You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7322
ҰЙЫҚТАҒАН КЕЗДЕ ЖАННЫҢ 39/40 БӨЛІГІ ҰШЫП КЕТЕДІ

Пайғамбарлардың, әулиелердің ұйқысы жәй адамдардың ұйқысына ұқсамайды, олар әр күні 2-3 сағат ұйықтаса да, бұл оларға жеткілікті болмақ, әдетте әр күні мәлім уақыт шегіне келгенде адамды ұйқы басып, ол ұйықтамаса тұра алмайды, бұндайда ұйқыны тежеу мүмкін емес, себебі бұл кезде оған адамның жан-рухы қысым беріп, оны ұйықтауға күштейді, ұйықтамаса денесінде күш қалмайды, ал адам ұйықтасымен, оның жаны тәнінен айырылып, Алланың құзіретіне кетеді, денеде жанның 1/40 бөлігі ғана қалып, дене органдарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, яғни тәнді өлтірмей ұстап тұрады, жанның қалған 39/40 бөлігі Алланың құзіретіне аса тез жылдамдықпен ұшып барады да, денеге қайтқанша Аллаға сәжде етеді, жан Алла құзіретінде осылай "тамақтанып", өзін тойғызады, күш жинайды, сондықтан адамдар ұйықтауы керек, олар ұйықтамай тұра алмайды, демек адам ұйқыға кеткенде, оның жаны Алла құзіретіне барып, әлденіп келеді, келесі күні тәннің сергек қызмет өтеуіне шарт әзірлейді, шәриғатта ересек адам көп болса 8 сағат ұйықтауына болады, ал одан артық ұйықтаса, тән тым жәйсіз сезініп, шаршап тұрады, тіпті денсаулығын бұзады, ал зікірмен жүрген адамдар 4-6 сағат ұйықтаса да сергек жүрер, ұйқы Алладан адамға берілген зор нығымет, дүние ісі үшін зорлықпен аз ұйықтап жүрген адамдар денсаулығын бұзып алады, ұйқы дәрісі тіпті де кесірлі улы зат, ол тәнді құртады, Алла түнді ұйқыға, күндізді жұмыс істеуге берген, түнде жұмыс істеу денсаулыққа зиянды, руханиятты бүлдіреді, құптан намазын бітіп болып, ұйықтау өте пайдалы, құптанмен түн жарым (сағат 12-ге) арасындағы 1 сағаттық ұйқыда 2 сағаттық ұйқының күші болады, сондықтан ерте ұйқтаса, таң намаздан 1-3 сағат бұрын тұруға болады, тәхажұтпен күн шыққанға дейінгі уақыт құлшылық ететін нағыз алтын уақыт кезеңі, күндіз бесінмен екінті арасындағы ұйқы да пайдалы, екінтіден кейінгі ұйқы зиянды, ол уға ұқсайды, тым жәйсіз ұйқы.

- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ

ۇيىقتاعان كەزدە جاننىڭ 39/40 بولىگى ۇشىپ كەتەدى

پايعامبارلاردىڭ، اۋليەلەردىڭ ۇيقىسى ءجاي ادامداردىڭ ۇيقىسىنا ۇقسامايدى، ولار ءار كۇنى 2-3 ساعات ۇيىقتاسا دا، بۇل ولارعا جەتكىلىكتى بولماق، ادەتتە ءار كۇنى ءمالىم ۋاقىت شەگىنە كەلگەندە ادامدى ۇيقى باسىپ، ول ۇيىقتاماسا تۇرا المايدى، بۇندايدا ۇيقىنى تەجەۋ مۇمكىن ەمەس، سەبەبى بۇل كەزدە وعان ادامنىڭ جان-رۋحى قىسىم بەرىپ، ونى ۇيىقتاۋعا كۇشتەيدى، ۇيىقتاماسا دەنەسىندە كۇش قالمايدى، ال ادام ۇيىقتاسىمەن، ونىڭ جانى تانىنەن ايىرىلىپ، اللانىڭ قۇزىرەتىنە كەتەدى، دەنەدە جاننىڭ 1/40 بولىگى عانا قالىپ، دەنە ورگاندارىنىڭ قالىپتى جۇمىس ىستەۋىن قامتاماسىز ەتەدى، ياعني ءتاندى ولتىرمەي ۇستاپ تۇرادى، جاننىڭ قالعان 39/40 بولىگى اللانىڭ قۇزىرەتىنە اسا تەز جىلدامدىقپەن ۇشىپ بارادى دا، دەنەگە قايتقانشا اللاعا ساجدە ەتەدى، جان اللا قۇزىرەتىندە وسىلاي "تاماقتانىپ"، ءوزىن تويعىزادى، كۇش جينايدى، سوندىقتان ادامدار ۇيىقتاۋى كەرەك، ولار ۇيىقتاماي تۇرا المايدى، دەمەك ادام ۇيقىعا كەتكەندە، ونىڭ جانى اللا قۇزىرەتىنە بارىپ، الدەنىپ كەلەدى، كەلەسى كۇنى ءتاننىڭ سەرگەك قىزمەت وتەۋىنە شارت ازىرلەيدى، ءشاريعاتتا ەرەسەك ادام كوپ بولسا 8 ساعات ۇيىقتاۋىنا بولادى، ال ودان ارتىق ۇيىقتاسا، ءتان تىم ءجايسىز سەزىنىپ، شارشاپ تۇرادى، ءتىپتى دەنساۋلىعىن بۇزادى، ال زىكىرمەن جۇرگەن ادامدار 4-6 ساعات ۇيىقتاسا دا سەرگەك جۇرەر، ۇيقى اللادان ادامعا بەرىلگەن زور نىعىمەت، دۇنيە ءىسى ءۇشىن زورلىقپەن از ۇيىقتاپ جۇرگەن ادامدار دەنساۋلىعىن بۇزىپ الادى، ۇيقى ءدارىسى ءتىپتى دە كەسىرلى ۋلى زات، ول ءتاندى قۇرتادى، اللا ءتۇندى ۇيقىعا، كۇندىزدى جۇمىس ىستەۋگە بەرگەن، تۇندە جۇمىس ىستەۋ دەنساۋلىققا زياندى، رۋحانياتتى بۇلدىرەدى، قۇپتان نامازىن ءبىتىپ بولىپ، ۇيىقتاۋ وتە پايدالى، قۇپتانمەن ءتۇن جارىم (ساعات 12-گە) اراسىنداعى 1 ساعاتتىق ۇيقىدا 2 ساعاتتىق ۇيقىنىڭ كۇشى بولادى، سوندىقتان ەرتە ۇيقتاسا، تاڭ نامازدان 1-3 ساعات بۇرىن تۇرۋعا بولادى، تاحاجۇتپەن كۇن شىققانعا دەيىنگى ۋاقىت قۇلشىلىق ەتەتىن ناعىز التىن ۋاقىت كەزەڭى، كۇندىز بەسىنمەن ەكىنتى اراسىنداعى ۇيقى دا پايدالى، ەكىنتىدەن كەيىنگى ۇيقى زياندى، ول ۋعا ۇقسايدى، تىم ءجايسىز ۇيقى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7322