You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: бұл соғыстар жәй ойын ғана, тыныш жүр, Мәхди хазіретті күт (2026.04.27 / Хижри 1447-жыл 10-Зұл-Қадах)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8794
Сұхбат: бұл соғыстар жәй ойын ғана, тыныш жүр, Мәхди хазіретті күт (2026.04.27 / Хижри 1447-жыл 10-Зұл-Қадах)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Freiburg, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Ең алдымен, біз тағы да айталық, біз бұнда болғанымызға қуаныштымыз, көне мүриддер, жаңа мүриддер болсын, барлығы келіп жатыр, машалла, әлхамдулиилла. Алла ﷻ құранда, «біз сендерді топырақтан жараттық, және жалпақ жерде көгеніс, ағаш, бидәй барлығын өсіретін еттік» дейді. Кейбір адамдар жаңа бірдеңе айтып жүр, біз жаңа мода болған бір айтылымды естіп қалдық, яғни олар, «жер жалпақ» деп жүр. Ал бұндай ету Алла ﷻдың құдіретінен, олар оның доп сияқты домалақ екенін елесте алмаған, содан олар жер жалпақ дер. Алла, «Біз сендерді топырақтан жараттық, және топыраққа қайтасыңдар» дейді, Ол, «ثُمَّ يُعِيدُكُمْ فِيهَا وَيُخْرِجُكُمْ إِخْرَاجًا», яғни, «содан соң Ол сендерді оған қайтарар», құран 71інші сүре 18інші аят. Демек, Алла, «Біз сендерді жерге тағы кіргіземіз, және Алла Әззә уә-Жәлләның жаратылысы жалғасты жаратылар берер» дейді.

Сәйдина Әхмад Әл-Рифай хазірет, ол рифай сопылық тәриқатының пірі болып, оның үлкен кереметі бар еді, ол бірде қажылықта жүреді, сол кезде адамдар пайғамбарымыз ﷺның қабырынан, «балам кел, келіп, қолымды сүй» деген бір дауысты естиді. Және пайғамбарымыз ﷺның әппақ киелі қолы шығады, Сәйдина Әхмад Әл-Рифай хазірет оны сүйеді. Бұны көптеген адамдар көздерімен көрді, жүз, бесжүз я мыңдаған адам бұны көрді. Оның тағы бір кереметі бар, яғни ол, «мен өліп, бірінші көкке көтерілдім, одан екінші, үшінші, төртінші көкке шықтым, ол құмнан жасалған мұхит екен» дейді. Сол кезде оған бір үн келіп, «жақын келіп қара» дейді, және ол қараған кезде оның әр түйір құмы бір дүние екен, яғни бір плената сияқты екен, бірақ олар алыстан құм сияқты көрінер.

Әрине, ол оны адамдарға айтқанда, ол кездегі адамдар плената жәйлы ештеңе білмейді, олар оны ай, я басқа бірдеңе сияқты ойлар, бірақ манағы құм сияқты әрбір түйір бір жершарыға ұқсайтын еді. Міне бұл Алла ﷻдың ұлылығын көрсетеді, Ол Әл-Халлақ, оның мағынасы сол, Ол сәт сайын тынбастан Жаратушы-дүр. Сондықтан, біз осы дүниеге келгеніміз үшін әлхамдулилла дейміз, және иншалла, әулие-машайықтарымыздың берекесімен сіздер пайғамбарымыздан, машайықтардан, әулиелерден шынайы білім ала аласыздар. Ал Алла Әззә уә-Жәлләның уәдесімен, кім пайғамбарымызға ерсе, ол қиямет күні қайта тірілген кезде пайғамбарымызбен жәннәтта мәңгі бірге болар. Ал Мәуләнә Шайық назым хазірет ұдайы жәннәтқа шақырар, әлхамдулилла, көптеген адамдар келді, ал айтып өткенімдей, Мәуләнә Шайыққа еретін жаңа жақсы ұрпақтар келе жатыр.

Қасиетті кітап құран әзиму-шән бұл дүниемен келер дүние жәйлы барлығын айтқан, әрине, әу баста айтып өткеніміздей, мына дүниені Алла ﷻ жаратты, және адамға қажетті болған жануарлармен өсімдіктерді де жаратты. Бұнда барлығы адам баласы үшін әлдеқайда жеткілікті, бірақ көптеген адам сонау ерте заманнан ары-бері айналды, бірдеңелерді істеді, және ел-жұртты алдады. Олар көп рет Алла Әззә уә-Жәлләға, «мен Сенен күштімін» деп айтты. Мәселен, нимурд ұзын мұнара салды, және аспанға жебе атты, ал ферғауын, досына Аллаға жетіп алатын биік нәрсе салуды бұйырды. Ал қазір де адамдар осындай бірдеңелерді сынап көруде, соған құлшынуда, олар, «біз айға жетеміз, марысқа жетеміз» дейді. Алайда, олар ең алдымен өздерін алдауда, одан соң адамдарды алдауда, олардың кейбір нәрселері жерден алыс емес аспанда тұрады, шамамен 100-200 мил алыста тұр, ал олар жерге қайтып келгенде, кәдімгі қураған ұлу сияқты болып қалады, ішінде ештеңесі қалмас.

Демек, біз әрдайым адамдар арасынан өзін «адамзаттың құтқарушысымен» деп жар салатын біреулердің шығып тұратынын көріп жүрміз, олар жақсы қызмет өтейді, адамдарға жұмыс жасайды, бірақ олар бірдеңе істесе, өз пайдалары үшін, мол ақша табу үшін, тіпті де бай болу үшін істер. Олар бастысы міне осы үшін ғана істер, қазір олар соғыс жасап, ойын ойнап отыр, ал адамдар болса, барлығы қорқып, «енді не болмақ, не істеуіміз керек» деп, қатты алаңдауда. Ал бұлардың барлығы адамдар көріп жүрген сыртқы нәрселер сияқты емес, демек, оның астарында көптеген істер бар, яғни олар адамдарды алдауда. Сондықтан, мүминдер және Алламен пайғамбарымыздың жолына ергендер ештеңеден алаңдамасын, егер осындай болсаңыз, Алла ﷻ жүрегіңізге қанағат беріп, ештемеден алаңдамайтын боласыз, содан қауіпсіз өмір сүрерсіз, иншалла.

Мәуләнә Шайық Назым әулие бұл жәйлы жақсы шүйінші береді, әлхамдулилла, демек, бұнда алаңдау қажетсіз, иншалла, Алла ﷻ біздің құтқарушымыз Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-саламды жіберетін болады. Ал қазіргі болып жатқан жағдайлар адамдардың қолекі істеген жамандықтарынан болып отыр, демек, олар не еккен болса, соны оруда. Егер сіз бидәй, арпа, картошкі ексеңіз, соларды орып аласыз, ал жаман нәрсе ексеңіз, жаман нәрсе шығар, және ол ештеңеге жарамас. Кеше біз бақшаға бардық, онда бір өсімдік бар екен, олар оны әр жерге егіп тастапты, бірақ олар көрер көзге әдемі емес екен, исі де өте жаман. Егер сіз осындай өсімдік ексеңіз, одан роза немесе жасмин гүлінің иісін искей алмайсыз. Сол үшін бұл кезде алаңдамаңыз, адамдарды өзіңізге қарсы қылып алмай, тыныш жүрген жақсы болмақ, демек, тыныш жүріңіз, бақылап қана отырыңыз.

Әлхамдулилла, Мәуләнә Шайық Назым әулие айтқан істер ақырын-ақырын туылуда, белең беруде, бұрын Мәуләнә, «қала сыртына кетіңдер, ауыл жақта тұрыңдар» деп айтқан еді. Бірақ, әлхамдулилла, ол өмірінің соңғы кездерінде, «үйлеріңде отырыңдар, ештеңеден алаңдамаңдар, және ештеңе айтпаңдар, көшедегі қара нопыр елмен бірге болмаңдар, себебі олармен бірге болу қауіпті» деп айтты. Алла ﷻ бізді есендікте еткей, және осыбір жақсы күндерге жеткізгей, иншалла, ол күндер жақын, бірақ, Аллахуғалам, яғни Алла ең жақсы біледі. Расында, ештеңе қазіргіндей жаман болмаған еді, иншалла, Алла бізді аман еткей, бақытты еткей, және бірге еткей, иншалла, біз манағы күндерге жетіп, Сәйдина Әл-Мәхди хазіретпен бірге болайық.

Ол күндер өте жақсы күндер, бірақ кейбіреулер сонда да ел-жұртты алдап жүр, яғни олар, «біз өзімізбен бірдеңе алып жүруіміз керек, әйтпесе ол кезде қайтып өмір сүреміз» дер. Ал келе жатқан ол күндер, яғни Сәйдина Әл-Мәхди хазірет келгеннен кейінгі күндер қазіргі кезге мүлдем ұқсамайтын күндер. Оған технология керек емес, мәселен, осыдан жүз жыл бұрын бір ерекше адам, «електірдің керегі жоқ, оны жершарыдан алып кетсең болады» деп айтып кеткен еді. Бұл болса, Алла Әззә уә-Жәлләның бір мұғжизасынан еді, яғни, Мәуләнә Шайық Назым әулие, «технология құритын болады, қазіргі технология Мәхди кезіндегі технологияға салыстырса, тас құралдар дәуіріне ұқсар» деп айтқан еді. Алла Әззә уә-Жәллә бірдеңені қалаған кезде, оны ештеңе тоқтата алмас, сондықтан, ақырзаманда Мәхди әлейхис-салам келгенде, ол заман өте жақсы заман болады. Алла ﷻ сіздерді берекелегей, есендікте еткей, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: بۇل سوعىستار ءجاي ويىن عانا، تىنىش ءجۇر، ءماحدي حازىرەتتى كۇت (2026.04.27 / حيجري 1447-جىل 10-زۇل-قاداح)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Freiburg، Germany، 2026) گەرمانيادا ايتىلعان سۇحبات. ەڭ الدىمەن، ءبىز تاعى دا ايتالىق، ءبىز بۇندا بولعانىمىزعا قۋانىشتىمىز، كونە مۇريددەر، جاڭا مۇريددەر بولسىن، بارلىعى كەلىپ جاتىر، ماشاللا، ءالحامدۋليللا. اللا ﷻ قۇراندا، «ءبىز سەندەردى توپىراقتان جاراتتىق، جانە جالپاق جەردە كوگەنىس، اعاش، ءبيداي بارلىعىن وسىرەتىن ەتتىك» دەيدى. كەيبىر ادامدار جاڭا بىردەڭە ايتىپ ءجۇر، ءبىز جاڭا مودا بولعان ءبىر ايتىلىمدى ەستىپ قالدىق، ياعني ولار، «جەر جالپاق» دەپ ءجۇر. ال بۇنداي ەتۋ اللا ﷻدىڭ قۇدىرەتىنەن، ولار ونىڭ دوپ سياقتى دومالاق ەكەنىن ەلەستە الماعان، سودان ولار جەر جالپاق دەر. اللا، «ءبىز سەندەردى توپىراقتان جاراتتىق، جانە توپىراققا قايتاسىڭدار» دەيدى، ول، «ثُمَّ يُعِيدُكُمْ فِيهَا وَيُخْرِجُكُمْ إِخْرَاجًا»، ياعني، «سودان سوڭ ول سەندەردى وعان قايتارار»، قۇران 71ءىنشى سۇرە 18ءىنشى ايات. دەمەك، اللا، «ءبىز سەندەردى جەرگە تاعى كىرگىزەمىز، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جاراتىلىسى جالعاستى جاراتىلار بەرەر» دەيدى.

ءسايدينا ءاحماد ءال-ريفاي حازىرەت، ول ريفاي سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ ءپىرى بولىپ، ونىڭ ۇلكەن كەرەمەتى بار ەدى، ول بىردە قاجىلىقتا جۇرەدى، سول كەزدە ادامدار پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قابىرىنان، «بالام كەل، كەلىپ، قولىمدى ءسۇي» دەگەن ءبىر داۋىستى ەستيدى. جانە پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءاپپاق كيەلى قولى شىعادى، ءسايدينا ءاحماد ءال-ريفاي حازىرەت ونى سۇيەدى. بۇنى كوپتەگەن ادامدار كوزدەرىمەن كوردى، ءجۇز، بەسجۇز يا مىڭداعان ادام بۇنى كوردى. ونىڭ تاعى ءبىر كەرەمەتى بار، ياعني ول، «مەن ءولىپ، ءبىرىنشى كوككە كوتەرىلدىم، ودان ەكىنشى، ءۇشىنشى، ءتورتىنشى كوككە شىقتىم، ول قۇمنان جاسالعان مۇحيت ەكەن» دەيدى. سول كەزدە وعان ءبىر ءۇن كەلىپ، «جاقىن كەلىپ قارا» دەيدى، جانە ول قاراعان كەزدە ونىڭ ءار ءتۇيىر قۇمى ءبىر دۇنيە ەكەن، ياعني ءبىر پلەناتا سياقتى ەكەن، ءبىراق ولار الىستان قۇم سياقتى كورىنەر.

ارينە، ول ونى ادامدارعا ايتقاندا، ول كەزدەگى ادامدار پلەناتا ءجايلى ەشتەڭە بىلمەيدى، ولار ونى اي، يا باسقا بىردەڭە سياقتى ويلار، ءبىراق ماناعى قۇم سياقتى ءاربىر ءتۇيىر ءبىر جەرشارىعا ۇقسايتىن ەدى. مىنە بۇل اللا ﷻدىڭ ۇلىلىعىن كورسەتەدى، ول ءال-حاللاق، ونىڭ ماعىناسى سول، ول ءسات سايىن تىنباستان جاراتۋشى-ءدۇر. سوندىقتان، ءبىز وسى دۇنيەگە كەلگەنىمىز ءۇشىن ءالحامدۋليللا دەيمىز، جانە ينشاللا، اۋليە-ماشايىقتارىمىزدىڭ بەرەكەسىمەن سىزدەر پايعامبارىمىزدان، ماشايىقتاردان، اۋليەلەردەن شىنايى ءبىلىم الا الاسىزدار. ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ۋادەسىمەن، كىم پايعامبارىمىزعا ەرسە، ول قيامەت كۇنى قايتا تىرىلگەن كەزدە پايعامبارىمىزبەن ءجانناتتا ماڭگى بىرگە بولار. ال ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ۇدايى ءجانناتقا شاقىرار، ءالحامدۋليللا، كوپتەگەن ادامدار كەلدى، ال ايتىپ وتكەنىمدەي، ءماۋلانا شايىققا ەرەتىن جاڭا جاقسى ۇرپاقتار كەلە جاتىر.

قاسيەتتى كىتاپ قۇران ءازيمۋ-ءشان بۇل دۇنيەمەن كەلەر دۇنيە ءجايلى بارلىعىن ايتقان، ارينە، ءاۋ باستا ايتىپ وتكەنىمىزدەي، مىنا دۇنيەنى اللا ﷻ جاراتتى، جانە ادامعا قاجەتتى بولعان جانۋارلارمەن وسىمدىكتەردى دە جاراتتى. بۇندا بارلىعى ادام بالاسى ءۇشىن الدەقايدا جەتكىلىكتى، ءبىراق كوپتەگەن ادام سوناۋ ەرتە زاماننان ارى-بەرى اينالدى، بىردەڭەلەردى ىستەدى، جانە ەل-جۇرتتى الدادى. ولار كوپ رەت اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا، «مەن سەنەن كۇشتىمىن» دەپ ايتتى. ماسەلەن، نيمۋرد ۇزىن مۇنارا سالدى، جانە اسپانعا جەبە اتتى، ال فەرعاۋىن، دوسىنا اللاعا جەتىپ الاتىن بيىك نارسە سالۋدى بۇيىردى. ال ءقازىر دە ادامدار وسىنداي بىردەڭەلەردى سىناپ كورۋدە، سوعان قۇلشىنۋدا، ولار، «ءبىز ايعا جەتەمىز، مارىسقا جەتەمىز» دەيدى. الايدا، ولار ەڭ الدىمەن وزدەرىن الداۋدا، ودان سوڭ ادامداردى الداۋدا، ولاردىڭ كەيبىر نارسەلەرى جەردەن الىس ەمەس اسپاندا تۇرادى، شامامەن 100-200 ميل الىستا تۇر، ال ولار جەرگە قايتىپ كەلگەندە، كادىمگى قۋراعان ۇلۋ سياقتى بولىپ قالادى، ىشىندە ەشتەڭەسى قالماس.

دەمەك، ءبىز ءاردايىم ادامدار اراسىنان ءوزىن «ادامزاتتىڭ قۇتقارۋشىسىمەن» دەپ جار سالاتىن بىرەۋلەردىڭ شىعىپ تۇراتىنىن كورىپ ءجۇرمىز، ولار جاقسى قىزمەت وتەيدى، ادامدارعا جۇمىس جاسايدى، ءبىراق ولار بىردەڭە ىستەسە، ءوز پايدالارى ءۇشىن، مول اقشا تابۋ ءۇشىن، ءتىپتى دە باي بولۋ ءۇشىن ىستەر. ولار باستىسى مىنە وسى ءۇشىن عانا ىستەر، ءقازىر ولار سوعىس جاساپ، ويىن ويناپ وتىر، ال ادامدار بولسا، بارلىعى قورقىپ، «ەندى نە بولماق، نە ىستەۋىمىز كەرەك» دەپ، قاتتى الاڭداۋدا. ال بۇلاردىڭ بارلىعى ادامدار كورىپ جۇرگەن سىرتقى نارسەلەر سياقتى ەمەس، دەمەك، ونىڭ استارىندا كوپتەگەن ىستەر بار، ياعني ولار ادامداردى الداۋدا. سوندىقتان، مۇميندەر جانە اللامەن پايعامبارىمىزدىڭ جولىنا ەرگەندەر ەشتەڭەدەن الاڭداماسىن، ەگەر وسىنداي بولساڭىز، اللا ﷻ جۇرەگىڭىزگە قاناعات بەرىپ، ەشتەمەدەن الاڭدامايتىن بولاسىز، سودان ءقاۋىپسىز ءومىر سۇرەرسىز، ينشاللا.

ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە بۇل ءجايلى جاقسى ءشۇيىنشى بەرەدى، ءالحامدۋليللا، دەمەك، بۇندا الاڭداۋ قاجەتسىز، ينشاللا، اللا ﷻ ءبىزدىڭ قۇتقارۋشىمىز ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامدى جىبەرەتىن بولادى. ال قازىرگى بولىپ جاتقان جاعدايلار ادامداردىڭ قولەكى ىستەگەن جاماندىقتارىنان بولىپ وتىر، دەمەك، ولار نە ەككەن بولسا، سونى ورۋدا. ەگەر ءسىز ءبيداي، ارپا، كارتوشكى ەكسەڭىز، سولاردى ورىپ الاسىز، ال جامان نارسە ەكسەڭىز، جامان نارسە شىعار، جانە ول ەشتەڭەگە جاراماس. كەشە ءبىز باقشاعا باردىق، وندا ءبىر وسىمدىك بار ەكەن، ولار ونى ءار جەرگە ەگىپ تاستاپتى، ءبىراق ولار كورەر كوزگە ادەمى ەمەس ەكەن، ءيسى دە وتە جامان. ەگەر ءسىز وسىنداي وسىمدىك ەكسەڭىز، ودان روزا نەمەسە جاسمين گۇلىنىڭ ءيىسىن يسكەي المايسىز. سول ءۇشىن بۇل كەزدە الاڭداماڭىز، ادامداردى وزىڭىزگە قارسى قىلىپ الماي، تىنىش جۇرگەن جاقسى بولماق، دەمەك، تىنىش ءجۇرىڭىز، باقىلاپ قانا وتىرىڭىز.

ءالحامدۋليللا، ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە ايتقان ىستەر اقىرىن-اقىرىن تۋىلۋدا، بەلەڭ بەرۋدە، بۇرىن ءماۋلانا، «قالا سىرتىنا كەتىڭدەر، اۋىل جاقتا تۇرىڭدار» دەپ ايتقان ەدى. ءبىراق، ءالحامدۋليللا، ول ءومىرىنىڭ سوڭعى كەزدەرىندە، «ۇيلەرىڭدە وتىرىڭدار، ەشتەڭەدەن الاڭداماڭدار، جانە ەشتەڭە ايتپاڭدار، كوشەدەگى قارا نوپىر ەلمەن بىرگە بولماڭدار، سەبەبى ولارمەن بىرگە بولۋ ءقاۋىپتى» دەپ ايتتى. اللا ﷻ ءبىزدى ەسەندىكتە ەتكەي، جانە ءوسىبىر جاقسى كۇندەرگە جەتكىزگەي، ينشاللا، ول كۇندەر جاقىن، ءبىراق، اللاحۋعالام، ياعني اللا ەڭ جاقسى بىلەدى. راسىندا، ەشتەڭە قازىرگىندەي جامان بولماعان ەدى، ينشاللا، اللا ءبىزدى امان ەتكەي، باقىتتى ەتكەي، جانە بىرگە ەتكەي، ينشاللا، ءبىز ماناعى كۇندەرگە جەتىپ، ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەتپەن بىرگە بولايىق.

ول كۇندەر وتە جاقسى كۇندەر، ءبىراق كەيبىرەۋلەر سوندا دا ەل-جۇرتتى الداپ ءجۇر، ياعني ولار، «ءبىز وزىمىزبەن بىردەڭە الىپ ءجۇرۋىمىز كەرەك، ايتپەسە ول كەزدە قايتىپ ءومىر سۇرەمىز» دەر. ال كەلە جاتقان ول كۇندەر، ياعني ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەت كەلگەننەن كەيىنگى كۇندەر قازىرگى كەزگە مۇلدەم ۇقسامايتىن كۇندەر. وعان تەحنولوگيا كەرەك ەمەس، ماسەلەن، وسىدان ءجۇز جىل بۇرىن ءبىر ەرەكشە ادام، «ەلەكتىردىڭ كەرەگى جوق، ونى جەرشارىدان الىپ كەتسەڭ بولادى» دەپ ايتىپ كەتكەن ەدى. بۇل بولسا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءبىر مۇعجيزاسىنان ەدى، ياعني، ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە، «تەحنولوگيا قۇريتىن بولادى، قازىرگى تەحنولوگيا ءماحدي كەزىندەگى تەحنولوگياعا سالىستىرسا، تاس قۇرالدار داۋىرىنە ۇقسار» دەپ ايتقان ەدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بىردەڭەنى قالاعان كەزدە، ونى ەشتەڭە توقتاتا الماس، سوندىقتان، اقىرزاماندا ءماحدي الەيحيس-سالام كەلگەندە، ول زامان وتە جاقسى زامان بولادى. اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي، ەسەندىكتە ەتكەي، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8794