Сұхбат: иманың әлсіз я жоқ болса, бұзыққа және дүниеге оңай алданасың (2) (2026.09.24 / Хижри 1448-жыл 13-Рабих Әл-Ақир)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8948
Сұхбат: иманың әлсіз я жоқ болса, бұзыққа және дүниеге оңай алданасың (2) (2026.09.24 / Хижри 1448-жыл 13-Рабих Әл-Ақир)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Fatih Mosque – Berlin, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Ағузубиллахи минәш-шайтанир ражим, бисмиллахир рахманир рахим, «فَتَبَارَكَ اللَّهُ أَحْسَنُ الْخَالِقِينَ», яғни, «сондай құтты Алла, жаратушылардың ең Жақсысы», құран 23інші сүре 14інші аят. Ол Өзінің есімін ұлықтайды, Алла жаратқан әр нәрседе еш кемшілік жоқ, ол барлығын әдемі жаратты, оларды лайықты орнына қойды, Ол барлық нәрсені ең әдемі жолмен, ең лайықты мәнермен жаратты. Алла ﷻ жерді жаратты, біз айтқанымызды тағы да айтамыз, «فَتَبَارَكَ اللَّهُ أَحْسَنُ الْخَالِقِينَ», яғни, «сондай құтты Алла, жаратушылардың ең Жақсысы». Ол расында жаратушылардың ең Жақсысы, Ол Өз есімін ұлықтайды, сонда адамдар есін жинар. Алла бұл дүниені адамдардың онда тұрып, өмір сүрулері үшін жаратты, бүкіл жершары тек бір ғана қайнардан келген, бірақ, бұнда Алла жерге кейін жіберген мәлім нәрселер де бар.
Олардың ең әйгілісі қара тас, яғни, хажар әл-асуад, ол жәннәттан келген, басқа нәрселер де бар, олар тым мәшхұр емес, бірақ олар бар, олардың бастысы осы құтты да қасиетті тас. Алла ﷻ жершарыны адамзатқа қызмет еттіру үшін жаратты, олардың тұрағы етіп жаратты. Құран әзиму-шәнда ол, «مِنْهَا خَلَقْنَاكُمْ وَفِيهَا نُعِيدُكُمْ وَمِنْهَا نُخْرِجُكُمْ تَارَةً أُخْرَىٰ», яғни, «Біз сендерді топырақтан жараттық, және Біз сендерді оған қайтаратын боламыз, және Біз тағы бір кез болғанда, сендерді одан ажыратып аламыз» деп айтылған, құран 20інші сүре 55інші аят. Демек, «біз сендерді одан жараттық, және сендерді оған қайтарамыз, ал қиямет күнінде сендер қайта тұратын болсыңдар» делінер. Мейлі адамдар дүниеден қанша пайда іздесін, олар оны мәлім уақыт қана істей алар, ал одан соң олар бұл дүниеден өтіп кететін болады. Ешкім бұл дүниені өзімен бірге әкете алмайды, сондықтан, кім бұл дүниеге алданса, ол ұтылған хәлде қалар, демек, мына дүние ешкімге қалмайды.
Пайғамбарымыз ﷺ қиямет күні жайлы, «кім Аллаға сенсе, бірақ еш намаз өтемесе, және тек қана қателікпен күнә істесе, ол тозаққа кірер» дейді. Міне кім осындай қылса, ол отқа түсер, бірақ ол кемінде Аллаға сенді, ал Алланы мүлдем жоққа шығаратындар үшін жағдай бүкілдей басқаша болар. Демек, манағы Аллаға иман келтірген тозаққа кіреді, бірақ ақырында жазасын өтеп, босап шығады. Мейлі ол онда неше жүзмың жыл, немесе неше милион жыл жазалансын, бірақ ол ең ақырында тозақтан шығарылатын болады. Ал тозақтан шыққан ең соңғы иман келтіруші жәннәтқа кіргенде, ол, «расында маған ештеңе қалмады, оған милиярттаған адамдар кіріп алды, маған не қалды дейсің, маған бір бос орын барма екен, тіпті басымды қояр бір жер барма» деп ойлайды, ол осыған сенеді.
Бірақ сонда да Алла Әззә уә-Жәллә мына бүкіл жершарыдан көптеген есе үлкен алып аумақты оған сыйға ұсынады, және ол біраз жылға, немесе адам өміріндей уақытқа ғана емес, түгел беріледі. Сондықтан, Алланы ұмытып, мына дүниенің артына түсіп кеткендер, Аллаға қарсы болғандар, Аллаға сенбегендер ұтылған хәлде қалар, міне осылар шынайы түсінігі жоқ адамдар. Себебі, мына дүние шекті, оның шегі бар, одан ешкім басқа жаққа ештеңе алып кете алмайды, дүние сол дүние ғана. Ол барлық адамдар үшін тек бір бекет қана, ешкім онда қала алмайды, бұнда өлмеушілік жоқ. Білесіздер, қазір елдің бәрі «жасанды ақыл, жасанды интелект» жайлы айтуда, ал оның да шегі бар. Адамдар осы нәрселер арқылы қиялдап, Алланы онан арман жоққа шығарады, бірақ бұл технологиялардың өз шегі бар.
Иманы әлсіз адамдар, немесе еш иманы жоқ адамдар тым қатты алжасып кетті, сондықтан олар не болады, немесе, не салдар болмақ деп қиялдап жүреді. Бірақ ақиқат қалады, Алла ﷻ бар, және Алла Әззә уә-Жәлләның қалауынсыз ештеңе қозғалмайды, ештеңе туылмайды, ештеңе өзі бола қалмайды. Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда, «سَخَّرَ لَكُم مَّا فِي الْأَرْضِ وَالْفُلْكَ تَجْرِي فِي الْبَحْرِ بِأَمْرِهِ», яғни, «Алла жердегі барлығын сендер бағындырып қойғанын көрмедіңдерме, кемелер де Оның әмірімен жүзер» дейді, құран 22інші сүре 65інші аят. Демек, Алла ﷻ жермен теңіздегі барлғын сіздердің қызметке бағындырып қойған. Ал мұсылмандар осы нәрселердің Алладан келгенін тануы керек, олар ештеңе Алланың қалауынсыз болмайтындығын білуі керек.
Соңғы кездері мұсылмандар абдырап, шатасып жүр, олардың ес-ақылдары тәуір алжасып кетті, ал иман болмаса, тыныштық болмас. Құран әзиму-шәнда, «يَحْسَبُونَ كُلَّ صَيْحَةٍ عَلَيْهِمْ», яғни, «олар әрбір жылап сықтау оларға қарсы деп ойлар» делінген, құран 63інші сүре 4інші аят. Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда, олар яғни иманы жоқ адамдар «барлық нәрсе бізге қарсы» деп ойлайтындығын айтады. Ал имандылар үшін болса, олар барлығын және барша сенімін Аллаға тапсырған, олар, «барлығы, мейлі жақсы және жаман болсын бірдей Алладан келер» деп сенеді, және солай өмір сүре береді. Демек, бізге қандай риздық бұйырылған болса, ол бізге сөзсіз келетін болады, біз осыны түсінуіміз керек. Айтып өткеніміздей, олар барлығын Аллаға телуі керек, сонда олар миын дүниелік нәрселермен шамадан тыс зорықтырып алмайтын, немесе, өздерін шатастырып алмайтын болады.
Алла Әззә уә-Жәллә, «сендер кейбір нәрсені жақсы деп ойлайсыңдар, бірақ ол жаман болып шығар, және сендер кейбір нәрсені жаман деп ойлайсыңдар, бірақ ол жақсы болып шығар» дейді. Ал дүние ісі осы дүниенің адамдарына тән, алаң болса, солар алаң бола берсін, шатасса, солар шатаса берсін, олар оны өздері бір жақтылы етсін, ал сіз жайлы жүруіңіз керек. Бұнда адамдар дүниеге қатты берілген, әр жерде де солай болып кетті, барлық жерлер ұқсас солай, бірақ кейбір жерлерде адамдар дүниелік алаңдаушылықтарға тым терең сүңгіп кеткен. Себебі, олар өз нәпсілерімен құмарлықтарын онан арман қандырғысы келеді, тіпті де кеңейіткісі келеді. Ал бұнда кім нәпсісін тежеп ұстай алса, ол әр жағынан игілік табар, әйтпесе, оларды ештеңе қанағаттандыра алмас. Бұндайда сіз өзіңізді құртасыз, және өзгелерді де бірге құрдымға алып кетесіз.
Ал оның ең жақсы шипасы мынау, иншалла. Демек, сіз жақсы достарды табыңыз, және жақсы адамдармен бірге болыңыз, әрине, және бір кеңес бар. Пайғамбарымыз, «يَدُ اللَّهِ مَعَ الْجَمَاعَةِ», яғни, «Алланың құдірет қолы жамағатта, көпте» дейді, егер біреу жалғыз қалса, оңай адасады, ал қазіргіндей заманда, жаман дос шайтаннан да қауіпті, себебі, олар шайтанның өзі істей алмайтын істерді оңай істей береді. Сол үшін ондай адамдардан аулақ болыңыз, иншалла. Алла ﷻ барлығымызға және бізге, мейлі мына дүниедегі кімге болса да, жәрдем бергей. Бұл жерде кейбір нәрселер біраз көп болғанымен, ақиқатында дүниенің әр жері шын қауіпсіз емес. Алла ﷻ құтқарушысын жібергей, құтқарушымыз сол, Мәхди әлейхис-салам. Ал біз ол келгенше осылай жүре тұрамыз, иншалла, бірақ ол келгенде, манағы барлық жамандықтар түгел сыпырылып әкетілетін болады, барлығы тазаланады. Ол тез келгей, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: يمانىڭ ءالسىز يا جوق بولسا، بۇزىققا جانە دۇنيەگە وڭاي الداناسىڭ (2) (2026.09.24 / حيجري 1448-جىل 13-رابيح ءال-اقير)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Fatih Mosque – Berlin، Germany، 2026) گەرمانيادا ايتىلعان سۇحبات. اعۋزۋبيللاحي ءميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «فَتَبَارَكَ اللَّهُ أَحْسَنُ الْخَالِقِينَ»، ياعني، «سونداي قۇتتى اللا، جاراتۋشىلاردىڭ ەڭ جاقسىسى»، قۇران 23ءىنشى سۇرە 14ءىنشى ايات. ول ءوزىنىڭ ەسىمىن ۇلىقتايدى، اللا جاراتقان ءار نارسەدە ەش كەمشىلىك جوق، ول بارلىعىن ادەمى جاراتتى، ولاردى لايىقتى ورنىنا قويدى، ول بارلىق نارسەنى ەڭ ادەمى جولمەن، ەڭ لايىقتى مانەرمەن جاراتتى. اللا ﷻ جەردى جاراتتى، ءبىز ايتقانىمىزدى تاعى دا ايتامىز، «فَتَبَارَكَ اللَّهُ أَحْسَنُ الْخَالِقِينَ»، ياعني، «سونداي قۇتتى اللا، جاراتۋشىلاردىڭ ەڭ جاقسىسى». ول راسىندا جاراتۋشىلاردىڭ ەڭ جاقسىسى، ول ءوز ەسىمىن ۇلىقتايدى، سوندا ادامدار ەسىن جينار. اللا بۇل دۇنيەنى ادامداردىڭ وندا تۇرىپ، ءومىر سۇرۋلەرى ءۇشىن جاراتتى، بۇكىل جەرشارى تەك ءبىر عانا قايناردان كەلگەن، ءبىراق، بۇندا اللا جەرگە كەيىن جىبەرگەن ءمالىم نارسەلەر دە بار.
ولاردىڭ ەڭ ايگىلىسى قارا تاس، ياعني، حاجار ءال-اسۋاد، ول ءجانناتتان كەلگەن، باسقا نارسەلەر دە بار، ولار تىم ءماشحۇر ەمەس، ءبىراق ولار بار، ولاردىڭ باستىسى وسى قۇتتى دا قاسيەتتى تاس. اللا ﷻ جەرشارىنى ادامزاتقا قىزمەت ەتتىرۋ ءۇشىن جاراتتى، ولاردىڭ تۇراعى ەتىپ جاراتتى. قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ول، «مِنْهَا خَلَقْنَاكُمْ وَفِيهَا نُعِيدُكُمْ وَمِنْهَا نُخْرِجُكُمْ تَارَةً أُخْرَىٰ»، ياعني، «ءبىز سەندەردى توپىراقتان جاراتتىق، جانە ءبىز سەندەردى وعان قايتاراتىن بولامىز، جانە ءبىز تاعى ءبىر كەز بولعاندا، سەندەردى ودان اجىراتىپ الامىز» دەپ ايتىلعان، قۇران 20ءىنشى سۇرە 55ءىنشى ايات. دەمەك، «ءبىز سەندەردى ودان جاراتتىق، جانە سەندەردى وعان قايتارامىز، ال قيامەت كۇنىندە سەندەر قايتا تۇراتىن بولسىڭدار» دەلىنەر. مەيلى ادامدار دۇنيەدەن قانشا پايدا ىزدەسىن، ولار ونى ءمالىم ۋاقىت قانا ىستەي الار، ال ودان سوڭ ولار بۇل دۇنيەدەن ءوتىپ كەتەتىن بولادى. ەشكىم بۇل دۇنيەنى وزىمەن بىرگە اكەتە المايدى، سوندىقتان، كىم بۇل دۇنيەگە الدانسا، ول ۇتىلعان حالدە قالار، دەمەك، مىنا دۇنيە ەشكىمگە قالمايدى.
پايعامبارىمىز ﷺ قيامەت كۇنى جايلى، «كىم اللاعا سەنسە، ءبىراق ەش ناماز وتەمەسە، جانە تەك قانا قاتەلىكپەن كۇنا ىستەسە، ول توزاققا كىرەر» دەيدى. مىنە كىم وسىنداي قىلسا، ول وتقا تۇسەر، ءبىراق ول كەمىندە اللاعا سەندى، ال اللانى مۇلدەم جوققا شىعاراتىندار ءۇشىن جاعداي بۇكىلدەي باسقاشا بولار. دەمەك، ماناعى اللاعا يمان كەلتىرگەن توزاققا كىرەدى، ءبىراق اقىرىندا جازاسىن وتەپ، بوساپ شىعادى. مەيلى ول وندا نەشە ءجۇزمىڭ جىل، نەمەسە نەشە ميليون جىل جازالانسىن، ءبىراق ول ەڭ اقىرىندا توزاقتان شىعارىلاتىن بولادى. ال توزاقتان شىققان ەڭ سوڭعى يمان كەلتىرۋشى ءجانناتقا كىرگەندە، ول، «راسىندا ماعان ەشتەڭە قالمادى، وعان ميليارتتاعان ادامدار كىرىپ الدى، ماعان نە قالدى دەيسىڭ، ماعان ءبىر بوس ورىن بارما ەكەن، ءتىپتى باسىمدى قويار ءبىر جەر بارما» دەپ ويلايدى، ول وسىعان سەنەدى.
ءبىراق سوندا دا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مىنا بۇكىل جەرشارىدان كوپتەگەن ەسە ۇلكەن الىپ اۋماقتى وعان سىيعا ۇسىنادى، جانە ول ءبىراز جىلعا، نەمەسە ادام ومىرىندەي ۋاقىتقا عانا ەمەس، تۇگەل بەرىلەدى. سوندىقتان، اللانى ۇمىتىپ، مىنا دۇنيەنىڭ ارتىنا ءتۇسىپ كەتكەندەر، اللاعا قارسى بولعاندار، اللاعا سەنبەگەندەر ۇتىلعان حالدە قالار، مىنە وسىلار شىنايى تۇسىنىگى جوق ادامدار. سەبەبى، مىنا دۇنيە شەكتى، ونىڭ شەگى بار، ودان ەشكىم باسقا جاققا ەشتەڭە الىپ كەتە المايدى، دۇنيە سول دۇنيە عانا. ول بارلىق ادامدار ءۇشىن تەك ءبىر بەكەت قانا، ەشكىم وندا قالا المايدى، بۇندا ولمەۋشىلىك جوق. بىلەسىزدەر، ءقازىر ەلدىڭ ءبارى «جاساندى اقىل، جاساندى ينتەلەكت» جايلى ايتۋدا، ال ونىڭ دا شەگى بار. ادامدار وسى نارسەلەر ارقىلى قيالداپ، اللانى ونان ارمان جوققا شىعارادى، ءبىراق بۇل تەحنولوگيالاردىڭ ءوز شەگى بار.
يمانى ءالسىز ادامدار، نەمەسە ەش يمانى جوق ادامدار تىم قاتتى الجاسىپ كەتتى، سوندىقتان ولار نە بولادى، نەمەسە، نە سالدار بولماق دەپ قيالداپ جۇرەدى. ءبىراق اقيقات قالادى، اللا ﷻ بار، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قالاۋىنسىز ەشتەڭە قوزعالمايدى، ەشتەڭە تۋىلمايدى، ەشتەڭە ءوزى بولا قالمايدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا، «سَخَّرَ لَكُم مَّا فِي الْأَرْضِ وَالْفُلْكَ تَجْرِي فِي الْبَحْرِ بِأَمْرِهِ»، ياعني، «اللا جەردەگى بارلىعىن سەندەر باعىندىرىپ قويعانىن كورمەدىڭدەرمە، كەمەلەر دە ونىڭ امىرىمەن جۇزەر» دەيدى، قۇران 22ءىنشى سۇرە 65ءىنشى ايات. دەمەك، اللا ﷻ جەرمەن تەڭىزدەگى بارلعىن سىزدەردىڭ قىزمەتكە باعىندىرىپ قويعان. ال مۇسىلماندار وسى نارسەلەردىڭ اللادان كەلگەنىن تانۋى كەرەك، ولار ەشتەڭە اللانىڭ قالاۋىنسىز بولمايتىندىعىن ءبىلۋى كەرەك.
سوڭعى كەزدەرى مۇسىلماندار ابدىراپ، شاتاسىپ ءجۇر، ولاردىڭ ەس-اقىلدارى ءتاۋىر الجاسىپ كەتتى، ال يمان بولماسا، تىنىشتىق بولماس. قۇران ءازيمۋ-ءشاندا، «يَحْسَبُونَ كُلَّ صَيْحَةٍ عَلَيْهِمْ»، ياعني، «ولار ءاربىر جىلاپ سىقتاۋ ولارعا قارسى دەپ ويلار» دەلىنگەن، قۇران 63ءىنشى سۇرە 4ءىنشى ايات. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا، ولار ياعني يمانى جوق ادامدار «بارلىق نارسە بىزگە قارسى» دەپ ويلايتىندىعىن ايتادى. ال يماندىلار ءۇشىن بولسا، ولار بارلىعىن جانە بارشا سەنىمىن اللاعا تاپسىرعان، ولار، «بارلىعى، مەيلى جاقسى جانە جامان بولسىن بىردەي اللادان كەلەر» دەپ سەنەدى، جانە سولاي ءومىر سۇرە بەرەدى. دەمەك، بىزگە قانداي ريزدىق بۇيىرىلعان بولسا، ول بىزگە ءسوزسىز كەلەتىن بولادى، ءبىز وسىنى ءتۇسىنۋىمىز كەرەك. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ولار بارلىعىن اللاعا تەلۋى كەرەك، سوندا ولار ميىن دۇنيەلىك نارسەلەرمەن شامادان تىس زورىقتىرىپ المايتىن، نەمەسە، وزدەرىن شاتاستىرىپ المايتىن بولادى.
اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «سەندەر كەيبىر نارسەنى جاقسى دەپ ويلايسىڭدار، ءبىراق ول جامان بولىپ شىعار، جانە سەندەر كەيبىر نارسەنى جامان دەپ ويلايسىڭدار، ءبىراق ول جاقسى بولىپ شىعار» دەيدى. ال دۇنيە ءىسى وسى دۇنيەنىڭ ادامدارىنا ءتان، الاڭ بولسا، سولار الاڭ بولا بەرسىن، شاتاسسا، سولار شاتاسا بەرسىن، ولار ونى وزدەرى ءبىر جاقتىلى ەتسىن، ال ءسىز جايلى ءجۇرۋىڭىز كەرەك. بۇندا ادامدار دۇنيەگە قاتتى بەرىلگەن، ءار جەردە دە سولاي بولىپ كەتتى، بارلىق جەرلەر ۇقساس سولاي، ءبىراق كەيبىر جەرلەردە ادامدار دۇنيەلىك الاڭداۋشىلىقتارعا تىم تەرەڭ سۇڭگىپ كەتكەن. سەبەبى، ولار ءوز ناپسىلەرىمەن قۇمارلىقتارىن ونان ارمان قاندىرعىسى كەلەدى، ءتىپتى دە كەڭەيىتكىسى كەلەدى. ال بۇندا كىم ءناپسىسىن تەجەپ ۇستاي السا، ول ءار جاعىنان يگىلىك تابار، ايتپەسە، ولاردى ەشتەڭە قاناعاتتاندىرا الماس. بۇندايدا ءسىز ءوزىڭىزدى قۇرتاسىز، جانە وزگەلەردى دە بىرگە قۇردىمعا الىپ كەتەسىز.
ال ونىڭ ەڭ جاقسى شيپاسى مىناۋ، ينشاللا. دەمەك، ءسىز جاقسى دوستاردى تابىڭىز، جانە جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولىڭىز، ارينە، جانە ءبىر كەڭەس بار. پايعامبارىمىز، «يَدُ اللَّهِ مَعَ الْجَمَاعَةِ»، ياعني، «اللانىڭ قۇدىرەت قولى جاماعاتتا، كوپتە» دەيدى، ەگەر بىرەۋ جالعىز قالسا، وڭاي اداسادى، ال قازىرگىندەي زاماندا، جامان دوس شايتاننان دا ءقاۋىپتى، سەبەبى، ولار شايتاننىڭ ءوزى ىستەي المايتىن ىستەردى وڭاي ىستەي بەرەدى. سول ءۇشىن ونداي ادامداردان اۋلاق بولىڭىز، ينشاللا. اللا ﷻ بارلىعىمىزعا جانە بىزگە، مەيلى مىنا دۇنيەدەگى كىمگە بولسا دا، جاردەم بەرگەي. بۇل جەردە كەيبىر نارسەلەر ءبىراز كوپ بولعانىمەن، اقيقاتىندا دۇنيەنىڭ ءار جەرى شىن ءقاۋىپسىز ەمەس. اللا ﷻ قۇتقارۋشىسىن جىبەرگەي، قۇتقارۋشىمىز سول، ءماحدي الەيحيس-سالام. ال ءبىز ول كەلگەنشە وسىلاي جۇرە تۇرامىز، ينشاللا، ءبىراق ول كەلگەندە، ماناعى بارلىق جاماندىقتار تۇگەل سىپىرىلىپ اكەتىلەتىن بولادى، بارلىعى تازالانادى. ول تەز كەلگەي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8948