You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7743
ЖАҢБЫРМЕН ҚАР ТУРАЛЫ АЗ СЫР

жауған әрбір тамшы жаңбырмен әрбір жапырақ қарды бір періште жерге алып түседі әрі осы періштелер оларды Алла қалаған жерге апарып қояды, міне осылай жаңбыр не қар жауғанда жер жүзі есепсіз періштелерге толады да, адамдар жаңбыр немесе қар жауғанда ерекше бір түрлі жүрек тыныштығын сезінеді, шаттыққа толы тілсім рухани күйге бөленеді. Тамшы жаңбырды періште өз орнына қойған соң кетіп қалады, ал қарды апарған періште сол қар жапырағы еріп кеткенше сол қармен бірге тұрады, демек қар апаратын періштелер орнынан бірден кетіп қалмайды, сондықтан қар жауған кездегі илаһи тыныштық тіпті де күшті, тіпті де айқын болады. Жауын я қар жауған кезде періштелер өте көп болатындықтан олар жауғанда тілеген дұға да оңай қабыл болады. Исламда жаңбыр я қар жауса, 'жаңбыр жауды я қар жауды' деп айтпайды, бірақ 'рахым жауды' дейді. Қазір ақырзаман болғандықтан адамдардың Аллаға қарсылығы тым асып кетті де, кейде жауын жауса, ол топан суға айналып, адамдарға залал әкеледі, сондықтан пайғамбарымыз 'ақырзаманда жауған жаңбыр да қарғысқа өзгеріп, адамдарға рахым түрінде емес, апатпен жаза түрінде келеді' деп айтып кеткен.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ МЕХМЕТ ӘУЛИЕ

جاڭبىرمەن قار تۋرالى از سىر

جاۋعان ءاربىر تامشى جاڭبىرمەن ءاربىر جاپىراق قاردى ءبىر پەرىشتە جەرگە الىپ تۇسەدى ءارى وسى پەرىشتەلەر ولاردى اللا قالاعان جەرگە اپارىپ قويادى، مىنە وسىلاي جاڭبىر نە قار جاۋعاندا جەر ءجۇزى ەسەپسىز پەرىشتەلەرگە تولادى دا، ادامدار جاڭبىر نەمەسە قار جاۋعاندا ەرەكشە ءبىر ءتۇرلى جۇرەك تىنىشتىعىن سەزىنەدى، شاتتىققا تولى ءتىلسىم رۋحاني كۇيگە بولەنەدى. تامشى جاڭبىردى پەرىشتە ءوز ورنىنا قويعان سوڭ كەتىپ قالادى، ال قاردى اپارعان پەرىشتە سول قار جاپىراعى ەرىپ كەتكەنشە سول قارمەن بىرگە تۇرادى، دەمەك قار اپاراتىن پەرىشتەلەر ورنىنان بىردەن كەتىپ قالمايدى، سوندىقتان قار جاۋعان كەزدەگى يلاھي تىنىشتىق ءتىپتى دە كۇشتى، ءتىپتى دە ايقىن بولادى. جاۋىن يا قار جاۋعان كەزدە پەرىشتەلەر وتە كوپ بولاتىندىقتان ولار جاۋعاندا تىلەگەن دۇعا دا وڭاي قابىل بولادى. يسلامدا جاڭبىر يا قار جاۋسا، 'جاڭبىر جاۋدى يا قار جاۋدى' دەپ ايتپايدى، ءبىراق 'راحىم جاۋدى' دەيدى. ءقازىر اقىرزامان بولعاندىقتان ادامداردىڭ اللاعا قارسىلىعى تىم اسىپ كەتتى دە، كەيدە جاۋىن جاۋسا، ول توپان سۋعا اينالىپ، ادامدارعا زالال اكەلەدى، سوندىقتان پايعامبارىمىز 'اقىرزاماندا جاۋعان جاڭبىر دا قارعىسقا وزگەرىپ، ادامدارعا راحىم تۇرىندە ەمەس، اپاتپەن جازا تۇرىندە كەلەدى' دەپ ايتىپ كەتكەن.

- ءماۋلانا شايىق مەحمەت اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7743