You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6650
НАҒЫЗ ӘУЛИЕГЕ БАЯ БЕРУ - ЗОР НЫҒЫМЕТ

Әулиеге бая беру пайғамбардан қалған, бая құранда аталған (құран 48:18), пайғамбарға бая беріп ерген сахабаларға "ризуан" деген өте биік дәреже берілген, бая беру - серт беру, нағыз әулие ғана бая ала алады, бая соған беріледі, себебі әулие пайғамбарымызға, Аллаға жалғанған, әулие емес кісіге бая берілсе, пайдасы жоқ, әулиеге бая берсе, бая беруші кемінде мына 3 жерде пайда табар, 1) ол өлерінде әулиенің көмегінде иманмен аттанады, себебі әр кісі ажал аузында тұрғанда, шайтан келіп, сан айламен оны алдап, өзіне табындырмақ болады, одан сақтану өте қиын, көбі алданып, имансыз кетеді, ал ол адам әулиеге бая берген болса, сол ажал сәтінде әулие кереметімен келіп, шайтанды қуып, оның иманды кетуіне көмек етеді 2) қабырда әнкүр-мүңкір оны сұраққа аларда, әулие келіп, ол үшін жауап береді, іс жеңіл кетеді 3) қияметте әулие өзіне бая беріп ергендерді жинап, Алла алдында оларға араша түседі, адам нағыз мүмин болмаса бұл 3 жердің бәрінде сүрінеді, сол үшін әулиеге бая беруге тырысып қал.

ӘУЛИЕГЕ БАЯ БЕРУ НӘСІП БОЛСЫН

Бая беру еш қиын нәрсе емес, оны қазақтар "қол беру" дейді, баяда зор игілік бар, маңыздысы нәсіп болуы, себебі нағыз әулие өзіне кім бая беріп еретінін біледі, тіпті сонау әлмисақтан біледі, оның лахфул махфуздағы жазылған тізіміндергілер гималайда тұрса да, іздеп кеп бая береді, ерушісі болады, бая алу әулие үшін өте ауыр жүк, себебі әулие баясын берген адам үшін жауап берер, сол үшін, әулие ешкімді өзіне бая беруге шақырымайды, тіпті қашар, ертеде әулиеге әртүрлі адамдар, мысалы, муфтилар, шайықтармен ғұламалар келетін, сол кезде әулие оларға шарт қойып, қабыл еткен, сынақтан өткендерін мүриттікке алған, шәкірті еткен, баясын алған, ал қазір ақырзаман болғандықтан, Алла адамдарға жеңілдік беріп, әулиелер біреу бая бергісі келсе, оның бетін қайтармайды, демек, баясын қабыл етеді, ал әулиеге бая беріп, оны сүйгендер, ақиретте тек қуанатын болады.

ناعىز اۋليەگە بايا بەرۋ - زور نىعىمەت

اۋليەگە بايا بەرۋ پايعامباردان قالعان، بايا قۇراندا اتالعان (قۇران 48:18)، پايعامبارعا بايا بەرىپ ەرگەن ساحابالارعا "ريزۋان" دەگەن وتە بيىك دارەجە بەرىلگەن، بايا بەرۋ - سەرت بەرۋ، ناعىز اۋليە عانا بايا الا الادى، بايا سوعان بەرىلەدى، سەبەبى اۋليە پايعامبارىمىزعا، اللاعا جالعانعان، اۋليە ەمەس كىسىگە بايا بەرىلسە، پايداسى جوق، اۋليەگە بايا بەرسە، بايا بەرۋشى كەمىندە مىنا 3 جەردە پايدا تابار، 1) ول ولەرىندە اۋليەنىڭ كومەگىندە يمانمەن اتتانادى، سەبەبى ءار كىسى اجال اۋزىندا تۇرعاندا، شايتان كەلىپ، سان ايلامەن ونى الداپ، وزىنە تابىندىرماق بولادى، ودان ساقتانۋ وتە قيىن، كوبى الدانىپ، يمانسىز كەتەدى، ال ول ادام اۋليەگە بايا بەرگەن بولسا، سول اجال ساتىندە اۋليە كەرەمەتىمەن كەلىپ، شايتاندى قۋىپ، ونىڭ يماندى كەتۋىنە كومەك ەتەدى 2) قابىردا انكۇر-مۇڭكىر ونى سۇراققا الاردا، اۋليە كەلىپ، ول ءۇشىن جاۋاپ بەرەدى، ءىس جەڭىل كەتەدى 3) قيامەتتە اۋليە وزىنە بايا بەرىپ ەرگەندەردى جيناپ، اللا الدىندا ولارعا اراشا تۇسەدى، ادام ناعىز ءمۇمين بولماسا بۇل 3 جەردىڭ بارىندە سۇرىنەدى، سول ءۇشىن اۋليەگە بايا بەرۋگە تىرىسىپ قال.

اۋليەگە بايا بەرۋ ءناسىپ بولسىن

بايا بەرۋ ەش قيىن نارسە ەمەس، ونى قازاقتار "قول بەرۋ" دەيدى، بايادا زور يگىلىك بار، ماڭىزدىسى ءناسىپ بولۋى، سەبەبى ناعىز اۋليە وزىنە كىم بايا بەرىپ ەرەتىنىن بىلەدى، ءتىپتى سوناۋ ءالميساقتان بىلەدى، ونىڭ لاحفۋل ماحفۋزداعى جازىلعان تىزىمىندەرگىلەر گيمالايدا تۇرسا دا، ىزدەپ كەپ بايا بەرەدى، ەرۋشىسى بولادى، بايا الۋ اۋليە ءۇشىن وتە اۋىر جۇك، سەبەبى اۋليە باياسىن بەرگەن ادام ءۇشىن جاۋاپ بەرەر، سول ءۇشىن، اۋليە ەشكىمدى وزىنە بايا بەرۋگە شاقىرىمايدى، ءتىپتى قاشار، ەرتەدە اۋليەگە ءارتۇرلى ادامدار، مىسالى، مۋفتيلار، شايىقتارمەن عۇلامالار كەلەتىن، سول كەزدە اۋليە ولارعا شارت قويىپ، قابىل ەتكەن، سىناقتان وتكەندەرىن مۇريتتىككە العان، شاكىرتى ەتكەن، باياسىن العان، ال ءقازىر اقىرزامان بولعاندىقتان، اللا ادامدارعا جەڭىلدىك بەرىپ، اۋليەلەر بىرەۋ بايا بەرگىسى كەلسە، ونىڭ بەتىن قايتارمايدى، دەمەك، باياسىن قابىل ەتەدى، ال اۋليەگە بايا بەرىپ، ونى سۇيگەندەر، اقيرەتتە تەك قۋاناتىن بولادى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #хадис #Kazakhstan #иман #балалар #шәриғат #салт #Қазақстан #жаңалық #maulana #rumi #руми #мәуләнә #яссауи #күн #мұхаммад #ораза nvrislam.net fb.com/tanirtaw instagram.com/nvrislam
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=6650