You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=153
Виростан емес АЛЛАДАН қорық (2021.11.14)

Құдіретті алла тағала құран әзиму-шанда «"бізге алла тағала қалағаннан басқа ештеңе туылмайды." деп айыт.» дейді, алла тағала басымызға не жазады сол келеді, егер алла тағала бір істің басыңа келуін қалап, оны тағдырыңа жазса, құдіретті йеміз оны әрқандай жол және себептер арқылы ол істі басыңа әкеледі, болдырады.

Жаңа шыққан бір вирос дүниені жайлауда, бұл қазіргі көз алдағы дүние ахуалы. Кесел тараған алғашқы кездер адамдар алла тағаладан пана тілей бастаған еді, ол кезде олар азан шақырып, салауат айтқан болатұғын, бірақ олар іле шала бұны ұмытты да виросқа ем іздеп, ваксинаның артына түсіп кетті, олар ваксина тапқырлады және оған сеніп, алла тағалаға бұрылу естерінен көтерілді, олар виростан қорқа бастады. Адамдар ұдайы кесел атаулыдан қатты қорқады, қайда қарасаң да, олар «міне анау болып жатыр, мына іс бопты, бұл бұрынғы вирос түрі, ал қазір жаңа вирос түрі пайда болыпты ...» деп гуілдейді, олар осылай айту арқылы алла тағаланың көзге көрінбес жаратылыстарымен адамдарды қорқытуда, ал адамдар болса қорыққаннан не істерін білмей дал.

Алайда бұл кесел олар қорқуға тисті басты іс емес, ол сияқты милиондаған басқа нәрселерде бар, әр іс-уақиғалар алла тағаланың қалауымен туылады, ал бұл вирос ісі де алла тағала қалауы, ол қалады іс туылды, вирос денеге кіріп, адамдарды ауыртады немесе өлтіреді, бір ғажап нәрсе. Кейбіреулер бұл вироспен адамдарды күнде қорқытып жатыр және олар қорқу өлімнен құтқармайды дейді. Әр күні қорқыныш немесе үрейде өмір сүру адам денесінің ауруға қарсылық қуатын онан арман түсіре бермек, кесел ғой бар нәрсе, біз оны түсінуімізге болады, бірақ онымен адамдарды қорқытып «ойнау» ақылдының ісі емес, бұндай әрекет шайтанның қылықтарынан. Бұл виростан қорқудың ешқандай қажеті жоқ, бірақ оны жаратушыдан қорқуың керек яғни алла тағаладан қорқу ең лайықты, алла тағаладан қорқа білсең, ол сені әр нәрседен сақтайды, кеселден қорықсаң, ол әр жерден келе береді, тіпті мың маска тақсаңда, ол вирос саған жетеді, егер бұл алла тағаланың қалап тұрғаны болса, ешнәрсе сені қорғай алмақ емес.

Сондықтан ең алғаш рет алла тағалаға бұрылғандай әр дайым оған бет түзеңдер, кесел пайда болған бастапқы кездері Европада азан шақырылмаған жерлерде азан шақырылған еді, бірақ қазір ол жоқ болды да, олар өздерінің бұрынғы әуеніне басып кетті, тіпті онан арман құтырынуда. Олар әр нәрсенің ең үлкен йесі жаратушы алла тағала екендігін ұмытты, олар әсілі осы ЙЕДЕН қорқуы керек болатұғын. Әр жерде де, адамның тұла бойында да осы вирос сияқты милиондаған нәрселер бар, уақыты келіп, алла тағала оларға рұқсат берсе, олар дереу қозғалып іске кіріседі ... бір ғана нәрсесінің қозғалуы қазіргі жағдайға түсірді, ал басқалары түгелдей алла тағаланың қалауымен қозғалып іске кіріссе не болмақ.

Сол үшін біздер әр күні алла тағалаға тәубе етіп, одан кешірім тілеуіміз керек, себебі күнәлар арта берген сайын, күніміз онан арман мүшкілдене бермек. Алла тағала қорғайды, ешнәрседен қорықпа, бірақ алла тағаладан қорған тіле және сақтанып жүр, ауру көп жерлерге немесе ауырып жатқан адамдардың қасына барма. Пайғамбарымыз «елді кесел жайлап жатса, тысқа шықпаңдар.» дейді, бірақ қазір бұл кесел бүкіл дүниеге тарап кетті, сондықтан күллі адам баласы үшін алла тағалаға бұрылудан басқа шешімді шығар жол жоқ. Біз алла тағалаға бұл алапатты алып кет және кеселді бізден кетір деп дұға жасауымыз тиіс.

Алла тағала біздерді панасына алғай, иманымызды арыттырғай, сонда ғана бізде күшті рухани қуат болмақ, осылайша алла тағаланың қалауында кеселдің бізге бәлендей әсері болмас. Әр күні 7 рет күрсі аятын айытып жүр, садақа бер және алла тағалаға берік сенімде бол, үреймен өмір сүрме, қорқу керек болса алла тағаладан ғана қорық, одан басқа ештеңеден қорықпа. Қазіргі адамдар әр нәрседен қорқады, бірақ жаратушысы болған алла тағаладан қорықпайды, олар алла тағалаға қасарысады, тоңмойындық көрсетеді. Алла тағала біздерді өзі қорғағай.

Уамин Аллах ат-Тауфиқ, әл-Фатиха.
Исламбол (Станбул), Түркия

- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопы #сопылық #намаз #алла #аллах #ораза #мұсұлман #ғұлама #туражол #нақшыбанды #раббани #тасауф
http://www.fb.com/tanirtaw

ۆيروستان ەمەس اللادان قورىق (2021.11.14)

قۇدىرەتتى اللا تاعالا قۇران ءازيمۋ-شاندا «"بىزگە اللا تاعالا قالاعاننان باسقا ەشتەڭە تۋىلمايدى." دەپ ايىت.» دەيدى، اللا تاعالا باسىمىزعا نە جازادى سول كەلەدى، ەگەر اللا تاعالا ءبىر ءىستىڭ باسىڭا كەلۋىن قالاپ، ونى تاعدىرىڭا جازسا، قۇدىرەتتى يەمىز ونى ارقانداي جول جانە سەبەپتەر ارقىلى ول ءىستى باسىڭا اكەلەدى، بولدىرادى.

جاڭا شىققان ءبىر ۆيروس دۇنيەنى جايلاۋدا، بۇل قازىرگى كوز الداعى دۇنيە احۋالى. كەسەل تاراعان العاشقى كەزدەر ادامدار اللا تاعالادان پانا تىلەي باستاعان ەدى، ول كەزدە ولار ازان شاقىرىپ، سالاۋات ايتقان بولاتۇعىن، بىراق ولار ىلە شالا بۇنى ۇمىتتى دا ۆيروسقا ەم ىزدەپ، ۆاكسينانىڭ ارتىنا ءتۇسىپ كەتتى، ولار ۆاكسينا تاپقىرلادى جانە وعان سەنىپ، اللا تاعالاعا بۇرىلۋ ەستەرىنەن كوتەرىلدى، ولار ۆيروستان قورقا باستادى. ادامدار ۇدايى كەسەل اتاۋلىدان قاتتى قورقادى، قايدا قاراساڭ دا، ولار «مىنە اناۋ بولىپ جاتىر، مىنا ءىس بوپتى، بۇل بۇرىنعى ۆيروس ءتۇرى، ال قازىر جاڭا ۆيروس ءتۇرى پايدا بولىپتى ...» دەپ گۋىلدەيدى، ولار وسىلاي ايتۋ ارقىلى اللا تاعالانىڭ كوزگە كورىنبەس جاراتىلىستارىمەن ادامداردى قورقىتۋدا، ال ادامدار بولسا قورىققاننان نە ىستەرىن بىلمەي دال.

الايدا بۇل كەسەل ولار قورقۋعا ءتيستى باستى ءىس ەمەس، ول سياقتى ميليونداعان باسقا نارسەلەردە بار، ءار ءىس-ۋاقيعالار اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن تۋىلادى، ال بۇل ۆيروس ءىسى دە اللا تاعالا قالاۋى، ول قالادى ءىس تۋىلدى، ۆيروس دەنەگە كىرىپ، ادامداردى اۋىرتادى نەمەسە ولتىرەدى، ءبىر عاجاپ نارسە. كەيبىرەۋلەر بۇل ۆيروسپەن ادامداردى كۇندە قورقىتىپ جاتىر جانە ولار قورقۋ ولىمنەن قۇتقارمايدى دەيدى. ءار كۇنى قورقىنىش نەمەسە ۇرەيدە ءومىر ءسۇرۋ ادام دەنەسىنىڭ اۋرۋعا قارسىلىق قۋاتىن ونان ارمان تۇسىرە بەرمەك، كەسەل عوي بار نارسە، ءبىز ونى تۇسىنۋىمىزگە بولادى، بىراق ونىمەن ادامداردى قورقىتىپ «ويناۋ» اقىلدىنىڭ ءىسى ەمەس، بۇنداي ارەكەت شايتاننىڭ قىلىقتارىنان. بۇل ۆيروستان قورقۋدىڭ ەشقانداي قاجەتى جوق، بىراق ونى جاراتۋشىدان قورقۋىڭ كەرەك ياعني اللا تاعالادان قورقۋ ەڭ لايىقتى، اللا تاعالادان قورقا بىلسەڭ، ول سەنى ءار نارسەدەن ساقتايدى، كەسەلدەن قورىقساڭ، ول ءار جەردەن كەلە بەرەدى، ءتىپتى مىڭ ماسكا تاقساڭدا، ول ۆيروس ساعان جەتەدى، ەگەر بۇل اللا تاعالانىڭ قالاپ تۇرعانى بولسا، ەشنارسە سەنى قورعاي الماق ەمەس.

سوندىقتان ەڭ العاش رەت اللا تاعالاعا بۇرىلعانداي ءار دايىم وعان بەت تۇزەڭدەر، كەسەل پايدا بولعان باستاپقى كەزدەرى ەۆروپادا ازان شاقىرىلماعان جەرلەردە ازان شاقىرىلعان ەدى، بىراق قازىر ول جوق بولدى دا، ولار وزدەرىنىڭ بۇرىنعى اۋەنىنە باسىپ كەتتى، ءتىپتى ونان ارمان قۇتىرىنۋدا. ولار ءار نارسەنىڭ ەڭ ۇلكەن يەسى جاراتۋشى اللا تاعالا ەكەندىگىن ۇمىتتى، ولار ءاسىلى وسى يەدەن قورقۋى كەرەك بولاتۇعىن. ءار جەردە دە، ادامنىڭ تۇلا بويىندا دا وسى ۆيروس سياقتى ميليونداعان نارسەلەر بار، ۋاقىتى كەلىپ، اللا تاعالا ولارعا رۇقسات بەرسە، ولار دەرەۋ قوزعالىپ ىسكە كىرىسەدى ... ءبىر عانا نارسەسىنىڭ قوزعالۋى قازىرگى جاعدايعا ءتۇسىردى، ال باسقالارى تۇگەلدەي اللا تاعالانىڭ قالاۋىمەن قوزعالىپ ىسكە كىرىسسە نە بولماق.

سول ءۇشىن بىزدەر ءار كۇنى اللا تاعالاعا تاۋبە ەتىپ، ودان كەشىرىم تىلەۋىمىز كەرەك، سەبەبى كۇنالار ارتا بەرگەن سايىن، كۇنىمىز ونان ارمان مۇشكىلدەنە بەرمەك. اللا تاعالا قورعايدى، ەشنارسەدەن قورىقپا، بىراق اللا تاعالادان قورعان تىلە جانە ساقتانىپ ءجۇر، اۋرۋ كوپ جەرلەرگە نەمەسە اۋىرىپ جاتقان ادامداردىڭ قاسىنا بارما. پايعامبارىمىز «ەلدى كەسەل جايلاپ جاتسا، تىسقا شىقپاڭدار.» دەيدى، بىراق قازىر بۇل كەسەل بۇكىل دۇنيەگە تاراپ كەتتى، سوندىقتان كۇللى ادام بالاسى ءۇشىن اللا تاعالاعا بۇرىلۋدان باسقا شەشىمدى شىعار جول جوق. ءبىز اللا تاعالاعا بۇل الاپاتتى الىپ كەت جانە كەسەلدى بىزدەن كەتىر دەپ دۇعا جاساۋىمىز ءتيىس.

اللا تاعالا بىزدەردى پاناسىنا العاي، يمانىمىزدى ارىتتىرعاي، سوندا عانا بىزدە كۇشتى رۋحاني قۋات بولماق، وسىلايشا اللا تاعالانىڭ قالاۋىندا كەسەلدىڭ بىزگە بالەندەي اسەرى بولماس. ءار كۇنى 7 رەت كۇرسى اياتىن ايىتىپ ءجۇر، ساداقا بەر جانە اللا تاعالاعا بەرىك سەنىمدە بول، ۇرەيمەن ءومىر سۇرمە، قورقۋ كەرەك بولسا اللا تاعالادان عانا قورىق، ودان باسقا ەشتەڭەدەن قورىقپا. قازىرگى ادامدار ءار نارسەدەن قورقادى، بىراق جاراتۋشىسى بولعان اللا تاعالادان قورىقپايدى، ولار اللا تاعالاعا قاسارىسادى، توڭمويىندىق كورسەتەدى. اللا تاعالا بىزدەردى ءوزى قورعاعاي.

ۋامين اللاح ات-تاۋفيق، ءال-فاتيحا.
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا

- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #تاريقات #سوپى #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاح #ورازا #مۇسۇلمان #عۇلاما #تۋراجول #ناقشىباندى #رابباني #تاساۋف

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=153