You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7093
ЕЛДІКТІ АЛЛА НӘСІП ЕТЕДІ, ОНЫҢ АЛЛА АЛДЫНДАҒЫ ХАҚЫСЫ ӨТЕЛІНУІ КЕРЕК

Егемен ел неге берілді? егемендік бейне өз отауың бар болғанға ұқсайды, еркін боласың, бірақ егемендікті Алла нәсіп етеді, соншама таласса да дербес елі жоқ елдер қаншама, бір оқ атпай, бір түнде қалай егемен ел болғанын білмей қалған елдер де бар, алайда Алла мемлекетті бос мақтанға я ысырап етуге бермеді, оны "жеріміз дүниеде бәленше үлкен жер еді, асты толған байлық еді" деп өзің де, қара халық та қызығын көре алмаған нәрселерімен мақтану үшін берген жоқ, бұлар құр алданыш, нәпси дүниелер, Алла мемлекетті "өзіме құлшылық ет, маған, жолыма, исламға қызмет ет" деп берді, ғибадатыңа қолайлы болу үшін берді, ал бұлар істелінбесе, ол егемендік ысырап болған егемендік, ысырап болған елдік, ысырап болған нығымет болмақ, елдік - Алладан берілген зор нығымет, ол кәдімгі денсаулық сияқты зор нығымет, денсаулығы жоқ адам құлшылық та қыла алмайды емеспе, егемен елдік те дәл сондай нығымет, мұсылман үшін билік исламды, құлшылықты шектемесе болғаны сол жетеді, бұндайда билікке қарсы шығуға болмайды, бағыну керек, ал батыстан кірген "адам ұқығы, хюман-райт" деген нәрселер, шындығында шайтанмен шайтани адамдардың ұқығын қорғауға арналған нәрселер, ол батыстың мәлім елдің ішкі ісіне араласу үшін шығарған айлалары, ол сенің емес, олардың ұқығын қорғайды, егемендікті Алла жолына істетсе ғана, оның құны өтеледі, әйтпесе ол бос дүние үшін ысырап болған егемендік болар, ақиретте де одан пайда келмес, тіпті залал әкелер, себебі еркіндік жаман іске пайдаланылуы мүмкін, бұндайда егемендікте бола тұра ел-жұрттың құты қашар, берекесі кетер, егемендік бос кетпеуі керек, ол Алла жолына арналса, ондағы халықтың діл, тіл, руханият ісі барлығы орнына түседі, әйтпесе оның қадірін өзің кетірерсің, егемендікті Алла жолына пайдалана білген жан егемендіктің хақысын шын өтеген жан болмақ.

ەلدىكتى اللا ءناسىپ ەتەدى، ونىڭ اللا الدىنداعى حاقىسى وتەلىنۋى كەرەك

ەگەمەن ەل نەگە بەرىلدى؟ ەگەمەندىك بەينە ءوز وتاۋىڭ بار بولعانعا ۇقسايدى، ەركىن بولاسىڭ، ءبىراق ەگەمەندىكتى اللا ءناسىپ ەتەدى، سونشاما تالاسسا دا دەربەس ەلى جوق ەلدەر قانشاما، ءبىر وق اتپاي، ءبىر تۇندە قالاي ەگەمەن ەل بولعانىن بىلمەي قالعان ەلدەر دە بار، الايدا اللا مەملەكەتتى بوس ماقتانعا يا ىسىراپ ەتۋگە بەرمەدى، ونى "جەرىمىز دۇنيەدە بالەنشە ۇلكەن جەر ەدى، استى تولعان بايلىق ەدى" دەپ ءوزىڭ دە، قارا حالىق تا قىزىعىن كورە الماعان نارسەلەرىمەن ماقتانۋ ءۇشىن بەرگەن جوق، بۇلار قۇر الدانىش، ءناپسي دۇنيەلەر، اللا مەملەكەتتى "وزىمە قۇلشىلىق ەت، ماعان، جولىما، يسلامعا قىزمەت ەت" دەپ بەردى، عيباداتىڭا قولايلى بولۋ ءۇشىن بەردى، ال بۇلار ىستەلىنبەسە، ول ەگەمەندىك ىسىراپ بولعان ەگەمەندىك، ىسىراپ بولعان ەلدىك، ىسىراپ بولعان نىعىمەت بولماق، ەلدىك - اللادان بەرىلگەن زور نىعىمەت، ول كادىمگى دەنساۋلىق سياقتى زور نىعىمەت، دەنساۋلىعى جوق ادام قۇلشىلىق تا قىلا المايدى ەمەسپە، ەگەمەن ەلدىك تە ءدال سونداي نىعىمەت، مۇسىلمان ءۇشىن بيلىك يسلامدى، قۇلشىلىقتى شەكتەمەسە بولعانى سول جەتەدى، بۇندايدا بيلىككە قارسى شىعۋعا بولمايدى، باعىنۋ كەرەك، ال باتىستان كىرگەن "ادام ۇقىعى، حيۋمان-رايت" دەگەن نارسەلەر، شىندىعىندا شايتانمەن شايتاني ادامداردىڭ ۇقىعىن قورعاۋعا ارنالعان نارسەلەر، ول باتىستىڭ ءمالىم ەلدىڭ ىشكى ىسىنە ارالاسۋ ءۇشىن شىعارعان ايلالارى، ول سەنىڭ ەمەس، ولاردىڭ ۇقىعىن قورعايدى، ەگەمەندىكتى اللا جولىنا ىستەتسە عانا، ونىڭ قۇنى وتەلەدى، ايتپەسە ول بوس دۇنيە ءۇشىن ىسىراپ بولعان ەگەمەندىك بولار، اقيرەتتە دە ودان پايدا كەلمەس، ءتىپتى زالال اكەلەر، سەبەبى ەركىندىك جامان ىسكە پايدالانىلۋى مۇمكىن، بۇندايدا ەگەمەندىكتە بولا تۇرا ەل-جۇرتتىڭ قۇتى قاشار، بەرەكەسى كەتەر، ەگەمەندىك بوس كەتپەۋى كەرەك، ول اللا جولىنا ارنالسا، ونداعى حالىقتىڭ ءدىل، ءتىل، رۋحانيات ءىسى بارلىعى ورنىنا تۇسەدى، ايتپەسە ونىڭ ءقادىرىن ءوزىڭ كەتىرەرسىڭ، ەگەمەندىكتى اللا جولىنا پايدالانا بىلگەن جان ەگەمەندىكتىڭ حاقىسىن شىن وتەگەن جان بولماق.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=7093