Сұхбат: қарыз ісінде келісімшарт жаз, әйтпесе ол харам ақшаға айналуы мүмкін (2026.09.25 / Хижри 1448-жыл 14-Рабих Әл-Ақир)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8949
Сұхбат: қарыз ісінде келісімшарт жаз, әйтпесе ол харам ақшаға айналуы мүмкін (2026.09.25 / Хижри 1448-жыл 14-Рабих Әл-Ақир)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Naqshbandi Sufi Zentrum Berlin – Berlin, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Берлиндегі жаңа дергаларыңыз құтты болсын. Машалла, бұл бұндағы бірінші жұма намазба? ол берекеге толғай, иншалла. Шүкір-Алла, иншалла, осыбір бірінші жұма намаз пайғамбарымыз ﷺның Мединада өтеген бірінші жұма намазына жалғасқай, оның сауабы бізге де келгей, иншалла. Біз күпірліктің қақ жүрегінде тұрмыз. Шүкір-Алла, біз Алла ﷻдың жәрдемімен осы орайға ие болдық та, осында келіп Алланы айтуға, Алланың бірлігін мойындауға, пайғамбарымыздың жолына еруге, және оны мадақтауға нәсіп етілдік. Біз бұнда зеңбірекпен келмедік, бірақ Алла ﷻдың жәрдемімен келдік. Иншалла, бұлар адамдардың хидаятқа келуіне себеп болғай, бұл Алла Әззә уә-Жәлләның діні, дін дегеніміз ислам.
Сонау Адам әлейхис-саламнан бастап, қияметке дейін исламнан басқа дін болмайды, барлық пайғамбарлар, «біз мұсылманбыз» деп, айтып кеткен, ол құран әзиму-шәнда да жазылған. Құран әзиму-шәннның алдында келген барлық қасиетті жазбалар ұқсас ақиқатты жәриялап, одан басқа дін жоқ екендігін айтқан. Ал қазір бұндағы адамдар, «дін деген не, діннің мағынасы не, не үшін дін ислам болмақ» деп сұрайды. Ал дін нәсихатқа яғни кеңеске құрылған, ал нәсихат деген не? нәсихат дегеніміз жақсы нәрселерді айту-дүр. Біреу кезкелген нәрсеге қатысты ақыл-кеңес сұраса, олар, «осы істің жақсы жолы қандай» деп сұрайды. Олар, «қайтсем, менің өмірім жақсы болар» деп сұрайды, және оның жауабы оған жол нұсқайды. Демек, жақсы іс істегісі келетін, жақсы адам болғысы келетін адам нәсихат сұрайды, ал нәсихат болса, бүкілдей діннің ішіндегі нәрселерден тұрады.
Ал біреу келіп, «мен қалай жамандық істесем болар» деп, кеңес сұрамайды емеспе, адамдар айналып келіп өзгелерден, «мен қалай бұзықтық істеймін, қалай ұрлаймын, қалай барша жамандықты істеймін» деп кеңес сұрамайды. Демек, бұнда осы тектес нәсихаттар берілмейді, егер біреу осындай істерде бір-біріне көмектессе, олар күнә істеген болады. Сондықтан, біреу жаман іс істеуге қатысты кеңес сұраса, оған жол көрсетсе, олар ұсталады, содан олар қылмыс жасаған болады. Сол үшін де осындай жерлер жақсылыққа, игілікке арналады, демек, дерга және мешіттер жақсылықты үйрететін, игілікті тарататын орындар болмақ. Тағы айтар болсақ, осыны істеп жатқанда, ондағылар дүниелік істер жайлы да нәсихат айтылуы керек. Бүгінгі айтылған құптадағы аят-кәримада мынау айтылды, о иман келтіргендер, қарыз алған кезде, оны төлеп қайтаруға мәлім уақыт бөлінген кезде, оны келісімшартқа жазып алыңдар.
Ал құран әзиму-шән ақша алым-берім болған кезде кіші-кірім нәрселерге емес, бірақ басты нәрселерге келгенде, оларды жазып алыңдар дейді, ол дәлелді болсын, немесе онда бір куәгер болсын. Біз бұны не үшін айтып отырмыз? мүмкін біреу, «діннің саудамен не қатысы бар» деп сұрар. Ал діндегі ең маңызды мәселе, өзге адамның ұқығына қол сұқпау, және өзгенің ұқығына құл сұқтырмау болмақ. Себебі, сіз біреудің ұқығына қол сұғуға жол берсеңіз, екеуіңізде күнәға түсіп, өздеріңізді зияндайтын боласыз, сіз осылай өзгенің харам нәрсе тұтынуын келтіріп шығараған боласыз. Сіз біреуге жәй сене салып, «бауыр, ол бұнда, сен оны маған кейін төлеп қайтар» деп, ештеңе жазбай кетуіңізге болмайды. Ал егер сіз сый-сауға беруге ниет етсеңіз, ол болады, яғни, бұл басқа мәселе, бірақ сіз ақшаны қарызға берсеңіз, оны жазып алуларыңыз керек.
Себебі, егер оны олай етпесеңіз, ол адам оны төлемесе, немесе ол оны төлей алатын бола тұра, әдейі төлемей қойса, онда ол ақша лас ақшаға, таза болмаған харам ақшаға айналып кетеді. Ал егер ол адам ол ақшамен балаларын асыраса, оның балалары жақсы ұрпақ болмайды, қыңыр, бұзық, залым ұрпаққа айналады. Харамды істету тәнге ауру әкеледі, харам ақшамен мешіт салуға болмайды, ал онымен берілген зекет я садақа да қабыл болмайды. Сондықтан, сіз тек қана ақша жоғалыттым деп ренжи көрмеңіз, бұнда ол ақшаның харам ақшаға айналуына жол бергендігіңіз үшін қатты қайғыруыңыз керек. Ал сіз не істеуіңіз керек? бұнда бұйрық анық тұр, демек, оны жазып, келісімшарт етіңіз. Оны жақсылап жазып алған соң, егер олар оны төлесе, төлер, ал төлемесе, сізге ендігәрі жауапкершілік артылмайды.
Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің кезінде адамдар оған көптеген реніштермен келетін, олар, «ақшамды мына адамға қарызға беріп едім, бірақ оны қайта ала алмай жатырмын» дейтін. Сонда Мәуләнә, «оны бұрын менімен ақылдастыңба» деп сұраушы еді, ал қазір де көптеген адамдар бізге осылай келеді, және сол ұқсас формат жалғасуда. Демек, олардың, «мен бәленге ақшамды қарызға беріп едім, қазір оны қайта ала алмай жатырмын, немесе, оны былай етіп едім, ақшамды ала алмай жатырмын» демеген бір күні жоқ. Көптеген адамдар осындай мәселелермен келеді. Ал біз құптада құран аятынан кейін пайғамбарымыз ﷺның жақсы шүйіншілі бір хадисын оқыдық. Онда, «егер біреу қайтарамын деген таза ниетпен қарыз алса, Алла оған жеңілдік беріп, ол адамға қарызын оңай қайтаруды нәсіп етер» делінген, міне бұл аса маңызды түйін. Айтып өткеніміздей, адам осы нәрселерге жіті көңіл бөлуі керек, себебі, әр жерде ұқсас мәселелер бар, осында да солай.
Кейбір адамдар алдап соғуды ниет етсе, кейбіреулері қайтаруды ниет етеді, бірақ сонда да олар олай ете алмай жатады. Ал қайтару мүмкін болмаған кезде, оны басқа тәсілмен шешу керек. Яғни, қарыз беруші жұмсақтық етсін, егер қажет болса, ол оны зекет ретінде санап, қарыз алушыны жеңілдетсін. Алайда, ниет сонау әуел бастан жаман болып, «бұл адамдар молда, дәруиш, немесе ақымақтар, мен олардың ақшасын алып алдайын» деп ойласа, бұл екі жаққа да пайда әкелмейді. Алла ﷻ бізді панасына алғай. Кейбір адамдар бұнда сопылыққа қызығып келеді, сол кезде кейбір сопысымақтар, «неге дүние ісіне араласу керек» деп сұрайды. Себебі, дүние ісі - адамзат өмірінің бір бөлшегі, біз тек қана рух емеспіз, бізде тән бар, дене бар, біз етпен сүйектен жаралғанбыз. Жан-рухымыз денемізден әлі кеткен жоқ, сондықтан адам дүние ісін жәй елеусіз қалдыра алмайды.
Егер дүние істерін елеусіз қалдырса, рухани істер де бұзылады, әрине, ерте кездегі адамдар ұқсамайды. Мәселен, ерте кездегі ұрылар, осыдан мың жыл бұрынғы ұрылар адамның бөлмесіне кірмейді, немесе, біреудің үшін шағып кірмейді, олар отбасыны құрметтеп, олардың далада тұрған нәрсесін ұрлайды да, кетіп қалады. Демек, ол кезде адамдарда біреудің маңызды нәрсесіне, сенгеніне деген құрмет сезімі болған. Тіпті қателік істемек болса да, ол кездегі адамдар, «біз бір харам істегелі жатырмыз, ал оның тағы біреуін істемейік» деп ойлана білетін. Алла ﷻ ел-жұртты ондай харам істерді істеуден сақтағай. Харам істеу жаман нәрсе, Алла ﷻ бізді одан өте алыс еткей. Ал күнәдан сақтану зор нығымет, иман да зор нығымет, одан соң, харамнан тиылу да тым үлкен нығымет. Алла ﷻ барлығымызға риза болғай.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: قارىز ىسىندە كەلىسىمشارت جاز، ايتپەسە ول حارام اقشاعا اينالۋى مۇمكىن (2026.09.25 / حيجري 1448-جىل 14-رابيح ءال-اقير)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Naqshbandi Sufi Zentrum Berlin – Berlin، Germany، 2026) گەرمانيادا ايتىلعان سۇحبات. بەرليندەگى جاڭا دەرگالارىڭىز قۇتتى بولسىن. ماشاللا، بۇل بۇنداعى ءبىرىنشى جۇما نامازبا؟ ول بەرەكەگە تولعاي، ينشاللا. شۇكىر-اللا، ينشاللا، ءوسىبىر ءبىرىنشى جۇما ناماز پايعامبارىمىز ﷺنىڭ مەدينادا وتەگەن ءبىرىنشى جۇما نامازىنا جالعاسقاي، ونىڭ ساۋابى بىزگە دە كەلگەي، ينشاللا. ءبىز كۇپىرلىكتىڭ قاق جۇرەگىندە تۇرمىز. شۇكىر-اللا، ءبىز اللا ﷻدىڭ جاردەمىمەن وسى ورايعا يە بولدىق تا، وسىندا كەلىپ اللانى ايتۋعا، اللانىڭ بىرلىگىن مويىنداۋعا، پايعامبارىمىزدىڭ جولىنا ەرۋگە، جانە ونى ماداقتاۋعا ءناسىپ ەتىلدىك. ءبىز بۇندا زەڭبىرەكپەن كەلمەدىك، ءبىراق اللا ﷻدىڭ جاردەمىمەن كەلدىك. ينشاللا، بۇلار ادامداردىڭ حيداياتقا كەلۋىنە سەبەپ بولعاي، بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءدىنى، ءدىن دەگەنىمىز يسلام.
سوناۋ ادام الەيحيس-سالامنان باستاپ، قيامەتكە دەيىن يسلامنان باسقا ءدىن بولمايدى، بارلىق پايعامبارلار، «ءبىز مۇسىلمانبىز» دەپ، ايتىپ كەتكەن، ول قۇران ءازيمۋ-ءشاندا دا جازىلعان. قۇران ءازيمۋ-ءشانننىڭ الدىندا كەلگەن بارلىق قاسيەتتى جازبالار ۇقساس اقيقاتتى ءجاريالاپ، ودان باسقا ءدىن جوق ەكەندىگىن ايتقان. ال ءقازىر بۇنداعى ادامدار، «ءدىن دەگەن نە، ءدىننىڭ ماعىناسى نە، نە ءۇشىن ءدىن يسلام بولماق» دەپ سۇرايدى. ال ءدىن ءناسيحاتقا ياعني كەڭەسكە قۇرىلعان، ال ءناسيحات دەگەن نە؟ ءناسيحات دەگەنىمىز جاقسى نارسەلەردى ايتۋ-ءدۇر. بىرەۋ كەزكەلگەن نارسەگە قاتىستى اقىل-كەڭەس سۇراسا، ولار، «وسى ءىستىڭ جاقسى جولى قانداي» دەپ سۇرايدى. ولار، «قايتسەم، مەنىڭ ءومىرىم جاقسى بولار» دەپ سۇرايدى، جانە ونىڭ جاۋابى وعان جول نۇسقايدى. دەمەك، جاقسى ءىس ىستەگىسى كەلەتىن، جاقسى ادام بولعىسى كەلەتىن ادام ءناسيحات سۇرايدى، ال ءناسيحات بولسا، بۇكىلدەي ءدىننىڭ ىشىندەگى نارسەلەردەن تۇرادى.
ال بىرەۋ كەلىپ، «مەن قالاي جاماندىق ىستەسەم بولار» دەپ، كەڭەس سۇرامايدى ەمەسپە، ادامدار اينالىپ كەلىپ وزگەلەردەن، «مەن قالاي بۇزىقتىق ىستەيمىن، قالاي ۇرلايمىن، قالاي بارشا جاماندىقتى ىستەيمىن» دەپ كەڭەس سۇرامايدى. دەمەك، بۇندا وسى تەكتەس ءناسيحاتتار بەرىلمەيدى، ەگەر بىرەۋ وسىنداي ىستەردە ءبىر-بىرىنە كومەكتەسسە، ولار كۇنا ىستەگەن بولادى. سوندىقتان، بىرەۋ جامان ءىس ىستەۋگە قاتىستى كەڭەس سۇراسا، وعان جول كورسەتسە، ولار ۇستالادى، سودان ولار قىلمىس جاساعان بولادى. سول ءۇشىن دە وسىنداي جەرلەر جاقسىلىققا، يگىلىككە ارنالادى، دەمەك، دەرگا جانە مەشىتتەر جاقسىلىقتى ۇيرەتەتىن، يگىلىكتى تاراتاتىن ورىندار بولماق. تاعى ايتار بولساق، وسىنى ىستەپ جاتقاندا، ونداعىلار دۇنيەلىك ىستەر جايلى دا ءناسيحات ايتىلۋى كەرەك. بۇگىنگى ايتىلعان قۇپتاداعى ايات-كاريمادا مىناۋ ايتىلدى، و يمان كەلتىرگەندەر، قارىز العان كەزدە، ونى تولەپ قايتارۋعا ءمالىم ۋاقىت بولىنگەن كەزدە، ونى كەلىسىمشارتقا جازىپ الىڭدار.
ال قۇران ءازيمۋ-ءشان اقشا الىم-بەرىم بولعان كەزدە كىشى-كىرىم نارسەلەرگە ەمەس، ءبىراق باستى نارسەلەرگە كەلگەندە، ولاردى جازىپ الىڭدار دەيدى، ول دالەلدى بولسىن، نەمەسە وندا ءبىر كۋاگەر بولسىن. ءبىز بۇنى نە ءۇشىن ايتىپ وتىرمىز؟ مۇمكىن بىرەۋ، «ءدىننىڭ ساۋدامەن نە قاتىسى بار» دەپ سۇرار. ال دىندەگى ەڭ ماڭىزدى ماسەلە، وزگە ادامنىڭ ۇقىعىنا قول سۇقپاۋ، جانە وزگەنىڭ ۇقىعىنا قۇل سۇقتىرماۋ بولماق. سەبەبى، ءسىز بىرەۋدىڭ ۇقىعىنا قول سۇعۋعا جول بەرسەڭىز، ەكەۋىڭىزدە كۇناعا ءتۇسىپ، وزدەرىڭىزدى زياندايتىن بولاسىز، ءسىز وسىلاي وزگەنىڭ حارام نارسە تۇتىنۋىن كەلتىرىپ شىعاراعان بولاسىز. ءسىز بىرەۋگە ءجاي سەنە سالىپ، «باۋىر، ول بۇندا، سەن ونى ماعان كەيىن تولەپ قايتار» دەپ، ەشتەڭە جازباي كەتۋىڭىزگە بولمايدى. ال ەگەر ءسىز سىي-ساۋعا بەرۋگە نيەت ەتسەڭىز، ول بولادى، ياعني، بۇل باسقا ماسەلە، ءبىراق ءسىز اقشانى قارىزعا بەرسەڭىز، ونى جازىپ الۋلارىڭىز كەرەك.
سەبەبى، ەگەر ونى ولاي ەتپەسەڭىز، ول ادام ونى تولەمەسە، نەمەسە ول ونى تولەي الاتىن بولا تۇرا، ادەيى تولەمەي قويسا، وندا ول اقشا لاس اقشاعا، تازا بولماعان حارام اقشاعا اينالىپ كەتەدى. ال ەگەر ول ادام ول اقشامەن بالالارىن اسىراسا، ونىڭ بالالارى جاقسى ۇرپاق بولمايدى، قىڭىر، بۇزىق، زالىم ۇرپاققا اينالادى. حارامدى ىستەتۋ تانگە اۋرۋ اكەلەدى، حارام اقشامەن مەشىت سالۋعا بولمايدى، ال ونىمەن بەرىلگەن زەكەت يا ساداقا دا قابىل بولمايدى. سوندىقتان، ءسىز تەك قانا اقشا جوعالىتتىم دەپ رەنجي كورمەڭىز، بۇندا ول اقشانىڭ حارام اقشاعا اينالۋىنا جول بەرگەندىگىڭىز ءۇشىن قاتتى قايعىرۋىڭىز كەرەك. ال ءسىز نە ىستەۋىڭىز كەرەك؟ بۇندا بۇيرىق انىق تۇر، دەمەك، ونى جازىپ، كەلىسىمشارت ەتىڭىز. ونى جاقسىلاپ جازىپ العان سوڭ، ەگەر ولار ونى تولەسە، تولەر، ال تولەمەسە، سىزگە ەندىگارى جاۋاپكەرشىلىك ارتىلمايدى.
ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ كەزىندە ادامدار وعان كوپتەگەن رەنىشتەرمەن كەلەتىن، ولار، «اقشامدى مىنا ادامعا قارىزعا بەرىپ ەدىم، ءبىراق ونى قايتا الا الماي جاتىرمىن» دەيتىن. سوندا ءماۋلانا، «ونى بۇرىن مەنىمەن اقىلداستىڭبا» دەپ سۇراۋشى ەدى، ال ءقازىر دە كوپتەگەن ادامدار بىزگە وسىلاي كەلەدى، جانە سول ۇقساس فورمات جالعاسۋدا. دەمەك، ولاردىڭ، «مەن بالەنگە اقشامدى قارىزعا بەرىپ ەدىم، ءقازىر ونى قايتا الا الماي جاتىرمىن، نەمەسە، ونى بىلاي ەتىپ ەدىم، اقشامدى الا الماي جاتىرمىن» دەمەگەن ءبىر كۇنى جوق. كوپتەگەن ادامدار وسىنداي ماسەلەلەرمەن كەلەدى. ال ءبىز قۇپتادا قۇران اياتىنان كەيىن پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جاقسى ءشۇيىنشىلى ءبىر حاديسىن وقىدىق. وندا، «ەگەر بىرەۋ قايتارامىن دەگەن تازا نيەتپەن قارىز السا، اللا وعان جەڭىلدىك بەرىپ، ول ادامعا قارىزىن وڭاي قايتارۋدى ءناسىپ ەتەر» دەلىنگەن، مىنە بۇل اسا ماڭىزدى ءتۇيىن. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ادام وسى نارسەلەرگە ءجىتى كوڭىل ءبولۋى كەرەك، سەبەبى، ءار جەردە ۇقساس ماسەلەلەر بار، وسىندا دا سولاي.
كەيبىر ادامدار الداپ سوعۋدى نيەت ەتسە، كەيبىرەۋلەرى قايتارۋدى نيەت ەتەدى، ءبىراق سوندا دا ولار ولاي ەتە الماي جاتادى. ال قايتارۋ مۇمكىن بولماعان كەزدە، ونى باسقا تاسىلمەن شەشۋ كەرەك. ياعني، قارىز بەرۋشى جۇمساقتىق ەتسىن، ەگەر قاجەت بولسا، ول ونى زەكەت رەتىندە ساناپ، قارىز الۋشىنى جەڭىلدەتسىن. الايدا، نيەت سوناۋ اۋەل باستان جامان بولىپ، «بۇل ادامدار مولدا، ءدارۋيش، نەمەسە اقىماقتار، مەن ولاردىڭ اقشاسىن الىپ الدايىن» دەپ ويلاسا، بۇل ەكى جاققا دا پايدا اكەلمەيدى. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي. كەيبىر ادامدار بۇندا سوپىلىققا قىزىعىپ كەلەدى، سول كەزدە كەيبىر سوپىسىماقتار، «نەگە دۇنيە ىسىنە ارالاسۋ كەرەك» دەپ سۇرايدى. سەبەبى، دۇنيە ءىسى - ادامزات ءومىرىنىڭ ءبىر بولشەگى، ءبىز تەك قانا رۋح ەمەسپىز، بىزدە ءتان بار، دەنە بار، ءبىز ەتپەن سۇيەكتەن جارالعانبىز. جان-رۋحىمىز دەنەمىزدەن ءالى كەتكەن جوق، سوندىقتان ادام دۇنيە ءىسىن ءجاي ەلەۋسىز قالدىرا المايدى.
ەگەر دۇنيە ىستەرىن ەلەۋسىز قالدىرسا، رۋحاني ىستەر دە بۇزىلادى، ارينە، ەرتە كەزدەگى ادامدار ۇقسامايدى. ماسەلەن، ەرتە كەزدەگى ۇرىلار، وسىدان مىڭ جىل بۇرىنعى ۇرىلار ادامنىڭ بولمەسىنە كىرمەيدى، نەمەسە، بىرەۋدىڭ ءۇشىن شاعىپ كىرمەيدى، ولار وتباسىنى قۇرمەتتەپ، ولاردىڭ دالادا تۇرعان نارسەسىن ۇرلايدى دا، كەتىپ قالادى. دەمەك، ول كەزدە ادامداردا بىرەۋدىڭ ماڭىزدى نارسەسىنە، سەنگەنىنە دەگەن قۇرمەت سەزىمى بولعان. ءتىپتى قاتەلىك ىستەمەك بولسا دا، ول كەزدەگى ادامدار، «ءبىز ءبىر حارام ىستەگەلى جاتىرمىز، ال ونىڭ تاعى بىرەۋىن ىستەمەيىك» دەپ ويلانا بىلەتىن. اللا ﷻ ەل-جۇرتتى ونداي حارام ىستەردى ىستەۋدەن ساقتاعاي. حارام ىستەۋ جامان نارسە، اللا ﷻ ءبىزدى ودان وتە الىس ەتكەي. ال كۇنادان ساقتانۋ زور نىعىمەت، يمان دا زور نىعىمەت، ودان سوڭ، حارامنان تيىلۋ دا تىم ۇلكەن نىعىمەت. اللا ﷻ بارلىعىمىزعا ريزا بولعاي.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8949