Сұхбат: қазір адамзат екінші реткі зор надандық дәуірінде тұр (2026.04.26 / Хижри 1447-жыл 09-Зұл-Қадах)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8793
Сұхбат: қазір адамзат екінші реткі зор надандық дәуірінде тұр (2026.04.26 / Хижри 1447-жыл 09-Зұл-Қадах)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Harmonie der Herzen – Ludwigshafen, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Адамдардың барлығы руханиятқа шөлдеуде, біз 9-10 күннен бері сапарлап келеміз, қазір соңғы аялдамамыздың алдында тұрмыз, әлхамдулилла, адамдар расында руханиятқа шөлдепті. Олар көптеп келіп жатыр, бүгін тәңертең Кассел қаласында болдық, және Кассел бақшасына бардық, енді Касселді басып өтіп, басқа жаққа бармақшымыз. Онда біз екі кісіге жолықтық, яғни, бір мүридіміз бізге қартаңдау екі кісіні таныстырды, мүридіміз, «олар сізге сәлем бергісі келеді, олар руханиятқа қызығады екен» деді. Ал олардың бірі, «бұнда мұсылмандармен христандар бірге жиналып қалыптық» деді, мен оларға, «мүминдер бірге жиналып қалыптық» дедім. Себебі әуелгі христанмен исламда ұқсамастық жоқ, барлық дін сол бір ислам, Тәңірмен киелі кітаптарға сенгендер ұқсас, ол Адам әлейхис-саламнан пайғамбарымыз ﷺға дейін жалғасып келді.
Ол адамға адамша өмір сүруді үйретеді, қалай нағыз адам болуды көрсетеді, сонымен қалай адам боласың? өзіңді жаратқан Раббың Алла Әззә уә-Жәлләға құл-қызметкер болу арқылы адам боласың, адам баласы үшін ең үлкен абырой міне осы. Ал адамдарға құл болсаңыз, сіз бұған тәкаппарлана алмайсыз, мақтана алмайсыз, бірақ Алла ﷻға құл болсаңыз ғана, соған тәкаппарлық етуіңізге болады, соған мақтануға болады. Ал адам баласында ең биігі Сәйдина Мұхаммад ﷺ. Біз, «абудуху уа расулуһ», яғни, «Алланың құлы және елшісі» дейміз, ал барлық пайғамбарлар Абд, яғни Аллаға құл қызметкер болған. Сәйдина Закария, Сәйдина Яхия, Сәйдина Ибрахим барлығы айтылған, және олар, «біз құлмыз» деген, оның мағынасы Абд, бұның барлығы қасиетті кітап құран әзиму-шәнда айтылған.
Әрбір пайғамбар, «мен Алланың құлымын, Ол маған хабар берді, мені елші етті, және Ол мені қасиетті кітаппен жіберді» деп айтқан еді. Пайғамбарлар барлығын қабыл еткен, тіпті кәпірлерді де қабыл ете білген, олар ең қасиетті, және ең жоғары сападағы адамдар, бұны ешкім жоққа шығара алмайды, олар адамдардың арасындағы ең асыл адамдар. Әл-Бұсайри өз қасидасында, «محمد بشرٌ وليس كالبشر، محمدٌ ياقوتٌ والناس كالحجر», яғни, «мұхаммад адам, бірақ басқа адамдар сияқты емес, мұхаммад - лағыл, басқа адамдар - тас» деп айтқандай, Сәйдина пайғамбарымыз ﷺ да адам, бірақ ол жәй адамдарға ұқсамайды. Ол лағыл тас сияқты нағыз асыл, лағыл да тас, бірақ ол басқа тастарға ұқсамайды, тіпті оларды салыстыруға келмейді.
Сол үшін олар бізге үлгі болады, кім Алла Әззә уә-Жәлләның илахи құзіретімен пайғамбармыз ﷺның қасында жақсы жан, ең биік дәрежедегі жан болғысы келсе, пайғамбарды үлгі етеді. Демек, кім солай болғысы келсе, олар сияқты болуға құлшынуы керек, оларға еліктеуі керек, себебі, олар бүкіл өмірін адам баласына хидаят беру арқылы Алла Әззә уә-Жәллә үшін қызмет өтеді. Әрине, кейбір адамдар, «қазір пайғамбарлар қайда кетті» дер, ал пайғамбарымыздан соң пайғамбар болмас, себебі ол өзінің қажылықтағы соңғы құтпасында, яғни құтбах әл-уәдәда, хажул-әкбар кезінде, «الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ», яғни, «бұл күні, мен дінді сендерге кәміл еттім» деп, айтып кеткен еді, құран 5інші сүре 3інші аят.
Демек, ол, «бүгін мен сендердің дінді толықтастырып бітірдім» дейді, әрине, бұл дін сонау Адам әлейхис-саламнан басталған, бұнда Алла ﷻ жағынан адамзатқа жалпы 124000 пайғамбар жіберілген. Ал олардың әрбірі келгенде, кейде өзгерістер болып отырды, яғни олар кейде көп, кейде аз өзгеріспен келіп отырды. Олар мыңдаған жылдарды, көптеген ғасырларды басып, келіп отырды, олар дінді толықтап, бітіру үшін ең соңғы пайғамбар біздің пайғамбарымыз ﷺға дейін осылай үздіксіз келіп отырды. Сондықтан, біздің пайғамбарымыз Сәйдина Мұхаммад ﷺ ең соңғы пайғамбар, ол бір қауымға ғана емес, барша адамзатқа жіберілген, барлығына бірдей жіберілген.
Ал оның үйреткен әрбір ілімі адамзаттың игілігі үшін еді, егер адамзат оның үйреткендерінің жартысына, немесе он пайызына ерсе де, мына дүние жәннәт болып кетер еді. Бірақ адамдар ерген жоқ, сондықтан олар қиындықта жапа тартуда. Қазір көз алда көріп жүргендеріміз болсын, я кейінгі кездерде болсын, адамдар тек өз пайдасы, өз ойы үшін іс қылатын болды, демек, олар өздері ғана пайда алып, ал қалғандарына ештеңе қалмауын қалайды. Олар тіпті бұнысы жәйлы, «біз жақсы нәрсе, жақсы идея берудеміз» деп ойлар, олар осындай өзімшіл бола тұра, ел-жұртқа өздерін ақылды біреулер сияқты көрсетпек болар, жақсы бірдеңе тындырып жатқандай болар. Сол үшін де бұл адамдармен еш істің ыңғайы болмайды, олардан қайыр жоқ, ал Алла ﷻ үшін қызмет еткен шыншыл адамдарға келсек, барлығы оларға жақсы болып келеді.
Бұл күнде барлығы нашарлап кетті, яғни, күн өткен сайын діннен қашатын адамдар көбейіп кетті, ал өткен ғасырда адамдар дінді бүкілдей жоқ қылып жібермек болып, барын салған еді. Демек, 20інші ғасырда дінге қарсы аса зор төңкерістер алып барылды, жер-жерде солай болды, бірақ олар оны жоқ қыла алмай қойды. Себебі, адамдарда нәпсісіне берерлік басқа ештеңе қалмаған еді, аталмыш коминизим, сотсиялизим барлығы дінді жоқ қылмақшы болды. Сталин, «дін деген апин» деді, бірақ сталин өлген соң, жұрт оның орнатқан жүйесін аударып, қоқсыққа лақтырып жбіерді. Сталин бұны өзім үшін істеп жатырмын деп ойлаған болатын, бірақ ақиқатында ол шайтанға құл болып, шайтан үшін қызмет қылды, демек, сталин шайтанның армиясынан-дүр. Жұрт сталинды тастап кетті, бірақ шайтанның сталин сияқты басқа адамдары бар, оның бұндай армиясы өте көп, тағы басқа ұқсамаған адамы, ұқсамаған армиясы бар.
20інші ғасырдан соң 21інші ғасыр басталды, ал манағы адамдарда барлығы болды, осыбір коминист елдерде қатты кедейшілік болған жоқ, оларда барлығы бар еді. Сондықтан, олар дінге қарамайтын болды, ол кезде шайтан оларға басқа әдіс-амал істеткен болатын, демек, адамдарда барлығы бар болып, жақсы-жаман барлығын көрді. Бірақ олар жаман нәрселерді қалап, қызыққа барынша батпақ болды, осылайша шайтан оларды нәпсілерінің артынан тіпті де көптеп салып қойды. Ол оларға арақ берді, және арақ жетпегендей, ол оларға улы шегімдіктерді шектіріп қойды, оларға осыны да берді. Содан олар дінге еш көңіл бөлмейтін болды, не халал, не харам, оған қарамайтын болды, яғни, олар бұл нәрселерге еш көңіл бөлмей кетті.
Содан соң олар, «біз ешкімге құл емеспіз, біз еркінбіз, біз барлығын істей береміз» деп, айта бастады, содан олар дінді жоққа шығарды, Жаратушыны жоққа шығарды, міне бұл басқа жүйелер жасай алмаған тірлік еді. Ал шайтан осы арқылы дүниедегі барша адамзаттың жартысынан көбін дінсіз, әтейіст қауым етіп жіберді. Және бұл адамдар Аллаға құл болуды қаламады, сондықтан, олар шайтанға құл болып кетті. Тіпті олардың кейбірі, «біз шайтанның құлымыз, шайтанның қызметкеріміз» деп, тәкаппарлана айтатын болды, ал бұлар пайғамбарымыз ﷺ алдын ала айтып кеткен екінші реткі зор надандық дәуірінің нағыз надандығы еді. Міне осы надандық дәуірінен соң, Алла пенделеріне жәрдем береді, яғни Ол құтқарушы Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-саламды жіберетін болады.
Себебі, пайғамбарымыз ﷺның заманынан бұрынғы заман адамзат үшін бір өте қараңғы заман еді, сол кезде пайғамбарымыз ﷺ нұрымен шықты да, оның нұры бүкіл дүниені нұрландырды, ол келуден бұрынғы кез адамзаттың бірінші реткі зор надандық дәуірі болатын. Ал қазір, біз осы заманды да айтып отырмыз, яғни, осы кез адамзаттың екінші реткі зор надандық дәуірі болып отыр. Ал осы дәуірдің мәлім кезінде барғанда Алла ﷻ пайғамбарымыз ﷺның бір ұрпағын жіберетін болады. Демек, пайғамбарымыз ﷺ айтып өткендей, оның осы ұрпағы мына дүниеге қайта нұр алып келеді, ол әлемге нұр төгіп, надандықтың қара түнегін сыпырып тастайтын болады, алда міне осындай уақиғалар болар, иншалла.
Ал болып жатқан соғыстар, уақиғалар адамдар ойлағандай маңызды емес, ол қарамаққа әдемі дүние көрінер, бәрі жаңа сияқты көрінер, олар жаңа ұшақтар, жаңа тапқырлықтар жасауда. Ал адамдар, «ох, бұл жақсы, ол жақсы, онда еш мәселе жоқ» деп ойлар, бірақ шаруа олай болмас. Мәселен, бүгін біз бір мүриттің үйінде болдық, ол бізді қонаққа шақырды, Алла оны берекелегей. Сол кезде қасымыздағы Айберік мырза оған, «неге бұнда алма ағаш екпедіңіз» деп сұрады, біз, «бізде алма ағаштары бар» деп айттық, тіпті Дамашықта да алма ағашымыз бар еді, ол өте үлкен болатын. Бірақ оның ішіне бірдеңе кіріп, барлығын жеп кетті, яғни, ол ағаштың сыртынан қарасаңыз, барлығы жақсы сияқты көрінер, бірақ біраз уақыттан соң, ол кенет құлап кетті. Ал қазіргі соғыста осыған ұқсайды, яғни, олар жаман құрттар жағынан желініп, оларда ешқандай күш қалмады. Иншалла, Алланың бізді құтқаратын мезгілі тым жақын. Алла сіздерді берекелегей, ал біз мына дүниенің бейбітшілікте болуын көруді үміт етеміз, тілегіміз міне осы, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ءقازىر ادامزات ەكىنشى رەتكى زور ناداندىق داۋىرىندە تۇر (2026.04.26 / حيجري 1447-جىل 09-زۇل-قاداح)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Harmonie der Herzen – Ludwigshafen، Germany، 2026) گەرمانيادا ايتىلعان سۇحبات. ادامداردىڭ بارلىعى رۋحانياتقا شولدەۋدە، ءبىز 9-10 كۇننەن بەرى ساپارلاپ كەلەمىز، ءقازىر سوڭعى ايالدامامىزدىڭ الدىندا تۇرمىز، ءالحامدۋليللا، ادامدار راسىندا رۋحانياتقا شولدەپتى. ولار كوپتەپ كەلىپ جاتىر، بۇگىن تاڭەرتەڭ كاسسەل قالاسىندا بولدىق، جانە كاسسەل باقشاسىنا باردىق، ەندى كاسسەلدى باسىپ ءوتىپ، باسقا جاققا بارماقشىمىز. وندا ءبىز ەكى كىسىگە جولىقتىق، ياعني، ءبىر ءمۇريدىمىز بىزگە قارتاڭداۋ ەكى كىسىنى تانىستىردى، ءمۇريدىمىز، «ولار سىزگە سالەم بەرگىسى كەلەدى، ولار رۋحانياتقا قىزىعادى ەكەن» دەدى. ال ولاردىڭ ءبىرى، «بۇندا مۇسىلماندارمەن حريستاندار بىرگە جينالىپ قالىپتىق» دەدى، مەن ولارعا، «مۇميندەر بىرگە جينالىپ قالىپتىق» دەدىم. سەبەبى اۋەلگى حريستانمەن يسلامدا ۇقساماستىق جوق، بارلىق ءدىن سول ءبىر يسلام، تاڭىرمەن كيەلى كىتاپتارعا سەنگەندەر ۇقساس، ول ادام الەيحيس-سالامنان پايعامبارىمىز ﷺعا دەيىن جالعاسىپ كەلدى.
ول ادامعا ادامشا ءومىر ءسۇرۋدى ۇيرەتەدى، قالاي ناعىز ادام بولۋدى كورسەتەدى، سونىمەن قالاي ادام بولاسىڭ؟ ءوزىڭدى جاراتقان راببىڭ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قۇل-قىزمەتكەر بولۋ ارقىلى ادام بولاسىڭ، ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ ۇلكەن ابىروي مىنە وسى. ال ادامدارعا قۇل بولساڭىز، ءسىز بۇعان تاكاپپارلانا المايسىز، ماقتانا المايسىز، ءبىراق اللا ﷻعا قۇل بولساڭىز عانا، سوعان تاكاپپارلىق ەتۋىڭىزگە بولادى، سوعان ماقتانۋعا بولادى. ال ادام بالاسىندا ەڭ بيىگى ءسايدينا مۇحامماد ﷺ. ءبىز، «ابۋدۋحۋ ۋا راسۋلۋھ»، ياعني، «اللانىڭ قۇلى جانە ەلشىسى» دەيمىز، ال بارلىق پايعامبارلار ابد، ياعني اللاعا قۇل قىزمەتكەر بولعان. ءسايدينا زاكاريا، ءسايدينا ياحيا، ءسايدينا يبراحيم بارلىعى ايتىلعان، جانە ولار، «ءبىز قۇلمىز» دەگەن، ونىڭ ماعىناسى ابد، بۇنىڭ بارلىعى قاسيەتتى كىتاپ قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ايتىلعان.
ءاربىر پايعامبار، «مەن اللانىڭ قۇلىمىن، ول ماعان حابار بەردى، مەنى ەلشى ەتتى، جانە ول مەنى قاسيەتتى كىتاپپەن جىبەردى» دەپ ايتقان ەدى. پايعامبارلار بارلىعىن قابىل ەتكەن، ءتىپتى كاپىرلەردى دە قابىل ەتە بىلگەن، ولار ەڭ قاسيەتتى، جانە ەڭ جوعارى ساپاداعى ادامدار، بۇنى ەشكىم جوققا شىعارا المايدى، ولار ادامداردىڭ اراسىنداعى ەڭ اسىل ادامدار. ءال-بۇسايري ءوز قاسيداسىندا، «محمد بشرٌ وليس كالبشر، محمدٌ ياقوتٌ والناس كالحجر»، ياعني، «مۇحامماد ادام، ءبىراق باسقا ادامدار سياقتى ەمەس، مۇحامماد - لاعىل، باسقا ادامدار - تاس» دەپ ايتقانداي، ءسايدينا پايعامبارىمىز ﷺ دا ادام، ءبىراق ول ءجاي ادامدارعا ۇقسامايدى. ول لاعىل تاس سياقتى ناعىز اسىل، لاعىل دا تاس، ءبىراق ول باسقا تاستارعا ۇقسامايدى، ءتىپتى ولاردى سالىستىرۋعا كەلمەيدى.
سول ءۇشىن ولار بىزگە ۇلگى بولادى، كىم اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يلاحي قۇزىرەتىمەن پايعامبارمىز ﷺنىڭ قاسىندا جاقسى جان، ەڭ بيىك دارەجەدەگى جان بولعىسى كەلسە، پايعامباردى ۇلگى ەتەدى. دەمەك، كىم سولاي بولعىسى كەلسە، ولار سياقتى بولۋعا قۇلشىنۋى كەرەك، ولارعا ەلىكتەۋى كەرەك، سەبەبى، ولار بۇكىل ءومىرىن ادام بالاسىنا حيدايات بەرۋ ارقىلى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن قىزمەت وتەدى. ارينە، كەيبىر ادامدار، «ءقازىر پايعامبارلار قايدا كەتتى» دەر، ال پايعامبارىمىزدان سوڭ پايعامبار بولماس، سەبەبى ول ءوزىنىڭ قاجىلىقتاعى سوڭعى قۇتپاسىندا، ياعني قۇتباح ءال-ءۋادادا، حاجۋل-اكبار كەزىندە، «الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ»، ياعني، «بۇل كۇنى، مەن ءدىندى سەندەرگە كامىل ەتتىم» دەپ، ايتىپ كەتكەن ەدى، قۇران 5ءىنشى سۇرە 3ءىنشى ايات.
دەمەك، ول، «بۇگىن مەن سەندەردىڭ ءدىندى تولىقتاستىرىپ ءبىتىردىم» دەيدى، ارينە، بۇل ءدىن سوناۋ ادام الەيحيس-سالامنان باستالعان، بۇندا اللا ﷻ جاعىنان ادامزاتقا جالپى 124000 پايعامبار جىبەرىلگەن. ال ولاردىڭ ءاربىرى كەلگەندە، كەيدە وزگەرىستەر بولىپ وتىردى، ياعني ولار كەيدە كوپ، كەيدە از وزگەرىسپەن كەلىپ وتىردى. ولار مىڭداعان جىلداردى، كوپتەگەن عاسىرلاردى باسىپ، كەلىپ وتىردى، ولار ءدىندى تولىقتاپ، ءبىتىرۋ ءۇشىن ەڭ سوڭعى پايعامبار ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ﷺعا دەيىن وسىلاي ۇزدىكسىز كەلىپ وتىردى. سوندىقتان، ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ءسايدينا مۇحامماد ﷺ ەڭ سوڭعى پايعامبار، ول ءبىر قاۋىمعا عانا ەمەس، بارشا ادامزاتقا جىبەرىلگەن، بارلىعىنا بىردەي جىبەرىلگەن.
ال ونىڭ ۇيرەتكەن ءاربىر ءىلىمى ادامزاتتىڭ يگىلىگى ءۇشىن ەدى، ەگەر ادامزات ونىڭ ۇيرەتكەندەرىنىڭ جارتىسىنا، نەمەسە ون پايىزىنا ەرسە دە، مىنا دۇنيە ءجاننات بولىپ كەتەر ەدى. ءبىراق ادامدار ەرگەن جوق، سوندىقتان ولار قيىندىقتا جاپا تارتۋدا. ءقازىر كوز الدا كورىپ جۇرگەندەرىمىز بولسىن، يا كەيىنگى كەزدەردە بولسىن، ادامدار تەك ءوز پايداسى، ءوز ويى ءۇشىن ءىس قىلاتىن بولدى، دەمەك، ولار وزدەرى عانا پايدا الىپ، ال قالعاندارىنا ەشتەڭە قالماۋىن قالايدى. ولار ءتىپتى بۇنىسى ءجايلى، «ءبىز جاقسى نارسە، جاقسى يدەيا بەرۋدەمىز» دەپ ويلار، ولار وسىنداي ءوزىمشىل بولا تۇرا، ەل-جۇرتقا وزدەرىن اقىلدى بىرەۋلەر سياقتى كورسەتپەك بولار، جاقسى بىردەڭە تىندىرىپ جاتقانداي بولار. سول ءۇشىن دە بۇل ادامدارمەن ەش ءىستىڭ ىڭعايى بولمايدى، ولاردان قايىر جوق، ال اللا ﷻ ءۇشىن قىزمەت ەتكەن شىنشىل ادامدارعا كەلسەك، بارلىعى ولارعا جاقسى بولىپ كەلەدى.
بۇل كۇندە بارلىعى ناشارلاپ كەتتى، ياعني، كۇن وتكەن سايىن دىننەن قاشاتىن ادامدار كوبەيىپ كەتتى، ال وتكەن عاسىردا ادامدار ءدىندى بۇكىلدەي جوق قىلىپ جىبەرمەك بولىپ، بارىن سالعان ەدى. دەمەك، 20ءىنشى عاسىردا دىنگە قارسى اسا زور توڭكەرىستەر الىپ بارىلدى، جەر-جەردە سولاي بولدى، ءبىراق ولار ونى جوق قىلا الماي قويدى. سەبەبى، ادامداردا ناپسىسىنە بەرەرلىك باسقا ەشتەڭە قالماعان ەدى، اتالمىش كومينيزيم، سوتسياليزيم بارلىعى ءدىندى جوق قىلماقشى بولدى. ستالين، «ءدىن دەگەن اپين» دەدى، ءبىراق ستالين ولگەن سوڭ، جۇرت ونىڭ ورناتقان جۇيەسىن اۋدارىپ، قوقسىققا لاقتىرىپ جبىەردى. ستالين بۇنى ءوزىم ءۇشىن ىستەپ جاتىرمىن دەپ ويلاعان بولاتىن، ءبىراق اقيقاتىندا ول شايتانعا قۇل بولىپ، شايتان ءۇشىن قىزمەت قىلدى، دەمەك، ستالين شايتاننىڭ ارمياسىنان-ءدۇر. جۇرت ستاليندى تاستاپ كەتتى، ءبىراق شايتاننىڭ ستالين سياقتى باسقا ادامدارى بار، ونىڭ بۇنداي ارمياسى وتە كوپ، تاعى باسقا ۇقساماعان ادامى، ۇقساماعان ارمياسى بار.
20ءىنشى عاسىردان سوڭ 21ءىنشى عاسىر باستالدى، ال ماناعى ادامداردا بارلىعى بولدى، ءوسىبىر كومينيست ەلدەردە قاتتى كەدەيشىلىك بولعان جوق، ولاردا بارلىعى بار ەدى. سوندىقتان، ولار دىنگە قارامايتىن بولدى، ول كەزدە شايتان ولارعا باسقا ءادىس-امال ىستەتكەن بولاتىن، دەمەك، ادامداردا بارلىعى بار بولىپ، جاقسى-جامان بارلىعىن كوردى. ءبىراق ولار جامان نارسەلەردى قالاپ، قىزىققا بارىنشا باتپاق بولدى، وسىلايشا شايتان ولاردى ناپسىلەرىنىڭ ارتىنان ءتىپتى دە كوپتەپ سالىپ قويدى. ول ولارعا اراق بەردى، جانە اراق جەتپەگەندەي، ول ولارعا ۋلى شەگىمدىكتەردى شەكتىرىپ قويدى، ولارعا وسىنى دا بەردى. سودان ولار دىنگە ەش كوڭىل بولمەيتىن بولدى، نە حالال، نە حارام، وعان قارامايتىن بولدى، ياعني، ولار بۇل نارسەلەرگە ەش كوڭىل بولمەي كەتتى.
سودان سوڭ ولار، «ءبىز ەشكىمگە قۇل ەمەسپىز، ءبىز ەركىنبىز، ءبىز بارلىعىن ىستەي بەرەمىز» دەپ، ايتا باستادى، سودان ولار ءدىندى جوققا شىعاردى، جاراتۋشىنى جوققا شىعاردى، مىنە بۇل باسقا جۇيەلەر جاساي الماعان تىرلىك ەدى. ال شايتان وسى ارقىلى دۇنيەدەگى بارشا ادامزاتتىڭ جارتىسىنان كوبىن ءدىنسىز، اتەيىست قاۋىم ەتىپ جىبەردى. جانە بۇل ادامدار اللاعا قۇل بولۋدى قالامادى، سوندىقتان، ولار شايتانعا قۇل بولىپ كەتتى. ءتىپتى ولاردىڭ كەيبىرى، «ءبىز شايتاننىڭ قۇلىمىز، شايتاننىڭ قىزمەتكەرىمىز» دەپ، تاكاپپارلانا ايتاتىن بولدى، ال بۇلار پايعامبارىمىز ﷺ الدىن الا ايتىپ كەتكەن ەكىنشى رەتكى زور ناداندىق ءداۋىرىنىڭ ناعىز ناداندىعى ەدى. مىنە وسى ناداندىق داۋىرىنەن سوڭ، اللا پەندەلەرىنە جاردەم بەرەدى، ياعني ول قۇتقارۋشى ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامدى جىبەرەتىن بولادى.
سەبەبى، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ زامانىنان بۇرىنعى زامان ادامزات ءۇشىن ءبىر وتە قاراڭعى زامان ەدى، سول كەزدە پايعامبارىمىز ﷺ نۇرىمەن شىقتى دا، ونىڭ نۇرى بۇكىل دۇنيەنى نۇرلاندىردى، ول كەلۋدەن بۇرىنعى كەز ادامزاتتىڭ ءبىرىنشى رەتكى زور ناداندىق ءداۋىرى بولاتىن. ال ءقازىر، ءبىز وسى زاماندى دا ايتىپ وتىرمىز، ياعني، وسى كەز ادامزاتتىڭ ەكىنشى رەتكى زور ناداندىق ءداۋىرى بولىپ وتىر. ال وسى ءداۋىردىڭ ءمالىم كەزىندە بارعاندا اللا ﷻ پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءبىر ۇرپاعىن جىبەرەتىن بولادى. دەمەك، پايعامبارىمىز ﷺ ايتىپ وتكەندەي، ونىڭ وسى ۇرپاعى مىنا دۇنيەگە قايتا نۇر الىپ كەلەدى، ول الەمگە نۇر توگىپ، ناداندىقتىڭ قارا تۇنەگىن سىپىرىپ تاستايتىن بولادى، الدا مىنە وسىنداي ۋاقيعالار بولار، ينشاللا.
ال بولىپ جاتقان سوعىستار، ۋاقيعالار ادامدار ويلاعانداي ماڭىزدى ەمەس، ول قاراماققا ادەمى دۇنيە كورىنەر، ءبارى جاڭا سياقتى كورىنەر، ولار جاڭا ۇشاقتار، جاڭا تاپقىرلىقتار جاساۋدا. ال ادامدار، «وح، بۇل جاقسى، ول جاقسى، وندا ەش ماسەلە جوق» دەپ ويلار، ءبىراق شارۋا ولاي بولماس. ماسەلەن، بۇگىن ءبىز ءبىر ءمۇريتتىڭ ۇيىندە بولدىق، ول ءبىزدى قوناققا شاقىردى، اللا ونى بەرەكەلەگەي. سول كەزدە قاسىمىزداعى ايبەرىك مىرزا وعان، «نەگە بۇندا الما اعاش ەكپەدىڭىز» دەپ سۇرادى، ءبىز، «بىزدە الما اعاشتارى بار» دەپ ايتتىق، ءتىپتى داماشىقتا دا الما اعاشىمىز بار ەدى، ول وتە ۇلكەن بولاتىن. ءبىراق ونىڭ ىشىنە بىردەڭە كىرىپ، بارلىعىن جەپ كەتتى، ياعني، ول اعاشتىڭ سىرتىنان قاراساڭىز، بارلىعى جاقسى سياقتى كورىنەر، ءبىراق ءبىراز ۋاقىتتان سوڭ، ول كەنەت قۇلاپ كەتتى. ال قازىرگى سوعىستا وسىعان ۇقسايدى، ياعني، ولار جامان قۇرتتار جاعىنان جەلىنىپ، ولاردا ەشقانداي كۇش قالمادى. ينشاللا، اللانىڭ ءبىزدى قۇتقاراتىن مەزگىلى تىم جاقىن. اللا سىزدەردى بەرەكەلەگەي، ال ءبىز مىنا دۇنيەنىڭ بەيبىتشىلىكتە بولۋىن كورۋدى ءۇمىت ەتەمىز، تىلەگىمىز مىنە وسى، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8793