You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7435
Сұхбат: құт-берекенің баяндылығы шүкірлікте жатыр (2024.02.15 / Хижра 1445-жыл 05-шағбан)
Исламбол (Стамбул), Түркия. (Англияда айтылған сұхбат)

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Біз әрдайым шүкірлиллаһ айтамыз, Алла Жәллә Жәләлухудың бар бергеніне зор алғыс болсын, Ол, Алла Әззә уә-Жәллә бізге ең жақсысын берді, бұндағы ең жақсы іс дегеніміз уммати Мұхаммадттан болу-дүр, кезкелген жаратылыс үшін ең жақсы, ең бағалы, ең асыл іс осы болмақ, ең абыройлы жаратылыс - адам баласы, ең жаман істі қылатын да осы адам баласы, олар өздеріне не залал әкелсе, соны ұнатады да, ал не оларға жақсы болса, олар одан қашады, оны жек көреді, сүймейді. Алла Әззә уә-Жәллә оларға ақыл берді, ой берді, Ол оларға барлығын берді, бірақ солай бола тұра, олар хауіпті, улы нәрселерге, оларды құртатын нәрселерге қарай жүгірер, олардың құныперен болып, қуып жүргендері міне осылар.

Алла Әззә уә-Жәллә барлығын көрсетіп қойған, бірақ олар ессіздікпен айғай-сүрен салар, Алла Әззә уә-Жәлләның айтқан дәлелдеріне қараңыз, Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда «إِنَّ فِى خَلْقِ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَٱخْتِلَـٰفِ ٱلَّيْلِ وَٱلنَّهَارِ لَـَٔايَـٰتٍۢ» (расында көкпен жердің жаралуы, түнмен күндіздің ауысуы бір белгі) (құран 03:190) дейді, адам баласы қабыл етіп, ілесерлік бұндай дәлелдер өте көп, бірақ сонда да олар оған қарамай қаша жөнеледі.

Сол үшін бізде ең бағалы нәрсе бар, ол өте бағалы, әрдайым Алла Әззә уә-Жәлләға алғыс айталық, себебі біз бұл нығыметтер біздің ақылдылығымыз үшін немесе оны-бұнымыз үшін берілген жоқ, оған ақылды бола қалып, жеткен жоқсыз, осыны да біле жүрелік, ол Алла Әззә уә-Жәлләдан берілді, Ол бізге жақсы нәрселерді берер, «وَبِالشُّكْر ِ تَدُوم النَّعَم» (береке шүкірлікпен баянды болар), құт-берекені қашырып жібермей, қалай ұстап тұруға болады? оны шүкірлікпен ұстап тұра аласыз, берілген нығыметтер үшін шүкірлік етіңіз, сонда бұл береке сізде жалғаса берер, баянды болар, егер Алла Әззә уә-Жәлләға шүкірлік айтпасаңыз, қорқынышты жағдай сонда болмақ, осы кезде қорқыңыз.

Көптеген адамдар қорқар, «иманымызды қалай сақтаймыз?» дер, «وَبِالشُّكْر ِ تَدُوم النَّعَم» (береке шүкірлікпен баянды болады) делінер, бұл пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламнан келген, демек берілген нығыметтерге шүкірлік етіңіз, сонда ол баянды болып, үзілмей жалғаса беретін болады, біз үшін ең маңызды нәрсе міне осы, бұл да жақсы шүйіншілі хабар, себебі көп жұрт бұл жәйлы ештеңе білмей аңтарылып жүр.

Әрине сәт сайын иманға хауіп бар, сондықтан ренжімеңіз, сізде иман бар болса болғаны, ештеңеге ренжи көрмеңіз, бірақ адамдар өздерін ұстай алмай, ренжіп жатады, ренжіген үстіне ренжір. Кейде біз кейбір адамдардың ренжірлік хақысы барлығын көреміз яғни оларда ауру я кедейлік бар, бастарына түскен көптеген қиындықтар бар, бірақ олар осындай мүшкілдікте бола тұра ренжімейді, тағы бір топ адамдарды көреміз, оларда барлығы бар, дүниесі көп, бірақ олардың ренжуден қолдары босамайды, олар тынбастан ренішпен қанағатсыздық ішінде жүреді, ренжі береді, тіпті олар ренжуді әдет етіп алған, ұдайы ренжіп жүргеніне қуанар, бұның себебі иманы бар адам бүкіл барлығы Алла Әззә уә-Жәлләдан келетінін біледі, бұл дүние - сынақ, жәннәтта өмір сүріп жатқан жоқпыз, бұл жер дүние, дүние «ең төмен» дегенді білдіреді, арап тілінде «ең төмен» деген сөз, дүние ең төмені, ең жоғарысы емес, демек біз өте төмен жерде өмір сүріп жатырмыз, сондықтан бұнда сізге әр түрлі ибтила, бәле-қала, жаман істер туыла берілуі мүмкін.

Алайда кім сабырлы болып, оның хикіметін білсе, ақирет келгенде, ол қатты қуанатын болады, Алла Жәллә Жәләлуху оған сауап береді әрі қиямет күнінде оларды көлеңкелі жақсы жәйға орналастырады, ол кезде ештеңе болмайды, көлеңке болмайды, ағаш саясы болмайды, тігулі үй болмайды, түк жоқ, ештеңе болмас, адамдар сондай саясыз жәйда бірнеше жыл, ондаған, жүздеген, тіпті неше мыңдаған жылдар бойы тұрар, ал кейбір адамдар неше жүзмың жылдарша тұрар, онда тамақ, су болмайды, онда сіздің және басқа адамдардың үстіне шаңқиып күн түсіп, әбден қақтайды.

Ол кезде сабырлы адамдармен Алла Әззә уә-Жәлләның әмірін орындаған адамдар ғана Алла Жәллә Жәләлухудың көлеңкесін саялап тұрар, Оның көлеңкесі осындай адамдарға яғни сабырлы болып, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолына ілескен адамдарға түсер, олар есендікте болады, оларға ештеңе әсер етпес, басқа барлық адамдар жылап, өкіріп, өксіп, қатты қиналар, ал манағы адамдарға есендікте жәннәтты күтер әрі онда көп тұрмай, жәннәттарына жол тартады, ал басқалары яғни Алла Әззә уә-Жәлләға риза болмағандар, ұдайы ренжитіндер, өзгелерді қинағандар күн астында күйіп, кезектерін күтер.

Мәселенің барлығы осы дүниеде болар, оның үстіне қазір біз ақырзаманда өмір сүріп жатқандықтан, тіпті де көп жұрт қиындық көруде, осы қиналғандардың кейбірін білсек, кейбірін білмейміз, ал осылардың ішінде кім оны қабыл етіп, сабырлы болса, Алла Жәллә Жәләлухудан көмек сұраса, олар ақиретте есендікке жететін болады, мүмкін бұл дүние хауіпті шығар, бірақ олар ақиретте қуанышқа бөленеді. Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «шахит шахит болған соң, Алла Жәллә Жәләлухудың өзіне берген сый-сауғаларын көргенде, ол тағы да қайта келіп, мың рет шәхит болғысы келеді» дейді, біз расында қиын, машақатты заманда өмір сүріп жатырмыз, әр жердегі әр адам да бұл ауырлықты сезінуде, тек оны сезіну дәрежесі ұқсамас, бүкіл дүниенің қиындықта тұр, бұл жерлерде соғыс болмаса да, олар економикалық қиындықтарға ұшырап, зұлымдықтар көруде, зұлымдық соғыссыз-ақ олардың өмір салтын өзгертуде, бұл зұлымдықты барша жұрт анық сезініп жатыр.

Сабырлы болыңыз, ел-жұртқа айтарымыз сол, сабырлы болыңыздар, егер бірдеңе сұрағыңыз келсе, Алла Жәллә Жәләлухудан сұраңыз, міне бұл Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің айтқаны, Мәуләнә бірдеңе айтса, іс болудан бұрын көріп, біліп айтар, ол осыдан 10-20 жыл бұрын-ақ не істеу керектігін айтып кеткен, ол не деді? «көшеге шығып, шеру қыл» деді ме? әсіресе мұсылман елдерінде солай, «шеру жаса, терезе сындыр, дүкендерді шақ» деді ме? бұл оның әмірі ме? жоқ! ол бұндай істер жұрттың исламды жек көруін арттыра түсетіндігін біледі, Мәуләнә «бірдеңе қажет етсең, көшеге шығып, айғай салма» дер, тіпті құранда «ءَامَنُوا۟ لَا تَرْفَعُوٓا۟ أَصْوَٰتَكُمْ» (дауыстарыңды көтермеңдер) (құран 49:02) дер. Мүмин кісі тыныш, мамыражай болуы керек, өзгелердің қолындағы (саяси) ойыншық болмауы керек, жоқ! бір жерге барғыңыз келе ме? бірдеме керек пе? «онда мешітке бар, сонда отыр, сұрарыңды Алла Әззә уә-Жәлләдан сұра, мешіт Алла үйі, оған барсаң Алла Жәллә Жәләлуху саған назар салады» дейді Мәуләнә Шайық, әйітпесе сіз мейлі айғайларсыз, соғысарсыз, бүлік шығарарсыз, бірдеңелерді сындырарсыз, одан түк өнбес, бұныңыздан тек шайтанмен оның ерушілері пайда табар, сондықтан біз Алла Әззә уә-Жәлләның бізге және әр жердегі мұсылмандарға көмектесуын сұраймыз, мұсылмандар бір жерде ғана жүрген жоқ, олар әр жерде де жүр.

Қазір дүниенің әр жері қиыншылық көруде, қиындық кей жерде ауырлау, кей жерде біздің көріп жүргенімізден де ауыр, бірақ оны көрсетпейді, оған ешкім қызықпас, дәл қазір дүниеде әр адам үшін алапат келуде, әсіресе мұсылмандарға солай болуда, міне осындай істер туылуда, ал біз Алла Әззә уә-Жәлләға дұға жасап, бүкіл адам баласы үшін Сахибул Заман Мұхаммад әл-Мәхдиді тезірек жіберуін сұрап жатырмыз, себебі ол болмаса, ешкім адамзатты бұл алапаттан, олардың істеп жатқан сұмдықтарынан құтқара алмайды, азғын адамдар күллі адамзатты құртуға шындап бет алды, олардың бар істеп жатқаны осы, басқа дәнеңе емес, олар оны іске асырмақ болып құрақ ұшуда.

Алайда, әлхамдулилла, біз бақыттымыз, себебі біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның шүйінші хабарын білеміз, Алла Жәллә Жәләлуху оған (ақырзаманда) күллі дүниенің бейбітшілікте, исламда болатындығын уәде еткен, ислам дегеніміз салам, ол келгенде барлығы кемеліне келіп, мүлтіксіз болмақ, ал қазір барлығы жамандыққа ауып кетті, адамдар бір-бірін жеп, өлтіріп жатыр, барлығын қиратуда, бұл заман Адам әлейхис-саламнан бергі ең азғын, ең бұзылған заман болып отыр, себебі пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам бұл заманда жақсы нәрсені айту шектелетіндігін айтар, демек адамдар жаман бірдеңе айтуы, Алла Жәллә Жәләлуху харам еткен істі істеуі керек болған, жұрт қитұрқы іс істеуі шарт заман болды яғни адамдар Алла Жәллә Жәләлухудың әмірін орындамауы керек болды, қазіргі заман міне осындай заман, бұл осы заманның бұзық заман екендігін білдірер, бірақ әрбір іс өз шегіне жеткен соң, құлайтын болады.

Бұл, иншалла, біз осыбір адамдармен адамгершіліктің құтқарылатын кезі жақын болуын үміт етеміз, оларды Сәидина Мәхди әлейхис-салам құтқарады, иншалла, міне осыған пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам, біздің ақида имамдарымыз және әхлул сүннә уәл-жамаға сенетін еді, ал біз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам не айтса, соған сенеміз, себебі, әлхамдулилла, ол садиқу әл-әмин, ол аса сенімді ... барлық іс болып болды, ең соңғы қалғаны осы болып отыр.

Себебі қазір оңалуға бет алған дүниені көріп тұрған жоқпыз, бірақ барлығы керісіне бағып, қитұрқыланып бара жатқан дүниені көрудеміз, міне осындай заманда тұрмыз, тек қана Сәидина Мәхди әлейхис-салам бұл беталысты тоқтатып, оны жақсы бағытқа өзгерте алады, иншалла, Алла Жәллә Жәләлуху оны тезірек жібергей, дұғада ұдайы осыны тілейміз. Біз Мәуләнәның бұйырығына құлақ саламыз, сондықтан айғай-сүрен салып, шұламаймыз, шақпаймыз, залал әкелмейміз, әр істе Алла Жәллә Жәләлухумен біргеміз, біздің қару міне осы, «силах әлмүмин әд-дуа», демек мүминнің қаруы дұға, ол басқарылмалы бомба, танкі, мылтық, гранаттардан әлде қайда өнімді, мың артық. Алла Жәллә Жәләлуху міне осыларды уәде етер, әлхамдулилла, біз Алла Жәллә Жәләлухудан Сәидина Мәхди әлейхис-саламның тезден жіберілуін тілеудеміз, тынбай сұраудамыз, иншалла, солбір жақсы күндерде онымен бірге боламыз, қазіргі мына қараңғылықтан, түнек түннен соң, иншалла, біз нұрға қауышып, бақытпен жүздесеміз, иншалла, қуанышпен намаз оқырмыз, ол кезде бүкіл дүние «лә илаха ил-лалла мухаммадун расул Аллаһ саллал-лаху әлейхис-салам» деп айтар, Алла Жәллә Жәләлуху ол күндерді тым жақын еткей, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: قۇت-بەرەكەنىڭ باياندىلىعى شۇكىرلىكتە جاتىر (2024.02.15 / حيجرا 1445-جىل 05-شاعبان)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا. (انگليادا ايتىلعان سۇحبات)

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

ءبىز ءاردايىم شۇكىرليللاھ ايتامىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ بار بەرگەنىنە زور العىس بولسىن، ول، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بىزگە ەڭ جاقسىسىن بەردى، بۇنداعى ەڭ جاقسى ءىس دەگەنىمىز ۋمماتي مۇحاممادتتان بولۋ-ءدۇر، كەزكەلگەن جاراتىلىس ءۇشىن ەڭ جاقسى، ەڭ باعالى، ەڭ اسىل ءىس وسى بولماق، ەڭ ابىرويلى جاراتىلىس - ادام بالاسى، ەڭ جامان ءىستى قىلاتىن دا وسى ادام بالاسى، ولار وزدەرىنە نە زالال اكەلسە، سونى ۇناتادى دا، ال نە ولارعا جاقسى بولسا، ولار ودان قاشادى، ونى جەك كورەدى، سۇيمەيدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولارعا اقىل بەردى، وي بەردى، ول ولارعا بارلىعىن بەردى، ءبىراق سولاي بولا تۇرا، ولار ءحاۋىپتى، ۋلى نارسەلەرگە، ولاردى قۇرتاتىن نارسەلەرگە قاراي جۇگىرەر، ولاردىڭ قۇنىپەرەن بولىپ، قۋىپ جۇرگەندەرى مىنە وسىلار.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بارلىعىن كورسەتىپ قويعان، ءبىراق ولار ەسسىزدىكپەن ايعاي-سۇرەن سالار، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ايتقان دالەلدەرىنە قاراڭىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا «إِنَّ فِى خَلْقِ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَٱخْتِلَـٰفِ ٱلَّيْلِ وَٱلنَّهَارِ لَـَٔايَـٰتٍۢ» (راسىندا كوكپەن جەردىڭ جارالۋى، تۇنمەن كۇندىزدىڭ اۋىسۋى ءبىر بەلگى) (قۇران 03:190) دەيدى، ادام بالاسى قابىل ەتىپ، ىلەسەرلىك بۇنداي دالەلدەر وتە كوپ، ءبىراق سوندا دا ولار وعان قاراماي قاشا جونەلەدى.

سول ءۇشىن بىزدە ەڭ باعالى نارسە بار، ول وتە باعالى، ءاردايىم اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا العىس ايتالىق، سەبەبى ءبىز بۇل نىعىمەتتەر ءبىزدىڭ اقىلدىلىعىمىز ءۇشىن نەمەسە ونى-بۇنىمىز ءۇشىن بەرىلگەن جوق، وعان اقىلدى بولا قالىپ، جەتكەن جوقسىز، وسىنى دا بىلە جۇرەلىك، ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان بەرىلدى، ول بىزگە جاقسى نارسەلەردى بەرەر، «وَبِالشُّكْر ِ تَدُوم النَّعَم» (بەرەكە شۇكىرلىكپەن باياندى بولار)، قۇت-بەرەكەنى قاشىرىپ جىبەرمەي، قالاي ۇستاپ تۇرۋعا بولادى؟ ونى شۇكىرلىكپەن ۇستاپ تۇرا الاسىز، بەرىلگەن نىعىمەتتەر ءۇشىن شۇكىرلىك ەتىڭىز، سوندا بۇل بەرەكە سىزدە جالعاسا بەرەر، باياندى بولار، ەگەر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا شۇكىرلىك ايتپاساڭىز، قورقىنىشتى جاعداي سوندا بولماق، وسى كەزدە قورقىڭىز.

كوپتەگەن ادامدار قورقار، «يمانىمىزدى قالاي ساقتايمىز؟» دەر، «وَبِالشُّكْر ِ تَدُوم النَّعَم» (بەرەكە شۇكىرلىكپەن باياندى بولادى) دەلىنەر، بۇل پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنان كەلگەن، دەمەك بەرىلگەن نىعىمەتتەرگە شۇكىرلىك ەتىڭىز، سوندا ول باياندى بولىپ، ۇزىلمەي جالعاسا بەرەتىن بولادى، ءبىز ءۇشىن ەڭ ماڭىزدى نارسە مىنە وسى، بۇل دا جاقسى ءشۇيىنشىلى حابار، سەبەبى كوپ جۇرت بۇل ءجايلى ەشتەڭە بىلمەي اڭتارىلىپ ءجۇر.

ارينە ءسات سايىن يمانعا ءحاۋىپ بار، سوندىقتان رەنجىمەڭىز، سىزدە يمان بار بولسا بولعانى، ەشتەڭەگە رەنجي كورمەڭىز، ءبىراق ادامدار وزدەرىن ۇستاي الماي، رەنجىپ جاتادى، رەنجىگەن ۇستىنە رەنجىر. كەيدە ءبىز كەيبىر ادامداردىڭ رەنجىرلىك حاقىسى بارلىعىن كورەمىز ياعني ولاردا اۋرۋ يا كەدەيلىك بار، باستارىنا تۇسكەن كوپتەگەن قيىندىقتار بار، ءبىراق ولار وسىنداي مۇشكىلدىكتە بولا تۇرا رەنجىمەيدى، تاعى ءبىر توپ ادامداردى كورەمىز، ولاردا بارلىعى بار، دۇنيەسى كوپ، ءبىراق ولاردىڭ رەنجۋدەن قولدارى بوسامايدى، ولار تىنباستان رەنىشپەن قاناعاتسىزدىق ىشىندە جۇرەدى، رەنجى بەرەدى، ءتىپتى ولار رەنجۋدى ادەت ەتىپ العان، ۇدايى رەنجىپ جۇرگەنىنە قۋانار، بۇنىڭ سەبەبى يمانى بار ادام بۇكىل بارلىعى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلەتىنىن بىلەدى، بۇل دۇنيە - سىناق، ءجانناتتا ءومىر ءسۇرىپ جاتقان جوقپىز، بۇل جەر دۇنيە، دۇنيە «ەڭ تومەن» دەگەندى بىلدىرەدى، اراپ تىلىندە «ەڭ تومەن» دەگەن ءسوز، دۇنيە ەڭ تومەنى، ەڭ جوعارىسى ەمەس، دەمەك ءبىز وتە تومەن جەردە ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، سوندىقتان بۇندا سىزگە ءار ءتۇرلى يبتيلا، بالە-قالا، جامان ىستەر تۋىلا بەرىلۋى مۇمكىن.

الايدا كىم سابىرلى بولىپ، ونىڭ حيكىمەتىن بىلسە، اقيرەت كەلگەندە، ول قاتتى قۋاناتىن بولادى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وعان ساۋاپ بەرەدى ءارى قيامەت كۇنىندە ولاردى كولەڭكەلى جاقسى ءجايعا ورنالاستىرادى، ول كەزدە ەشتەڭە بولمايدى، كولەڭكە بولمايدى، اعاش ساياسى بولمايدى، تىگۋلى ءۇي بولمايدى، تۇك جوق، ەشتەڭە بولماس، ادامدار سونداي ساياسىز ءجايدا بىرنەشە جىل، ونداعان، جۇزدەگەن، ءتىپتى نەشە مىڭداعان جىلدار بويى تۇرار، ال كەيبىر ادامدار نەشە ءجۇزمىڭ جىلدارشا تۇرار، وندا تاماق، سۋ بولمايدى، وندا ءسىزدىڭ جانە باسقا ادامداردىڭ ۇستىنە شاڭقيىپ كۇن ءتۇسىپ، ابدەن قاقتايدى.

ول كەزدە سابىرلى ادامدارمەن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءامىرىن ورىنداعان ادامدار عانا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ كولەڭكەسىن سايالاپ تۇرار، ونىڭ كولەڭكەسى وسىنداي ادامدارعا ياعني سابىرلى بولىپ، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولىنا ىلەسكەن ادامدارعا تۇسەر، ولار ەسەندىكتە بولادى، ولارعا ەشتەڭە اسەر ەتپەس، باسقا بارلىق ادامدار جىلاپ، وكىرىپ، وكسىپ، قاتتى قينالار، ال ماناعى ادامدارعا ەسەندىكتە ءجانناتتى كۇتەر ءارى وندا كوپ تۇرماي، ءجانناتتارىنا جول تارتادى، ال باسقالارى ياعني اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا ريزا بولماعاندار، ۇدايى رەنجيتىندەر، وزگەلەردى قيناعاندار كۇن استىندا كۇيىپ، كەزەكتەرىن كۇتەر.

ماسەلەنىڭ بارلىعى وسى دۇنيەدە بولار، ونىڭ ۇستىنە ءقازىر ءبىز اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتقاندىقتان، ءتىپتى دە كوپ جۇرت قيىندىق كورۋدە، وسى قينالعانداردىڭ كەيبىرىن بىلسەك، كەيبىرىن بىلمەيمىز، ال وسىلاردىڭ ىشىندە كىم ونى قابىل ەتىپ، سابىرلى بولسا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان كومەك سۇراسا، ولار اقيرەتتە ەسەندىككە جەتەتىن بولادى، مۇمكىن بۇل دۇنيە ءحاۋىپتى شىعار، ءبىراق ولار اقيرەتتە قۋانىشقا بولەنەدى. پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «شاحيت شاحيت بولعان سوڭ، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ وزىنە بەرگەن سىي-ساۋعالارىن كورگەندە، ول تاعى دا قايتا كەلىپ، مىڭ رەت ءشاحيت بولعىسى كەلەدى» دەيدى، ءبىز راسىندا قيىن، ماشاقاتتى زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ءار جەردەگى ءار ادام دا بۇل اۋىرلىقتى سەزىنۋدە، تەك ونى سەزىنۋ دارەجەسى ۇقساماس، بۇكىل دۇنيەنىڭ قيىندىقتا تۇر، بۇل جەرلەردە سوعىس بولماسا دا، ولار ەكونوميكالىق قيىندىقتارعا ۇشىراپ، زۇلىمدىقتار كورۋدە، زۇلىمدىق سوعىسسىز-اق ولاردىڭ ءومىر سالتىن وزگەرتۋدە، بۇل زۇلىمدىقتى بارشا جۇرت انىق سەزىنىپ جاتىر.

سابىرلى بولىڭىز، ەل-جۇرتقا ايتارىمىز سول، سابىرلى بولىڭىزدار، ەگەر بىردەڭە سۇراعىڭىز كەلسە، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان سۇراڭىز، مىنە بۇل ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ ايتقانى، ءماۋلانا بىردەڭە ايتسا، ءىس بولۋدان بۇرىن كورىپ، ءبىلىپ ايتار، ول وسىدان 10-20 جىل بۇرىن-اق نە ىستەۋ كەرەكتىگىن ايتىپ كەتكەن، ول نە دەدى؟ «كوشەگە شىعىپ، شەرۋ قىل» دەدى مە؟ اسىرەسە مۇسىلمان ەلدەرىندە سولاي، «شەرۋ جاسا، تەرەزە سىندىر، دۇكەندەردى شاق» دەدى مە؟ بۇل ونىڭ ءامىرى مە؟ جوق! ول بۇنداي ىستەر جۇرتتىڭ يسلامدى جەك كورۋىن ارتتىرا تۇسەتىندىگىن بىلەدى، ءماۋلانا «بىردەڭە قاجەت ەتسەڭ، كوشەگە شىعىپ، ايعاي سالما» دەر، ءتىپتى قۇراندا «َءامَنُوا۟ لَا تَرْفَعُوٓا۟ أَصْوَٰتَكُمْ» (داۋىستارىڭدى كوتەرمەڭدەر) (قۇران 49:02) دەر. ءمۇمين كىسى تىنىش، مامىراجاي بولۋى كەرەك، وزگەلەردىڭ قولىنداعى (ساياسي) ويىنشىق بولماۋى كەرەك، جوق! ءبىر جەرگە بارعىڭىز كەلە مە؟ بىردەمە كەرەك پە؟ «وندا مەشىتكە بار، سوندا وتىر، سۇرارىڭدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان سۇرا، مەشىت اللا ءۇيى، وعان بارساڭ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ساعان نازار سالادى» دەيدى ءماۋلانا شايىق، ايىتپەسە ءسىز مەيلى ايعايلارسىز، سوعىسارسىز، بۇلىك شىعارارسىز، بىردەڭەلەردى سىندىرارسىز، ودان تۇك ونبەس، بۇنىڭىزدان تەك شايتانمەن ونىڭ ەرۋشىلەرى پايدا تابار، سوندىقتان ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ بىزگە جانە ءار جەردەگى مۇسىلماندارعا كومەكتەسۋىن سۇرايمىز، مۇسىلماندار ءبىر جەردە عانا جۇرگەن جوق، ولار ءار جەردە دە ءجۇر.

ءقازىر دۇنيەنىڭ ءار جەرى قيىنشىلىق كورۋدە، قيىندىق كەي جەردە اۋىرلاۋ، كەي جەردە ءبىزدىڭ كورىپ جۇرگەنىمىزدەن دە اۋىر، ءبىراق ونى كورسەتپەيدى، وعان ەشكىم قىزىقپاس، ءدال ءقازىر دۇنيەدە ءار ادام ءۇشىن الاپات كەلۋدە، اسىرەسە مۇسىلماندارعا سولاي بولۋدا، مىنە وسىنداي ىستەر تۋىلۋدا، ال ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا دۇعا جاساپ، بۇكىل ادام بالاسى ءۇشىن ساحيبۋل زامان مۇحامماد ءال-ءماحديدى تەزىرەك جىبەرۋىن سۇراپ جاتىرمىز، سەبەبى ول بولماسا، ەشكىم ادامزاتتى بۇل الاپاتتان، ولاردىڭ ىستەپ جاتقان سۇمدىقتارىنان قۇتقارا المايدى، ازعىن ادامدار كۇللى ادامزاتتى قۇرتۋعا شىنداپ بەت الدى، ولاردىڭ بار ىستەپ جاتقانى وسى، باسقا دانەڭە ەمەس، ولار ونى ىسكە اسىرماق بولىپ قۇراق ۇشۋدا.

الايدا، ءالحامدۋليللا، ءبىز باقىتتىمىز، سەبەبى ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ءشۇيىنشى حابارىن بىلەمىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ وعان (اقىرزاماندا) كۇللى دۇنيەنىڭ بەيبىتشىلىكتە، يسلامدا بولاتىندىعىن ۋادە ەتكەن، يسلام دەگەنىمىز سالام، ول كەلگەندە بارلىعى كەمەلىنە كەلىپ، مۇلتىكسىز بولماق، ال ءقازىر بارلىعى جاماندىققا اۋىپ كەتتى، ادامدار ءبىر-ءبىرىن جەپ، ءولتىرىپ جاتىر، بارلىعىن قيراتۋدا، بۇل زامان ادام الەيحيس-سالامنان بەرگى ەڭ ازعىن، ەڭ بۇزىلعان زامان بولىپ وتىر، سەبەبى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام بۇل زاماندا جاقسى نارسەنى ايتۋ شەكتەلەتىندىگىن ايتار، دەمەك ادامدار جامان بىردەڭە ايتۋى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ حارام ەتكەن ءىستى ىستەۋى كەرەك بولعان، جۇرت قيتۇرقى ءىس ىستەۋى شارت زامان بولدى ياعني ادامدار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءامىرىن ورىنداماۋى كەرەك بولدى، قازىرگى زامان مىنە وسىنداي زامان، بۇل وسى زاماننىڭ بۇزىق زامان ەكەندىگىن بىلدىرەر، ءبىراق ءاربىر ءىس ءوز شەگىنە جەتكەن سوڭ، قۇلايتىن بولادى.

بۇل، ينشاللا، ءبىز ءوسىبىر ادامدارمەن ادامگەرشىلىكتىڭ قۇتقارىلاتىن كەزى جاقىن بولۋىن ءۇمىت ەتەمىز، ولاردى ءسايدينا ءماحدي الەيحيس-سالام قۇتقارادى، ينشاللا، مىنە وسىعان پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام، ءبىزدىڭ اقيدا يمامدارىمىز جانە ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعا سەنەتىن ەدى، ال ءبىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام نە ايتسا، سوعان سەنەمىز، سەبەبى، ءالحامدۋليللا، ول ساديقۋ ءال-ءامين، ول اسا سەنىمدى ... بارلىق ءىس بولىپ بولدى، ەڭ سوڭعى قالعانى وسى بولىپ وتىر.

سەبەبى ءقازىر وڭالۋعا بەت العان دۇنيەنى كورىپ تۇرعان جوقپىز، ءبىراق بارلىعى كەرىسىنە باعىپ، قيتۇرقىلانىپ بارا جاتقان دۇنيەنى كورۋدەمىز، مىنە وسىنداي زاماندا تۇرمىز، تەك قانا ءسايدينا ءماحدي الەيحيس-سالام بۇل بەتالىستى توقتاتىپ، ونى جاقسى باعىتقا وزگەرتە الادى، ينشاللا، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ونى تەزىرەك جىبەرگەي، دۇعادا ۇدايى وسىنى تىلەيمىز. ءبىز ءماۋلانانىڭ بۇيىرىعىنا قۇلاق سالامىز، سوندىقتان ايعاي-سۇرەن سالىپ، شۇلامايمىز، شاقپايمىز، زالال اكەلمەيمىز، ءار ىستە اللا ءجاللا جالالۋحۋمەن بىرگەمىز، ءبىزدىڭ قارۋ مىنە وسى، «سيلاح ءالمۇمين ءاد-دۋا»، دەمەك ءمۇميننىڭ قارۋى دۇعا، ول باسقارىلمالى بومبا، تانكى، مىلتىق، گراناتتاردان الدە قايدا ءونىمدى، مىڭ ارتىق. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ مىنە وسىلاردى ۋادە ەتەر، ءالحامدۋليللا، ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان ءسايدينا ءماحدي الەيحيس-سالامنىڭ تەزدەن جىبەرىلۋىن تىلەۋدەمىز، تىنباي سۇراۋدامىز، ينشاللا، ءسولبىر جاقسى كۇندەردە ونىمەن بىرگە بولامىز، قازىرگى مىنا قاراڭعىلىقتان، تۇنەك تۇننەن سوڭ، ينشاللا، ءبىز نۇرعا قاۋىشىپ، باقىتپەن جۇزدەسەمىز، ينشاللا، قۋانىشپەن ناماز وقىرمىز، ول كەزدە بۇكىل دۇنيە «ءلا يلاحا يل-لاللا مۋحاممادۋن راسۋل اللاھ ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام» دەپ ايتار، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ول كۇندەردى تىم جاقىن ەتكەي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7435