You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ӘУЛИЕЛЕРДЕН ҚАЛҒАН МАРЖАН СӨЗДЕР



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8727
ӘУЛИЕЛЕРДЕН ҚАЛҒАН МАРЖАН СӨЗДЕР

- білім ізденген адам Алланың жүзіне жолығуды ниет етіп білім іздесін. Ал кім дүниелік пайданы ғана көздеп білім іздесе, жәннаттың исін де иіскей алмайтын болады.

- Алла бір құлына жақсылық қалаған кезде, ол құлы өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзіндегі қателіктерді іздей бастайтын болады.

- діндар болу оңай, себебі ол кітаптағы білім ісі ғана, бірақ киелі болу қиын, себебі ол жүректегі тазалық ісі.

- кім, 'менің жаным тәкаппарлықтан ада, мен одан қауіпсізбін' деп ойласа, ол адам расында бір тәкаппар адам болғаны.

- артқа қара да, Аллаға алғыс айт, алдыға қара да, Аллаға сен. Және Аллаға жақындататын көңілсіздіктің Алладан алыстататын қуаныштан әлдеқайда жақсы екендігін біл.

- өзгелердің өзіңді дегбірсіздікке салып, Алланың өзіңе берген сансыз нығыметін ұмыттыруына жол берме.

- Алла саған бірдеңені тағдыр етсе, ол нәрсе дүниені аралап, сен бей-жәй отырғанда сені тауып алады.

- өлімің жәй күндердің бірінде саған сау етіп келер, ал бітпеген жұмыстарың бір жақта қалады, және мына дүние түк білмегендей болып, сенсіз де алға кете береді.

- ессіз адамға мына дүние бір түс қана, ол ұйқыда, бірақ ол өлгенде оянып, өкіне бастайды. Ал есті адам осы дүниенің өзінде өліп, оянып, өкініп болады, ақирет оған тым бейтаныс емес.

- адамдар, ақша-дүнием көп болса бақытты боламыз деп ойлар, бірақ бұл оларды тіпті де көп мазасыздықпен көңілсіздікке апарып соғады, ал қуаныш Алламен бірге болуда ғана жатыр.

- көктен келген хабар шын хабар, ол Алладан келер, ал кімде бұл хабар жоқ болса, ол дұрыспен бұрысты айыра алмайтын болады.

- махаббат жолындағы қажы болғың келсе, бірінші шарт өзіңді тозаңмен күлдей елеусіз мүләйім, кішпейіл ет.

- өзіңді мазасыз күйге өзің салма, келетін нәрсе сөзсіз келеді, келмейтін нәрсе ешқашан келмейді.

- айтқан сөзіңе сақ бол, себебі, сен сөзіңнің өзгелер ойында қанша рет қайталанып жатқанын білмейсің.

- бір-біріңді қадірлей біліңдер, себебі бір күн бар, сол күні сендер еш ескертусіз кенеттен бір-біріңнен айырылып қаласыңдар.

- жәннатқа әркім кіре бермес, бірақ ол әркімге ашық, ол үшін сен өз нәпсіңе, шайтанға, дүниеге, құмарлығыңа ермей, Аллаға бағынуың керек.

- өмір дәме етуден төзімді бола білуге ауысқан кезде тыныштыққа бөлене бастайды.

- береке шүкіршілікпен артады, ал шүкірсіздікпен кемиді, жағдайыңды онан арман қиындатқың келсе, жалғасты шүкірсіз бола бер.

- Алла сырт жағыңнан емес, іш жағыңнан қарап тұрады.

- үрей, солай болып қалса, қайтем дер, ал сенім, тіпті солай болса да, дер.

- бұзылған арсыз қоғамға үйлесемін деп, әп-әдемі жан сұлулығыңды, ұсқынсыз етіп алма, ардан тайма.

- егер мәлім жақсылық істей алсаң, Аллаға шүкір ет, себебі Алла сені сол жақсылықты істеуге таңдады, ол сенен емес, Алладан.

- тек билік-күшті аңсамаған адамдар ғана сол билік-күшті ұстап тұруға лайықты, солар ғана билікке лайықты.

- әр нәрсенің халалымен харамы болғаны сияқты, музыканың да халалымен харамы бар.

اۋليەلەردەن قالعان مارجان سوزدەر

- ءبىلىم ىزدەنگەن ادام اللانىڭ جۇزىنە جولىعۋدى نيەت ەتىپ ءبىلىم ىزدەسىن. ال كىم دۇنيەلىك پايدانى عانا كوزدەپ ءبىلىم ىزدەسە، ءجانناتتىڭ ءيسىن دە يىسكەي المايتىن بولادى.

- اللا ءبىر قۇلىنا جاقسىلىق قالاعان كەزدە، ول قۇلى ءوزىنىڭ ىشكى جان دۇنيەسىنە ءۇڭىلىپ، وزىندەگى قاتەلىكتەردى ىزدەي باستايتىن بولادى.

- ءدىندار بولۋ وڭاي، سەبەبى ول كىتاپتاعى ءبىلىم ءىسى عانا، ءبىراق كيەلى بولۋ قيىن، سەبەبى ول جۇرەكتەگى تازالىق ءىسى.

- كىم، 'مەنىڭ جانىم تاكاپپارلىقتان ادا، مەن ودان ءقاۋىپسىزبىن' دەپ ويلاسا، ول ادام راسىندا ءبىر تاكاپپار ادام بولعانى.

- ارتقا قارا دا، اللاعا العىس ايت، الدىعا قارا دا، اللاعا سەن. جانە اللاعا جاقىنداتاتىن كوڭىلسىزدىكتىڭ اللادان الىستاتاتىن قۋانىشتان الدەقايدا جاقسى ەكەندىگىن ءبىل.

- وزگەلەردىڭ ءوزىڭدى دەگبىرسىزدىككە سالىپ، اللانىڭ وزىڭە بەرگەن سانسىز نىعىمەتىن ۇمىتتىرۋىنا جول بەرمە.

- اللا ساعان بىردەڭەنى تاعدىر ەتسە، ول نارسە دۇنيەنى ارالاپ، سەن بەي-ءجاي وتىرعاندا سەنى تاۋىپ الادى.

- ءولىمىڭ ءجاي كۇندەردىڭ بىرىندە ساعان ساۋ ەتىپ كەلەر، ال بىتپەگەن جۇمىستارىڭ ءبىر جاقتا قالادى، جانە مىنا دۇنيە تۇك بىلمەگەندەي بولىپ، سەنسىز دە العا كەتە بەرەدى.

- ەسسىز ادامعا مىنا دۇنيە ءبىر ءتۇس قانا، ول ۇيقىدا، ءبىراق ول ولگەندە ويانىپ، وكىنە باستايدى. ال ەستى ادام وسى دۇنيەنىڭ وزىندە ءولىپ، ويانىپ، وكىنىپ بولادى، اقيرەت وعان تىم بەيتانىس ەمەس.

- ادامدار، اقشا-دۇنيەم كوپ بولسا باقىتتى بولامىز دەپ ويلار، ءبىراق بۇل ولاردى ءتىپتى دە كوپ مازاسىزدىقپەن كوڭىلسىزدىككە اپارىپ سوعادى، ال قۋانىش اللامەن بىرگە بولۋدا عانا جاتىر.

- كوكتەن كەلگەن حابار شىن حابار، ول اللادان كەلەر، ال كىمدە بۇل حابار جوق بولسا، ول دۇرىسپەن بۇرىستى ايىرا المايتىن بولادى.

- ماحاببات جولىنداعى قاجى بولعىڭ كەلسە، ءبىرىنشى شارت ءوزىڭدى توزاڭمەن كۇلدەي ەلەۋسىز ءمۇلايىم، كىشپەيىل ەت.

- ءوزىڭدى مازاسىز كۇيگە ءوزىڭ سالما، كەلەتىن نارسە ءسوزسىز كەلەدى، كەلمەيتىن نارسە ەشقاشان كەلمەيدى.

- ايتقان سوزىڭە ساق بول، سەبەبى، سەن ءسوزىڭنىڭ وزگەلەر ويىندا قانشا رەت قايتالانىپ جاتقانىن بىلمەيسىڭ.

- ءبىر-ءبىرىڭدى قادىرلەي بىلىڭدەر، سەبەبى ءبىر كۇن بار، سول كۇنى سەندەر ەش ەسكەرتۋسىز كەنەتتەن ءبىر-بىرىڭنەن ايىرىلىپ قالاسىڭدار.

- ءجانناتقا اركىم كىرە بەرمەس، ءبىراق ول اركىمگە اشىق، ول ءۇشىن سەن ءوز ناپسىڭە، شايتانعا، دۇنيەگە، قۇمارلىعىڭا ەرمەي، اللاعا باعىنۋىڭ كەرەك.

- ءومىر دامە ەتۋدەن ءتوزىمدى بولا بىلۋگە اۋىسقان كەزدە تىنىشتىققا بولەنە باستايدى.

- بەرەكە شۇكىرشىلىكپەن ارتادى، ال شۇكىرسىزدىكپەن كەميدى، جاعدايىڭدى ونان ارمان قيىنداتقىڭ كەلسە، جالعاستى شۇكىرسىز بولا بەر.

- اللا سىرت جاعىڭنان ەمەس، ءىش جاعىڭنان قاراپ تۇرادى.

- ۇرەي، سولاي بولىپ قالسا، قايتەم دەر، ال سەنىم، ءتىپتى سولاي بولسا دا، دەر.

- بۇزىلعان ارسىز قوعامعا ۇيلەسەمىن دەپ، ءاپ-ادەمى جان سۇلۋلىعىڭدى، ۇسقىنسىز ەتىپ الما، اردان تايما.

- ەگەر ءمالىم جاقسىلىق ىستەي الساڭ، اللاعا شۇكىر ەت، سەبەبى اللا سەنى سول جاقسىلىقتى ىستەۋگە تاڭدادى، ول سەنەن ەمەس، اللادان.

- تەك بيلىك-كۇشتى اڭساماعان ادامدار عانا سول بيلىك-كۇشتى ۇستاپ تۇرۋعا لايىقتى، سولار عانا بيلىككە لايىقتى.

- ءار نارسەنىڭ حالالىمەن حارامى بولعانى سياقتى، مۋزىكانىڭ دا حالالىمەن حارامى بار.

#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8727