You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7324
ТӘН БӨЛЕК, ЖАН БӨЛЕК, ЖАН ӘРУАҚТАР ӘЛЕМІНЕН ӘКЕЛІНЕР

Жүктілікте ана құрсағында жансыз ет пайда болып, өсе бастайды, ол 4 ай 10 күн айналасы болғанда Алла қалауымен періштелер әруақтар әлемінен бір рухты (жанды) ұстап әкеледі де, манағы жансыз етке "ұрып" кіргізеді, шалаға жан бітіреді, сол кезде шала кенеттен "селт" етіп, қозғала бастайды, тән адам ішінде қалыптасқанымен, жан әруақтар әлемінен әкеліп, тәнге кіргізіледі, демек тән бөлек, жан бөлек, оған қандай әруақ салынды? ол белгісіз, әлем, дүние, адам жаралмай тұрған әлмисақта (қалу-бала) Аллаға "Раббым Сенсің" деп уәде берген рух осы рух еді, оны "әлмисақ уәдесі" дер, адамның жан-рухы әлем жаралудан бұрынғы іс, күллі әруақтар пайғамбарымыздың қасиетті нұры оның бейнесіне еніп, шыр айналғанда одан тер сияқты шашырап шыққан тамшылардан жаралған, ондағы шашырап шыққан бір тамшы нұр бір әруақ болды, бұл уақиғалар адам ақылынан тыс нәрселер, Алла бұл әруақтарды жинар, ол араны "әруақтар әлемі" дер, әруақтар араластырылар, сонда кейбір рухтар жақсы көріссе, кейбірі жек көрісті, олар бұл дүниеге келгенде де солай болмақ, кей адамдардың өзара ұнатысып, кей адамдардың өзара жек көрісетіні сонан қалған, періштелер ана құрсағындағы шалаға кіргізілетін рухты осы әруақтар әлемінен әкеліп, тәнге кіргізеді, тәндегі рухтың хәлі түрменің терезесінен сыртқа қарап, кең әлемге шыққысы келген тұтқындағы адамға ұқсайды, ол тәннен кетуді аңсар, бірақ ол адамның ажал уақыты толып, өлген кезде ғана тәннің түрмесінен құтылады, пайғамбарлармен әулиелерден басқа адамдардың тәндері шіріп топырақ болып кетеді, Әзірейіл періште адамның топырағын қайдан алған болса, оның тәні сонда жерленеді, сол жерге сіңеді, ал қиямет күнінде әр адам сүйегіндегі шірімейтін бір түйір қалдықтан қайта өндіріледі, онан соң оған әуелгі рухы тағы кіргізіліп, жан беріледі, адамзат қияметте осылай қайта тіріледі.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

ءتان بولەك، جان بولەك، جان ءارۋاقتار الەمىنەن اكەلىنەر

جۇكتىلىكتە انا قۇرساعىندا جانسىز ەت پايدا بولىپ، وسە باستايدى، ول 4 اي 10 كۇن اينالاسى بولعاندا اللا قالاۋىمەن پەرىشتەلەر ءارۋاقتار الەمىنەن ءبىر رۋحتى (جاندى) ۇستاپ اكەلەدى دە، ماناعى جانسىز ەتكە "ۇرىپ" كىرگىزەدى، شالاعا جان بىتىرەدى، سول كەزدە شالا كەنەتتەن "سەلت" ەتىپ، قوزعالا باستايدى، ءتان ادام ىشىندە قالىپتاسقانىمەن، جان ءارۋاقتار الەمىنەن اكەلىپ، تانگە كىرگىزىلەدى، دەمەك ءتان بولەك، جان بولەك، وعان قانداي ءارۋاق سالىندى؟ ول بەلگىسىز، الەم، دۇنيە، ادام جارالماي تۇرعان ءالميساقتا (قالۋ-بالا) اللاعا "راببىم سەنسىڭ" دەپ ۋادە بەرگەن رۋح وسى رۋح ەدى، ونى "ءالميساق ۋادەسى" دەر، ادامنىڭ جان-رۋحى الەم جارالۋدان بۇرىنعى ءىس، كۇللى ءارۋاقتار پايعامبارىمىزدىڭ قاسيەتتى نۇرى ونىڭ بەينەسىنە ەنىپ، شىر اينالعاندا ودان تەر سياقتى شاشىراپ شىققان تامشىلاردان جارالعان، ونداعى شاشىراپ شىققان ءبىر تامشى نۇر ءبىر ءارۋاق بولدى، بۇل ۋاقيعالار ادام اقىلىنان تىس نارسەلەر، اللا بۇل ءارۋاقتاردى جينار، ول ارانى "ءارۋاقتار الەمى" دەر، ءارۋاقتار ارالاستىرىلار، سوندا كەيبىر رۋحتار جاقسى كورىسسە، كەيبىرى جەك كورىستى، ولار بۇل دۇنيەگە كەلگەندە دە سولاي بولماق، كەي ادامداردىڭ ءوزارا ۇناتىسىپ، كەي ادامداردىڭ ءوزارا جەك كورىسەتىنى سونان قالعان، پەرىشتەلەر انا قۇرساعىنداعى شالاعا كىرگىزىلەتىن رۋحتى وسى ءارۋاقتار الەمىنەن اكەلىپ، تانگە كىرگىزەدى، تاندەگى رۋحتىڭ ءحالى تۇرمەنىڭ تەرەزەسىنەن سىرتقا قاراپ، كەڭ الەمگە شىققىسى كەلگەن تۇتقىنداعى ادامعا ۇقسايدى، ول تاننەن كەتۋدى اڭسار، ءبىراق ول ادامنىڭ اجال ۋاقىتى تولىپ، ولگەن كەزدە عانا ءتاننىڭ تۇرمەسىنەن قۇتىلادى، پايعامبارلارمەن اۋليەلەردەن باسقا ادامداردىڭ تاندەرى ءشىرىپ توپىراق بولىپ كەتەدى، ازىرەيىل پەرىشتە ادامنىڭ توپىراعىن قايدان العان بولسا، ونىڭ ءتانى سوندا جەرلەنەدى، سول جەرگە سىڭەدى، ال قيامەت كۇنىندە ءار ادام سۇيەگىندەگى شىرىمەيتىن ءبىر ءتۇيىر قالدىقتان قايتا وندىرىلەدى، ونان سوڭ وعان اۋەلگى رۋحى تاعى كىرگىزىلىپ، جان بەرىلەدى، ادامزات قيامەتتە وسىلاي قايتا تىرىلەدى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7324