You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=185
Ваксина жол емес, тәубе жол, қазір тәубе қылар кезің (2021.12.31)

«Кей жамандықтың ішінде жақсылық бар.» дейді құдіретті алла тағала, кейбір жаманға жорыған істерің жақсы іс болып шығады, біз қазіргі өмір сүріп жатқан мына заман қысым, бәле-қала, ауру-кесел және басқада ана-мына жағымсыз нәрселерге толы, алайда әрнәрсенің ішінде жақсылық бар, иншалла.

Көптеген адамдар осы кездегі жағдайларға байланысты әдеттерін өзгерітті, олар бұрынғы жолдарын ұмытып, қазір ұқсамаған күйге ауысып кеткен, адамдарда расында өзгерді, мұнда көптеген өзгерістер болды. Мұндағы бір өзгеріс, бүгін қасиетті жұма күні, сонымен бірге бұгін осы сауда жылының ең соңғы күні, адамзат қазір істетіп жүрген күнтізбесін григориан күнтізбесі деп атамай-ақ қоялық, бірақ оны сауда (коммерциялық) күнтізбесі деп аталық, біз оны коммерциялық күнтізбесі деп есептейміз, себебі қазіргі күнтізбесін олар сауда-саттық жасап, пайда табатын бизініске айналдырып жіберді, бұгін сол күнтізбе бойынша билығы жылдың соңғы күні, олар есеп-қисаптарын жасап, базарларын жүргізу үшін осы күнтізбеге қатты мән береді, тіпті олар осы жылдың ең соңғы күнімен ең соңғы минотына дейін санай отыра, барлық ұятсыздықтарды істеп, күнәларға батып алмақ.

Өткен екі жылдан бері алла тағала бір істі (кеселді) қалады да, адамдар тек өздеріне ғана көңіл бөлетін болды, олар сонымен әуре болып, басқа шаруаларға қарауға мұрсасы тимеді, қауқары да келмеді, олардың бастары айналып, ауырып құларман болып әрең жүр. Олар «ваксина салдырыңдар, өздеріңді ауаша ұстап үйде болыңдар, ешкімге сөйлемеңдер, бір жерге жиналып кезікпеңдер.» дейді әрі олар осы істердің қанша уақытқа ұласатынын білмейді, бұнда анығы сол бұл жағдай алла тағала қалағанға дейін жалғаса бермек, бұл маңызды емес, бірақ қазіргі ең маңызды іс тәубе жасау болмақ.

Ықылымнан бергі жағдайы солай, тіпті сонау ферғауын кезіндегі ескі заманда, Мұса пайғамбар ферғауынға келіп оған тәубе етуді айтады, әитпесе оған үлкен бәленің келетінін ескертеді, соңында апат орнайды, сол кезде ферғауын тәубе етіп Мұса пайғамбарға «раббыңа дұға етші, ол мына алапатты бізден алып кетсін, содан соң біз дініңді қабылдап мұсылман болармыз.» дейді, Мұса пайғамбар дұға жасайды, апатта олардан кетеді, бірақ олар онан арман құтырынып тағылыққа басады, тағы бір апат келеді, олар тағы Мұса пайғамбарға келіп «егер сен дұға жасап басымыздан бұл бәлелерді кетірсең, біз саған сенетін боламыз.» дейді, апатты алла тағала кетіреді, бірақ олар тағы сол баяғы әуеніне басып, жабайлықпен онан арман құтырына түседі.

Қазіргі кездегі адамдардың қылықтары да осы ферғауынның қылығымен бірдей болып отыр, кесел басталғанда адамдардың есі бір шықты әрі олар не істерін білмей қатты састы, олар тәубе ете бастады, алайда ваксина шыққанда олар жасап жүрген тәубелерін ұмытты да, өздерін ваксинамен құтқара аламыз деп ойлап қалды, нәтижесінде бір ғана ваксина кеселге ем болмайтыны анықталды, олар сонда да тәубеге келмеді, бірақ тағыда көптеген ваксина жасамақ болып тырбанып жатыр, бұл қазір олардың сарсаң болып жатқан тірліктері, жағдай осылай жалғаса бермек. Алла тағала бізді панасына алғай, біздер бұл істерден сабақ алуымыз керек әрі бұл кеселдің басымызға еш себепсіз келіп жатпағандығын жақсы түсінгеніміз жөн, ол адамзатты тәубесіне түсірмекке келді, тәубе қылғандар тура жолға түсер.

Бүгін қасиетті жұма күні, алайда бұгін осы жылдың соңы, бүгін түн, иншалла адамдар күнәға ілікпегей, күнәлі істерін тастағай. Бір жыл өтіп кетті, тіпті ол сауда күнтізбесі болсада, жылдың аты жыл, біз әр жылымызға баға беруге тиістіміз, не пайда не зиян көрдік соны ақыл таразыға салалық, бұнда ең маңыздысы істеген күнәларымызға тәубе етуіміз болмақ. Иншалла, келе жатқан жаңа күндер біз үшін жақсылыққа толғай, барлығын жылмен есептей беру ақылдылық емес-дүр, бұрынғылар «бізде үш күндік өмір бар, кешеміз өтіп кетті, бұгініміз мұнда болып, әлі тіріміз, бірақ ертең тірі әлде өлі боларымызды бір алла тағала біледі.» деуші еді, сондықтан келер жаңа жылдың жақсы болары бұлдыр іс, оған жетерің немесе ол сенен өтіп кетеры барлығы да беймәлім-дүр.

Алла тағала біздерді иман ішінде өмір сүруге нәсіп еткей, иманымызды күшейіткей, бұл өте маңызды істерден болмақ, жаңа жыл немесе көне жыл дегендер ешқандай маңызды емес, алла тағала әр күні бізді нығыметтерімен бөлегей, иншалла, бізді жақсы күндермен иманмен өткен күндерге жеткізе бергей, иншалла, алла тағала адамдарға санамен жөн түсінерлік ақыл бергей.

Уәмин Аллаһ ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

ۆاكسينا جول ەمەس، تاۋبە جول، قازىر تاۋبە قىلار كەزىڭ (2021.12.31)

«كەي جاماندىقتىڭ ىشىندە جاقسىلىق بار.» دەيدى قۇدىرەتتى اللا تاعالا، كەيبىر جامانعا جورىعان ىستەرىڭ جاقسى ءىس بولىپ شىعادى، ءبىز قازىرگى ءومىر ءسۇرىپ جاتقان مىنا زامان قىسىم، بالە-قالا، اۋرۋ-كەسەل جانە باسقادا انا-مىنا جاعىمسىز نارسەلەرگە تولى، الايدا ارنارسەنىڭ ىشىندە جاقسىلىق بار، ينشاللا.

كوپتەگەن ادامدار وسى كەزدەگى جاعدايلارعا بايلانىستى ادەتتەرىن وزگەرىتتى، ولار بۇرىنعى جولدارىن ۇمىتىپ، قازىر ۇقساماعان كۇيگە اۋىسىپ كەتكەن، ادامداردا راسىندا وزگەردى، مۇندا كوپتەگەن وزگەرىستەر بولدى. مۇنداعى ءبىر وزگەرىس، بۇگىن قاسيەتتى جۇما كۇنى، سونىمەن بىرگە بۇگىن وسى ساۋدا جىلىنىڭ ەڭ سوڭعى كۇنى، ادامزات قازىر ىستەتىپ جۇرگەن كۇنتىزبەسىن گريگوريان كۇنتىزبەسى دەپ اتاماي-اق قويالىق، بىراق ونى ساۋدا (كوممەرتسيالىق) كۇنتىزبەسى دەپ اتالىق، ءبىز ونى كوممەرتسيالىق كۇنتىزبەسى دەپ ەسەپتەيمىز، سەبەبى قازىرگى كۇنتىزبەسىن ولار ساۋدا-ساتتىق جاساپ، پايدا تاباتىن بيزىنىسكە اينالدىرىپ جىبەردى، بۇگىن سول كۇنتىزبە بويىنشا بيلىعى جىلدىڭ سوڭعى كۇنى، ولار ەسەپ-قيساپتارىن جاساپ، بازارلارىن جۇرگىزۋ ءۇشىن وسى كۇنتىزبەگە قاتتى ءمان بەرەدى، ءتىپتى ولار وسى جىلدىڭ ەڭ سوڭعى كۇنىمەن ەڭ سوڭعى مينوتىنا دەيىن ساناي وتىرا، بارلىق ۇياتسىزدىقتاردى ىستەپ، كۇنالارعا باتىپ الماق.

وتكەن ەكى جىلدان بەرى اللا تاعالا ءبىر ءىستى (كەسەلدى) قالادى دا، ادامدار تەك وزدەرىنە عانا كوڭىل بولەتىن بولدى، ولار سونىمەن اۋرە بولىپ، باسقا شارۋالارعا قاراۋعا مۇرساسى تيمەدى، قاۋقارى دا كەلمەدى، ولاردىڭ باستارى اينالىپ، اۋىرىپ قۇلارمان بولىپ ارەڭ ءجۇر. ولار «ۆاكسينا سالدىرىڭدار، وزدەرىڭدى اۋاشا ۇستاپ ۇيدە بولىڭدار، ەشكىمگە سويلەمەڭدەر، ءبىر جەرگە جينالىپ كەزىكپەڭدەر.» دەيدى ءارى ولار وسى ىستەردىڭ قانشا ۋاقىتقا ۇلاساتىنىن بىلمەيدى، بۇندا انىعى سول بۇل جاعداي اللا تاعالا قالاعانعا دەيىن جالعاسا بەرمەك، بۇل ماڭىزدى ەمەس، بىراق قازىرگى ەڭ ماڭىزدى ءىس تاۋبە جاساۋ بولماق.

ىقىلىمنان بەرگى جاعدايى سولاي، ءتىپتى سوناۋ فەرعاۋىن كەزىندەگى ەسكى زاماندا، مۇسا پايعامبار فەرعاۋىنعا كەلىپ وعان تاۋبە ەتۋدى ايتادى، ايتپەسە وعان ۇلكەن بالەنىڭ كەلەتىنىن ەسكەرتەدى، سوڭىندا اپات ورنايدى، سول كەزدە فەرعاۋىن تاۋبە ەتىپ مۇسا پايعامبارعا «راببىڭا دۇعا ەتشى، ول مىنا الاپاتتى بىزدەن الىپ كەتسىن، سودان سوڭ ءبىز ءدىنىڭدى قابىلداپ مۇسىلمان بولارمىز.» دەيدى، مۇسا پايعامبار دۇعا جاسايدى، اپاتتا ولاردان كەتەدى، بىراق ولار ونان ارمان قۇتىرىنىپ تاعىلىققا باسادى، تاعى ءبىر اپات كەلەدى، ولار تاعى مۇسا پايعامبارعا كەلىپ «ەگەر سەن دۇعا جاساپ باسىمىزدان بۇل بالەلەردى كەتىرسەڭ، ءبىز ساعان سەنەتىن بولامىز.» دەيدى، اپاتتى اللا تاعالا كەتىرەدى، بىراق ولار تاعى سول باياعى اۋەنىنە باسىپ، جابايلىقپەن ونان ارمان قۇتىرىنا تۇسەدى.

قازىرگى كەزدەگى ادامداردىڭ قىلىقتارى دا وسى فەرعاۋىننىڭ قىلىعىمەن بىردەي بولىپ وتىر، كەسەل باستالعاندا ادامداردىڭ ەسى ءبىر شىقتى ءارى ولار نە ىستەرىن بىلمەي قاتتى ساستى، ولار تاۋبە ەتە باستادى، الايدا ۆاكسينا شىققاندا ولار جاساپ جۇرگەن تاۋبەلەرىن ۇمىتتى دا، وزدەرىن ۆاكسينامەن قۇتقارا الامىز دەپ ويلاپ قالدى، ناتيجەسىندە ءبىر عانا ۆاكسينا كەسەلگە ەم بولمايتىنى انىقتالدى، ولار سوندا دا تاۋبەگە كەلمەدى، بىراق تاعىدا كوپتەگەن ۆاكسينا جاساماق بولىپ تىربانىپ جاتىر، بۇل قازىر ولاردىڭ سارساڭ بولىپ جاتقان تىرلىكتەرى، جاعداي وسىلاي جالعاسا بەرمەك. اللا تاعالا ءبىزدى پاناسىنا العاي، بىزدەر بۇل ىستەردەن ساباق الۋىمىز كەرەك ءارى بۇل كەسەلدىڭ باسىمىزعا ەش سەبەپسىز كەلىپ جاتپاعاندىعىن جاقسى تۇسىنگەنىمىز ءجون، ول ادامزاتتى تاۋبەسىنە تۇسىرمەككە كەلدى، تاۋبە قىلعاندار تۋرا جولعا تۇسەر.

بۇگىن قاسيەتتى جۇما كۇنى، الايدا بۇگىن وسى جىلدىڭ سوڭى، بۇگىن ءتۇن، ينشاللا ادامدار كۇناعا ىلىكپەگەي، كۇنالى ىستەرىن تاستاعاي. ءبىر جىل ءوتىپ كەتتى، ءتىپتى ول ساۋدا كۇنتىزبەسى بولسادا، جىلدىڭ اتى جىل، ءبىز ءار جىلىمىزعا باعا بەرۋگە ءتيىستىمىز، نە پايدا نە زيان كوردىك سونى اقىل تارازىعا سالالىق، بۇندا ەڭ ماڭىزدىسى ىستەگەن كۇنالارىمىزعا تاۋبە ەتۋىمىز بولماق. ينشاللا، كەلە جاتقان جاڭا كۇندەر ءبىز ءۇشىن جاقسىلىققا تولعاي، بارلىعىن جىلمەن ەسەپتەي بەرۋ اقىلدىلىق ەمەس-ءدۇر، بۇرىنعىلار «بىزدە ءۇش كۇندىك ءومىر بار، كەشەمىز ءوتىپ كەتتى، بۇگىنىمىز مۇندا بولىپ، ءالى ءتىرىمىز، بىراق ەرتەڭ ءتىرى الدە ءولى بولارىمىزدى ءبىر اللا تاعالا بىلەدى.» دەۋشى ەدى، سوندىقتان كەلەر جاڭا جىلدىڭ جاقسى بولارى بۇلدىر ءىس، وعان جەتەرىڭ نەمەسە ول سەنەن ءوتىپ كەتەرى بارلىعى دا بەيمالىم-ءدۇر.

اللا تاعالا بىزدەردى يمان ىشىندە ءومىر سۇرۋگە ءناسىپ ەتكەي، يمانىمىزدى كۇشەيىتكەي، بۇل وتە ماڭىزدى ىستەردەن بولماق، جاڭا جىل نەمەسە كونە جىل دەگەندەر ەشقانداي ماڭىزدى ەمەس، اللا تاعالا ءار كۇنى ءبىزدى نىعىمەتتەرىمەن بولەگەي، ينشاللا، ءبىزدى جاقسى كۇندەرمەن يمانمەن وتكەن كۇندەرگە جەتكىزە بەرگەي، ينشاللا، اللا تاعالا ادامدارعا سانامەن ءجون تۇسىنەرلىك اقىل بەرگەي.

ءۋامين اللاھ ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=185