You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7436
Сұхбат: бұзық ғалымдармен адасқандар «сопылық тәриқат керек емес» дейді (2024.02.16 / Хижра 1445-жыл 06-шағбан)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Англияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Сопылық тәриқаттың пайдасы не? ал көптеген адамдар яғни мисыз надан адамдар «сопылық тәриқат керек емес, тасауф керек емес» дер, бірақ олардың бұл сөздері бос сөз-дүр, олардан еш жақсылық келмес, әр істе хикімет бар, манағы сөздерді айтып жүргендерде еш даналық жоқ, хикімет жоқ, олардан адам баласына пайда келмес.

Тәриқат мәнісі толық кемелділік, тәриқатсыз кемелділік таба алмайсыз, тәриқатсыз кемелділікке жетпек жоқ, тәриқат исламның барша сұлулығын, бүкіл әдемілігін көрсетеді, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам не алып келсе, сопылық тәриқат соны көрсетер, себебі сопылық тәриқат болмаса, көптеген адамдар жолынан жаңылып, өздерін де және өздерімен қоса өзгелерді де құртатын болады, бұған бір мысал айталық, бұнда келгенде, осындағылар қасида айтып жатыр екен, бірақ бұл қасида (сыртта естісеңіз) шуылдаққа ұқсар ... мәселен мына дүниеде кейбір мемлекеттер бар болып, олар адамдарды азаптап қинауда, олар 24 сағат бойы ауадан қатты дауыс, лазер нұр жіберіп, адамдардың беттеріне түсіреді, олар адамдарды осылай қинауда ... манағы қасида да солай, оны сыртта естіген адам расында қиналады ... бірақ біз ішке кірдік, олар микрофондарын жөндеді, сосын қасида естігенде, жағдай (сырттағыдан) бөлекше, қасидашылардың дауыстары сондай әдемі естілді, машалла, оларда жағымды үн бар екен. Ислам өте жақсы, бірақ исламды қалай істетуді білмейтіндер исламмен айналысса, ислам ел-жұртқа азап сияқты бірдеңе болып көрінетін болады, біз бұны «исламның мамандарымыз» деп айғайлайтын, бірақ өздері ештеңе білмейтін адамдарға айтудамыз ... манағы қасидашылар үндерін, микрофондарын түзеген соң, қасидалары жағымды қасидаға айналды, ал одан бұрын оны естісеңіз расында қиналып кетесіз.

Тасауф дегеніміз, сопылық тәриқат дегеніміз міне осы, сопылық тәриқат барлығын кемелдендіріп, мүлтіксіздендіре түседі, ол тек сіздің намазыңыз ғана емес, ол сіздің бүкіл өміріңіз-дүр, себебі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам адам өмірі үшін барлығын көрсетіп кетті, адам қалай болуы керек? адамға не пайда береді? оған не жақсы? адамның бақыты неде? ол міне осылардың барлығын көрсетті, бұлар өмірдің ең кішкене деталынан ең үлкен деталына дейін қамтиды, ал осылардың барлығын біздің пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам көрсетіп кетті, сондықтан оның сүннетіне және оның айтқанына ілеспей тұрып, біз кемелділікке жете алмаймыз.

Көптеген адамдар қазір ... мәселен машинаның маторын ұдайы мысал етіп, айтып жүрміз, егер оны ашсаңыз, ішінде өте көп нәрсені көресіз, ал сіз «олар тым көп екен, мынауы жақсы емес, мына нәрсесінің керегі жоқ, бұны алып таста, ананы лақтырып жібер, бұл керек емес» деп матордың ұсақ бөлшектерін лақтыра берсеңіз, соңында матор қозғала алмай қалатын болады, ол тоқтайды, себебі сіз өз ойыңыз бойынша риза болмай «бұның керегі жоқ, тым көп екен» деп жақтырмаған ұсақ бөлшектерін лақтырып жібердіңіз, сонан соң машина жүре алмай қалды, бұл бір машина, ол темірден жасалған, оның жаны жоқ, ішінде ештеңе жоқ, бірақ оның бөлшектері толық болмаса, отала алмайды, жүре алмайды ... ал біз исламда биік өреге қалай жетеміз? қалай жоғары өрлейміз? егер исламның да осындай ұсақ, әдемі бөлшектерін тастап қоятын болсаңыз, сіздің иманыңыз күн санап әлсірей береді де, соңында еш иманыңыз қалмайтын болады, ол кезде тек мұсылман атыңыз ғана қалар, мұсылман болмағыңыз да тәс болар, қиынға айналар, тіпті кейде исламды тастап кететін боласыз, қазір (мұсылман әлемінде) міне осындай істер туылып жатыр.

Мұсылман халифасы (османлы) кеткен 100 жылдан бері, бұзықтар исламды құрту үшін кәнігі бүліктерін бастап, «сопылық тәриқат керек емес, жә, біз оны тасталық» дер, онан соң олар «енді мәзхап керек емес» дер, ал көп ел-жұрт та «иә, бұл да бізге керек емес» деді, бірақ осылардың барлығы иманымыздың қорғаны еді, сопылық тәриқат исламмен біздің иман үшін ең күшті бекініс қамал, онан төрт мәзхап бар, біз олардың біреуіне сөзсіз ілесуіміз керек, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «уламаус-су (бұзық ғұлама)» деп айтып кеткен адамдар бар, олар өте көп, « уламаус -су» дегені бұзық, жаман, кесірлі ғұлама-ғалымдар еді, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам келешекте не іс боларын айтып кеткен, ол бұл заман жәйлы «сол ақырзаманда осындай жаман ғұламалар тым көп болар» деп айтқан, осы бұзық оқымыстылар «жарайды, исламның екінші қамалы керексіз» деді де, оны қиратты.

Олар сопылық тәриқатқа, мәзхапқа тисті, осы екі қамалға шабуыл жасады, ал қазір олар үшін толқын шабуылын жасауда, біз оны бертінгі 1-2 жылдан бері естіп келеміз, олардың көбі, мейлі шығыста, мейлі батыста болсын, осыбір бұзық ғұламалар «хадистер де дұрыс емес, хадистердің керегі жоқ» дейтінді шығарды, міне осылай қазір олар исламның үшінші қамалын бұзбаққа тырысуда, олар «құран ғана бар, біз құранды өзіміз оқи аламыз, оны өзіміз түсінеміз, оған өзіміз ере аламыз» деп жатыр, жұрттың оларды не деп атап жүргенін білмедік, оларды «құранист, фашист» дейтін көрінеді, оларды осы сыйықтас атаумен атар, қазір тіпті сорақы болған төртінші шабуыл жасала бастады, демек бұзық ғұламалар төртінші қамал құранға тисуде, бұл жәйлы да естіп жатырмыз, олар «құрандағы тым көп екен, оның ішіндегі көптеген нәрселерді алып тасталық» дер, міне бұлар біз мұсылмандар сөзсіз білуге тиісті нәрселер, демек біз сопылық тәриқатқа, тасауфқа кімдердің шабуыл жасап жатқанын біле жүрелік, бұл өте маңызды іс, біз олардың барлығын (тәриқат, мәзхап, хадис, құран) бірге алып жүруіміз керек, олардың біреуін де қалдырып қоюға болмайды, «мен бұны керек еткім келмейді» демеңіз, иә, қаламайтын шығарсыз, бірақ «ол керексіз нәрсе» деп айтпаңыз, көптеген адамдар мұсылман, бірақ олар сопылық тәриқатта емес, иә жарайды, алайда олар әхлул бәйіттерді, сахабаларды, әулиелерді құрметтейді, бұл осыдан 40-50 жыл бұрынғы жағдай еді, бірақ қазір өзгеше, бұл жоғалды ... бұзық ғұламалар «оларды біз басқарайық, олар бір-бірінен үлгі алама екен, соны бақылайық, біз осылай етсек, олардан ақылды боламыз, себебі олар көне жүйенің адамдары, олар ештеңе білмейді» дер.

Бірақ бұл адамдар өздері не айтып, не қойғанын білмейтін тобырлар, ал көне жүйедегілердің ақылдылығы тым таңғаларлықтай еді, олар өте-өте зерек, тым сұңғыла, ең үлкен, ең дамыған компютерлер олардың алдында түкке жарамас, «біз ғұламамыз, ғалымбыз, оқымыстымыз» деп жүрген ақымақ, надан адамдар «олар ештеңе білмейді, сондықтан біз олардың білмеген жерлерін түзеп жатырмыз» дер, бақытсыздыққа орай осылай болуда, біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып кеткен «жәхилиях әс-сәниях» яғни «екінші зор надандық» деп атаған дәуірде өмір сүрудеміз, қазіргі надандық дәуірі бірінші надандық дәуірінен де әлде қайда сорақы болып отыр, бірінші реткі зор надандық дәуірі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның кезінде болған еді, сол кездегі адамдар соңында пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның әкелгенін қабыл етті, ақырында олар түгесті, тіпті олар оның кезіндегі ең қараңы ғасырда исламның нұрын жердің шығысымен батысына таратты, ал қазіргі заман пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам айтып кеткен тіпті де қараңғы надандық заманы болып отыр.

Себебі ол өткен замандарда адамдар ештеңе білмеді, олардың көбі жазу-сызуды да білмейтұғын, ештеңе білмейтін, алайда қазір адамдарда барлығы бар, демек оларда барлығы бар болғанымен жақсы ойлана білу санасы кемшіл болып тұр, кімде жақсы ойлана білетін сана болса, ол мүминге айналады, бұл хәл күнге ұқсар, соқырлар жарқырап тұрған күнді көре алмай, «күн жоқ» дер, ал күн болса төбеде жәйнап тұр, бірақ олар қараңғылықта, ештеңе білмес, ештеңеге сенбес, сондықтан біздің заманымыз осындай өте қараңғы заман болып отыр, сонымен бірге бұл қиын заман мүминдер үшін аса табысты заман болмақ, себебі бұл замандағы имандыларға Алла Әззә уә-Жәлләдан соңы жоқ есепсіз берекемен сауап беріледі, бұл хақында пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «ақырзаманда иманды сақтау, бейне жанып тұрған от шоғын қолда ұстап тұрғанға ұқсар» дейді.

Расында, біз осындай қараңғы замандамыз, Алла Жәллә Жәләлуху бізді құтқарғай, әр жерде жүрсек те баршамыздың иманмызды сақтағай, бұндағылар «бұнда хәл нашар» дер, бірақ мұсылман елдерінде де солай болуда, тым үлкен парық жоқ, себебі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «жәхилиях әс-сәниях» яғни «екінші зор надандықтың» бүкіл дүние жүзінде болатынын айтар, ол тек бір өңірде ғана болмас, әрине кей жерде надандық өте ауыр болса, кей жерде сәл жеңілдеу болар, алайда бұл тәжәлли яғни леп бүкіл дүниені әбден қымтап алды, исламның күні шығудан бұрын заманның осылай болары даусыз, себебі нұр, таң нұры ең қараңғы түн өткен соң ғана шығады емеспе, иншалла, исламның нұры келетін болады, біз осыған сенеміз.

Әрине біз тәриқат адамдарымыз, ал кім қайда, не істеп жүрсе де Алла Жәллә Жәләлухудың осы бергеніне қуанып, риза болуы керек, тәриқаттағыларда әдеп болуы керек, тәриқат дегеніміз әдеп, ренжу емес, біз қиын заманда өмір сүрудеміз, бірақ әлхамдулилла, Алла Жәллә Жәләлуху бізге сауабын молынан беретін болады, бізде реніш жоқ, біз «не үшін? неге біз бұл заманға келіп қалдық? бұдан да жақсы заманда болған болсақшы» демейміз, Алла Жәллә Жәләлуху осы заманға осындай тағдыр жазды, сондықтан хәл осылай болар.

Қазір қай жерде болса да зұлымдық, соғыс, көптеп кісі өлтіру туылуда, көбінесе мұсылмандар тұратын жерде осылай, бірақ мұсылмандар оларға бірдеңе туылғанда, Алла Жәллә Жәләлуху үшін ренжімесе, оларға Алла Жәллә Жәләлухудан зор сауаптар келетінін біледі, «إِنَّمَا يُوَفَّى ٱلصَّـٰبِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابٍۢ» (расында, сабырлыға сауап есепсіз түрде беріледі) (құран 39:10), демек Алла Жәллә Жәләлуху оларға сауапты есепсіз көп бермек, Ол өзінің шексіз қазынасынан оларға үлес береді, әрине әр істің астарында мәлім хикімет болатындықтан, сіз «егер бұлай болса, ол іс туылмас еді, олай болмаса, солай болмас еді, болады, болмайды» дей алмайсыз, бұның барлығы бос сөздер, тыныш болыңыз да, Алла Жәллә Жәләлухудың қалауын қабыл етіңіз, Оның қалауы қалаған кезде туыла берер, ал біз үшін мынадай жақсы шүйінші хабар бар, демек осыбір түнек қараңғылықтан соң (Мәхди әлейхис-саламынң келуімен) нұр келіп, күн шықпақ, жер-әлем жарқырамақ, яғни бүкіл дүние жаман хәлден жақсы хәлге өзгеріп, әлем әсемдікпен бақыттың шуағына шомбақ, иншалла.

Әрине, бірақ бұл оңай келмес, біз айтып өттік, сопылық тәриқаттағылар бұған алаң болмас, не туылса да, біз оны Алла Әззә уә-Жәлләдан қабыл етеміз әрі Алла Жәллә Жәләлухудың бізді ұдайы қорғауына алуын сұраймыз, иншалла, иманымызды қорғауын сұраймыз, иман ісі біздің өзімізден де маңызды іс, демек иман басты шаруа, егер біз имансыз болсақ, бұл өмірді қалағымыз келмес, біз «бізді алсаңыз алыңыз, бірақ иманымызды алмаңыз, иманмызды емес, оның орнына бізді алыңыз, иманмыздан бұрын, бізді алыңыз» деп тілек етеміз, бұл өте маңызды іс.

Мұсылмандар қазір барлығынан қорқып жүр, ештеңеден қорықпаңыз, тек Алла Жәллә Жәләлухудың қалағаны ғана туылар, бір түрдегі көптеген әулиелер бар болып, олар ештеңеге араласпайды, олар тіпті «о Алла Жәллә Жәләлуху бұл адамдарды қорғаңыз, бізді қорғаңыз, оларды қорғаңыз» деп дұға да жасамайды, жоқ, олар тек үнсіз қалар, олар тек Алла Жәллә Жәләлухудың қалауына ғана қарап отырады, олар «егер біз туылып жатқан іске араласар болсақ, Алла Жәллә Жәләлухудың қалауына қарсы шыққан боламыз» дейді, сондықтан олар ештеңе айтпайды, тек ғибадатын жасап, шүкірлігін айтып қана жүре берер, олардың жүрегі тек Алла Әззә уә-Жәлләмен бірге, мына бүкіл дүние өртеніп кетсе де, олар саусағын қыбырлатпас, міне осындай түрдегі әулиелер де бар.

Әрине біз бұндай істей алмаймыз, біз өзімізбен иманымыз үшін, мұсылмандармен бүкіл дүние үшін қорған сұрап дұға жасаймыз, әсіресе «мұсылмандардың сеніміне, иманына шабуыл жасап жатқан бұзық ғұлама, кесір ғалымдардан сақтаңыз» деп Алла Жәллә Жәләлухудан пана сұраймыз, себебі олар бомбы, ракета, оқпен мұсылмандарға шабуыл жасап жатқандардан да қитұрқы келер, олар ең сорақысы болып отыр, себебі олар жұрттың иманын құртуда, егер біреуде иман болмаса, оның еш пайдасымен құны қалмас, Алла Жәллә Жәләлуху бізді олардан сақтағай, иншалла, бізге күшті иман қуатын бергей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami


سۇحبات: بۇزىق عالىمدارمەن اداسقاندار «سوپىلىق ءتاريقات كەرەك ەمەس» دەيدى (2024.02.16 / حيجرا 1445-جىل 06-شاعبان)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (انگليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ پايداسى نە؟ ال كوپتەگەن ادامدار ياعني ميسىز نادان ادامدار «سوپىلىق ءتاريقات كەرەك ەمەس، تاساۋف كەرەك ەمەس» دەر، ءبىراق ولاردىڭ بۇل سوزدەرى بوس ءسوز-ءدۇر، ولاردان ەش جاقسىلىق كەلمەس، ءار ىستە حيكىمەت بار، ماناعى سوزدەردى ايتىپ جۇرگەندەردە ەش دانالىق جوق، حيكىمەت جوق، ولاردان ادام بالاسىنا پايدا كەلمەس.

ءتاريقات ءمانىسى تولىق كەمەلدىلىك، ءتاريقاتسىز كەمەلدىلىك تابا المايسىز، ءتاريقاتسىز كەمەلدىلىككە جەتپەك جوق، ءتاريقات يسلامنىڭ بارشا سۇلۋلىعىن، بۇكىل ادەمىلىگىن كورسەتەدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام نە الىپ كەلسە، سوپىلىق ءتاريقات سونى كورسەتەر، سەبەبى سوپىلىق ءتاريقات بولماسا، كوپتەگەن ادامدار جولىنان جاڭىلىپ، وزدەرىن دە جانە وزدەرىمەن قوسا وزگەلەردى دە قۇرتاتىن بولادى، بۇعان ءبىر مىسال ايتالىق، بۇندا كەلگەندە، وسىنداعىلار قاسيدا ايتىپ جاتىر ەكەن، ءبىراق بۇل قاسيدا (سىرتتا ەستىسەڭىز) شۋىلداققا ۇقسار ... ماسەلەن مىنا دۇنيەدە كەيبىر مەملەكەتتەر بار بولىپ، ولار ادامداردى ازاپتاپ قيناۋدا، ولار 24 ساعات بويى اۋادان قاتتى داۋىس، لازەر نۇر جىبەرىپ، ادامداردىڭ بەتتەرىنە تۇسىرەدى، ولار ادامداردى وسىلاي قيناۋدا ... ماناعى قاسيدا دا سولاي، ونى سىرتتا ەستىگەن ادام راسىندا قينالادى ... ءبىراق ءبىز ىشكە كىردىك، ولار ميكروفوندارىن جوندەدى، سوسىن قاسيدا ەستىگەندە، جاعداي (سىرتتاعىدان) بولەكشە، قاسيداشىلاردىڭ داۋىستارى سونداي ادەمى ەستىلدى، ماشاللا، ولاردا جاعىمدى ءۇن بار ەكەن. يسلام وتە جاقسى، ءبىراق يسلامدى قالاي ىستەتۋدى بىلمەيتىندەر يسلاممەن اينالىسسا، يسلام ەل-جۇرتقا ازاپ سياقتى بىردەڭە بولىپ كورىنەتىن بولادى، ءبىز بۇنى «يسلامنىڭ ماماندارىمىز» دەپ ايعايلايتىن، ءبىراق وزدەرى ەشتەڭە بىلمەيتىن ادامدارعا ايتۋدامىز ... ماناعى قاسيداشىلار ۇندەرىن، ميكروفوندارىن تۇزەگەن سوڭ، قاسيدالارى جاعىمدى قاسيداعا اينالدى، ال ودان بۇرىن ونى ەستىسەڭىز راسىندا قينالىپ كەتەسىز.

تاساۋف دەگەنىمىز، سوپىلىق ءتاريقات دەگەنىمىز مىنە وسى، سوپىلىق ءتاريقات بارلىعىن كەمەلدەندىرىپ، مۇلتىكسىزدەندىرە تۇسەدى، ول تەك ءسىزدىڭ نامازىڭىز عانا ەمەس، ول ءسىزدىڭ بۇكىل ءومىرىڭىز-ءدۇر، سەبەبى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ادام ءومىرى ءۇشىن بارلىعىن كورسەتىپ كەتتى، ادام قالاي بولۋى كەرەك؟ ادامعا نە پايدا بەرەدى؟ وعان نە جاقسى؟ ادامنىڭ باقىتى نەدە؟ ول مىنە وسىلاردىڭ بارلىعىن كورسەتتى، بۇلار ءومىردىڭ ەڭ كىشكەنە دەتالىنان ەڭ ۇلكەن دەتالىنا دەيىن قامتيدى، ال وسىلاردىڭ بارلىعىن ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام كورسەتىپ كەتتى، سوندىقتان ونىڭ سۇننەتىنە جانە ونىڭ ايتقانىنا ىلەسپەي تۇرىپ، ءبىز كەمەلدىلىككە جەتە المايمىز.

كوپتەگەن ادامدار ءقازىر ... ماسەلەن ماشينانىڭ ماتورىن ۇدايى مىسال ەتىپ، ايتىپ ءجۇرمىز، ەگەر ونى اشساڭىز، ىشىندە وتە كوپ نارسەنى كورەسىز، ال ءسىز «ولار تىم كوپ ەكەن، مىناۋى جاقسى ەمەس، مىنا نارسەسىنىڭ كەرەگى جوق، بۇنى الىپ تاستا، انانى لاقتىرىپ جىبەر، بۇل كەرەك ەمەس» دەپ ماتوردىڭ ۇساق بولشەكتەرىن لاقتىرا بەرسەڭىز، سوڭىندا ماتور قوزعالا الماي قالاتىن بولادى، ول توقتايدى، سەبەبى ءسىز ءوز ويىڭىز بويىنشا ريزا بولماي «بۇنىڭ كەرەگى جوق، تىم كوپ ەكەن» دەپ جاقتىرماعان ۇساق بولشەكتەرىن لاقتىرىپ جىبەردىڭىز، سونان سوڭ ماشينا جۇرە الماي قالدى، بۇل ءبىر ماشينا، ول تەمىردەن جاسالعان، ونىڭ جانى جوق، ىشىندە ەشتەڭە جوق، ءبىراق ونىڭ بولشەكتەرى تولىق بولماسا، وتالا المايدى، جۇرە المايدى ... ال ءبىز يسلامدا بيىك ورەگە قالاي جەتەمىز؟ قالاي جوعارى ورلەيمىز؟ ەگەر يسلامنىڭ دا وسىنداي ۇساق، ادەمى بولشەكتەرىن تاستاپ قوياتىن بولساڭىز، ءسىزدىڭ يمانىڭىز كۇن ساناپ السىرەي بەرەدى دە، سوڭىندا ەش يمانىڭىز قالمايتىن بولادى، ول كەزدە تەك مۇسىلمان اتىڭىز عانا قالار، مۇسىلمان بولماعىڭىز دا ءتاس بولار، قيىنعا اينالار، ءتىپتى كەيدە يسلامدى تاستاپ كەتەتىن بولاسىز، ءقازىر (مۇسىلمان الەمىندە) مىنە وسىنداي ىستەر تۋىلىپ جاتىر.

مۇسىلمان حاليفاسى (وسمانلى) كەتكەن 100 جىلدان بەرى، بۇزىقتار يسلامدى قۇرتۋ ءۇشىن كانىگى بۇلىكتەرىن باستاپ، «سوپىلىق ءتاريقات كەرەك ەمەس، ءجا، ءبىز ونى تاستالىق» دەر، ونان سوڭ ولار «ەندى ءمازحاپ كەرەك ەمەس» دەر، ال كوپ ەل-جۇرت تا «ءيا، بۇل دا بىزگە كەرەك ەمەس» دەدى، ءبىراق وسىلاردىڭ بارلىعى يمانىمىزدىڭ قورعانى ەدى، سوپىلىق ءتاريقات يسلاممەن ءبىزدىڭ يمان ءۇشىن ەڭ كۇشتى بەكىنىس قامال، ونان ءتورت ءمازحاپ بار، ءبىز ولاردىڭ بىرەۋىنە ءسوزسىز ىلەسۋىمىز كەرەك، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «ۋلاماۋس-سۋ (بۇزىق عۇلاما)» دەپ ايتىپ كەتكەن ادامدار بار، ولار وتە كوپ، « ۋلاماۋس -سۋ» دەگەنى بۇزىق، جامان، كەسىرلى عۇلاما-عالىمدار ەدى، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام كەلەشەكتە نە ءىس بولارىن ايتىپ كەتكەن، ول بۇل زامان ءجايلى «سول اقىرزاماندا وسىنداي جامان عۇلامالار تىم كوپ بولار» دەپ ايتقان، وسى بۇزىق وقىمىستىلار «جارايدى، يسلامنىڭ ەكىنشى قامالى كەرەكسىز» دەدى دە، ونى قيراتتى.

ولار سوپىلىق ءتاريقاتقا، ءمازحاپقا ءتيستى، وسى ەكى قامالعا شابۋىل جاسادى، ال ءقازىر ولار ءۇشىن تولقىن شابۋىلىن جاساۋدا، ءبىز ونى بەرتىنگى 1-2 جىلدان بەرى ەستىپ كەلەمىز، ولاردىڭ كوبى، مەيلى شىعىستا، مەيلى باتىستا بولسىن، ءوسىبىر بۇزىق عۇلامالار «حاديستەر دە دۇرىس ەمەس، حاديستەردىڭ كەرەگى جوق» دەيتىندى شىعاردى، مىنە وسىلاي ءقازىر ولار يسلامنىڭ ءۇشىنشى قامالىن بۇزباققا تىرىسۋدا، ولار «قۇران عانا بار، ءبىز قۇراندى ءوزىمىز وقي الامىز، ونى ءوزىمىز تۇسىنەمىز، وعان ءوزىمىز ەرە الامىز» دەپ جاتىر، جۇرتتىڭ ولاردى نە دەپ اتاپ جۇرگەنىن بىلمەدىك، ولاردى «قۇرانيست، فاشيست» دەيتىن كورىنەدى، ولاردى وسى سىيىقتاس اتاۋمەن اتار، ءقازىر ءتىپتى سوراقى بولعان ءتورتىنشى شابۋىل جاسالا باستادى، دەمەك بۇزىق عۇلامالار ءتورتىنشى قامال قۇرانعا تيسۋدە، بۇل ءجايلى دا ەستىپ جاتىرمىز، ولار «قۇرانداعى تىم كوپ ەكەن، ونىڭ ىشىندەگى كوپتەگەن نارسەلەردى الىپ تاستالىق» دەر، مىنە بۇلار ءبىز مۇسىلماندار ءسوزسىز بىلۋگە ءتيىستى نارسەلەر، دەمەك ءبىز سوپىلىق ءتاريقاتقا، تاساۋفقا كىمدەردىڭ شابۋىل جاساپ جاتقانىن بىلە جۇرەلىك، بۇل وتە ماڭىزدى ءىس، ءبىز ولاردىڭ بارلىعىن (ءتاريقات، ءمازحاپ، حاديس، قۇران) بىرگە الىپ ءجۇرۋىمىز كەرەك، ولاردىڭ بىرەۋىن دە قالدىرىپ قويۋعا بولمايدى، «مەن بۇنى كەرەك ەتكىم كەلمەيدى» دەمەڭىز، ءيا، قالامايتىن شىعارسىز، ءبىراق «ول كەرەكسىز نارسە» دەپ ايتپاڭىز، كوپتەگەن ادامدار مۇسىلمان، ءبىراق ولار سوپىلىق ءتاريقاتتا ەمەس، ءيا جارايدى، الايدا ولار ءاحلۋل بايىتتەردى، ساحابالاردى، اۋليەلەردى قۇرمەتتەيدى، بۇل وسىدان 40-50 جىل بۇرىنعى جاعداي ەدى، ءبىراق ءقازىر وزگەشە، بۇل جوعالدى ... بۇزىق عۇلامالار «ولاردى ءبىز باسقارايىق، ولار ءبىر-بىرىنەن ۇلگى الاما ەكەن، سونى باقىلايىق، ءبىز وسىلاي ەتسەك، ولاردان اقىلدى بولامىز، سەبەبى ولار كونە جۇيەنىڭ ادامدارى، ولار ەشتەڭە بىلمەيدى» دەر.

ءبىراق بۇل ادامدار وزدەرى نە ايتىپ، نە قويعانىن بىلمەيتىن توبىرلار، ال كونە جۇيەدەگىلەردىڭ اقىلدىلىعى تىم تاڭعالارلىقتاي ەدى، ولار وتە-وتە زەرەك، تىم سۇڭعىلا، ەڭ ۇلكەن، ەڭ دامىعان كومپيۋتەرلەر ولاردىڭ الدىندا تۇككە جاراماس، «ءبىز عۇلامامىز، عالىمبىز، وقىمىستىمىز» دەپ جۇرگەن اقىماق، نادان ادامدار «ولار ەشتەڭە بىلمەيدى، سوندىقتان ءبىز ولاردىڭ بىلمەگەن جەرلەرىن تۇزەپ جاتىرمىز» دەر، باقىتسىزدىققا وراي وسىلاي بولۋدا، ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ كەتكەن «ءجاحيلياح ءاس-ءسانياح» ياعني «ەكىنشى زور ناداندىق» دەپ اتاعان داۋىردە ءومىر سۇرۋدەمىز، قازىرگى ناداندىق ءداۋىرى ءبىرىنشى ناداندىق داۋىرىنەن دە الدە قايدا سوراقى بولىپ وتىر، ءبىرىنشى رەتكى زور ناداندىق ءداۋىرى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ كەزىندە بولعان ەدى، سول كەزدەگى ادامدار سوڭىندا پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ اكەلگەنىن قابىل ەتتى، اقىرىندا ولار تۇگەستى، ءتىپتى ولار ونىڭ كەزىندەگى ەڭ قاراڭى عاسىردا يسلامنىڭ نۇرىن جەردىڭ شىعىسىمەن باتىسىنا تاراتتى، ال قازىرگى زامان پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام ايتىپ كەتكەن ءتىپتى دە قاراڭعى ناداندىق زامانى بولىپ وتىر.

سەبەبى ول وتكەن زامانداردا ادامدار ەشتەڭە بىلمەدى، ولاردىڭ كوبى جازۋ-سىزۋدى دا بىلمەيتۇعىن، ەشتەڭە بىلمەيتىن، الايدا ءقازىر ادامداردا بارلىعى بار، دەمەك ولاردا بارلىعى بار بولعانىمەن جاقسى ويلانا ءبىلۋ ساناسى كەمشىل بولىپ تۇر، كىمدە جاقسى ويلانا بىلەتىن سانا بولسا، ول مۇمينگە اينالادى، بۇل ءحال كۇنگە ۇقسار، سوقىرلار جارقىراپ تۇرعان كۇندى كورە الماي، «كۇن جوق» دەر، ال كۇن بولسا توبەدە ءجايناپ تۇر، ءبىراق ولار قاراڭعىلىقتا، ەشتەڭە بىلمەس، ەشتەڭەگە سەنبەس، سوندىقتان ءبىزدىڭ زامانىمىز وسىنداي وتە قاراڭعى زامان بولىپ وتىر، سونىمەن بىرگە بۇل قيىن زامان مۇميندەر ءۇشىن اسا تابىستى زامان بولماق، سەبەبى بۇل زامانداعى يماندىلارعا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان سوڭى جوق ەسەپسىز بەرەكەمەن ساۋاپ بەرىلەدى، بۇل حاقىندا پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «اقىرزاماندا يماندى ساقتاۋ، بەينە جانىپ تۇرعان وت شوعىن قولدا ۇستاپ تۇرعانعا ۇقسار» دەيدى.

راسىندا، ءبىز وسىنداي قاراڭعى زاماندامىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى قۇتقارعاي، ءار جەردە جۇرسەك تە بارشامىزدىڭ يمانمىزدى ساقتاعاي، بۇنداعىلار «بۇندا ءحال ناشار» دەر، ءبىراق مۇسىلمان ەلدەرىندە دە سولاي بولۋدا، تىم ۇلكەن پارىق جوق، سەبەبى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «ءجاحيلياح ءاس-ءسانياح» ياعني «ەكىنشى زور ناداندىقتىڭ» بۇكىل دۇنيە جۇزىندە بولاتىنىن ايتار، ول تەك ءبىر وڭىردە عانا بولماس، ارينە كەي جەردە ناداندىق وتە اۋىر بولسا، كەي جەردە ءسال جەڭىلدەۋ بولار، الايدا بۇل ءتاجاللي ياعني لەپ بۇكىل دۇنيەنى ابدەن قىمتاپ الدى، يسلامنىڭ كۇنى شىعۋدان بۇرىن زاماننىڭ وسىلاي بولارى داۋسىز، سەبەبى نۇر، تاڭ نۇرى ەڭ قاراڭعى ءتۇن وتكەن سوڭ عانا شىعادى ەمەسپە، ينشاللا، يسلامنىڭ نۇرى كەلەتىن بولادى، ءبىز وسىعان سەنەمىز.

ارينە ءبىز ءتاريقات ادامدارىمىز، ال كىم قايدا، نە ىستەپ جۇرسە دە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ وسى بەرگەنىنە قۋانىپ، ريزا بولۋى كەرەك، ءتاريقاتتاعىلاردا ادەپ بولۋى كەرەك، ءتاريقات دەگەنىمىز ادەپ، رەنجۋ ەمەس، ءبىز قيىن زاماندا ءومىر سۇرۋدەمىز، ءبىراق ءالحامدۋليللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە ساۋابىن مولىنان بەرەتىن بولادى، بىزدە رەنىش جوق، ءبىز «نە ءۇشىن؟ نەگە ءبىز بۇل زامانعا كەلىپ قالدىق؟ بۇدان دا جاقسى زاماندا بولعان بولساقشى» دەمەيمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وسى زامانعا وسىنداي تاعدىر جازدى، سوندىقتان ءحال وسىلاي بولار.

ءقازىر قاي جەردە بولسا دا زۇلىمدىق، سوعىس، كوپتەپ كىسى ءولتىرۋ تۋىلۋدا، كوبىنەسە مۇسىلماندار تۇراتىن جەردە وسىلاي، ءبىراق مۇسىلماندار ولارعا بىردەڭە تۋىلعاندا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءۇشىن رەنجىمەسە، ولارعا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان زور ساۋاپتار كەلەتىنىن بىلەدى، «إِنَّمَا يُوَفَّى ٱلصَّـٰبِرُونَ أَجْرَهُم بِغَيْرِ حِسَابٍۢ» (راسىندا، سابىرلىعا ساۋاپ ەسەپسىز تۇردە بەرىلەدى) (قۇران 39:10)، دەمەك اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولارعا ساۋاپتى ەسەپسىز كوپ بەرمەك، ول ءوزىنىڭ شەكسىز قازىناسىنان ولارعا ۇلەس بەرەدى، ارينە ءار ءىستىڭ استارىندا ءمالىم حيكىمەت بولاتىندىقتان، ءسىز «ەگەر بۇلاي بولسا، ول ءىس تۋىلماس ەدى، ولاي بولماسا، سولاي بولماس ەدى، بولادى، بولمايدى» دەي المايسىز، بۇنىڭ بارلىعى بوس سوزدەر، تىنىش بولىڭىز دا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قالاۋىن قابىل ەتىڭىز، ونىڭ قالاۋى قالاعان كەزدە تۋىلا بەرەر، ال ءبىز ءۇشىن مىناداي جاقسى ءشۇيىنشى حابار بار، دەمەك ءوسىبىر تۇنەك قاراڭعىلىقتان سوڭ (ءماحدي الەيحيس-سالامىنڭ كەلۋىمەن) نۇر كەلىپ، كۇن شىقپاق، جەر-الەم جارقىراماق، ياعني بۇكىل دۇنيە جامان حالدەن جاقسى حالگە وزگەرىپ، الەم اسەمدىكپەن باقىتتىڭ شۋاعىنا شومباق، ينشاللا.

ارينە، ءبىراق بۇل وڭاي كەلمەس، ءبىز ايتىپ وتتىك، سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار بۇعان الاڭ بولماس، نە تۋىلسا دا، ءبىز ونى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان قابىل ەتەمىز ءارى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءبىزدى ۇدايى قورعاۋىنا الۋىن سۇرايمىز، ينشاللا، يمانىمىزدى قورعاۋىن سۇرايمىز، يمان ءىسى ءبىزدىڭ وزىمىزدەن دە ماڭىزدى ءىس، دەمەك يمان باستى شارۋا، ەگەر ءبىز يمانسىز بولساق، بۇل ءومىردى قالاعىمىز كەلمەس، ءبىز «ءبىزدى الساڭىز الىڭىز، ءبىراق يمانىمىزدى الماڭىز، يمانمىزدى ەمەس، ونىڭ ورنىنا ءبىزدى الىڭىز، يمانمىزدان بۇرىن، ءبىزدى الىڭىز» دەپ تىلەك ەتەمىز، بۇل وتە ماڭىزدى ءىس.

مۇسىلماندار ءقازىر بارلىعىنان قورقىپ ءجۇر، ەشتەڭەدەن قورىقپاڭىز، تەك اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قالاعانى عانا تۋىلار، ءبىر تۇردەگى كوپتەگەن اۋليەلەر بار بولىپ، ولار ەشتەڭەگە ارالاسپايدى، ولار ءتىپتى «و اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بۇل ادامداردى قورعاڭىز، ءبىزدى قورعاڭىز، ولاردى قورعاڭىز» دەپ دۇعا دا جاسامايدى، جوق، ولار تەك ءۇنسىز قالار، ولار تەك اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قالاۋىنا عانا قاراپ وتىرادى، ولار «ەگەر ءبىز تۋىلىپ جاتقان ىسكە ارالاسار بولساق، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قالاۋىنا قارسى شىققان بولامىز» دەيدى، سوندىقتان ولار ەشتەڭە ايتپايدى، تەك عيباداتىن جاساپ، شۇكىرلىگىن ايتىپ قانا جۇرە بەرەر، ولاردىڭ جۇرەگى تەك اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن بىرگە، مىنا بۇكىل دۇنيە ورتەنىپ كەتسە دە، ولار ساۋساعىن قىبىرلاتپاس، مىنە وسىنداي تۇردەگى اۋليەلەر دە بار.

ارينە ءبىز بۇنداي ىستەي المايمىز، ءبىز وزىمىزبەن يمانىمىز ءۇشىن، مۇسىلماندارمەن بۇكىل دۇنيە ءۇشىن قورعان سۇراپ دۇعا جاسايمىز، اسىرەسە «مۇسىلمانداردىڭ سەنىمىنە، يمانىنا شابۋىل جاساپ جاتقان بۇزىق عۇلاما، كەسىر عالىمداردان ساقتاڭىز» دەپ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان پانا سۇرايمىز، سەبەبى ولار بومبى، راكەتا، وقپەن مۇسىلماندارعا شابۋىل جاساپ جاتقانداردان دا قيتۇرقى كەلەر، ولار ەڭ سوراقىسى بولىپ وتىر، سەبەبى ولار جۇرتتىڭ يمانىن قۇرتۋدا، ەگەر بىرەۋدە يمان بولماسا، ونىڭ ەش پايداسىمەن قۇنى قالماس، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ولاردان ساقتاعاي، ينشاللا، بىزگە كۇشتى يمان قۋاتىن بەرگەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7436