You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6712
Сұхбат: орта азиядан шыққан бір тажал (2023.04.23, 03 Шаууал 1444)
Исламбол (Стамбул), Түркия

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّ الدِّينَ عِندَ اللَّهِ الْإِسْلَامُ» (расында, Алланың қасындағы дін ислам) (құран 03:19), Алла Жәллә Жәләлухудың қасындағы дін - ислам діні, барлық пайғамбарлар ислам діні бойынша іс атқарған, Алла Жәллә Жәләлухудың діні ислам-дүр, одан басқа дін жоқ, адамдар «дін-аралық, сенім-аралық» деген бірдеңені айтып жүр, бірақ бұндай ешнәрсе жоқ, себебі исламнан басқа дін жоқ, Адам пайғамбар әлейхис-саламнан бастап, біздің пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға дейінгі дін ислам діні болған.

Ислам дінінде не әмір етілсе, осы ұқсас нәрселер шәриғатпен тәриқат жағынан да әмір етіледі, тәриқатпен шәриғат бір, олар ұқсамайтын нәрсе емес, олар - ислам, олар - исламды көрсететін жолдар, сонымен бірге олар пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның жолы.

Әрине, оған қарама-қайшы келген шайтанның сенімдері бар, ал жұрт болса бұларды да «дін» деп жүр, бұл сенімдермен шайтанның бар айтқанын істейтіндер адамдарға «Алла Әззә уә-Жәлләға құлшылық етпеңдер, келіңдер! басқа нәрселерге құлшылық етіңдер» дейді, осындай нәрселермен жұртты адастырып жіберген адамдар көп, ал қазір бұндай адамдар әр жерде қаптап жүр. Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның кезінде де өтірікшілер болған, жалған пайғамбарлар шыққан, олар көп болатын, бірақ олардың барлығы жоқ болды, анығырақ айтар болсақ, олар құрып жоғалды.

Пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның мұғжизалары болған, ал бұнда құран оның ең үлкен мұғжизасы, оның бұдан басқа да көптеген мұғжизалары бар, мәселен, ол сусыз жерден, қолынан су шығарған, Сәйдина Әли қазіреттің көзіне бір түкіргенде, оны көзі жазылған, мәлім сахабаның көзі соғыста ағып, қолына түсіп қалғанда, оны орнына әкелген әрі оны емдеп әуелгі сап-сау қалпына келтірген ... Айта берсек, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның осы сияқты мұғжизалары өте көп.

Жалған пайғамбарлардың әсері керісінше болып, ісі теріс келетін еді, сондай жалған пайғамбардың бірі Мұсайлимах әл-Кәззаб еді, оның мағынасы «Мұсайлимах суайыт» деген сөз. Бірде оған бір көзі ауырған біреу барады, ал Мұсайлимах әл-Кәззаб оның көзіне бір түкіргенде, оның екі көзі бірдей соқыр болып қалады, тағы бірде ол аздап суы бар құдыққа түкіргенде, ол құдықтың суы мүлдем құрғап, жоқ боп кетеді, Алла Жәллә Жәләлуху олардың абыройын осылай түсірген, алайда, осылай бола тұра оларға көптеген ақымақ адамдар еріп алады, оларға сенеді, бұндай адамдар өте көп. Соңында Мұсайлимах әл-Кәззаб бір соғыста мәлім бекіністе өлтірілді, оның 90000 адамы да сонда бірге өлтірілді, олар кәпір еді, себебі олар Мұсайлимах әл-Кәззабпен бір болып, дінді тастаған еді, олар да сонда өліп, онымен бірге құрыды, оларға босқа қырылды, ол соғыста 20-30 мың сахаба шахит болды, ал оның ішінде құранды жүрегімен жатқа білетін 800 қари бар еді. Мұсайлимах әл-Кәззаб өзін пайғамбар жәриялап, бір кітап шығарады әрі жұртты сол кітап бойынша құлшылық етуге шақыратын, ол Иемен хадрамаут жақтан шыққан суайыт болатын, оны сахаба Уахши өлтірді, Уахши мұсылман болған соң, «кәпірден өлтіретін дұшпаным Сәйдина Хамзаның дәрежесіне тең болуы керек» дейтін еді.

Көптеген адамдар тура жолды тастап кетті де, не істерін білмей жүр, олар өздерін өздері құртуда, осындай ұқсас (қыңыр) жол сонау пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламның кезінен бастап, қазірге дейін келе жатыр, әр күні әр жерде шығып жатқан жаңа дүниелерді ұдайы естіп жүрсіздер, оның кейбірі кіші болса, кейбір үлкен хабар болып келеді.

Біздің дінімізбен тәриқатымыз (жолымыз) анық, жолымыз хаққа (ақиқатқа), шәриғатқа, құранға, сүннетке құрылған әрі ол пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-саламға жалғанған, кімде-кім бұдан шығып кетсе, ол біздің тәриқатымызда қабыл етілмейді, біз оларды қабыл етпейміз. Бұнда кейбіреулер біздің атымызды жамылып, «рұхсат алдым» деп адамдарды өзге жолдарға салып, адастырып жүр екен, олардың бізбен еш қатысы жоқ, біз оларға ижәзә (рұқсат куәлік) бергенде, оның ішінде «біздің ижәзә шәриғатпен тәриқат рұхсат етілген істерді тәриқат жолында істеуіне рұхсат береді, ал кім бұның сыртында іс қылса, оның ижәзәсі өздігінен күшінен қалдырылады әрі біздің олармен байланысымыз жоқ, біз оларға Алла Жәллә Жәләлухудан қорқуға кеңес береміз» деп жазылған.

Кеше біз тіпті сүркейлі жаңа бір хабар естідік, пайғамбарымыз саллал-лаху әлейхис-салам «ақырзаманда тажалдар пайда болады, олардың ең үлкені ең соңында шығады, бірақ одан бұрын көптеген (кіші) тажалдар шығады» деп айтқан еді. Қазір орта азияда бір бүлік (фитна) болуда, онда біреу шығып, ерсі және бұзық істерді істеп жүр, ол нағыз (адам) тажалдың бірі-дүр, ол барлық ластықтармен сұмдықтарды істеуде, оның істегендері тым бұзық, кесірге толы, ол «мен шайықтан (бізден) рұхсат (ижәзә) алғам» деп ұрандатып жүр, бірақ бұнда оған ондай рұхсат жоқ, бұзықтыққа еш рұхсат берілмейді, біз шәриғатқа кері ағар болған нәрселерге ешқашан рұхсат бермейміз, бауырлар бұны бөлісіп, таратуы керек, себебі шайтан тура жолда жүргендерге «біз сендерді көтеріп, дәрежелеріңді жоғарлатамыз, бізге 1000 доллар төлесең болды, біз сендерді жоғары дәрежеге жеткіземіз» деп шабуыл жасауда, онан соң олар адамдарға барлық жаман, лас істерді істеуде, ал адамдар болса жолдан шығуда, сонымен бірге сан түрлі мәселелер оларды шыр айналуда, жын және барлық кесірлі нәрселер оларға тисуде, құтыру, жындану не жын болсын, соларға қаптауда, демек, барлық мәселелер соларға келіп жатыр.

Сондықтан, бұндай адамдардан сақ болып, оларды жіті қадағалау керек, егер сіз бір істі күмәнді сезінсеңіз, оны сұрап анықтап алыңыз, әр жерде хабарласып, қатысты мәселелерді сұрасатын бауырларымыз бар, істі солардан сұрап көріңіз. Қазір сан түрлі лас дүниелерді ортақтасып, бөлісіп, таратып отыратын машиналар (компютор, қолфон т.б.) бар, бірақ біз бұл машиналарды жақсы іске істетуімізге болады, онда қатсыты сұрақтарды сұрап, мейлі шын я жалған болсын, оған мәлім жауап ала аласыз, мәселен, ел онда «бұл адам бізге мынаны айтып, бәлен істі істеуге шақырды, ол ісі жөн емес сияқты, бұл қалай?» деп айтуына болады, әрине, ол істер дұрыс сезілмейді, олардың істеп жатқан істері қалыпты адамдар үшін дұрыс іс емес.

Сондықтан, сіз аса сақ болыңыз, әр заманда көптеген Мұсайлимах әл-Кәззаб, көптеген тажалдар болған, олардан сақтаныңыз, олар бұнда ғана емес, мәңгілік өкінішке қалдырады, оларға алданып «дәрежемді арттырып, жәннәтқа барам» деп жүріп, тозаққа түсіп кетпеңіз, себебі олардың ісі адамды төтесінен дінмен иманнан шығарып жібереді, алдамшыларға нәпсі қалауларына ерген адамдар алданады, Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай.

Орта азиядағы ел-жұрт дінге шөліркеп жүр, олар «осыбір адамдар діншіл және мұсылман ғой» деп ойлап, оларға еріп жүр, ал сіздер ондай адамдарға алданбаңыздар, олардан сақтаныңыздар, олардың жаман адам екендіктері олардың жүзінен де білініп тұрады, олардың жүзінде мейіріммен жылылық болмас, Алла Жәллә Жәләлуху бұны олардан месих еткен (өшірген), жұрт оны «"әл-Мәсих" әд-Дажжал» дер, олар дәл осындай болады, олардың жүздері бір-бірімен араласып кеткен, оларда көрерлік бет қалмаған, жүздері өте ұсқынсыз келер. Алла Жәллә Жәләлуху бізді панасына алғай, бізді олардың кесірлерінен сақтағай, Алла Жәллә Жәләлуху мұсылмандармен ел-жұртты олардың жамандықтарынан қорғағай, иншалла.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани, Нақышбанд Тәриқатының 41-Әулие Шайқы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw




سۇحبات: ورتا ازيادان شىققان ءبىر تاجال (2023.04.23، 03 شاۋۋال 1444)
يسلامبول (ستامبۋل)، تۇركيا

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إِنَّ الدِّينَ عِندَ اللَّهِ الْإِسْلَامُ» (راسىندا، اللانىڭ قاسىنداعى ءدىن يسلام) (قۇران 03:19)، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ قاسىنداعى ءدىن - يسلام ءدىنى، بارلىق پايعامبارلار يسلام ءدىنى بويىنشا ءىس اتقارعان، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدىڭ ءدىنى يسلام-ءدۇر، ودان باسقا ءدىن جوق، ادامدار «ءدىن-ارالىق، سەنىم-ارالىق» دەگەن بىردەڭەنى ايتىپ ءجۇر، ءبىراق بۇنداي ەشنارسە جوق، سەبەبى يسلامنان باسقا ءدىن جوق، ادام پايعامبار الەيحيس-سالامنان باستاپ، ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا دەيىنگى ءدىن يسلام ءدىنى بولعان.

يسلام دىنىندە نە ءامىر ەتىلسە، وسى ۇقساس نارسەلەر شاريعاتپەن ءتاريقات جاعىنان دا ءامىر ەتىلەدى، تاريقاتپەن ءشاريعات ءبىر، ولار ۇقسامايتىن نارسە ەمەس، ولار - يسلام، ولار - يسلامدى كورسەتەتىن جولدار، سونىمەن بىرگە ولار پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ جولى.

ارينە، وعان قاراما-قايشى كەلگەن شايتاننىڭ سەنىمدەرى بار، ال جۇرت بولسا بۇلاردى دا «ءدىن» دەپ ءجۇر، بۇل سەنىمدەرمەن شايتاننىڭ بار ايتقانىن ىستەيتىندەر ادامدارعا «اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قۇلشىلىق ەتپەڭدەر، كەلىڭدەر! باسقا نارسەلەرگە قۇلشىلىق ەتىڭدەر» دەيدى، وسىنداي نارسەلەرمەن جۇرتتى اداستىرىپ جىبەرگەن ادامدار كوپ، ال ءقازىر بۇنداي ادامدار ءار جەردە قاپتاپ ءجۇر. پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ كەزىندە دە وتىرىكشىلەر بولعان، جالعان پايعامبارلار شىققان، ولار كوپ بولاتىن، ءبىراق ولاردىڭ بارلىعى جوق بولدى، انىعىراق ايتار بولساق، ولار قۇرىپ جوعالدى.

پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ مۇعجيزالارى بولعان، ال بۇندا قۇران ونىڭ ەڭ ۇلكەن مۇعجيزاسى، ونىڭ بۇدان باسقا دا كوپتەگەن مۇعجيزالارى بار، ماسەلەن، ول سۋسىز جەردەن، قولىنان سۋ شىعارعان، ءسايدينا ءالي قازىرەتتىڭ كوزىنە ءبىر تۇكىرگەندە، ونى كوزى جازىلعان، ءمالىم ساحابانىڭ كوزى سوعىستا اعىپ، قولىنا ءتۇسىپ قالعاندا، ونى ورنىنا اكەلگەن ءارى ونى ەمدەپ اۋەلگى ساپ-ساۋ قالپىنا كەلتىرگەن ... ايتا بەرسەك، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ وسى سياقتى مۇعجيزالارى وتە كوپ.

جالعان پايعامبارلاردىڭ اسەرى كەرىسىنشە بولىپ، ءىسى تەرىس كەلەتىن ەدى، سونداي جالعان پايعامباردىڭ ءبىرى مۇسايليماح ءال-كاززاب ەدى، ونىڭ ماعىناسى «مۇسايليماح سۋايىت» دەگەن ءسوز. بىردە وعان ءبىر كوزى اۋىرعان بىرەۋ بارادى، ال مۇسايليماح ءال-كاززاب ونىڭ كوزىنە ءبىر تۇكىرگەندە، ونىڭ ەكى كوزى بىردەي سوقىر بولىپ قالادى، تاعى بىردە ول ازداپ سۋى بار قۇدىققا تۇكىرگەندە، ول قۇدىقتىڭ سۋى مۇلدەم قۇرعاپ، جوق بوپ كەتەدى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ولاردىڭ ابىرويىن وسىلاي تۇسىرگەن، الايدا، وسىلاي بولا تۇرا ولارعا كوپتەگەن اقىماق ادامدار ەرىپ الادى، ولارعا سەنەدى، بۇنداي ادامدار وتە كوپ. سوڭىندا مۇسايليماح ءال-كاززاب ءبىر سوعىستا ءمالىم بەكىنىستە ءولتىرىلدى، ونىڭ 90000 ادامى دا سوندا بىرگە ءولتىرىلدى، ولار كاپىر ەدى، سەبەبى ولار مۇسايليماح ءال-كاززابپەن ءبىر بولىپ، ءدىندى تاستاعان ەدى، ولار دا سوندا ءولىپ، ونىمەن بىرگە قۇرىدى، ولارعا بوسقا قىرىلدى، ول سوعىستا 20-30 مىڭ ساحابا شاحيت بولدى، ال ونىڭ ىشىندە قۇراندى جۇرەگىمەن جاتقا بىلەتىن 800 قاري بار ەدى. مۇسايليماح ءال-كاززاب ءوزىن پايعامبار ءجاريالاپ، ءبىر كىتاپ شىعارادى ءارى جۇرتتى سول كىتاپ بويىنشا قۇلشىلىق ەتۋگە شاقىراتىن، ول يەمەن حادراماۋت جاقتان شىققان سۋايىت بولاتىن، ونى ساحابا ۋاحشي ءولتىردى، ۋاحشي مۇسىلمان بولعان سوڭ، «كاپىردەن ولتىرەتىن دۇشپانىم ءسايدينا حامزانىڭ دارەجەسىنە تەڭ بولۋى كەرەك» دەيتىن ەدى.

كوپتەگەن ادامدار تۋرا جولدى تاستاپ كەتتى دە، نە ىستەرىن بىلمەي ءجۇر، ولار وزدەرىن وزدەرى قۇرتۋدا، وسىنداي ۇقساس (قىڭىر) جول سوناۋ پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامنىڭ كەزىنەن باستاپ، قازىرگە دەيىن كەلە جاتىر، ءار كۇنى ءار جەردە شىعىپ جاتقان جاڭا دۇنيەلەردى ۇدايى ەستىپ جۇرسىزدەر، ونىڭ كەيبىرى كىشى بولسا، كەيبىر ۇلكەن حابار بولىپ كەلەدى.

ءبىزدىڭ دىنىمىزبەن ءتاريقاتىمىز (جولىمىز) انىق، جولىمىز حاققا (اقيقاتقا)، ءشاريعاتقا، قۇرانعا، سۇننەتكە قۇرىلعان ءارى ول پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالامعا جالعانعان، كىمدە-كىم بۇدان شىعىپ كەتسە، ول ءبىزدىڭ ءتاريقاتىمىزدا قابىل ەتىلمەيدى، ءبىز ولاردى قابىل ەتپەيمىز. بۇندا كەيبىرەۋلەر ءبىزدىڭ اتىمىزدى جامىلىپ، «رۇحسات الدىم» دەپ ادامداردى وزگە جولدارعا سالىپ، اداستىرىپ ءجۇر ەكەن، ولاردىڭ بىزبەن ەش قاتىسى جوق، ءبىز ولارعا ءيجازا (رۇقسات كۋالىك) بەرگەندە، ونىڭ ىشىندە «ءبىزدىڭ ءيجازا شاريعاتپەن ءتاريقات رۇحسات ەتىلگەن ىستەردى ءتاريقات جولىندا ىستەۋىنە رۇحسات بەرەدى، ال كىم بۇنىڭ سىرتىندا ءىس قىلسا، ونىڭ ءيجازاسى وزدىگىنەن كۇشىنەن قالدىرىلادى ءارى ءبىزدىڭ ولارمەن بايلانىسىمىز جوق، ءبىز ولارعا اللا ءجاللا ءجالالۋحۋدان قورقۋعا كەڭەس بەرەمىز» دەپ جازىلعان.

كەشە ءبىز ءتىپتى سۇركەيلى جاڭا ءبىر حابار ەستىدىك، پايعامبارىمىز ساللال-لاحۋ الەيحيس-سالام «اقىرزاماندا تاجالدار پايدا بولادى، ولاردىڭ ەڭ ۇلكەنى ەڭ سوڭىندا شىعادى، ءبىراق ودان بۇرىن كوپتەگەن (كىشى) تاجالدار شىعادى» دەپ ايتقان ەدى. ءقازىر ورتا ازيادا ءبىر بۇلىك (فيتنا) بولۋدا، وندا بىرەۋ شىعىپ، ەرسى جانە بۇزىق ىستەردى ىستەپ ءجۇر، ول ناعىز (ادام) تاجالدىڭ ءبىرى-ءدۇر، ول بارلىق لاستىقتارمەن سۇمدىقتاردى ىستەۋدە، ونىڭ ىستەگەندەرى تىم بۇزىق، كەسىرگە تولى، ول «مەن شايىقتان (بىزدەن) رۇحسات (ءيجازا) العام» دەپ ۇرانداتىپ ءجۇر، ءبىراق بۇندا وعان ونداي رۇحسات جوق، بۇزىقتىققا ەش رۇحسات بەرىلمەيدى، ءبىز ءشاريعاتقا كەرى اعار بولعان نارسەلەرگە ەشقاشان رۇحسات بەرمەيمىز، باۋىرلار بۇنى ءبولىسىپ، تاراتۋى كەرەك، سەبەبى شايتان تۋرا جولدا جۇرگەندەرگە «ءبىز سەندەردى كوتەرىپ، دارەجەلەرىڭدى جوعارلاتامىز، بىزگە 1000 دوللار تولەسەڭ بولدى، ءبىز سەندەردى جوعارى دارەجەگە جەتكىزەمىز» دەپ شابۋىل جاساۋدا، ونان سوڭ ولار ادامدارعا بارلىق جامان، لاس ىستەردى ىستەۋدە، ال ادامدار بولسا جولدان شىعۋدا، سونىمەن بىرگە سان ءتۇرلى ماسەلەلەر ولاردى شىر اينالۋدا، جىن جانە بارلىق كەسىرلى نارسەلەر ولارعا تيسۋدە، قۇتىرۋ، جىندانۋ نە جىن بولسىن، سولارعا قاپتاۋدا، دەمەك، بارلىق ماسەلەلەر سولارعا كەلىپ جاتىر.

سوندىقتان، بۇنداي ادامداردان ساق بولىپ، ولاردى ءجىتى قاداعالاۋ كەرەك، ەگەر ءسىز ءبىر ءىستى كۇماندى سەزىنسەڭىز، ونى سۇراپ انىقتاپ الىڭىز، ءار جەردە حابارلاسىپ، قاتىستى ماسەلەلەردى سۇراساتىن باۋىرلارىمىز بار، ءىستى سولاردان سۇراپ كورىڭىز. ءقازىر سان ءتۇرلى لاس دۇنيەلەردى ورتاقتاسىپ، ءبولىسىپ، تاراتىپ وتىراتىن ماشينالار (كومپيۋتور، قولفون ت.ب.) بار، ءبىراق ءبىز بۇل ماشينالاردى جاقسى ىسكە ىستەتۋىمىزگە بولادى، وندا قاتسىتى سۇراقتاردى سۇراپ، مەيلى شىن يا جالعان بولسىن، وعان ءمالىم جاۋاپ الا الاسىز، ماسەلەن، ەل وندا «بۇل ادام بىزگە مىنانى ايتىپ، بالەن ءىستى ىستەۋگە شاقىردى، ول ءىسى ءجون ەمەس سياقتى، بۇل قالاي؟» دەپ ايتۋىنا بولادى، ارينە، ول ىستەر دۇرىس سەزىلمەيدى، ولاردىڭ ىستەپ جاتقان ىستەرى قالىپتى ادامدار ءۇشىن دۇرىس ءىس ەمەس.

سوندىقتان، ءسىز اسا ساق بولىڭىز، ءار زاماندا كوپتەگەن مۇسايليماح ءال-كاززاب، كوپتەگەن تاجالدار بولعان، ولاردان ساقتانىڭىز، ولار بۇندا عانا ەمەس، ماڭگىلىك وكىنىشكە قالدىرادى، ولارعا الدانىپ «دارەجەمدى ارتتىرىپ، ءجانناتقا بارام» دەپ ءجۇرىپ، توزاققا ءتۇسىپ كەتپەڭىز، سەبەبى ولاردىڭ ءىسى ادامدى توتەسىنەن دىنمەن يماننان شىعارىپ جىبەرەدى، الدامشىلارعا ءناپسى قالاۋلارىنا ەرگەن ادامدار الدانادى، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي.

ورتا ازياداعى ەل-جۇرت دىنگە شولىركەپ ءجۇر، ولار «ءوسىبىر ادامدار ءدىنشىل جانە مۇسىلمان عوي» دەپ ويلاپ، ولارعا ەرىپ ءجۇر، ال سىزدەر ونداي ادامدارعا الدانباڭىزدار، ولاردان ساقتانىڭىزدار، ولاردىڭ جامان ادام ەكەندىكتەرى ولاردىڭ جۇزىنەن دە ءبىلىنىپ تۇرادى، ولاردىڭ جۇزىندە مەيىرىممەن جىلىلىق بولماس، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ بۇنى ولاردان مەسيح ەتكەن (وشىرگەن)، جۇرت ونى «"ءال-ءماسيح" ءاد-داججال» دەر، ولار ءدال وسىنداي بولادى، ولاردىڭ جۇزدەرى ءبىر-بىرىمەن ارالاسىپ كەتكەن، ولاردا كورەرلىك بەت قالماعان، جۇزدەرى وتە ۇسقىنسىز كەلەر. اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ءبىزدى ولاردىڭ كەسىرلەرىنەن ساقتاعاي، اللا ءجاللا ءجالالۋحۋ مۇسىلماندارمەن ەل-جۇرتتى ولاردىڭ جاماندىقتارىنان قورعاعاي، ينشاللا.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41-اۋليە شايقى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
fb.com/tanirtaw
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6712