ونى ويلاي بەرۋ قاجەتسىز، جوق جەردەن وزىڭىزگە ءوزىڭىز ماسەلە تۋىنداتپاڭىز. جاقسى ءتۇس بولسا دا ەلگە ايتپاڭىز، تەك ءتۇستى جاقسىعا جوريتىن يگى ادامعا ايتىڭىز، ءبىراق ءقازىر ءتۇس جوري الاتىن ادامدار جوقتىڭ قاسى. مىنەكي، ءسىز ءوزىڭىزدى مازالايتىن جامان تۇسپەن جامان ويدان وسىلاي قورعايسىز.

- ءماۋلانا شايىق مەحمەت اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7791