You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7256
Сұхбат: Алла жолында болмаған өмір - босқа кеткен өмір (2023.11.22 / 1445-хижри 10-Жұмада әл-Ауал)
Исламбол (Стамбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Кім Алла Жәллә Жәләлухудың жолында болса ұдайы игілік үстінде болар, бұны айтып өттік, Алла Жәллә Жәләлухумен бірге болыңыз, Әл-Бақимен (Мәңгілік) бірге болыңыз, уақытша және өлімшті нәрселермен бірге болмаңыз, ендеше кімдер өледі? кімдер шын өлді? Алла Жәллә Жәләлухудың жолында болмағандар өледі, ал Алла Жәллә Жәләлухудың жолындағылар өлмейді, пайғамбарлар өлмейді, әулиелер өлмейді, сахабалар өлмейді, шахиттар өлмейді, олар мәңгілік-дүр, оларға қарсылар мейлі қайда болса да өлгендерден болмақ, олар нақ өлді, өліктер саналар, олар Алла Жәллә Жәләлухудың жолында болмаса, оларға еру еш пайда бермейді.

Алла Жәллә Жәләлуху адамдарға жәрдем еткей, оларға ақылмен түсінік бергей, адамдар да ой жүгірте білуі керек, ойлана білген жан сөзсіз жеңеді, Алла Жәллә Жәләлуху не үшін адамдарға ақыл беріп, хайуандарға бермеді? ақыл адамдардың ойланып, жеңіске жетулері үшін берілді, хайуандарға ақыл керек емес, оларды міндеті жеп-ішу, онан соң олардың жеуге келетіндері адам баласының қызметіне істетіледі, ал жеуге келмейтіндеріне Алла Жәллә Жәләлуху жағынан берілген өзге міндеттер бар, олар осы міндеттерін өтейді, бірақ адам баласына Алла Жәллә Жәләлухудан ақыл берілді, Ол ақылмен түсінік берді, егер олар оны істете білмесе, қателікке ұрынып, күнә жасайтын болады, себебі Алла Жәллә Жәләлуху «Мен саған осыбір нығыметті беріп едім, оны неге істетпедің? саған соншама көп нығыметтерді ұсынғам, неге оларды пайдаланбадың? сен өзіңді өзің құрттың, адамдардың артынан жүгірдің, сен Менің жолымнан қашып, шайтанның жолына түстің» деп айтатын болады.

Барлық адам өледі, шайтан да өледі, жындар да өледі, адамзат та өлер, егер олар Алла Жәллә Жәләлухудың жолында болмаса, оларға ілесу орасан зор хауіп әкеледі, демек Алла Жәллә Жәләлухудың жолында емес адамдарға ілеспеу керек, Алла Жәллә Жәләлухудың жолында болыңыз, тіпті сіз барлығын істей алмасаңыз да, «мен бұны істей алмаймын, бірақ мен игі адамдарға ілесемін, шайтанға ермеймін, менде қателік бар, күнә бар» деп айтыңыз, Алла Жәллә Жәләлуху сізді кешіретін болады, Ол күнәкарларды кешіре алады, бірақ сіз күнәкарлығыңызды қоймай «бұл дұрыс емес, менікі дұрыс» дейтін болсаңыз, өзіңізді құртатын боласыз, барлығынан айырыласыз.

Алла Жәллә Жәләлуху иманымызға қуат бергей, ақылымызға да қуат бергей, ақыл - адамның сәнмен көркі, демек адам көркі ақылымен кірер, ақылы жоқтармен олардың артынан жүгіріп жүргендер ессіз лағып жүрген бір қора қойға ұқсайды, олар - тобырлар, қоралы қойлар олардан көп жақсырақ, себебі олар керекке жарайды, ал ақылсыз адамдар залал әкелгеннен басқа ештеңе білмейді.

Алла Жәллә Жәләлуху исламға жәрдем бергей, біз ақырзаманда өмір сүріп жатқандықтан әр жерді бүлік-фитналар, арсыздықтар, тексіздіктер, мөралсыздықтар жаулап алған, олар жаманды жақсы, ал жақсыны жаман етіп көрсетуде, арлылықты қораш санайды, ұялатын іс көреді, олар Алла Жәллә Жәләлухудың жолында жүргендерге қарсы келеді, оларды ұнатпайды, алайда адамды Алла Жәллә Жәләлуху ұнатса болғаны, сол жеткілікті, егер бүкіл дүние жабылып келіп, оны ұнатпаса да, оның ешбір маңыздылығы жоқ, маңыздысы Алла Жәллә Жәләлухудың ризалығына жетуіңіз болмақ.

«إِلَهِي أَنْت َ مَقْصُو ْ دِي و َرضَاك َمَطْلُو ْ بِي» (о Алла, мақсатым - Өзіңіз, арманым - ризалығыңыз), демек, бар тілеріміз Алла Жәллә Жәләлухудан, бар сұрарымыз Бір Өзіңіз, о Алла Әззә уә-Жәллә! біздің тілегімізбен мақсатымыз Сіздің ризалығыңыз, қалап тұрғанымыз Сіздің ризалығыңыз, аса маңызды іс міне осы болмақ, егер сіз Алла Жәллә Жәләлухудың ризалығына жетсеңіз, егер сіз пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның ризалығымен махаббатына жетсеңіз болғаны, бұнан өткен маңызды шаруа болмас, ең маңызды шаруа осы, ол өте маңызды болып қана қалмастан, ол ең басты шаруа, оны ешқашан жәй санамаңыз.

Жұрт қазір «біз оқығанбыз, менің балам университетке түсті» дер, сонда қалай? иә, ол түсті, онан соң не болды? ол сізге, анасына айғайлап ұрсатын болды, ата-бабаларын балағаттап, өткенге тас ататын біреу болды, демек оған үйретілген нәрселер жақсы болмай шықты, балаңыз неге олай болып кетті? себебі сіз Алла Жәллә Жәләлухудың жолына ешбір маңыздылық бермедіңіз, оны көрсетпедіңіз, бірақ сіз «балам үшін ең маңызды нәрсе мектеп және университет» дедіңіз, ал олар университеттерді бітірген соң жұмыс таба алмайды, жұмыс іздегісі де келмес, мәселен, оларға қолөнер жәйлі айтар болсаңыз, олар оны мүлдем істегісі келмес, барлығы шетінен менменшіл өркөкірек келеді, оқып келгендері қызмет таба алмай жүр, алайда бұлар маңызды емес, басты мәселе олардың улануы болып отыр, олар сондай бір улы саналардың уытын ішпеуі керек еді, бірақ олар соны қабыл етті, ең қатерлісі осы болмақ, олар мектептерде оқысын делік, тіпті пайдасыз адам болсын-ақ, бірақ олар сондай уды қабыл етпеуге тиісті болатын, басты шаруа осы болып отыр.

Айтып өткеніміздей, ата-аналар балаларына жақсы көңіл бөлуі керек, олар ең әуелі, барлығынан бұрын балаға Алла Жәллә Жәләлухудың жолын көрсетуі керек, бала жеті жасынан намаз оқуды бастасын, он жасқа жеткенде оларға тіпті де көңіл бөлу керек, ерінбеңіз, жалқаулыққа салынбаңыз, «о ұлым, намаз оқы, о қызым, намаз оқы, бұл Алла Жәллә Жәләлухудың жолы» деп айтудан еш шаршамаңыз, міне бұл сіздің үйдегі міндетіңіз болмақ.

Алла Жәллә Жәләлуху бізге жәрдем еткей, барлығымыз сондай бір былық заманда өмір сүріп жатырмыз, бізді де қамтиды, мәселен, сәбилер бір жасқа келгенде, аналары олардың қолына осыбір машиналарды яғни телефондарды ұстатады да, бірдеңелерді көрсетіп қояды, олар осылай балаларының жылауын басар, балалары оны көріп отырар, ал аналары «демалғым келді» дер, кейін олардың балаларының санасы осы нәрселерге ғана беріліп кетеді де, сөйлей алмайтын болады, тіпті жағдай ұшығып, олар бөлмесінен шықпайтын болады, ал он жасқа келгенде ешкімге сөйлемес болар, айтып өткеніміздей, ата-аналар арасында жалқаулық өз шыңына жетті, олар балаларына қарағысы келмейді, оған ерінеді, олар бойкүйездіктің шыңына шықты, жұрт балаларына қарауды мүлдем қойып кетті.

Ертеде әйелдер 10-12 бала туатын әрі олардың әрбіріне жақсы қараушы еді, ал қазір оларда дияпыр (пампырыс), балалар тамағы т.б., білмедік, барлығы даяр бола тұра, тағы да жетіспей жатыр, осындай қолайлы бола тұра, олар жалғыз баласына қарауға ерінер. Біз Алла Жәллә Жәләлухудың Сахибты (Мәхди әлейхис-салам) жіберуін сұраймыз, басқа сұрарымыз жоқ, бүкіл дүниенің буыны ағытылып кетті де, ештеңені ұстап тұра алмай қалды, біз бұндай келеңсіз жағдайларды бұнда ғана емес, дүниенің әр жерінде көріп жүрміз, біз бұл арадан 10,000 км алыстағы мемлекеттерге де бардық, жердің арғы бетіне де бардық, солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа дейін барлығына бардық, бүкіл жер ұқсас, адамдар оны «ғаламдану (жәхандану, жершарылану)» деп атар, демек шайтан бүкіл адам баласын яғни барлығымызды бір қалыпқа салды, Англиядағы әйелдер болсын, бұндағылар болсын, барлығы ұқсас болып қалған, Жапониядағылар да сол, олар Малайзияда да, Индияда да ұқсас солай, демек олардың барлығы бір қалыпқа құйылып, оларға «жол міне осы, осыған еріңдер» делінген.

Иншалла, Мәхди әлейхис-салам бізге дұрыс жолды ашатын болады, бізде басқа ешбір үміт қалмады, алайда қасиетті пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам ақырзаманда Мәхди әлейхис-саламның келіп, барлығын жөнге салатын шүйіншілі хабарын жеткізген еді, бұл болары сөзсіз бір іс-дүр, ол барлығын түзеп, бүкіл дүниені мұсылман ететін болады, иншалла, біз бұл күндерге жақындап қалдық, себебі қазір күллі дүниені шайтанның әскерлерімен тажалдың әскерлері қоршап алды, барлық жер соларға толып кеткен, ертеде тажалдың әскерлері жоқ еді, демек олар тым аз болатұғын, бірақ қазіргі күнде жер жүзіндегі жәй адамдардың жартысынан көбі тажалдың әскері болып кетті, сондықтан уақыт тым таяп қалды, әрине солай, ол мүмкіндігінше тезден шыққай, иншалла, сонда біз солбір тамаша күндерді көретін боламыз, Алла Жәллә Жәләлуху бізді Мәхди әлейхис-саламға жеткізгей.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw



سۇحبات: اللا جولىندا بولماعان ءومىر - بوسقا كەتكەن ءومىر (2023.11.22 / 1445-حيجري 10-جۇمادا ءال-اۋال)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

كىم اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا بولسا ۇدايى يگىلىك ۇستىندە بولار، بۇنى ايتىپ وتتىك، اللا ءجاللا جالالۋحۋمەن بىرگە بولىڭىز، ءال-باقيمەن (ماڭگىلىك) بىرگە بولىڭىز، ۋاقىتشا جانە ءولىمشتى نارسەلەرمەن بىرگە بولماڭىز، ەندەشە كىمدەر ولەدى؟ كىمدەر شىن ءولدى؟ اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا بولماعاندار ولەدى، ال اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىنداعىلار ولمەيدى، پايعامبارلار ولمەيدى، اۋليەلەر ولمەيدى، ساحابالار ولمەيدى، شاحيتتار ولمەيدى، ولار ماڭگىلىك-ءدۇر، ولارعا قارسىلار مەيلى قايدا بولسا دا ولگەندەردەن بولماق، ولار ناق ءولدى، ولىكتەر سانالار، ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا بولماسا، ولارعا ەرۋ ەش پايدا بەرمەيدى.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ادامدارعا جاردەم ەتكەي، ولارعا اقىلمەن تۇسىنىك بەرگەي، ادامدار دا وي جۇگىرتە ءبىلۋى كەرەك، ويلانا بىلگەن جان ءسوزسىز جەڭەدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ نە ءۇشىن ادامدارعا اقىل بەرىپ، حايۋاندارعا بەرمەدى؟ اقىل ادامداردىڭ ويلانىپ، جەڭىسكە جەتۋلەرى ءۇشىن بەرىلدى، حايۋاندارعا اقىل كەرەك ەمەس، ولاردى مىندەتى جەپ-ءىشۋ، ونان سوڭ ولاردىڭ جەۋگە كەلەتىندەرى ادام بالاسىنىڭ قىزمەتىنە ىستەتىلەدى، ال جەۋگە كەلمەيتىندەرىنە اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ جاعىنان بەرىلگەن وزگە مىندەتتەر بار، ولار وسى مىندەتتەرىن وتەيدى، ءبىراق ادام بالاسىنا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان اقىل بەرىلدى، ول اقىلمەن تۇسىنىك بەردى، ەگەر ولار ونى ىستەتە بىلمەسە، قاتەلىككە ۇرىنىپ، كۇنا جاسايتىن بولادى، سەبەبى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ «مەن ساعان ءوسىبىر نىعىمەتتى بەرىپ ەدىم، ونى نەگە ىستەتپەدىڭ؟ ساعان سونشاما كوپ نىعىمەتتەردى ۇسىنعام، نەگە ولاردى پايدالانبادىڭ؟ سەن ءوزىڭدى ءوزىڭ قۇرتتىڭ، ادامداردىڭ ارتىنان جۇگىردىڭ، سەن مەنىڭ جولىمنان قاشىپ، شايتاننىڭ جولىنا ءتۇستىڭ» دەپ ايتاتىن بولادى.

بارلىق ادام ولەدى، شايتان دا ولەدى، جىندار دا ولەدى، ادامزات تا ولەر، ەگەر ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا بولماسا، ولارعا ىلەسۋ وراسان زور ءحاۋىپ اكەلەدى، دەمەك اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا ەمەس ادامدارعا ىلەسپەۋ كەرەك، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا بولىڭىز، ءتىپتى ءسىز بارلىعىن ىستەي الماساڭىز دا، «مەن بۇنى ىستەي المايمىن، ءبىراق مەن يگى ادامدارعا ىلەسەمىن، شايتانعا ەرمەيمىن، مەندە قاتەلىك بار، كۇنا بار» دەپ ايتىڭىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءسىزدى كەشىرەتىن بولادى، ول كۇناكارلاردى كەشىرە الادى، ءبىراق ءسىز كۇناكارلىعىڭىزدى قويماي «بۇل دۇرىس ەمەس، مەنىكى دۇرىس» دەيتىن بولساڭىز، ءوزىڭىزدى قۇرتاتىن بولاسىز، بارلىعىنان ايىرىلاسىز.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ يمانىمىزعا قۋات بەرگەي، اقىلىمىزعا دا قۋات بەرگەي، اقىل - ادامنىڭ سانمەن كوركى، دەمەك ادام كوركى اقىلىمەن كىرەر، اقىلى جوقتارمەن ولاردىڭ ارتىنان جۇگىرىپ جۇرگەندەر ەسسىز لاعىپ جۇرگەن ءبىر قورا قويعا ۇقسايدى، ولار - توبىرلار، قورالى قويلار ولاردان كوپ جاقسىراق، سەبەبى ولار كەرەككە جارايدى، ال اقىلسىز ادامدار زالال اكەلگەننەن باسقا ەشتەڭە بىلمەيدى.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ يسلامعا جاردەم بەرگەي، ءبىز اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتقاندىقتان ءار جەردى بۇلىك-فيتنالار، ارسىزدىقتار، تەكسىزدىكتەر، ءمورالسىزدىقتار جاۋلاپ العان، ولار جاماندى جاقسى، ال جاقسىنى جامان ەتىپ كورسەتۋدە، ارلىلىقتى قوراش سانايدى، ۇيالاتىن ءىس كورەدى، ولار اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىندا جۇرگەندەرگە قارسى كەلەدى، ولاردى ۇناتپايدى، الايدا ادامدى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ۇناتسا بولعانى، سول جەتكىلىكتى، ەگەر بۇكىل دۇنيە جابىلىپ كەلىپ، ونى ۇناتپاسا دا، ونىڭ ەشبىر ماڭىزدىلىعى جوق، ماڭىزدىسى اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ريزالىعىنا جەتۋىڭىز بولماق.

«إِلَهِي أَنْت َ مَقْصُو ْ دِي و َرضَاك َمَطْلُو ْ بِي» (و اللا، ماقساتىم - ءوزىڭىز، ارمانىم - ريزالىعىڭىز)، دەمەك، بار تىلەرىمىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان، بار سۇرارىمىز ءبىر ءوزىڭىز، و اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا! ءبىزدىڭ تىلەگىمىزبەن ماقساتىمىز ءسىزدىڭ ريزالىعىڭىز، قالاپ تۇرعانىمىز ءسىزدىڭ ريزالىعىڭىز، اسا ماڭىزدى ءىس مىنە وسى بولماق، ەگەر ءسىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ريزالىعىنا جەتسەڭىز، ەگەر ءسىز پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ ريزالىعىمەن ماحابباتىنا جەتسەڭىز بولعانى، بۇنان وتكەن ماڭىزدى شارۋا بولماس، ەڭ ماڭىزدى شارۋا وسى، ول وتە ماڭىزدى بولىپ قانا قالماستان، ول ەڭ باستى شارۋا، ونى ەشقاشان ءجاي ساناماڭىز.

جۇرت ءقازىر «ءبىز وقىعانبىز، مەنىڭ بالام ۋنيۆەرسيتەتكە ءتۇستى» دەر، سوندا قالاي؟ ءيا، ول ءتۇستى، ونان سوڭ نە بولدى؟ ول سىزگە، اناسىنا ايعايلاپ ۇرساتىن بولدى، اتا-بابالارىن بالاعاتتاپ، وتكەنگە تاس اتاتىن بىرەۋ بولدى، دەمەك وعان ۇيرەتىلگەن نارسەلەر جاقسى بولماي شىقتى، بالاڭىز نەگە ولاي بولىپ كەتتى؟ سەبەبى ءسىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىنا ەشبىر ماڭىزدىلىق بەرمەدىڭىز، ونى كورسەتپەدىڭىز، ءبىراق ءسىز «بالام ءۇشىن ەڭ ماڭىزدى نارسە مەكتەپ جانە ۋنيۆەرسيتەت» دەدىڭىز، ال ولار ۋنيۆەرسيتەتتەردى بىتىرگەن سوڭ جۇمىس تابا المايدى، جۇمىس ىزدەگىسى دە كەلمەس، ماسەلەن، ولارعا قولونەر ءجايلى ايتار بولساڭىز، ولار ونى مۇلدەم ىستەگىسى كەلمەس، بارلىعى شەتىنەن مەنمەنشىل وركوكىرەك كەلەدى، وقىپ كەلگەندەرى قىزمەت تابا الماي ءجۇر، الايدا بۇلار ماڭىزدى ەمەس، باستى ماسەلە ولاردىڭ ۋلانۋى بولىپ وتىر، ولار سونداي ءبىر ۋلى سانالاردىڭ ۋىتىن ىشپەۋى كەرەك ەدى، ءبىراق ولار سونى قابىل ەتتى، ەڭ قاتەرلىسى وسى بولماق، ولار مەكتەپتەردە وقىسىن دەلىك، ءتىپتى پايداسىز ادام بولسىن-اق، ءبىراق ولار سونداي ۋدى قابىل ەتپەۋگە ءتيىستى بولاتىن، باستى شارۋا وسى بولىپ وتىر.

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، اتا-انالار بالالارىنا جاقسى كوڭىل ءبولۋى كەرەك، ولار ەڭ اۋەلى، بارلىعىنان بۇرىن بالاعا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولىن كورسەتۋى كەرەك، بالا جەتى جاسىنان ناماز وقۋدى باستاسىن، ون جاسقا جەتكەندە ولارعا ءتىپتى دە كوڭىل ءبولۋ كەرەك، ەرىنبەڭىز، جالقاۋلىققا سالىنباڭىز، «و ۇلىم، ناماز وقى، و قىزىم، ناماز وقى، بۇل اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ جولى» دەپ ايتۋدان ەش شارشاماڭىز، مىنە بۇل ءسىزدىڭ ۇيدەگى مىندەتىڭىز بولماق.

اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بىزگە جاردەم ەتكەي، بارلىعىمىز سونداي ءبىر بىلىق زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ءبىزدى دە قامتيدى، ماسەلەن، سابيلەر ءبىر جاسقا كەلگەندە، انالارى ولاردىڭ قولىنا ءوسىبىر ماشينالاردى ياعني تەلەفونداردى ۇستاتادى دا، بىردەڭەلەردى كورسەتىپ قويادى، ولار وسىلاي بالالارىنىڭ جىلاۋىن باسار، بالالارى ونى كورىپ وتىرار، ال انالارى «دەمالعىم كەلدى» دەر، كەيىن ولاردىڭ بالالارىنىڭ ساناسى وسى نارسەلەرگە عانا بەرىلىپ كەتەدى دە، سويلەي المايتىن بولادى، ءتىپتى جاعداي ۇشىعىپ، ولار بولمەسىنەن شىقپايتىن بولادى، ال ون جاسقا كەلگەندە ەشكىمگە سويلەمەس بولار، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، اتا-انالار اراسىندا جالقاۋلىق ءوز شىڭىنا جەتتى، ولار بالالارىنا قاراعىسى كەلمەيدى، وعان ەرىنەدى، ولار بويكۇيەزدىكتىڭ شىڭىنا شىقتى، جۇرت بالالارىنا قاراۋدى مۇلدەم قويىپ كەتتى.

ەرتەدە ايەلدەر 10-12 بالا تۋاتىن ءارى ولاردىڭ اربىرىنە جاقسى قاراۋشى ەدى، ال ءقازىر ولاردا دياپىر (پامپىرىس)، بالالار تاماعى ت.ب.، بىلمەدىك، بارلىعى دايار بولا تۇرا، تاعى دا جەتىسپەي جاتىر، وسىنداي قولايلى بولا تۇرا، ولار جالعىز بالاسىنا قاراۋعا ەرىنەر. ءبىز اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ساحيبتى (ءماحدي الەيحيس-سالام) جىبەرۋىن سۇرايمىز، باسقا سۇرارىمىز جوق، بۇكىل دۇنيەنىڭ بۋىنى اعىتىلىپ كەتتى دە، ەشتەڭەنى ۇستاپ تۇرا الماي قالدى، ءبىز بۇنداي كەلەڭسىز جاعدايلاردى بۇندا عانا ەمەس، دۇنيەنىڭ ءار جەرىندە كورىپ ءجۇرمىز، ءبىز بۇل ارادان 10،000 كم الىستاعى مەملەكەتتەرگە دە باردىق، جەردىڭ ارعى بەتىنە دە باردىق، سولتۇستىكتەن وڭتۇستىككە، شىعىستان باتىسقا دەيىن بارلىعىنا باردىق، بۇكىل جەر ۇقساس، ادامدار ونى «عالامدانۋ (ءجاحاندانۋ، جەرشارىلانۋ)» دەپ اتار، دەمەك شايتان بۇكىل ادام بالاسىن ياعني بارلىعىمىزدى ءبىر قالىپقا سالدى، انگلياداعى ايەلدەر بولسىن، بۇنداعىلار بولسىن، بارلىعى ۇقساس بولىپ قالعان، جاپونياداعىلار دا سول، ولار مالايزيادا دا، ينديادا دا ۇقساس سولاي، دەمەك ولاردىڭ بارلىعى ءبىر قالىپقا قۇيىلىپ، ولارعا «جول مىنە وسى، وسىعان ەرىڭدەر» دەلىنگەن.

ينشاللا، ءماحدي الەيحيس-سالام بىزگە دۇرىس جولدى اشاتىن بولادى، بىزدە باسقا ەشبىر ءۇمىت قالمادى، الايدا قاسيەتتى پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام اقىرزاماندا ءماحدي الەيحيس-سالامنىڭ كەلىپ، بارلىعىن جونگە سالاتىن ءشۇيىنشىلى حابارىن جەتكىزگەن ەدى، بۇل بولارى ءسوزسىز ءبىر ءىس-ءدۇر، ول بارلىعىن تۇزەپ، بۇكىل دۇنيەنى مۇسىلمان ەتەتىن بولادى، ينشاللا، ءبىز بۇل كۇندەرگە جاقىنداپ قالدىق، سەبەبى ءقازىر كۇللى دۇنيەنى شايتاننىڭ اسكەرلەرىمەن تاجالدىڭ اسكەرلەرى قورشاپ الدى، بارلىق جەر سولارعا تولىپ كەتكەن، ەرتەدە تاجالدىڭ اسكەرلەرى جوق ەدى، دەمەك ولار تىم از بولاتۇعىن، ءبىراق قازىرگى كۇندە جەر جۇزىندەگى ءجاي ادامداردىڭ جارتىسىنان كوبى تاجالدىڭ اسكەرى بولىپ كەتتى، سوندىقتان ۋاقىت تىم تاياپ قالدى، ارينە سولاي، ول مۇمكىندىگىنشە تەزدەن شىققاي، ينشاللا، سوندا ءبىز ءسولبىر تاماشا كۇندەردى كورەتىن بولامىز، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى ءماحدي الەيحيس-سالامعا جەتكىزگەي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7256